Мазмҧны кіріспе



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет10/27
Дата29.12.2016
өлшемі2.17 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

 
Мысалдары мен дастандары 
 
Мәшһүр  Жүсіп  Кӛпеев  ӛлең,  толғаулармен  бірге  мысалдар  да  жазған. 
Оларда  да  жоғырадағы  тақырыптар  сӛз  болып,  сол  идеялық  ой  жалғасын 
табады.  Мысал  ӛлеңдер  аса  шеберлікті  қажет  ететін  талғам  мен  таным 
тереңдігін ақын алдына кӛлденең тартатын, белгілі бір сюжеті бар, оқиғалы 
қиын  ӛлең  түрі.  Сондықтан  да  мұнда  қоғамның  ең  маңызды,  күрделі 
мәселелері  бой  кӛтеріп,  ӛткір  қойылады.  Мысалда  ақын  тарапынан  қалың 
қауымға  арналар  ғибрат,  үлгі-ӛнегені  насихаттау  секілді  дидактикалық  мән 
басым болады. 
Ақынның  “Жарты  нан  хикаясы”  атты  мысал  ӛлеңі  ӛзінің  терең 
мәнділігімен де, айтар ӛсиетінің ӛресімен де құнды. Бұнда бір жолаушы жол 
үстінде  жатқан  сандыққа  кезігеді,  қуана  аузын  ашып,  ішіндегі  жылтырап 
жатқан  кӛздің  жауын  алардай  алтынды  қолға  алғанда,  әуелі  ол  жыланға, 
соңырақ ӛсе кеп ӛзін жұтуға ұмтылған айдаһарға айналып шыға келеді. Әрі 
қарай  жолаушыға  отыз  кісі  жолығып,  кӛмектесуге  дәрменсіздік  танытады, 
осыдан кейін жолыққан бес адамның да қолынан да ештеңе келмейді. Ақыр 
аяғында жолаушы 
 
“Кеттім ғой су түбіне!” – деп тұрғанда. 
Селтеңдеп бір жарты адам шыға келді, – 
 
дейді  ақын.  Бүтін  де  емес,  жарты  адам  отыз  кісінің  қолынан  келмеген  істі 
атқарып,  ақылымен  айдаһарды  қайта  сандыққа  кіргізеді.  Сонда  оның  бұл 
ісіне  таңқалған  жолаушы  жарты  адамнан  мұның  мәнін  сұрағанда,  ол 
Айдаһардың нендей нәрсемен астасатынын былайша түсіндіреді: 
 
Жамандық алтындай боп түсер кӛзге, 
Қызықты нәрсе жоқ боп онан ӛзге. 
…Жамандық қайдан туар, тілден туар, 
Әркім де ақыл болса тілін буар. 
Шығарсың бір жаман сӛз сен аузыңнан, 
Артыңнан айдаһар боп сені қуар. 
 

130 
 
Алғашқы екі жолда жамандықтың алтындай боп жататынын айту арқылы 
Мәшһүр Жүсіп адамның жарқыраған жалған нәрсеге әуестігін, ӛзінде барды 
місе  тұтпай,  ӛзгедегіге  қызыққаннан  опық  жейтін  мінезін  міней  кӛрсетеді. 
“Басқа  пәленің  тілден  екендігін”,  ойланбай  айтқан  сӛздің  салмағы  ауыр 
екенін  аңдатады.  Осыдан  келіп,  ақын  адамгершілікті,  имандылықты 
дәріптейтін ойларды “жарты” бейнесі арқылы жеткізеді: 
 
Оразаң отыз күнгі – отыз кісің, 
Бес кісі – бес намазың білемісің. 
Жоқ қылып жамандықты жойылтуға, 
Бұлармен дәнемеге келмес күшің. 
…Танып қой, танымасаң мен боламын, 
Дүниеде қылған қайыр – жарты наның! 
 
Мұнда ақын отыз күндік ораза, бес уақыт намаз секілді діни парыздардан 
қайырымдылық істің әлдеқайда артық екенін айтады. Осы арқылы ақын діни 
парыздар  мен  шынайы  кісілік  мінез,  іс-әрекеттің  бірлігі  қажеттігін 
насихаттайды. Мұның астарында дін шарттарын мүлтіксіз орындайтын, бірақ 
адамгершілігі аз жандарды ізгілікке шақыру жатқаны айқын. 
Мәшһүр  Жүсіп  түйген  ой  түйіні  –  діннің  ғибадаттары  мен  ӛмірдегі 
адамдық  істің  бүтіндігі,  бірлігі.  Тіпті  адамдық  негізі  –  осы  екеуінің 
ажырамастай бірлігінде жатыр деген тұжырымда. Бұл – кез келген кісі мәнін 
бағамдай бермейтін, ӛте қарапайым болса да ӛмірлік мәні бар түйін. Мәшһүр 
ӛлеңдері осындай терең тәлімімен де құнды. 
Мысал ӛлеңнің табиғатына тән ерекшеліктеріне сай осы ӛлеңінің аяғында 
Мәшһүр  ӛзінің  авторлық  кӛзқарасын  білдіреді.  Онда  “Дүниеде  қылған 
қайырықсанның”  тар  жол  тайғақ  кешуде  алдыңнан  шығатынын  аңғартатын 
мәні терең, тәрбиелік тәлімі салмақты данагӛйлік ой тұжырымдалады: 
 
Бозбала, бір кӛрерсің ӛлім бетін, 
Тіл алсаң ӛлім бетін кӛрмей күтін. 
Ӛлімнен күні бұрын күтінбесең, 
Бұрқылдап әр тесіктен шығар түтін. 
 
Жиылса бір араға тамам түтін. 
Түтіннің не болатынын кӛрдің бетін. 
Қайыр, ықсан, сауапты жарты қылмай, 
Қыла гӛр күні бұрын соны бүтін! 
 
Ақын  адамзатқа  бақилық  ӛмір  жолы  –  ӛлімді  ескерту  арқылы  пәни 
жалғанның  қызығына  елітіп,  бақиды  ұмытуға  болмайтынын  еске  салады. 

131 
 
Оның “ӛлім бетін кӛрмей күтін” деуінде үлкен мән жатыр. Мұндағы “Күтін” 
ӛз санасынан биік, ӛресі жетіп, анықтай бермейтін құпиясы мол әлемге барар 
екі  аралық  аз  ғана  ғұмырда  адамның  саналы  ӛмір  сүріп,  ізгілікке  толы  іс-
әрекет жасауына жӛн сілтейді. Адам түсі-нігіндегі “тозақ” пен “жәннаттың” 
адам  ойындағысынан  мүлдем  бӛлек,  сананың  шектеулігінен  ұғыныла 
бермейтін  әлем  болмысы  екенін  ескертеді.  Соңғы  шумақтағы  “Түтін”  ӛз 
бойына  талай  мазмұнды  арқалап  тұрғандығын  аңғару  оп-оңай.  Ол  адамның 
адамгершіліктен  ауытқыған  алғашқы  адымынан-ақ  қылаң  берер  жамандық 
атаулының  нышандарының  символдық  белгісі  іспетті.  Қорыта  айтқанда, 
“Жарты нан хикаясы” – қысқа болғанмен айтары мол, құнды туынды. 
Мәшһүрдің “Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы”, “Мәшһүр Жүсіптің ала 
қарғамен  айтысы”,  “Аңқау  адам  туралы”,  “Сәйгелді,  сона,  бӛгелек  туралы”, 
“Шайтанның  саудасы”  және  т.б.  ӛлеңдерінде  мысал  жанрына  жатқызуға 
болады. 
“Мәшһүр  Жүсіптің  тырнамен  айтысы”  құрылымдық  жағынан  айтыс 
үлгісіне  жақын.  Мұнда  ақын  тарапынан  қойылған  мәнді  сұрақтарға  ауыл 
үстін  айналып  ұшқан  тырна  толымды  жауап  қайтарады.  Айтыстағы 
қарсыласы  тарапынан  ӛзіне  деген  жайсыз  емеурін  байқала  бастағанда,  яғни 
оның айтқанының ақиқаттан аулақтығын бетіне басқан сәтте тырна-кейіпкер 
Сүлеймен  пайғамбар  мен  тоты  құс  жайындағы  оқиғаны  әңгімелеуге 
бұрылады.  Бұл  сюжет  алдыңғы  сюжеттік  желімен  іштей  мағыналық 
байланыста. Мұнда ақын аңыз арқылы ӛз тұсындағы қоғамдық ӛмірдің ӛзекті 
мәселесін қозғайды. 
 
Мен торға түспейін деп аспанға ұштым, 
Сізбен емес, баламен ерегістім. 
Жер жүзін ӛрт алыпты тегіс күйіп, 
Кӛздей жер сау кӛрінеді, келіп түстім. 
Кӛрінген ӛрт боп маған сор екен сол
Бір тосу хақтан даяр тұр екен сол. 
Сау жер болып кӛрінген титтей ара, 
Балалар құрып қойған тор екен сол. 
 
Бұл  –  еркіндіктің  бақытын  сезіне  алмай  торға  түскен  Тоты  құстың 
Сүлеймен алдына келгенде торығып айтқан зары. Ақын қазақ тарихының 18 
ғасырдағы жағдайына меңзеп тұрғандай. Ӛзі келіп торға түскен Тоты жайы – 
осы  ойға  жетелейді.  Бала  –  сол  тұстағы  сана  кӛрінісі  іспетті.  Тырна  бүкіл 
мысал  бойында  отты  тілді,  терең  ойдың  иесі  болып  кӛрінеді.  Мұны 
Мәшһүрдің:  “Не  кӛрдің  бұл  жалғанда,  нені  білдің?”  –  деген  сұрағына 
тырнаның қайтарған жауабынан кӛреміз. 
 

132 
 
Біз келдік шӛбі тәтті жерлер бар деп, 
Жұртқа айттық: “Қыс келеді, күзем ал!” – деп. 
Үстінен әр ауылдың бір айналып
“Қазағым, жаман болма, жақсы бол!” – деп. 
 
Тырна бейнесі ел басына тӛнген ауыртпалықтарды жеңілдетпек боп, еліне 
емірене  үндеу  айтқан  халық  зиялыларының  бейнесін  танытатын  сияқты. 
“Жақсы  бол”  деген  тіркеске  ақын  сол  қоғамдағы  туған  халқының  ұлттық 
болмысына,  тұрмыс-жағдайына  ауадай  қажет  маңызды  құндылықтарды 
сидырған. Жақсы болудың негізі – кӛзі ашықтық, кӛкірегі ояулық, надандық 
құрсауынан  босанып,  білім-ғылыммен  сусындау,  адамдық  асыл  қасиеттерді 
жоғалтпау.  Бұның  ӛзінен  ақынның  азатшылдық,  діни-ағартушылық 
кӛзқарастарының  мысал  ӛлеңдерінің  де  ӛнбойынан  орайын  тауып,  кӛрініс 
беріп  жататындығын  аңғара  аламыз.  Ал  енді  замана  келбеті  Мәшһүрдің  ӛз 
тарапынан былайша білдіріледі: 
 
Халайық: аманы бар жаманы бар, 
Кӛп малдың жүйрігі бар шабаны бар. 
Біреу жылап, біреулер күлген заман, 
Жан бола ма таймайтын табаны бар? 
 
Мысал  ӛлеңде  ақынның  таза  діни  кӛзқарастары  да  жүйесін  тауып 
орныққан, Тырна сӛзіндегі: “Табанды, тұрақтаулы жалғыз Құдай”, “Тұр тауы 
– Мұса кӛрген хақтың нұрын, бейіштен құл алар орын”, “Бір тосу хақтан даяр 
тұр екен сол” және Мәшһүр сӛзіндегі: “Сӛз басы – құдай сӛзі” – деген жолдар 
осыған дәлел бола алады. Тағыда Абаймен үндестік. “Әуелі аят, хадис сӛздің 
басы” дейтін ұлы ақынның дана-лығы, Мәшһүрде қайта жаңғырған. 
Ал  Сүлеймен  пайғамбар  мен  тоты  құс  арасынан  ӛрбитін  оқиға  да  айтар 
тәрбиелік  талабының  құндылығымен  ерекшеленеді.  Тотының  торға  түскен 
күйінен  –  қараңғылықтың,  “азапты  оттың”  ішінде  жүріп  күйзелген, 
бодандыққа  кіріп,  кіріптар  болған  еркіндікке  апарар  жол  таппай  торыққан 
халықтың  аянышты  халін  сезінеміз.  Қалай  дегенде  де,  Мәшһүр  ақынның  ӛз 
шығармашылығына  негізгі  тірек  еткен  –  азатшылдық  идеясын  барлық 
туындыларында жалғастыра дамытып отырғандығын байқаймыз. 
Мәшһүр Жүсіптің қазақ халқы жайкүйіне айрықша тоқталған мысал-ӛлеңі: 
“Сәйгелді,  сона,  бӛгелек  туралы”.  Мұның  қысқаша  мазмұндық  желісі: 
сәйгелді, сона, бӛгелек секілді жәндіктердің ӛздеріне кӛбелекті халфе сайлап, 
мекен-жай  іздеп  дамыл  таппай,  тӛңіректі  кезуінен  ӛріс  алады  да,  әрі  қарай 
сәйгелдің  сиыр  сауырынан,  сонаның  түйе  терісінен,  бӛгелектің  жылқыдан 
жай  тепкендіктерін  айтады.  Ақын  мысалдағы  аңдар  мен  ұсақ  жәндіктерді 
мысалға ала  отырып,  ел  тұрмысының келеңсіз  тұстарын  әшкерелейді,  соған 

133 
 
жаны  күйзеле  толғанады.  Үшеуге  халфе  болған  кӛбелек  бейнесі- 
нен ел ішіндегі дағара сәлделі дүмше молданың бейнесін танимыз: 
 
Қазақтың молдасы бар кӛбелектей, 
Жүреді қайда от болса тӛңіректей. 
Дайын жоқ, тұрақ та жоқ, ойсыз, мисыз, 
Ұшады тек жел болса, ебелектей. 
 
Отты айналып ұшқан кӛбелекті бейнелеу арқылы ақын ӛлім тілеп, жемтік 
іздеген,  ел  қамынан  ӛз  қамын  кӛбірек  ойлайтын  “Кітапты  теріс  оқыр” 
молдаларды  келемеждейді.  Қазақ  халқының  соры  білімі  аздығы  екендігін 
айта  отырып,  осы  халден  ӛрісін  кеңітіп,  етегін  кеңге  жайған  тұрпайы,  теріс 
мінез-құлықтарды сынға алады. 
Қазақ халқының сәйгелді қуған сиыр секілденген ісінде береке жоқ тірлігін 
жаны  қинала  ӛлеңге  қосады.  Аталған  мысалда  ақын  елінің  енжар-бейжай 
қалпына қиналып, халқының кері кеткен ұнамсыз қылықтарын аяусыз әшке-
релейді. 
 
…Қазақтың хаққа мағлұм білімі азы. 
…Ӛнерден қазақ қолды ерте жуған. 
…Талап қып ұмтылмайды не керекке. 
Кӛз салып қарамайды тӛңірекке. 
 
Ӛзі  ӛмір  сүрген  дәуір,  заман  легіндегі  халқының  рухани  деңгейі  мен 
мәдениетіне  кӛңіл  толмауы  себепті  талай  ақындар  ұлтының  кейбір  кесірлі 
мінездерін  сынау  арқылы  ащы  да  болса  шындықты  айтып,  тәрбиелік 
ғибратын қалдырып кеткен жоқ па?! Ғұлама Абайдың: 
 
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. 
Жақсы менен жаманды айырмадың, 
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың – 
 
деген  ӛлең  жолдары  осындайдан  туғаны  анық.  Осындағы  Абайдың  “Жақсы 
менен  жаманды  айырмадың”  деуінде  елінің  “ӛз  басындағы  шоқты  кӛрмей, 
ӛзгенің басындағы отты кӛрген” кері кеткен мінезі мен ездігіне қайғырып, ел 
қамын  ойлаған  асыл  азаматтың  арман-тілегі  жатқан  жоқ  па?!  Сол  секілді 
Мәшһүр  Жүсіпте  қазақ  елін  тұмшалаған  бүкіл  қараңғылық  қыспағынан 
шығып, болашақтың жарық күніне ұмтылуға шақырады. 
Мәшһүр  Жүсіптің  тәлім-тәрбиеге  бағытталған  мысал-ӛлеңінің  бірі  – 
“Шайтанның  саудасы”.  Оқиға  Ғайса  пайғамбардың  базарға  бара  жатқан 

134 
 
керуеннің  басында  бес  есек  пен  он  қашырға  толы  жүк  артқан  шайтанды 
кездестіруінен  ӛріс  алады.  Оқиғаға  негіз  болған  образдардың  бірі  –  Ғайса 
пайғамбар, екіншісі – құдайдың қарғысына ұшыраған тылсым жауыздық пен 
зұлымдықтың  бейнесі  ретінде  таныс,  діни  кітаптардағы  Ібіліс,  Лағын  деген 
аттарымен  белгілі  –  Шайтан.  Ақын  мұнда  жақсылықты  жасаушы  мен 
жамандықты  жақтаушы  арасындағы  сӛз  қақтығысы  арқылы  шығарманың 
айтар ойы мен идеялық мақсатын айқындай түскен. Шайтан бейнесі арқылы 
Мәшһүр Жүсіп Кӛпеев адамдар бойына үйір еткен қастық пен жауыздық т.б. 
жамандықтарды таратушы тылсым күш иесін кӛрсетеді. Сол арқылы адамдар 
арасындағы  алауыздық,  зұлымдық,  қызғаншақтық,  ӛтірік,  ғайбаттық  ӛркен 
жайғандығын  меңзеп  және  ел  ішінде  соны  таратушыларды,  әзәзілдің  тіліне 
ергіштерді  ӛткір  сынға  алады.  Онысы  мысал  жанрының  табиғатына  сай, 
орынды  шыққан.  Ақын  зұлымдықтың  сипатын  зұлым  күш  иесінің  ӛзіне 
айтқызады. Шайтан:  
  
 
…Жұрттың тыныштық бүтінін ойламаймын, 
Саламын бас қосылған жерге бүлік, – 
 
дей келе, артқан жүгінің сипатын ӛзі саралап береді. 
  
Артқаным бір есекке ылғи жалған, 
Жалғанда ӛтірік жоқ мұнан қалған. 
…Жүгім бар бір есекте мекер-хайла, 
Мұнымен келтіремін үлкен пайда. 
…Күншілдік бір есекке тиеп артқан,  
Жібек кендір арқанмен буып тартқан. 
Базарға мұнан бұрын кӛп барғанмын, 
Жерім жоқ бұл саудадан залал тартқан. 
Артқаным бір есекке ӛңкей зорлық, 
Кӛрінген бір жерім жоқ ешкімге жек. 
Мастанып артқандықтан тәккапарлық 
Жүре алмай бара жатыр мынау есек. 
Мәшһүр  адамдар  арасында  жаман  қасиеттердің  белең  алған  сипатын 
“шайтаннан қылды сауда кӛтерме алып, орнына бұлар жүрді шайтан қалып” 
деген  жолдармен  аша  түскен.  Мысал-ӛлең  соңында  ақын  діни-ағартушы 
ретіндегі  ақындық салтымен:  “Дін  қайда, осы  күнде ғылым  қайда?”  – деген 
сұрақты  тағы  алға тартады.  Осы  ӛлеңде  Мәшһүр  Жүсіп  ӛз  жайына қатысты 
мынандай ой айтады: 
 
Хақылықта, туралықта тұрамын деп, 
Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай. 
 

135 
 
Мұны  Абай  да  айтқан  жоқ  па  еді?!  “Моласындай  бақсының,  жалғыз 
қалдым  тапшыным”.  Ӛлеңдегі  жалпы  айтар  ойдың  мұндай  ұқсастығы 
Мәшһүр  пен  Абай  поэзиясындағы  мазмұндық  бірлікті,  идеяластық 
жақындастықты танытады. 
Мәшһүр  Жүсіптің  мысал  ӛлеңдерін  қарастыра  келе  түйгеніміз  –  бұл 
жанрда  да  ақынның  діни-ағартушылық  бағытынан  алшақтамай,  қайта  сол 
бағыттағы  ой-идеясын  ӛрістете  түскендігін  аңғарамыз.  Мұнда  ол  мысал 
жанрының  табиғатына  сай  діни-ағартушылық  идеяларын  тікелей  емес, 
жанамалай,  пернелей  жеткізеді.  Ақынның  бұл  мысалдары  Мәшһүрдің 
творчестволық  шеберлігі  ұшталып  сӛз  ӛнеріндегі  ӛрісі  ашылып,  биікке 
кӛтерілген  кезінде  жазылған.  Бұған  ақын  мысалдарының  жоғарғыдай 
тұщымды ой, толғамды пікірге толы болып келуі дәлел бола алады. 
Мәшһүр-Жүсіп – бірнеше ірі дастандар да жазған ақын. Бірақ олар кезінде 
жарияланбай  қол  жазба  күйінде  тараған.  Оның  кейбірі  жеке  адамдардың 
ӛмірін  ӛзек  етсе,  енді  бірі  құран  сюжеттерінен,  Шығыстық  сюжеттерден 
алынып,  солардың  негізінде  жазылған.  Алғашқысына  “Жантемір  қажы”, 
Шонтыбай  қажы”  “Нүсіпхан”  т.б.  қиссалары  жатса,  соңғысына  “Жер  мен 
кӛк”,  “Хаятбақшы”,  “Миғраж”,  “Пайғамбардың  дүниеден  ӛтуі  туралы”, 
“Гүлшат-Шеризат” тәрізді туындылары жатады. 
  
Айтпаймын мен бұл сӛзді тіпті тектен, 
Келеді бір жел гулеп аспан кӛктен. 
Ішіме сақтауыма сӛз сыймады, 
Жүйрік боп озғаннан соң Сүйіндіктен, – 
 
деп  басталатын  “Жантемір  қажы”  дастаны  Мәшһүрдің  екі  томдығының 
бірінші  томында  ӛлең  деп  берілген.  Мәшһүр  шӛбересі  Г.Жүсіпова  оның 
дастан  екенін  дәлелдеп,  толық  нұсқасын  баспасӛзде  жариялады.  Бұл 
шығарманың кӛлемді туынды екені, ақын оны дастан ретінде жазғаны мына 
жолдардан айқын байқалады: 
 
Ісіне бұл заманның болдым құса
Бозбала шамаң келсе маған ұса. 
Ерігіп мен үйімде ішім пысып, 
Бір Сақы, бір сараңды қылдым қисса. 
 
“Жантемір қажыға” қиссасы ӛмірден алынып жазылған, нақты деректерге 
құрылған шындықты дастан. Мұнда ақын ӛзінің кӛзі кӛрген ӛз елінің ардақты 
азаматы  Жантемір  қажының  ӛмірінен  үзік  сыр  ала  отыра,  адамзатты 
мәртікке,  жомарттыққа,  азаматтыққа,  адалдыққа  шақырады.  Жалпы  дастан 
сарыны ел қамын жеген айтулы тұлғаның азаматтық істерін насихаттау. Пәни 

136 
 
жалғаннан  қызық  таппай,  “Бір  құдайдан  басқаға  сиынбаған”  Жантемірдің 
қажыға сапары ұлы мақсатымен сабақтас. Ол ӛз ойын былай білдіреді: 
 
– Байтулла келіп едім сенің үшін, 
Ондағы керек қылмай елдің ішін. 
Мені алып қал, жібермей қайта Арқаға, 
Ер тонарлық ежелгі қайда күшің. 
 
Жантемір – қажылыққа шын кӛңілмен, адал ниетпен барған адам. Ол құдай 
жолына  шын  берілген  жан  болған  соң  да  қасиетті  Меккеде  қалғысы  келді. 
Мұхаммед  пайғамбар  жұртын  кӛрген  ол  ендігі  ӛмірді  мансұқ  етеді.  Алла 
жазып  кӛрген  қызық,  сүрген  ӛмірді  ӛзіне  місе  тұтады.  Мекке  жеріндегі  ақ 
ӛлім алланың берген сиы деп біледі. Ӛйткені ол – ӛзгелер құсап “Атақ үшін 
әуре  боп,  қажы  атанғанға  мәз  болу  үшін”  келген  жан  емес,  “Құдайға  шын 
ықыласын  берген”  жан.  Алла  жолына  шын  берілген  жанның  осын- 
дай 
шешімге 
келіп, 
Алла 
жолына 
берілгендігінің 
дәлел- 
деуін 
ақын 
дастанның 
алдыңғы 
бӛлігінде 
оның 
азамат- 
тық  тұлғасын  жан-жақты  ашу  арқылы  дәлдей  білген.  Бір  сӛзбен  айтқанда, 
Мәшһүрдің  “Жантемір  қажыға”  дастаны  –  аллаға  деген  асқақ  сенімді 
ардақтаған,  дін  жолындағы  азаматтардың  адами  істерін,  таза  кӛңіл,  ақ 
пейілдерін  үлгі  еткен  діни-ағартушылық  бағыттағы  кӛрнекті  дүниесінің  
бірі. 
Ақынның  “Гүлшат-Шеризат”  қиссасы  шығыстық  сюжетке  жазылған 
туындыларының іргелісі.  
 
Жігітке құдай берген қиын емес
Болғаным менің ақын биыл емес, 
Бетіне ақ қағаздың салып шимай
Қиссасын “Гүлшат-Шеризат” қылдым кеңес, – 
 
деп  басталатын  дастан,  Мәшһүрдің  бес  шумақтық  кіріспесінен  соң,  Кәркін 
патша  жайын  жырлауға  ауысып  кетеді.  Қисса  бір-бірімен  желілес 
бӛліктерден  тұрады.  Ғалым  Алма  Қыраубаева  “бес  бӛлімге  бӛлуге  болады” 
деген тұжырым жасайды. 
Бірінші  желі  –  Бағдат  патшасы  Кәркіннің  балаға  зарығуы,  тілегі  болып 
әйелі босанарда, қуанышқа жүрегім шыдамай ма деп аңға кетуі; Арыстаннан 
жаралы болып қаза табуы; Баладан тақты қызғанған уәзір Парахзат баланың 
шешесін  Барыс  батырға  ӛлтіртіп,  ӛзін  орманға  тастауы;  Барыстың  баланың 
қасына хат пен 10 гауһар қалдыруы.  
Екінші желі – Парахзаттың түсі. Онда ол алып айдаһар кӛреді. Ол әлемді 
ӛртейді.  Парахзат  ӛзі  ӛлімін  кӛреді,  сол  сәтте  аспаннан  бір  інжу-маржан 

137 
 
түсіп,  Аждаһаның  кӛзі  соған  түсіп,  Парахзатты  жайына  қалдырады.  Барыс 
түсін  шешеді,  інжу-маржан  қызың  болады,  сол  бәледен  құтқарады  деп 
жориды. Оның айтқаны келеді. Парахзат қызына Ирамбағын салдырады. 
Үшінші  желі  –  баланың  ӛсуі;  Үш  жасқа  шейін  шешесін  еміп,  онан  соң 
Арыстан асырап ӛсіруі.  
Тӛртінші желі – баланы керуен басы Сағит қожа асырап алуы; Оның білім 
алып,  үлкен  азамат  болып  ӛсуі;  Гүлшаттың  Ирамбағы  салынған  Шын-
Машында тұрып жатуы.  
Бесінші  желі  –  Гүлшатты  суреттеу,  оның  бағбан  арқылы  Шеризатпен 
кездесуі;  Шеризаттың  соғысы,  Барыс  батырға  кешірім  жасауы;  Гүлшаттың 
әкеге ара түсуі, мысал-әңгіме айтуы, Шеризаттың Парахзатты кешіруі. 
Қисса  шығыстық  сюжетке  жазылғанмен,  мұнда  ауыз  әдебиетіндегі  қазақ 
эпостық  жырларының  әсері  байқалады.  Мәселен  Парахзат  түсі  Алпамыс 
жырындағы Тайшық түсімен ұқсас болуы. Гүлшаттың сұлулығын суреттеуде 
эпостағы қазақ қыздарының бейнесі айқын танылады. Соғыс суреттерінде де 
батырлық  жырлар  елесі  бар.  Сонымен  бірге  қыз  бен  жігіттің  бірін-бірі 
суреттен  кӛріп,  не  түсінде  кӛріп  ғашық  болмай,  бірін-бірі  ӛңінде  кӛріп 
ұнатуы қазақ жырларының шындықты табиғатына жақындата түседі. Ендеше 
Мәшһүрдің  “Гүлшат-Шеризат”  дастаны  –  оның  ӛзіндік  тӛл  туындысы. 
Мұның  тағы  бір  дәлелі  осы  сюжетке  қазақтың  ірі  әнші-ақыны  Әсет 
Найманбаевта  қисса  жазған.  Ол  “Ер  Шеризат”  деп  аталады.  Екі  ақынның 
поэмаларындағы  кӛп  айырмашылық  бар.  Олардың  ортақ  сюжетке  шығарма 
жазғанымен,  әр  қайсы  ӛз  биігінен  келіп,  ӛзінше  жырлап,  ӛзіндік  туынды 
жасағанын аңғару қиын емес. 
Қорыта айтқанда, “Гүлшат-Шеризат” – Мәшһүр-Жүсіп Кӛпеевтің ақындық 
шеберлігінің айқын кӛрінісіндей айшықты шығарма. 
Жалпы  алғанда,  Мәшһүр  –  діни-ағартушы  ақын.  Бұл  ерекшелікті  біз 
ақынның  кез-келген  ӛлеңінің  желісінен  аңғара  аламыз.  Ол  діни  танымдық 
ойларын  шығармашылығында  орын  алған  ӛзге  тақырыптардың  негізімен 
ұштастыра  білген.  Әр  ӛлеңнен  дінді  арқау  ете  отырып  еркіндік  пен 
азатшылдықты ұран қылып кӛтерген ақын мақсатын айқын аңғарамыз. Ақын 
ӛлеңдеріндегі  басты  мұрат  “Қуаттап  алып  жүрсе  әркім  дінін,  Ӛткізсе 
ғаділдікпен ай мен күнін” деген арман тілекті кӛздейді.  
Мәшһүр  Жүсіптің  әрбір  ӛзекті  ойының  түбірінен  діни  сананың 
топшылауын  танимыз.  Дін  арқылы  ол  асыл  мұратты  биік  мақсаттарға 
шақырады. Оның азатшылдық ұранын арқалаған арманды асқақ үні де діни-
танымымен тығыз байланыста ӛрістейді. 
Мәшһүр  Жүсіп  Кӛпеев  қаламынан  туған  ӛлең-жырлар  ӛзі  ӛмір  сүрген 
қоғамының  қыр-сырын  ашып  берумен  бірге,  езілген  халықтың  жасыған 
жүрегін  жұбатып,  рухын  кӛтерді.  Елінің  жайына  күйзелген  Мәшһүр  Жүсіп 
Кӛпеевтің  мұңлы  сырға  толы  ӛлеңдері  қазақ  ұлтының  езгідегі  халіне  шын 

138 
 
жаны  ашыған  кӛңілден  туған.  Нақтылай  айтсақ,  ақын  ӛлеңдері  асқақ 
патриотизмге  толы.  Осындай  ерекше  Отансүйгіштік  екпінді  жырларында 
ақын ӛз замандастарына да, кейінгі ӛскін – жастарға да ӛнегелі сӛз айта білді. 
Мәшһүр  –  сыршыл  лирик  емес,  әлеуметтік  ӛмірді  арқау  еткен  азаматтық 
лириканың  ӛкілі.  Ӛзімен  замандас,  бағыттас  ақындар  арасынан  ӛлеңдеріне 
азатшылдықты арқау етіп, алғаш ел-жұртына бостандық жайын бүкпесіз айта 
білген де Мәшһүр болатын. 
Ақын ӛлеңдері  ой  тереңдігімен  де,  айтар  ойын  қарапайым  да  дәл  жеткізе 
білуімен  де  құнды.  Халықтық  тілдің  құнарлы  оймен  астасуынан  Мәшһүр 
Жүсіп  ӛлеңдері  қазақ  поэзия  әлемінде  ешкімге  ұқсамайтын  даралық 
танытады. 
 
 
4-тарау 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет