Мазмұнын жаңарту мәселелері Республикалық on-line конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата18.01.2017
өлшемі2,23 Mb.
#2143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Литература
1.
 
Мәнгілік Ел. Учебник. М.Б. Касымбеков, С.Ж. Пралиев, К.К. Жампеисова 
и др. – Алматы: Ұлағат, 2015 – 336 с. 
 
 
БАЛАБАҚШАДАҒЫ АТА
-
АНАЛАРМЕН
 
ҚАРЫМ
-
ҚАТЫНАСТАҒЫ 
ҚАЙШЫЛЫҚТАРДЫ
 
БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ.
 
 
Бейскалиева Гулимжан Слемгалиевна, 
№40 «Балдәурен» мектепке дейінгі 
ұйымының тәрбиешісі 
Ақтөбе қаласы 
 
Тәрбиеші  мен  ата-аналар  арасында  жағымды  өзарақарым-қатынас 
орнатудың кейбір әдістері. 
Ата-аналардың  барлығы  да  жақсы  ,алайда  тіпті  нағыз  керемет  адамның 
өзі  де  өмірдегі  ойлау  стероетипіне  байланысты  білімінің  жетіспеушілігінен 
(мысалы,  жас  ерекшеліктері),  тәжірбиесінің  аздығынан  қателесуі  мүмкін. 
Сондықтан,  кейбір  жағдайларда  ата-аналар  өздерінің  пікірлерін  жалғыз  дұрыс 
пікір  деп  санап,  ешкімді  тыңдағысы  келмей,  мәселеден  бастарын  аулақ  салып 
барлығы  дұрыс  деген  көрсететіндері  кездесіп  жатады.  Ерекше  санатқа 
жататындар-бұлар баланың амандығы мен тәрбиесі үшін өзге адамдарғаақысын 
төлеуге  дайын  тұратын  материалдық  жағынан  қамтамасыз  етілген  ата-аналар. 
Бала үшін басты мәселе үнемі қолдары босамайтын және оған уақытының бір 
бөлігін  қиюға  қолдарытимейтін  жақын  адамдар  түсінбестігі  болып  табылады. 
Балалар  көбінесе  ықылас,  қамқорлық,  қолдау,  мейірімді  қарым-қатынастың 
тапшылығынан  азап  тартады.  Алуан  түрлі  ата-аналар  кездеседі,  сол  себепті 
олармен  өзара  қарым-қатынас  құру  барысында  тәрбиешіге  қиындықтар  тууы 
мүмкін.  Бала  балабақшаға  жалғыз  келмейді,  ол  бізге  өзінің  ата-аналарымен 
және  өзге  жақын  туыстарымен  келеді.  Балабақшаға  келген  кезде  әрбір  ересек 
адам кездейсоқ жүрген адам емес. Ол бала үшін белгілі бір ақпарат көзі болып 
табылады. Балабақша жайында ересектердің балаға айтқан ақпараты жағымды 
болған  сайын  педагог  пен  бала  арасындағы  өзара  іс-әрекет  үйлесімді  болады. 
Бұл үрдіс екі жақты, сондықтан бала тарапынан жағымды қарым-қатынас ата-
аналардың  балабақшаға  қатынасын  және  оның  педагогикалық  ұжыммен 
ынтымақтастығы сапасына әсерін тигізеді. 
Мен балабақшада тәрбиеші болып 10 жыл жұмыс атқарып, Өз мақаламда 

44 
 
мен өзімнің жас, жұмысты енді бастап келе жатқан тәрбиешілеріммен ата - 
аналарымыздың  арасындағы  қатынас  барысында  өзара  түсіністікке  қол 
жеткізудің  бірқатар  жақсы  танымал,  кейбір  жағдайда  аңғармай  жіберіп 
алатын  тиімді  тәсілдеріне  көңіл  аударғым  келеді.  Сонымен,  ата-ана 
балабақшаға  жұмыс  пен  үй,  тірлік  пен  қамқорлық  әлемінен  келеді,  алайда 
оның көңіл күйі әрқашан да шаттықта бола бермейді. Оны тәрбиешінің қалай 
қарсы алуының өзі олардың бұдан арғы диалогы дұрыс қалыптасуына әсерін 
тигізеді.  Көптеген тәрбиешілердің  үндемей  келіп немесе  немқұрайлы  сәлем 
беріп  қабағы  түнерген  ата-аналарды  қарсы  алуы  ықтимал.Ата-аналардың 
осындаймінез құлық стереотипін өзгертуге көмек көрсету аса маңызды. 
Мысалы:  Мұны,  төмендегідей  жасауға  болады;  ата-ананыңаты-жөні 
қалай  екенін  еске  түсріңіз,  оны  жылы  шырай  қалыпта  елестетіңіз, 
күлімсіреңіз,  оны  сенімді  түрде  есіммен  атаңыз,  көзіне  қарап  тұрып 
сәлемдесеңіз.  Сіздің  баланы  және  оның  ата-анасын  көргеніңізге  қуанышты 
екендігіңіз туралы сөзіңіз оның нәтижесін арттырады. Әрине бірінші кезден 
бастапмұндай  нәтижеге  қол  жетпеуі  мүмкін,  алайда  тәрбиешінің 
шыдамдылығы  мен  табандылығы  бірқатар  уақыттан  кейін  ата-ананың 
мейірімді  және  ілтипатты  қатынасы  өзіндік  үлесін  алуға  ұмтылатындығына 
себеп  болады.  Тәрбиешінің  мұндай  қарым-қатынасын  көрген  балалар  тез 
арада жағымды сөздер айтуға дағдыланады және өздері де мейірімділік пен 
жылы шырайлықтың үлгісін көрсетеді. 
Ата-анаиен әңгіме барысында оны жиі жиі есімімен атап айту пайдалы, 
өйткені  осының  өзі  кез  келген  адамды  қоршаған  топтағы  адамдардан 
ерешелейді;ата-ананы  есімімен  айту  тәрбиешінің  оған  мүдделі  екендігін 
және ықыласпен қарайтындығын көрсетеді. Ересек адамдардың тұрғысынан 
сыпайы  қатынас  орнату  мақсатында  ата-анаға  «Сіз»  деп  және  аты  мен 
әкесінің  атын  айту  маңызды,  қажет  болған  жағдайда  ата-ананың  қалауы 
бойынша  атын  толық  түрде  айту  керек,  бұл  өзара  қарым-қатынастағы 
қашықтықты сақтайды. 
Енді  ата-ана  арасындағы  маңызды  диалог-көңіл  қоя  тыңдау  жайында. 
Кез  келген  ата-ана  өз  баласына  қатысты  тәрбиешінің  пікірімен  сай  келу 
келмеуіне қараматан кез келген жағдайда өзіндік пікірінің болуына құқылы. 
Ата-ананың қандай болмасын пікір немесе сенімдерді айту барысында өзінің 
табандылығы  мен  артық  негативін  азайту  үшін  оны  ықыласпен  тыңдау 
қажет,  бұл  тәрбиешінің  оған  ата-ананың  не  айтып  тұрғандығын  нақты 
білдіруін көрсетеді. 
Мысалы:  егер  баланың  анасы  оның  баласын  топтағы  бір  баланың 
ұрғандығы  жайында  тағы  да  шағым  жасағандығы  туралы  ашуланып  айта 
бастаса, онда өзіңнің жауабыңды келесі сөздармен бастаған жөн: «Меніңше, 
Сіз  кеше  балаңызға  ауырлық  тигізгендігі  үшін  ренжулі  сиқтысыз».  Немесе 
ертеңгіліктен  кейін  ата-ана  өз  қызының  неліктен  ханшайым  емес,  көбелек 
ролін  ойнағандығын  сұраса  тәрбиеші  «Сіз  қызыңыздың  ертеңгілікте  басты 
ролді  ойнамағандығына  қапалы  сиятысыз»  деп  жауап  беруіне  болады. 

45 
 
Барлық жағдайда да жауапты сұрақ түрінде емес мақұлданған жауап түрінде 
беру  маңызды,  сөйтіп  тәрбиеші  ата-анаға  оны  тыңдап  және  оның  сөзі  мен 
сезімін  ұғынғандығын  көрсетеді.  Кейбір жағдайда  да  көңіл  қоя  тыңдау  ата-
ананың  оның  балабақшада  болған  сәтіне  мүлде  қатысы  жоқ  жағымсыз 
жайттарды айтып салуына себеп болады. 
Мысалы:  Баланы  алуға  ашулы  ана  тәрбиешінің  пікірінше  әрбір  ұсақ 
түйектерге  мінтаға  бастайды.  Ол  баланың  серуенге  неге  қызыл  футболка 
кимегендігін, ертеңгілікте неге тақпақ айпайтындығы және сол сияқтыларды 
сұрайды.  Ата-ананың  осындай  ашулы  әрекетіне  тәрбиешінің  былай  жауап 
беруіне  болады:  «Сіз  ашулы  және  ренжулі  сияқтысыз».  Бұл  сөздер  ананың 
өзіндік жекелей жағдайына қайта оралуына септігін тигізеді, бәлкім ло өзінің 
неге  ренжулі  екендігінің  себебін  айтуы  мүмкін,мысалы,  балабақша  келер 
жолда туфлиінің өкшесі сынып қалғандығы жайында айтуы мүмкін. Сөйтіп, 
көңіл қоя тыңдауды келесі сөздермен жалғастыруға болады: «Өкінішті жайт, 
мұндай  болғаны  өте  өкінішті».Ата-ана  өзінің  ашу  ренішін  басқаннан  кейін 
диалог анағұрлым сындарлы арнаға түседі. 
Ата-анамен  сындарлы  өзара  қарым-қатынастың  тағы  бір  маңызды 
элементі-  бұл  тәрбиешінің  жағымды  ойды  пайдалану  қабілеті,  яғни  кез 
келген қалыптасқан жағдайдан жағымды нәрсе көру. 
Мысалы: Бала төбелескен жағдайдаодан қандай жағымды нәрсе көруге 
болады?  Бұдан  баланың  өте  сәтті  болмаса  да  дау-  жанжалды  шешудің  бір 
жолын тапқандығын көруге болады. Бала мүмкін өзін қорғаған болар өзінің 
ұстанымын  талап  етіп  бәлкім  мұндай  әдіспен  ойыншықты  иеленудің 
құқығын көрсеткен болар. Ал әйтпесе Отанның ержүрек қорғаушысы немесе 
қарапайым  жұбай  және  әке  қалай  өседі?  Немесе  қыздың  ханым  немесе 
ханшайым  ролін  емес  тиіннің  ролін  алғандығынан  қандай  жағымжы  нәрсе 
табуға  болады.  Ал  бұл  өзіңе  жаңа  көп  игерілмеген  ролді  орындаудың 
мейрамға  қатысудан  ляззат  алуға  үйренудің  әртістік  қабілеттіліктерін 
дамытудың  екінші  орындағы  шағын  ролді  ашық,  қызғылықты,  есте 
қаларлықтай  ойнаудың  тамаша  мүмкіндігі.  Осы  арқылы  актерлік  талантты 
дамытуға  немесе  кез  келген  жағдайда  өзінің  лайықты адам  екендігін  сезіну 
қабілетін арттыруға болады. 
Кез  келген  жағдайда  көңіл  қоя  тыңдау  арқылы  мейірмділік,  жарқын 
жүзділік  және  құрмет  таныта  отырып,  ата-аналардың  алдында  жағымды 
қасиеттерін аша отырып, сіз күнделікті мына қарбалас өмірде оған әдемілік 
пен  жарқындықты  көруге,  кез  келген  қиын  жағдайда  пайдалы  тәжірбие 
алуды, жылдам өтіп бара жатқан күндерден қуашһныш пен бақытты сәттерді 
табуға  және  ляззат  алуға  мүмкіндік  бересіз.  Сіз  оларға  өз  баласын 
сүйіспеншілік  пен  қолдау,  түсіністік  пен  табыстылыққа  деген  сенімнің 
қоршауында өсіруіне жағдай жасайсыз. 
 
 
 

46 
 
ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ
 
ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
 
 
Дүйсебаева Мира Жолмановна, 
Қасымова Гүлбағыш Амановна, 
 
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп,жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз 
бен  немерелеріміз  онымен  бірге  ер  жетеді.Олар  өз  ұрпағының  жауапты  да 
жігерлі,  білім  өрісі  биік,  денсаулықтары  мықты  өкілдері  болады  Олар 
бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз 
елінің патриоттары болады». 
Н. Назарбаев. «Қазақстан-2030» 
 
ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық 
және  жалпыадамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негі 
зінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім 
алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп білім мен тәрбие беру жүйесіне үлкен 
міндеттер жүктеді. Оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен 
сана-сезімін дамытып, тәрбиелі тұлғаны қалыптастыру-балабақ шада басталып, 
мектепте жүйелі жалғасуы тиіс.  
Этнопедагогика  -  халықтың  ғасырлар  бойы  жинақтап,  ұрпақтан-ұрпаққа 
асыл  мұра  ретінде  қалдырып  отырған  рухани  және  материалдық  мәдени 
байлығы. Барлық халықтың рухани мәдениетін оның тілі, ауыз әдебиеті, салт-
дәстүрлері, діні, ойындары құрайды. 
Ұрпақ  тәрбиесі  мәселесін  халықтық  құндылықтар  негізінде  жетілдіру  -
педагогика  ғылымының  алдында  тұрған  жауапты  міндет  және  азаматтық 
парызым  деп  ерте  жасынан  түсінген  Әлкей  Хақанұлы  20-дан  жаңа  асқан 
шағында-ақ,  қазақ  халқының  тарихын,  әдебиеті  мен  мәдениетін,  өнерін 
зерттеуге бел шеше кірісіп, бар өмірін халқының асыл қазынасын келер ұрпаққа 
жеткі  зуге  арнаған.  Әлкей  Хақанұлы  Марғұлан  -  филология  ғылымының 
докторы,  Қазақ  Ғылым  академиясының  академигі,  Қазақ  Кеңестік 
Республикасы  ғылымына  еңбегі  сіңген  қызметкер  -  археология  ғылымының 
негізін  қалаушы,  этнограф,  шығыстанушы,  әдебиеттанушы,  өнертанушы, 
тарихшы  көрнекті  ғалым.  Ол  300-ден  аса  еңбек  жазып,  қазақ  мектептеріндегі 
оқушылардың  ұлт  тық  дүниетанымын  қалыптастыруға  және  жетілдіруге 
ұмтылды. «Қазақ әдебиеті», «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің 
тарихы»,  «Қазақ  стан  архитектурасы»,  «Қазақ  халқының  қолданбалы  өнері», 
«Орталық  Қазақ  станның  ежелгі  мәдениеті»,  «Ежелгі  жыр,аңыздар»,  «Қазақ 
фольклоры»,  «Шоқан  және  Манас»,  тағы  көптеген  еңбектерінде  қазақ 
халқының  ұлттық  ерекшеліктері  тұрғысынан  қарастырған.  Ұлттың  жан-күйі 
мен  ұлттық  мәдениет  арасында  тығыз  байланыс  бар.Ұлттық  мінез-құлық 
ерекшелігі ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді.Ұлттық жан-күй үйлесім 
ерекшелігі адамдардың отбасылық қарым-қатынасынан , киім кию түрлерінен, 
спорттық ойын ерекшеліктерінен, тұрмыстық салт-дәстүрлерінен, ұлттық тағам 

47 
 
түрлерінен  байқалады.  Ұлттық  жан  -  күй  үйлесімі  -  3  бөліктен  тұрады:  ол  -
ұлттық  сезім,  ұлттық  салт-дәстүрлер  және  ұлттық  мінез-ұлттық  мәдени 
ерекшеліктің  шарттары  болып  табылады.Ұлттық  сезім дегеніміз  -  адамдардың 
туған жер ге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігі. 
Ұлттық  сезім  ұлттық  эстетика,әдеп,  парасаттылық  және  күнделікті  өмірдегі 
талғам  мен сезімнің  жиынтығы.  Салт-дәстүр  сабақтастығы  ұлттар  арасындағы 
қарым-қатынаспен  тығыз  байланысты.  «Әр  халықтың  мәдениеті  өзіне  тән 
ерекшелігімен  дараланып,  көзге  шалынады.  Алайда  ,  басқа  халықтардың 
әсерінсіз  таза,  дара  ұлттық  мәдениет  тіпті  де  кездеспейді.  Ұлттар  мен 
халықтардың  материалдық  және  рухани  байланысы,  қарым-қатынасы  арқылы 
олар 
бір-бірін 
мәдени 
байлығы 
жағынан 
толықтырады»-дейді 
С.Н. Артановский.  
Ұрпақ  тәрбиесіндегі халқымыздың жақсы дәстүрлері  мен тағылымдарын 
оқып үйренуге, өнеге тұтуға, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу үшін 
Марғұлан  зерттеулерінің  маңызы  зор.  Қазақтың  қолөнері  мен  олардың 
ерекшеліктері  туралы  мағлұматтар  ерте  замандағы  Әл  Фараби  еңбектерінде 
кездеседі.  Абай  Құнанбаев,  Ыбырай  Алтынсарин,  Ахмет  Байтұрсынов  осы 
бағытта  қазақ  халқының  білімі  мен  өнеріне,  салт-дәстүріне  байланысты 
көптеген еңбектер жазса, қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнерінің шығу тегі, 
тарихы,  дамуы,  оның  түрлері  мен  ерекшеліктері,  шеберлік  әдіс-тәсілдері 
арқылы  Әлкей  Марғұлан  жан-жақты  зерттеу  жүргізді.  Қазақ  жерінде  сәулет 
өнерінің  шығуы  туралы  жазған  «Қазақстан  архитектурасы»:  «Қазақстанның 
ежелгі  архитектурасы»,  «Исламға  дейінгі  архитектура»,  «Орта  ғасырдағы 
Қазақстан  архитектурасы»,  «  Соңғы  ортағасырлық  Қазақстан  архитектурасы» 
бөлімдерінен құралады.  
Сондай  -  ақ,  «Бегазы-Дәндібай  мәдениеті»,  «Қазақ  халқының  қолөнері», 
«Қазақтың  киіз  үйі  және  оның  жиһаздары»,  «Ежелгі  жыр  аңыздар»,  «Манас 
және Шоқан» тағы басқа еңбектерінде ұлттық ою-өрнек, киіз үй және зергерлік 
өнері, ағаш, сүйек, тері өңдеу секілді қазақ халқының мәдени үлгілері арқылы 
ата-бабаларымыздың эстетикалық талғамын айқын көрсетеді. Көне музыкалық 
аспаптардың зерттелуіне де ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан бағалы үлес қосты. 
Ол  әсіресе,  Қорқытқа,  оның  қобызына  байланысты  тың  деректерді  тауып, 
көпшілікке  жеткізіп,  музыкатанушылар  мен  аспап  жасаушы  шеберлердің 
назарына  ұсынды.  Ежелгі  жыр-аңыздарды  зерттеу  үстінде  көне  музыкалық 
аспаптар  туралы,  түркі  тектес  халықтар  өмі  ріне  байланысты  терең  талдаулар 
жасау кезінде де оларға тән музыкалық мұ ралар мен аспаптар хақында айтуды 
азаматтық  парызы  санады.  «Қазақтың  киіз  үйі  өзінің  құрылымы  жағынан 
алғанда  көшпелі  халықтардың  бірде  біреуі  нікімен  салыстыруға  болмайтын 
жылжымалы  тұрғын  үйлердің  ең  жетілдіріл  ген  түрі  -  болып  табылатын 
құрастырмалы  -керегелі  киіз  баспаналардың  түркі  (қыпшақ)  үлгісіне  жататын 
нұсқасы.Монғолдікімен  салыстырғанда  биік  күмбезді,  сыпайылау,  дауылды 
желге, жаңдыр мен қарға мығымдау болып ке леді. 
Академик  Әлкей  Хақанұлы  Марғұлан  ағаштан  тұрғызылған  немесе  қам 
кесектен соғылған үйлерге қарағанда, киіз үйді өзінің ертедегі өзінің ертедегі із 

48 
 
ашарларының  негізгі  белгілерін  бойына  сіңірген  баспананың  біршама  соң  ғы 
түрі деп есептеген. 
Өзге  халықтар  секілді,  қазақ  елінің  де  бала  тәрбиесі  жөнінде  атам 
заманнан  бері  жиып-терген  мол  тәжірибесі  бар.  Аға  буын  өз  бойындағы 
ізеттілік,  қайырымдылық,  кішіпейілділік,  әдептілік,  елін-жерін,  Отанын  сүю 
секілді  ең  асыл  қасиеттерін  үнемі  үйретіп  өтті  атақты  академик  Әлкей 
Марғұлан. 
 
 
МӘҢГІЛІК ЕЛ: ОТАНСҮЙГІШТІК ПЕН ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ
 
 
Е. И. Елеусизов, 
Ж. Б. Кожабекова, 
Астана қ. Қаз ГЗУ  
гуманитарлық заң колледжі 
  
Осыдан ХІІІ ғасыр бұрын түркі жұртының қайраткер ғұламасы Тоныкөк 
негізін қалаған «Мәңгілік Ел» идеясы бүгінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 
отансүйгіштігінің  арқасында  «Ұлы  Дала  Елінің»  басты  ұранына  айналуда. 
Халықтың ойынан шығатын идея ғана халықтың санасын билейді. «Халықтың 
басына келген ой, данышпанның тілінің ұшында» деп бекер айтылмаған. Егер 
кемеңгер адам сол халықтың ойын дәл басып айтса, ол үлкен күшке айналады, 
халықты  бір  идеяның  аясына  жұмылдырады.  Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың 
«Қазақстан-2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  халыққа 
жолдауында «Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын 
қаладық.  Мен  қоғамда  «Қазақ  елінің  ұлттық  идеясы  қандай  болуы  керек?»  - 
деген  сауал  жиі  талқыға  түсетінін  көріп  жүрмін.  Біз  үшін  болашағымызға 
бағдар  ететін,  ұлтты  ұйыстырып,  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  - 
Мәңгілік Ел идеясы»-деп көрсеткен болатын.  
Біздің  бұл  дүниеде  бір-ақ  Отанымыз  бар,  ол-Қазақстан»  деген 
Елбасымыздың сөзі барша Қазақстандықтарға ерекше күш, рух беріп, бірлікке, 
ынтымақтастыққа, 
отаншылдыққа 
үндейтіндігі 
сөзсіз. 
Егемендіктің, 
тәуелсіздіктің  тарихи  маңызын  тереңнен  түсіну  үшін,  Мәңгілік  елге 
айналуымыз  үшін,  еліміздің  төл  тарихын  тереңнен  танып,  зерттеп-зерделеп, 
осы  ұлы  жолдағы  ерлік  дәстүрімізді  ұлықтап,  насихаттай  білуіміз  қажет. 
Мәңгілік елдің негізі - тәуелсіздік пен патриотизм [ 1 ].  
Қазақтың тарихы сонау ертеден сақ, ғұн, үйсін, қаңлылардан бастау алып 
көк  түріктермен  жалғасқандығында.  Адамзат  тарихындағы  ең  көне  кітап 
«Авестада»-тур,  ежелгі  гректерде-скифтер,  «Шахнамада»-Тұран,  қытай 
жылнамаларында-тукиу,  парсыларда-сақ  өткен  замандарда  қазақтың  ұлы 
даласын мекен еткен көшпелі халық пен оның елі осылай аталған. Тарих атасы 
Геродот «Тарих» еңбегінің бірінші кітабында: ежелгі дүниенің атақты патшасы 
Кир  мен  сақтардың  массагет  тайпасының  билеушісі  Томирис  арасындағы 
соғысты  былай  деп  сипаттайды:  «Бұл  шайқасты  мен  барлық  ұрыстардың 

49 
 
ішіндегі  ең  сұрапылы  деп  білемін.  Қарсыластар  ұзақ  айқасты,  ешқайсысының 
кері  шегінгісі  келмеді.  Ақыры  массагеттер  басым  түсті.  Ия,  әйел  де  болса  ел 
басқарған  Тұмар  ханшайым  бастаған  ержүрек  сақтар  жерінің  тұтастығын 
сақатап қалды. Ежелгі дүниенің ең құдіретті патшасы І Дарийге қарсы соғыста 
сақтардың  Шырақ  есімді  жауынгері  өшпес  ерліктің,  отансүйгіштіктің  ерен 
үлгісін көрсетті. Өз патшасына келген Шырақ өмір адамға бір-ақ рет беріледі, 
әйтеуір  бір  күні  ажалдың  алатыны  белгілі»  деп  жалған  дүниеде  тек  асыл 
мұратқа  жеткізетін  істермен  айналысу  керектігін  айқын  аңғартады.  Ендеше 
«Өзім  туралы  болашақ  ұрпақтар  туған  жер  үшін,  туған  халқың  үшін  опат 
болған  адам  ретінде  есте  сақтайтындай  етіп  өлген  әлдеқайда  артық  емес  пе! 
Мен  өз  парызымды  орындаймын»  -  деп  І  Дарийдің  қалың  әскерін  шөл  далаға 
алдап ертіп апарып, қырғынға ұшыратты [2, 15]. Осылайша І Дарий мен Кирдің 
сақтарға  жорығы  осылай  абыройсыз  аяқталды.  Міне  ұлы  дала  ерлерінің 
бойындағы  патриоттықтың  арқасында  ең  мықты  империялардың  өзі  жеңіліс 
тапты.  
Ғұн  билеушісі  Мөде  жайлы  мынадай  ерекше  тарихи  аңыз  қалған. 
«...Ойдағы  ғұндар  ұлы  орданың  жас  тәңірқұты  Мөдеге  елші  жіберіпті,  деп 
басталады аңыз. Елші Мөдеге өз көсемдерінің:  
-
 
Мөде тәңірқұт тақымы қатпаған жас бала ғой. Оған әкесінен қалған дүлділ 
тұлпарды  мініп  жүру  жараса  қоймас.  Тұман  тәңірқұттың  мінген  атын  маған 
берсін,  деген  өктем  сәлемін  жеткізеді.  Мөденің  төңірегіндегі  ақылшылары 
мұндай қорлыққа шыдамай, айқасып өлейік деп ақыл береді. 
-
 
Жоқ,  -  дейді  Мөде,  түбі  бір  туысқанбыз.  Бір  ат  үшін  қырқысамыз  ба? 
Ағайындықтың белгісі болып арамызда жүрсін.  
Сөйтіп  Мөде  әкесінен  қалған  дүлділ  сәйгүлікті  беріп  жібереді.  Бірақ 
ғұндар  көсемі  Ұлы  орданың  жас  тәңірқұтын  қорлауды  мұнымен  тоқтатпайды. 
Ұзамай келесі елші келеді. Оның алып келген сәлемі бұрынғыдан да сорақы еді.  
-
 
Мөде  жас  қой.  Жас  адам  сұлудың  қадірін  білмейді.  Ана  қойнындағы 
ханымын маған берсін, - депті ожар көсемі.  
Бұл  енді ұлы  тәңірқұттың намысына  тиіп,  соғысқа  шақырумен  бірдей  іс 
еді.  Мөденің  ақылшылары  да  мұны  солай  деп  қабылдайды.  Бірақ  Мөзе  міз 
бақпайды.  
-
 
Астымдағы  атым,  қойнымдағы  әйелім  елімнің  садағасы.  Ойдағы 
ағайынның  көзі  түсіп,  қызыққан  екен,  барсын,  ханымға  айтыңдар:  «қыз  өріс 
деген, еліміздің елшісі болсын. Көз жасы құрғайтын кез де туар», - дейді Мөде. 
Ойдағы ғұндар мұнымен де тоқтамайды.Үшінші елші тағы келеді.  
-
 
Ұлы орда биыл Сарыжайлауға көшкелі жатыр деп естідім. Онда көшпей-ақ 
қойсын.  Мен  бір  жыл  Сарыжайлауды  жайлап,  ханым  екеуміздің  үйлену 
тойымызды сонда жасамақпын, - депті мастанған ойдағы ғұндар бегі.  
-
 
Е,  бір  жылғы  жердің  түгі  ештеңе  етпес.  Көшпесек,  көшпей-ақ  қоялық,  - 
дейді Мөденің көнбістігіне әбден үйренген ақылшы билер.  
-
 
Жоқ, - дейді Мөде орнынан атып тұрып, - ағайынның алдыңғы екі тілегіне 
көнгенім:  ат  та, әйел  де  өзімдікі болатын.  Ал  жер халықтың игілігі  деп қарсы 
шығып,  өктемсінген  ойдағы  ғұнның  әскерлерін  тас-талқан  қылып  жеңеді  [3, 

50 
 
36]. 
Ежелгі Қытай деректерінде сюнну немесе хунну, батыс деректерінде гун-
гунни  деп  аталған  ғұндарды  бүгінгі  таңның  ғалымдары  түркілердің,  бүгінгі 
қазақтардың  арғы  аталары  деп  көрсетеді.  Алаш  зиялысы  М.Жұмабаев 
«Пайғамбар» атты өлеңінде: 
Ерте күнде отты 
Күннен Гун туған, 
Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам. 
Жүзімді де, қысық қара көзімді, 
Туа сала жалынменен мен жуғам. 
Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар, 
Мен - Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар. 
Мен келемін, мен келемін, мен келем, 
Күннен  туған, Гуннен  туған  Пайғамбар!  - деп өз халқын биікке көтеріп, 
Пайғамбарға теңейді [ 4 ].  
Көк  түркілер  Ғұн  империясының  тікелей  мұрагері.  Түрік  халқының 
тәуелсіздігі  мен  мәңгілігі  үшін  аянбай  еңбек  еткен  Бумын,  Естеми,  Білге 
қағандар,  Тоныкөк  пен  Күлтегіннің  жырларында  да  патриоттық  сезімдерін, 
отансүйгіштігін айқын байқауға болады: 
Түркі халқы үшін, 
Түн ұйықтамадым, 
Күндіз отырмадым. 
Інім Күлтегінмен бірге 
Екі шадпен бірге 
Өліп-тіріліп жерді ұлғайттым [ 5 ].  
Қазақтың  қанындағы  азаттыққа,  еркіндікке  деген  құлшыныс  батыр 
бабаларымыздың,  жауынгерлігімен  бойға  сіңген  қасиет.  Аттарын  әлем 
тарихында  тасқа  қашап  жазған  ел  түріктер.  ХV  ғасырда  Керей  мен  Жәнібек 
хандарымыз  алдарына  үлкен  мақсат  қойып,  «Қазақ»  мемлекеттілігінің  негізін 
қалады.  «Қазақ»  пен  «Тәуелсіздік»  егіз  ұғым.  Ежелден  еркіндікті,  еріктілікті 
мақсат  тұтқан  бабаларымыз  сан  ғасырлар  бойы  жауларымен  қан  майданда 
қасық  қаны  қалғанша  аянбай  күресіп,  отансүйгіштіктің  үлгісін  көрсете  білді. 
Осы тұста Бөгенбай батырдың «Таланған көштің, тұтқындалған бала-шағаның 
бейшара бақылаушысы болып отырмай. Жаудан кек  аламыз, өлсек қару ұстап 
өлеміз! Қыпшақ даласы сарбаздарының жаудан жалтарған кезі болды ма? ...» - 
деп  қазақ  сарбаздарына  рух  беріп,  жауын  жеңуге  құлшыныс  тудырған  баталы 
сөзі ойға оралады. Кешегі батыр Бауыржан Момышұлы: «Бұрындары жасалған 
ерлікті  сыйламай,  қадірлемей  тұрып,  жаңа  ерліктерге  шақыру  мүмкін  емес»  - 
деген  болатын.  Демек  тарихымыздан  сабақ  алып,  бабаларымыз  салған  сара 
жолды  үлгі  тұтпай  патриот  боламын  деу  жәй  әңгіме.  Біздің  түсінігімізде  кез-
келген  қазақ  баласы  ұлттық  тарихын  жетік  біліп,  одан  үлгі  алса  ғана  нағыз 
отансүйгіштіктің  үлгісін  көрсете  алады.  Қазақ  даласы  сондай  ұлдардан  кенде 
емес. Оның бірі де бірегейі Ж. Тәшенов. Қазақ жерінің тұтастығы үшін күресіп 
елдік пен ата-баба мұратын анық түсініп, бабалар жолын жалғастыра алды.  

51 
 
Көне  ғұламалардың  айтуына  тоқталсақ,  мемлекекеттің  негізгі  тірегі  - 
тіл,  діл,  дін.  Бүгінгі  күннің  қайраткері  М. Шаханов  әр  адамның  төрт  анасы 
болатынын  айтады.  Атап  айтсақ:  туған  жері,  туған  тілі,  тарихы  мен  салт-
дәстүрі.  Төртеу  қазақтың  бойында  түгел  табылса,  біздің  болашағымыз 
баянды, алар асуларымыз биік боларына шүбә жоқ.  
Үлкен мақсатты мұратқа айналдырған ұлтқа - бүгінгі ұрпақтың білімді 
болғаны,  өз  Отанын  шексіз  сүйгені  үлкен  тарихи  жетістік.  Отансүйгіштік  - 
адамға қанат бітіріп, сені бір ауылдың, бір аймақтың баласы емес, Мәңгілік 
Ел  болуды  мақсат  тұтқан  Қазақ  перзенті  екеніңді  сезіну  бақыты.  Тамыры 
тереңде жатқан тарихынан үлгі алған бүгінгі ұрпақ, еліміздің ертеңі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет