Мазмҧны кіріспе


Абай  дәстҥрін  шеберлікпен  ҥйреніп



жүктеу 2.17 Mb.
Pdf просмотр
бет6/27
Дата29.12.2016
өлшемі2.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Абай  дәстҥрін  шеберлікпен  ҥйреніп,  батыс  пен  шығыс  классикалық 
әдебиетінен сусындаған Ахмет, Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Міржақып 
сынды сӛз ӛнерінің щеберлері ХХ ғасырдың басында ұлттық поэзиямыздың 
әлемдік  деңгейге  кӛтеріліп,  қоғамның  шындығын  шынайы  ашып,  оны 
эстетикалық  қуатпен  бейнелеудің  кӛркемдік  үлгісіне  айналуы  жолында 
аянбай еңбек етті. 
ХХ  ғасырдың  басында  кӛзі  ашық,  кӛңілі  ояу  қазақ  азаматтарын 
ойландырған  барлық  мәселе  –  поэзияда  айқын  кӛрініс  тауып  отырды. 
Азаттықтың, тәуелсіздіктің биік идеясымен қатар қазақтың ӛз ішіндегі ӛзекті 
проблемалары    –    партиягершілік,  әйел  теңдігі,  надандық,  қара  халықтың 
жағдайы  поэзияның  ӛзекті  тақырыбына  айналды.  Қандай  бағыт  ӛкілі 
болмасын  қазақтың  мұңын  мұңдап,  жоғын  жоқтады.  Сондықтан  олардың 
шығармалары сарындас, желілес болып отырды.  
ХХ  ғасырда  қазақ  поэзиясын  әлемдік  деңгейге  кӛтерген  біртуар  ақындар 
дүниеге  келіп,  олардың  әрқайсысы  соны  үнімен,  тың  тынысымен  қазақ 
поэзиясы айдынында емін-еркін жүзді. 
Поэзиясы  аз  да  болса  саздығымен,  қазақ  ӛлеңінің  тӛл  табиғатынан  туған 
тазалығымен,  бір  естігенде-ақ    кӛңілге  қона  кетіп,  ойға  ұялай  қалатын  әрі 
бейнелі, әрі мағыналы сӛз үлгісімен ерекшеленетін Ахмет Байтұрсынов жеке 
басының,  әлеуметтік  топтың,  немесе  белгілі  бір  таптың  мүддесі  емес,  ел 
мұңы,  ел  шері,  ел  зары,  ел  кегін  жырлаған  Міржақып  Дулатов, 
заманымыздың  атақты  жазушы  Мұхтар  Әуезов  айтқандай  “жарқыраған 
әшекейімен,  Европалығымен”  тамсандырған  жыры  сұлу,  сезімі  сыршыл 
Мағжан,  терең  танымдық  ӛлеңдерімен,  асқақ  романтикалық  эпикасымен 
толғандырған  Шәкәрім,  қазақ  ой-санасының  аспанына  жарық  “күн” 
сәулесінің  нұрын  шашуды,  ӛлең  ӛнерінің  “толған  айы”  болуды  аңсап, 
ұлтының  ұлы  мұратын  алға  асыруға  ұмтылып,  поэзия  кӛгінде  жарық 
жұлдыздай  жарқырап  ӛткен  Сұлтанмахмұт  қазақ  әдебиетінің  “алтын 
кезеңінде” ӛмір сүріп, туған  әдебиетімізге қайталанбас туындылар сыйлады.   
 
4. Тәржіма-тәжірибе мектебі 

72 
 
 
ХХ ғасыр басында қазақ ақын-жазушылары томаға-тұйық күйде қалмай, 
жазба әдебиеті биікке кӛтерілген алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне кӛз 
салып, әдеби байланысқа түсе бастады. Әсіресе, орыс әдебиетінен үйрену кең 
етек жайғанын жоққа шығара алмаймыз. Оның ең бір жанды кӛрінісі аударма 
шығармалардың  кӛптеп  пайда  бола  бастауы  болатын.  Ендеше,  белгілі    бір 
кезең  әдебиетін қарастырғанда, кӛркем аударманың ӛрісіне кӛз жібермей ӛту 
мүмкін емес. Ӛйткені, аударма – жазба әдебиеттің ӛскелеңдігінің белгісі. Ол 
әдебиеттің  биік деңгейде дамуына әсер етіп, оған ӛзінің игі ықпалын тигізіп 
отырады.  Аударма тӛл әдебиетпен қатар ӛседі, әрқашан да бірінің жетістігі 
мен  кемшілігіне  екіншісі  ортақ,  екеуінің  тағдыры  үнемі  тығыз  байланыста 
болып келеді. 
ХХ ғасыр басында Ыбырай, Абай, Шәңгерей тәрізді алдыңғы толқынның 
осы  бір  тәржімашылық  қырын  дамытып,  тӛл  әдебиетіміздің  туын  жоғары 
ұстаған  аудармашылар  дүние  жүзілік  әдебиеттің  мәңгі  тот  шалмас  асыл 
қазыналарын, тамаша туындыларын туған халқына жеткізуге ұмтылды. Олар 
әлемдік  әдебиет  пен  мәдениеттің  озық  үлгілерін  қазақ  сахарасына  асқан 
шеберлікпен  таратты.  А.Пушкин  “Әдебиеттің  ең  бір  ауыры,  ең  бір  жақсы 
атақ әпермейтін түрі” деп бағалаған аударма саласында Ахмет Байтұрсынов, 
Шәкәрім  Құдайбер-диев,  Мағжан  Жұмабаев,  Сәбит  Дӛнентаев,  Спандияр 
Кӛбеев, Бекет Ӛтетілеуов сынды шеберлер еселі еңбек етті. Бұл ретте осы сӛз 
зергерлері  тәржімалап  шығарған  “Қырық  мысал”  (1909),  “Үлгілі  тәржіме” 
(1910),  “Үлгі  бала”  (1912),  “Жиған-терген”  (1914),  “Дубровский  әңгімесі”, 
“Боран”,  сияқты  кітаптар  мен  шығармалар  әдебиетіміздің  асыл  қорына 
қосылған асыл інжу-маржандар екенін айтуға тиістіміз. 
Әдебиетшілер  аудармаға  неге  кӛп  қалам  тартты  дегенде,  М.О.Әуезовтің 
Абайдың  аудармашылығы  жайлы  айта  келіп:  “Барлығын  да  ӛз  жүрегіне 
түсінікті, ӛз халқына жанасатын, ӛзінің әлеуметтік мұң-арманына тап келетін
қиялына  үйлесетін  ерекше  бір  жақындығы  болғандықтан  аударды. 
Аудармалар ақынның ӛз жүрегінен толқып шыққан қайғылы шердің айнасы, 
толас-тынысы  сияқты  болады”,  –  деген  сӛздері  жауап  болып  табылады. 
Шәкәрім,  Ахмет,  Бекет,  Спандияр  тәрізді  озық  ойлы  әдебиетшілерді 
толғандырған 
заманының 
залалды 
мәселелері 
әлемдік 
әдебиет 
қайраткерлерінің  де  мұң-арманымен  астасып  жатты.  Сондықтанда  олар 
әлемдік  әде-биеттегі  озық  үлгілі  шығармаларға  назар  салып,  ӛз  кӛкейіндегі 
кӛп  сұраққа  жауапты  сол  шығармалардан  тапты.  Сол  биік  кӛркемдікпен, 
терең  оймен,  асқан  шеберлікпен  жазылған  шығармалардағы  азатшыл  ойды, 
күрескерлік  қабілетті,  рухани  жан  тазалығын  ӛз  оқырманына  жеткізу  үшін 
қолына  қалам  алды.  Сӛйтіп  әлемдік  әдебиет  пен  қазақ  әдебиетінің  арасына 
алтын кӛпір салды. 

73 
 
ХХ  ғасырдың  басында  “Оян,  қазақ!”  деп  жар  сала  келген  жазба 
әдебиетімізге  ӛз  мақсатын  жүзеге  асыру  үшін  жаңа  түрлер,  жанрлар  қажет 
еді. Оларды бірден игеріп кету, әрине, қиын болатын. Сондықтан бұрыннан 
дәстүрі қалыптасқан биік межедегі ӛзге әдебиетке еліктеу қажеттілігі ӛзінен-
ӛзі  келіп  туды.  Бірақ  бұл  құрғақ  еліктеу  емес,  үйрене  отырып,  ӛзіндік  жол 
табуға  ұмтылған  ізденісті  еліктеу  еді.  Ӛзге  шығармаларды  аудара  отырып, 
әлемдік  әдебиетте  қалыптасқан  кӛркемдік  әдіс-тәсілдерді  игерді,  тӛл 
әдебиетімізді жаңа жанр, соны түрлермен молықтырды. 
Абай,  Ыбырай  салып  кеткен  сара  жолды  жалғастыруда  Абайдың  шәкірт 
інісі  Шәкәрімнің  еңбегі  ӛте  зор.  Ақын  1908-1909  жылдары  орыстың  ұлы 
ақыны 
А.С.Пушкиннің 
“Дубровский” 
мен 
“Боранын” 
аударды. 
А.С.Пушкиннің қара сӛзді шығармаларын аудару тәжірибесі бізде бұрыннан 
бар болатын. Оның алғашқы талпынысы 1903 жылы жасалған-ды. Осы жылы 
фольклорист,  этнограф,  аудармашы  Молданияз  Бекімов  А.С.Пушкиннің 
“Капитан  қызы”  повесін  1901  жылғы  басылымнан  аударып,  Қазандағы 
Харитоновтар  баспасынан  шығарды.  Автор  ӛз  аудармасына  негізінен  Петр 
Гринев пен Мария Миронова арасындағы махаббат хикаясын арқау етіп, оған 
Пугачев  қозғалысын  қосып  ықшамдап  аударған.  Сӛйтіп  48-беттік  шағын 
шығарма етіп шығарған. 
Кейбір  зерттеушілер  бұл  қысқарту  аудармашы  еркінен  тыс  болған  нәрсе 
деп  біледі.  1901  жылғы  “Капитан  қызы”  ӛзі  осылай  ықшамдалып  шықса 
керек. Аудармашы бұл кӛрнекті туындыны әрі нақты, әрі түпнұсқаға жақын 
етіп  беруге  тырысқан.  Және  онда  Пушкиннің  негізгі  мақсаты  –  бостандық 
сүйгіш рух айқын танылады. Повесть сол кездегі қазақ оқырманына түсінікті, 
қарапайым да кӛркем тілмен аударылған.  
Аударма тарихын зерттеуші З.Тұрарбеков: “Ол (Молданияз Бекімов. Ӛ.Ә) 
орыс  әдебиетінің  тарихы  және  кӛркемдік  мәні  ӛшпейтін  классикалық 
шығармасын  қазақ  даласында  сӛйлету  арқылы  мұндай  азаткерлік  идеяны 
насихаттайтын тӛл туындылардың тууына із салды”, – деп, азаттық ойды алға 
жетелеген  мән-мағынасын  ашады.  Бір  сӛзбен  айтқанда  М.Бекімовтің  бұл 
аудармасы  ӛз  кезіндегі  әлеуметтік-тарихи  маңызы  зор  еңбек.  Ол  ӛзінен 
кейінгі Пушкин творчествосына қызығушылықтың бастау кӛзінде тұрды. 
Шәкәрім  шығармашылығы  осы  бір  дәстүрді  әрі  қарай  ӛрістетті  және 
ӛзінше  дамытып,  ӛзгеше  жетілдірді.  “Шәкәрім  арқылы  орыс  ақыны  қыр 
қазағына  қыр  кӛрсетпей  қадірлісіндей  құшағын  ашады”  –  деп,  зерттеуші 
Б.Әбдіғазиев  айтқандай,  Шәкәрім  аудармалары  арқылы  А.С.Пушкин  таза 
қазақ тілінде тӛгіліп түскен ӛлең жолдармен сӛйлеп қоя берді.  
Шәкәрім аудармалары қазақ тәржімә тәжірибесіндегі ӛзгеше бір құбылыс 
болып саналады. Ол Пушкиннің қара сӛзбен жазған шығармаларын ӛлеңмен 
аударып,  тӛл  туындыдағы  сюжет  пен  оқиға  құрылымына  еш  зиян 
келтірместен, қазақ тілінде ӛлеңмен әсерлі түрде  ӛрнектеп берді. 

74 
 
Ӛлең  сӛзге  жаны  жақын,  қисса-дастандарды  ұйып  тыңдайтын  қазақ 
оқырманы  қара  сӛзді  шығармадан  дастан  жазып  шыққан  Шәкәрім 
шеберлігіне  тәнті  болмай  тұра  алмайды.  Шығарма  кейіпкерлері  қазақы 
тілмен  сӛйлеп,  қазақ  оқырманымен  еркін  тілдеседі.  Ақын  аудармаларында 
қазақ    ұғымына  жақын,  тұрмысына  сай  теңеулерді,  тіркестерді  қолдана 
отырып, тың тынысты, кӛркемдік бедері айқын шығармалар жасады. Сӛйтіп 
әлемдік  Пушкин  аудармалары  қорын  қазақ  елінен  келіп  қосылған  жаңа 
тұрпатты аудармалармен байытты. Қара сӛзді шығарма, ӛлең ӛрнегіне түсіп, 
жаңаша құлпырды.  
Шәкәрімнің  орыс  ақын-жазушыларының  ішінен  Л.Н.Толстойды  қадыр 
тұтып, ұстаз  санағаны белгілі. “Танбаймын  шәкіртімін Толстойдың” деген 
сӛздері  –  бұған  куә.  Ол  әсіресе  ӛмірінің  соңғы  жылдарында  Толстойдың 
туындыларымен  кӛбірек  сырласып, рухани жақындық  іздеген. Сондықтанда 
оның  шығармашылығына  қатты  кӛңіл  бӛліп,  ертегілерін,  әңгімелерін 
аударды.  Орыс  әдебиетінен  Шәкәрім  жасаған  тәржімалар  ХХ  ғасырдың 
басындағы  ұлт  әдебиеттерінің  қа-рым-қатынасына,  ӛзара  әсер  байланысына 
келіп қосылған жаңа арна болып табылады. 
Атап  айтар  бір  жағдай  қазақ    аудармашылары  кӛбіне  мысал  жанрын 
аударуға  ден  қойды.  Мысалды  ӛлеңмен  аударушылар  да  (А.Байтұрсынов, 
Б.Ӛтетілеуов  т.б.),  қара  сӛзбен  баяндаушылар  да  (Ә.Бӛкейханов,  С.Кӛбеев, 
С.Дӛнентаев) болған. Ӛлеңмен аударудың хас шебері – Ахмет Байтұрсынов. 
Ол  И.А.Крыловтың  мысалдарын  аударып,  1909  жылы  Петербургте  “Қырық 
мысал” деген атпен бастырып шығарды. 
И.А.Крыловтан  Абайдың  да  аударғаны  белгілі.  Абай  орыс  ақынының 
мысалдарын  кӛркемдігі  мен  поэтикалық  қуатына  қарай  талғай  да  таңдай 
отырып аударса, және дәлме-дәл аударуға тырысып, ақындық жарысқа түссе, 
Ахмет ӛзгеше бағыт ұстанған. Ол кӛбіне мысалдың ішкі мағына-мәніне назар 
аударып, ӛз ұлтының тұрмыс-тіршілігіне жақын, ұлтының санасын оятудың 
ӛзекті мәселелерін кӛтеруге жарайтын мысалдарды іріктей отырып таңдады. 
Сондықтан  ол  тәржіма  жасаған  мысалдар  тӛл  туындыдай  қабылданып,  ел 
азаматтарының  алдына  салауатты  сауалдар  қойып,  кӛкейдегі  кӛп  сұраққа 
жауап та берді. Ахмет үшін мысал күрескерлік жолындағы ең бір ӛтімді қару 
ретінде  пайдаланылды.  Ӛйткені  ондағы  айтылар  ой,  тұжырымдалған  түйін 
қабылдауға  жеңіл,  әрі  қызғылықты  сюжет  арқылы  тез  оқылып,  есте  ұзақ 
сақталады.  Ахаң  аудармасында  Крылов  жасаған  түйіннен  алшақтап  кетіп 
отыратын,  кейде  Крыловта  берілмеген  тұжырымды  ӛз  жанынан  қосып, 
ӛзгеше  бір  қорытынды  жасайтын  тұстар  жетерлік.  Мұның  себебі  қалайда 
ұлтын  азатшылдыққа  үндеген  үнін  жеткізуге  деген  ұмтылыс.  М.О.Әуезов 
“Қырық мысалды” “қалың қазақ  жұртшылығының алғашқы естіген тӛңкеріс 
рухындағы  сӛзі”,  -  деп  бағалаған.  Ұлы  жазушы  Ахмет  Байтұрсыновтың 

75 
 
И.А.Крылов  мысалдарын  аударғанда  азаттықты,  бостандықты  насихаттауды 
кӛздегенін және ол осы мақсат үдесінен шыға білгенін тап басып таныған.  
Ахмет  Байтұрсынов  кӛбіне  мазмұн  қуып,  кӛркемдік,  эстетикалық 
мақсұттарды  сырт  қалдырды  деуге  болмайды.  Ахаң  мысалдың  тілдік 
сапасына,  ӛлең  ӛрнегіне  қатты  кӛңіл  бӛліп,  кӛркемдік  бейнелегіш 
құралдарын  әсте  естен  шығармаған.  И.А.Крыловтан  Спандияр    Кӛбеевте, 
Бекет Ӛтетілеуов те аударма жасағаны белгілі. Әртүрлі деңгейде аударылған 
аттас мысалдар қазақ аудармашыларында кездесіп отырады. Мәселен: “Аққу, 
шортан  һәм  шаян”, “Ат пен есек”, “Қасқыр мен тырна”, “Қасқыр мен қозы”, 
“Шал мен ажал”, “Айна мен маймыл”, “Маймыл мен кӛзілдірік” мысалдарын 
Спандияр  Кӛбеев  те,    Ахмет    Байтұрсынов  та  аударған.  Абай  тәржімалаған 
“Ала  қойлар”,  “Есекпен  бұлбұл”,  “Қарға  мен  түлкі”,  “Емен  мен  қамыс 
(шілік)”, “Бақа мен ӛгіз” мысалдарын Ахаң да аударған. 
Бекет Ӛтетілеуов, Спандияр Кӛбеевтің мысал аудармалары жайлы арнайы 
зерттеулерде  қаралып  келсе,  Ахмет  Байтұрсыновтың  аудармашылығы  енді 
ғана  әдебиеттану  ғылымында  сӛз  бола  бастады.  Аханның  сан  қырлы 
талантының  осы  бір  қырына  жан-жақты  тоқтала  келіп,  Ш.Сәтбаева: 
“И.А.Крыловтың    қазақ  тілінде,  тіпті,  Орта  Азияда  десе  де  артық  емес, 
тұңғыш жеке кітап болып бастырылуы еді…” деп, Ахметтің “Қырық мысал” 
жинағын жоғары бағалайды. 
“Қырық  мысалды”  аударғанда  Ахмет  күрескерлік,  ағартушылық 
идеяларды  алға  тартуына  байланысты  кӛбіне  еркіндеу  кетіп  отырса, 
Лермонтов,  Надсон,  Жадовскаядан  жасаған  аудармаларында  ол  кӛркемдік 
заңдылықтарға қайшы келмей, түпнұсқаға мейлінше жақын болуын қалайды. 
Бәлкім, Ахаң бұл тұста ӛзге халықтың кӛркемдік мұрасын насихаттап, ӛзінің 
туған әдебиетінің кәдесіне жарарлық үлгі-ӛнеге таратуды да кӛздеген болар. 
Қазақ  әдебиетіндегі  қайталанбас  кӛркем  аудармалар  Мағжан  қаламынан 
да  туған.  Ӛлең  аудару  –  жарысқа,  ӛнерпаздық  бәсекеге  түскенмен  бірдей 
екенін кезінде В.Жуковский ескерткен. Ӛйткені ӛлең-жырда әр сӛзге балама 
тауып  қою  ғана  жнткіліксіз,  кӛркемдік  тұрғыдан  да  тәржіма  жасап  отырған 
ақыныңнан  мысқылдай  кем  түспеуің  керек.  Міне,  осы  жағынан  келгенде 
сүйікті Мағжан сүйсіндірмей, тамсандырмай тұра алмайды. 
М.Жұмабаев  тәржімаларының  ауқымы  ӛте  кең.  Ол  орыс  ақындарын  ғана 
емес,  ӛзге  жұрт  ақындарында  аударған.  “Орман  патшасы”  ӛлеңнің  астына 
“Гете  –  Жуковскийден”  деген  қосымша  атау  келтірген.  Аудармалар  – 
ақынның творчестволық ізденістерінің айғағы. Гетеден аударған “Айрылдым, 
сенен  жан  сәулем”  атты  ӛлеңде  Мағжан  ұлы  неміс  ақынының  ғашығына 
арналған монологындағы трагедиялық лиризмнің шетін сетінетпей жеткізген. 
Махабаттың  мұңды  әуезін  Гейненің  “Күннің батуы”  ӛлеңінің  аудармасынан 
да сезінеміз.  

76 
 
Лермонтовтың “Сарғайып келген егін толқынданса” деген ӛлеңін аударған 
Мағжан  табиғат  пен  адам  жарастығынан  керемет  үйлесімдік  тауып,  жеріне 
жеткізе жырлайды. Орыс ақынының ӛлеңіндегі жанды сурет қазақ ақынының 
тәржімасында түпнұсқадан кем түспестей бейнеленген.  
М.Ю.Лермонтовтың  “Тұтқын”  ӛлеңінің  аудармасы  –  Мағжанның  орыс 
тілінің  небір  қыр-сырын,  сан  құбылған  иірімдерін  жетік  білетін  және  сол 
тілдің  қазақ  тіліндегі  баламаларын  дәл  тауып  қолданатын  шынайы  шебер 
екендігінің  нақты  айғағы.  Жуковский  айтқан  ӛлең  аудармасындағы  хас 
таланттардың  дүлділ  жарысын  осы  аудармадан  тануға  болады.  Түпнұсқа 
авторының  кескінді  бейнелері,  жанды  суреттері  Мағжан  аудармаларында 
қазақ оқырманының кӛз алдына сол қалпы келе қалады.  
 
Лермонтов:  
“На коня потом вскочу, 
В степь как ветер улечу”  – десе, 
Мағжан:  
 
Сонан соң ырғып жүйрікке,  
Желдей ұшып гулейін, – 
 
деп, орыс ақынының сӛз ӛрнегін, тіл кестесін дәлме-дәл түсіреді. 
А.Феттің  “Шепот,  робкое  дыханье”  деп  басталатын  атақты  ӛлеңін 
М.Жұмабаев еркін аударма үлгісімен аударған. Аудармаға “Біраз Фетше” деп 
тақырып  қойылуы  осыны  меңзесе  керек.  Еркін  аударма  болғандықтан  да 
ӛлең  кӛлемі  түпнұсқадан  екі  есе  ұлғайған.  Алғашқы  және  соңғы  шумақтар 
араластырыла аударылған. 
 
Жүрек мас, 
Кӛзде жас… 
Екі жан – 
Ыстық қан. 
Жан ессіз, 
От сүйіс. 
Күбір, 
Сыбыр, Тұман. 
Таң, Таң! 
 
Ақындарды ортақ тақырыпқа қалам сілтеткен бар тілге түсінікті, “Кӛзбен 
кӛріп,  ішпен  білетін”  Махаббат  әлемі.  Мағжан  ӛлеңдеріне  тән  сезім  мен 
тылсым сырлардың бейнелі де бедерлі суреттері, сезім бұлқынысының сәттік 
құбылыстары ӛлеңнің ӛн бойынан нұр шашып тұр. Тақырып атауы болмаса 
Мағжанның ӛз ӛлеңі деп қабылдауға әбден болғандай. 

77 
 
Блок,  Фет  творчестволарымен  таныса,  тәржіма  жасай  отырып,  солардың 
рухында ӛлең жазған Мағжан ақын қазақ поэзиясына соны сипат, европалық 
үлгімен астасқан ӛзгеше ӛрнек әкелді.  
Жүсіпбек 
Аймауытов 
әйгілі 
“Мағжанның 
ақындығы 
туралы” 
мақаласында:  “Мағжан  еліктегіш  ақын,  Еліктеу  –  ақынға  мін  емес,  қандай 
кӛрнекті  ақындар  да  алдыңғы  ақындарға  еліктемей  жаза  алмаған.  Романтик 
Мағжан символистерге, кейде сентименталистерге, орыс ақындарына еліктеп 
жазса,  бұл  алданғандық,  не  адасқандық  емес,  іздену  соқпағына  ӛзін-ӛзі 
салып, сан түрлі сырлы саздарды қазақ поэзиясына әкелу әрекеттерінің басы 
еді.  Орыс  поэзиясындағы  сол  кездегі  әр  түрлі  ағымдар  бағытын  Мағжан 
жақсы  бағдарлап,  қазақ  поэзиясына  енгізген…”  деп  жазады.  Мағжан 
аудармалары  ӛлеңмен  ғана  шектеліп  қалмайды.  Ол  М.Горькийдің  “Сұңқар 
жыры”,  “Жұртын  сүйген  жүрек”  (“Старуха  изергиль”),  “Ана”,  “Темірді 
жұмсартқан ана”, “Хан мен ұлы” әңгімелерінде қазақша тәржімалады. 
Мағжан  романтизмінің  түп  тӛркіні  Батыстағы  Байрон,  Гейне, 
А.Мыцкевичтен,  Ресейдегі  Пушкин,  Лермонтов,  Баратынский,  А.Блок, 
М.Горькийден  келіп  шығады  деген  Жүсіпбек  пікірі  шындыққа  жанасымды 
екенін Мағжан шығармашылығы дәлелдеп отыр. 
Романтизм  демекші,  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінде  сыншыл 
реализммен  қабаттаса  осы  әдісте  ӛзіндік  деңгейде  кӛрініс  тапты.  Кейінгі 
кезде  біз  бұл  әдісті  тек  Мағжан  шығармашылығына  қатысты  сӛз  қылып 
жүргенімізбен, ол кӛптеген творчесвтолық тұлғалардың шығармашылығынан 
берік  орын  тепті.  Мәселен  Шәкәрімнің  кең  құлашты  “Еңлік-Кебек”, 
“Қалқаман-Мамыр”  эпикалары,  Сұлтанмахмұттың  “Кеш”,  “Жазғы  қайғы”, 
“Түсімде”,  “Жас  жүрек”  ӛлеңдері  асқақ  романтизмнің  озық  үлгілері  болып 
табылады. Сұлтанмахмұттың “Жас жүрек” деген ӛлеңіндегі: 
 
Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның
Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнін
Тәтті үміттен қиялы сәуле беріп
Ұйықтатпайтын толқынның жойдың бәрін… 
Жиіркеніп, кӛргің келмей ӛзіңді ӛзің, 
Қамығып неге осынша құрыды әлің? 
 
деген  жолдар  аяулы  ақынның  биік  романтикалық  шабытының  бет-бедерін 
айқындап тұр. 
ХХ ғасыр басындағы әдебиетіміздің дүниежүзілік әдебиетпен байланысын 
айтқанда, 
Мағжан 
поэзиясындағы 
сентиментализм, 
символизм 
сарындарының  сол  байланыс  арқылы  енгенін  атауымыз  қажет.  Аударма 
жасау  барысында  Мағжан  орыс  символистерінен  ӛзіне  жаңа  ӛрнек,  үлгі 
іздеген.  Жаңашылдыққа,  әсемдікке  жаны  құмар  ақын  ӛзі  аударған 

78 
 
шығармалардан  қазақ  құлағына  тосын  естілетін  жаңа  тараптарды,  сӛз 
тіркестерін,  ішкі  мағынаны  іздеп  табады.  Оны  әрлеп,  жаңғыртып, 
жандандырып оқырманына жатсынбастай етіп ұсынады. 
“Қазақ  әдебиетіне  Мағжанның  кіргізген  жаңалығы  аз  емес,  орыстың 
символизмін  (бейнешілдігін)  қазаққа  аударды,  ӛлеңді  күйге  (музыкаға) 
айналдырды,  дыбыстан  сурет  туғызды,  жаңа  ӛлшеулер  шығарды. 
Романтизмді  күшейтті,  тіпті  ұстартты”  –  деп,  Жүсіпбек  Аймауытов 
бағалағандай, Мағжанның тӛл шығармалары, аудармалары қазақта бұрыннан 
бар  әдістер  мен  тәсілдерге  символизм,  сентиментализм  ағымдарының 
элементтерін енгізіп, европалық әшекейімен безендіре түсті. 
Сонымен  тәржімалар  арқылы  әдебиетшілеріміз  орыс  және  әлем 
әдебиетінің  озық  үлгілерімен  қазақ  оқырманын  таныстыра  отырып,  қазақ 
тілінің  мол  мүмкіндіктерін  де  ашуға  тырысты.  ХХ  ғасыр  басында  жасалған 
тәржімалар  әдебиетті  кең  ӛріске  шығарып,  ӛз  бетімен  ізденуге  жол  ашты. 
Прозадағы  сан-салалық  тереңдік,  суреткерлікке  баса  мән  беріліп,  ӛлеңдегі 
әуезділік,  ырғақ,  ұйқас,  айшықтау,  құбылту,  бейнелеу  тәрізді  поэзияның 
кӛркемдік  құралдары  жетілдіріліп,  поэзия  құдіретін  айқындайтын  әдіс-
тәсілдердің  әлем  әдебиеті  жеткен  ӛресіне  бағыт  ұстау  қазақ  әдебиетін  жаңа 
бір белеске шығарғандай еді. 
 
5. Жаңа жанрлардың ӛркен жая бастауы 
 
ХІХ  ғасырдағы  Абай  қара  сӛздерінің,  Ыбырай  әңгімелерінің  ізімен  ХХ 
ғасырдың басында қазақ ұлтының  болмысын қара сӛзді шығармалар арқылы 
суреттеуді  мақсат  тұтқан  Міржақыптың,  Спандиярдың,  Сұлтанмахмұттың 
ұмтылыстары  ӛз  нәтижесін  бермей  қалған  жоқ.  Қазақ  прозасының  қанатын 
кеңге жая бастағанының куәсіндей роман жанры дүниеге келді. 
Қазақ  қаламгерлері  ұлтымыздың  басындағы  қасіретті  жағдайларды 
шығармаларына  басты  тақырып  етіп  алып,  оларды  мейлінше  терең  ашып 
кӛрсетуге  тырысты.  Шағын  ӛлеңнен  гӛрі  кӛлемді  шығармада  сол  тұстағы 
“дертті  мәселелерді”  кең  тыныспен  жазуға  болатындығына  сенім  молайды. 
Қазақтың  зиялы  қауымын  толғандырған  білім,  ғылым,  ӛнер,  ӛркениет 
мәселелері,  отаршылдық  еріксіз  ермек  еткізген  партиягершілік,  ӛз  індетіміз 
әлеуметтік  теңсіздік,  ӛзге  жұрттан  кейін  қалған  қараңғылық  жас 
прозамыздың маңдайалды туындыларынан кӛрініс тапты. Мұнда әсіресе сол 
бір  тұстағы  ең  ӛзекті  мәселе  ретінде  әлеуметтік  теңсіздіктің  нақты 
белгісіндей әйел теңсіздігін ӛзек еткен шығармалар кӛзге ерекше шалынады.  
Міржақып  Дулатов  жазған  қазақ  әдебиетіндегі  алғашқы  роман  – 
“Бақытсыз  Жамал”  1910  жылы  дүниеге  келді.  Оған  қанаттаса  ӛздері  роман 
деп  атаған  Т.Жомартбаевтың  “Қыз  кӛрелік”  (1912),  М.Кәшімовтің  “Мұңлы 
Мәриям”  атты  ұзақ  әңгімелері,  С.Кӛбеевтің  “Қалың  мал”  (1913), 

79 
 
С.Торайғыровтың “Қамар сұлу” (1914) романдары жарыққа шықты. Бұл ХХ 
ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі роман жанрының тууы мен ол жолдағы 
кӛркемдік  ізденістер  кӛрінісі  еді.  Бұлардың  ішінде  “Бақытсыз  Жамал”, 
“Қалың  мал”,  “Қамар  сұлу”  сияқты  романдар  –  жас  прозамыздың  даму 
деңгейін  белгілейтін,  кӛркемдік  деңгейі  жанр  талабына  жауап  беруге 
біршама жарарлық шығармалар.  
Бұл туындылардың басты кейіпкерлері Жамал, Ғайша, Қамар бейнелері – 
сол тұстағы қазақ қыздарының іс-әрекетін, мінез-құлқын, толымды бейнесін 
тануға мүмкіндік беретін типтік образдар. 
Осынау шығармаларды тек бір тақырыптың аймағында қалып қойған деп 
қарауға 
болмайды. 
Авторлар 
ӛздері 
роман 
деп 
айдар 
таққан 
шығармаларында,  жанрдың  жүгіне  сай  қазақ  қоғамының  ӛздері  суреттеп 
отырған  кезеңдегі  тыныс-тіршілігін,  салт-дәстүрін,  ұғым-танымын,  жаңа 
заман  кӛшіне  ілесе  алмай  жатқан  ескі  әдет-ғұрыптың  кесір-кесепатын 
кеңінен  ашуға  ұмтылды.  Сӛйтіп  ӛзі  ӛмір  сүрген  дәуірдегі  ӛмір  шындығын 
реалистік түрде кӛркемдік шындықпен ұштастырған. 
Әрине,  ХХ  ғасырдың  басында  жазылған  шығармалардың  кӛркемдік 
деңгейлері  әркелкі  екені  белгілі.  Ақынның  не  жазушының  білімі  мен 
біліктілігіне, таным ӛрісіне, шығармашылық шеберлігіне сай түрлі деңгейде 
жазылуы заңды да. Ӛйткені ол кезде прозамыз үйрену, қалыптасу сатысында 
еді.  Ал  олардың  ортақ  жетістігі  бұл  шығармалардың  роман  жанрының 
алғашқы қарлығаштары болуымен бірге, замана шындығын ашып кӛрсетуде 
ілкі қадам жасап, прогресшіл ой-пікірді дәл уақытында айта біліп, ұлттық сӛз 
ӛнерінің  қажетіне  жарап,  кейінгі  ӛскелең  прозамыздың  дамуына  игі  әсерін 
тигізуінде. 
Жаңа  ғасыр  басындағы  ӛзекті  мәселелерді  кӛркем  ӛнерде    бейнелеуге 
әдебиетіміздегі  тың  да  тосын  жанрлардың бірі  драматургия  қосылды.  Қазақ 
драматургиясының  тырнақ  алды  туындылары  жазылған  сәттен-ақ 
қолданысқа  түсіп,  далалық  сипаттағы  шағын  сахналарда  қойыла  бастады. 
Әрине, олардың жанр талабына сай болуы мен режиссуралық қойылымының 
жүйелілігі ӛз алдына басқа әңгіме. 
Әйтсе де қай ұлттың болмасын қазіргі кемелденген драматургиясы бүгінгі 
күйінде  ӛмірге  келе  қоймағаны  белгілі.  Қазақ  драматургиясы  да  бүгінгі 
жеткен  биігіне  сан  қилы  шырғалаң  шиырлар  арқылы  келді.  Мүнда,  ең 
алдымен,  Б.Серкебаев  аты  ауызға  ілінері  сӛзсіз.  Оның  қолжазба  күйіндегі 
пьесалары – “Жер дауы” (1912), “Қызыл бұзау” (1913), “Бақсы” (1914), “Әйел 
теңдігі” (1915), “Ғазиза” (1915) белгілі болған.  
Бұл  туралы  белгілі  әдебиетші  ғалым  Рымғали  Нұрғалиев  “Ертеректе 
әртүрлі  той-томалақта  сауық-кештерінде  “Ғазиза”,  “Жер  дауы"  …қолжазба 
күйінде  тараған  шағын  пьеса,  инценировка  үлгілері  қойылып  жүрген. 

80 
 
Надандықпен күрес, теңдік мәселесі – бұлардың ортақ тақырыбы”
32
, – дейді. 
Бірақ бұлар баспа бетін кӛрмеген. Олардың тақырыбы  – әйел теңдігі, елдегі 
дүмше молда, бақсы-баргерлердің халықты алдауы, надандық торына түскен 
қарапайым халық тағдыры. “Бақсы” пьесасына – жас баланы емдемек болып, 
дәрі  орнына  тотияын  беріп  соқыр  еткен  бақсы  надандығы  арқау  болса, 
“Ғазизада” – қыз тағдырының қиындығы сӛз болып, Ғазиза атты кейіпкердің 
замана  қасіретінің  құрбанына  айналуы  кӛрсетілген.  “Жер  дауы”  пьесасы 
қазақтың  ең  бір  дертті  мәселесі  –  жер  дауына  арналған.  Онда  Жұман  деген 
байдың кедей жатақтарға кӛрсеткен зорлығы, оардың еш әділет таппауы. Екі 
жақты  езгідегі  қиын  тағдыры  кӛрсетілген.  Бұл  пьесада  ағартушы-
демократтар қолдаған отырықшылдық идеясы кӛтеріледі. 
Кезінде  жарық  кӛрген  бірді-екілі  пьесалар  да  бар.  Бұлар  –  Кӛлбай 
Тоғысовтың  “Надандық  құрбаны”  (1915),  Алматы  уезінің  начальнигі 
А.И.Лихановтың  “Манап”  драмасы  (1913).  К.Тоғысов  пьесаны  жазуға  негіз 
болған  жағдай  туралы  “Қайғы”  деген  атпен  “Айқап”  журналына  шағын 
мақала  жариялаған.  Мұнда  автор  сол  уақыттағы  қазақ  арасындағы  әдет-
ғұрыптың зиянды жақтарын, бақсы-балгерлердің жалған ем-домынан кӛрген 
ел  азабын,  ауыл  ӛмірінің  сорақы  кӛріністерін  әшкерелеп  пьеса  жазғанын 
айтады.  Ӛз  ойын  қорыта  келіп  автор:  “Міне  осындай  қырда  болып  жатқан 
кӛп  надандықтың  бірлі  жарымын,  қолдан  келгенше,  ойын  кітабына  (пьеса) 
жазып,  қазақ  жастарына  ұсынғым  келеді.  Қазақтарға  ойнап,  ӛз  кӛздеріне 
кӛрсетсе,  мұндай  надандық  жолдан  құтылар  деп  үміт  қыламыз”,  –  деп, 
пьесаны жазудағы кӛздеген негізгі мақсатымен таныстырады.  
“Надандық  құрбаны”  қазақтың  кейбір  ескілікті  ғұрыптарының  ішкі  сыр-
сипатын әшкерелеп, халықтың сана-сезімін улап келген дүмше молдалардың 
жұғымсыз  іс-әрекетін  сынау  мен  әшкерелеуді  басты  проблема  етіп  қойған 
елді  ағартушылық  ӛнер  білімге  шақыру  мақсатын  ұстанған  ағартушылық 
бағыттағы шығарма.  
Бұл  пьеса  туралы  сыншы  Б.Қүндақбаев:  “Н.Островскийдің  “Найзағай” 
пьесасындағы Катеринаның ӛмір қорлығына шыдай алмай ӛзенге батып ӛлуі 
мен  ынжық  Тихонның  әйелі  ӛлгеннен  кейін  Кабаникаға  –  “оның  түбіне 
жеткен сіз ғой шешетай, сіз…” деген бір ауыз сӛзін сол уақыттағы қоғамдық 
болмысқа  қарсылық  білдіру  деп  түсінсек,  “Надандық  құрбаны” 
кейіпкерлерінде де осындай белгілер бар”, – деп, ӛте қызықты салыстырулар 
жасайды.  
“Надандық құрбаны” пьесасы ӛмірдегі шындық оқиғадан туған. Автор әл-
қадырынша  осы  шындық  оқиғаны  ӛз  шығармасына  арқау  етіп,  кӛркемдік 
шындыққа  айналдыруға  ұмтылған.  “Бұл  драманың  бірнеше  қаһармандары 
осы  күнде  де  тірі”  деген  Кӛлбай  алғысӛзі  –  бұған  дәлел.  Пьесса  авторы  ӛз 
кейіпкерлері  жас  бала  Жақыптың  шешектен,  Майсараның  босана  алмай, 
                                                 
32
 Нұрғалиев Р. Қазақ драматургиясы.- Алматы, 1974. 3-4 б
 

81 
 
бақсы таяғынан ӛлуін қазақ надандығының дәлелі ретінде береді. Пьессаның 
бір  желісі –  әйел  тағдырымен  ұштасады.  Байжан  байдың үш  әйел үстіне  16 
жасар  Хадишаны  айттыруы,  Хадиша  мен  Аспандиярдың  тағдырының 
қосылмауы – әйел теңсіздігін кӛрсету деген талпыныс.  
Жалпы  “Надандық  құрбаны”  пьессасы  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  осы 
жанрдағы  алғашқы  туынды  болғандықтан  да,  шын  мәніндегі  драмалық 
шығарма  дәрежесіне  жете  алмауына  кешіріммен  қарауымыз  керек.  Қалай 
дегенде  де  Кӛлбай  Тоғысовтың  “Надандық  құрбаны”  пьессасы  –  тасқа 
басылып,  жарыққа  шыққан  қазақ  драматургиясындағы  тұңғыш  тәжірибе. 
Оның  надандық  негізін  әлеуметтік  теңсіздіктен  іздей  білген,  қат-қабат 
әлеуметтік мәселелерді осы жанр жүгіне айналдырған бұл саладағы алғашқы 
шығарма  екендігі  даусыз.  “Надандық  құрбанымен”  тұстас  баспасӛз  бетінде 
жарияланған  А.Н.Лихановтың  “Манап”  драмасы.  Бұл  драма  “Айқап” 
журналының  1913  жылғы  14-21  сандарында  Мұхамедғали  Есенгельдиннің 
аудармасымен басылды. “Манап” драмасы қазақ тақырыбына жазылған ӛзге 
ұлт  авторының  шығармасы  болғандықтан  да  “Айқап”  осыны  насихаттап, 
жариялаған.  Дегенмен  Лихановтың  бұл  дүниесі  орта  қолды  ғана  дүние  еді. 
Ӛмір шындығын тану тұрғысынан, эстетикалық, кӛркемдік сапа тұрғысынан 
тіптен  әлсіз  шығарма  болатын.  Қазақ  тұрмысынан  алынғанмен,  қазақ  салт-
дәстүрі бұрмаланған, қазақ ұғымында ұят-ерсі болып кӛрінетін қылықтарды 
шындық  ретінде  кӛрсетіп,  ұлттың  намысына  тиген  бұл  пьеса  ӛз  кезінде-ақ 
қазақ зиялыларының ӛткір сынына ұшырағанды. Сондықтан да бұл драмаға 
тоқталып жатудың қажеті шамалы. 
Жалпы  алғанда,  ХХ  ғасыр  басында  әдеби  ізденістердің  бір  кӛрінісі  осы 
жанрлық  тұрғыдан  баю  болып  табылады.  Мұнда  әсіресе  проза  жанрының 
дамуы  айрықша  кӛзге  шалынады.  Алғашқы  қадамдар,  жаңа  талпыныстар 
кейінгі ұлы үрдісті дамуға алып келді. 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет