Мазмұндама түрлерін талдау Шығармашылық жазба жұмыстарының стильдік құрылымы


)Дайын мәтiн бойынша мазмұндама. Дайын мәтiн бойынша мазмұндаманың өзiн бiрнеше түрге бөлуге болады



бет2/2
Дата29.04.2022
өлшемі20.05 Kb.
#32794
түріМазмұндама
1   2
1)Дайын мәтiн бойынша мазмұндама. Дайын мәтiн бойынша мазмұндаманың өзiн бiрнеше түрге бөлуге болады:



  1. Мәтiнге жуық немесе толық мазмұндау.

  2. Мәтiннiң мазмұнын сақтай отырып, бiрақ баяндалу формасын өзгертiп баяндау.

  3. Қысқарта баяндау.

  4. Толықтырып мазмұндау.

  5. Мәтiнге жуық немесе толық мазмұндау.

Мазмұндаманың бұл түрiнде мәтiннiң мазмұны бүтiндей қайталанбағанмен, түгелге жуық меңгерiледi. Мәтiндегi сөз тiркесi, сөйлемдер сөзбе-сөз қайталанбауы мүмкiн, алайда кейбiр жаңа сөздердiң, сөйлемдердiң, көркемдегiш құралдардың оқушы жұмыстарынан орын алуы мүмкiн. Бұл дұрыс па, жоқ әлде бұрыс па? Мұны әр түрлi түсiнуге болады. Бiрiнде оқушы мәтiн мазмұнын терең меңгерiп, ондағы кейбiр сюжеттiң, көрiнiстiң, өзiне ұнаған сөз үйiрiмiнiң бастапқы қалпын сақтағысы келсе, кейбiр оқушы мәiн мазмұнын өз сөзiмен беруге сөз қолданыс, сөйлем құрау дағдыларының қалыптаспауынан шығарма авторын сөзбе-сөз қайталауға келiп соғады. Бiрiншi жағдайда сол жазған мазмұндамасындағы жаңадан игерген сөз қолданыстары оқушының актив лексикасына айналса құба-құп. Ал, өткiншi, тек баға алу үшiн бiр-ақ рет пайдаланып, кейiннен жадынан шығарса, онда алға қойған мақсаттың орындалмағаны.
Мазмұндама жазғанда көркем мәтiндi қаз қалпында қайталауға жол бермеу үшiн белгiлi әдiскер-ғалым С.Тiлешева мұғалiмдердiң мына мәселелердi мазмұны тартымды, оқиға қызғылықты, көркемдiк қуаты жағынан жоғары талапқа сай болуы, мазмұндама жазар алдында мәтiндi оқу, әңгiменi негiзгi бөлiмдерге бөлiп, оған тақырыптар беру, жоспарын жасату, тiлiн талдау, т.б. жұмыстарды орындатқан жағдайда оқушылар мәтiндегi барды қайталау болмай, нағыз шығармашылық жұмысқа айналатынын айтады.
Жазу техникасы: мазмұндама жазылатын мәтiн ең алдымен сыныпта мәнерлеп оқылады. Қандай да болмасын әсерлi шығарма ұсынылған, ол нақышына келтiрiп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, қызығушылық сезiмiн тудыра алмас едi. Өйткенi мазмұндама мәтiндерiн оқушыларға оқып беруде мұғалiмнiң дауыс сазының әсерлi болуының маңызы зор. Сондықтан мазмұндама мәтiнiн оқығанда мұғалiм дауыс ырғағын бiрқалыпты сақтап, өзiнiң дикциясына қатты көңiл бөлгенi жөн. Мәнерлеп оқуда екi түрлi талап қойылады. Олар – физикалық және психикалық. Бiрiншiден, оқыған кезде дұрыс тұру, демдi еркiн және терең алу, дауысты бiрқалыпты сақтау болса, ал екiншiсiне оқудың ритмiн сақтау, сөздi анық айту, бiрқалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгiлерiне сәйкестендiру, т.б. жатады.
Мiне, сондықтан мазмұндама мәтiнiн мұғалiмнiң өзi оқып бергенi жөн. Одан кейiн мазмұны айтылып, мәтiндегi мағынасы түсiнiксiз сөздер мен сөз тiркестерi (фразеологизмдер) түсiндiрiледi. Мазмұндау жоспары түзiледi. Алғашқы кезде мұғалiмнiң көмегiмен, кейiннен оқушылар өз беттерiнше жоспар құрады. Жоспар жазылмақшы мәтiннiң мазмұнына байланысты жай және күрделi болып келедi. Мәтiнге жоспар құру, оның мазмұнын жоспарлап жазу дегенiмiз – мәтiн мазмұнын бөлiм-бөлiмге бөлiп беру деген сөз. Мәтiндi жоспарлау – оқылған шығарманың мазмұнын жүйелеп беру, ондағы оқиғаның, iс-әрекеттiң орындарын алмастырып алмау үшiн қажет. Жоспарлау мәтiндегi әңгiме болып отырған негiзгi мәселенi тани бiлуге баулиды. Мәтiнге жоспар жасау, әдетте, жай жоспар күрделi жоспар жолымен жүзеге асырылады.
•Мәтiннiң мазмұнын сақтай отырып, баяндау формасын өзгертiп мазмұндау. Мұнда бiрiншi жақта баяндалған мәтiндi үшiншi жақта, өткен шақта құрылған мәтiндi келер шақ формасында өзгерте мазмұндау.
•Дайын әңгiме бойынша жазылатын мазмұндаманың келесi түрi – ықшамдап мазмұндау. Мазмұндаманың бұл түрiнде берiлген мәтiннiң айтылайын деген негiзгi ойға қатыссыз, қосымша сюжеттер қысқартылып, ең негiзгi, түпкi ойды жазады. Қысқарта, ықшамдап мазмұндаудың да өзiндiк маңызы бар, өйткенi әңгiмедегi iс-әрекеттердiң негiзгi және қосалқы жақтарын ажырату барысында да шығармашылық сипатқа ие болады. Мәтiндi ықшамдау барысында әңгiмедегi қосымша детальдардан түйiндi ойды даралауға жаттығады, мазмұнды талдай отырып, қажеттi материалды жинақтауға, көп ойды аз сөзбен беруге, пiкiрiн қысқаша баяндауға дағдыланады. Ұсынылып отырған мазмұндаманың бұл түрiн оқушыларды сөздi талғап, таңдап қолдануға, сөйлемдi жинақы құруға, аз сөзбен көп мағына беруге, тiлiн ширатуға септiгiн тигiзедi.
•Дайын мәтiн бойынша жазылатын мазмұндаманың келесi бiр түрi – толықтырып мазмұндау. Бұл жоғарыда айтылған ықшамдап мазмұндауға керiсiнше берiлген әңгiме мазмұнын толықтырып, кеңейтетiн, ұсынылған ойға тың пiкiрлер, жаңа сюжеттер тапқызу мақсатында жүргiзiледi. Мұнда оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту мақсат етiледi.
Жұмыстың бұл түрiнде бiр әңгiменiң қысқаша мазмұны берiледi. Негiзгi ой ұсынылады. Оқушы өз жанынан берiлген ойды күшейтетiндей детальдар қосып, мәтiндi толықтырады. Жаңа сюжеттер қосып, баяндалған iс-әрекеттi дәлелдей түседi. Мұндай жұмыстар оқушылардың таным процестерiн дамытып, тiлiн ширатады. Мазмұндаманың бұл түрiн жаздыру мұғалiмге үлкен жауапкершiлiк жүктейдi. Тыңғылықты дайындалуын қажет етедi. Ұстаздардың үнемi есiнде болатын мәселе: оқушыларға ұсынылатын мәтiндер мазмұны олардың күнбе-күн араласып, көрiп-бiлiп жүрген, етене таныс зат, құбылыс оқиға және iс-әрекеттер болғаны жөн. Балалар сонда ғана жұмыс барысында онша қиналмай, тез төселiп кетедi.
Сурет бойынша мазмұндама жаздыру. Жұмыстың бұл түрiн жүргiзуде дайын әңгiме бойынша жүргiзiлетiн мазмұндамаға ұқсас жүргiзiледi. Олай дейтiнiмiз мұнда да әңгiме мәтiнiн мұғалiм алдын-ала әзiрлейдi. Бұл жұмыстардың бiр-бiрiнен айырмашылығы сөз болып отырған мазмұндамада даяр мәтiнге қосымша сол оқиға желiсiн ашатын сурет болады. Жұмыс барысында қылқалам туындысын пайдалана отырып мазмұндама жазу оқушылардың сурет мазмұнын түсiнуге, шығармада бейнеленген зат не құбылыстарды бейнелi де көркем сөзбен өрнектеудi үйретедi. Баланың эстетикалық талғамын байытып, шығармашылық қиялына қанат бiтiредi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет