Мазмҧны кіріспе


Ақын ӛлеңдеріндегі азатшыл сарын



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет20/27
Дата29.12.2016
өлшемі2.17 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

Ақын ӛлеңдеріндегі азатшыл сарын 
 
Ӛз  ұлтының  енжарлығы  мен  жалқаулығы,  ӛнер-білім  іздеп  сілкінбеуімен 
күрескен  А.Байтұрсынов  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиетінде  ұлт-
азатшыл  бағытты  бастаған  тӛл  поэзиясында  аударма  арқылы  насихаттаған 
ойларын айқындай түсіп, ӛршіл де тӛңкерісшіл сарындағы жалынды жырлар 
туғызады. Сӛйтіп, қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың бастауы іспетті “Маса” 
жинағы  1911  жылы  дүниеге  келді.  Ол  –  Ахметтің  ақындығын  кеңінен  паш 
етіп, ӛз тұсындағы қазақ ақындарының алдыңғы қатарына шығарған туынды. 
Ахмет Байтұрсынов поэзиясы азатшылдық рухымен дараланады. Ол ақын 
ретінде  қазақ  поэзиясына  күресшілдік  сарын  әкеліп,  азаттық  жырдың  озық 
үлгісін  шашты.  Оның  ӛлеңдерінің  ұлт-азатшыл  рухы-мәңгілік  жоғалмас 
ақындық үлгі болып қала бермек. 
                                                 
75
 Литературная критика. 1800-1820 – х годов. М., 1980. – С.75.
 

244 
 
Ахмет ӛлеңді тікелей шығармашылықпен айналысқысы келіп, не болмаса 
ақындық  атқа  ие  болу  үшін  жазбаған.  “Жеті  қырлы,  бір  сырлы”  Ахметтей 
тұлғаның  қадір-қасиетін,  сыр-сипатын  айқындай  түсетін  оның  ақындық 
ӛнері-замана  шындығынан,  ӛмір  талабынан  туған  құбылыс.  Мұны  ол  ашық 
айтқан: 
 
Мен жазған кеңес
Мақтаныш емес, 
Ат шығармақ ақындық. 
Молда жоқта, молдалық, 
Ер батқанда, жорғалық
76

 
Осыдан  кӛрінетіндей  ақын  туа  біткен  табиғи  талантын  ӛзінің  алдына 
қойған мақсаты – саяси күрес пен ағартушылық қызметіне ұштастыра білген. 
Сӛйтіп  оның  ӛлеңдері  ең  алдымен  күрес  құралы  ретінде  халқының 
бостандығы  жолындағы  үн-жарияға  айналған.  Ахмет  поэзиясының  осы 
қасиетін бұрынғы, кейінгі зерттеушілер тап басып тани білген. 
1911  жылы  Орынборда  басылып  шыққан  “Маса”  жинағындағы  ӛзгеше 
сарынды,  азатшыл  рухты  қазақ  әдебиетін  зерттеушілер  20-жылдарда-ақ 
танығанды.  Сол  тұстағы  әдеби  айналымдағы  Ахмет  творчествосы  туралы 
пікірлердің  жиынтығы  Әмина  Мәметованың  “Кӛркем  әдебиет  туралы” 
мақаласында  берілген.  Әмина  Ахаң  творчествосын  орыстың  революционер-
демократы Чернышевский творчествосымен қатар қойып: “Ахаңды мақтайын 
деуден  аулақпын.  Бірақ  тарихтан  тиісті  орнын  берейік  дегім  келеді.  Ахаң 
әдебиетімізге  жұмыс  етпеді  ме?  Қолыңнан  келгенінше  заманына  қарай 
жалтыраған түймесін жұлып тастап, құл болған, теңдіксіз болған, жұрт екен 
деп  есепке  алынбаған  қазақ  жұртына  заманына  қарай  кӛре  білгенше, 
түсінгенше жӛн сілтемеді ме?” – деген орынды ой айтады. 
Ӛз  ӛлеңдерінде  А.Байтұрсынов  ӛнер-білімнің  шынайы  құдіретіне 
табынуға,  олардың  қадір-қасиетін  атақ  пен  шен,  мансап  пен  байлық  кӛзіне 
айналдырмауға  үндеп,  Абай  тағлымын  әрі  қарай  жалғастырады.  Абай 
дәстүрін  жол  тұтқан  Ахмет  ӛз  ӛлеңдерінде  надандық  пен  кемшілікті  кӛріп 
қана  қоймай,  ащы  шындықты  сыртқа  шығарып,  сынапта  алады. 
Қараңғылықтың  құшағында  мүлгіген  халыққа:  “Аш  кӛзіңді  оянып”  деп 
қозғау  салып,  ұран  кӛтереді.  Қазақты  басқан  надандық  пен  білімсіздіктің 
түндігін түру үшін: 
 
Адамдықтың диқаншысы қырға шықтым; 
Кӛгі жоқ, кӛгалы жоқ – қорға шықтым. 
Тұқымын адалдықтың шаштым, ектім, 
                                                 
76
 Байтұрсынов А. Маса. – Қазан, 1922. – 21 б. 

245 
 
Кӛңілін кӛтеруге құл халықтың, – 
  
деп, ӛмірлік мұратын білдіреді. 
А.Байтұрсынов  ӛлеңдеріндегі  ағартушылық  сипаттың  ӛзіне  дейінгі 
ақындардан ӛзгелеу бір астарлы сыры бар. Ақын ӛнер, білімді “таза күйінде” 
уағыздап  қоймайды.  Ол  оны  халықтың  санасын  оятып,  ӛзгенің  езгісіндегі 
тұрмысының себеп-салдарына кӛз салдырар бостандыққа ұмтылудың нұрлы 
сәулесі  деп  санайды.  Бостандық  ұғымы  бұрынғы  поэзияда  басты  ой 
нысанасы  болып  кӛрінбесе,  Ахмет  ӛлеңдерінде  ол  негізгі  тақырып,  ӛлеңге 
ӛзек  болар  ойдың  “темірқазығы”  іспеттес.  Абай,  Ыбырай  туған  халқының 
тағдырына  күйзеліп,  озық  кеткен  ӛзге  халықтармен  иық  тірестіруді,  “тіл 
ұстартып,  ӛнер  шашпақтан”  іздесе,  Ахмет  оны  бостандық  үшін  күреспен 
байланыстырады.  Оның  ӛзіне  дейінгі  саңлақ  ақындардан  бір  қадам  ілгері 
басқандығы  да,  поэзиясының  салмақтылығы  мен  құдіреті  де  осында. 
Ахаңның  “Досыма  хат”,  “Жиған-терген”,  “Анама  хат”,  “Жауға  түскен  жан 
сӛзі”,  “Жауап  хаттан”  т.б.  ӛлеңдерінің  тегеурінді  қуаты  осы  бір  ұқтырар  ой 
аңғарында жатыр. 
1923  жылы  А.Байтұрсыновтың  елу  жылдық  мерей  тойына  арналған 
мақаласында  қазақ  әдебиетінің  классигі  М.Әуезов:  “…Ахаңның  майданға 
алғаш  жыры  шығып,  әдебиет,  саясат  жолында  жол  бастаған  күндері 
бәріміздің  есімізде…  Ахаңның  бұрынғы  айтқан  сӛзін  қазақ  даласы  әлі 
ұмытқан  жоқ.  Ӛлеңдегі  белгілі  сарын  әлі  ескірген  жоқ.  Әлі  күнге  қазақ 
даласының күшті санасы болып, арқаның қоңыр желімен бірге есіп, шалқып 
жатыр”  деп,  оның  поэзиясындағы  азатшылдық  идеяны  ту  кӛтерген  ӛлең 
жолдарының тот баспас асылдығын танытқан еді. 
“Маса”  жинағына  енген  ӛлеңдерден,  әсіресе,  кейінгі  басылымдарына 
енген  ӛлеңдерінен  тӛңкерісшіл  рух,  1905-1907  жылдардағы  саяси  толқулар 
мен  рухани  сілкіністерден  қанаттанған  тасқын  күштің  серпілісі  ұшқын 
шашады. Ақын ӛлеңдеріндегі тӛңкерісшілдік сарын ӛлең жолдарындағы ішкі 
тегеурінде ширыққан шымыр ойлар арқылы білінеді:  
 
Байқасақ, жезде, 
Бауыздар кезде, 
Үн шығу бар емес пе? 
Үндемей ӛлсек, 
Сүйекпен кӛмсек, 
Кейінгілер демес пе?! 
Лақ құрлы бақырмай, 
Ӛлген екен апырым-ай! 
 

246 
 
Ахмет 
Байтұрсынов 
қазақ 
әдебиетінде 
азатшылдық 
дәстүрді 
бастаушылардың бірі еді. Қай әдебиеттің тарихында болмасын ағартушылар, 
ағартушы-демократтар, ұлт-азатшылдар  кезеңі және олардың ірі-ірі ӛкілдері 
болған.  Бұл  сипат  қазақ  әдебиеті  тарихына  да  тән  болса,  онда  ұлт-
азатшылдық  кезең Ахметтен басталары анық. Ендеше, Сәкен Сейфуллиннің 
тарихи  шындықты  тап  басып  айтқан  пікірі,  яғни  “қорлыққа  шыдап,  күйікке 
күйіп,  ұйқы  басқан  қалың  қазақтың  ұлт  намысын  жыртып,  ұлттық  арын 
жақтаған патша заманында жалғыз Ахмет еді” дегені кӛп нәрсені аңғартып, 
түнекте жанған шамшырақтай тарих тереңіне жетелейді. 
Ақынның  азаматтық  поэзиясынан  оның  ӛмірлік  ӛзгерістерге  белсенді 
қатынасы  кӛрініс  беріп,  қоғамдық  қайраткерлігін  айқындай  түседі. 
Поэзияның саяси-әлеуметтік мәнін арттыра түсуге, жетілдіре түсуге тырысуы 
– содан. Әсіресе “Қа… қаласына”, “Жұртыма”, “Ақын ініме”, “Жауап хаттан” 
тәрізді  ӛлеңдері  оның  қоғамдық  қайраткерлік  бағдарламасын  мейлінше  аша 
түседі.  Оларда  жеке  басқа  қатысты  күйініші-сүйініштен,  қасірет-қайғыдан 
кӛрі  халық  қамын  жеген  азаматтық  поэзиясының  халықтық  сипаты  басым 
жатады. 
Саяси күрес жолындағы бағыты саралана түскен  тұста Ахаң “Анама хат” 
деген ӛлеңін шығарады. 1909 жылы жазылған “Анама хат” – ақынның жүрек 
түкпірін  жарып  шыққан,  жан  дүниесін  терең  ашатын  сыршылдыққа  толы, 
сезімге бай ӛлең. Ол ана алдында ӛзінің жан сырын, ата ұлынан халық ұлына 
кӛтерілуді кӛздеген мақсатын жайып салады. 
 
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, 
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам… 
Адамнан туып, адам ісін етпей, 
Ұялмай не бетіммен кӛрге барам?! 
 
Ақын  ұстанған  бағытынан  айнымайтындығын,  адамдық  арды  аттап  кете 
алмайтынын,  мақсатқа  жету  жолында  ӛмірдің  күйкі  тірлігі  түкке 
тұрмайтынын ӛршіл леппен жеткізеді: 
 
Тайпалған талай жорға, талай тұлпар, 
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне. 
Солардан жаным-тәнім ардақты емес, 
Орынсыз күйзелейін мен несіне?! 
 
“Жауап  хаттан”  атты  ӛлеңінде  елдің  бетке  ұстар  азаматтарын  бірлікке 
шақырып, күреске үндеген Ахмет мұраты – бостандықты, азаттықты аңсаған 
әлемнің алдыңғы қатарлы прогресшіл үнімен ұштасып жатады. Мұнда Ахаң: 
 

247 
 
Мен бұқтым – жаттым, 
Сен бұқтың – жаттың. 
Кім істемек қызмет?! 
Ауызбен айтып, 
Істерге қайтып. 
Жоламасақ не міндет? – 
 
деп, 
халқының 
кӛкейкесті 
арманын 
жырлауда 
ештеңеден 
тайсалмайтындығын, ақ жол нұсқаудан шаршамайтынын айтады. 
Осы тұрғыдан алғанда, ақынның күрес жолын айқындауда “Н.Қ. ханымға” 
арнау  ӛлеңі  ерекше  орын  алады.  Бұл  –  ӛмірлік  мұраттарды  образды 
бейнелеуімен,  кӛркемділігімен  ерекшеленетін,  Ахаңның  бостандық  сүйгіш 
болмысын танытатын ӛзгеше ӛлең. Ӛлең қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш 
журналист,  педагог-ғалым,  әрі  жазушы,  аудармашы  Нәзипа  Құлжановаға 
арналған.  
А.Байтұрсыновтың Нәзипаға ӛлең арнауы, оның кітабына алғысӛз жазуы – 
жас  талантты  бағалап,  үлкен  үміт  артқандығының  белгісі.  “Н.Қ.  ханымға” 
ӛлеңі  тек  Нәзипаға  емес,  жалпы  үміт  күткен  кейінгі  жас  толқынға,  ойы 
ӛзектес ізбасарларына, халық үшін туған ұл-қыздарға арналған. Ақын: 
 
Рахатсыз ӛтсе де ӛмір жасым, 
Бұл жӛнімнен құдайым айырмасын. 
Ұзақ жолдан ниет қып бір шыққан соң
Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым. 
Су да болар, бұл жолда тау да болар
Жаудың оғы – жайған тор, ау да болар, 
Мынау пайда, мынасы зиян демек, 
Ол ерліктің ісі емес, сауда болар?! – 
 
деп, күрес жолынан таймайтындығын жастарға үлгі етеді. Тіпті “Мен ӛлсем 
де ӛлемін жӛнімменен” деген қажырлы шешімін именбей айтып: 
 
Тән кӛмілер, кӛмілмес еткен ісім, 
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін, 
Жұрт ұқпаса ұқпасын – жабықпаймын, 
Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін, – 
деген зор сеніммен үлкен философиялық ой түйеді. Күрес жолындағы сансыз 
қиындықтар,  жазықсыз  жапа  шегу  мен  қудалау,  қиын  тағдырмен  арпалысу, 
азаматтықтың мәні мен мақсаты жайлы толғаулар ақынды осындай ӛмір мен 
ӛлім, бүгін мен болашақ туралы терең тұжырымға алып келеді. Ӛз ғұмырын 
арнаған  игі  істің  жемісі  мен  жеңісін  ертеңнен  күтеді.  Алға  жетелеген  ақ 

248 
 
арман  биігінде  мерт  болудан  қаймықпай,  тәні  ӛлгенмен,  рухы  ӛлместігіне 
сеніп, бүгіннен келешектің жалғасын кӛреді. Осы арқылы адамның ӛмірі мен 
ӛлімі  жайлы  “мені”  мен  “менікінің”  айырылғанын,  “ӛлді  деп  ат  қойыпты 
ӛңкей  білмес”  деп  ұлы  Абай  түйген  ойды  ӛрістете  түсіп,  ірі  философиялық 
пайымдау деңгейіне кӛтеріледі. 
“Н.Қ.  ханымға”  ӛлеңінен  біз  елінің  ертеңі  үшін,  жарқын  болашағы  үшін 
бойындағы  барын  сарп  етер,  ештеңеден  тайынбайтын  қаһарман  күрескер 
бейнесін танимыз. 
 
Шаршайды деп ойлама шалдыққаннан, 
Ұзақсынып жатпаспын жалыққаннан, 
Жұрт қолымнан келмесе ӛкпелемес, 
Барым сақтап, мен аяп алып қалман. 
 
Ақынның  лирикалық  кейіпкері  ӛз  тағдырын  халық  тағдырынан  бӛліп 
қарамайды.  Сол  себептен  де  ӛз  ісінің  ақтығына  сенген  ақын  үшін  ең  ауыр 
күрестің  ӛзі  қайғы-қасірет  емес,  ләззат.  Бұл  қорытындыдан  нағыз  шынайы 
күрескердің  оптимистік  рухы  сезіледі.  Ақаңның  осы  ӛлеңінің  Мұқағалидың 
Фаризаға арнаған ӛлеңімен үндесіп жатуы, ұлылар ұғымының желілестілігін 
танытса керек. 
Ахмет ӛлеңдеріне құрғақ ділмәрсу, мағынасыз ұраншыл айқай жат. Әр сӛз 
ӛз орнын тауып, салмақтана түседі. Сонымен бірге ақын нақты адамды, оның 
сезім-күйін жырлай отыра, қазақ қоғамының ең бір ділгір, мәнді мәселелерін 
кӛтеріп, жалқыдан жалпыға бұрылады. 
А.Байтұрсынов  творчествосындағы  ұлт-азатшылдық  бағыт  оның  саяси 
бостандыққа  жетуді  аңсауынан,  қазақ  халқын  орыс  патшасы  езгісінен  азат 
етіп,  отаршылдық  бұғаудан  құтқаруды,  қазақ  ұлтының  ӛзін-ӛзі  басқаруына 
қол жеткізуді аңсаған арманынан, соған бар даусымен үн қосуынан кӛрінеді. 
 
Қазағым – елім, 
Қайқайып белің, 
Сынуға тұр таянып, 
Талауда малың, 
Қамауда жаның, 
Аш кӛзіңді оянып
77

 
Ахметтің  осы  “Жиған-терген”  ӛлеңі  түгел  күйінде  “Масаның”  соңғы 
басылымында  1922  жылы  жарияланды.  Бернияз  Күлеевтің  айтуына 
қарағанда,  тӛңкерістен  бұрынғы  “масаларда”  соңғы  шумақ  цензура  рұқсат 
                                                 
77
 Байтұрсынов А.  Маса. –Қазан, 1922.  – 30 б. 

249 
 
етпегендіктен берілмей келген. Ӛйткені мұнда халық басына тӛнген ең күшті 
қауіп анық та айқын кӛрсетілген.  
Ӛз  ӛмірін  күреске  арнаған  ақын  отаршылдықтың  шынжыр-бұғауын  тас-
талқан етер күнді аңсап, тезірек жетуін асыға күтеді: 
 
Қашан жанып шамшырақ, 
Сәуле беріп жарқырап
Болар жарық тӛрт тарап?! 
Қашан маған іздеген, 
Күліп жылы жүзбенен, 
Болар серік бақ қарап. 
 
Ақын үшін бақ ұғымы, бақыт ұғымы азаттық ұғымына пара-пар. Ақынның 
лирикалық  кейіпкері  бақытты  күнді  аңсаушы  ғана  емес,  сол  күннің  тезірек 
жетуіне себепкер болуға ұмтылушы да. 
“Қарқаралы қаласына” ӛлеңін Ахмет айдауға кетіп бара жатқанда жазады. 
“Бар  қаймағын  қуып  біттің,  кім  қалады  еліңде,  доңыздармен  сиыспаспын 
бірге тұрып бұл елде” дегенді айтып, ащы шындықты бетке басады. Мұхтар 
Әуезов  “Ахаңның  елу  жылдық  тойы” мақаласында:  “1907  жылы  Қарқаралы 
қаласында  Ахаңды  алты  жолдасымен  абақтыға  салған.  Қарқаралы 
тұтқынында  аз  уақыт  отырған  соң,  жазалыларды  Семейге  айдаған.  12  жыл 
ӛмірін ӛткізіп, еңбегі жанбай айдалып жатқанда, Ахаңның қайғылы кӛңілінен 
шыққан ауыр сӛздің бірі: 
 
“Қош сау бол, Қарқаралы жуылмаған, 
Айдай бер қалса адамың қуылмаған”, – 
 
деп, ӛлеңнің шыққан уақытына, не себепті жазылғанына, не туралы екеніне 
анықтама берді. 
Зерттеуші-ғалым  Ж.Ысмағұлов  осы  ӛлеңдегі  “Қош  сау  бол  Қарқаралы 
жуылмаған”  деген  жолдар  Лермонтовтың  “Прощай,  немытая  Россия”  деген 
сӛздерін  еріксіз  еске  түсіреді.  Осының  ӛзі  Ахаңның  қай  биіктен  бой 
кӛрсеткені,  кімді  бағдар  етіп,  қандай  ұғым-түсініктермен  ой  толғағанын 
аңғартады”, – деп, Ахаң ойының ӛршіл үнді ақындармен астасып жататынын 
ашып кетеді. 
Ұлы Абайдан тәлім алып, ӛлең құдіреті арқылы халыққа ой салып, саналы 
іс-әрекетке, күреске үндеу – Ахмет поэзиясы әкелген жаңа арна. Сондықтан 
да  қазақ  поэзиясында  Ахаң  салған  жаңа  бағыт  –  ұлттық  бірлік  пен  ұлттық 
азаттықты  жырлау.  Құр  жырлау,  құрғақ  ойбай  емес,  бостандықтың  биігіне 
алып  шығар  жолды  кӛрсетіп,  жӛн  сілтеу.  Ахметке  дейінгі  ақындар  ӛз 
халқының  қайғы-қасіретін  сезініп,  жаны  езіле  зарлағанмен,  құтқарудың 

250 
 
жолын айта алмады. Ал Ахмет кӛрер кӛзге, сезер жүрекке мұны меңзеп қана 
қоймай,  нысана  етіп  қоя  білді.  Бұның  басты  себебін  С.Қирабаев:  “Олардың 
(А.Байтұрсынов, М.Дулатов Ӛ.Ә.) бүкіл россиялық дамудың жаңа бір кезеңі 
туғанын  дұрыс  танып,  соның  ыңғайымен  қазақ  қоғамын  қозғалысқа 
келтірудің жолын іздеуінен”
77
 деп біледі. 
Ахмет  поэзиясындағы  ағартушылық  –  оянуға,  ояну  –  қасіреттің  сырын 
білуге,  бас  кінәліні  сезінуге,  сезіну  –  бостандыққа  жол  ашар  бұлқынысқа 
жетеледі. 
 
Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей, 
Сӛзі алтын, мағынасы меруерттей. 
Осыдан ғибрат алып жас жігіттер
һәммесі ӛз халқына қызмет еткей! – 
 
деп, Міржақып тегін айтпаған. Сұлтанмахмұттың сонау 1914 жылы “Ӛткірсің 
наркескеннің алмасындай” деп, ӛлең арнауы да осыдан болатын. 
 
Бағаң жоқ кӛр соқырдың кӛз алдында, 
Мұңыңды жылап шақшы ӛз алдымда: 
Гауһар тұрсын айырып алтыныңды 
Аузыңа керек тас деп бірі алды ма? 
 
Ӛткірсің наркескеннің алмасындай, 
Жүйріксің “полный ходтың” арабасындай. 
Сен сұңқар, кӛңілі соқыр, сенімен қас, 
Ӛзінің болмады деп қорғасындай. 
  
Қашанда  жаңа  ой,  жаңа  жолдың  қалыптасып  кетуі,  кӛкейден  дӛп  шыға 
қалуы қиын. Кӛреген де дарынды Сұлтанмахмұт осыны меңзеп отыр.  
Ахаң  тағдыры  қиын  екені  белгілі.  Оның  жасандылық  атаулыға  жат, 
еркіндік  үнін  шырқау  биікке  кӛтерген  сұңқар  жыры  қанатын  кеңге  жайған 
тұста  1916-17-нің  дүниені  опай-топай  еткен  алай-дүлей  заманына  килікті. 
Сеңдей соғылысқан заман ӛтіп, ел Ахмет жырының нәріне қайта ерін тигізе 
бастаған тұста, ақын тағдыры сталиндік зұлматтың тырнағына ілінді. Ақын – 
Ахмет,  саясатшы  –  Ахметтің  құрбанына  айналып,  ӛзіндік  сенімі  үшін 
жазаланған ақынның ӛзімен бірге түйғын жыры да торға түсті. Жыр ӛрісіне 
Ахмет,  Міржақып  әкелген  елдік,  еркіндік  атты  кӛркемдік  ойдың  тұнығы 
лайланып, жасампаз жанды пікір тұмшаланды. Бірақ қазақ үшін “шам қылған 
жүрек майын” (Сұлтанмахмұт) Ахмет Байтұрсынов жырының алтын арқауы 
ӛз тұсында да, кейін де сақталды. Іле-шала қазақ әдебиетінің ӛрісті ӛлкесіне 
                                                 
77
 Қирабаев С. Қазақтың алғашқы революцияшыл – демократтары. «Лениншіл жас», 1991. 17 маусым. 

251 
 
Мағжан, Сұлтанмахмұт сияқты идеялас шәкірттері келіп, Ахаң идеясын алға 
апарды. Кейінгі Сәкен, Ілияста да Ахаңның тұлпар жырының дүбірін сақтап, 
Ахаң бастаған азаттық тақырыбын тың ізденістермен байытып, жаңа рухани 
биіктерге кӛтерді.  
Ахмет  поэзиясының  арналы  бағыты,  қазақ  әдебиетінде  алар  орны  жайлы 
кезінде Міржақып Дулатов былай деген еді: “Ол қарапайым да түсінікті қазақ 
тілінде азаттық туралы, ұлт туралы, езілген, артта қалған қазақ ұлты туралы 
жырлады;  ӛнер-білімге,  еңбекке,  ғасырлық  ұйқыдан  оянуға  үндей  отыра, 
әрбір  қазақтың  азаматтық  санасын  оятуға  ұмтылды.  Ішкі  сұлулығы  мен 
мазмұны  жағынан,  жинақылығы  мен  желілігі  жағынан  А.Байтұрсынов 
жырлары қазақ әдебиетінде бірінші орын алады”. 
Қорыта  келе  айтарымыз,  Ахмет  Байтұрсынов  шығармашылығы  ХХ 
ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  әдебиетінің  даму  тарихындағы  биік  белес 
болып  қала  бермек.  Ол  шын  мәніндегі  нағыз  ұлт-азатшылдық  поэзияның 
қазақ  әдебиетіндегі  негізін  қалап,  қазақ  ӛлең  ӛлкесіне  азаттыққа  ұмтылған 
азаматтық жыр үлгісін алып келді. Ендеше, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ 
халқының  “рухани  кӛсемі”  (М.Әуезов),  ӛнер  мен  ғылымның  сан-саласын 
меңгерген,  елінің  ұлттық  санасының  оянуы  мен  азаматтығы  жолындағы 
күресте қатыгез тағдырға қайыспай қарсы тұрған ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет 
Байтұрсыновтың  шығармашылық  мұрасын  бүгінгі  ой-сана  биігінен  осы 
тұрғыдан бағалауымыз керек. 

252 
 
3. МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ 
(1885-1935) 
Шығармашылық ғҧмырнамасы 
 
ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  даласындағы  күрделі  қоғамдық-
әлеуметтік  жағдайды  ӛз  шығармаларында  айқын  танытып,  қажетті  ойды 
ашып айта білген сӛз шеберінің бірегейі – Міржақып Дулатов. Ол тек әдеби-
шығармашылықпен  ғана  айналысып  қоймай,  қоғамдық  ӛмірдің  қай 
саласында  болмасын  ӛшпес  із  қалдырған  тұтас  тұлға,  ұлы  санаткер,  ірі 
қоғамдық-саяси қайраткер ретінде де танылды. Сан қырлы дарын иесінің мол 
мұрасының  ішінде,  әрине,  әдеби  шығармашылығының  орны  бӛлек-ақ. 
Әдебиетке  ӛзінің  тұңғыш  туындысымен  “Оян,  қазақ!”  деп  ұрандата  келіп, 
қазақ әдебиетіне ӛршіл сарын, тіліп түсер ӛткір сӛз, ойлы пікір әкелді. 
Халқының  ой-арманының  діттеген  жерінен  шыққан  ақын  ӛлеңдері  талай 
ұрпақтың жүрегінде жатталып, кӛкірегінен орын тепкені анық. Ұзақ жылдар 
бойы тек қара күйе жағылып, аты ашық түрде аталмаса да, Міржақып есімі 
азаматтық  пен  күрескерліктің  символындай  еді.  Кейбір  әдеби  зерттеу 
еңбектерге  сыналай  кіріп,  сыналып  жатса  да,  сол  шағын  үзінділерден-ақ 
Міржақыптың  халық  қасіретін  жанымен  түсініп,  шығармашылығына  алтын 
арқау еткен жан екені сезіліп-ақ тұратын. Бүкіл ғұмырын елінің бостандығы 
мен  теңдігі  жолында  сарп  еткен  азаматтың  шығармашылығымен  кеңінен 
танысып  жатқан  бүгінгі  шақта  кӛп  нәрсеге  кӛзіміз  жетіп,  тума  таланттың 
болмысын нақты танығандаймыз. 
Ол  –  қандай  бір  тақырыпқа  жазбасын  және  қай  жанрға  қалам  сілтемесін 
ӛзі  ӛмір  сүрген  тарихи  кезеңдегі  қазақ  тағдырының  шындығына  бойлап, 
ӛзекті мәселелерді екшей талдап, ӛткір кӛтере білді. Ақын ӛз жанын жегідей 
жеген  ӛткір  сұрақтарды  алдымен  ӛзі  терең  түсініп  алып  барып,  ӛлеңнен 
ӛрілген асыл ойлары арқылы оқырманға жеткізуге ұмтылады. Сондықтан да 
ХХ  ғасырдың  басында  “Әдебиетті  ардың  ісі”  деп  түсінген  қарымды 
қаламгеріміздің  кӛшбасшысының  бірі  –  Міржақып  Дулатов  екенінде  дау 
болмаса  
керек. 
 
Міржақыптың  қазақ  әдебиетіндегі  орнын  ӛз  замандастары  мейлінше 
жоғары  бағалап,  халық  үшін  еткен  еңбегін  танып  та,  танытып  та  кеткен. 
Мәселен  Мағжанның  “Жауға  түскен  жанға”  (МД-ға  хат)  ӛлеңіндегі  мына 
жолдар соның нақты айғағы: 
 
Ақыл айттың ұлтына, 
“Таста, талас, бірлік қыл!” 
Бір шешпедің беліңді, 
Жұрт үшін уайым-қайғы жеп… 

253 
 
 
Келешек күнде қағазға, 
Алтынмен жазар атыңды. 
Құшақтап сүйер, қағазда, 
Кӛрсе жазған хатыңды. 
 
Міржақып  Дулатов  1885  жылы  25  қарашада  Торғай  уезінің  Сарықопа 
деген  жерінде  туған.  Әкесі  Дулат  елге  беделді  кісі  болған.  Міржақып 
алғашында ауыл молдасынан сауат ашып, онан соң ауыл мұғалімінен оқиды. 
Міржақыптың  алғашқы  ұстазы,  білімге  құштарлығын  арттырған  зиялы  жан 
ретінде зерттеушілер Мұхан Тоқтабайұлының есімін атайды. 
Міржақып  1897  жылы  Торғай  қаласындағы  екі  кластық  орыс-қазақ 
училищесіне түсіп, оны 1902 жылы бітіріп шығады. Бұдан соң оның ұстаздық 
ғұмыры  басталады.  Ӛз  бойындағы  бұлақтың  кӛзін  ашуға  ӛз  бетінше 
әрекеттеніп, мұғалім бола жүріп, білім кӛтеріп, кӛп ізденеді. 
 
Кӛзі  ашық,  кӛңілі  ояу,  таланты  жас  айнала  ӛмірге  ӛзіндік  кӛзқараспен 
қарауға  тырысып  жүргенінде,  бұл  кезде  қазақ  зиялыларына  танымал 
қайраткер  Ахмет  Байтұрсыновпен  танысады.  Ахаңның  ақыл-кеңесін  құп 
кӛріп,  күрескерлік  жолға  түсіп,  елінің  азаттығы  жолында  қызмет  етуге  бел 
байлайды. Міржақыптың қазақ мұңын жоқтап, қасіреттен алып шығар жолды 
іздеп  шарқ  ұрған  тұсы  да  осы  бір  кезеңге  дӛп  келеді.  Ол  1905  жылы 
Қарқаралыда ӛткен 14500  адам қатысып,  петиция  қабылдаған  тұңғыш  қазақ 
құрылтайына  ұйымдастырушылардың  бірі  болады.  1907  жылы  Петербургте 
жалғыз  саны  жарқ  кӛріп  жабылып  қалған  “Серке”  атты  газетте  “Жастарға” 
атты  ӛлеңін  жариялайды.  Міржақып  шығармашылығын  зерттеуші 
М.Әбсеметов  осы  газеттің  екі санынан  соң жарық  кӛрмей  жабылып  қалуын 
Міржақыптың “Біздің мақсатымыз” атты мақаласымен байланыстырады. 
1909  жылы  Уфадағы  “Шарқ”  баспасынан  “Оян  қазақ!”  жинағы  жарық 
кӛрген  соң  патша  жандармеясының  қуғын-сүргініне  ұшырап,  1910  жылы 
Қызылжарға  барады.  Сонда  Мағжан  Жұмабаевпен  кездесіп,  оның  орысша 
оқуына кӛмектесіп, ұстаздық етеді. 
Аз  уақыттан  соң  жандармеряның  қолына  түсіп,  Семей  түрмесіне 
қамалады.  Онда  1,5  жарым  жылдай  отырады.  Осы  тұста  татар,  қазақ 
зиялылары  араша  түсіп,  “Уақыт”  газетінде,  “Айқап” журналында хабарлама 
жасайды.  Кейін  2  мың  сом  залог  жинаған  қазақ  зиялыларының  кӛмегі 
арқасында еркіндікке шығады. 
1905  жылдан  басталған  қуғын-сүргіннің  ауыр  жылдарын  басынан  ӛткере 
жүріп, М.Дулатов шығармашылықпен айналысуын тоқтатпайды. 1910 жылы 
Қазаннан “Бақытсыз Жамал” романын, ал 1913 жылы Орынбордан “Азамат” 
ӛлеңдер  жинағын,  1915  жылы  “Терме”  деген  әдеби-публицистикалық 
кітабын шығарады. 

254 
 
М.Дулатовтың  азаматтық  тұлға  ретінде,  әрі  шығармашы-ӛнерпаз, 
кӛсемсӛзші ретінде қалыптасуына “Қазақ” газетінде Ахмет Байтұрсыновпен 
тізе  қоса  еңбек  еткен  жылдар  ӛте  жемісті  болды.  Газет  бетінде  ол  ӛзінің 
азатшыл  сарындағы  қазақ  халқының  әлеуметтік-саяси  ӛміріне  қатысты 
кӛптеген  мақалаларын  және  туған  халқы  туралы  толғамды  ой-пікірлерін 
жариялап  отырды.  1913  жылдың  2  ақпанынан  басталған  бұл  творчестволық 
бірлік  ғұмыр  бойғы  жарасымдылыққа  ұласып,  олар  адами  тұрғыдан  да, 
шығармашылық-идеялық тұрғыдан да араларына еш уақытта жік түсірмеді. 
1917-1919  жылдар  аралығындағы  аласапыранда  да  қанаттаса  жүріп,  олар 
ел  теңдігін  аңсаған  “Алашорданың”  кӛрнекті  жетекшілері  болды.  Кейін 
Кеңес  ӛкіметі  жағына  шыққан  соң,  М.Дулатов  ел  игілігі  жолында  еңбек 
етуден еш аянған жоқ. Ол қашанда халықпен біргемін деген нық шешімінен 
еш тайған емес. 
Кеңес  тұсында  Міржақып  баспа  орындарында,  “Ақ  жол”  газетінде, 
“Қазақстан  мемлекеттік  баспасында”,  “Еңбекші  қазақ”  газетінде  әртүрлі 
әдеби  қызметтер  атқарады.  Бұл  жемісті  еңбек  жылдары  ұзақ  бола  қоймай, 
отаршылдық  кезеңінде  халқының  азаттығы  жолындағы  күресі  үшін 
қудаланған Міржақып, Кеңестік қызыл империяға да жақпайды. 
1928  жылдың  аяқ  шенінде  Қазақстанда  бұрынғы  “Алаш-орда” 
қайраткерлерін  қудалау  басталады  да,  оларға  кеңеске  қарсы  әрекеттер 
ұйымдастыруды кӛздеп жүр деген сенімсіз жалалар жабылып, солардың бірі 
ретінде  М.Дулатов  қамауға  алынады.  1930  жылдың  апрелінде  ОГПУ 
коллегиясының  шешімі  бойынша  ату  жазасына  кесілгенмен,  кейіннен 
кенеттен Кеңестің “кӛңілі жібіп”, үкім он жылға абақтыға қамау жазасымен 
алмастырылады.  
Табиғатынан алымды да іскер Міржақып тұтқын болып жүріп те, ел үшін 
қызмет істеуден бір танбайды. Сонда жүріп фельдшерлікке үйреніп, ӛз ісінің 
мықты маманы болып шығады. 
Түрмеде жатқандарға, әсіресе ӛз ұлтының ӛкілдеріне қолының шипасымен 
де,  жанының  дәруіменде  кӛмек  кӛрсетеді.  Сӛйтіп  елге  септігімді  тигіземін 
деп  жүріп,  айықпас  ауру  жұқтырып  алып,  1935  жылдың  5-ші  қазанында 
Соловецскідегі лагерьде қайтыс болады.  
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет