Мазмұны кіріспе



бет7/8
Дата14.05.2022
өлшемі116.72 Kb.
#34353
1   2   3   4   5   6   7   8

Қорытынды


Қорыта келгенде, қазақ халқы қолөнерге баулу арқылы ұрпағын еңбексүйгіштікке, тек өзі үшін емес өзгелер үшін де еңбек етуге еңбекке құрметпен қарауға үйретіп, адамгершілік асыл қасиеттерді де бойына дарытты. Себебі, еңбекті сүйген, өнерлі адамның жаны нәзік адал болатынын халық түсінген.

Халқымыздың қолөнер түрлері ұрпақтан –ұрпаққа, әкеден балаға үзіліссіз беріліп отырған. Ата өнерін баласының қууы, оны мирас етуі ежелгі дәстүр. Қазақ халқының ішінде жеті атасына дейін мергендік, аңшылдық немесе ұсталық, күйшілік, емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. Осындай әке мұрасын жалғастырушы өнерлі жастарды дәріптеу қазақ ауыз әдебиетінен өзекті орын алған.



Қазақ тарихы жаугершілікке толы болғаны баршамызға белгілі. Сондықтан қазақ ұл дүниеге келгенде «бір сарбаз қосылды, жасақ молайды» деп қуанған. Ұл бала дүниеге шыр етіп есік ашқанда «ат ұстар» деп сүйінші сұраған. Сол себепті ата-ананың, елімнің ұлдан күткен алғашқы үміті ел мен жерді қорғайтын бір батырдың шығуы. Міне осыдан ата-ананың негізгі мақсаттарының бірі баланы отаншылдық рухқа тәрбиелеу болған. Баланы туған елін, Отанын, жерін сүюге тәрбиелеуде бұрынғылар түн ішінде қара танитындарды, арнайы үйлеріне шақырып батырлық жырларды оқытқан, ауыл қарттары бұрын өткен ата-бабалары, олардың елге жасаған игі істері жайлы жыр шерткен. Келе-келе бұл жырларды бала өзі айтатын дәрежеге жеткен. Халқымыздың өткен тарихы, ерлік рухы жырланатын батырлық жырлар арқылы «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген ұлы Абай айтқан үш қасиеттің сәулесі жас ұрпақ көңіліне ұялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет