Математиканы оқытудағы есептің ролі



бет1/8
Дата28.10.2022
өлшемі36,26 Kb.
#46052
  1   2   3   4   5   6   7   8

Математиканы оқытудағы есептің ролі
Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды. Есеп шығару мұқтаждығынан ықтималдықтар теориясы, ойындар теориясы, информатика теориясы т.б. дамыды. Баланың ойлау қабілетін дамытуда, оларды тәрбиелеуде, біліктіліктері мен дағдыларының қалыптасуында, математиканың практикамен байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор. Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау.Математикалық есептер:а) жаңа математикалық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету; э) практикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; б) білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру; в) проблема қою және проблемалық ахуал туғызу: г) материалды пысықтау, жалпылау және қайталау;ғ) политехнизм принциптерін іске асыру) оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін пайдаланылады.Есептердің тағы да басқа классификациясын атауға болады. Олар: уақытқа байланысты, қозғалысқа байланысты, геометриялық мағынадағы есептерді атауға болады.Есепті шешу бірнеше кезеңнен тұрады:
-Есептің мазмұнымен танысу,
-Есептің шарты және талабын түсіну, шартта көрсетілген элементтерді игеру.
-Қажетті ес жүйесіне ақпаратты іздестіру.
-Білетін біліммен тәжірибені пайдаланып, шарты мен қорытындысының сәйкестігін айқындау.Шешуді іздестіру.
-Есептің шешу жоспарын анықтау.
-Берілген және ізделінді тәсілдер арқылы есептің бірнеше тәсілін қарастыру.
-Есепті белгілі тип түріне негіздеу.
-Берілген есепті шешудің ең тиімді жолын таңдау.Шешу стратегиясын, шешу жоспарын оның түзетілуін, есептің берілгенімен сәйкестігін қарастыру.Жалпы мәтінді есептерді мектепте көбінесе арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарады.
-Арифметикалық тәсіл – бұл жағдайда барлық логикалық операциялар нақты сандар арасында арифметикалық амалдарды қолдана алу білімін пайдаланып негізгі тұжырымға сүйенеді.
-Алгебралық тәсіл – мұнда есеп теңдеу құру арқылы шығарылады.Сонымен қатар, мәтінді есептерді шығаруда практикалық тәсіл және сызба арқылы да шығаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет