Мазмҧны кіріспе



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет13/27
Дата29.12.2016
өлшемі2.17 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

Ақынның поэмалары 
 
Шәкәрімнің  тӛл  туынды  ретінде  саналатын  үш  поэмасы  бар.  Олар  – 
“Қалқаман-Мамыр”,  “Еңілік-Кебек”  (алғашқы  аты  “Жолсыз  жаза,  яки  кез 
болған іс”), “Нартайлақ пен Айсұлу”. Жоғарыда атап ӛткеніміздей, бұлардың 
ішінде  “Нартайлақ пен  Айсұлуды”  Шәкәрімнің  ӛзі  кӛркемдік  деңгейі  тӛмен 
деп  бағалаған.  Бұл  шығармалардың  тақырыбы  –  бір  сӛзбен  айтқанда  әйел 
теңсіздігі.  “Қалқаман-Мамыр”  мен  “Еңлік-Кебек”  те  ӛз  дәуірлерінің  тарихи 
болмысы ашылып, ӛмір шындығы кӛркемдік шындыққа айналып, кӛркемдік 
шешім тапқан. 
Осыдан  113  жыл  бұрын  жазылып,  89  жыл  бұрын  жарық  кӛрген 
“Қалқаман-Мамыр”-Шәкәрімнің  іргелі  шығармаларының  бірі.  Кезінде  бұл 
шығарма  туралы  Әлихан  Бӛкейханов  “Қазақ”  газетінің  1915-жылғы  121-
санында  сын  жазып,  поэманың  жанрын  тарихи  жыр  деп  таныған.  Кейінгі 
зерттеушілер (М.Мағауин) бұл поэманы лиро-эпикалық дастан санайды. 1912 
жылы Семейдегі “Жәрдем” баспасынан жарық кӛрген поэмасын ақынның ӛзі 
“Қазақ  тіліндегі  тарихи  хикая”  деп  атаған.  “Мұтылған”  деген  бүркеншік 
есіммен жазған автордың кіріспе сӛзі де осының бір дәлеліндей. Онда автор 
былай  дейді:  “Бұл  әңгіме  1722  жылы  біздің  Орта  жүз  қазағы  Сырдария 
бойында жүргенде болған анық іс. Біздің қазақ қалмақтан жеңіліп, “ақ табан 
шұбырынды”  болғаннан  бірақ  жыл  бұрын  Қалқаман-Мамырдың  ісіне  ескі 
қазақтар теріс кӛзімен қараса да, осы күнгі кӛңілінің кӛзі ашықтар жазықсыз 
екенін біліп, дұға қылса керек. 

162 
 
Ӛлгенді  тірілтпесем  де,  ӛткенді  жандырғандай  болсын  деп,  биыл  жүз 
тоқсан  жыл,  ұмытылған  істі  алдыңызға  қойдым.  Бұл  әңгіме  ақсақалдар 
аузынан  қалып  бара  жатыр.  Сол  асықтардың  ӛзі  кетсе  де,  ізі  жоғалмасын 
дедім.  Біздің  де  ізіміз  жоғалатынын  ойлап”.  Кіріспеден  кӛріп 
отырғанымыздай  ақын  бұл  шығармасын  –  тарихи  дүние  ретінде  жазуды 
ойластырған. Дәл тарихи дастан болмағанмен, мақсат солай болған.  
Екі  ғашықтың  махаббат  трагедиясын  арқау  ӛткен  бұл  поэма  –  Қалқаман 
мен  Мамыр  атты  екі  жастың  ғашықтық  сырын  шертеді.  Шығармада  екі 
ғашықтың  махаббаты  романтикалық  сарын  да  бейнеленген.  Мәселен  мұны 
Мамырдың  Кӛкенай  батыр  қолынан  қаза  табар  сәттегі  сӛзінен  айқын 
аңғаруға болады: 
 
Тілегім келді орнына арманым жоқ, 
Артында Қалқаманның қалғаным жоқ, 
Мені сен ӛлтіргенмен жасармайсың, 
Сүйткенмен жас жанымды алғаның жоқ. 
 
Тағдырдың сүйгенінің алдында алып, махаббатының пәктігі сақталғанын 
жұбаныш еткен Мамыр рухының биіктігі осы жолдардан анық сезіледі. Ақын 
екі жас жағында, ол екі жастың трагедиясы арқылы олар ӛмір сүрген тұстағы 
қоғамның  қатігездігіне  ӛз  үкімін  шығарады.  Тақырып  желісі  махаббат 
болғанмен  де,  ақын  сол  тұстағы  қазақ  ӛмірінің,  салт-дәстүрінің,  ой-сана, 
кӛзқарастар қайшылығының бүкіл қыр-сырын ашуға ұмтылған. 
Поэмада баяндалған оқиғаның қысқаша мазмұны мынадай. Ағайындас екі 
жас  Қалқаман  мен  Мамыр  бір-біріне  ғашық  болып  қалады.  Шын  сүйген 
жүрек ӛз дегеніне жетіп, олар қосылады. Бұған Мамырдың немерелес ағасы 
Кӛкенай  батыр  қарсы  болып,  ақыры  ол  Мамырды  садақпен  атып  ӛлтіреді. 
Қалқаманның  жақыны,  тобықтының  әулиесі  іспетті  Әнет  бабадан 
Қалқаманды  ұстап  беруді  сұрайды.  Әнет  баба  үкімді  қанша  жұмсартқысы 
келгенімен,  одан  ештеңе  шықпайды.  Ақыры  жүйрік  атпен  шауып  ӛтетін 
Қалқаманды  Кӛкенайдың  садақпен  атуына  шешім  шығарады.  Кӛкенай 
батырдың  атқан  оғы  Қалқаманның  қара  санынан  тиіп,  ердің  қасын  жарып 
ӛтеді. Тірі қалған Қалқаман еліне ӛкпелеп, Ұлы жүздегі нағашы жұртына жол 
тартады.  Осы  кезде  қалмақ-қазақ  соғысы  басталып  кетіп,  бұл  оқиға 
ұмытылып, аяқсыз қалады. Кейін ел есін жиған тұста Қалқаманды іздестіру 
мүмкін болмай қалады. 
Шәкәрім  сюжеттік  желіге  осынау  тарихи  оқиғаларды  негіз  ете  отырып, 
қазақтың  бұрынғы  тұрмысын,  әдет-ғұрпын  кеңінен  кӛрсететін  махаббат 
драмасына  құрылған  дастан  жазып  шыққан.  Поэмадағы  махаббат  мәселесі 
Шәкәрімнің  жалпы  адамгершілік,  азаматтық  кӛзқарасының  негізі  ретінде 
кӛрініп, оның бостандық сүйгіш бағытын айқындайды. 

163 
 
Поэмадағы басты кейіпкер екеу. Олар – Қалқаман мен Мамыр. Ақын осы 
екі кейіпкерін сырттай ғана бейнелеп қоймай, ішкі сезімдеріне терең бойлап, 
олардың ӛздеріне ғана тән табиғи болмыстарын аша алған. Ақын оқиғаны екі 
жастың балғын кезінен бастап дамытады. “Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора” бай 
қызы Мамыр бозбалаша киініп жүрсе де, жігіттердің кӛз құрты болады. Оған 
ғашық Қалқаман ӛз сырын жылқы бағып жүргенде білдіреді. Жұмбақ күйінде 
айтылғанмен,  жігіт  ойында  не  бар  екенін  сезген  ақылды  қыз  ӛзіне  туыс 
болып  келетін  жігітке  басу  айтады.  Бірақ  ӛзінің  ғашықтығын  қайта-қайта 
еске салған жігітке ақыры кездеседі, бір шешімге келеді.  
 
Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты әзір, 
Ӛлтірем деп жүрмесін бізді қазір, 
Ӛзімді аяп тұрғам жоқ, сізді аяймын, 
Сен сау болсаң болар ем мен-ақ нәзір. 
 
Шәкәрім  Мамырдың  осы  алғашқы  кездесудегі  сӛзінен-ақ  оның  ішкі 
әлемінің  рухы  қаншалықты  биік  екенін  танытып  ӛтеді.  Бұл  –  олардың  бір-
бірімен  тілдесіп,  сырласып,  белгілі  бір  уағдаға  келгеннен  кейінгі  кездесуі 
сәтіндегі  Мамыр  сӛзі.  Сол  алғашқы  кездесуден-ақ,  біз  Мамыр  бойындағы 
нық сенімді, нақты байламды байқаймыз. 
Шындығында поэмадағы әрбір қимылдың, оқыс оқиғаның бастау кӛзінде 
Мамыр  тұрады.  Ол  –  ӛжет  те  ӛр  қыз.  Мұны  Шәкәрім  Мамырдың  әрбір 
сӛзінен,  іс-әрекетінен  бай-қатып,  үнемі  оқырманға  ой  тастап  отырады. 
Қалқаманмен  кездесіп,  бірге  кетуге  бел  байлаған  Мамыр  шешіміне  назар 
аударайық: 
 
Мамыр айтты: Мен сенсіз тірі тұрман, 
Үш қайырдым сӛзіңді мен антұрған
Бір құдайға сиында, алда жӛнел, 
Жолыңда ӛлсем разымын, жаным құрбан. 
Бұдан  тағы  бір  түйеріміз  поэмада  Шәкәрім  кӛбіне  Мамырдың  сырт 
тұлғасына,  сыртқы  сұлулығына  сұқтанбай,  оның  ішкі  жан  дүниесін  ашуға 
ұмтылған.  Мамыр  ең  алдымен,  ішкі  рухы  күшті,  бір  шешімді  ӛжет  қыз 
ретінде кӛрінеді. Оны поэманың басында еркекшора қыз ретінде кӛрсетуі де 
осы ерге тән ӛжеттіктің ӛзегі қайда жатқанына жӛн сілтеу еді. 
Мамырдың жан сұлулығы, ішкі сезім нәзіктігі жоғарыдағы Қалқаманмен 
кездесу сәтінде айқын білінеді.  
 
 
Алдыңа кешу сұрап келіп тұрмын, 
Кӛзге тірі болсам да ӛліп тұрмын, 

164 
 
Қалқаман, осы саған қоштасқаным, 
Денемді емес, жанымды беріп тұрмын. 
 
Қыз  жанының нәзіктігі,  сезімталдығы, оның ішкі рухы  осы  сӛздердің ӛн 
бойынан  тӛгіліп  тұрған  жоқ  па?  Яғни  Шәкәрім  кейіпкерлердің  сӛз  қатысын 
олардың  бітім  болмысын  ашуға  оңтайлы  пайдаланып,  сол  арқылы 
кейіпкерлерінің  жан-дүниесіне  терең  бойлаған.  Сүйгеніне  деген  адалдыққа, 
махаббат атты ұлы сезімге деген пәктікке Мамыр ӛмірінің соңына дейін берік 
болады. Ағасы Кӛкенайдың қолынан қаза табар сәтте қайсарлығын, ӛжеттігін 
сақтап  қалуы  оның  бейнесін  биіктете  түседі.  Ол  ӛзінің  ажал  алдында 
тұрғанына ӛкінбейді, тілегі тек Қалқаманның амандығы. 
 
– Кӛкенай, қорғамаймын, сӛзіме бақ, 
Ісім жӛн, бір құдайға кӛңілім хаһ. 
Мойныңа менің қаным халал болсын, 
Болма енді Қалқаманның қанына ортақ. 
 
Кешікпей мен ӛлемін, сен тірісің, 
Іс емес құдай кешер қылған ісің. 
Ӛлтіртпе, тілегім сол, Қалқаманды, 
Барасың тәңір алдына, білемісің? 
 
Мамырдың  осы  соңғы  сӛзінде  ӛз  ісіне  ӛкіну  жоқ.  Тек  тағдырға 
мойынсыну  бар.  Ол  ӛзінің  адалдығына  сенімді,  махаббат  атты  ұлы  күштің 
құдіретіне шырмалып, құрбанға шалынғанын жақсы түйсінеді. Осы қасіретті 
оқиғаның  құрбаны  жалғыз  ӛзі  ғана  болуын  қалайды.  Сондықтан  да  оның 
аузы-нан шыққан соңғы сӛз “Қалқаман, аман бол!”. 
Поэмадағы Қалқаман – шыншыл бейне. Оның ӛзгелерден артылып, кӛзге 
ұрып  тұрған  ерекшелігі  жоқ.  Ол  –  шыншылдығымен,  қарапайым  жан 
ретіндегі  іс-әрекетімен  сүйсіндіретін  кейіпкер.  Қалқаман  –  Мамырға  шын 
ғашық жан. Ӛз тілегіне орай, қыз келісімін алған жігіт, алдағы қиын-қыстау 
күндердің,  тартыс-таластардың  боларын  біле  тұра,  күрт  шешім  қабылдап, 
берік  байламға  келеді.  Сӛйтіп,  Мамырды  алып  қашады.  Бұл  –  Қалқаман 
бейнесінің ірі қимылға барар азаматтық тұлға екенін байқататын бір кӛрініс. 
Қалқаманның  Мамырдай  аруға  тең,  Мамыр  махаббатына  сай  тұлға 
екендігін  танытатын  екінші  бір  кӛріністі  Шәкәрім  поэма  соңында  береді. 
Мәмлеге  келмеген  Кӛкенай  ақырында  садақпен  атып,  қара  санынан 
жаралағанда, “Мамырдан қалған жанның керегі не” деп, басын оққа байлаған 
Қалқаманның  аман  қалғанын  кӛріп,  “А,  құдайлап”  шауып  келген  құрбы-
құрдасына ол былай дейді: 
 

165 
 
 
Тоқта құрбыларым, 
Жоққа есеп осы күнде менің барым, 
Аямай елім оққа байлаған соң, 
Кетер ме ӛлгенімше іштен зарым. 
 
Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын
Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймын. 
Ӛлерде аямады қайда аяйды, 
Сендерге енді мойын бұра алмаймын. 
 
Кезінде  Әлихан  Бӛкейханов  Қалқаманның  соңғы  монологі  туралы  “Бұл 
ӛлең соны, сұлу болса да, ішінен ақаулығы кӛрінеді. Қоштасқан зарлы адам 
кӛңілге  жалынушы  еді.  Мұнда  ақыл  жығып  тұр.  “Деймісің  қалмақ  сені 
тентіретпесті”  айтуға  ол  жерде  Қалқаманның  әлі  не  келе  қойсын”  (“Қазақ”, 
1915,  N121)  –  деп,  кейіпкер  характерін  ашудағы  сезім  мен  іс-әрекеттің 
байланысы оншалықты қиыспай жатқандығын сынаған болатын. 
Әлиханның  оқиғаны  тікелей  қабылдап,  оның  ӛмір  шындығына  сай 
болуын жақтауын кінәлауға болмайды. Дегенмен, кӛркемдік шешім Шәкәрім 
жағында  екені  еш  талассыз.  Ақынның  Қалқаманның  елден  кету  себебін 
тәпіштей  айтып,  оны  жан-жақты  суреттеуінде  екі  түрлі  себеп  бар.  Және 
осында  ұтымды  қолданылған  суреткерлік  шешім  бар.  Біріншіден,  “Белгілі 
Мамырдан  соң  кӛп  жүрмесім”  деп  ӛзіне-ӛзі  үкім  шығарып  қойған 
Қалқаманның “Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймынында” шындық жатыр. 
Ол – тән ашуы емес, жан ашуы. Сүйгенінен айырылған жаны жаралы жанның 
соңғы шешімі. Оның “Ажалға кӛпе-кернеу бел байлауының себебі де осында, 
оған “Мамырдан қалған жанның керегі жоқ”. Кейбір зерттеушілер айтқандай, 
Қалқаман  бейнесі  Мамырдан  солғын  шығып  жатқан  жоқ.  Керісінше,  ақын 
Қалқаманның  бүкіл  болмысын  ашуды  соңына  дейін  құпия  ұстаған. 
Дастанның соңында ғана ол бар болмысымен жарқ етіп бірақ кӛрінеді және 
оқырман кӛзі алдында ӛшпестей болып қала береді”. 
Екіншіден,  Қалқаман  –  ерен  тұлға,  ерекше  жан  емес,  қарапайым  кӛптің 
бірі. Бірақ ол – ішкі тіні берік адам. Шәкәрім Қалқаман мен Мамырдай басты 
кейіпкерлерін  адам  сенгісіз  күйде  емес,  ӛмірдегі  нанымды  жандар  ретінде 
бейнелеуге  тырысқан.  Олардың  бар  құдіреті,  артықшылығы  ішкі  сезімде. 
Бұларда  ішкі  бұлқыныс,  ішкі  ерік-жігер  күшті.  Мамырын  ӛлтіріп,  ӛзін  оққа 
байлаған  елден  безуге  ерік-жігерінің  жетуі  Қалқаманды  оқырманның  кӛз 
алдында  биіктете  түседі.  Жаны  жасық,  жүрегінің  оты  жоқ  жан  болса,  “.а, 
құдайлап”  келген  құрбыларымен  құшақтаса  кӛрісіп,  құдайдың  тірі 
қалдырғанына  құлшылық  етіп,  қоңырқай  тұрмыс-тіршілігін  жасап  жүре 
берер еді. Қалқаман ондай жан емес. Ол – жанын арының садағасы санаған, 

166 
 
асқақ реалистік шыншыл бейне. Шәкәрім оны солай сомдағысы келген, солай 
сомдаған да! Қалқаманның елден безуі – тағдырдан, ажалдан қашуы емес, ол 
ӛлімнен  емес,  әділетсіздік  жайлаған  жұрттан  безді.  Бұл  –  “Рахымсыз, 
бауырсыз еліне” кӛрсеткен қарсылықтың, күрестің саналы әрекеті еді. 
Поэмадағы  қайшылықты  кейіпкер  –  Кӛкенай.  Ол  –  ӛз  заманының,  ӛз 
дәуірінің ұлы. Сан ғасырдан бері қалыптасқан қазақ елінің әдеп-ғұрып, салт-
дәстүрінің  сақшысындай  тұлға.  Ол  –  қатал  да  қатігез  кӛзсіз  ер,  намысшыл 
батыр.  Ел  бірлігі,  ел  іргесі  бұзылмауы  жолында  ол  ештеңеден  де 
тайсалмайды. Ӛз руының намысы тапталды деген ұғымдағы сенімі оны небір 
қатыгездікке барудан тартынтпайды.  
Ата жолын бұзып, ӛз руластарына қара күйе жаққан немере қарындасына 
оқ  атқанда  Кӛкенайдың  қолы  қалтырамауы  –  оның  ӛз  сеніміне  беріктігінің 
белгісі.  Шәкәрім  Кӛкенай  батырды  оқырманға  таныстырғанда,  ӛзінің  оған 
деген жылылығын жасырмайды. 
 
Кӛкенай – Мәмбетейдің бастаушысы, 
Ӛзі батыр, мінезі қатты кісі, 
Сол кісінің алдынан тараушы еді
Бабаңнан соң бұл елдің кӛп жұмысы. 
 
Ол – тобықтының Әнет бабадан кейінгі бетке ұстар адамы, ел тұтқасы  – 
батыры.  Сондықтан  ӛз  түсінігіндегі  әділет  жолындағы  күресте  Кӛкенай  еш 
нәрседен тайынбайды. Тереңнен ойлайтын абыз Бабаның екі жас тағдырына 
араша түспек әрекетін оның түсінгісі келмейді. Баба әрекетін солқылдақтық 
деп  біледі.  Егер  екі  жас  жазасын  алмаса,  елді  бӛліп  әкетпек.  Кӛкенай 
Қалқаман  мен  Мамыр  дер  кезінде  жазаланбаса,  ӛзіне  кешірілмес  күнә 
санайды.  Оны  толғандыратын  мәселе  –  кейінгі  ұрпағын  жат  үлгіден 
сақтандыру.  Кӛкенайға  тән  мінезіндегі  қаттылық,  қала  берді  қатігездік 
осынау жат әдеттің салтқа айналып кетпеуін кӛздеуден туған-дықтан да ӛзін-
ӛзі  ақтайды.  Шәкәрім  ақын  Кӛкенай  батыр  табиғатын  жақсы  танып,  оны 
жанымен  түсініп,  мінезінің  қаттылығын,    қанішерлік,  кешірімсіздігін  – 
зұлымдық етіп кӛрсетпей, ел ағасы, ата-ғұрыпты бұзған адам туысы болса да 
аямайтын ел намысының қорғаны ретінде сомдаған. Кӛкенай – соған лайық 
Қаһарман.  “Ол  –  ӛз  заманының  перзенті,  рулық,  патрихалдық  мораль 
сақшысы” (М.Мағауин). 
Шәкәрім  Құдайбердиевтің  “Қалқаман-Мамыр”  поэмасы  –  Қалқаман  мен 
Мамыр  арасындағы  махаббатты  бейнелей  отырып,  сол  дәуірдегі  адам 
санасын,  қоғамдық-әлеуметтік  ӛмірді,  ондағы  қайшылықты  құбылыстарды 
кең кӛлемде кӛрсетуге бағышталған туынды. 
Шәкәрімнің  “Еңлік-Кебек”  поэмасының  жазылғанына  ғалым  Қайым 
Мұхамедхановтың айтуы бойынша 109 жыл болыпты. Бұл поэма 1912 жылы 

167 
 
Семейдегі  “Жәрдем”  баспасынан  жарық  кӛрген.  Шәкәрім  “Еңлік-Кебекті” 
тікелей  Абайдың  тапсыруымен  жазған.  Поэманың  жанрын  –  әлеуметтік 
дастан  деп  қарастырған  орынды.  Кӛп  ғалымдар  осы  пікірге  тоқтап  жүр 
(М.Мағауин, Б.Әбдіғазиев т.б.). Ӛйткені ақын ғашықтар трагедиясын сыртқы 
арқау  ретінде  ала  отырып,  негізінен  сол  кезеңдегі  әлеуметтік  мәселелерді 
басты  назарда  ұстаған.  Поэмаға  ӛзек  болған  оқиға  желісі  туралы  Шәкәрім 
шағын  кіріспеде  былай  дейді:  “Бұл  әңгіме  –  1780  жылы  шамасында,  осы 
Шыңғыс  тауында  Матай  мен  Тобықты  арасында  болған  іс.  Шариғатта 
әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, ӛзге дүниелік пайдасын 
ойламай,  жалғыз  ғана  қызының  пайдасын  ойлап  берер  дегені.  Әйтпесе,  жас 
ба-ланы  сатып,  пайдаланып,  кем-кетікке  беріп  обалына  қал  демейді.  Мен 
соны ойлап, Еңлік-Кебекті соншалықты жазалы демеймін”. Кіріспеден кӛріп 
отырғанымыздай,  ақынның  Еңлік-Кебек  тағдырына  деген  кӛзқарасы  айқын, 
ол  –  олардың  жақтаушысы.  Ендеше  дастан  осы  бір  кӛзқарас  ыңғайында 
жазылып, екі жастың іс-әрекетін ақтаушылыққа бейімділік байқалады.  
Автор  ел  ішінде  аңызға  айналған,  болған  оқиғаның  ізімен  жаза  отырып, 
поэмадағы екі жастың махаббат трагедиясын жеке адамның қасіреті ретінде 
бағаламай,  сол  тұстағы  қазақ  қоғамының  қасаң  қағидаларын  ескілікті 
сананың қасіреті ретінде бейнелеуге ұмтылады. 
Поэмадағы  оқиға  сюжеті  қысқаша  былай  болып  келеді.  Матай  мен 
Тобықты  арасындағы  жерге  байланысты  тартыс-талас  толастаған  бір  сәтте 
Тобықтының  жас  батыры  Кебек  Еңлік  сұлуға  кездеседі.  Екеуі  бір-біріне 
ғашық  болып,  ақыры  тағдырын  қосып,  елден  жырақ  тұрып  жатады.  Осы 
тұста Матай елі қалыңын тӛлеп, айттырып қойған қызды қайтарып, Кебекті 
жазалауды  сұрап,  Тобықты  еліне  кісі  салады.  Ел  арасы  тағы  бұзылатын 
болады.  Осыны  сезген  Тобықты  басшысы  Кеңгірбай  Матайларға 
қашқындарды ӛздері ұстап алып, жаза қолдануға рұқсат береді. Олар Кебек 
пен Еңлікті жасырынып жатқан жерінен қолға түсіріп, ӛлім жазасына кеседі. 
Сӛйтіп екі жас қайғылы қазаға ұшырайды. 
Поэмада  махаббат  мәселесі  ӛте  қысқа  сӛз  болады.  Еңлік  пен  Кебектің 
кездесуі, қашып кетуі, Шыңғыстауда жасырынып жатуы. Ал оқиға дамуының 
бүкіл  тұтқасы  Матай  мен  Тобықты  арасындағы  айтыс-тартыста,  екі  жастың 
тағдырын шешудегі әлеуметтік астарда жатыр. Бұнда ел мен елдің тартысы, 
ру  мен  рудың  бәсекесі  алдыңғы  қатарға  шыққан.  Екі  елде  ӛз  намысын 
жібермеуге тырысады. Түптің түбінде ескі салттың қатаң қағидасы бойынша 
шындық салмағы Матай жағына ауа бастайды, Тобықты жағы шарасыз. Осы 
бір замана сипаты ерексіз туғызған жалған шындықтың құрығына Еңлік пен 
Кебек ілігеді. 
Поэманың  басты  кейіпкерлері  Еңлік  пен  Кебек.  Бірі  –  ел  мақтан  тұтқан 
батыр,  екіншісі  –  ардақ  тұтар ару.  Кебек  “Қалқаман-Мамырдағы”  Қалқаман 
секілді қарапайым жан емес. Ол – елге енді танылып келе жатқан жас батыр. 

168 
 
Ертеңгі  ел  қорғаны  болуға  ұмтылып,  кӛзге  түсіп,  елдің  үміт  отын  жаққан 
жігіт.  Шәкәрім  Кебектің  жорықтарын,  батырлық  соғысын  кӛрсетпегенмен, 
алғашқы таныстырудағы бітім болмысын ерекшелеп береді. Соның ӛзінен-ақ 
Кебектің  қандай  жан  екені  айқын  танылады.  Ӛзгелерден  тым  ерекшелініп 
кетпесе де, болайын деп тұрған ұл екені елес бергендей.  
 
Он бесінде Кебектің аты шықты, 
Атты жаяу бәріне бірдей мықты. 
Кӛзі ӛткір, қараторы жігіт екен, 
Орта бойлы, тапалдау кең иықты. 
 
Ел қамы үшін ӛлуге жанын салып, 
Соғыс десе тұрмайды қойса байлап, 
Жауға батыл, жақынға және әдепті, 
Кішіні іні, үлкенді ағатайлап. 
 
Еңліктің  де  кездеспестен  кӛп  бұрын  Кебектің  атына  қанық  болуы  –  “Ел 
мақтаған жігітті қыз жақтағанның” шындығы. 
Кебек  батыр  табиғатына  тән  аңғалдықтан  ада  жан  емес.  Ол  кӛп  істің 
артын  болжай  бермейді.  Нысан  абызға  бал  аштырған  батырдың  оның 
сәуелейлікпен айтқан тағдыр болжауына мән бермеуі, тіптен естен шығарып 
алуы осыны танытады. Кебек –Шәкәрім сомдауында терең ақыл, кемеңгер ой 
иесі емес, албырт та аңғал батыр. Тоқтамыстай ел ағасы батырдың соңынан 
еріп, “Жас бала болса да жаны отты” деген мақтау естіп, ӛз ортасынан артық 
шығып  жүрген  батырдың  ӛз  қызығы  ӛзінде  еді.  Шәкәрімнің  ӛз  кейіпкерін 
осылай суреттеуінде ӛмір шындығынан алшақтық жоқ. 
Кебектің нағыз ер ретінде танылар тұсы Еңлікпен кездесуден басталады. 
Алдында  кездесуге  аса  мән  бермеген  Кебек,  Еңлік  арудың  жан-дүниесін 
терең түсінген соң, ӛзі сүйген “биік қабақ, ақ сұр” қыздың тағдырына араша 
түсуге  бел  буады.  “Сен  ӛлген  жерде  мен  де  ӛлемін”  деген  уәдені  Кебектің 
бірден  бермеуінде  үлкен  мән  бар.  Кебек  –  елдің  ертеңіне  ие  боламын  деп 
жүрген  арманшыл  азамат.  Сондықтан  да  ел  жайы,  ондағы  айтыс-тартыс, 
оның бұлардың тағдырына қатысы болашақты ойлаған жас батырды бей-жай 
қалдыра  алмайды.  Ғашықтықтың  от  сезіміне  бірден  жанып  кетпей,  ол 
Еңілікті ақылға, сабырлыққа шақырады. 
 
– Ей Еңлік! Айтқан сӛзің – сӛздің шыны, 
Сӛйтсе де бір сӛзім бар, тыңда мұны. 
Соғысқа сылтау таппай отырғанда 
Бүлдірмелік Матай мен Тобықтыны. 
 

169 
 
Кебектің  Еңлік  үшін  ештеңеден  тайынбай,  қатал  тағдырға  мойын 
ұсынуына  сүйгені  Еңліктің  жүрегін  жарып  шыққан,  ақыл  мен  сезімнің 
тоғысынан туған бір ауыз сӛзі әсер етеді. 
 
Сен мені бүгін алып кет демеймін 
Осы екі елдің түбіне жет демеймін 
Шын ішің сүймей, сыртың сүйген болса, 
Әуре боп саған уағда ет демеймін. 
 
Осы  бір  ауыз  сӛздің  түйер  түйіні  –  “Шын  сүймесең  сүйдім  деп  айтпа 
маған”.  Ажарына  ақылы  сай  арудың  жүрек  сыры  жас  батырды  тебірентпей 
тұра алмайды. Ол Еңлік үшін ӛлімге болса да басын тігеді. Және осы серттен 
еш  айныған  емес.  Еңлікпен  елсіз  тауда  ӛмір  сүруге  бел  бууы,  Матайлар 
қоршаған сәтте  аттан  түсіп  қалған  Еңлікті  тастай  қашпай,  соғыс  салуы  –  ер 
жігітке  тән  мінез  белгісі.  Кейбір  зерттеушілер  осы  Матайлар  қоршаған 
сәттегі  Кебекті  Шәкәрім  әлсіздеу  кӛрсеткен,  оның  батырлығы  кӛрінбейді 
деген  пікір  айтады.  Шәкәрімнің  Кебекті  шыншылдықпен  бейнелеуі  де 
осында жатыр. Кебек Алпамыс, Қобланды емес, жаудың “бір шетінен кіріп, 
бір  шетінен  шығатын”.  Ол  –  реалистік  бейне.  Шәкәрімнің  “Кӛпке  топырақ 
шашсын  ба?”  деген  сӛзінде  үлкен  мән  бар.  Кебекте  “ет  пен  сүйектен 
жаралған  адам”.  Кӛппен  жалғыз  алыса  алмасы  белгілі.  Арпалысып,  біразын 
жаралап, ақыры қолға түседі. “Ӛлсе бірге ӛлмекші” сертіне ол берік. Осының 
ӛзі  батырлық  емес,  ғашықтық  дастандағы  Кебек  бейнесін  айқындай  түседі. 
Ол – Еңлікке деген адал сезімнің құрбаны. Шәкәрімше айтқанда, “Не күшті, 
ойласаңыз, тағдыр күшті”. Қырын келген тағдырға шара бар ма?.. 
Шәкәрім  Кебектің  батырлығын  сыртқы  түр-тұлғасы,  іс-әрекетінен  емес, 
ішкі рухының күштілігі арқылы кӛрсетуге ұмтылған. Кебек – жанын арының 
жолында  құрбандыққа  шалар,  “ерге  бір-ақ  ӛлім”  қағидасын  ұстанған  жан. 
Сондықтан  ол  –  ер  жігітке  тән  бар  қасиетті  бойына  жинақтаған 
романтикалық қаhарман, тұтас тұлға. 
Поэмадағы  Еңлік  –  қазақ  әдебиетіне  соны  жаңалық  болып  қосылған 
кӛркем  бейне.  Жалпы  бұған  дейін  қазақ  әдебиетінде  Еңліктей  ару  бейнесі 
сомдалған 
емес. 
Бұрынғы 
батырлар 
жыры 
мен 
лиро-эпостық 
жырларымыздағы  арулар  батырдың  ерге  серік  адал  жары,  ӛздерінің  ажар-
кӛркімен, ақылдылығымен олардың сүйіспеншілігіне бӛленген жандар болса, 
жазба  әдебиеттегі  Гүлкәшима  т.б.  тағдырына  мойынұсынған  қыздар.  Ал 
Еңлік – сұлулықты да, батылдықты да, күрескерлікте тал бойына жинақтаған 
тың бейне, соны образ. 
Поэмадағы  сюжеттік  байланыс,  даму,  шиеленіс,  шешімнің  бүкіл  желісі 
осы  Еңлік  іс-әрекетіне  тізгінделген.  Әрбір  істің  бастауында  Еңлік  тұрады. 
Ақын  Еңлікті  ӛмір  шындығынан  алып,  кӛркемдік  шындыққа  сай бейне  етіп 

170 
 
сомдаған.  Ол  –  ӛзгеден  артылып  жатқан,  қиялдағы  адам  нанғысыз  бейне 
емес,  сұлулығы  да,  бітім-болмысы  да,  мінез-құлқы  да  реалистік  шындыққа 
тән  белгілермен  кӛркемделген  заманына  сай  тұлға.  Шәкәрім  Еңлікті  алғаш 
Нысан абыз арқылы таныстырады: 
 
 
Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан 
 
Батырым, ондай жанға кӛңіл берме. 
 
Осы  бір  ғана  штрихта  тылсым  сыр  жатқандай,  “биік  қабақ,  сұрлау  қыз” 
ӛзіне  ынтықтырып,  үнемі  тартып  тұрады.  Еңліктің  портреті  оқиғаның 
ӛрбуіне орай, біртіндеп айқын дала түседі. Оның сыртқы тұлғасы, бітімі ауыз 
әдебиеті  жырлары  үлгісіндегі  әсерелеулерден  аулақ.  Ақын  оның  сырт 
сымбатын тәппіштеп суреттеуге де бармайды. Ӛйткені ақын ұғымынша Еңлік 
Кебекті  сыртқы  сұлулығымен  емес,  ақыл-ойының  кемелдігімен,  ерге  тән 
батылдығымен, ӛз құрбыларынан ӛзгеше болмыс-бітімімен сүйіндіреді. 
Танысқанның  ертесінде-ақ  Кебек  ӛз  тағдырын  Еңлік  жолына  арнауға 
берік  байлам  жасайды.  Бұл  –  тереңнен  толғап  шешкен  батыл  шешім. 
Кебектің ӛжеттігінің, қайсарлығының, батырлығының алғашқы танылар тұсы 
да осы. Шәкәрім оны қайта-қайта тәппіштеп, сан қайталап айтып жатпайды, 
Кебектің бірауыз сӛзбен берілер шешімімен бекітіп тастайды. 
 
 
Біржолата кім тұрар бұл дүниеде, 
 
Ӛлім кӛрмей тұра ма туған пенде, 
 
Қарап жүріп, қаңғырып басқа ӛлгенше, 
 
Еңлік үшін ӛлгеннің қапысы не!… 
Кебек сынды Еңлікте оқырманды ӛзіне сыртқы пішінімен емес, ішкі жан 
дүниесімен тартады. Оның бар істің бастауында тұруы, батыл іс-әрекеті, бір 
шешімді жан екендігі осы ішкі жандүниені ашу арқылы дәлелденеді.  
Шәкәрім  “Еңлік-Кебек”  арқылы  қазақ  поэзиясындағы  психологиялық 
поэманың  негізін  қалады.  Бұл,  әсіресе,  Еңлік  бейнесі  арқылы  ӛз  иірімін 
тауып жатады. 
Ӛз  тағдырының  таңдауын  таба  алмай  жүрген  Еңлік  Кебекпен  кездескен 
сәтте-ақ берік байлам жасап, нақты шешімге келеді. Ақылды қыз ӛз бақыты 
да, қасіреті де құдай айдап кез келтірген осы батыр жігіттің қолында екенін 
кӛкірек  кӛзімен  кӛріп,  жүрек  пернесімен  сезінеді.  Сондықтанда  тағдыр 
тартқан  сыйдан  айырылмауға  ұмтылады.  Қазақ  салтында  жоқ  әрекетке 
барып,  жігітке  ӛзі  сӛз  салады.  Бұл  батыл  әркет  Кебекті  жеңіл  ойға 
жетелегенмен,  Еңлік  ӛз  шешімінің  шын  астарын  жайып  салғанда,  аңқау 
батырдың  асау  сезімін  ноқталап  тастайды.  Еңліктің  алғашқыда  ӛрескел 
кӛрінер қадамының психологиялық дәлелдеулері ӛте нанымды. 
 

171 
 
 
– Ей, батыр, сен жатырсың ұйқың қанбай, 
 
Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай. 
 
Кӛрінгенге кӛз сүзген кӛрсеқызар, 
 
Әдепсіз қыз дейсің ғой әлде қандай. 
 
 
Ӛз әлімше сынадым мен де сені, 
 
Сен қалай деп ойладың, айтшы мені? 
 
Қыздан сорлы болама бұл жалғанда, 
 
Кез болмаса ӛзінің сүйер теңі? 
 
Еңлікті  әлгіндей  әрекетке  итермелеген  “кӛрсеқызарлық”  емес,  ӛзінің 
бостандығын, азаттығын, адами еркіндігін қорғау жолында қандай қиындық 
болсада, қарсы тұру ниетінен туған түпкілікті тұжырым. Себебі: 
 
 
Рас, құдай жазбаса бітпес жұмыс, 
 
Сүйтсе де бізге міндет талап пен іс. 
 
Әрекетсіз отырмақ дұрыс болса, 
 
Неге берген аяқ-қол, тіл менен тіс? 
 
 
...Талап қылмай бола ма құтылуға, 
 
Оттан қашып, кірсем де терең суға. 
 
Пәледен машайықта қашқан жоқ па, 
 
Қайтіп разы болайын берген уға? 
Міне,  Еңлік  бойындағы  күресшілдік  рухтың  психологиялық  дәлелі 
осында  жатыр.  Еңлік  –  тағдырдың  ағысына  қарсы  жүзген  жан.  Ол  –  Кебек 
батырдың  алғашқы  сәттегі  шолақ  ойдан  туған  арзан  ойынының  құлы  емес, 
керісінше  кеудесіне  нан  піскен,  кердең  жігіттің  ӛмірді  ӛзгеше  түсініп, 
сезімнің  ұлы  күшін  мойындатуға  бет  бұруына  жӛн  сілтеуші.  Яғни  ақылына 
жолбасшы, сезіміне кӛшбасшы. Осы түннен екі жастың тағдыры ӛзгеше бір 
арнаға  бет  бұрады.  Бұл  поэмадағы  Еңлік  жасар  ерліктің  алғашқысы  еді. 
Бойындағы  қыз  балаға  тән  ұяңдықты  еркіндігі  үшін  жеңдіріп,  батыл  қадам 
жасаған  Еңлік  енді  ештеңеден  жасқанбасы  анық.  Міне  осыдан  бастап  рет-
ретімен Еңлік табиғаты ашыла береді. Оқиға ӛрбуінің әрбір жаңа ӛріске бет 
бұруы  Еңлік  бейнесін  толықтырып,  жаңа  қырларын  ашып  отырады.  Екі 
ғашықтың  елсіз  тауға  қашуы  да  осы  Еңліктің  бастауымен  іске  асады.  Бұл 
Еңлік бойындағы қайсарлықтың екінші кӛрінісі еді. 
 
             Түнеугі айтқан уағда қайда,  
 
 
Кел кетелік, кідірмей осындайда. 
 
Азық-түлік, киерлік киімдерім, 
 
Дайындап әкеп қойдым, мына сайда. 

172 
 
  
Шәкәрім  сомдаған  Еңлік  бейнесіне  тән  күрескерлік  қасиеттің  кӛрініс 
табар  үшінші  бір  тұсы  –  қолға  түскен  сәттегі  жауларынан  саспай,  ӛлімді 
қаймықпай,  қасқайып  қарсы  алуы.  Тағдырдың  салғанына  кӛнбей,  бас 
азаттығы  жолындағы  күреске  бет  қойған  Еңлік  езбен  ӛткізген  ӛмірден, 
сүйгенімен қатар жатар ӛлімді артық санайды. Сондықтан да қорқу, жауына 
жалбарынып,  жалыну  секілді  сезімдер  Еңлік  бойынан  табылмайды.  Ол 
“ӛлердегі тілек бар еді еді ғой, құдай үшін, берсеңдер мен сұрайын” деп, ӛзін 
ӛлімге қиған қаныпезерлер үкімін жасқанбай да жасымай қабыл алады. Осы 
соңғы  эпизод  Еңлік  бейнесін  сомдауда  Шәкәрімдей  ақынның  кейіпкерінің 
ішкі  бітімін  ашу  арқылы  тұтас  тұлғасын  жасауға  ұмтылатындығының  бір 
кӛрінісі. 
 
 
Кебекпен мені азғана араздастыр, 
 
Ӛлген соң бірге қосып таспен бастыр. 
 
Мына бала – Тобықты баласы ғой, 
 
Мұны ӛлтірме, Кеңгірбай биге тапсыр. 
 
Осынау үш тілекте Еңлік бейнесіне тән бүкіл болмыс кӛрініс тапқан. Діні 
қатты  надан  жұрттың  алдында  сүйгенімен  қоштасуға  рұқсат  сұрау  – 
ғашықтар қасіретінің қоғамдағы қасіретпен ұштастығын, істеліп жатқан істің 
әділетсіздігін, ерлік пен сезімді серік еткен екі жастың биік махаббатын кӛре 
алмайтын қоғамдық кӛрсоқырлықты танытады. Ақын үшін “Қоштасу” аяныш 
сезімін туғызу әрекеті емес, кейіпкерлері бойындағы ұлы сезімнің тобырдың 
тоң  боп  қатқан  топастығынан  жоғары  екендігін  дәлелдеу.  Таразының  бір 
басында  түсініксіз  жұрт,  екіншісінде  ӛз  бақыты  жолындағы  күрес  ӛлімге 
әкелген  қос  мұңлық.  Кӛз  алдыңызға  бейне  бір  тастан  қашап  салғандай 
қасіретке  толы  сурет  келеді.  Екінші  тілек  –  Еңлік  айтқан  таспен  бастыру 
ӛздеріне  ӛздері  ескерткіш  қоюдың  белгісі  еді.  Мұны  да  Шәкәрім  Еңлік 
аузымен айтқызады. Сол таспен бастырудың арқасында “Еңлік-Кебек моласы 
бүгінде  бар,  Таймақ  пен  Ералының  арасында”.  Егер  Еңлік  айтпаса  надан 
жұрт қос ғашықтың белгісін қалдырар ма еді, жоқпа, кім білген?! 
Yшінші  тілек  –  Еңліктің  аналық  борышты  терең  түсінген,  ӛзінің  емес, 
ұрпақ қамын ойлайтын ұлы тілектің адамы екенінің белгісі. Ғашығымен бірге 
ӛлуге мақұл болса да, ізінің жоғалмауын, ұрпағының аман болуын, ӛмірінің 
жалғасы  үзіліп  қалмауын  тілеген  Еңліктің  аналық  сезімі  асқақ  та  биік. 
Махаббат еркіндігін аңсап, қайғылы халге ұшыраған ғашықтар трагедиясын 
арқау етіп поэма жазған Шәкәрімнің ой түйер түйіні де осы үш тілектен ӛріс 
тауып жатады. Поэманы тұтастырып тұрған үш таған  – ӛз бақыты жолында 
күрескен  жастардың  ерлігін  жырлау,  кіршіксіз  таза  махаббат  иелерін  ел 
есінде мәңгі қалдыру, ертеңгі ұрпақтың қамын ойлау. 

173 
 
Бір сӛзбен айтқанда, “Еңлік-Кебек” поэмасы ӛткен тарихи оқиғаға ӛзіндік 
кӛзқарасымен,  кейіпкерлерін  жаңаша  сомдауымен,  кӛркем  тілімен  қазақ 
поэзиясын  жаңа  биіктерге  кӛтеріп,  поэма  жанрын  дамытудағы  Шәкәрім 
ақынның ең үлкен табысының бірі болып табылады.  
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет