Мазмұнын жаңарту мәселелері Республикалық on-line конференцияның материалдары


 Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие



жүктеу 2.23 Mb.
Pdf просмотр
бет14/23
Дата18.01.2017
өлшемі2.23 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

1. Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие 
Қазақстандық  патриотизм  –  елін  сүю  және  оны  басқару  ісіне, 
жалпыұлттық міндеттерді шешуге сындарлы қатысу қабілеті. 
Міндеттері 
Іске асыру механизмі 
Отанғақызмететудаярлығынқалыптастыру; 
құқықтық мәдениет тәрбиелеу; 
азаматтарға, билік органдарына құрметпен 
қарым-қатынас жасауды дамытуға ықпал 
ету; өз қадыр-қасиетін және социумдағы 
орнын сезінуді дамыту және т.б. 
Оқу пәндері, сабақтан тыс іс-
әрекеттер, қосымша білім беру 
арқылы. Ерлік, намыс және 
абырой тағылымдары. 
Патриоттық форумдар, 
акциялар. Оқушылардың 
Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік нышандары мен 
белгілерін білуге арналған 
байқаулар және олимпиадалар. 
2.Рухани-адамгершілік тәрбие 
Рухани-адамгершілік  тәрбие  қоғам  өмірінің  нормалары  және  салт- 
санасымен  келісілген  тұлғаның  өзіндік  санасын,  этикалық  қағидаттарын 
дамыту, оның адамгершілік қасиеттері мен ұстанымдарын қалыптастыру үшін 
жағдай жасауды болжайды. 
Міндеттері 
Іске асыру механизмі 
Тұлғаның 
адамгершілік 
қасиеттерін  қалыптастыруына 
ықпал 
ету; 
адамгершілік 
проблемаларды  шешу  білігін 
меңгерту; 
байланыс 
жасау 
бейімділігі  мен  мінез-құлық 
мәдениетін дамыту. 
Оқу пәндері мазмұнына құндылықтар - 
ды  кіріктіру  арқылы  оқытудың  тәрбиелік 
әлеуетін күшейту. 
Қосымша  білім  беру  мүмкіндіктерін 
кеңейту.  “Өзін-өзі  тану”  пәнін  оқытуды 
жетілдіру. 
Қоғамдық 
бірлестіктер, 
қозғалыстар  және  балалар  мен  жастар 
клубтарының іс-әрекетін жандандыру. 
Әлеуметтік,  қайырымдылық  жобаларды 
дайындау  және  іске  асыру,  волонтерлықты 
дамыту және т.б. 
3. Ұлттық тәрбие 
Ұлттық  тәрбие  –  Қазақстан  Республикасында  қазіргі  әлеуметтікмәдени 
жағдайлар  талап  етіп  отырған  тұлғаның,  азаматтың  және  патриоттың  ұлттық 
өзіндік  санасын  қалыптастырудағы  мақсатты  процесс.  Ұлттық  тәрбиенің 
феноменіне  үш  құрамдас:  балаларда  ұлттық  қадыр-қасиет,  ұлттық  мақтаныш 
және ұлттық намыстың өзара әсері есебінен қол жеткізіледі. 
Міндеттері 
Іске асыру механизмі 
4. Зияткерлік тәрбие 
Зияткерлік тәрбие – әрбір білім алушыға оның зияткерлік мүмкіндіктерін 
дамыту  мақсатында  зияткерлік  педагогикалық  көмек  көрсетуді  қамтамасыз 
ететін  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыру  формасы.  Тұлғаның  зияткерлік 
әлеуетін  дамыту  мақсаты  бәсекеге  қабілетті  ұлтты  моральдық,  мәдени  және 

123 
 
зияткерлік тұрғыдан қалыптастыруға бағытталады. 
Міндеттері 
Іске асыру механизмі 
Білімге  ұмтылысын 
дамыту, 
сыни 
тұрғыдан 
ойлауын 
қалыптастыруға 
ықпал  ету,  талдау 
қабілеттерін  дамыту 
және т.б. 
Оқу  пәндері,  элективті  курстар,  үйірмелер  және 
қызығушылығы  бойынша  сабақтар,  мектептік  және 
желілік  дебат  турнирлері,  оқушылардың  бірлескен 
жобалық  жұмыстары  арқылы.  Зияткерлік  ойындар, 
байқаулар,  тренингтер,  викториналар,  олимпиадалар, 
ғылыми-техникалық 
конференциялар. 
Дарынды 
мамандар және замандастарымен кездесулер және т.б. 
5. Еңбек тәрбиесі және кәсіби өзін-өзі анықтау 
Еңбек тәрбиесіеңбек ету, жоспарлау қабілеттілігін, материалдарды 
үнемді жұмсау, жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы ережелерін 
сақтау  білігі  мен  дағдысына  төселу,  келешектегі  мамандықты  дұрыс  таңдауға 
саналы қатынасын қалыптастырудан тұрады. 
Міндеттері 
Іске асыру жолдары 
Еңбекдағдысын,ұтқырлықты,іскерлікті 
дамыту; еңбек құралдарына құнтты 
қарау сезімін қалыптастыру; 
еңбексүйгіштік, табандылық, 
шыдамдылық қасиеттерін дамыту, 
мамандық таңдауға саналы қатынасын 
қалыптастыру және т.б. 
Технология сабақтарында еңбек 
тәрбиесі, қосымша білім беру, 
мектептентыс, сабақтантысіс-
әрекеттерарқылы. Сенбіліктер, 
кәсіпорындарға саяхаттар, 
тәлімгерлермен, жаңашылдармен, 
табысты кәсіпқорлармен кездесулер 
және т.б. 
6. Дене және психологиялық тәрбие, саламатты өмір салты 
Дене  тәрбиесі  дене  қабілеттерін  дамытуға,  ағзаның  функционалдық 
мүмкіндіктерін  кеңейтуге,  қозғалыс  дағдыларын  қалыптастыруға,  жігерлілік 
қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған. 
Адамның  тұлға  ретінде  психологиялық  даму  деңгейі  адамдағы 
сұраныстардың  мөлшерімен,  әртүрлілігімен  және  иерархиясымен  анықталады. 
Адамда  сұраныс  неғұрлым  көп  болса,  оның  психологиялық  даму  деңгейі 
соғұрлым жоғары. 
Саламатты  өмір  салты  денсаулыққа  адамзаттың  ең  жоғары  құндылығы 
ретінде  қарым-қатынасымен,  адамның оны  алға  қойған  өмірлік  мақсаттар  мен 
міндеттерді  орындаудың  тиімді  алғышарты  ретінде  қарастыруымен 
анықталады. 
Міндеттері 
Іске асыру механизмі 
Саламатты  өмір  салты  дағдыларын 
қалыптастыру; 
дене 
және 
психологиялық  саулығын  сақтау; 
суицидтің, 
зиянды 
заттарды 
қолданудың 
және 
компьютерлік 
ойындарға  тәуелділіктің  алдын  алу 
және т.б. 
Дене  тәрбиесі  және  саламатты  өмір 
салты  сабақтары,  оқу  пәндері,  қосымша 
білім  беру,  спорттық  секциялар  мен 
үйірмелер,  мәдени-көпшілік  шаралар, 
дәрістер, 
тренингтер, 
әңгімелер, 
психологиялық  диагностика  арқылы 
және т.б. 
7. Экологиялық тәрбие 

124 
 
Экологиялық  тәрбие  табиғатқа  құнтты  жауапты  қарым-қатынас 
қалыптастыратын экологиялық білім, білік, дағдылар, көзқарастар мен сенімдер 
жүйесін қалыптастыратын мақсатты, ұйымдастырылған процесс. 
Міндеттері 
Іске асыру механизмі 
Табиғатты 
сақтауда 
белсенді 
азаматтық 
көзқарас 
тәрбиелеу; 
табиғатқа  құнтты  қарым-қатынас 
қалыптастыру, 
оның 
байлығын 
еселеуге  ұмтылу;  өскелең  ұрпақтың 
экологиялық 
сауаттылығының 
жоғары деңгейін дамыту және т.б. 
Оқу  пәндері,  қосымша  білім  беру 
арқылы, 
туған 
өлке 
бойынша 
экспедицияларға,  туристік  жорықтарға, 
сенбіліктерге, 
мектепті, 
ауданды, 
қаланы 
көгалдандыруға 
және 
абаттандыруға, 
жасыл 
желек 
отырғызуға,  «Жасылел»  қозғалысына 
қатысу жәнет.б. 
8. Көпмәдениетті тәрбие 
Көпмәдениетті  тәрбие  ғаламдану  жағдайында  этникалық  картинаның 
алуан  түрлілігін  қолдауға  бейім.  Ол  этникалық  мәдениетті  сақтау  мен 
дамытудың,  олардың  құндылықтарын  тәрбие  беру  мен  оқыту  тәжірибесіне 
қосудың  және  білім  берудегі  өзекті  мәселелерді  шешудің  құралы  болып 
табылады. 
Отандық  тәжірибесін,  көпмәдениетті  және  мультимәдениетті  тәрбиенің 
әлемдік тәжірибесі туралы білуі. 
Міндеттері 
Іске асыру механизмі 
Мәдениетаралық қарым-қатынасты 
дамыту;  толеранттылық  және  ғаламдық 
ойлау 
біліктерін 
қалып- 
тастыру; 
көптілділікті 
дамыту; 
көпмәдениетті 
тұлға қалыптастыру; мектептің білім беру 
кеңістігін  тұлғаның  өзіндік  ұқсатуының 
көпмәдениетті ортасы ретінде құру. 
Оқу  пәндері,  қосымша  білім  беру, 
сабақтан  тыс  іс-әрекет  арқылы. 
Фестивальдер,  байқаулар,  тілдік 
және  мәдени  клубтар.  Қазақстан 
халқы 
Ассамблеясымен 
және 
этномәдени 
орталықтармен 
ынтымақтастық және т.б. 
9. Көркем-эстетикалық тәрбие 
Көркем-эстетикалық  тәрбие  адамда  шынайылыққа  мақсатты 
эстетикалық  қарым-қатынас  қалыптастырады.  Тәрбие  процесінде 
индивидтердің құндылықтарға тартылуы, олардың ішкі рухани мазмұнға 
ауысуы  болады.  Көркем-эстетикалық  тәрбие  адам  шығармашылығының 
түрлі салаларында қажет барлық рухани қабілеттерін үйлестіреді. 
Міндеттері 
Іске асыру механизмі 
Эстетикалық тәрбие 
құралдары арқылы 
көркемдік талғам 
қалыптастыру; эстетикалық 
тәрбие әдістері мен 
принциптерін дайындау 
және т.б. 
Оқу  пәндері,  қосымша  білім  беру,  сабақтан  тыс 
іс-әрекеттер арқылы.Үйірмелер, әдеби клуб, КТК 
клубы 
және 
т.б.; 
саяхаттар: 
театрларға, 
мұражайларға, 
көркемсурет 
көрмелеріне, 
галереяларға,  тарихи  орындарға;  шаралар: 
шығармашылық 
кештер, 
оқушылар 
шығармашылығының 
көрмелері, 
байқаулар; 
кездесулер: 
белгілі 
тұлғалармен, 
өнер 
қайраткерлерімен және т.б. 

125 
 
10. Көшбасшылық қасиеттерді дамыту 
Көшбасшы  –  өмір  сүріп  отырған  қоғамның  мүддесін  қанағаттандыруға 
бағытталған  ортақ  істі  бірлесе  атқару  мақсатында  өзгелердің  мінез-құлқына 
ықпал  етуге,  өзіне  жауапкершілік  алуға,  нақты  мақсаттарға  қол  жеткізуде 
бірізді және өзімен бірге топты алып жүруге қабілетті адам. 
Міндеттері 
Іске асыру механизмі 
Өзін,  топты  басқарубіліктеріндамыту;  оқушылар 
ұжымында көшбасшыларды анықтау; тиімді байланыс 
орнату 
(коммуникация), 
іскерлік, 
ұйымдастыру 
дағдыларын қалыптастыру және т.б. 
Оқу  пәндері,  қосымша  білім  беру, 
сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы. 
Психометриялық 
және 
социометриялық 
тесттер 
мен 
әдістер;  көшбасшылықты  дамыту 
бойынша бағдарламалар және т.б. 
11. Отбасы тәрбиесі 
Отбасы  тәрбиесі  –  тұлғаны  қалыптастыруда  және  әлеуметтендіруде 
күткен  нәтижелерге  қол  жеткізу  мақсатында  ата-аналар  мен  отбасының  басқа 
мүшелері тарапынан балаларға әсер ету процесі. 
Міндеттері 
Іске асыру механизмі 
Отбасылық  құндылықтарды  қалыптастыру; 
коммуникативтік 
дағдыларды 
дамыту; 
Қазақстан 
халқының 
әдет-ғұрпы 
мен 
дәстүрлері 
негізінде 
отбасылық 
құндылықтарды  нығайту;  өз  отбасының, 
тегінің 
және 
социумның 
тарихына 
танымдық қызығушылық тудыру және т.б. 
Мектептердің  қамқорлық  кеңестері  және  ата-
аналар 
комитеті 
арқылы; 
бірге 
ұйымдастырылған  отбасылық  шаралар;  ата-
аналардың  мектеп  өміріне  қатысуы;  әкелер, 
әжелер 
клубтары; 
ата-аналардың 
педагогикалық  жалпыға  міндетті  оқуы  және 
т.б. 
Сонымен,  Тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздерінің  жалпы  векторы 
білімді,  адамгершілікті,  жігерлі,  көшбасшылық  қасиеттері  бар,  таңдау  жасау 
жағдайында  өздігімен  шешім  қабылдауға  даяр,  ынтымақтастыққа  және 
мәдениетаралық қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі 
бар,  «Мәңгілік  Ел»  —  Қазақстан-2050  Стратегиясының  басты  мақсатына  қол 
жеткізуге белсенді қатысатын адамды қалыптастыруға бағытталған. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Педагогика және психология. Қазақ тілі терминдерінің. 
2. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға. 
3. Н.Нұрахметов. Мемлекеттік білім стандартыныңоқу сапасын даңарту мен. 
 
 
МӘҢГІЛІК ЕЛ
-
ИДЕЯСЫ
 
 
Кулжабаева Жазира Суйеркуловна, 
Бастауыш сынып мұғалімі. 
№ 67 гимназия Астана қаласы. 
Zhazi.78kz@mail.ru 
 
Мәңгілік  ел  дегеніміз  -  мемлекеттің  ғсырлар  тоғысында,  ірі  державалар 
арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге 

126 
 
болады.  Сонымен  қатар,  бұл  жерде  «Мәңгілік  Ел»  ұғымы,  тәуелсіздік  рухы, 
азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр. 
Елбасы өзінің халыққа жолдауында былай деп айтып кеткен болатын: 
«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының баласымыз. 
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. 
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан». 
Біз  болашаққа  көз  тігіп,  тәуелсіз  елімізді  «Мәңгілік  ел»  етуді  мұрат 
қылдық.  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  осынау  мәңгілік  жолдағы  буындар 
бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған 
буыннан  басталған  ұлы  істерді  кейінгі  ұрпақтың  лайықты  жалғастыратынына 
кәміл  сенемін.  Бабалардың  ерлігі,  бүгінгі  буынның  ерен  істері  және  жас 
ұрпақтың  жасампаздығы  арасында  сабақтастық  болса  ғана,  біз  «Мәңгілік  ел» 
боламыз. Сондықтан барлық буын өкілдеріне үн қатамын!  
Алдымен,  алдыңғы  толқын  –  аға  буын!  Сіздердің  көрегендіктеріңіз  бен 
өмірлік  тәжірибелеріңіз  кейінгі  буынның  ақиқат  жолынан  адаспай,  алға 
басуына септігін тигізеді.  
Ортаңғы буын отандастарым! Сіздердің еншілеріңізге алып империяның 
күйреп,  жас,  тәуелсіз  мемлекеттің  түлеген  кезеңі  дөп  келді.  Сіздердің  күрделі 
де қиын шешімдер арқылы жинаған өлшеусіз тәжірибелеріңіз – қиындықтардан 
қиналмай өтуімізге қажетті баға жетпес қазына. 
Ал  кейінгі  толқын  жастарға  айтарым:  Сендер  –  болашаққа  деген  үкілі 
үмітіміздің  тірегісіңдер.  Біздің  бүгінгі  атқарып  жатқан  қыруар  шаруаларымыз 
тек  сендер  үшін  жасалуда.  Сендердің  азат  ойларың  мен  кемел  білімдерің  – 
елімізді  қазір  бізге  көз  жетпес  алыста,  қол  жетпес  қиянда  көрінетін  тың 
мақсаттарға апаратын құдіретті күш. Мен барша халқымды жарқын болашаққа 
жол  бастайтын  адамзат  баласының  мәңгілік  құндылықтары  –  ерік-жігер  мен 
еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын!» . 
Енді біздің алдымызда үлкен міндет тұр деп ойлаймын. Еліміздің мәңгілік 
елге айналуына біздің де қосар үлесіміз маңызды. Сол себептіде уақытты босқа 
өткізбей еліміз үшін, өзіміз үшін іске кірісіп, ойлануымыз қажет. Біздің қосар 
үлесіміз  сол,  біз  саналы,  патриот,  білімді  және  тәрбиелі  азамат  болып  ер 
жетуіміз  қажет.  Сонда  ғана  тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  сенімді 
ертеңіне  айнала  аламыз.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  2000  жылы  14-желтоқсанда 
латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият 
дайындықтан  соң  латын  алфавитіне  көшетінімізді  айтты.  Бұл  жерде  Тоныкөк 
негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Н.Ә. 
Назарбаевтың  қазақ  халқына  славяндық  кириллица  емес,  түркі  тектес 
бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. «Тарих 
толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып 
біріккен  кезде  геосаяси  өмірге  тең  құқықты  субъект  ретінде  ықпал  ете  алады, 
мәдени әлемдегі өзара қарым-қатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент 
ретінде  емес,  өзгелермен  терезесі  тең  тұлға  ретінде  бой  көрсете  алады.  Бұл 
бағыттағы  алғашқы  игі  қадам  ортаазиялық  одақтың  құрылуы  болды.  Оның 
шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени ұқсастығымызды жете сезіну арқылы 

127 
 
деңгейіміздің  көтеріле  түсетіні  сөзсіз»  —  деп  түрік  бірлігінің  болашағына  зор 
үмітпен қарады. 
Қазіргі  кезде,  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Президенті 
Н.Ә. Назарбаевтың  бастамасымен  жүргізілген  түркі  тілдес  мемлекеттерді 
жақындастыру  саясаты,  елімізді  Орталық  Азияның  көшбасшысына  айналдыру 
идеясы  өз  жемісін  берді.  Оған  Түркістандағы  Яссауи  атындағы  Халықаралық 
Қазақ-Түрік  университетінің  ашылуы,  2009  жылы  Түркияның  «Түрік 
ошақтары»  қоғамдық  ұйымынан  Н.Ә. Назарбаевқа  «Түркі  әлеміне  қызмет» 
марапатының берілуі, Астанада Түркі академиясының ашылуы, сонымен қатар, 
Анкара  қаласындағы  «Генчлер»  саябағына  Н.Назарбаев  ескерткішінің 
орнатылуы,  Түркия  Президенті  Абдулла  Гүлдің  Президент  Н. Назарбаевты 
«түркітілдес  халықтардың  көшбасшысы»  деп  бағалауы  -  Елбасының  түркі 
әлемін  біріктіру,  экономикалық  және  мәдени  салаларды  тығыз  байланыстыру 
жолындағы  тарихи  еңбегіне  берілген  әділетті  баға  болды.  Тәуелсіздік  таңы 
атқан  соң  ғана  тіліміз,  және  дініміз  қайта  жаңғырып,  еліміз  дамудың  даңғыл 
жолына түсті. Еліміздің экономикасы дамып, тәуелсіз ел екенімізді барша елге 
мойындата білдік.  
Бабаларымыздың 
арманы 
ҚР 
Президенті 
Н.Ә. Назарбаевтың 
бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп 
тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының 
мелекеттік  идеологияға  айналғандығының  бір  дәлелі.Салтанат  қақпасы  – 
әлемдегі  санаулы  қалаларға  тән  ерекше  сәулеттік-монументалды  туынды. 
Әдетте  мұндай  қақпа  жеңіс  рухын  асқақтату  немесе  жасампаз  жетістіктердің 
құрметіне қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. Ал тарихи 
тұрғыдан қарап,  «Мәңгілік ел»  сөздерінің  мағынасына үңілсек,  сонау  XII–  XIII 
ғасырларға  шолу  жасап,  тарихтағы  Шыңғысханның  25  жыл  көлемінде-ақ  Рим 
империясынан  екі  есе  үлкен  мемлекет  құрып,  мәңгі  ел  құру  арманы  мен 
идеологиясын  іске  асыруды  мақсат  тұтқандығын  көре  аламыз.  Қақпа  –  алып 
аумағы бойынша әлемдегі тоғызыншы мемлекеттің бүгінгі биік мәртебесі мен 
ертеңгі  ерен  еншісін  ел-жұртының  жадына  мәңгі  сақтайтын  тағлымды  дүние. 
Жай  ғана  ескерткіш  емес,  ұлттың  ғасырлар  бойғы  арман-ойы  мен  өмірлік 
өнегесін үнемі еске салатын көрнекі тұғыр. Бұл сәулет нысаны Астананың сол 
жағалауындағы көкке бой созған зәулім ғимараттардың ортасынан ойып орын 
алды. Елбасы өзінің жолдауында былай деген болатын:  
«Біз  еліміздің  жүрегі,  тәуелсіздігіміздің  тірегі  –  Мәңгілік  Елордамызды 
тұрғыздық. 
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге 
арналады.Ендігі  ұрпақ  –  Мәңгілік  Қазақтың  Перзенті.  Ендеше,  Қазақ  Елінің 
Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! 
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» 
Стратегиясының түп қазығы етіп алдым». 
Бір  кездерде  дүркіретіп  билік  құрған  Көктүріктер  империясы  ту  еткен, 
Тоныкөк  негізін  қалаған,  ұлы  Шыңғыс  хан  империясының  атына  айналған 

128 
 
Мәңгі ел құндылығы бүгін, міне, осылайша Қазақстан мемлекетінің түп қазығы 
– ұлттық идеясына айналды. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. /интернет / және т.б., 
  
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
 
 
Мадетхан Серикгул, 
Математика пәнінің оқытушысы 
Астана қ, «Кәсіптік – техникалық колледж» 
serikgul_0512@mail.ru 
 
«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін 
барлығымыз  білеміз.  Ол  арман  әлем  елдерімен  терезесі  тең  қатынас  құратын, 
әлем  картасынан  ойып  тұрып  орын  алатын  тәуелсіз  мемлекет  атану  еді.  Ол 
арман  тұрмысы  бақуатты,  түтіні  түзу  шыққан,  ұрпағы  ертеңіне  сеніммен 
қарайтын  бақытты  ел  болу  еді.  Біз  бұл  армандарды  ақиқатқа  айналдырдық. 
Мәңгілік  елдің  іргесін  қаладық.  Мен  қоғамда  «қазақ  елінің  ұлттық  идеясы 
қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, 
біліп  жүрмін.  Біз  үшін  болашағымызға  бағдар  етіп  ұлтты  ұйыстыра  ұлы 
мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  -  мәңгілік  ел  идеясы.  Тәуелсіздігімізбен 
бірге  халқымыз  мәңгілік  мұраттарына  қол  жеткізді.  Біз  еліміздің  жүрегі, 
тәуелсіздігіміздің  тірегі  мәңгілік  елордамызды  тұрғыздық.  Қазақтың  мәңгілік 
ғұмыры  ұрпақтың  мәңгілік  болашағын  баянды  етуге  арналады.  Ендігі  ұрпақ  - 
мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», 
- деді Президент.  
Елбасы Н.Ә. Назарбаев. 2015 жылдың 30 қарашадағы жолдауында: «Мен 
2017  жылдан  бастап  жаңа  жоба  –  «Баршаға  арналған  тегін  кәсіби-техникалық 
білім»  бағдарламасы  басталатынын  жариялаймын.  Үкіметке  оны  жасауға 
кірісуді  тапсырамын.Білімді,  еңбекқор,  бастамашыл,  белсенді  болуға  қазірден 
бастап  дағдыланыңдар.  Жұмыс  пен  сұраныс  бар  өңірге  батыл  барыңдар. 
Шеберліктің  шыңына  жете  білсеңдер  мамандықтың  бәрі  жақсы.  Қазір 
техникалық  мамандықтардың,  ғылым  мен  инновацияның  күні  туған  заман. 
Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам 
озады.  Тұрмысы  жақсы,  абыройы  асқақ  болады.  Біз  жүзеге  асырып  жатқан 
түбегейлі  реформалар  мен  атқарып  жатқан  қыруар  істердің  бәрі  сендер  үшін, 
болашақ үшін жасалуда» деген болатын. 
Осыған  орай,  үлкен  жауапкершілік  жүктеліп  отырған  кәсіптік  білім 
саласындағы  студенттермен  жаңашылдықпен  жұмыс  жасауға  тура  келеді.  Ең 
алдымен барлық пән бойынша білім сапасын арттыру керек. Сол мақсатта өзім 
қызмет  жасайтын  Астана  қаласы  әкімдігінің  КММ  «Кәсіптік  техникалық» 
колледжінде  сапалы  білім  алуға  көп  мүмкіндік  жасалған.  Колледждің  оқу-
материалдық  қоры қазіргі  заманғы  интерактивті  технологиялармен  және  түрлі 

129 
 
үлгідегі  құрылғылармен  жабдықталған.  Оқушылар  оқу  шеберханаларында 
теориялық  білімдерін  ұштастыра  отырып  білім  алады.  Шеберханалар,  арнайы 
технологиялар  кабинеттері  мен  зертханалар  ең  жаңа  құрылғылармен 
қамтамасыз  етілген,  бұл  өз  кезегінде  өндірістік  оқыту  әдістемесінің  барлық 
талаптарын орындау арқылы білім беру ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Колледж  территориясында  оқу  топтарындағы  оқушылар  санына  байланысты 
құрылғылармен  жабдықталған  оқу  полигондары  бар.  Оқу  полигондарындағы 
сабақтар  оқу  материалын  сапалы  әрі  терең  деңгейде  меңгеруге  мүмкіндік 
жасайды.  Біздің  колледж  студенттердің  қызығушылығы  мен  қабілеттеріне 
сәйкес  мамандық  пен  біліктілікті  алуда  тең  мүмкіндіктерді  қарастырады, 
студенттердің демалысын ұйымдастырады, мәдени-көпшілік шаралар, ғылыми-
тәжірибелік  конференциялар,  семинарлар,  кәсіби  шеберлік  сайыстарын 
өткізеді.  Студенттер  біліктілігі  жоғары  оқытушылардан  білім  алып,  өздерін 
болашақ  маман  ретінде  де  ВДМ-1202-125А  дәнекерлеудің  әртүрлі  түрін 
өңдейтін  дәнекерлеу  аппараттарын  қолданып  дайындай  алады.  Оқу 
шеберханалары 
дербес 
компьютерлермен 
басқарылатын  интерактивті 
тақталармен  және  стандартты  жабдықтау  кешені  бар  қазіргі  заманғы 
құрылғылардан  тұратын  станоктарымен,  3D  өңдеу  мүмкіндігі  бар  жоғары 
сападағы станоктармен (сандық бағдарламалық қамтамасыз ету) жабдықталған. 
Колледждегі  оқушылар  өмірі  тек  қана  оқу  үрдісін  қамтып  қана  қоймай, 
белсенді  қоғамдық  өмірден  тұрады.  Түрлі  үйірмелер,  спорттық  секциялар, 
қалалық  және  колледждегі  түрлі  іс-шараларға  қатысу.  25  м.  бассейн,  оқуға 
арналған ату тирі, көрермендер залы бар, 204 орындық спорт зал, жаттығу залы 
қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған.  
Мұғалімдер  де  тынбай  еңбектеніп,  өз  үлестерін  қосуда.  2013  -  2014  оқу 
жылынан бастап, мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта 
білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «e - Learning» 
электронды оқыту жүйесі енгізілді.  
e-Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім 
беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасына 
қосылған ауқымды  мемлекеттік  жоба.  Колледжіміздегі  әр кабинеттері  талапқа 
сай  жабдықталған.  Бұл  біздің  жоғары  деңгейде  студенттерге  білім  беруімізге 
мүмкіндік тудырып отыр. Мақсаты: 

 
мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің 
сапасын елеулі арттыру 

 
байланыстың  және  цифрлық  технологиялардың  заманауи  құралдары 
мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім 
беру қызметтерін дамыту 

 
оқытудың  жаңа  құралдарын  енгізу  есебінен  білім  беру  ресурстарына 
қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету. 
Бұл  бағдарлама  арқылы  оқушылар  да  өз  бағаларын  түрақты  қадағалап 
отырады. Ал ұстаздар e - Learning электрондық оқыту жүйесі арқылы әділ баға 
қойып, бір-бірімен тәжірибе алмаса алады.  

130 
 
Бізді ойландыратын тағы бір жайт - тіл мәселесі. Мәңгілік елдің 7 басты 
құндылықтарының бірі – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Елбасымыз 
да тілді дау - дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың 
ұйытқысына айналдыру - баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы 
бір  мәрте  тиянақты  ұғындырды  деп  ойлаймын.  Колледжіміз  қазақ  тілін 
дамытуда ауқымды шаралар өткізе отырып, тіл мәртебесін одан әрі өркендетуге 
зор міндеттер қойып отыр. Колледжімізде әр түрлі халықтардың балалары оқып 
жатыр. Ұлты басқа болса да, тілі қазақша шығып, салт-дәстүрімізді өзінікіндей 
көріп  жүрген  оқушыларымыз  қаншама.  Осылайша  Мәңгілік  елдің  мәңгілік 
тіліне айналған тіліміздің мәртебесі арта берері анық. 
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, 
сауатты  адам  ғана  келешек  тізгінін  қолына  ала  алады.  Осыны  ескере  отырып 
Елбасы  Н.  Назарбаев  өз  Жолдауында  Қазақстан  Республикасының  Білім  беру 
жүйесін  әрі  қарай  дамыту,  жетілдіру  жоспарын  құрып,  көптеген  мақсаттарда 
көздеп  отыр.  Олар:  инженерлік  білім  беруді  және  заманауи  техникалық 
мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті 
технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі 
ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. 
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 
атты  Жолдауы  бойынша  Президенттің  жалпыұлттық  идеясы  -  болашақ 
табыстардың  негізі  екені  баса  айтылды.  Ал  ең  бастысы  -  еліміздің  рухын 
көтеретін,  ұлы  мақсаттарға  жеткізетін  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясы 
жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан 
сүріндірмей  жеткізетін  тұғырлы  идея.  Осының  барлығы  дамыған  30  елдің 
қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. 
Бүгінгі  Қазақстан-жалғыз  қазақ  халқының  ғана  емес,күллі  Қазақстан 
халықтарының ортақ Отаны,сондықтан олардың тарихы да,тағдыры да ортақ. 
Тәуелсіздік  деген  қасиетті  ұғым-тек  қазақтарға  ғана  емес,қазақ  жерін 
мекендеген ,оған кіндік қаны тамған,бірге қайнап-бітіскен,туған тапырағым деп 
егілген басқа ұлттар мен ұлыстардың да ортақ игілігі. 
 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет