Мазмҧны кіріспе


Ойланылды бәрі де бірі қалмай, –



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет17/27
Дата29.12.2016
өлшемі2.17 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

Ойланылды бәрі де бірі қалмай, – 
 
дей келе, ақын кейіпкері әділдік жолына жүгінуге тоқталады. Яғни “әділдік” 
–  лирикалық  кейіпкердің  бүкіл  ӛмірлік  болмысын  айқындайтын  ұлы  идеяға 
айналады. Ол ӛзі таңдаған бұл жолды ӛзгелерге де ұсынады. Ұлы құдірет  – 
әділетке шақырады. Ақынның “дүниеден тапқан ашылмаған сыры”, құпиясы 
осы – әділдік. 
 
Ендеше мен жабыссам негізгі іске, 
Әділдікте бар негіз, бақ та, күш те, 
Қарғаймын әділдіктен басқа жолды, 
Ӛңім түгіл кірмесін түнде түске. 
 
Поэманың кӛтерер ауыр салмағы осы бӛлімде жатыр. Адам ӛмірінің бар 
мәні мен мағынасы туралы толғамды ойларын ақын осы бӛлімге жинақтаған. 
Арысы адамзат баласына, берісі ұлтына жақсылық жасап, бақ әкеліп, бақыт 
орнатпақ  болған  лирикалық  кейіпкер  толғанысының  түйіні  –  ең  алдымен 
әділеттілік  орнату.  Сонда  ғана  байлық  та,  бақ  та,  бақыт  та  қоғамға  келіп 
қонады. Әділетсіздіктің себебін тауып, оны әділдікке жеңдірмей, жер бетінде 
жұмақ орнауы мүмкін емес. 

213 
 
“Мен  тоқтадым”,  “Мен  –  кәрі”,  “Мен  –  ӛлік”  бӛлімдерінде  ақын  озат 
ойлы, азатшыл кейіпкердің биік арманы қайшылығы мол қоғамнан ӛз ӛрісін 
таппай, қалыптасқан ортадан қара үзіп шыға алмағанын сипаттайды. “Мен – 
жігіт” бӛліміндегі асқақ романтикаға бой ұрған жалын жігер жас жігіт орнын 
енді тағдыр талқысына мойын ұсынған, ӛмір ӛз еркіне бағындырған, санасы 
мен болмысы қайшылықты тұлға басады. 
 
Менде де ӛз шамамша бар ғой зейін
Кімде зейін кем болса соны жейін. 
Дүние алдау екен алдасуда, 
Ӛз обалым ӛзіме, қалсам кейін 
...Әділ болып байқадым, не ӛндірдім? 
Бұл басым залым болып бір байқасын!.. 
 
Адам  ӛмірі  туралы  қай  кезде  де  болмасын  жырланған.  Сонау 
жыраулардан  бастап,  бүгінге  дейін  ақындар  жырына  арқау  болып  келе 
жатқан  бұл  тақырып  ӛз  мәнін  жоймақ  емес.  Сұлтанмахмұттың  ұлылығы  – 
осынау күрделі тақырыпқа кең құлашты дүние жазып, оны бір деммен, асқақ 
шабытпен  жырлап  шығуы.  Сәбиліктен  кәрілікке  дейін  ӛмір  кезеңдерін 
жырлай  отыра  олардан  терең  мәнге  ие  ой  толғамдар  мен  философиялық 
түйіндер  жасайды.  Кәрілік  –  ӛткенге  қорытынды  шығарар  тұс.  Сонда 
лирикалық  кейіпкердің  түйгені  не  нәрсе?..  Оны  ӛкіндіретін  ең  басты  жайт 
“тым  болмаса  қалмады-ау  ешбір  ісім,  мені  айтып,  жұрт  сағынып 
шӛлдегендей”.  Бұл  жолдарда  үлкен  мән  бар.  Ақын  ұғымынша  ӛмір  мәні  – 
еңбек.  Еңбек  арқылы  артына  із  тастаудан  артық  бақыт  жоқ.  Ақын  осы  бір 
ұлы  мақсатқа  үндейді,  оқырманды  соған  жетелейді.  Тән  ӛлгенмен,  жанның 
мәңгілігін  ойлау  –  адамзатқа  шарт.  Жанның,  рухтың  мәңгілігі,  “адам 
ӛлместің”  амалы  –  арта  қалған  ұрпақ  кәдесіне  жарап,  бақиға  кеткен  сенің 
пәнидегі белгің болып қалар ісің. 
Поэма  жанрындағы  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  келесі  бір  күрделі 
шығармасы  –  “Кедей”  (1919).  Бұл  –  лирикалық  поэма.  “Адасқан  ӛмір”  мен 
“Кедей”  –  бір-бірімен  үндес,  мазмұны  мен  идеясы  тұрғысынан  бірін-бірі 
толықтырып  тұрған  шығармалар.  Құрылымы  жағынан  да  олар  бір-бірімен 
ӛте  ұқсас.  Бұл  поэмада  тарауларға  бӛлінген  және  бар  жайт  лирикалық 
кейіпкер арқылы баяндалып, соның ӛмірге, қоғамға деген кӛзқарасы арқылы 
ӛрбіп, дамып отырады. 
Ақын бұл поэмасына жеке адамның, қоғамдық ӛмірдің тӛменгі сатысында 
тұрған  кедейдің  ӛмірін  арқау  ете  отырып,  салыстырмалы  тәсіл  қолданған. 
Бай  мен  кедейдің  тұрмыстіршілігін  қатар  ала  отырып,  ӛмірдің  нақты 
шындығын ашады. 

214 
 
Сұлтанмахмұт  лирикалық  кейіпкеріне  ӛзгеше  бір  жылылықпен  қарайды. 
Оның бойынан азаматқа тән қадір-қасиет таба біледі. 
 
Ойлаңыз, менде жүрек, менде жан бар, 
Жүрегімде ӛмір бар, ыстық қан бар. 
Үміт бар, махаббат бар, жек кӛру бар, 
Бәрі де байдікіндей байқасаңдар. 
 
Байлықтан  басы  айналып,  ӛз  буына  ӛзі  піскен  байдың  бойынан 
табылмаған  ізгіліктің,  биік  рухтың  кедей  бойынан  табылуынан  ақынның 
кедейдің  адамдық  бағасын,  оның  еңбекшіл  рухын  танытуға  баса  кӛңіл 
аударғанын аңғарамыз. Керісінше, кедей кейіпкердің Жақып құрдасы ӛзгенің 
еңбегін  пайдаланудан  басқа  қоғамға  берер  пайдасы  жоқ,  бойынан  іліп  алар 
қасиет табылмас – тірі ӛлексе. Одан қоғамға да, адамға да еш пайда жоқ.  
Ақын  лирикалық  кейіпкерінің  бойындағы  отты  жігерді,  қайсар  мінезді 
кӛрсете  отырып,  оның  алдан  күткен  үмітті  болашағына  сенеді.  Ӛйткені 
лирикалық  қаһарман  поэма  соңында  берік  байламға  келіп,  жаңа  жолға  – 
бақыт жолына нық қадам жасайды. 
 
Жол қайсы құдай салған, шайтан салған, 
Білмеймін осы жері маған арман. 
Мейлі Құдай берсін, шайтан берсін, 
Мақсатым – оқу оқу кӛңіліме алған. 
...Жүрегімді белгісіз нәрсе қысып, 
Шақырып тұр, мінеки кетім сонда. 
 
Даладан  да,  қаладан  да  бақыт  таппаған  кедей  бақыт  бағдарын  енді 
айқындайды.  Санасындағы  сәуле  оны  ӛзге  әлемге  жетелейді.  Сұлтанмахмұт 
сомдаған лирикалық кейіпкердің ӛмірі тамұқ болғанымен, мақсаты анық. Бұл 
кемел суреткер жасаған шынайы кӛркемдік шешім еді. 
Ақынның  1919  жылы  жазған  екі  поэмасы  бар.  Бірі  -  “Қайғы”,  екіншісі  - 
“Айтыс”. “Қайғы” кӛлемді шығарма болса керек. Бірақ оның небәрі 28 жолы 
сақталған. 
Қашанда жаңалыққа жаны құмар, ӛз шеберлігін түрлі сынақтан ӛткізуден 
тайсалмайтын,  үнемі  ізденіс  үстінде  жүретін  Сұлтанмахмұт  “Айтыс” 
поэмасын  ӛзгеше  тәсілмен  жазған.  Шығарманы  ауыз  әдебиетінде  сан 
ғасырлық  дәстүрі  бар  айтыс  үлгісінде  ӛрген.  Дала  ақыны  мен  қала  ақынын 
айтыстыра  отырып  бүкіл  қазақ  ӛмірін  кӛрсетіп,  ӛз  ұлтының  болмысындағы 
жақсылықты  дәріптеп,  жамандықты  сынап,  елді  ертеңге  жеткізер  жақсы 
дәстүрді, озық үлгіні ӛнеге тұтуға шақырады. 

215 
 
Екі  ақынның  да  кӛздегені  айқын.  Ол  –  ел  қамы,  ұлт  қамы,  қазақ  қамы. 
Оған  әрқайсысы  ӛз  кӛзқарасы  тұрғысынан  келеді.  Сұлтанмахмұттың  автор 
ретіндегі кӛзқарасы біздіңше дала ақынына жақын сияқты.  
Бұл  поэма  ақынның  1933  жылғы  жинағынан  кейін  жарық  кӛрмеген. 
Ақынның  ӛткір  пікірлері  кеңестік  тұстағы  идеологияға  сай  келе  бермегені 
айқын.  Поэма  аяқталмай  қалған.  Сондықтан  бұл  шығарма  туралы  тереңнен 
тартып, түптей пікір айту қиын. 
Поэмада  дала  ақынының  сӛздері  ӛтімділеу,  ұлт-жандылық  рухы  биіктеу 
болып  келеді.  Ол  халқын,  туған  даланың  тамылжыған  табиғатын,  ұлтының 
рухани  қазынасын,  қазағының  бай  тілін  мақтан  тұтып,  оны  кестелі  кӛркем 
тілмен жұмыр жеткізіп, шалқыған жыр тӛгіп отырады. 
 
Мен қазақпын, қазақпын деп мақтанамын, 
Ұранға алаш деген атты аламын. 
Сүйгенім қазақ ӛмірі, ӛзім қазақ, 
Мен неге қазақтықтан сақтанамын. 
Ерікті ен даланың құсынша ұшып, 
Ержеттім кеңшіліктің сүтін ішіп... 
 
Қала ақыны керісінше менмен, ӛзінен басқаны кӛзге ілмейтін жан ретінде 
кӛрінеді.  
 
Сендей ме ел болатын елдің түрі? 
Айтасың ӛтіп кеткен бұрынғыны. 
“Ел едім, ел боламын” дей алатын, 
Бейшара-ау, не жайың бар осы күні. 
 
Екі  ақын,  екі  кейіпкердің  іштей  және  сырттай  тартысы  шығарма 
табиғатын  айқындай  түседі.  “Айтыс”  жанрының  табиғаты  қарсыластан 
кемшілік тауып, бірін-бірі сынауды қалайды. Және ол дәлелді де, әділ болуға 
керек.  Міне,  Сұлтанмахмұт  поэма  табиғатына  осы  қасиетті  айнытпай 
дарытқан.  
Жалпы  алғанда,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров  поэмалары  арқылы  ӛзі  ӛмір 
сүрген  дәуірдің  кӛкейкесті  мәселелерін  кӛтеріп,  замана,  қоғам,  адам  жайлы 
толғанысты түйіндер жасап, ӛркениетті идеяны қозғайтын терең ойлы, жаңа 
мазмұнды шығармаларды дүниеге әкелді. Оның поэмалары ХХ ғасыр бас ке-
зіндегі қазақ әдебиеті кӛркемдік деңгейінің биік белесі боп қала бермек. 
С.Торайғыровтың әдеби мұрасы ӛте бай, оның сезімді тербетер лирикасы, 
толғамы тоқсан тарау терең ойлары біздің қалыптасқан сана-сезім, түсінік – 
түйсік  шеңберіне  сия  бермейді.  Оның  бай  мұрасын  бұрынғы  қисындар  мен 

216 
 
қағидалар негізінде қарастырмайтын, жаңаша пайымдаулар негізінде ғылыми 
тұрғыда зерделейтін ғылыми еңбектердің жарық кӛре берері талассыз. 
Қорыта  айтқанда,  ӛзгеге  ұқсамайтын  ақындық  болмысымен,  биік 
азаматтық  тұлғасымен  Сұлтанмахмұт Торайғыров  қазақ  әдебиеті  тарихында 
мәңгілікке қалады. 
 
 
 
 
5-тарау 
ҦЛТ-АЗАТШЫЛ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР 
 
1. Ҧлт-азатшыл бағыттың басты сипаты мен 
кӛрнекті ӛкілдері 
 
Ұлт-азатшыл  бағыттағы  ақын-жазушылар  шығармашылығының  басты 
міндеті  ұлт-азаттығының  тірегі  ұлттық  сананы  ояту  болды.  Олар  ӛз 
шығармашылығында  отаршылдыққа  қарсы  ашықтан-ашық  пікір  айтып, 
азатшыл  күрес  идеясын  ӛркениетті  елдердегі  саяси  күрес  тәсілімен 
ұштастыруды  мақсат  тұтты.  Ағартушылық,  ӛнер-білім  барлығы  ең  алдымен 
ұлт-азаттығы  үшін  қызмет  етуі  керек  деген  берік  байламдағы  ой-идеяны 
насихаттады.  “Мақсаты  тіл  ұзартып,  ӛнер  шашпақ”  болған  Абайдың 
ағартушылық бағыттағы ой-толғамдарын жаңа арна-азаттықпен ұштастырды. 
Тапшылдық,  жікшілдік  мүдделерді  кӛздемей,  ұлт  тұтастығын  сақтауға 
ұмтылды. “Елім”, “Жерім” деген ұрандарды ұлттық сананы ояту жолындағы 
негізгі  ұстындарға  айналдыруды  кӛздеді.  Яғни  бұл  бағыттағы  ақын-
жазушылар шығармашылығында “елшілдік” (М.Әуезов) сипат басым болды. 
Бұл бағыттың қалыптасуына ХХ ғасырдың басында жаңа әлеуметтік саяси 
күш  –  ұлтжанды  зиялы  топтың  пайда  болуы  жан-жақты  әсер  етті.  Олардың 
кӛбі  шығармашылықпен  айналысқандықтан  да,  ӛз  шығармаларында 
бостандық,  теңдік,  азаттық  идеяларын  ту  етіп  кӛтерді.  Ал  ӛздерінің  саяси 
кӛзқарастарында  елдің  жігін  ажыратпай,  біртұтас  етіп  біріктіруді  кӛздеді. 
Сондықтан ең басты мәселе ретінде саяси тәуелсіздікті нысана етіп қоя білді. 
Ұлттың  жан-жақты  дамуы,  ӛркендеуі  ұлттық  салт-дәстүрлерді  сақтай 
отырып,  ӛзге  ӛркениетті  елдерден  үйренер  еркіндік  салтымен  жетілуде  деп 
білді.  Оқу-ағартуды,  ӛнер-білімді  ел  тәуелсіздігі  жолындағы  саяси  күреске 
пайдалануға  әрекеттенді.  Әдеби  шығармаларында  ұлттық  сананы  оятуды, 
күрескерлік  рухты  кӛтеруді  басты  мақсат  тұтты.  Сондықтанда  олардың 
шығармаларындағы кӛркемдік әдіс-тәсілдер азатшыл оймен ұштасып жатты. 
Ұлт-азаттық  әдебиет  бағытының  ӛкілдері  қандай  да  бір  әдеби  шығарма 
болмасын,  оған  ұлттық  мұрат  тұрғысынан  талап  қойды.  Сӛйтіп  қазақ 

217 
 
әдебиетіндегі  ӛзінен  бұрынғы  Дулат,  Шортанбай,  Мұрат,  Махамбет 
дәстүрлерін  жаңа  арнада  дамытты.  Халықты  саналы  іс-әрекетке  үндей 
отырып, таптық қайшылықты емес, ұлттық бірлікті жырлап, ұлт тұтастығын 
сақтауды кӛздеді. Бұл бағыттың ірі ӛкілдері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып 
Дулатов,  Мағжан  Жұмабаев  шығармашылығында  Россия  империясы 
отаршылдық езгісінің бүкіл сипаты толыққанды ашылды. 
Нарманбет Орманбетов (1860-1818). Қарағанды облысының Қарқаралы 
ӛңірінде  дүниеге  келген.  Алдымен  мұсылманша  хат  танып,  соңынан 
Қарқаралыдағы  екі  сыныптық  орыс-қазақ  мектебін  бітірген.  Шығыс  тілінің 
де,  әдебиетінің  де  терең  білгірі  болған.  Абайдың  ӛзімен  де, 
шығармашылығымен де жақсы таныс ақын. Ӛйткені әрі жерлесі, әрі руласы. 
Орыс  тілін  жетік  білгендіктен  де  орыс,  европа  ақын-жазушыларының 
шығармашылығымен,  әдебиет  ӛнер  жайлы  кӛзқарастарымен  жақсы 
таныстығы  бар.  Әкесі  би,  шешен  болған  соң,  кішкене  күннен  қасына  ере 
жүріп,  кӛп  нәрсе  үйренген.  Ӛзі  де  шешендік  ӛнерімен  кӛзге  түсіп,  болыс 
болған  кісі.  “Тобықтының  шегір  кӛз,  сары  шешені”  деген  даңқы  бар. 
Нарманбет 1918 жылы Қарқаралы қаласында уездік сот болып істеп жүрген 
кезінде  ауыр  науқастан  қайтыс  болады.  Нарманбет  ӛлеңдері  Қазан 
тӛңкерісіне дейін толыққанды күйде басылып шықпаған, баспасӛз беттерінде 
ғана жарық кӛрген. Ең алғашқы ақын таңдамалысын 1939 жылы Есмағамбет 
Ысмайлов жинастырып, бастырып шығарған. 
Е.Ысмайловтың  айтуы  бойынша  Нарманбет  Орманбетов  ӛзінің  алғашқы 
ӛлеңін  14  жасында  шығарған.  Бар  ақынға  тән  жайт,  Нарманбет  басынан  да 
ӛткен.  Оның  алғашқы  ӛлеңдері  жастық  ӛмір,  махаббат  тақырыптарына 
арналған  (“Бірінші  хат”,  “Екінші  хат”  т.б.).  Бірақ  Нарманбет  бұл 
тақырыптарға  кӛп  тұрақтай  алмаған,  оны  негізінде  әлеуметтік  мәселелер, 
азаматтық  сарындар  толғантқан.  Яғни  оның  шығармашылығының  басты 
тақырыптары ағартушылық, азаматтық, ел тәуелсіздігі, саяси күрескерлік. 
Ақынның  ғылым-білімге,  ағартушылыққа  үндеген  ӛлеңдері  ӛте  кӛп. 
Бұндай  тақырыптағы  ӛлеңдерінде  (“Ғылым  ту-ралы”,  “Ақыл  бір  алтынға 
ұқсас  доп-домалақ”  т.б.)  оқу-білімнің,  ғылымның,  білімділік  пен 
ақылдылықтың адам ӛміріндегі орнын ӛте жоғары қояды. Ақынның ӛмірдің 
түрлі құбылыстарын саралай отырып, ӛзінің ішкі толғаныстарын арқау еткен 
сан алуан ӛлеңдері (“Қасірет деген бір тау бар”, “Кӛпті кӛрген кӛнемін” т.б.) 
бар.  Ақын  ӛлеңдерінде кӛбіне ӛмірдің нақты  шындығын  кӛркем бейнелеуге 
және  оны  философиялық  ой-тұжырымдармен  түйіндеуге  ұмтылады 
(“Балалық күй”, “Шал қайғысы” т.б.). 
Нарманбет поэзиясының басты жетістіктерінің бірі – онда отаршылдыққа 
қарсы  үн  кӛтерген  азатшылдық  сарынның  кӛрініс  табуы.  Ол  –  орыс 
отаршылдығының  кесір-кесапатын  терең  ұғып,  еркіндік  жырын  жырлаған 
ақын.  Отаршылдық  тұмшалаған  сананың  оянуын  тілеп,  “Оян,  қазақ!”  деп 

218 
 
алғаш  ұран  кӛтерген  осы  Нарманбет  ақын.  1905  жылғы  дума  сайлауы 
тұсындағы  еркіндікте  “Талап  етер  күн  туды,  кел  ұйқыдан  тұрайық” 
(“Сахараға  қарасақ”)  деп,  алғашқы  боп  сӛз  бастады.  Азатшылдық 
тұрғысынан  келгенде  Нарманбеттің  мақсаты  айқын,  бағыты  анық.  Ол  –  тек 
азаттыққа  қол  жеткізу.  Кей-кейде  ақынның  бұған  күмәнмен  қарайтын 
тұстары  да  бар.  Ондайда  қайғы-мұңға  беріліп,  зар  заман  ақындарының 
сүрлеуіне  түсіп  кетіп,  шыға  алмай  қалып  жатады.  “Ӛтті-ау  дәурен,  Аңдып 
сырт,  кетті-ау  кӛңіл  тына  алмай”  деген  ӛлең  жолдары  осының  куәсі.  Бірақ 
бұл сарын Нарманбетте ӛте аз кездеседі. Себебі ол – ел басындағы қасіретке 
кім кінәлі екенін тап басып тани білген ақын. “Айырылып қалдық қоныстан, 
Бекініп низам шықпай тұр, әлі бізге орыстан” (“Аждаһаның аузында”) деген 
ӛлең  жолдарында  Нарманбет  отаршылдық  тұтқасы  кімнің  қолында  екенін 
ашық та анық айтқан. 
Нарманбет – шығармашылық болмысы терең, ӛнерпаздық ӛрісі кең ақын. 
Алуан  түрлі  тақырыптар  ішінде  ақынның  жанына  жақыны  –  азатшылдық 
күрес  тақырыбы.  Жалпы  ұлт-азатшылдық  бағыттың  бастау  кӛзінде  осы  – 
Нарманбет Орманбетов тұрғаны анық. Оған ешкімнің таласы болмауы керек. 
Ғұмар Қарашев (1876-1921). Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында 
дүниеге  келген.  Ескіше  терең  білім  алған.  “Уақыт”,  “Тәржіман”,  “Ұлфат”, 
“Шора”  т.б.  татар-ноғай  газет-журналдарына  ат  салысып,  танымал 
кӛсемсӛзші  болған.  “Жәдиддік”  жаңаша  оқу  жүйесін  құптаған.  Абай 
поэзиясынан  кӛп  үйренген  ақын.  Ӛз  ұстазы  Ш.Бӛкеевтің  әсері  бүкіл 
шығармашылығына ӛнеге болған. Поэзиясында реалистік шындықты жырлау 
басым болып келеді. Тақырыптық тұрғыдан алғанда поэзиясында патшалық 
Россияның отарлау саясатына қарсылық басымдау жатады. Ӛлеңдерінде тек 
жалаң  күресті  емес,  ӛнер-білім  арқылы  жүзеге  асатын  саяси  күресті  алға 
қояды.  Дәстүрлі  поэзиядағы  Дулат,  Шортанбай  сықылды  ел  надандығын, 
ӛзге елден жұқтырған кесапатты қасиеттерді, мінез-құлықтарды сынай отыра, 
ақын  ӛлеңдерінде  “құр  ойбайдан”  гӛрі  ӛзіндік  ой  айтуы  басым  келеді.  Ел 
азаматын  кӛре  білетін,  оның  жігерін  қайрай  білетін  ӛлеңдері  ӛте  мол.  Ол  – 
ертеңге сенім артып, болашаққа сене білген азамат. Ғұмар – ӛлең-жырды ӛте 
кӛп  жазып,  біраз  кітап  шығарған  ақын.  1911-13  жылдары  Уфа,  Қазан 
қалаларында  “Қарлығаш”,  “Тумыш”,  “Бәдел  қажы”,  “Бала  тұлпар”,  1914 
жылы  Орынборда  “Аға  Тұлпар”,  1918  жылы  “Тұрымтай”  кітаптарын 
шығарған.  Ғұмар  –  “Алаштың”  ұранын  (гимн)  жазып  алаштың  рухын 
кӛтерген ӛнерпаз. Ақын ретінде діннің тазалығы жолында да күрес жүргізген. 
Меккеге  қажыға  сапар  шеккендердің  аярлығын,  арамзалығын  әшкерелеп 
(“Бедел  қажы”),  дінге  деген  адалдығын  сақтап  ӛткен.  Ғ.Қарашевтің  “Аға 
тұлпар”  кітабында  патшалық  ӛкіметтің  озбырлығы,  жерінен  айрылған  ел 
зары,  ұлт  зардабы,  қазақ  елі  кӛріп  отырған  әділетсіздіктің  небір  қыры 
ақындық  тереңдікпен  ашылған.  Ғұмардың  ел  ішінен  шыққан  азғындардың 
аяусыз  әшкерелегені  бүкіл  қазаққа  қағида  болған  еді  (Аз  ғана  күндік  бақ 
үшін,  Халқын  сатты  құл  етті).  Ғ.Қарашев  поэзиясы  ӛмір-танымға  мейлінше 

219 
 
терең.  Оның  дүние,  қоғам және  адам, тарих  және  тарихтағы  жеке  тұлғаның 
алар орны туралы ой толғаныстары терең әрі мәнді. Ғұмар  – ӛз толғамдары 
арқылы ұлтына ой салуға ұмтылған ақын. 
 

220 
 
2. АХМЕТ БАЙТҦРСЫНОВ 
(1873-1938) 
Шығармашылық ғҧмырнамасы 
 
ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  саяси-әлеуметтік  қозғалыс  күрт  дамып,  кеңге 
қанат жая бастауының басты себебі, қоғамдық ӛмірдің ӛрінде жаңа тұлғалар 
кӛзге  түсіп,  ұлттық  сананы  жаңа  ӛріске  бағыттауға  ұмтылуында  еді. 
Солардың  ішіндегі  ең  кӛрнектісі  ұлттың  ұлы  ұстазына,  рухани  кӛсеміне 
айналған  ұлы  тұлға  Ахмет  Байтұрсынов  болатын.  Ол  ХХ  ғасыр  басындағы 
қазақ  сӛз  ӛнеріндегі  ұлттың  ұлы  рухынан  нәр  алған  жаңа  сарын  –  ұлт-
азатшылдық  бағыттың  негізін  қалап,  азаттықтың  ақ  жолын  ұсынды.  Оның 
осынау күрес жолындағы ел санасын серпілтер, жұрт жүрегін оятар ең әсерлі 
қаруы  –  әрбір  қазақ  оқырманының  жанына  жылу  болып  енген  жалынды 
жырлары  мен  ӛткір  де  ойлы  мақалалары.  Ахмет  Байтұрсынов  – 
шығармашылық  еңбектің  қай  саласында  болмасын  мол  мұра  қалдырып, 
қоғамдық  ӛмірдегі,  ұлттық  тарихымыздағы  ӛз  орнын  айқындап  кеткен 
тұғырлы  тұлға.  Ол  –  тілші  ғалым,  ағартушы  ұстаз,  тәржімадан  тӛл  туынды 
тудырған  аудармашы,  кӛшелі  сӛздің  кӛшін  бастаған  кӛсемсӛзші,  ӛлеңіне 
азатшыл  ойды  арқау  еткен  ақын,  елінің  ескіден  қалған  сӛзін  терген  ауыз 
әдебиеті  үлгілерін  жинаушы,  сӛз  ӛнерінің  қисынын  тауып,  қиюын  ойған 
әдебиеттанушы ғалым. 
Ахмет  Байтұрсынов  1873  жылы  қаңтар  айының  28  жұлдызында  дүниеге 
келген.  Ол  ӛз  қолымен  жазған  ӛмірбаянында:  “Мен  Торғай  уезінің  Тосын 
болысындағы  N5  ауыл  қазағының  баласымын.  1886  жылдан  бастап  1891 
жылға  дейін  екі  кластық  Торғай  орыс-қазақ  училищесінде  оқыдым.  1891 
жылдан  1995  жылға  дейін  Орынбор  орыс-қазақ  мектебінде  оқыдым.  1895 
жылдан  бастап  Торғайдың  әр  жерінде,  әр  түрлі  бастауыш  училищелерде, 
ауылдық мектептерде істедім”,
51
 – деп жазады.  
Ахметтің  13  жасында  оның  кейінгі  ӛмірлік  мақсаты  –  күрескерлікті 
айқындап  берген  оқиға  болады.  Ахаңның  әкесі  Байтұрсын  Торғай  уезінің 
бастығы  Яковлев  пен  беделді  сардар  Бірімжанның  озбырлығына  шыдамай, 
інісі  Ақтас  екеуі  айқасқа  шығады.  Ауылына  келіп  зорлық-зомбылық 
кӛрсеткен  уезд  бастығын  қамшымен  сабап,  есінен  тандырады.  Осының 
нәтижесінде  інісі  Ақтас  екеуі  15  жылға  бас  бостандығынан  айырылып, 
Сібірге каторгалық жұмысқа айдалады. Осы оқиғадан кейін санасына ерте ой 
түсірген сезім күші оны ертерек күрес жолына кестелейді.  
Міржақып Дулатовтың жазуынша ол “ХХ ғ.б. Қарқаралыда тұрған кезінде 
революциялық  қозғалысқа  қатыса  бастайды.  Алғашқы  кезде  астыртын 
қимылдап, 
ал 
1905 
жылғы  
17  қазанда  жарияланған  манифестен  кейін  қалың  қазақтың  кӛрнекті 
                                                 
51
 Архив КазПИ им. Абая. Опись -л – 1, связка №6 «Б», дело №209 

221 
 
қайраткерінің  біріне  айналады”
52
.  Патша  отаршылдығына  қарсы  күрестегі 
белсенді  іс-әрекетіне  байланысты  А.Байтұрсынов  1909  жылы  шілденің  бірі 
күні  Т.Шыңғысов  дегеннің  ұстатуымен  тұтқындалып,  Семей  түрмесінде бір 
жыл  отырып,  екі  жылға  дейін  қазақ  облыстарының  шекарасында  тұрмауға 
шешім  шығарылғандықтан,  1910  жылдың  9  наурызынан  1917  жылдың 
аласапыранына  дейін  Орынборда  тұрады.  1913  жылдың  2  ақпанында 
Орынборда  “Қазақ”  газетін  шығарады.  Газет  1918  жылдың  16  қыркүйегіне 
дейін  шығып  тұрады.  Ахаңның  бұл  тұсқа  дейінгі  ӛмірбаяны  замандасы 
Міржақып  Дулатовтың  “Ахмет  Байтұрсынұлы  Байтұрсынов”  атты 
мақаласында (орысша жазылған) жақсы айтылған. 
Ахмет  Байтұрсынов  Бас  жазушы,  Бас  редакторы  болған  “Қазақ”  атты 
тұңғыш  биресми  газеттің  патша  әкімшілігінің  кӛңілінен  шыға  бермегендігі, 
қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған сара жолы, ӛзіндік кӛзқарасы бар, 
саяси  беті  айқындалған  басылым  болғаны  белгілі.  “Қазақ”  газетінің  ел 
арасындағы  беделін  оның  сол  замандағы  ең үлкен 8  мыңнан  астам  данамен 
шығуының ӛзі-ақ айқындап тұрса керек. 
“1917 жылдың соңынан 1919 жылға дейін Алашорда ұйымында істедім”, – 
деп  жазады  Ақаң  әрі  қарай  ӛз  ӛмірбаянында.  Әрине,  осынау  аз  сӛзді,  сараң 
сӛйлемде Ахмет ӛмірінің үлкен бір кезеңі жатыр. 
1917 жылғы ақпан революциясынан кейін елдегі ұлт-азаттық саяси күрес 
күрт  белең  алады.  Халыққа  шынайы  бостандық  іздеген  қазақ 
интеллигенциясының ӛкілдері әр түрлі партиялар мен ұйымдар құра бастады. 
А.Байтұрсыновтың  осынау  замана  ағымындағы  істерден  тыс  қалуы  мүмкін 
емес  еді.  Сол  тұста  ұлттық  теңдікті  аңсаған  Ахаң  ӛз  пікірлестерімен  бірге 
“Алаш”  атты  партия  құрып,  1917  жылдың  жазынан  Алашорда 
жетекшілерінің  біріне  айналады.  Осы  партияның  бірінші  және  екінші 
съезінде ерекше еңбек етіп, “Алаш” партиясының программасына жасауға ат 
салысады. Бұл программаның жобасы алғаш “Қазақ” газетінің 1917 жылдың 
21 қарашадағы санында жарияланды.  
Қазан  тӛңкерісінен  кейінгі  қызыл  тасқынға  қарсы  біраз  тосқауыл  болуға 
ұмтылған  қазақ  зиялыларының  арпалысы  айтарлықтай  нәтиже  бере 
қоймайды.  Арпалыста  ӛткен  күндердің  нәтижесіз  бітерін  сӛзген  Ахаң  елі 
үшін жаңа ӛкімет жағында еңбек етуге, ӛз халқына тек жақсылық, бостандық 
игіліктің  келуі  үшін  қызмет  жасауға  бекінеді.  Қазақ  АССР-і  Ағарту  Халық 
комиссары  болып,  қазақ  оқу-ағартуы  мен  мәдениетін  кӛтерудің  ең  қажетті 
тұстарында ел игілігі жолындағы істерге белсене кірісіп, аянбай тер тӛгеді.  
Бұдан кейінгі ӛз ӛміріндегі елеулі кезеңдері туралы Ахмет Байтұрсынов ӛз 
ӛмірбаянында былай деп жазады: “Советтердің І Бүкіл қазақстандық съезінен 
ІІ  Бүкіл  қазақстандық  съезіне  дейін  ҚАССР  Ағарту  Халық  комиссары 
лауазымында 
істедім; 
КазЦИК 
мүшесі 
болдым.  Советтердің 
ІІ 
                                                 
52
 Дулатов М. Ахмет Байтурсынович Байтурсынов ⁄⁄ Труды Общества изучения киргизского края. Вып. III. – Оренбург, 1922 .-С.24. 

222 
 
бүкілқазақстандық  съезінен  ІІІ  Бүкілқазақстандық  съезіне  дейін  КазЦИК 
мүшесі,  сондай-ақ  КазНаркомпрос  жанындағы  Академиялық  орталықтың 
председателі  болдым”.  Бұдан  Ахаңның  әбден  кесіп-пішіп,  кеңестік  ӛкімет 
тұсында  туған  халқына  адал  еңбек  етіп,  халық  ағарту,  ғылым  мен  әдебиет, 
мәдениет жолындағы еңбекке еркін кірісіп, белсене араласқандығын кӛреміз. 
1923  жылдың  28  қаңтарында  Орынборда  қазақ  зиялыларының  арасында 
тұңғыш  рет  А.Байтұрсыновтың  50  жылдық  мерейтойы  ӛткізілді.  Мерейтой 
мәжілісін  сол  кездегі  Қазақстан  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің  тӛрағасы 
С.Сейфуллин  ашып,  сол  кездегі  Халық  Ағарту  Комиссары  Смағұл 
Садуақасов  Ахаңның  ӛмірі  мен  ғылыми-әдеби  еңбектері  жайында  баяндама 
жасады.  Осы  мерейтой  қарсаңында  Ахмет  Байтұрсынов  шығармашылығы, 
ӛмірі  жайлы  бірнеше  құнды  материалдар  жарияланды.  1922  жылы 
Орынборда  “Труды  общества  изучения  Киргизского  края”  деген  жинақта 
Міржақып  Дулатовтың  “Ахмет  Байтұрсынұлы  Байтұрсынов”  деген  кӛлемді 
мақаласы  (ӛмірбаяндық  очерк)  және  Елдес  Омаровтың  “А.Байтұрсыновтың 
ғылыми қызметі“ атты мақаласы жарық кӛреді. 1923 жылы “Еңбекші қазақ” 
газетінде Сәкен Сейфуллиннің “Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды” мақаласы 
(31 қаңтар), ал “Ақ жол” газетінде Мұхтар Әуезовтің “Ахаңның елу жылдық 
тойы”  атты  мақаласы  (4  ақпан)  жарияланып,  бұларда  Ахметтің  саяси, 
ғылыми, әдеби-шығармашылық еңбектеріне аса жоғары баға берілді.  
Қазақ халқының болашағы үшін қайтпас қайсарлықпен, ересен іскерлікпен 
еңбек  еткен  үлкен  қайраткердің  үмітті  асыл  армандарын  1925  жылы 
Қазақстанға  Ф.И.Голощекин  ала  келген  әпербақан  саясат  үзді.  Қазақстанда 
ӛзінің  “кӛсемдік”  идеяларын  іске  асыру  үшін  “кіші  октябрь”  саясатын 
жүргізіп,  ол  жолда  небір  сойқандыққа  барған  Голощекин  ӛз  пікіріне 
қосылмайтындарға 
қарсы 
“ымырасыз 
күрес” 
бастап, 
қазақ 
интеллигенциясының  алдыңғы  қатарлы  ӛкілдерін  жаппай  жазалау  саясатын 
ашықтан ашық жүргізді. 
Елімізде  революцияға  дейінгі  интеллегенцияның  кӛптеген  ӛкілдері 
жазықсыз  қуғындалып-жазаланған  20-жылдардың  аяғы  мен  30-жылдардың 
басында  Алашорданың  бұрынғы  жетекшілерінің  контрреволюциялық  тың 
деректері  табылыпты-мыс  деген  ӛсек-аяң  А.Байтұрсыновтың  үстінен  де 
қаптап кетті. Ол баспасӛздің сан мәрте шабуылының объектісіне айналды… 
Ақыры,  Голощекин  бастаған  әпербақандар  дегеніне  жетіп,  Ахаң  бастаған 
қазақ зиялыларын ұстатып тынды. 
А.Байтұрсыновтың қалай ұсталғандығы жӛнінде қызы Шолпан Байсалова-
Байтұрсынова былай әңгімелейді: “Әкемді 1929 жылы 2 июньде Қызыл Орда 
қаласында  ӛткен  түркологтардың  съезінде  ұстады.  Ол  кезде  әкем  КазПИ-де 
сабақ  беретін.  Алматыда  Красин  кӛшесінде  64-үйде  тұратынбыз.  Содан  бес 
күн  хабар  болмады.  Ахаңның  Қызылордада  тұтқындалғанын  апамыз  Кәтез 
Абдулафарова хабарлады”. А.Байтұрсынов әуелі Алматы түрмесінде жатып, 

223 
 
сонан  соң  Архангельскіге  айдалды.  Ал  әйелі  Бадрисафа  (Александра)  мен 
қызы  Шолпан  Томскіге  арнайы  жер  аударылды.  М.Горькийдің,  оның  әйелі 
Пешкованың  кӛмегі  тиіп,  Ахмет  айдаудан  1934  жылы  мерзімінен  ерте 
босатылады.  Бұдан  соң,  А.Байтұрсынов  ешқандай  қоғамдық  жұмыстарға 
араластырылмайды. 
1937 жылы 8 қазанда қайта ұсталады. Ахаң ӛмірінің осы бір соңғы нүктелі 
күні  туралы  оның  немере  інісі  Самырат  Кәкішұлы  былай  деп  еске  алады. 
“1937  жылдың  қазан  айы  еді.  Менің  теміржол  техникумында  оқып  жүрген 
кезім,  үйге  келсем,  Қаскелең  кӛшесі,  44  үйіміздің  ішінің  астан-кестеңі 
шығыпты, бӛлменің ортасында еңкейіп жылап Падрес әжем отыр екен. Үйге 
кірмей  жатып-ақ  бір  сұмдықтың  болғанын  білген  едім…”  Падрес  әже: 
“Ойбай,  Самырат,  атаңды  НКВД  келіп,  қара  машинаға  салып  алып  кетті. 
Қайда  апара  жатырсыңдар  деп  сұрағанымда  олар  маған:  “о  дүниеге”  деп 
жауап  берді  деп,  қатты  жылай  бастады.  Сол  кеткеннен  Ахаң  Қаскелең 
кӛшесіндегі 44-үйге оралған жоқ. Осы үйден Ахаңды НКВД алып кетіп, 1937 
жылы желтоқсанның 8 күні Алматыда атылған деген сӛзді естідім”. 
Міне, ӛз ұлтының рухани ой санасын ӛрістетуді, отаршылдық езгіден азат 
етуді  мақсат  тұтып,  бар  білімін,  қайрат  жігерін  соған  арнаған  ұлы  тұлға 
осылайша  64  жасында  еліне  теңдік  әперді  деп  ұққан  Кеңес  ӛкіметінің 
қаһарлы  үкімінен  қаза  тапты.  Бірақ  А.Байтұрсынов  кейінгі  ұрпағына  мың 
жыл азық боларлық мұра қалдырып кетті. 
Жоғарыда аталған ӛмірбаянында газет-журналдарда жарияланған 
еңбектерінің тізімі кӛрсетілген. Онда: 1. “Тіл - құрал” І бӛлім, Фонетика; 2. 
“Тіл – құрал”, ІІ бӛлім. Морфология; 3. “Тіл-құрал”, ІІІ бӛлім. Синтаксис; 4. 
“Әдебиет-танытқыш”; 5. “Баяншы”. Методикалық жазбалар; 6. “Тіл жұмсар”, 
І бӛлім, Практикалық грамматика; 7. “Тіл жұмсар”, ІІ бӛлім, практикалық 
грамматика; 8. “Оқу құрал” балалар әліппесі; 9. Әліппе; 10. “Сауат ашар”. 
Ересектер әліппесі; 11. “Әліппе астар”. Әліппеге методикалық нұсқау; 12. 
“Қырық мысал” – Крылов мысалдары аудармасының жинағы;  
13. “Маса” – тӛл тума және аудармалар жинағы; 14. “Оқу құрал”, 
“Хрестоматия нұсқалық” деген еңбектері кӛрсетілген. 
Белгілі  лингвист  –  ғалымның  оқулықтарына  профессор  Т.Қордабаев 
былайша  баға  береді:  “Ахаңның  бұл  оқулықтары  қазақ  тіл  білімінің  қазақ 
тілінде алғаш баяндала бастаған заманында, бұдан 75 жыл бұрын шыққанына 
қарамастан  тілдік  категориялардың  терминдік  ауытқуы  жағынан  да  қазіргі 
еңбектермен  үйлесіп,  үндесіп  жатады.  Бұл  автор  тұжырымының 
ӛміршеңдігін, терең де алғыр ойдан туғандығын байқатса керек”.  
А.Байтұрсыновтың  қазақ  лингвистикасындағы  терминдік  атауларды 
қалыптастырудағы  еңбегі  ӛз  алдына  бір  тӛбе.  Ғалым  қазақ  тілі 
грамматикасында  қатысты  категориялардың  әрқайсысына  қазақша  термин, 
яғни атау ұсынады. Олардың кӛпшілігі бүгінде тілімізде қалыптасып кеткен. 

224 
 
А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымына сіңірген еңбегі тіл білімін зерттеумен 
шектелмейді. Ол әдебиеттану саласында да ұланғайыр еңбек етті. 1895 жылы 
“Тургайская  газетада”  жарияланған  “Киргизские  приметы  и  пословицы” 
деген  материалдардан  бастап,  1923  жылы  “Ер  Сайын”  жырын,  1926  жылы 
“23  жоқтау”  атты  жинақты  Москвадан  шығарып,  алғы  сӛз  жазып, 
түсініктемелер берді. 
Ал,  әдебиетке  қатысты  келелі  ой-пікірлерінің  бастау  кӛзі  1913  жылғы 
“Қазақ” газетінде жарияланған “Қазақтың бас ақыны” деген мақаласы болып 
табылады.  Бұл  ұлы  Абай  шығармашылығы  туралы  жазылған  алғашқы 
ғылыми мақала еді. Бұл мақалада: “Қазақтың бас ақыны – Абай. Одан асқан 
бұрынғы-соңғы  заманда  қазақ  баласында  біз  білетін  ақын  болған  жоқ”  деп, 
Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын айқындаған. 
А.Байтұрсыновтың  қазақ  әдебиеттану  ғылымына  қосқан  аса  зор  үлесі  – 
1926  жылы  басылып  шыққан  “Әдебиеттанытқыш”  атты  әйгілі  еңбегі. 
Ахметтің  осы  кітапта  тұңғыш  рет  қазақ  тілінде  түзеген  анықтамалар  мен 
терминдері  уақыт  ӛтсе  де  ӛз  құнын  жойған  емес.  Кейінгі  әдебиет  теориясы 
жайлы зерттеулер сӛз ӛнерінің негізін салған осы еңбектен арқау тартатыны 
бүгінде кӛпке аян. 
Ахмет  Байтұрсыновты  үлкен  ақын  ретінде  танытатын  екі  жинағы  бар. 
Оның бірі – 1909 жылы Петербургта жарық кӛрген “Қырық мысал” – мысал 
аудармалары.  Екіншісі  –  1911жылы  Орынборда  жарық  кӛрген  “Маса”  атты 
тӛл  ӛлеңдер  жинағы.  Бұл  екеуі  де  1922  жылы  Қазаннан  Б.Күлеевтің 
редакторлығымен қайта басылып шықты. 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет