Мазмұны Кіріспе Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік І тарау



бет1/34
Дата09.06.2022
өлшемі103,01 Kb.
#36608
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Мазмұны


Кіріспе
Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік
І тарау. Электрондық оқулықтар, электрондық зертханалық жұмыстар жасау мәселесі.
1.1.Телекоммуникациялық жүйелерге негізделген білім беруші электрондық басылымдар мен қорлар. Компьютерлік желілерді оқыту мен пайдалану.
1.2. Компьютерлік желілердің жіктелуі
1.3. Желілердің техникалық-аппараттық жабдықтары
1.4.Желілердің программалық жабдықтары
1.5. Желі қауіпсіздігі
ІІ тарау. Компьютерлік желілерді оқытудың зертханалық практикумын жасау.
2.1. Жүйелік блоктың компоненттерін анықтау.Жүйелік блокка құрылғыларды қосу. Желіге кіру. Компьютерлік желілердің ресурстарын көру.
2.2.Ресурстарды бірігіп пайдалануға ұсыну. Бірігіп пайдаланатын файлдар мен принтерлерге қатынауды басқару.
2.3. Дискетті бірігіп пайдалану. Қатынау параметрлері
2.4. Бумаларды бірігіп пайдалану. Принтерді бірігіп қолдану
2.5. Жергілікті желілерге қосылу. Желілік хаттамаларды баптау Хаттамаларды жою. Ортақ ресурстарды қолдану. Ортақ қолданудағы файлдармен жұмыс. Дискеттерді қосу
2.6. Ортақ принтерге қосылу
2.7.Желілік ресурстарға таңбаша құру
2.8. Электронды почтаның тіркеу жобасын бапта. Байланыс. Іздеу серверлерімен жұмыс
2.9. Файлды басқа компьютерге көшіру. Желілік дискеттегі
файылды көшіру. Принтерлермен қашықтан жұмыс жасау. Таңбаша құру
Қосымшалар
Зертханалық жұмыстарға арналған қысқаша анықтама
Студенттің өз бетінше дайындалуына арналған тапсырмалары
Тест
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Заман талабына сәйкес білімді ақпараттандыру өмірдің талабы болып отыр. 70-шы жылдар басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен технологиялық жаңалық ашылды – үлкен интегралдық үлгілер пайда болды. 80-шы жалдар ортасында жергілікті желілер дами бастады.
Компьютерлік желілердің пайда болуы мәліметтерді бірігіп пайдалануға көп көмегін тигізеді. Дербес компьютер – құжат құруда, кесте дайындауда, графикалық мәліметтер және басқа да ақпараттардың түрлерімен танысуда тиімді құрал. Бірақ ол сіздің жұмысыңыздың нәтижесін тез арада басқа біреумен бөлісуіңізді қамтамасыз етпейді. Желі болмаған жағдайда жасалынған жұмыспен басқа қолданушылар жұмыс жасау үшін әрбір құжатты қағаз бетіне шығаруға немесе дискетке көшірмесін түсіруге тура келеді. Сонымен қатар барлық қолданушылар құжаттың көшірмелерін өзгертіп-түзеткенде, ол құжатты қайта жинап өңдеу қиындық туғызатын. Жұмыстың мұндай схемасы автономиялық ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады. Егер де осындай ортадағы әрбір қолданушы өзінің компьютерін басқа компьютерлердің желісіне қосса, онда ол қолданушы олардың құжаттарымен де, принтерімен де ортақ жұмыс істей алар еді.
Компьютерлерді желілерге біріктіру технологияларының стандарты бекітілді – Ethernet, ArcNet, Token Ring. Олардың дамуына дербес компьютер әсер етті. Бүгінде есептеуіш желілер қарқынды дамуда. Жергілікті және ауқымды желілер арасындағы алшақтық, кабельдік жүйедегі жергілікті желілер сапасынан кем түспейтін жоғары жылдамдықтағы аумақтық байланыс арналарының пайда болуына байланысты барынша азаюда. Ауқымды желілер ресурс қызметтерінде жергілікті желілер қазметтері сәйкес ыңғайлы болуда. Бұған кең тараған Internet ауқымды желісі мысал бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет