Математиканы оқытуда критеалды бағалауды қолдану



бет1/5
Дата31.12.2021
өлшемі113,87 Kb.
#22422
  1   2   3   4   5

Математика,физика және информатика институты

Математиканы оқытудың инновациялық әдістері

Практика 2

Орындаған:Муратова А.А.

Қабылдаған:Мекебаев Н.О.

Алматы 2021ж.


  1. Математиканы оқытуда критеалды бағалауды қолдану.


Критериалды бағалау   – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критериалды бағалау жүйесі озық қазақстандық және шетелдік тәжірибелерге негізделіп жасалған, келесі міндеттерді қарастырады:   бағалау жүйесін обьективті және мінсіз тұрғыда қалыптастыру, білім беру қызметінің сапасын арттыру, халықаралық стандартқа сай бірыңғай және сапалы білім беру механизмдерін қалыптастыру; бағалау қызметіндегі мұғалім құзіреттілігін арттыру. Оқушылырдың оқуға деген жауапкершілігін артттыру және өз бетінше оқу дағдысының қалыптасуына жағдай жасау;   Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру;оқушылардың күтілетін нәтижеге қол жеткізуін бағалайтын тапсырмалар үлгілерінің банкісін құру, жоғары ойлау деңгейлері ( жинақтау, талдау, бағалау) бойынша    дағдылар қалыптастыру; обьективті, үздіксіз, қолжетімді (оқушылардың оқу сапасы туралы, оқушылардың дамуы туралы мұғалімдерге, оқу нәтижелеріне қол жеткізу деңгейлері туралы ата-аналарына, білім беру қызметін ұсыну сапасы туралы басқару органдарына) ақпарат ұсыну; ақпараттарды жинау және ұсыну үдерістерін белсендендіруге арналған электронды журналды қолдану; мектеп, аудан, облыс, және мемлекет көлемінде әр оқулық деңгейінде оқу бағдарламасының тараулары мен бөлімдерін меңгеру мониторингісін қолдану;   стандартты, оқу бағдарламаларын жетілдіруге арналған сараптамалар жүргізу және басқа да басқару шешімдерін қабылдау.

Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы  бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды. Қалыптастырушы бағалаудың жинақтары сабақты жоспарлау кезінде тапсырмаларды іріктеу үшін дереккөздері ретінде қолданылады және басып шығару талап етілмейді. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге:



  1. оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;

  2. оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;

  3. тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (3-қосымша) ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

  4. бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

  5. әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.

Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет