Мазмұны кіріспе 3 зейін туралы жалпы түсінік



бет1/12
Дата27.05.2022
өлшемі82,51 Kb.
#35722
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 3



  1. ЗЕЙІН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.

    1. 1.1 Зейін туралы жалпы ұғым. 6

    2. 1.2 Зейіннің физиологиялық негізі. 8

    3. 1.3 Зейіннің түрлері және қасиеттері. 9

    4. 1.4 Зейінді дамыту жолдары. 16

    5. 1.5 Зейінді тәрбиелеу жолдары. 18

  2. ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ.

    1. 2.1 Зейінді дамыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің ролі. 20

    2. 2.2 Зейінді дамыту мен тәрбиелеуде орындалатын талаптар. 22



ҚОРЫТЫНДЫ 23


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24

КІРІСПЕ
Психикалық іс әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой–санасын істеп жатқан әрекеті мен сан әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр–түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата – аналарының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз.
Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынынының дәлелі. Сондықтан да оның санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады.
Ой–сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалық сипатын, нақты объекті күні бұрын ниетті іріктеуін, не оған мән бермеуін айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс - әрекеттің біршама уақыт аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар зейінін, анау не, мынау зат не деп, іске бағыттау онша қиындық тудырмайды, әңгіме төркіні сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.
Зейін сөзі сонымен бірге ой–санамыздың белгілі іс-әрекетке шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді. Адам алдында тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді.
Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой – сананы қажетсіз объектке бәрінен ауыстыра алумен де байланысты. Зейін күші толығып нақты бір істің шешіміне бағышталған шақта, төңіректегі қай заттардың бәрі біз үшін елес күйінде байқалады.
Сонымен, қандай да бір затқа зейін қоюымыздан, ол зат біздің санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің сана аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың санамыздағы бейнесі нақты айқындалып жөніндегі елестер мен ойлар іс - әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіген халде сақталады. Осыдан, зейін іс - әрекетті бақылау және реттеу қызметін де атқарады.
Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді.Сырттай- ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейіндізінен айыруға болады. Ал кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін интеллектуалды деп аталып, ол сезімдік зейінінен біраз өзгеше келеді. Ал ой – сана дене қозғалыстарға бағытталған болса, онда өз арқауына қимылдық зейін алынады. Мұның бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болған өзге танымдық процестердің қосалқы қызметтерін атқарытынын дәлелдейді.
Зейіннің мұндай қызықты да қайшылықты қасиеттері ғалым назарына түсіп, оный пайда болуы мен мәнін әрқилы пайымдап негіз берді. Зейін табиғатын түсіндіруде Н.Н. Ланге ғылым қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын алға тартады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет