Мазмұнын жаңарту мәселелері Республикалық on-line конференцияның материалдары


«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ



жүктеу 2.23 Mb.
Pdf просмотр
бет3/23
Дата18.01.2017
өлшемі2.23 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 
ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
 
 
Алпар Ұлан Дүйсенбайұлы, 
Тарих мамандығы бойынша педагогика  
ғылымдарының магистрі аға оқытушы 
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  
акционерлік қоғамының филиалы Алматы облысы  
бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін 
арттыру институты Алматы қаласы alpar-ulan_81@mail.ru 
 
Еліміз  тәуелсіздік  алғалы  бері,  қоғам  мен  мемлекет  арасын 
байланыстыратын  ұлттық идеологиямыз  қалай  болу  керек деген бағытта біраз 
істер  атқарылды.  Атап  айтсақ,  ұлтаралық  келісімді  сақтау  мақсатында 
Қазақстан  халқы  ассамблеясы  құрылып,  бүгінде  нәтижелі  еңбек  етуде. 
Қазақстан мемлекеті өзін зайырлы мемлекет деп таныды. Яғни зайырлы қоғам 

22 
 
ұғымы әртүрлі дін өкілдерін бір орталыққа жинауға өз ықпалын тигізді. Десек 
те,  жас  мемлекеттің  шаңырағын  шайқалтпас  үшін  ортақ  бір  мүдде,  ортақ  бір 
мақсат,  ортақ  бір  идея  керек  болғаны  жасырын  емес.  Осы  тұрғыдан  келгенде 
Елбасымыз Н. Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясын ұсынды. 
«Қазақстан - 2050» стратегиясының түпқазығы болып табылған «Мәңгілік 
ел»  туралы  Президентіміз:  «Мен  қоғамда  «қазақ  елінің  ұлттық  идеясы  қандай 
болуы  керек»  деген  сауалдың  жиі  талқыға  түсіп  жүргенін  естіп  жүрмін,  біліп 
жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға 
жетелейтін идея бар. Ол-мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз 
мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі 
мәңгілік  елордамызды  тұрғыздық.  Қазақтың  мәңгілік  ғұмыры  ұрпақтың 
мәңгілік  болашағын  баянды  етуге  арналады.  Ендігі  ұрпақ  -  мәңгілік  қазақтың 
перзенті.  Ендеше,  қазақ  елінің  ұлттық идеясы  -  Мәңгілік  ел»  деген  еді[1].  Ал, 
ұлттық  идея  -  ұлттың  сол  тарихи  кезеңде  өзін-өзі  тануынан  көрініс  табатын 
ұлттық  санада  басымдыққа  ие  көзқарастар.  Зерттеушілер  бұл  ұғымның  екі 
қырына  баса  маңыз  береді.  Бір  жағынан,  қауымдастықтың  өзін-өзі  ұлт  деп 
танып,  түйсінуі,  екінші  жағынан  оның  ерекше  тарихи  адамдар  қауымдастығы 
ретіндегі өз көзқарастары, ұстанымдары, құндылықтары жайлы жалпақ әлемге 
жар салуы[2].  
Болашақ  мақсаты  айқын  ел  үшін,  ұлттық  идеологиямызды  жас  ұрпақ 
санасына  жеткізу,  жастарымызды  ортақ  мүдде  аясында  тәрбиелеу  бұл  бүгінгі 
күннің басты мәселесі. Жаңа ғасыр инновациямен ақпараттың дәуірі екендігін 
ескерсек,  ұлттық  болмысымызды  сақтап  қалудың  өзі  қиын  екені  даусыз. 
Ғаламдану  үрдісі  кезінде,  патриотизм  ұғымының  да  әлсізденгені  айқын. 
Айталық,  кешегі  кеңестік  кезеңдегі  патриотизммен  бүгінгі  күннің 
патриотизмінің  арасы  алшақтады.  Себебі,  ұлттық  патриотизмнің  формасы 
өзгерді.  Осы  жағынан  алып  қарағанда,  «Мәңгілік  ел»  идеясы  аясында 
қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру,  оны  жастар  бойына  сіңіру  қоғам 
талабы.  
Президент  өз  сөзінде,  «Егер  мемлекет  әр  азаматтың  өмір  сапасына, 
қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз 
елімізді  сүйеміз,  онымен  мақтанамыз.  Осындай  тәсіл  ғана  патриотизмді  және 
оны  тәрбиелеу  мәселесіне  прагматикалық  және  шынайы  көзқарасты  оятады. 
2050  жылға  қарай  біз  Қазақстанның  кез  келген  азаматы  ертеңгі  күнге, 
болашаққа  өте  сенімді  болатындай  саяси  жүйе  құруымыз  керек.  Біздің 
балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық 
көретіндей,  өйткені,  өз  жерінде  өзін  жақсы  сезінетіндей  болуға  тиіс.  Біздің 
еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» - деді.  
Бүгінгі  таңда  патриотизмді  қалыптастыру  мәселесін  зерттеу,  қазіргі 
қоғамның  дамуы  үшін,  теориялық  және  тәжірибелік  маңызды  екеніне  күмән 
жоқ. Өйткені ол қоғамның бүгінгісі мен келешегін анықтайтын қозғаушы және 
біріктіруші  факторлар  қатарына  жатады.  Патриотизм  мәселесімен  терең 
тамырлас,  құрамдас  болып,  байланысты  дамитын  ұғымдар  Отан,  ана  тіл, 
жер,  ұлттық  мәдениет,  ұлттық  идея,  ар-намыс,  ұлттық  мүдделер  және  т.  б. 

23 
 
жатады.  Жалпы  патриотизмге  қатысты  бірнеше  анықтамалар  бар.  Ә. 
Қалмырзаевтың сөзімен айтсақ: «Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін 
кәмілетке келгенде біржолата буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, 
біліммен,  қоршаған  ортаның  ықпалымен,  мемлекеттік  және  қоғамдық 
социологиялық  институттардың  әсерімен  қалыптасады»[3].  Т.Тәжібаев 
кезінде  патриотизмді  былай  деп  тұжырымдаған  еді:  «...Өз  Отанын,  өз 
халқын,  өз  тілін,  халықтың  тамаша  ұлттық  дәстүрлерін  жалынды  жүрекпен 
сүйген...  өзінің  Отанға  деген  сүйіспеншілігін  сөз  жүзінде  емес,  іс  жүзінде 
көрсеткен адам ғана нағыз патриот саналады».  
Бұл  мәселе  бойынша  Б.Момышұлы:  «Патриотизм  -  Отанға  деген 
сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығы,  қоғамдық,  мемлекеттік 
қауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын  сезіну,  өзінің  мемлекетке  тәуелді 
екендігі  мемлекетті  нығайту  дегеніміз  жеке  адамды  күшейту  екенін 
мойындау,  қысқасын  айтқанда,  патриотизм  дегеніміз  мемлекет  деген 
ұғымды,  жеке  адамның  өткенімен,  бүгінгі  күнімен  және  болашағымен 
қарым-қатынасын  барлық  жағынан  біріктіреді»  деп  терең  әрі  жан-жақты 
анықтама  береді  [3].  Б.Момышұлы  айтып  отырған  белгілердің 
педагогикалық  негізі-  тұлғаның  патриоттық  сана  -  сезімін  қалыптастыру; 
патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру; мінез-құлқына патриоттық сипат беру 
оқу-тәрбие ісінің өзегі болуы керек.  
Жалпы  қазақстандық  патриотизмді  орта  білім  беру  орындарында 
қалыптастырудың  жолдары  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және 
ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында  көрініс  тапқан.  Мақсаты  мектеп  оқушыларының  бойында 
«Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  патриоттық  идеясының  рухани-адамгершілік 
құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру болып 
табылатын бұл бағдарлама мынадай бағыттарда жұмыс атқармақ: 

 
Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  патриоттық  тәрбиеге,  ұлттық  және 
жалпыадамзаттық  құндылықтарды  дарытуға  бағытталған  «Шаңырақ» 
әлеуметтік жобасының тәжірибесі таратылатын болады. 

 
Тұлғаның  шығармашылық  құзыреттіліктегі,  үздіксіз  білім  мен 
тәрбиедегі, 
өзін-өзі 
кәсіби 
тұрғыдан 
айқындауындағы 
бәсекелі 
басымдықтарын қалыптастыру мақсатында балаларға қосымша білім берудің 
мазмұны мынадай негізгі бағыттар бойынша жаңартылатын болады: көркем-
эстетикалық,  ғылыми-техникалық,  экологиялық-биологиялық,  туристік-
өлкетану,  әскери-патриоттық,  әлеуметтік-педагогикалық,  білім  беру-
сауықтыру және т.б. 

 
 Орта  білім  беру  адамгершілік  құндылықтарды,  ұлттық-мәдени 
дәстүрлерді  нығайтуға  және  ұрпақтар  сабақтастығын  қамтамасыз  етуге, 
сондай-ақ  өз  Отаны  үшін  жауапкершілік  алуға  қабілетті  тұлғаны 
қалыптастыруға бағытталатын болады. Құндылықты білім беру жағдайында 
мектеп  патриоттыққа  баулу  және  өз  елінің  адал  азаматы  етіп  тәрбиелеуге 

24 
 
ықпал  ету  арқылы  Қазақстан  халқын  біріктіретін  жалпыұлттық  идеяларды 
іске асыруға үлес қосады. 

 
 Жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының барлығына 
тұлғаның  рухани-адамгершілік  және  зияткерлік  қасиетін  қалыптастыруға 
ықпал ететін компоненттер енгізілетін болады. 

 
 Оқулықтар  мен  мектеп  дәптерлерінің  форзацтарында  мәтіндер 
жариялауды қоса алғанда, қазақстандық құндылықтарды танымал етуге және 
насихаттауға  бағытталған  мектеп  құралдарының  талаптары  әзірленеді  және 
бекітіледі. 

 
 «Жас  қыран»  (7-9  жас,  2-4  сыныптар)  және  «Жас  ұлан»  (9-16  жас,  5-9 
сыныптар)  болып  екі  буынға  бөлінетін  «Жас  ұлан»  бірыңғай  балалар  мен 
жасөспірімдер  ұйымының  теледидар,  әлеуметтік  жарнама,  кино,  концерт, 
бұқаралық  акциялар,  экскурсиялар,  саяхаттар  арқылы  патриоттық, 
волонтерлік, 
азаматтық-құқықтық 
іс-шаралар 
өткізу 
жұмысы 
жандандырылатын болады[4]. 
«Қазақстан-2050»  стратегиясында  Елбасы  атап  өткендей,  аз  уақыт 
ішінде, елімізде бірнеше құндылықтар қалыптасты. Олар:  
•  Біріншіден, бұл - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. 
•  Екіншіден, бұл - қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. 
•  Үшіншіден, бұл - зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
•  Төртіншіден,  бұл  -  индустрияландыру  мен  инновацияларға  негізделген 
экономикалық өсім. 
•  Бесіншіден, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. 
•  Алтыншыдан, бұл - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. 
•  Жетіншіден,  бұл  -  еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі  және  бүкіләлемдік, 
өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. 
Осы  құндылықтар  жаңа  қазақстандық  патриотизмнің  негізі  болып 
табылады.  Яғни,  Қазақстандық  патриоттық  ұстанымның  негізі,  оның 
мақсаты,  міндеті,  мазмұны,  түрі,  құрылымы,  әдісі,  тәсілі,  заңдылықтары, 
қағидаттары,  құралдары  бар.  Ендеше,  «Мәңгілік  ел»  идеясы  аясында  біріге 
отырып,  жастар  арасында  қазақстандық  патриотизмді  дамыту  және  оны 
қалыптастыру ел болашағына деген сенімді күшейтері хақ. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Н.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 17 
қаңтар, 2014 ж. - http://bnews.kz/ 
2.
 
http://kk.wikipedia.org 
3.
 
А. Садвакасов 
Қазақстандық 
патриотизм 
қалыптасу 
жолдары- 
http://zhospar.kz/ 
4.
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың 
2016  -  2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  1  наурыз,  2016  - 
http://adilet.zan.kz/ 
 

25 
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗІ 
 
 
Ауелгазина Т. К., 
Саяси ғылымдарының докторы, доцент, Педагогикалық  
білімнің халықаралық Ғылым Академиясының академигі, 
«ӨРЛЕУ» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы»  
Акционерлік Қоғамының Филиалы «Алматы облысы бойынша  
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»  
директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары 
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, A.Tolkyn@mail.ru 
 
Тарихта  ұлт  көшбасшылары  халықтың  интеллектуалдық  күш-қуаты  мен 
ұлттық ресурсын біріктіріп, ортақ мақсатқа бастайтын жалпыұлттық идеяны әр 
кезеңде  өмірге  әкеліп  отырған.  Ұлтты  қиын-қыстау  кезеңнен  алға  шығаратын 
бірқатар  төмендегідей  ұлттық  идеялар  мен  ұлттық  бірегейліктердің  әлемдік 
тәжірибесін кездестіруге болады:  
Рим - «Мәңгілік қала»; 
Қидан - «Күміс ел»; 
Манчжур - «Алтын ел»; 
Түріктер - «Тұтас түркі елі»; 
Ф. Рузвельт (АҚШ) - «Жаңа бағыт»; 
Кеннеди (АҚШ) - «Жаңа қоғам»; 
Исибаси (Жапония) - Игілікті мемлекет»; 
Шарль де Голль (Франция) - «Ұлы Франция»; 
Мандела (ОАР) - «Апартеидсіз ел».  
Дәл осындай асқақ сезім түркі заманында да болған.  «Түркілер әлемінің 
тап  ортасында  адам  тұрды.  Олар  ең  алдымен  адамды  құрмет  тұтты.  Адамдар 
әлемі,  адамзат  -  түркі  рухының  қасиетті  жиынтығы,  міне,  осылар...  Түркілер 
адамзат  әлемінің  ұстын  тірегі  деп  Адамды  таныды.  Тап  сол  адамның  өмірі, 
құштарлыққа,  арман-мақсатқа,  іс-әрекетке  және  түрлі  оқиғаларға  толы  жеке 
адамның  өмірі  мемлекеттің,  қоғамның  өмірімен  етене  тұтастықта 
қарастырылды.  Сондықтан  да  тарихты  нақты  адамның  өмірімен  салыстыра 
отырып түсінді» [1]. Ол кезеңде ата-бабаларымыз өздерін жоғарыда Көк тәңірі, 
төменде  қара  жер  жаралғанда,  ортасында  жаралған  адам  баласына  балады. 
Бұған  Күлтегіннің  құрметіне  қойылған  құлпытаста  қашалып  жазылған  үлкен 
жазудағы:  «Жоғарыда  зеңгір  көк,  төменде  қара  жер  жаралғанда,  олардың 
екеуінің арасында адам баласы пайда болды» деген сөздер дәлел [2]. Сондықтан 
«Түрік халқы жойылмасын, ел болсын», ол үстем әрі мәңгілік болуға тиіс деп 
білді.  Міне,  осылайша  түркі  қоғамында  осындай  керемет  идея  өмірге  келіп, 
жүзеге  асқан.  Демек,  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  бастауы  тым  тереңде  жатыр. 
Осыдан  13  ғасыр  бұрын  Тоныкөк  абыз  «Tүркі  жұртының  мұраты  -  Мәңгілік 
Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің 
тамыры  сияқты  көне  тарихтан  бастау  алатынын  көрсетеді.  Тегінде  мәңгілік 
дегеніміз - елдіктің шырқау шыңына жетуі болып табылады. 

26 
 
Қазақ  халқының  тарихында  ғұндардан  бастау  алатын  «Мәңгілік  ел» 
идеясын  тасқа  қашалған  Орхон-Енисей  жазбаларымен  қатар,  желмаяға  мініп 
алып, өлмейтін жер іздеу үшін дүниенің төрт бұрышын түгел аралаған Қорқыт 
ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздан кездестіруге 
болады.  Асан  Қайғы  «Желмаяға»  мініп,  «Жерұйық»  дейтін  ну  орманды, 
көкорай шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын идеалдық 
қоныс  іздейді,  соған  жетуді  арман  етеді.  Сондай-ақ,  ол  жер  мұратымен 
тоқталмай,  халық  үшін  «Жерұйықты»  іздеп  табуға  бар  күш-жігері  мен  ақыл-
ойын жұмсайтын адамды мұрат тұтқан» [3]. 
Назар  аударарлығы,  «Қорқыт  Ата  кітабының»  өзегін  құраған  мәңгілік 
өмір  тақырыбының  қазіргі  Қазақстанның  «Мәңгілік  елді»  құру  жөніндегі 
мемлекеттік  тұғырнамасымен  үндесіп  жатқандығын  айта  кеткен  абзал.  Бұл 
ретте  Қорқыт  Атаның  өрелі  ойларын  еліміздің  кемел  келешегіне  бағдар  етіп 
ұстанып,  әлемдік  өркениеттің  көшінен  қалмай,  дамудың  даңғыл  жолын  бетке 
алуда маңызы зор [4]. 
«Мәңгілік Ел» идеясының төмендегідей үш негізі немесе үш тұғыры бар:  
- Түркі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк) бұл идеяны 
саяси акт - «манифест» ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы;  
- әл-Фарабидің  философиялық  шығармаларында  идеяның  теориялық-
философиялық тұрғыдан негізделуі;  
-  Жүсіп  Баласағұнның  «Құтты  білік»  дидактикалық  дастанында  құқықтық 
мемлекеттің негізгі қағидаларының, яғни, Ата Заң іргетасының қалануы.  
Бүгінгі  тәуелсіз  Қазақстан  мемлекеттігінің  негізі  жарты  әлемді  билеген 
Ғұн  империясынан  бастау  алса,  ал  оның  салтанат  құрған  кезі  -  Түрік 
қағанатының  алтын  ғасыры  болып  табылады.  552  жылы  Бумын  қаған  құрған 
бұл  Түрік  қағанатының  шекарасы  батыста  Византияға,  түстікте  Персия  мен 
Үндістанға,  шығысында  Қытайға  дейін  созылды.  Мұндай  айбынды  мемлекет 
дәл  сол  тұста  бірен-саран-ды.  Ал  алып  елге  ең  қажеті  ішкі  бірлік  болатын. 
Мемлекеттік  бірлік  -  мәңгіліктің  түпқазығы  еді.  Сондықтан  даңқты  қағандар, 
данышпан  Тоныкөк  ерекше  идеяға  -  «Тұтас  түркі  елі»  идеясына  ғұмыр  берді. 
Олар нақ осы идеяның бұлжымай сақталуы үшін барын да, жанын да салды.  
Ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактат жазып қалдырған 
ұлы  ойшыл  Әбу  Насыр  Мұхаммед  ибн  Тархан  әл-Фарабидың  (870-950  жж.) 
артына  қалдырған  мол  мұрасының  маңызы  өте  ерекше.  Оның  қоғамдық-саяси 
саланы  қамтыған  трактаттарына  «Қайырымды  қала  тұрғындарының 
көзқарастары жайындағы трактат», «Азаматтық саясат», «Бақыт жолын сілтеу», 
«Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында» еңбектері 
жатады. 
Ерікті,  қайырымды  және  барлық  жағынан  толысқан  адамдар 
«Қайырымды  қалада»  өмір  сүреді  деді  ұлы  ойшыл.  Мұндай  мінсіз  мемлекет 
шын  мәнісінде  бақытқа  негізделген  қоғамда  ғана  құрылуы  мүмкін,  адам 
өмірінің  мақсаты  нағыз  бақытқа  жету  болып  табылады.  Сондықтан  да  адам 
бақытқа жетуді өзінің мақсатына айналдырып, соған ұмтылуы тиіс деп «Бақыт 
дегеніміз  -  абсолюттік  игілік.  Бақытқа  жету  үшін  және  бақытқа  ие  болу  үшін 

27 
 
қажет нәрсенің бәрі де сонымен бірге игілік болып табылады», - деді [5].  
Әйгілі түрік ойшылы Жүсіп Баласағұнның (1021-1075 жж.) «Құтты білік» 
(«Құтадғу  білік»  немесе  «Бақыттылық  жайлы  ілім»)  еңбегі  -  мемлекетті 
орталықтандыру  мен  басқару,  оның  бірлігі,  адамның  тағдыры,  оның 
мемлекеттік  құрылымдағы  орны  мен  рөлі  және  т.с.с.  көптеген  көзқарастар 
жинақталған трактат болып табылады. Сонымен қатар, бұл шығармада өмірдің 
мән-мағынасы, ондағы әділ заңның болуы, халықтың тұрмыс-тіршілігі, адамды 
бала  кезінен  адамгершілік,  әдеп  ережелерін,  сондай-ақ,  білім-ғылымды 
меңгеруге  баулу  қажеттігі  және  т.б.  маңызды  мәселелерге  басым  көңіл 
бөлінген. 
Ж. Баласағұн  өз  еңбегінде  халықты  үш  әлеуметтік  топқа  бөле  отырып, 
байлардың,  орташалардың,  кедейлердің  ерекшеліктерін  атап  көрсетеді. 
Халықтың  күштісі,  белдісі  -  байлар,  одан  кейінгі  топ  -  орташалар.  Мемлекет 
тірегі, міне, осы орта топ. Сондықтан орта топтың көбеюіне, баюына мемлекет 
үнемі  қамқорлық  етуі  қажет.  Ал,  кедейлерге  сүйеу  керек,  қамқорлық  керек. 
Сонда  билік  көмегімен  кедейлер  орташаға  өтеді.  Орта  топ  байыса  -  еліңнің 
байығаны деген ойды айшықтайды. «Құтты білік» мемлекеттік билікті заңмен 
реттеудің  нақты  қолданбалы  жолдарын  көрсетілген  еңбек.  Түрік  ойшылының 
осы тұрғыдағы пікірлері мен ұсыныстарының маңызы мен құндылығы қазірде 
төмендеген  жоқ.  Ж.  Баласағұн  еңбегіндегі  елдегі  заңдардың  бүкіл  халыққа 
қызмет етуі және орта топтың мемлекеттің әлеуметтік тірегіне айналуы туралы 
идеялары  бүгінгі  Қазақстан  қоғамы  үшін  өте  маңызды.  Қазақстан  Президенті 
Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстан  жолы-2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 
болашақ»  атты  халыққа  Жолдауында  «Мәңгілік  Қазақстан»  жобасын  ұсынып, 
«Біз  үшін  ортақ  тағдыр-бұл  біздің  Мәңгілік  Ел,  лайықты  әрі ұлы  Қазақстан!... 
Біз  үшін  болашағымызға  бағдар  ететін,  ұлтты  ұйыстырып,  ұлы  мақсаттарға 
жетелейтін  идея  бар.  Ол  -  Мәңгілік  Ел  идеясы»  [6],  -  болып  табылады  деді. 
Демек,  «Мәңгілік  Ел  идеясын»  жүзеге  асыру  -  тәуелсіз  Қазақстан 
Республикасының  қазіргі  таңда  ұстанып  отырған  стратегиялық  саясаты. 
Сонымен,  көне  тарихтан  бастау  алған  ұлттық  идеямыз  қазірде  тарихи 
сабақтастықты  бастан  кешіріп,  тәуелсіз  мемлекетіміздің  рухани  тұрғыдан 
тұрақты даму ресурсына айналып отыр.  
Осылайша,  Мәңгілік  Ел-шамшырақ  идея,  ал  Қазақ  елі  мен  Қазақ 
мемлекеті сол ұлы идеяның қозғаушы күші. Айта кетерлік жайт, «Мәңгілік ел» 
идеясы Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды 
құжат  «Бес  институционалды  реформаны  жүзеге  асыруға  бағытталған  нақты 
жүз қадам» атты бағдарламаның да идеологиялық негізі.  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. - 98-99-б. 
2. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. - 
Алматы: Рауан, 1992. - С.156-157. 
3.  Оразбекова  К.А.  Ұлттық  психология  мен  халық  тәрбиесі  болашақтың 
бастауы хақында. - Алматы: Дәуір, 2000. - 39-б. 
4.  Ауелгазина  Т.К.,  Ибрагим  Қ.Ә.  «Қазақ  филологиясы  мен  түркітанудың 

28 
 
ортақ  мәселелері»  атты  дәстүрлі  халықаралық  симпозиум  материалдары.  - 
Алматы: «Таңбалы» баспасы, 2016. - 262-268-б. 
5. Әл-Фараби.  Азаматтық  саясат  //  Әл-Фараби.  Әлеуметтік-этикалық 
трактаттар. - Алматы: Ғылым, 1975. - 122-б. 
6.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2014  жылғы 
17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 
Қазақстан халқына Жолдауы // bnews.kz/kk/news/post/181476/ 
 
 
ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
 
 
Аязбекова Гульвира Мейірханқызы, 
«АСУ» колледжі 
  
Толық  өркениетті  ел  болу  үшін  алдымен  өз  мәдениетімізді,  өз 
тарихымызды  бойымызға  сіңіріп,  содан  кейін  өзге  дүниені  игеруге 
ұмтылғанымыз жөн.  
Н. Назарбаев 
 
Олай болса, басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық 
құндылықтар,  рухани-мәдени  мұралар  сабақтастығын  сақтай  отырып 
тәрбиелеу.  
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға 
тәрбиелеу үшін:  
-
 
оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;  
-
 
жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш 
сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;  
-
 
ана  тілі  мен  дінін  ,  оның  тарихын,  мәдениетін,  өнерін,  салт-дәстүрін, 
рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;  
-
 
жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық 
мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа 
жетеміз.  
Ұлттық  тәрбие  қазір  елімізде  орын  алып  отырған  көптеген  мәселелерді: 
ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім 
балалар,  «қиын»  балалар,  қарттар  үйлеріндегі  әжелер  мен  аталар, 
нашақорлыққа  салынған  жастар,  тағы  басқаларды  бірте-бірте  жоюдың  және 
олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ 
дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. 
Сондықтан да ұлттық тәрбие - ел болашағы.  
Қазақ  халқының  ғасырлар  тұңғиығынан  бері  тарихымен  біте  қайнасып 
келе  жатқан  ұрпақ  тәрбиелеудегі  тәжірибелері  бізге  сол  рухани  мәдениет, 
этикалық,  эстетикалық  құндылықтарын  құрайтын  ұлттық  әдет-ғұрып,  салт-
дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы 
жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына 

29 
 
байланысты  ұлттық  тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлерді:  Қорқыт  ата,  Әл-Фараби, 
Қожа  Ахмет  Иассауи,  Мұхамед  Хайдар  Дулати,  Жүсіп  Баласағұн,  Махмұт 
Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен 
шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.  
Әр  адам  өзінің  ұлттық  тамырын,  әдет-ғұрпын,  мәдениетін  түсіне  алады. 
Өз  халқына  деген  сүйіспеншілігі,  өзінің  туған  жеріне  өз  халқы  өмір  сүретін 
ортаға  деген  сезіммен  ұласып  жату  керек.  Халықтық  әдет-ғұрып,  салт-
санасының  байлығы,  патриоттық  сезім  Отанға  деген  сүйіспеншілігін 
қалыптастырады.  
Қазақ  отбасы  тәрбиесінің  өзіне  тән  ерекшеліктері  оның  халықтық 
педагогика  мұраларының  мазмұны  мен  түрлерінде  бейнеленген.  Көне 
заманнан-ақ  қазақ халқында  жазбаша педагогикалық  еңбек  жазып  қалдырмаса 
да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар  өз көзқарастары мен 
әрекеттерінде  белгілі-бір  дәстүрлі  дүниетанымды  ұстанып,  халықтың 
мұраттары мен арман-тілектеріне сүйеніп отырған.  
Қазақ  отбасында  дене,  еңбек,  ақыл-ой,  адамгершілік,  экономикалық, 
экологиялық,  құқықтық,  сұлулық  тәрбиелері  жүргізілген.  Қазақ  отбасында 
аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат 
тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, 
денсаулығын  нығайту,  ағзасын  шынықтыру  және  күн  тәртібін  дұрыс 
ұйымдастыруға,  салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеу  болды.  Сондай-ақ  қазақ 
отбасында адам зиялылығының негізі - ақыл ой тәрбиесі деп есптелінеді. Ақыл-
ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен 
қаруландыру,  негізгі  ойлау  операцияларын  меңгерту,  зиялылық  біліктері  мен 
дүниетанымын  қалыптастыру  міндеттері  шешіледі.  Қазақ  халқында  ерекше 
құрметтелетін  адамшылдық  қасиеттің  бірі  -  ар  болып  есептеледі.  Ары  бар 
адамда намыста, әділдікте, адамгершілік пен имандылықта болары сөзсіз.  
Қазақ  отбасында  балаға  тілі  шығып,  анық  сөйлей  бастаған  кезден-ақ, 
ағайын  туысты,  нағашы  жұртын,  ата-тегін,  руын,  ел  жұртын  білдіруге  ерекше 
көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу 
тарихын  білуді  әр  азаматқа  парыз  деп  ұққан.  «Жеті  атасын  білмеген  ер 
жетім»,«Жеті  атасын  білген  ұл,  жеті  жұрттың  қамын  жер»  деген  аталы  сөз 
содан  қалса  керек.  Баланың  өзі  шыққан  тегін  білуі  оның  азаматтық, 
елжандылық,  отансүйгіштік  қасиеттерін  қалыптастырады  деп  есептеген. 
Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып 
қана  қоймаған.  Олардың  қандай  адам  болғанын,  өнегелерін  үлгі  етіп  отырған. 
Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі 
медицина  ғылымы  дәлелдегендей,  жеті  атаға  дейін  қыз  алыспай  қанның 
тазалығын,  яғни  ұлттың  таза  болуына  әкеледі  екен,  екіншіден,  қазақ  ұрпағы 
жеті  атасына  дейін  араласып,  ынтымағы  бір  болсын  дегеннен  болса  керек. 
Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға осы ұлттық тәрбиені 
сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз.  
Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани 
мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болды.  

30 
 
Сонымен,  қазақ  отбасы  тәрбиесіндегі  мәдени  құндылықтары  деп 
төмендегілерді айтуға болады:  
1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.  
2. Отанды, халқын, жерін,елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын»  
тәрбиелеу.  
3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным  
арымның садағасы».  
4. Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».  
5.  Отбасы  шежіресі  және  мұрагерлік  (туыстық  қарым-қатынас,  үш  жұрт, 
отбасындағы кенже ұлдың ерекше рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.  
Қазіргі  кезде  халықтық  педагогика  элементтерін  бастауыш  сыныптарда 
қазақ  тілі,  ана  тілі,  математика,  дүниетану,  бейнелеу  өнері,  дене  шынықтыру 
сабақтарында кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы: математика 
сабағында  ақыл-ой  қабілетін  дамытатын  ойындармен,  ән-күй  сабақтарында 
түрлі  әуендермен,  дүниетану  сабағында  табиғи  денелерді  қолдануды  және 
хайуанаттар дүниесін елестететін ойындармен танысады. Оқушыларды жоғары 
мәдениетті адам етіп тәрбиелеу сіздер мен - біздің басты міндетіміз.  
Қоғамның  белгілі  қайраткері,  ақын  М.Шахановтың  «халықта  ең  бірінші 
ұлттық  рух  болуы  керек»  дегенін  әр  кез  есте  сақтап,  еліміздің  жарқын 
болашағы  үшін  атсалысуымыз  қажет.  Ол  үшін  біз,  ұстаздар  қауымы 
оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік 
түп-тамырын,  мәнін,  алтын  діңгегін  түсіндіре  білуіміз  керек.  Ұлттық  тәлім 
тәрбиенің  іргетасын  дұрыс  қалай  білу  мұғалімдердің  ата-аналармен  қосылып 
жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің 
ошағы-отбасында,  екінші  -  мектепте  болғандықтан,  ата-ана  мен  мектеп,  яғни 
мұғалімдер  мен  жұртшылық  тығыз  байланыста  болуы  шартты  нәрсе  дей  келе 
мектебімізде ата-аналармен бірлесіп көптеген іс-шаралар өткізіледі, атап айтсақ 
соның ішінде салт-дәстүрді дәріптеуде Наурыз мейрамы, Ораза Айт күндеріне 
байланысты имандылық тәрбиесі сынып сағаттарында өткізіліп тұрады. 
Елімізде  тәрбие  беру  ісінде  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  (БАҚ) 
маңызы  ерекше.  Жаңа  қазақстандық  қоғамда  теледидар  мен  радионы  еркін 
пайдалануға мүмкіндік мол.  
Радио 
мен 
телеарналарда 
біраз 
ұлттық 
болмысымызға 
сай 
бағдарламалардың жүргізілуін үлкен игілікті істің бастауы деп санауға болады. 
Мәселен:  «Мың  бір  мақал,  жүз  бір  жұмбақ»,  «Алтыбақан»,  «Ақсүйек», 
«Шаңырақ»,  «Бастаңғы»,  «Айтыс»,  т.б.  бағдарламалардың  тәлім-тәрбиелік 
құндылығы өте зор.  
Сонымен қатар, бала тәрбиесінде өзіміздің ұлттық дәстүрімізде жасалған 
мультфильмдердің, кітаптар мен бейнетаспа үлгілерінің атқарар рөлі де ерекшк 
деп білеміз. 
Өскелең  ұрпақ  білім  мен  ұлттық  тәрбие  негіздерін  өзінің  ұлттық 
мектебінен  алатыны  сөзсіз.  «Ұлттық  мектеп  дегеніміз  -  ұлттық  рухта  тәрбие 
беретін орын».  
«Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  аласың»  демекші,  ата  дәстүріміздің 

31 
 
қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор. Әйтседе, күнделікті тірлікте 
ортақ тәрбие құралы - бұқаралық ақпарат құралдарын баса пайдаланып келеміз.  
Қазақтың  айтулы  қоғам  қайраткері  Мұстафа  Шоқай  былай  дейді: 
«Ұлттық  мәдениеттен  жұрдай  рухта  тәрбиеленген  ұрпақтан  халқымыздың 
қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды».  
Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс 
жасаған  бүгінгі  таңда  адамзатттық  игіліктерді,  халқымыздың  ғасырлар  бойы 
армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, 
білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.  
Ұлттық тәрбие - біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал 
мұндай  мәселелерді  зерттеп,  көпшіліктің  ой-пікірлерін  қаум  елге  жеткізетін 
негізгі құрал - бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз.  
Өмірден қымбат нәрсе бар ма адамда,  
Орындыға жұмсасаң өлмес дәрі.  
Қасиетін өмірдің білу керек,  
Басында  ми  бар  болса,  бетінде  ары,  -  деп  Шәкәрім  ақын  жырлағандай, 
біздің  жастарымыздың  өз  өмірлерін  бос  өткізбей,  білімге  жұмсауды,  артында 
өшпейтін  із  қалдырып,  мәнді  де,  сәнді  де  бақытты  өмір  сүруге  ұмтылуына 
көмектесуіміз  керек.  Біздің  ұлттық  өнеріміздің,  мәдениетіміз  бен 
дәстүрлеріміздің  алдыңғы  қатарлы  үлгілерін,  тіліміздің  орасан  зор  байлығын 
жас  жеткіншектердің  жан  дүниесіне  сіңіріп,  сол  арқылы  әлемдік  рухани 
өркениеттің өріне шығып, нәр алу - бүгінгі күн талаптарының маңыздысы. Ата-
бабаларымыздың  сан  ғасырлар  бойы  ұрпағына  азық  болған  ақыл-кеңес, 
өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі 
мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту - баршамыздың парызымыз. 
Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, 
ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.  
Сонымен  қорытындай  келе,  осындай  халқымыздың  маңдайына  біткен 
ұлттық  құндылықтарымызды,  сонау  өткен  ғасырлардан  өшпес  мұра  болып 
қалыптасып  келе  жатқан  дархан  халқымыздың  таратқан  үлгі  насихаты  асыл 
мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында 
дарынды  да  тәрбиелі  оқушылардың  бойына  сіңіріп,  ұлттық  мәдениетімізді 
әлемдік  деңгейдегі  мәдениетке  жеткізіп  сақтауға  деген  патриоттық  сезімді 
қалыптастыруға бір кісідей атсалысайық!  


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет