Мазмҧны кіріспе


Ақынның азаматтық жырлары



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет21/27
Дата29.12.2016
өлшемі2.17 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

Ақынның азаматтық жырлары 
 
Міржақып Дулатовтың шығармашылығының тырнақалдысы “Оян, қазақ!” 
атты  ӛлеңдер  жинағы  болып  табылады.  Осы  алғашқы  жинағының  ӛзінен-ақ 
автордың мақсаты мен беталысы айқын аңғарылады. Кітапқа эпиграф ретінде 
берілген тӛрт жол ӛлеңге қаншалықты мән-мағына сыйып кеткен десеңізші!.. 
Сол  тұстағы  қазақ  халқын  құрсап  алған  тӛрт  қасірет  түгел  кӛзалдыңызға 
келіп, тұмшаланған сананы серпілтіп жіберердей. 

255 
 
 
Кӛзіңді аш, оян қазақ, кӛтер басты, 
Ӛткізбей қараңғыда бекер жасты. 
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, 
Қазағым енді жату жарамасты. 
 
Осы  тӛрт  жолдан  ақынның  бүкіл  тыныс-тіршілігінің  болмысы 
танылғандай.  Елі  әлгіндей  күйде  болғанда,  ақын  жүрегі  қалай  тебіренбей 
тұра алсын. Елін ӛлеңмен оятуға ұмтылған ақын негізгі түйінді мәселелерді 
нақты  айқындап,  назар  салар  тұсты  дәл  меңзейді.  Осы  тӛрт  қасіреттен 
туындайтын зар-мұң бүкіл жинақтың ӛнбойына ӛзек болуы да сондықтан. 
Кітаптағы  “Сӛз  басында”  М.Дулатов  былай  дейді:  “Дүниеге  қатынасып 
жүрген оқыған азаматтарымыз болмаса, біздің ғумуми қазақ халқы пайдалы 
нәрселерден  бейхабар  еді.  Себебі:  дария  қасындағы  тамшы  секілді, 
оқығандарымыз аздығынан халқымыз шаһар ретінше емес, кӛшпелі әр жерде 
бытырап  жүргендіктен,  заман  ахуалынан  хабар  білерлік  оқуға  ӛз  тілімізде 
газет жоқтықтан, татар туғандарымыздың әдеби тіліменен жазылған газеттері 
оқу  оқымаған  халыққа  түсініксіздігінен  дүниеде  болып  жатқан  ғажайып  уа 
ғарайыптан  пайдалана  алмай,  біздің  халық  дүние  сарайының  бір  қараңғы 
түкпірінде ұйықтап, ұмыт қалған секілді болып тұр. Сӛйтіп, заманымыз күн 
сайын  түрленіп  келеді,  мұнан  бұрын  ӛткен  он  бес  жылменен  бүгінгі 
халқымызды  салыстырсаңыз  да  аз  уақытта  кӛп  таршылықта  қалған 
секілдіміз. Әлі де болса бұрынғыдай қозғалмай, ғафілдікте жата берсек, енді 
аз заманда нешік болмақшымыз? 
Қой,  бүйтпелік  әр  халықтың  күші  ӛнер  болса,  ол  ӛнерге…  қазақтар  да 
ортақ болса керек, соның үшін мұсылманша ғылымдар оқып… надандардың 
кӛзін қойып, кӛңілін ашып мұнымен ахиреттік пайдамызды табалық! Екінші 
–  дүниемізде  қажетті  хақыларымызды  алып,  жерімізді,  малымызды  сақтау 
үшін, басқалардан қорлық кӛрмес үшін орысша оқып, ӛнерлі болайық! 
Орысша  білмегендіктің  зарарын,  білу  парыз  дәрежесінде  қажет  екендігін 
міне,  мұнан  байқаңыз:  Россия  мемлекетінде  жүз  қырық  милионнан  артық 
халық бар, һәммәсі жүз тоғыз тілмен сӛйлейді, соның ішінде үстем тіл орыс 
тілі  күллі  хикмет  махкамаларындағы  жұмыстар  орыс  тілінде  болады, 
закондар һәм солайшы. 
Әркім  ӛз  қолында  барынша  жомарт  болғаны  секілді,  мен  де  ӛз 
мағлұматымша бишара халқымызға пайда келтірмек мақсатымен осы кітапты 
жаздым”
79

Міржақып  “Оян,  қазақты”  жазғандағы  мақсатын  қарапайым  қазақ 
оқырманына осылайша түсіндіріп, бар мақсатын алдына жайып салады. Абай 
мақсаты оның жүрегінен берік орын тепкенін осы “Сӛз басынан” тап басып 
                                                 
79
 Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, 1991. – 19 б. 

256 
 
танимыз. Қос ақындағы ортақ мақсат “Наданның кӛзін қойып, кӛңлін ашпақ”. 
Ұлы арман соған жетер жолды дұрыс таңдауға тығыз байланысты емес пе?! 
Ендеше ӛзге озық елдерден ӛнер, ғылым, үйрену, ӛз тіліңмен қатар саясаты 
үстем  жұрттың  тілінде  меңгеріп,  безбен  басын  теңгергеннен  ұлтың  ұтпаса, 
ұтылмасы хаһ. Міне ақынның ӛзекжарды “Сӛз басы” осыны меңзейді, осыған 
жӛн сілтейді. 
Ақынның  ӛзіне  қояр  талабы  да  зор.  Отаршылдық  торына  шырмалған 
ұлтын  ұлан  жолға  салу  үшін,  алдымен  ӛз  бағаңды  бағалай  білу  қажет. 
Адасқан сорлы жұртты жарға итермей, жарыққа шығар сәулені кӛрсету үшін 
ӛз  бойыңда  нұрлы  сәуленің  шуағы  мол  болғаны  жӛн.  Міне,  ақын  осыны 
ұғынған,  ұғынып  ғана  қоймай  ӛзгеге  жеткізе  де  білген.  Сондықтан  да  оның 
әрбір  ӛлең  жолынан  азатшыл  рух,  азаматтық  сарын  ӛзгеше  леппен  есіп 
отырады. Уақыттың талабына тән ұраншылдық басым болғанмен, ол – құрғақ 
айқай емес, жүрегін езген қасіреттің ашынған үні. Ақынның жалпақ жұрттан 
бұрын алдымен ӛзін-ӛзі қамшылауы осыдан туындап жатса керекті. 
“Оян,  қазақтың”  беташар  ӛлеңі  “Қазақ  халқының  бұрынғы  һәм  бұ  күнгі 
халы” деп аталады. Ӛлең былай басталады: 
 
Міржақып неге отырсың қалам тартпай
Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай. 
Шамаңды қадари хал кӛрсетсеңші, 
Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай. 
Тұманға кірді қалың біздің қазақ, 
Арты жар, алды тұйық бұл не ғажап. 
Адасқан ағайынға басшы болып, 
Ішінде жол кӛрсетер адам аз-ақ… 
 
Жоғарғы  ойлардың  түйінінде,  дәлелінде  осыдан  тапқандаймыз.  Қазаққа 
“Жол  кӛрсетер  адам  азда”  ақын  “Бой  тежеп,  жүрексінуді”  ӛзіне  мін  кӛреді. 
Сӛйтіп “Артықтан тағылым алып, кемге үйретуді” адамдық парыз деп біледі. 
“Таршылық халымыз хақында аз мінажат”, – деген ұзақ ӛлеңінде бұратана 
халықтардың  түрмесі  болған  патшалы  Ресейдің  тепкісінде  тұншыққан 
ұлтының  аянышты,  ауыр  халінің  шынайы  шындығын  ашып,  нанымды 
суреттеп,  азаматтық  армен  жырлайды.  Болашақ  барар  жолдың  негізгі  тірегі 
ел бірлігі екендігін баса айтып, ұлтының ұйымшылдығын қалайды: 
 
Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой, 
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой, 
Ғылым мен мағрифатты керек қылмай, 
Надандық шәрбатына қаныппыз ғой… 
 

257 
 
ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының  алдында  шешімін  күтіп 
тұрған басты мәселенің бірі жер мәселесі болғаны белгілі. Патша ӛкіметі ішкі 
Ресейден  кӛшіп  келген  қара  шекпенділерге  қазақ  даласындағы  шұрайлы 
жерлерді  бӛліп,  жергілікті  халыққа  тау  мен  тасты,  шӛлді  аймақтарды 
қалдырды. Кӛшпелі мал шаруашылығымен айналысқан елдің экономикалық 
жағдайына кӛп нұқсан келді. 
 
Мың жеті жүз отыз бір санасында
Біз кірдік Ресейдің панасына. 
Ӛнерсіз бостығымыз кӛрінген соң, 
Қызықпас кім қазақтың даласына. 
 
Жылында мың сегіз жүз алпыс сегіз 
Қазыналық деді жердің һәммесін де, 
Тарылып жылдан-жылға жер-суымыз, 
Мұжықтың кетті бәрі қаласына… 
 
“Қазақ жерлері” ӛлеңінде осылайша жырлай келіп, ақын елдің сӛзін ұстап, 
билік  басында  тұрған  ақсақалдарға,  ұлтының  қамын  ойлаған  зиялы 
азаматтарға, бұл жағдайды кӛріп-біле тура қол қусырып отыру жӛн емес деп, 
дер  кезінде  қимылдамасақ,  болашақ  алдында  борыш  ӛтелмей  қаларын  еске 
салады. 
 
Қадірман халық билеген ақсақалдар, 
Бұл іске фәһім назар саласың ба? 
Темірді қызуында соқпай қалып, 
Нәсіліңнің кӛз жасына қаласың ба? 
 
Ақын  ең  алдымен  бұратана  болудың  негізіне  ой  жібере  отырып,  ел-
жұртына  оның  кесір-кесапатын  ұқтыруды  мақсат  тұтады.  Қарапайым 
халыққа  ғана  емес,  ел  ағаларына  ой  түрткі    етеді.  Ұрпақ  алдындағы  борыш 
кімге  болса  да  оңай  тимесі  белгілі.  Ақын  ой-ӛрісі  құлқынын  ойлаудан 
аспағандарды  қатты  сынға  алады.  Бұндай  сәттердегі  Міржақыптың  отты 
сӛздері мірдің оғындай тиеді. 
 
Қызығып қызарғанға кеткендер кӛп, 
Шен алып, дәрежеге жеткендей боп. 
Ойлады ӛз пайдасын халықты сатып, 
Қазақты еш керексіз еткендей боп. 
 

258 
 
Шен  алып,  шекпен  кигеніне  мәз  болғандар  туған  халқын  сатып,  кӛгеріп 
жатқаны  ақын  жанын  қалай  ӛртемесін.  Ӛз  ішінен  шыққан  озбырлар  елін 
езген  сыртқы  жаудан  бетер  екені  бесенеден  белгілі.  Ақынның  оларға  қатты 
шүйлігуі де сондықтан. 
Батыра  айтып,  кӛзге  шұқу  ӛз  жұртын  жек  кӛруден  туған  сезім  емес,  ел 
қамын  жеген  ақынның  осал  жерді  айтып,  қатты  сӛзбен  жамандықтан 
жирендіріп, жақсылыққа тез қадам бастыруды ойлаған қам-қаракеті. 
Бұл  жолда  Міржақыптың  басты  сүйенер  тірегі  –  ӛзі  тектес,  сӛзі  үндес 
зиялы  қауым.  Әлихандай,  Ахметтей  ағаларының  “Ақ  жолына”  сенім  артып, 
үнемі  оларды  жоғары  кӛтеріп  отырады.  Ақынның  оларға  деген  ыстық 
ілтипаты  мен  сенімі  “Ӛнерін  халық  пайдасына  жұмсап  жүрген  оқыған-
дарымызға” атты ӛлеңінен кӛрініс табады: 
 
Жау жүрек, қыран кӛзді арыстаным, 
Жан қиып, халқың үшін қарысқаның. 
Қатардан қазақ сорды қалдырмасқа
Бәйгеге ұлы дүбір жарысқаның. 
 
Ел  мүдесін  ӛз  мүддесінен  жоғары  қоя  білген  азаматтарды  дәріптеудегі 
ақын  мақсаты  –  үлгі  алар  ұландар  арқылы  халық  тілегі  орындаларына  үміт 
арту.  Үміт  бір,  тілек  ортақ  болғандықтан  ақын  олардың  ұлы  істердегі 
қадамына үнемі сәттілік пен жеңіс тілейді: 
 
Шешен тіл, парасаттың саясында, 
Ететін талмай қызмет, данышпаным, 
Атқан оқ, сермеген қол қата кетпей, 
Түскейді табаныңа бар дұшпаның. 
 
Міржақып  Дулатовтың  “Оян,  қазағы”  мен  ӛзге  жинақтарындағы 
ӛлеңдерінің құйылысы бір арнадан бастау алып, бір арнаға тоғысып жатады. 
Ӛйткені оның бүкіл шығармашылық болмысының ӛрісі азатшыл оймен, ұлт-
азаттық қозғалыспен біте қайнасып кеткен. Оның ӛлеңдерінде саяси үн ӛзге 
мәселеден  басымдау  түсіп  жатады.  Бұған  қарап  ақын  ағартушылық, 
демократтық  ой-жүйеден  алшақтап,  тек  саяси  үгіт  жетегінде  кетіп  қалды 
деуге  мүлде  болмайды.  Оның  шығармаларындағы  ӛнер-білімге  үндеу, 
әлеуметтік  теңсіздікті  жырлау  саяси  кӛзқараспен  желілісе  отырып  шешімін 
тапқан. Ақын ӛнерпаздығының ерекшелігі де осында жатыр. 
“Оян, қазаққа” орыс отаршыл чиновниктерінің аса қатты шүйлігуінің бар 
сыры  –  Міржақып  ӛлеңдерінен  отаршыл  саясатты  батыл  сынаудың  кӛрініс 
тауып, оған қарсы тұруға үндеген үгіттің ашық түрде айтылуында. Міржақып 
поэзиясындағы  азаматтық  сарын,  ақындық  шеберлікпен  ұштаса  келіп, 

259 
 
оқырманды  ілезде  ұйытар  уытты  сӛзге  айналып,  кӛңіл  түкпіріне  құйылып 
түсіп  жатады.  Жинақтағы  ӛлеңдері  бір-бірімен  сабақтаса  келіп,  бӛлінбес 
біртұтас  жұмыр  дүниеге  айналып  сала  береді.  Бұл  оның  ӛлеңдеріндегі 
тақырып аясының бірлігін танытса керекті. 
Кезінде  Міржақып  творчествосына  қатысты  ол  ұлтшыл-байшыл  болды, 
ұлт  мәселесін  кӛтере  отыра,  буржуазияның  сойылын  соқты,  әлеуметтік 
теңсіздікті  кӛре  білмеді  деген  пікірлер  кӛп  айтылды.  ХХ  ғасыр  басындағы 
ағартушы-демократтар бұл мәселені мейлінше мол жырлағаны мәлім. Ӛзіндік 
бағыт-бағдары,  ұстанған әдеби  қағидасы  болғанмен,  сол  тұстағы  әлеуметтік 
мәселелерден Міржақыптай ақынның тыс қалуы мүмкін емес еді. ХХ ғасыр 
басындағы  ақындар  әлеуметтік  теңсіздікті  кӛрсетудің  басты  шарты  ретінде 
әйел  теңсіздігін  алғанын  жоққа  шығара  алмаспыз.  Қазақ  ақын-
жазушыларынан кезінде бұл мәселеге соқпай кеткені кемде-кем. 
ХХ  ғасырдың  басында  ӛмір  сүрген  кӛзі  ашық,  кӛңілі  сара  ақын  қазақ 
қыздарының  басындағы  бұл  қайғы-қасіретке  жаны  егілмей  тұра  алар  ма?! 
Әйел  теңсіздігі  тақырыбына  кӛлемді  жанрдағы  алғашқы  қадам  болып 
табылатын “Бақытсыз Жамал” романын былай қойғанда, ақын “Оян, қазақта” 
да бұл мәселеге қалам сілтемей қала алмады. 
“Жесір  даулары хақында”  ӛлеңінде жесір  дауы,  қалың  мал  дәстүрі  сынға 
алынады. Ақын әдетке айналған ескі дәстүрдің бүгінгі уақыт талабына ілесе 
алмайтынын ашық айтып, ескі салттың тамырына балта шабудың қажеттігін 
ӛмір ӛзі кӛрсетіп отырғанын дәлелдей алды.    
Қазақ  әйелінің  кӛрген  қорлық-зорлығы,  қазақ  балаларын  жастай 
үйлендіретіні, кӛп қатын алу, әмеңгерлік сияқты мәселелерді Міржақып осы 
ӛлеңінде тілге тиек етіп, бұларды қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктің 
бір белгісі ретінде кӛрсетеді. 
 
Адамның қызығады малына адам, 
Адамдығын санайды тағы адам. 
Баланың қор болуын ойламайды, 
Қылады ӛз басының қамын адам. 
 
Міржақып  бірақ  жалпы  қазақ  қанына  сіңген  құдандалыққа,  елдің 
сыйластығының  белгісі  ретіндегі  “қалың  малға”  қарсы  емес.  Жастардың  ӛз 
еркімен үйленіп, екі жақты келісім болғанын қалайды: 
 
Он жеті, он сегізге жасы келсе, 
Ұл, қыз бірін-бірі жақсы кӛрсе. 
Ӛзінің сүйгеніне бармақ болып, 
Атасына сонан мал алсын десе. 
 

260 
 
Жалпы алғанда, ұлтының азаттығын аңсаған азамат ақынның “Оян, қазақ” 
атты  жинағындағы  ӛлеңдері,  негізінен,  саяси-әлеуметтік  тақырыпқа 
жазылған.  Ӛлеңдерінің  басым  кӛпшілігі  –  патша  ӛкіметінің  отаршылдық, 
озбырлық саясатын әшкерелеуге арналған саяси лирика. 
“Оян,  қазақ!”  жинағындағы  ӛлеңдерінің  соңғысы  “Сӛз  ақыры”  деп 
аталады.  Бұл  ӛлеңі  жинақтағы  азды-кӛпті  дүниесін  жазудағы  мақсатын 
қорытындылауға  және  ӛлең  ӛлкесіне  келуіне  шығармашылығымен  түрткі 
салып, үлгі болған ұстаз тұтар ақындар тобын таныстыруға бағытталған. 
 
Орыста Пушкин, Гоголь һәм Лермонтов, 
Крылов, Тургеневтер кеткен ӛтіп. 
Қартайып бұл уақытта, Толстой тұр, 
Ӛзіне мәслихаттан ерлерді ертіп. 
 
Қазақта бұлар теңдес бар ғой шешен
Халықтан мойны озып болған кӛсем, 
Семейден шықты Абай Құнанбаев, 
Сӛзінде қате бар ма сынап кӛрсең. 
Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей, 
Сӛзі алтын, мағынасы меруеттей. 
Оқыған ғибрат алып, жас жігіттер, 
һәммәсі ӛз халқына қызмет еткей… 
 
Ендеше  Міржақып  –  ұлтына  еңбек  етудің  үлгісін  танытқан,  ұлт 
азаттығына  бар  саналы  ғұмырын  арнаған,  осы  бағытта  талай  тағдыр 
талқысына түсіп, соның бәрін туған елі үшін мойымай кӛтерген азамат ақын. 
“Оян, қазақ!” қазақ халқы үшін қаншалықты бағалы болғандығын “Қазақ” 
газетіндегі 
Міржақып 
берген 
хабар 
дәл 
айқындайды. 
Патша 
жандармеясының тіміскілеуіне, 1916 жылғы маусымнан кейінгі жазалау мен 
аласапыран  күйзеліске  қарамастан  бұл  кітапты  елдің  кӛзі  ашық  азаматтары 
кӛзінің  қарашығындай  сақтаған.  Әлгі  хабарламада  фельдшер  Жұмағали 
Тлеулиннің  үйінен  “Оян,  қазақ”  кітабының  1  мың  данасының  сақталғаны, 
іздеушілерге сатып алуға болатындығы айтылған (“Қазақ” 1917, N247). 
Әрине,  “Оян,  қазақ!”  –  Міржақыптың  ақындықтағы  алғашқы  қадамы. 
Сондықтан онда ақындық шеберлік, тіл қолданысы тӛңірегіндегі кемшіліктер 
кездеседі. Кезінде бұл туралы С.Торайғыров кейінгі “Азаматты” қоса отыра 
“Айқапта” басылған “Қазақ тіліндегі ӛлең кітаптары жайынан” (1913 N19, 22, 
23)  атты  сыни  мақаласында  пікір  білдірген.  Тіл  кемшілігі  болғанын 
Міржақып  ӛзі  де  мойындайды.  “Қазақ”  газетінің  1915  жылғы  112  санында 
жарияланған “Тіл құралы” атты мақаласында: “…Ноғай газеті, кітаптарында 
кӛп ұшырасатын араб, фарсыны шын әдеби тіл осы екен деп аңғардым.  

261 
 
1908  жылы  (О.Қ.)-ды  жазып  жүргенімде  әлгі  “Әдеби  тілдерді”  неғұрлым 
кӛбірек  кіргізу  жағын  ескерусіз  қалдырмадым.  Сол  жылдарда  Абай  кітабы 
һәм  “Қырық  мысалды”  кӛргенімде  ӛзімнен  ӛзім  ұялдым.  Ӛзімнің  һәм  ӛзім 
секілділердің адасып жүргенін сонда білдім”, – деп жазады. 
Осындай  тіл  шұбарлығы  болғанына  қарамастан,  “Оян,  қазақ!”  азаттықты 
ӛзек еткен мұрат-мақсұтымен ХХ ғасыр басындағы әдебиетте ӛз орнын ойып 
алар ӛрелі туынды болып табылады. 
Міржақыптың  екінші  ӛлеңдер  жинағы  “Азамат”  деген  атпен  1913  жылы 
Орынборда басылып шығады. Бұл кітаптың сыртқы бетінде ақынның:  
 
 
 
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, 
Емеспін жемісі кӛп тамаша ағаш. 
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, 
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш, – 
 
деген бір ауыз ӛлеңі басылған. Бұл – бүкіл ғұмырын туған елінің азаттығына 
арнаған  азамат  ақынның  жан  сыры.  Ақынның  “Азамат”  жинағындағы 
ӛлеңдері  езілген  елінің,  еркіндік  кӛкреген  халқының  мұңлы  күйін  суреттеп, 
ар-намысын  оятуға,  кӛңіл  кӛзін  ашуға  арналған.  Бұл  жинақта  ел  мұңын 
жоқтаған ӛршіл ӛлеңдердің ғана орын тепкені шындық. 
 
Кӛп құлағы мақта менен тығулы
Қасқыр қуып, үріккен қойдай ығулы. 
Құбыжық бар десе қорыққан баладай, 
Су жүрек боп сорлы қазақ бұғулы. 
Жалыны ыстық жас ғұмырым шыдатпай, 
Теріс істі пәк ұжданым ұнатпай. 
Тоқтай алмай басым тасқа жеткенше, 
Қарсы шауып қайырылған ӛткір болаттай… 
Жаудың бетін қажып тұрмыз бұра алмай, 
Бұрмақ түгіл шыдап қарсы тұра алмай. 
Күннің кӛзін қара бұлыт жасытып, 
Күлімсіреп нұрын шашып шыға алмай. 
 
Міржақып  –  тек  халық  қамын  ойлаған,  жеке  бас  мүддесін  елінің 
мүддесінен жоғары қойып кӛрмеген, халқының азаттығы жолындағы күреске 
басын байлаған ақын. 
 
Аяусыз жаным, мен құрбан лағың, 
Болса алуға, қаным себеп, мұрадың.  
Болайын сүйінші: жұлдызы жанып бақыттың, 

262 
 
Сені кӛркейді деп естісе құлағым, – 
 
дейді ол “Арманым” атты ӛлеңінде. 
Ақынның үшінші  жинағы  “Терме” 1915  жылы  Орынборда  жарық  кӛреді. 
Екі  кітапта  ортақ  тақырыптық  байланыс  болғандықтан,  қатар  ала  отырып 
қарастыруды жӛн кӛрдік.  
Бұл  жинақтардан  біз  ақындық  шеберлігі  жетілген,  ӛлең  ӛнерін  мейлінше 
меңгерген,  ой  айтудың  астарлы  сырын  ұстанған  ақынды  танимыз.  “Оян, 
қазақтағы”  ӛршіл  сарын  сақталғанмен,  ақынның  нәзік  жанын,  сыршыл 
сезімін ашар лирикалық сипаттың бой кӛрсетуі кӛзге түседі. Кеше ғана “оян, 
халқым”  деп,  адуынды  келетін  “ащы  айқай”  ақыны  жүректі  тербер  жыр 
жазып,  ӛз  оқырманын  лирикасының  терең  тұңғиығына  жетелеп,  кӛркемдік 
сырына қанықтыра түседі. Бұл жинақтардағы ӛлең ӛрнегінен тың теңеулерді, 
бейнелі образдарды, сыршыл суреткерлікті байқаймыз. Дегенмен, Міржақып 
ӛзі ұстанған бағытына ӛте берік, қатты сынды қаймықпай, батыл айту – оның 
поэзиясының алтын қазығы.  
 
Ақылын жанашырдың алмаушы едің, 
Сӛзіне сірә құлақ салмаушы едің. 
Қымызға шекең қызып, етке тойсаң, 
Пайдасыз құрғақ дауға талмаушы едің. 
Жаз жимай қыс азығын жатушы едің
Арзанға қымбатыңды сатушы едің. 
Ермекпен табар пайдаң болмаған соң, 
Борышқа шаш-етектен батушы едің. 
 
Осы сияқты жинақтағы қатқыл үнді, қатал сындар кейде сырлы да мұңлы, 
сезімге толы лирикалық ӛлеңдермен алмасып отырады. 
“Азаматқа”  біраз  аударма  ӛлеңдер  енгізіп,  Пушкин,  Лермонтовтардан 
ӛнеге  алған  ақын  сол  жылдары  орыс  классиктерінің  шығармашылығына 
қатты  кӛңіл  аударып,  поэзияның  соны  сипатты  үлгілерін  қазақ 
жұртшылығына  молырақ  жеткізуді  мақсат  еткен  секілді.  Қазақ  оқырманын 
орыс поэзиясының озық үлгілерімен таныстыру, олардың ой-санасына жаңа 
тәсіл,  соны  үрдіспен  әсер  ету  арқылы  ақын  ӛзінің  шығармашылық 
мүмкіндігінің жаңа қырын да байқатты. Бұның бір белгісін ұлы Пушкиннен 
аударған “Гүл” ӛлеңінен байқауға болады. 
 
Кітаптың арасында ұмыт қалған, 
Иіссіз кепкен гүлді кӛзім шалған, – 
 

263 
 
деп  басталатын  аударма  қазақ  ұғымына  дәлмедәл  келіп,  құйылып  түскен. 
Пушкин  “Гүлінің”  мәні  мен  мағынасы,  ӛлең  формасы  айнытпай  беріліп, 
айтар ой ажары айшықты ӛрілген. 
 
Қайда ӛстің, қай уақытта, қайсы жазда? 
Кескен кім, кӛгердің сен. Кӛп пе, аз ба? 
 
Пушкиндегі  сұрақтар  дәл  түпнұсқасындағыдай  қуатпен  келісім  тауып, 
орайлас соғып жатса, ол ақын шеберлігін айқындары хақ. 
Ақынның “Сұлу қызға” деген тӛл туындысы осындай аудармалардан үлгі 
алған  ӛнегенің  шарапаты  екенін  жоққа  шығара  алмаймыз.  Әдемі  тӛгіліп 
түскен сұлу лириканың куәсі болғандаймыз. 
 
Сұлу қыз қалың елден сені таптым, 
Кӛрдім де тамашаңа белден баттым. 
Майысқан алтын айдар еркесі сен, 
Оянған ұйқысынан табиғаттың
Құмардан кӛргенменен шықпайды екен. 
Кілті қолға түспей махабаттың. 
Күн шалмас миуаңды алмас, адам бармас, 
Шағыңды күзеттім де қарап жаттым. 
Жалынын басатұғын жалғыз ӛзің, 
Сенбестей жүрегіме бір от жақтың… 
 
Жұртыңа “Оян, қазақ” деп ұран салған ақынның нәзік жаны, ішкі сезімін 
жеткізе білетін шеберлік қыры жарқ етіп бір кӛрінгендей. Жарқылдаған отты 
сӛздердің  жалт-жұлт  ойнаған  ішкі  сырларды  шертіп  кететін  кездері 
Міржақып поэзиясында аз кездеспейді. 
“Термеге” жазған алғы сӛзінде Міржақып: “Бұл ӛлеңдер мұнан алты-жеті 
жыл бұрын қазақта  газет,  қағаз  журнал  жоқ  кезде жазылған  еді.  Сондықтан 
кӛбінесе оқып жүрген жастарға арналып, оларды ояту, білімғылымға үндеп, 
сол рухта жазылған. Бұрынғы күйінен артық ӛзгертпедім”, – дейді. 
Ӛз шығармашылығын мақтауды ұнатпайтын, ӛзін “ойпаңға ӛскен аласаға” 
теңей  беретін  ақын  алғашқы  балаң  жырларыменақ  ел  құрметіне  бӛлегенді, 
ендеше уақыт ӛте келе оларды кәдесіне жаратуды қалауы кӛңілге қонымды-
ақ. 
 
Ақылы кәміл жігіттер, 
Заманның кӛз сал һалына. 
Халқының ойлап пайдасын, 
Ӛзің үшін налыма. 

264 
 
 
Немесе, 
 
Жүгенсіз ӛскен бас асау, 
Айтқанға қайтіп кӛнеді. 
Кӛңіл батыр, тіл қорқақ, 
Айтатын сӛзім кӛп еді… 
 
деген  жолдар  кедір-бұдырсыз,  мінсіз  тізілген  шұрайлы  сӛздер  кестесі  емес 
пе. Кӛкірегін жарып шыққан асыл сӛздерін бір кезде жазылып еді деп, ақын 
қалай  тығып  ұстасын  “Азамат”  пен  “Термеге”  енген  ӛлеңдерінің  кейбірі 
алғаш  “Қазақ”  газетінде  жариялағанын  еске  алсақ,  Міржақыптың  жоғарғы 
алғы  сӛзіндегі  сӛздері  шындық.  Ол  уақытпен  үндесе  жазылған  ӛлеңдеріне 
кейін түзету енгізбеген.  
Міржақыптың  “Қиял”,  “Шәкірт”,  “Сағыну”,  “Елім-ай”,  “Потанинге”, 
“Алашқа”, “Жаңа тілек”, “Қайда едің” т.б. ӛлең-жырлары алғаш “Қазақта” – 
жарияланып, қалың елге сол арқылы тарады. Әдебиет әлеміне Ахметке ілесе 
келген  Міржақып  туған  халқының  адал  ұлы,  ӛткір  тілді  ақыны  болды. 
Сондықтан  да  оның  шығармалары  ӛзінің  шіншіл  шырайымен,  ӛзекті 
тақырыптарды  қозғаған  ӛзіндік  кӛзқарас,  ӛрен  жүйрік  ойларымен  елді  жаңа 
қырларға  бастады.  Қос  жинаққа  енген  Міржақып  ӛлеңдерінің  тақырып 
ауқымы  кең.  Жоғарыда  айтқанымыздай  “Қиял”,  “Сағыну”,  тәрізді  ӛлеңдері 
ақынның ішкі сезіміне құрылса, “Жұт” қазақ жұртының ауыр тағдырын арқау 
етіп,  ӛмір  тұрмыс  шындығын  бейнелейді.  Бұл  ӛлеңде  ақын  доңыз  жылғы 
қыстан  “Сан  байлар  жүген  ұстап”  қалған  қиындықты  айта  келіп,  елді 
еңбекке,  қам-қарекет  қылуға  шақырады.  Сол  ауыр  жылғы  жұтты  құр  ғана 
суреттеп қоймай, оның себеп-салдарына үңіліп, сырын ашуға тырысады. 
 
Жаз туса, бейқам едің қыс жетпестей
Қызық түн бастан, сірә, һеш ӛтпестей, 
“Жаратқан құдай артық халықпыз” деп, 
Қолыңнан тӛрт түлік мал бір кетпестей, – 
 
деп,  жұт  себебін  табиғаттың  дүлей  күшімен  бірге  “Сақтанбай,  салақ  ӛскен 
жалқау  жұрттың”  бейқамдығынан  кӛреді.  Сӛйтіп,  кәсіпсіз  жұрттың  күн 
кӛруінің  қиын  екенін  ескертіп,  оқырманға  замана  тұрқының  ӛзгермелілігін 
аңғартады.  Әрине,  Міржақып  жырларының  ӛз  кезінде  насихаттық  қызмет 
атқарғанын жоққа шығара алмаймыз. Ақын ӛмір сүрген дәуір қисыны осыны 
қажет етеді. 

265 
 
М.Дулатовтың  “Елім-ай”,  “Алашқа”  атты  зар  заманның  мұңына  толы 
ӛлеңдері  –  ұлтының  тағдырын  ойлап  теңселген  ақынның  азаматтық  ащы 
зары. 
“Елім-ай”  бұрынғы  “Елім-ай”  сарыны  емес,  сыртқы  зымысқы  жау  мен 
ішкі  озбырлардың  әрекетінен  азып-тозған,  ішкі  ділінен  айырылып,  тоз-тоз 
болып боздаған елдің зары. Ащы да удай ӛткір сӛздердің астарында зор үміт, 
мол сенім бар. 
Қамқор  ақын  қамсыз-күйсіз  ел  үшін  қанша  күйінсе  де,  уытты  сӛзбен 
түйресе де сол елден туған ӛзіне, ӛзі секілді азаматтарға сенім артады. 
Сондықтан  да  ақын  халқының  отаршылдық  отына  қарылып  тұрған 
уақыттағы  күйзелген  күйіне  қабырғасы  қайыса  отырып,  ертеңгі  күнге 
үмітпен қарап, болашаққа иек артады: 
 
Сол күнің кӛрсем – менің арманым, 
Жоқтамас ем, ӛзге тілек қалғанын. 
 
Ақынның  “Алашқа”  атты  ӛлеңі  –  сұрау-арнау  үлгісімен  жазылған  ұзақ 
толғау.  1916  жылдың  дүбірлеріне  енді  аяқ  басқалы  тұрған  халықтың  ішкі 
арпалысын,  шарасынан  асқан  ашу-ызаның  екпінін  аңғарған  ақын  іштей 
толқып,  сан  тарау  сұраққа  жауап  іздейді.  “Кӛк  майса,  жерің  қайдадан” 
басталатын кӛп сұраққа ақын былай деп жауап қайтарады: 
 
Қой бағып, қасқыр қашан опа қылған? 
Кӛре бер ӛз бетіңмен күніңді ӛлмес. 
Қайраған қолдан келмес, іске әуре боп, 
Қорлыққа, тілімді алсаң, болма кездес? 
 
Ақын  бүгінде  бұрынғы  күнінен,  ӛткен  жолынан  жаңылған  жұртының 
қиын  жағдайына  жаны  күйзеле  отыра,  оның  арандап  қалмауын  тілейді. 
Ақынның  бұл  қаупі  алдын  болжаған  кӛрегендікке  ұласты.  1916  жылы 
жалаңданған  карательный  отряд  ақ-қарасын  айырып  жатпастан,  халықты 
қылышымен турап, қазақты қанға бӛктірді.  
Міржақып  ӛлеңдері  замана  түрленуіне  орай,  белгілі  бір  мақсат-мәнге  ие 
болып  отырады.  Бұның  бір  мысалы  –  1917  жылы  ақ-қызыл  боп  айқасып, 
замана  мың  құбылған  аумалы-тӛкпелі  кезеңде,  қазақ  тізгінін  кім  ұстарын 
білмей  дағдарған  тұста,  кӛктен  түскендей  кӛп  кӛсем  пайда  болған  уақытта 
жазылған  “Қайда  едің?”.  Кешегі  елі  үшін  еңбек  етіп,  етегімен  су  кешкен 
ерлерді  бұлаңдаған  түлкі  заман  шетке  қағып,  жік-жікке  бӛлініп  адасқан 
жұртты  бір  тозақтан  екіншіге  итермелеген  ендігі  “қамқорлардың”  шын  бет 
пердесін ашуға үміт қылған ӛлең еді бұл. 
 

266 
 
Кешегі қара күндерде, 
Жұлдызсыз, айсыз түндерде, 
Жол табылмай сенделіп, 
Адасып алаш жүргенде, 
Бұл күнгі кӛп кӛсемдер 
Сұраймын сонда қайда едің? 
 
Жеті  шумақтан  тұратын  бұл  ӛлеңінің  шумақ  соңынан  қайталанып 
отыратын  сұрақтардың  мәні  тереңде.  Олардың  жауабы  қазақ  тарихының 
белді-белді  кезеңдерін  қамтиды.  Ел  басына  күн  туған  кезде  елінен  екі  елі 
ажырамай,  кӛретінін  бірге  кӛріп,  қапастан  шығар  жол  іздеп  шарқ  ұрған  ӛз 
тобы бүгінде жалалы болып, аласталып жатса, жазықсыз жаланы кӛре тұрып, 
ақында ашынбасқа шара барма?! 
 
Енді бүгін кім жаман? 
Данышпан емес, кім надан? 
Қамқор емес, кім жауыз? 
Жомарт емес, кім сараң? 
Кӛсем емес, кім жалтаң? 
Шешен емес жоқ адам, 
Бәрі білгіш, бәрі де ер, 
Жеткіздің алла тағалам. 
 
Ақын  ӛлеңі  –  адамдар  арасындағы  жай  бақастық,  ӛзара  айтысты  арқау 
етпеген, саяси астары кең, әлеуметтік мағынасы терең дүние. Міржақып сӛзін 
арнаған  “Кӛсемдердің”,  “Шешендердің”,  “Данышпандардың”  кімдер  екенін 
оның  кейінгі  бір  тұста  жазылған  мақаласынан  тап  басып  танимыз. 
“Сарыарқа”  газетінде  “Мадияр”  бүркеншік  есімімен  жарияланған  “Кім  қас, 
кім  дос”  атты  мақалада:  “Кешегі  қаралы  патша  заманында  бірі  шоқынып 
миссионер болып, бірі сатылып жандарм мекемесіне тыңшы болып, бірі елді 
алдап, жол тосып, жолаушы тонап соғылғандар” (1918, N31) деп оларды бір 
сәт бас-басына атап ӛтеді. 
Жалпы  алғанда,  Міржақып  Дулатов  поэзиясы  қазақ  әдебиетінде  алғаш 
болып  азатшыл  сарынды  алып  келуімен,  ӛршіл  үнді  азаматтық  пафосымен 
ерекшеленеді.  Оның  ӛлеңдері  жадағай  ақылгӛйлік,  мағынасыз  үгіт, 
күнделікті  тірлік  күйбеңін  жырлаудан  таза.  Әр  ӛлеңі  халқының  бостандық 
пен теңдікке жетер бағытын айқындап, әр сӛзі оқырман жүрегінен жол тауып 
жатуы осының айғағы. 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет