Мазмұны жағынан, эссе былай жіктеледі



Дата09.02.2022
өлшемі365,42 Kb.
#25095
Байланысты:
Эссе


Эссе – белгілі бір нақты мәселе бойынша жеке тұлғалық пікірлер мен көзқарастардан құрылған көлемі шағын және еркін композицияға құрылған прозалық шығарма» деген анықтама кең таралған.

Аргументті эссені жазу барысында ерекше назар аударуды қажет ететін түбегейді ерекшеліктер – мәтіннің құрылымының қатаң тәртіпке негізделуі және дәлелділік (аргументация).

Кез келген автор эссені жазуда мынадай басты мәселені естен шығармауы керек: мәтінмен жұмыс жасаудың құндылығы – отырып, эссе жаза салу емес, эссені құру үдерісін басынан бастап ойластыру және жұмыс жасау кезеңдерін дұрыс бөлу.

Кез келген автор эссені жазуда мынадай басты мәселені естен шығармауы керек: мәтінмен жұмыс жасаудың құндылығы – отырып, эссе жаза салу емес, эссені құру үдерісін басынан бастап ойластыру және жұмыс жасау кезеңдерін дұрыс бөлу. Осы үдеріс барысында автор мына сұраққа ұдайы жауап беріп отыруы керек: мәтін эссенің мазмұны мен формасы бойынша талаптарға қаншалықты сәйкес келеді?


Мазмұны жағынан, эссе былай жіктеледі:

  • философиялық,

  • әдеби-сыни,

  • тарихи,

  • көркемдік,

  • көркемдік-публицистикалық,

  • рухани-діни т.б.

Әдеби формасы жағынан, эссе былай бөлінеді:

  • рецензиялар;

  • лирикалық миниатюралар; • жазбалар;

  • күнделік жазбалары;

  • хаттар т.

Сонымен қатар, эссе былай да жіктеледі:

  • сипаттамалы;

  • мазмұндық;

  • рефлексивті;

  • сыни;

  • аналитикалық т.б.

Аргументті эссе:

эссе авторы өзінің сыни ойлау, яғни аргументті түрде өзінің көзқарасын дәлелдеу, сондай-ақ нақты әлеуметтік, қоғамдық маңызы бар мәселені өз тәсілдерімен шешу қабілетін көрсетуі керек;

мәтіннің құрылымы нақты болуы керек: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды;

эссенің бөліктері мазмұны мен әрбір абзацының құрылымы бойынша нақты талаптарға сай болуы керек.

Эссе авторы өзінің сыни ойлау, яғни аргументті түрде өзінің көзқарасын дәлелдеу, сондай-ақ нақты әлеуметтік, қоғамдық маңызы бар мәселені өз тәсілдерімен шешу қабілетін көрсетуі керек.

Мәтіннің құрылымы нақты болуы керек: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.

Эссенің бөліктері мазмұны мен әрбір абзацының құрылымы бойынша нақты талаптарға сай болуы керек.

эссені құрастыруға үйрету технологиясы: қателерге талдау жасау әдісі



Айта кететін жайт эссені жазуға үйрету технологиясында эссені жазуға үйретудің негізгі тәсілі – қателерге талдау жасау, яғни оқушыларға алдымен түзетулер ендіріп, шимай параққа жазып алып, содан кейін эссенің соңғы нұсқасын жазуды ұсыну, содан кейін оқытушының тексеруі мен баға қоюына беру керек. Оқытушы бұл жағдайда, жұмысты сыни бағалаушы ғана емес, туындаған қиындықты шешудің жолдарын студентпен бірлесіп іздеуші рөлін атқарады.

Эссенің мәтінін құрастыруға үйрету барысында оқытушы мен студенттің алдында нақты міндет тұрады – әрбір кезеңге ретті және логикалық түрде өте отырып, эссе мәтінін құрастыру барысын біртіндеп жүзеге асыру (соңғы нәтижесі емес, барысын).





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет