Мәден Н. Қ. Зейнолла сәнік шығармаларындағЫ Ұлттық ТӘрбие мен көркемдік шешім 7М02310 «Филология»


Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы



бет6/21
Дата18.01.2023
өлшемі224,46 Kb.
#61874
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы Тақырыпты негіздеп, соған сай мәліметкөздерді белгілеп, материал жинауда зерттеудің салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды. Соңғы он бес жыл шамасында жарық көрген еңбектердің библиографиясы жасалды.
Аталған мәселелердің шешімін іздеуде белгілі әдеби зерттеушілерінің (С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, Ж.Дәдебаев, Қ.Ергөбек, Б.Майтанов, Қ.Әбдезұлы, Р.Тұрысбек, Ж.Смағұлов т.б.) негізгі ғылыми еңбектері басшылыққа алынды.
Жұмыстың жариялануы.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І. СӨЗ ЗЕРГЕРІ - ЗЕЙНОЛЛА СӘНІК
1.1. Зейнолла Сәнік өмірі және шығармашылығы
Міне, бүгін біз арамыздан келместін кемесіне мініп, кеткеніне бір жыл толған аса кадірлі каламгер ағамыз Зейнолла Мүбәракүлы Сәнікті еске түсіріп, онын шығармашылығы туралы ғылыми-талкылау жиынына катысып отырмыз. Салиқалы мәжілісті үйымдастырып отырған Шынжан Жазушылар коғамына, «Шынжан жастар-өрендер баспасына» және «Шұғыла» журналы ұжымына ерекше алғыс білдіремін. Зейнолла ағамыздың сүйікті ақын жұбайы, балаларынын аяулы анасы Шәмшабану Хамзақызы мен Зекеңнің балаларын осы мерейтойымен құттықтаймын. Зейнолла Сәнік кырық жылдан астам уақыт баспасөз саласында еңбек етті. Таяуда ғана «Шынжан» газетінің (2014 жыл, 25 шілдедегі саны.) Зекеңнің баспасөз саласындағы шәкірт інісі «Шынжан жастар-орендер баспасының» бұрынғы басшыларының бірі — Әкімбай Жапарұлы «Естен кетпес есімдер» атты эссесінде Зейнолла ағасы жөнінде былай деп естелік айтады: «Қарбалас жумыс әлегінде жүріп, аз-кем тыныстаған сәттерімізде ағамен жақын сырласып журдік. Қашан көрсең аңқылдап журетін Зекең біздерге баспаның қыр-сырын уйретуден жалыққан емес. Сырлас қана емес тыныстас та болып кеттік. Зекең бір отырған жерден тапжылмай, таңертең келіп отырса, тусте бір-ақ туратын. Жан пендесінде кездесе бермейтін қызметке деген табандылығына қайран қалатынбыз. Сол табандылық бет-бейнесіне біз де еліктей Зейнолла Әлемі бердік. Тірісінде елінде елеулі, халқына қалаулы, досына мейірімді, інілеріне ізгі тілекті ақылман аға қырық жылдық баспа өмірін бір кісідей бурлеткен соң, шығармашылығымен енді еркін айналысар кезінде узақ уйқыға аттанғаны жанымызға қатты батты». Біз Зекеңнің баспасөз саласында кандай кызмет аткарғанын, кызметтестеріне кандай үлгі болғанын, міне, осы күнделікті бірге болған баспагер інілерінен артык жазып та, айтып та бере алмаймыз. Зекең баспасөз саласынын осындай қайыспас кара нарларының бірі еді. Зейнолла Мүбәракүлы баспасөз саласында авторлар мен окырмандарға қуаныш пен мол рухани байлық сыйлап, кырык жылдан артықтабысты орындаумен бірге, тәңірдің өзіне сыйлаған таланты мен ізденгіштік рухына сүйеніп, әдебиет жасампаздығы мен ғылыми зерттеу саласында көп табыстарға да кол жеткізген болатын. Біз бүл арада Зекеңнің копшілікке мол таралыммен таралып, үлкен коғамдық ықпал тудырған «Басбай» және «Сергелдең» романдарын ерекше атауға тиіспіз. Зекең осы екі романын жазуда да казыналы халкымыз арасында сақталған, ел өміріне, ер тағдырына катысты мол мүраларды жинау, реттеу, баспадан шығару барысында күнды материалдарға ие болған. Халыктык білім негізіндегі еңбек жолында бел шешіп жүруінін ролі өте зор болған. Әдебиет жасампаздығына табысқа жетудің қайнар көзі халықта деген — міне, осы... Басбай сынды еліміздегі қазак халкынан шыккан, аты мәшһүр тарихи түлға жөнінде, аңызға айналып кеткен әнгімелерді жинактау, реттеу, зерттеу негізінде, оны қомақты коркем шығарма — «Басбай» атты роман жазып жарияланғаннан кейін, окырмандары қызығып окитын шығармалар катарынан орын алып кана қоймады. Ол әдебиет зерттеушілері тарапынан жоғары бағаланды. Сонымен бірге мемлекеттік ғылыми тапсырмалар катарынан орын алып, академиялық енбек болып жазылған «Қазак әдебиетінін тарихының» төртінші томына (яғни осы заман томына) енген жазушы Зейнолла Сәнік тарауында «Басбай» романы жөнінде жоғары бағалар жинакталып жазылды. Зекеннін аяулы жары Шәмшабану Хамзакызы мен үлы Қанат баспаға әзірлеп үсынған, «Шұғыла» журналының 2014 жылы №5 санында жарияланған Зекеңнің «Қайта оралған қарлығаш» атты естелігінде автор өзінің «Сергелдең» атты романының калай жазылғаны жөніндегі көңіл-күйін өте бір шыншылдықпен жазып қалдырыпты. Роман бас кейіпкер Толебай Сиыршыұлы (1845-1917) басынан кешкен тағдыры, өмір жолы, іш жүзінде XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы еліміздегі казақ халқының басынан кешкен тарихи шындығынан сыр шертіп, оны көркемдік шындык өресіне көтеріп, жазылуымен кұнды. Бұл роман әсіресе 2008 жылы Қазакстан Республикасында жарык көргеннен кейін ұлкен дүмпу тудырыпты. Бұған мысал ретінде, Қазакстан Республикасынын каламгер-журналистері жазған: «Құрлыкаралык Актабан шұбырынды немесе окшау тағдырлар» атты макаланы (Б.Шарахымбаев, Қ.Дуйсен: «Әдебиет айдыны». 2008 жыл, 11 қыркуйек) атауды жөн көріп отырмын. Макала авторлары романды окығаннан кейін романның дәуірлік тынысымен камтыған мазмұны жөнінде тебірене токталып: «Қытайдағы қазақ қаламгері Зейнолла Сәніктің «Сергелдең» атты романы 1860 жылдардан бастап бугінге дейінгі қазақ тарйхын, оның ішінде ор Алтайдан Анадолыға дейінгі кошіп-қонған халықтың сол бір жолда тартқан тағдыр соқпақтары мен «тар жол тайғақ кешулерін» тереңнен қозғайды», — деген. Зейнолла Сәнік ағамыздың халык ауыз әдебиеті мұраларын жинауы, реттеуі және баспадан шығаруға барынша күш салуы оның біртінден тарихи этнографиялык зерттеу еңбектеріне калам тербеуіне мұрындык болды. Зекеңнің бұл салада елді елен еткізген еңбегі — Тарбағатай оңіріндегі халык ауыз әдебиеті мұраларын молынан сактаған казыналы карт Бейсенғали Садыканұлымен бірігіп жазған «Қабанбай батыр» (1987 жыл) атты кітабы. Бұл кітап елімізде үш рет басылып, 10 мың таралыммен таралып коймастан сондай-ак Қазакстанда «Қаракерей Қабанбай» деген атаумен басылып, 40 мың таралыммен окырмандарға жол тартуы өз кезінде елді тандандарған болатын. Зекең осыдан кейін казактың салт-дәстүрі, бейзаттык мәдениет мұрапары жоніндегі материалдарды жинау және ол жайлы ізденісін терендете түсті. Халык мұрасы, салт-дәстүрі жайлы өзгелердің енбектері туралы ой-пікірін білдіріп коймастан өзі көлемді еңбектер кұрастырды, жазды. Айталык, «Мұралар нені айтады?» (1990 ж.), «Қазактың тұрмыс-салт білімдері» (1998 ж.) атты еңбектері осы айткандарымыздың накты мысалы. Өз кезінде окырмандары мен зерттеушілер тарапынан жылы кабылданған «Қазактың тұрмыс-салт білімдері» атты көлемді еңбегінің екі рет басылуы да - осы сөзімізге дәлел. Зейнолла Сәнік ағамыздың кызы Жанатпен бірге соңғы жылдары калам тербеген «Қазак этнографиясы» атты комакты кітабы 2012 жылы «Бейжің Ұлттар баспасынан» шығып, окырман мен зерттеушілер колына енді ғана тиіп отыр. Бұл еңбек Зекеңнің бұрынғы ізденістер негізінде әр ел ғалымдарының казактың салт-дәстүрі және халыктык мұралары, яғни жалпы казак этнографиясы жөніндегі енбектерімен катысты жазба деректерден, энциклопедиялардан жинакталып, кұрастырылған комакты еңбек Зейноддатану 23 Зейнолла Әлемі 24 болғаны үшін алдағы күндерде тиісті бағасын алады деген ойдамын. Маркұм Зейнолла ағамыз өткен жылы кайтыс боларынан бір-екі ай бұрын маған телефон шалып, өзінін осы «Қазак этнографиясы» атты кітабының тұсаукесер жиынын ашу ойы бар екенін айткан еді. Бірак, амал канша, Зекең бұл арманына жетпеді. Қорытып айтқанда, Зекең ғылыми ізденіс жолында тынымсыз еңбектенумен ел кұрметіне боленген әйгілі баспагер, танымал жазушы. Сондыктан да Зейнолла Сәніктің шығармалары халык жүрегінде мәңгі жасайды.
Зейнолла Сәнікұлы (1935 жылы туған, ҚХР, СҮАР, Тарбағатай аймағы, Шағантоғай ауданы) - жазушы, ғалым, аудармашы. Пекиндегі бұрынғы демократияшыл жастар институтын бітірген (1958). 1958 жылдан 40 жылдай Шыңжаң халық баспасымен Шыңжаң жасөрендер баспасында редактор, редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оншақты кітап, жүзге жуық зерттеу мақалаларын жариялаған. Шет ел және қытай жазушыларының балаларга арналған кітаптарын қазақ тіліне аударған.
Шығармалар: Қазақ балалар ертегілері, 1980; Қазақ халық ертегілері, 1980; Қабанбай батыр, 1987; Мұралар нені айтады, Күйтің, 1990; Ойпыл-тойпыл заман-ай". 1991; Табиғат тәлімі, 1992; Зейін сынау сұраулары. 1992; Бастауыш мектеп әдебиет оқулықтарының атауларына түсінік, 1994; Басбай (Роман) 1995; Қазақтың тұрмыс-салт білімдері, 1997.[1]
Зейнолла Сәнік қазақ халқының патриоты, ел мен жерге байланысты құнды деректерді, тарихи мұраларды тарихшы-этнограф ретінде мақсатты түрде қолға алып, ерекше ықыласпен, асқан қызығушылықпен зерттеген. Миллиардтар елінде халықтың беткеұстар ұлдарының еңбектерін, өнерпаздарының өнерлерін тасада қалдырмаудың абзалы жинақтау, жариялау деп ұғынған зерттеуші сол жолда тынымсыз еңбек етті. Алдымен ғылыми еңбектері де, тарихи шығармалары да мақала түрінде жарық көрген. Белгілі бір тақырыппен жұмыс істеу барысында, оны жан-жақты зерделеп, газет бетіне шағын мақала ретінде шығарып, уақыт өте толықтырып көлемді монографияға айналдырған. Бүгінгі күні зерттеушінің еңбектері ізденімпаздық пен ыждақаттылықтың негізіндегі қажыр-қайрат, асқан төзімінің арқасында туындаған құнды мұра, мол қазына. Соның ішінде «Қаракерей Қабанбай», «Сүлеймен би», «Тұғырыл хан», «Демежан батыр» сынды тарихи эсселері мен зерттеулері тың деректерден сыр шертеді. Зейнолла Сәнік есімімен тығыз байланысты дүниенің бірі «Қаракерей Қабанбай» тарихи эссесі екені рас. Себебі бұл – Зейнола Мүбаракұлының Бейсенғали Садықанұлының ұсынысымен, берген деректерінің негізінде ұзақ жылдар бойы зерттеген тақырыптарының бірі және бірегейі. Неге Зейнолла Сәнік бұл тақырыпқа дендеп барды деген сауалдың да қылаң берері жасырын емес. «Қабанбайдан жеті ұл туады: Үмбетай, Кішкентай, Сырымбет, Едіге, Байтақ, Мойнақ, Әлі. «Жеті Қабанбай» аталуы содан. Жоңғардың соңғы ханы Әмірсана тарихынан хабары бар адамдар оның қазақты көп жағалағанын біледі. Қабанбай кенже ұлы Әліге Әмірсананың Мөней атты қызын әперген. Мөнейден – Айтқұл, Сарқұл (Сәнік аталып кеткен Үрімжіде «Қабанбай батырды» бастырған Зейнолланың арғы атасы. Ол өзін Зейнолла Сәнік деуі сондықтан)» деп жазады профессор Болатжан Әбілқасым. Қабанбайдың ұрпағы болуынан бөлек, оған байланысты аңыз-әңгімелерге, тарихи жырларды естіп өскендігі, өзі де осы негіздегі ел аузындағы әңгіме, деректерді ерінбей жинауы, қазақ тарихына ерекше ықылас қойғаны тағы бар. Қабанбай туралы шығармалардың ішіндегі шоқтығы биік туынды Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабозы» екені анық. Сондықтан да болар Зейнолла Сәнік «Қабдеш көркемдік тұрғыда жазса, менікі деректі роман» деп атап көрсеткен. Дегенмен, мәтіндегі ойдың мазмұндылығы мен ақпараттылығын, жадыда сақталып қалуына назар аударып отырған. Сол үшін қайсыбір қолданыста өзінің өмірден түйгенін оймақтай ойға сыйдырып, кестелі сөзбен өрнектеп жеткізеді. Жазушы ел ішіндегі бұрыннан қалыптасқан сөз тіркестерін өз ойымен қорытып басқаша құбылтып, көркемдеп те ұсынады. Кей ділмар сөздерде негізгі ой сақталғанмен қаламгер тарапынан заман талабына сай кейіпкер аузынан түрленіп, түлеп қайтадан қанат қағады...

Қабанбай батырдың күреске толы өмірі батырлық жырларда қиял-ғажайып мазмұнға ие. Мысалы, Бұқар жырау толғауында «Жау келгенде жарағым, Басындырмас пырағым» деп суреттеуін бәріміз білеміз. Олай болса, – Қазақ, «шешеннің тілі –ортақ, шебердің қолы– ортақ» дейді екен, осыған «елдің елдігі –ортақ, ердің ерлігі –ортақ» деген сөзді қосқым келеді. Қабанбай батырды бүкіл ел болып көтерсе, бұл бәріміз үшін мақтаныш қой - деп білетін сөз зергері З.Сәніктің эсселеріндегі «қысқа сөзбен түйінделген бейнелі ой», ділмәр сөздерін танып байқайық.


«Хан батыр Қабанбай» тарихи эссесінде батырдың ерлік істерін былай айқындайды: «Қабанбайдың есімі өз кезінде қазақтармен қатты жауласқан жоңғарлардың жүрегінде сұрапыл күш пен сесті айбардың жойқын ізін қалдырған»; «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай атқа мінді дегенде, жұртыңды тастап қаша бер» деп жоңғарлар мәтелдеген;
«Жұдырықтай жұмылған бірлігі болмаса, қазақтың жер бетінен құрып, тындым болып етуі ғажап емес еді». Ұлан-ғайыр даланы мұра қып қалдырған ата-бабамыз жау келгенде бірлікті ту қылып, ерлікті жыр қылып, күш біріктіріп ұмтылған. Расында да талай қилы кезеңді басынан өткерген ұлтымыз сын сағатта ынтымақ пен ауызбіршіліктің арқасында әрқашан жеңіске жетіп отырған. Жазушы қазақ боп сақталудың негізі жұдырықтай жұмылған бірлікте екенін түйіндеп жеткізеді.
«Шектеулі уақыт шешілмейтін күрмеу сияқты». Уақыт – алтыннан қымбат. Уақыттың қадірін білмеген адам санаулы уақытта аласұрып, тар шеңбердің ішінде қалғандай күй кешетіні хақ. Адамның өмірі де уақытпен шектеулі. Ал шектеулі уақытта дұрыс мақсат-мұратыңды айқындап, межелеп алмасаң кейін бәрі кеш болуы ықтимал.
«Білім дегеніңіз бұрыннан бері сұрағанға қарай сұлаған ғой». Кім үйренуге, оқуға асықса оған да білім есігіні айқара ашылатыны сөзсіз. Білсем деген ниеті бар адам үшін кез-келген нәрсе қиындықсыз келеді.
«Әке мұраты – баланың алдында кету,
Бала мұраты – әкені ардақтап жөнелту». Әке үшін баласының өзінің алдында дүние салуы қиынның қиыны. Ал бала мәңгілік сапарға ардақтап жөнелтуге міндетті. Ол сезімді тек әкелер түсіне алады.
«Асылыңды жоғалтсаң да, нәсіліңді жоғалтпа». Нәсіл сөзінің артында ұлт, тіл жатыр. Осы киелі ұғымдардың адам баласы үшін мәні зор. Жеті атасын білу жетелілік. Онда ұлтыңды да ұлықтайсың, тіліңді де сатпайсың. Тіл сарқылмас қуат, арың мен мәдениетің.
«Дүниеде тірліктен қымбат нәрсе жоқ. Басқаны сатып алуға болар-ау, тірлікті сатып алуға болмайды». Тіршілік адам баласына берілген мүмкіндік, салауатты өмір салты, рухың да, тәнің де азбай тіршілік ету бір бақыт. Денсаулық бір аманат, соны қадірлеп күту маңызды.
«Ел аралап, білім жинаған адам егінші сияқты». Кейбіреулер сол егіннің бабын тауып, мол өнім алады. Ал енді біреулер сол бапты таба алмай, тапса да ұқсата алмай, жарытып ештеңе ала алмайды немесе құралақан қалады. Білімді алу бар, қолдану бар. Оның бәрі сол қажеттілікті сезіну мен түйсінуге байланысты.
«Көйлектің кірі жуса кетеді,
Көңілдің кірі айтса кетеді». Ел ішінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан сөз оралымдарын жазушы орнымен пайдалана біледі. Адамның жан дүниесі үнемі жақсы сөзбен суарылып тұрады. Жақсы лебіз тыңдасаң, жаның рахаттанады. Сондай жақсы энергияны өзің де басқа адамдарға сөз арқылы жолдай аласың. Күйінішіңді сыртқа шығару түсінісу болып табылады.
«Көрген түстей қысқа өмірге – көрегендік, соның қадір-қымбатын түсінетін түйсік керек сияқты». Сана, түйсік адам баласына берілген үлкен сый, сол сыйдың арқасында қадірлеуді ұғынамыз. Уақытынан кеш келіп жататын түсінік кейде дер кезінде қадірлемей қалу жағдайларын туғызады.
«Дүниедегі нәрселерді адам сұрап біліп, түгесіте алмайды. Көріп, көзі тоймайды, естіп, құлақ құрышы қанып болмайды екен». Он сегіз мың ғаламның таңғажайыбын танып білу, оны игеру расында да мүмкін емес. Бірақ адам өзіне не қажетті екенін білуі тиіс. Қашанда пайдалы әрі қажетті нәрсені игеруі маңызды.
«Азамат адамның азаматтығы – біреудің мінін қазғылап, кемшілігін шұқылау емес, сол кемтіктің астарында жатқан артықшылықты аршып алуға болуға тиіс». Кең жүрекпен көрегенділіктің уәжі деп ойлаймыз. Саналылық, түсіністік, жақсы көрушіліктің мүмкіншілігі екені даусыз.
«Бір адамның, бір кітаптың, яки бір оқиғаның кейде шешуші рөл атқарып кететіні де шындық». Өміріміздің әп-сетте өзгеріп шыға келуіне бір сағат таныс болған адамың да, үш сағатта оқып бітірген кітабың да септігін тигізуі мүмкін.
«Сүлеймен би» тарихи эссесінде де Зейнолла Сәнік ділмар сөздері өзіндік көркемдігімен ерекшеленеді, образдан гөрі ойға көбірек көңіл бөлінген. Өрнектеуден гөрі салыстыруға, өз ойын дәлелдеп ақиқатын айту тәжірибесіне сүйенген. Қабанбай батырдың төртінші ұрпағы Сүлеймен би Әділбекұлы қазақ даласында шешендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен әйгілі болған. Сүлеймен есімін Әсет Найманбайұлы, Сара Тастанбекқызы, Кәрібай Таңатарұлы сынды ақындар өз жырларына арқау еткен. Зейнолла Сәнік тарихи эссесінде «Сүлеймен бидің асын» соңғы ас деген екен. Оған себеп те жоқ емес. Аста үш жүз ат шапса, қырық атқа бәйге берілген. Бұл астың ерекше аталуы біраз жайттарға себепші болуымен тікелей байланысты. Мәселен Сүлеймен би асының шарапаты «Әсет пен Кәрібай» айтысының дүниеге келуіне, күні бүгінге дейін шоқтығы биік саналатын романдардың тууына, Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» романына да арақау болғанына көз жеткіземіз.
«Заманға қарасақ, астындағы шоғын тартып қойған қазанға ұқсап, бүлкілдеп, қайнап жатқан тәрізді. Бір күн болмаса, бір күн бұрқ-сарқ қайнап кетіп, асып төгіліп жата ма деп қорқасың, балапан басына, тұрымтай тұсына кете ме деп ойланасың». Бұл Найман руының ішіндегі Байжігітттің үлкені Тоғас руынан шыққан Байбарақ батырдың ұрпағы Додабақ бидің сөзі. Қаламгер билердің аузына осы сөзді сала отырып, уақыт тынысын, заман лебін аңдатады. Келешекке алаңдайды. Қазақ халқының ас беру рәсімінің маңызын әспеттейді, яғни құр ас ішіп, дұға бағыштау емес ұлт болашағы үшін алқа құрып, келелі мәселелер талқыланғанын жеткізеді. Бұқара халықтың от тілді, орақ ауызды би- шешендерінің сөзіне ұйығанын, сөз құдыретіне жүгінгенін байқатады.
«Қонақ күтудің өзі де мін шығармай күту. Орасан тапқырлық пен білгірліктің, тату-берекенің көрінісі». «Қонақ аз отырып, көп сынайды», «Құтты қонақ келсе қой егіз табады» деген халқымыз ежелден-ақ тұрмыс-салтында қонақ күтудің мәдениетін қалыптастырған. Қонақтың қас қабағынан танып, ерекше көңіл аударып, ізетпен ілтипаттың үлгісін көрсете білген. Ақ пейіл дарқан көңіліне риза болған қонақ қимай аттанған. Арада сыйластықтың алтын көпірін орнатқан.
«Ат ердің қанаты болса, бәйгеге қосқанда, салтанаттың санаты». З. Сәнік «Ат бәйгесі» деп алған тарауында Сүлеймен би асында «үш жүз ат бәйгеге қосылып, қырық атқа бәйге» берілген деген дерек келтіреді. «Үш сөз сөйленсе, соның екеуі жүйрік атқа тән болып шығады» деп қалам тербейді. Жүйрік ат иесінің беделі мен абыройын асқақтатып, салтанатын асырғанын айтады.
«Адам тоқтықтың қадірін жоқтықта, жанашырдың қадірін жаны қысылғанда барып біледі». Бұл афоризмді Зейнолла Сәнік «Түйеші үкірдай заманында» атты тарихи бөлімінде ұтымды қолданған. Әсет Найманбайұлы сияқты ақтаңгер ақынға қамқорлық көрсеткен үкірдай тұлғаланып көрінеді. Түйешінің адамгершілік қасиеттерін, ел-жұртына жасаған қамқорлығын тілге тиек ете келіп, автор соңында осындай афоризммен түйіндейді.
Тарих қойнауында өзіндік орны бар, Шыңғыс ханның өгей әкесі, әрі тәрбиесіне де тікелей қатысы бар тұлға – Тұғырыл хан. Өз кезегінде батырлықтың да, нағыз ержүректіктің де үлгісін көрсете білген тұлға. «Бастаусыз су, тамырсыз ағаш болмайды ғой, су ішкен құдығымызды қадір тұтайық, басып келген жолыңды, өрмелеп келген өріңді ұмытпағайсыңдар...» бұл Көкше әулие тәмсілі болса, «Жауыңды көбейтпе, жауы көптің– жазымы көп» Құтылық әже даналығын есіне түсірген Тұғырылдың соңғы күндеріндегі ой арпалысы былай беріледі: «Таң ұзарса, түс көбейетіні сияқты жол ұзарса, адам қиял шүнетіне шөге береді ғой»
«Іс оңынан басайын дегенде адам ақыл соңына түседі». Әйгілі Темучин туралы әңгімелеу барысында оқтын-оқтын сәулелі ойлар тізбегін қолданып отырады.
«Абыройын таза ұстаған әйел – алтын қазық». Автор еріне адал, қамқор әйел образын осы бір ауыз сөзбен-ақ жеткізіп кетеді. Шаңырағы ғана емес, ел ісінде жүрген ерінің қамын күйттеп, жағдайын жасаған әйел берекенің де, бірліктің де ұйытқысы, алтын қазығы екенін меңзейді.
«Ауызбен арыстан алу оңай». Даңқты Шыңғыс қағанның аузымен Кетбұғаға қарата айтылған бұл тіркесті қағанның ұлдарына берген мінездеу, сипаттау, сынау барысында қолданады. Расында да қазақ «батырсынған жігітті жауда сына, шешенсінген жігітті дауда сына» деп аузымен орақ орғандарды ғана емес, жарағын асынып жау келгенде ерлік көрсеткендерді төбесіне көтерген. Сондықтан «ауызбен арыстан алу оңай» деп қатал талап қойған.
«Бақ пен дәулет дегендеріңіз көшпелі алтын сияқты». Басыңа қонған бақ та, дәулет те бағалай білмегенге сағымға айналып бір сәтте ұшатыны хақ. Қасиетті, киелі дүниелердің бір орында тұрақтап тұруы да қиын. Автор «қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген тәмсілді көшпелі алтын сияқты айнып кететін киемен байланыстырып қолданады.
«Бөрте ханымның аяғы бұл үйге құт боп кірді. Қоңырат елінің еншісі дәулет боп орнады» деп топшылайды. Адамның ең бірінші дұшпаны өз нәпсісі екені белгілі. Имандылық, ізгіліктен алшақтатын нәпсінің бір қаруы – ашу. Қаламгер осы ашу туралы: «Ашудың суын ақылмен қайтарған дұрыс» деп ой қорытады. «Алыстан айғайлап келген жауды алу оңай. Ең қатерлісі – абайсызда аңдатпай соғатын іргелі жау», деген сияқты өзіндік ой қорытып, ділмәр сөз тізген жазушының қаламынан төгілген әр сөз өмір тәжірбиесі мен құнарлы ойдың піскен жемісі. «Қайратыңды өліге емес, тіріге көрсет». Халқымыздың болмысында, ұлттық танымында ешқашан дүниеден қайтқан адам туралы теріс пікір, жаман сөз айтылмайды. Өкінішке орай, кейде тірі кезінде үндемей жүргендер, өмірден озған адам туралы пендешілікпен ғайбат айта бастайды.
«Кесек батыр кесілген басқа қоқаңдамас болар». Батырлар күш тең болғанда ғана белдеседі. Бұл жерде автор жеңіліс туралы тұспалдаған іспетті. Үнемі ізденісте жүрген жазушы ел ішіндегі көнекөз қариялардан естігендерін қойын кітапшасына түртіп алып отырғанын, кейін сол дүниелердің көп көмегі тигенін өз естеліктерінде үнемі айтып отырған.
Бес бөлімнен тұратын Демежан Кешубайұлы туралы еңбекте ұлт болашағы үшін жанын пида еткен батыр, әрі шешен Демежен өмірінен сыр шертіледі. «Демежан» тарихи эссесін оқи отырып, ұлт азаттық күрестің тек орыс империясының қол астындағы ғана емес, қытай империясына бағынған қазақтардың басынан да жанкешті оқиғалардың орын алғанын білуге болады. Бұл эсседегі ділмәр сөз жанрлық жағынан мақал-мәтелге ұқсайды, нақтылыққа негізделген. Ақиқатты дәлелдеуден гөрі басынан өткізген өз тәжірибесінің үлгісі.
«Өткір пышақ қынға қас, артық қайрат жанға қас», «Көрген көргенін көсеу түрткенін...», «Билік ұстау оңай, біліп ұстау қиын», «Адамды түрмеде, атты кермеде... деген бұған да ерлік, төзімділік керек, оңай-оспаққа иілме... «Жайшылықта дос көп, басыңа күн туғанда жүрмесін өш боп», «Қаһарынан қан сорғалап, демінен аяз бүркіп тұрған ашулы үкімет, бұл өңір оның ашса алақанында, жұмса жұдырығында тұр», «Қашып жүрген өлімнен қасқайып тұрған өлім артық»;
Қазақ қаламгерлерінің кез келген прозалық шығармалары билер сөзіне, шешендік арнау, толғау, афоризмдерге толы. Өйткені «Өнер алды – қызыл тіл» деген халқымыз ең алдымен тіл құдіретіне жүгінген. Сұлу, көркем, бейнелі сөздермен құнарлы ойды тоғыстырған қаламгер оқырман талғамынан шығуға талпынған. Жалпы халық аузынан тастамай айтып жүрген қанатты сөздер сияқты Зейнолла Сәнік шығармашылығындағы ділмар сөздер де халықтың керегіне жарайтын асылына, ұрпақ мұрасына айналар деп сенеміз.
Зейнолла Сәнік – халқымыздың ардақ тұтар перзенті, көрнекті жазушы. Зейнолла Мүбәракұлының 15 томдығы әдебиетімізге қосылған мол олжа. Отыз жыл бұрын атамекеніне аяқ басқан қаламгердің шығармашылығын бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Зейнолла Мүбәракұлы 1935 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Бейжің қаласындағы орталық жастар институтын бітіріп, еңбек жолын баспагерліктен бастаған. Үрімжідегі жастар баспасында жауапты редактор болып қырық жылдай қызмет атқарған. 1955 жылдан бастап әдеби зерттеу жұмыстарын жаза бастаған. Сол уақытта Қытайда жүргізілген «мәдени төңкерістің» ауыр соққысына ұшырап, «халық жауы» болып, ауыр күндерді де өткерген. Соған қарамастан, қаламгердің ғылыми еңбектерінен, роман, повестерінен құралған 20-дан астам кітабы жарық көрген. Қазақстанда «Қаракерей Қабанбай», «Хас батыр Қабанбай», «Тұғырыл хан», «Демежан батыр», «Халық күйшісі Қайрақбай», «Баспай» атты кітаптары мен еңбектері жарияланған. Қадірлі қаламгер 2013 жылдың 26 қыркүйегінде өмірден озды.
Ресей мен Қытай секілді екі алып империяның арасында ұлан-ғайыр жерді мекендеген қазақ халқы мыңдаған жылдар бойы атажұртын мекендеп, көшпелі тұрмыс кешсе, енді бірде екі жағындағы аю мен айдаһардың арасындағы саяси ойындардың ойыншығына айналып, жерінің біраз жерін еріксіз қытайға берген кезі де болған. Алғашында екі мемлекетке жарыла қоныстанған халық оны оншалықты қаперіне алып тарылмаса да, уақыт өте келе екі елдің боданына түсіп, жері сол екі алыптың көкпарына айналғанын түсіне бастады. Қандас, ағайын ел бірте-бірте бір-бірімен араласудан қалғаны да тарихи шындық (ол туралы көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділов өз шығармалары арқылы қазақ қоғамын алғаш рет таныстырып кеткен болатын). Тағдыр талқысына түскен қиын кезеңдерде қазақтың көршілес елдердің шекарасын асып, жан сауғалап кеткен кездері де болған. Ар жақ, бер жақ болып ата баласын, аға інісін, қарындасын шетте қалдырып, ошарыла бөтен елге көшкен замандар да өткен. Қырық-елу жыл бір-бірін көрмеген тума-туыстар еліміз егемендік алған соң ғана екі ел арасындағы тоң жібігендей болып, бірін-бірі іздеп тауып, араласа бастады. Мұның бәрі қатталған тарих, өмір шындығы екенін қазір көзіқарақты адамдардың бәрі де біледі.
Қытайда 2 миллионнан аса қазақ барын білсек те, олардың әдебиеті қай дәрежеде дамып жатыр, көркемдік деңгейлері қай деңгейде деген сұрақтарға да еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана көз жеткізіп, жан-жақты таныса бастадық. Сол жақта талай кітаптарын шығарып, белгілі болып қалған ақын-жазушылар бұл жаққа келгенде бірден шығармашылық жұмысқа кірісіп, өндіріп жазып кетті деу де артығырақ болар. Шекара асып келген қандастардың бұрын жазған шығармалары кириллицаға көшіріліп, атамекенде басылып шыққанмен де, өз оқырманын таппай қиналған кездері болды. Олардың көбінің жазу стильдерінде, сөзді пайдалануында, көтерген тақырыптарында қалай десек те, өзіндік ерекшеліктер сақталып қалған еді. Қазақ еліндегі қаламгерлерге қарағанда қытайдағы қазақ жазушыларында бір ұлттың екіге жарылуы, шекара бөлінісінің салдарынан миллиондаған адамдардың жақын туыстарынан айырылып, кейінгі кезде мүлде байланыссыз қалу мәселесі кеңінен көтерілген.
Ұлт – ол да тұтас бір тірі организм сияқты. Оны бөлшектеу сол ұлттың рухани болмысына ғана емес, оның өсуіне, сол ұлт санатындағы адамдардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, олардың биологиялық бітім-болмысына да әсер ететінін қазіргі ғылым дәлелдеп отыр. Адамның бір мүшесін кесіп тастаса ол қалай қиналса, оған өмір бойы үйрене алмай жоқтап жүретіні сияқты, екіге жарылған ұлт та өзінің екінші сыңарын ғасырлар бойы жоқтап, бір нәрсесі жетпегендей, бүтіннің бір бөлігі сынып қалғандай өзін кем тұтып, іштей іздеп тұратын көрінеді. Бұл ұлт үшін үлкен қасірет. Біртұтас ұлтты бөлшектеу сол ұлтқа жасалынатын ең үлкен қастандық болып саналатын көрінеді.
Бөлінген ұлт тақырыбы тек қазақ әдебиетінде ғана емес, әлем әдебиетінде орын алып отырған өзекті тақырыптардың бірі екенін де ескерте кеткен жөн. Мысалы, тағдыр талқысына түсіп, қазір екі мемлекет болып отырған Корей елінде де аталған тақырып шығармашылық өнердегі ең маңызды мәселелердің бірі болып келеді. Оларда ұлт идеологиялық принцип бойынша бөлінгендіктен, біртұтас ұлттың әдебиетінің де екіге жарылуына әкеліп соқтырды. Олардың әлі күнге шейін Оңтүстік және Солтүстік Корея болып қайшылықта өмір сүріп жатқанын көзіқарақты адамдардың барлығы да біледі. Оңтүстік Корея жазушыларының шығармаларында қоғамда бір-бірінен ажырап қалған отбасылар, туған жеріне жете алмай, өмір бойы өксіп өткен адамдар тағдыры (Чо Джон Ре «Адам тағдыры», Ли Чже Ха «Қаңғыбас жолда демалмайды») басты тақырып болып отыр деуге болады. Кезінде Солтүстік және Оңтүстік Кореяда айтуға тыйым салынған тақырыптардың біріне жазылған Чхве Ин Хунның «Майдан» («Площадъ») романында бір халық, бір ұлттың саяси күштердің әсерінен екіге жарылуы, екі түрлі сенім мен дәстүрді қабылдауы сөз болады. Бұл шығарма көркемдік жағынан деңгейі өте жоғары болмаса да, халық арасында ең көп оқылып, кең тараған шығарма болды. Себебі онда халықтың іштей толғанып, сыртқа шығарып айта алмай жүрген арманы, негізгі ой-өзегі сөз болған.
Осы кезге дейін басқа халықтар әдебиетінде шетелдегі сол тілде жазылған шығармалар әрдайым сыншылар мен зерттеушілер назарынан тыс қалмай, зерттеліп, сарапталып, өз бағасын алып жатады. Мысалы, орыс әдебиетінде эмигранттық әдебиет жыл сайын болмаса да, әр бесжылдықта бір рет тұтастай қарастырылып, олардың шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері, қол жеткізген табыстары жан-жақты зерделеніп отырады. Олардың арасынан шыққан татымды дүниелер атамекендеріндегі баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұрады. Ол мейлі Америкада өмір сүрсін немесе Францияда тұрып жатса да, олардың орыс тілінде жазған шығармалары жалпы орыс әдебиетінің бір тармағы саналып, оқырманға ұсынылып, насихатталып жатады. Қазіргі кезде дүниежүзіне тарыдай шашырап кеткен қазақтардың шығармашылық мұраларының да негізгі иесі Қазақ елі болуға тиіс. Сондықтан да оларды әр кезеңде қолдан келгенше мән бере тексеріп, жетістіктері мен кемшіліктерін ғылыми тұрғыда бағалап отыру біздің қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған міндеттердің бірі.
Ал біздегі жағдай оларға қарағанда сәл де болса өзгешелеу. Бізде екі алып мемлекеттің ықпалымен біртұтас ұлт екіге бөлінгенімен, әлі күнге шейін олардың арасындағы көзқарастар, дәстүр мен салт айтарлықтай өзгешелікке ұшырай қойған жоқ. Сондықтан да Қытайдан көшіп келіп жатқан қандас ағайындар атамекенге тез сіңіп, араласып, өз орындарын тауып жатуы соның белгісі деп білеміз. Оның үстіне қанша жылдар бойы басқа мемлекетте өмір сүрсе де, мемлекеттік идеологияның әсерінен гөрі олардың саналарында сақталған ұлттық қасиет, ұлттық дүниетаным әлдеқайда жоғары екені байқалады. Мысалы, Жақсылық Сәмитұлы, Зейнолла Сәнік сияқты жазушылардың шығармаларының астарынан ұлттың тұтастығы, халықтың бірлігі, қандастық, туыстық мәселесі менмұндалап тұрады. Әсіресе оның айқын көріністері З.Сәніктің «Демежан Кешубайұлы», «Қабанбай батыр» тарихи эсселері мен «Басбай», «Сергелдең» романдарында ерекше байқалады. Қытайдағы қазақтар әдебиетінде сол жақта өткен әр алуан саяси оқиғалар мен көтерілістер, халықтың патшалық өкіметтің шектен шыққан қатыгездігіне қарсылығы, оған көнгісі келмеген жекелеген адамдардың ерліктері көбірек көрініс береді. Олардың тағдыр тауқыметіне соқтырған қиыншылықтарын түсіну үшін ол жақтағы әр алуан оқиғалар себептерін толық білген дұрыс. Бірақ атамекендегі қазақ оқырмандарының арасында оны толық байыптап, ақ-қарасын ажырата бермейтіндері де баршылық. Елге оралған қандастарымыз аз жылдың ішінде осы жақтың мәдениетін, жазу дәстүрін тез қабылдап, өздерінің таланты мен дарындарын ұштап, шығармашылық қарымдарын танытабастады.
Біз сөз еткелі отырған Зейнолла Сәнік Қытай елінде публицистикалық көптеген мақала, екі роман, бірнеше әңгіме мен хикаяттар, танымдық-этнографиялық еңбектер жазып, аты шығып қалған қаламгер болатын.
Оның «Қабанбай батыр» тарихи эссесі алғаш рет кириллицаға түсіріліп, Қазақстандағы оқырмандарға тарады. Көпшілік оны жылы қабылдады. Себебі ол кітапта Қабанбай батыр туралы бізге белгісіз тың деректер, аңыздар мен жырлар топтастырылған еді. Ал бірақ ол шығарманы автордың өзі роман деп атағанымен, жанрлық жағынан көркем шығармаға жатқызу артықтау болар деп ойлаймыз. Кейін «Сергелдең», «Басбай» романдары атамекенде қайта басылып шықты. Екеуі де тарихи тақырыпты көтерген, нақты деректерге негізделген шығармалар.
Зейнолла жас күнінен әдебиетке, поэзияға жақын болды. Оның өскен ортасының өзі жыр мен аңыздарға, халық ауыз әдебиетіне бай, көшпелі қазақи орта еді. Оның таным-түсінігі, дүниетанымы сол ортада қалыптасты.
Біз ұлттық танымымызды архаикалық мифтік әңгімелерден, тасқа қашалған ескерткіштерден, ислам дәуіріндегі туындылардан, жыраулар поэзиясынан да көре аламыз. Оның бәрі біздің қаламгерлер үшін рухани мұра, үйренетін үлгі. Сонымен қатар ХХ ғасырда қалыптасқан классикалық бай мұраларымыз да жас Зейнолланың зейінін шыңдап, айналадағы құбылыстарды образдық таныммен түсінуіне жол ашты. Ол өзінің естеліктері мен мақалаларында Алаш арыстары мен кеңестік дәуірде өмір сүрген қазақтың атақты ақындары мен жазушыларынан көптеген мысалдар келтіріп, сөздеріне дәйек етіп отырады. Зекең әдебиетке ақын ретінде келгенімен, артына қалдырған шығармашылық мұрасының басым бөлігі, негізінен, прозалық жанрдағы шығармалар. Зейнолланың романдары да, хикаяттары да, әңгімелері де баршылық және олар өзінің жанрлық сипатымен ғана емес, тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктерімен де өзге қаламгерлерден оқшауланып тұрады.
Жазушы, фольклоршы, этнограф Зейнолла Сәнік барлық саналы ғұмырын Қытай Халық Республикасында өткізген шығармашылық иесі. Бірақ оның шығармашылық жолы, негізінен, туған халқының ауыз әдебиетін жинаудан, қазақтың тұрмысы мен салт-дәстүріне қатысты көптеген материалдарды топтастырып, зерттеуден басталған. Сонымен қатар қазақ тарихына байланысты ұлттық рухани мұраларымызды да арнайы жинастырып, жазып алып, Шыңжаңдағы қазақ тілінде шығатын баспасөз бетінде жариялап отырған. Жазушы сол арқылы өз халқының мәдени құндылықтарының ұмытылып кетпей, өскелең ұрпақ санасында сақталуын, ұлттық дүниетанымның дәстүрлі ерекшеліктерінің өз жалғасын тауып, айшықты бітім-болмысының қайта жаңғырып, болашаққа аман жетуін қалаған игі тілектен туған саналы әрекеттің жемісі екенін аңғарамыз.
З.Сәнік қалам тартқан жанрдың бірі әңгіме жанры екенін айттық. Бірақ автор оны көркем әңгіме деп атап көрсетпеген. Жанрын «Шалқыма әңгіме – новеллалар» деп атаған. Негізінен, әңгімелерінің көбісі балаларға арналған, танымдық мәні жоғары дүниелер.
Әрине, дәл қазір шетелдегі қазақ әдебиеті отандық әдебиетті басып озып, керемет биікке көтеріліп кетті дей алмаймыз. Олардың көркем тілді пайдалануда, шығарма сюжетін дамыту мен композициялық құрылымдағы тұтастықты сақтауда және образ сомдауда атамекендегі жазушылардан өзіндік ерекшеліктерінің байқалып тұратыны да рас. Ол шығармашылық тұлғалардың әр елде, әртүрлі мектептерден өткеніне, жергілікті тілдік ерекшеліктерден арыла алмауына байланысты болса керек. Бірақ еліміз тәуелсіздігін алып, қандас бауырлармен етене араласа бастаған уақыттан бері көптеген шет жерлерде тұратын ақындар мен жазушылардың шығармаларындағы аталған өзгешеліктер бірте-бірте жойылып, бір ізге түсуге жақындап келе жатқаны байқалады. Мұның бір-бірін көп оқығандықтан, ортақ әдеби тілді меңгере бастағандықтарынан пайда болған өзгеріс екенін бәріміз де сеземіз. Жақын болашақта қазақ тілінде жазатын ақындар мен жазушылар, мейлі ол қай елде өмір сүрсе де, жалпы қазақ қоғамына түсінікті әдеби норманы сақтап жазатынына шәк келтіре қою қиын.
Ал осы кезге шейін жарық көрген шетелдік қазақтардың шығармаларында тақырып жағынан сонылық, мұндағы қазақтар үшін таңсық танымдық материалдардың мол кездесетіні көңіл қуантады. Әсіресе Қытайда тұратын қандастарымыз жазған шығармаларда қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты көптеген деректер біздің әдебиеттану ғылымы үшін ғана емес, жалпы тарих пен өнертану, историяграфия үшін де аса құнды екенін мойындағанымыз абзал.
Біздіңше, Зейнолла Сәніктің жеке фольклортанумен немесе басқа ғылым саласымен нақты айналысуға мүмкіндігі де болмаған. Қаламгердің артында қалған көл-көсір рухани мұраны парақтай отырып, оның әсіресе соңғы он шақты жыл көлемінде ерекше шабытпен еңбектеніп, шығармашылық саласында барынша жемісті еңбек еткенінің куәсі боламыз. Қазақтың халық емшілігі және тарихы мен этнографиясына, фольклорына, әдебиет тарихы мен сынына, музыкатануға қатысты зерттеу еңбектері, расында да, автордың аталған сала бойынша көп ізденіп, орасан мол материалдар жинағанын аңғартады. Қазақ этнографиясы мен емшілік өнер турасындағы еңбегінде тек өзі естіп-білгендерін жүйелі баяндау ғана емес, алуан түрлі салыстырулар, ғылымның соңғы жаңалықтарымен толықтыру жағы да айқын көрініс тапқан. Ал жеке тарихи тұлғаларға арналған Тұғырыл хан, Қабанбай батыр, Демежан, Сүлеймен би туралы кітаптарында аталған тарихи тұлғалардың елі үшін, халқы үшін жасаған ерен еңбектері, ақыл-парасаттары, батырлық қасиеттері әр қырынан суреттеліп, сол тұстағы тарихи оқиғалар жүйесінде жаңаша пайымдалады.
Автор шығармашылығының негізгі өзегі болып саналатын жазушының көркем туындылары, атап айтар болсақ, жиырмаға таяу көркем әңгімелері мен хикаяттары және «Басбай», «Сергелдең» романдары қаламгердің сөз өнері саласындағы эстетикалық талғамын, көркем шығармашылықтағы қалам қарымының қуатын танытатын сүбелі дүниелер. Ол шығармалардың барлығы да соңғы жылдары жазылған зерттеу еңбектерде тақырыптық жағынан жүйеленіп, көркемдік тұрғыда талданып, өзінің ғылыми бағасын алуда.
Зейнолла Сәнік шығармашылығын тұтастай алып қарағанда оның қазақ руханиятына қосқан өзіндік үлесі бар қаламгер екенін байқадық. Ол аласапыран замандарда тасада қалған, жаңа ұрпақ санасынан өшуге айналған, халық арасында ілуде біреудің ғана жадында сақталған тарихымызға, мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты талай мұраны жалықпай жинап, оларды ой елегінен өткізіп, талдап, түсіндірмелер жазып, қағаз бетіне түсіріп кетті. Бұл үлкен еңбек, құнды рухани дүние.
Ал оның шығармашылық жолдағы ізденістері, көркемдік таным мен көркем ойлау тарапындағы еңбегі әлі де болса өз зерттеушілерін күтуде.
Зейнолла Сәнік – саналы ғұмырын баспа са­ласына арнап, қазақтың келешегі үшін күрескен тұлғалы азамат, көнені танып, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарабоз қаламгер. Оның қаламынан туған «Қаракерей Қабанбай», «Хан батыр Қабанбай», «Демежан батыр», «Тұғырыл хан», «Қайрақбай», «Баспай», «Сергелдең» атты романдары мен тари­хи эсселері, этнографиялық жазбалары бүгінде қалың оқырман мен ғалымдар тарапынан тиісті бағасын алып жатыр.
Ақиқатты айтуды мұрат қылған Зейнолла Сә­ніктің қай еңбегін алсаңыз да, шешендігіне шын­дықтың тұздық болғанын аңғарасыз. Жазушының өз сөзімен айтсақ: «Өткеннің табы қайтқан таптаурындарды күліне емес, үрлеп қалсаң-ақ, жанғалы тұрған шоғына мұра­герлік етуіміз керек». Зейнолла Сәніктің өзі де үнемі «жанғалы тұрған» шоқты үрле­ге­нін, оның алауға айналуын мұрат тұтқан жан екенін аңғарасыз.
Заманның көнесі мен жаңасын, зар заман, тар заман, нар заманның бәрін бастан кешіп, солардың азабы мен рахатын, ащысы мен тұщы­сының дәмін татып, ұрпағына өшпес із қалдырған Зейнолла Сәніктің шығармаларын бүгінгі ұрпақ білуі міндетті екені анық. Ата жұртын аңсап, әр шығармасында туған жерге деген махаббатын бедерлеп, қазақ өнеріне ерекше құрметін білдірген жазушының әр еңбегі қазіргі уақытта зерттелуге әбден лайық.
Ойшыл зияткер Зейнолла Сәнік ұлт болып сақталып тұрудың төрт тағаны бар деген: «әуелгісі – сол халықтың үні, ән-күйі; екінші – тілі; үшінші – тарихы, салт-дәстүрі және соңғысы – атамекені мен тарихи қонысы. Осы төртеуінен айырылған ұлт ел болудан қалады. Осы төрт тағанның бір де бірі кем болса, яки кінәратқа ұшыраса, ол кемтар жанның күйін кешеді…» деп жазған еді.
Байқап отырсақ, жазушының әр шы­ғар­масы осы төрт тағанға негізделіп жазылғанын байқауға болады. Қазақ әдебиетінің толымды мұрасына баланған жазушының «Қабанбай батыр» тарихи-эссесін алайық. Жеті жасында нар бала атанып, 16 жасында жауға аттанып, 79 жасына дейін жекпе-жекке түсіп, көз жұм­ғанша ерлік жалыны, қолының қарымы қайт­па­ған жойқын батырдың ерлік өмірі, ол тура­лы айтылған жыр-дастан, аңыз-әңгімелер, оның соғыс өнері, шеберлігі, шешендік дана­лы­ғы әлі де жиналып реттелуге, зерттелуге тиіс соқталы тақырып, ұрпақ алдында тұрған аса зор, абыройлы тарихи міндет! Аталған эс­се­сінде қаламгер қазақтың хан батыры атан­ған хас сардар туралы тебірене жазған.
Зейнолла Сәніктің әкесі Мүбәрак көнеше сауа­ты толық, аңыз-әңгімеге, ата жөніне жүй­рік адам болыпты. Домбырада күй тартуды да білген, күйлердің хикаясын айтып отырған. Әсіресе «Қара жорға», «Жорға аю» сияқты күйлерді күмбірлете тартқан. Сол себепті арғы ата­лары Мәмбет, Қожақұл, Қабанбайға қа­тыс­ты жыр-аңыздар жазушының құлағына бала кез­ден құйылған. Кейінгі Қабанбай бабасы жө­ніндегі зерттеулері терең жазылған туын­ды­ға айналған.
Қабанбай батыр туралы еңбекті жазу үшін Зей­нолла Сәнік батырдың ұрпақтары көп қо­ныстанған Аягөз, Үржар, Мақаншы, Жарбұлақ, Үшарал, Талдықорғанның Қабанбай ауылы атанған елді мекені мен сонау Тарбағатай, Ақсуат өңірлерін талай рет аралапты. Батыр баба­ның ізі қалған тарихи өңірлерге барып, ше­жіреші-қариялармен, тарихшы-ғалым­дармен, ақын-жыршылармен талай рет сұх­бат­тасқан. Солардың небір ағынан ақтарылған ақ тілектерін естіп қуанып, солардан шабыт алып жүрген.
Дегенмен бәрінен бір адамның әңгімесі жазу­шыға қатты әсер еткен тәрізді. Қабанбай батырдың жетінші ұрпағы Дыңғазы батырдың Фарида деген қызы Алматыда жоғары оқу орнын бітіріп, заңгерлік жұмыспен ай­на­лысады. Сұрастыра жүріп, 2000 жылы қара­шада Алматы қаласында жүрген Зейнолла Сәнікті іздеп тауып, танысады. Ол өзінің Қабанбай батыр туралы кітаптарға айрықша қызығып, ерекше құштарлықпен оқып жүргенін айтады. Әкесінің ұлы атасы Қанағат болыстың сонау Үрімжі түрмесінде қалып, сонан «он мың адамдық» орға тірідей тастал­ған аянышты тағдырын да үлкендерден естіп, сол туралы бірнеше өлең шумағын жазып кел­генін айтып, сол өлеңдерін қолына ұстат­қан.
Тебіреніп тұрып былай депті: «Аға, мен білгенде, біздің әулеттен қазақтан шыққан ұлы тұлғалар туралы, сол қатарда Қабанбай әулет­тері туралы қалам тербеп, көлемді еңбек­тер жариялап жүрген сіз ғана. Анау Алакөл өңірінде жатқан қалың еліңіз де солай деп қарайды. Мен ақын емеспін, бірақ қазақ біт­кеннің бәрі өз арман-тілегін бірнеше шумақ өлеңмен бейнелеуге құмар ғой. Қанағат атамыз, оның әкелері Сүлеймен би, Әділбек батыр, Жақас бай, тіпті Қабанбай атамызға дейін білетін адамдар көп еді, енді барған сайын сиреп, санаулы ғана қариялар қалды. Әйтеуір Сіз шығарған «Қаракерей Қабанбай» атты кітапты ғана медеу тұтып, жүректеріне басқаннан басқа қолдан келері жоқ екенін айтады. Менің тілегім – сол еліңіздің тілегі, ұрпақ тілегі, бойыңызда қайратыңыз барда, сол бір асылдар тобы туралы ұрпаққа үлгі бо­ларлық мұра қалдыруға күш салсаңыз.
«…Зұлмат күндер сырылды,
Өлгені елдің тірілді.
Күн туды ата, күн туды,
Жырлайтығұн жырыңды.
Қабанбай атам көңілде,
Әр қаланың төрінде.
Қаламымен ағаның,
Қайта келді өмірге…» –деп жазушы Зейнолла Сәнікке жыр арнап, шабыт сыйлаған екен.
Зейнолла Сәніктің Қабанбай батыр туралы зерттеулерінің басты бір ерекшелігі – ол тек Қабанбай батыр турасында ғана емес, оның ұрпағы жайлы да ой тербегендігінде. Мәселен, «Сү­леймен би» тарихи эссесін алайық. Сүлей­мен би Әлібекұлы – Қаракерей Қабанбайдың төр­тінші ұрпағы. Ол өз уақытында әділ ше­шімдер шығарып, шешендігімен тек қазақ же­ріне ғана емес, көрші елдерге де даңқы шық­қан әйгілі тұлғалардың бірі әрі бірегейі. Сүлеймен бидің әкесі Әділбек батыр Отыншы бидің бас қолбасшысы, бас әскері болған. Ал Отыншы би мен Арғынның Алшынбай биі бөле болып келеді екен.
«Кім жетер Қабанбайға дуа қонған, Батырлық тұқымына қуа қонған, Қодақұл, Әлі, Жақас, ер Әділбек, Сүлеймен оның ұлы шықты соңынан» – деп ақын Сараның жырлағаны да бар. Қара қылды қақ жаратын әділ билігімен, сөз бастаған шешендігімен, көпті бастаған көсемдігімен көзі тірісінде-ақ аңызға айналған Сүлеймен би Әлібекұлының өмір жолы жазушы Зейнолла Сәніктің шығармасында анық көрініс тапқан.
«Сергелдең» романында қазақ халқының сергелдеңге түсіп күй кешкені жайлы қиын тағдыры сипатталады. Мың өліп, мың тірілген өмірі баяндалады. Романда жазушының ең көп зерттеген батыр бабасы, қолбасшы Қабанбай батырдың інісі Тұматай ұрпақтарының ата жұртына қандай қиындықпен қайтқаны жайлы әңгімеленеді. Арқадан Тарбағатайға, одан соң Алтайға, өр Алтайдан Гималай таула­рын асып, Үнді мұхиты арқылы Қара теңізге дейін көшіп, еліміз егемендік алған тұста ғана Қазақстанға оралғаны жөнінде айтылады.
Зейнолла Сәніктің қаламынан туған тағы бір тарихи роман – Баспай. Романның өзекті кейіпкері – Бәсекең, халық қиялы бойынша суреттелген Атымтай Жомарттың нақ өзіндей. Жоқ-жітікке береген қолы ашық. Ұлт-азаттық қозғалысына да, Үш аймақ төңкерісіне шаш­қан қазынасы да қисапсыз. Бір жолдың өзінде 300 ер тоқымды ат сыйлаған. Мұндай мәрттік бұрын-соңды қазақтың жомарттық жо­сығында сирек кездескен. «Америка Корей» соғысы кезінде корейліктерге төрт тұр­маны сай аэроплан тарту етті. Бұл аэроп­ланның бауырына Бәсекеңнің аты жазылып, ол ұшақ соғыс аяқталғанша аман-cау ұшты да, со­ғыс­тан соң музейге қойылды. Бәсекең сондай-ақ Еміл өзенінің үстіне үлкен көпір салдырған. Бұл жер Баспай көпірі аталып келеді.
Бейбіт заманның ерлігі – жомарттық. Ол туған Отанының амандығы, халқының қамы үшін еш нәрсесін аямаған. Сол кездегі жұрттың айтуынша, Бәсекең бір соғыс аэропланын сатып алу үшін 12 мың қойының 8 мыңын үкіметке өткізген екен. Романның негізгі кейіпкері Баспай Шолақұлының бейнесі бүгінгі өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы шық бермес Шығайбайларға ой салары анық.
Ел ішінен тірнектеп жиналған материал­дары негізінде жазған «Халық күйшісі Қайрақбай» атты кітабында ХІХ ғасырда өмір сүрген әйгілі күйшінің өнер жолы, Алтай, Тарбағатай, Баян–өлгей аймақтарындағы күйшілік мектептің орнығып, қалыптасуына ықпал еткен біртуар дарын иесінің дәулескер күйші, даңғыл сыбызғышы ретіндегі талант қырлары кеңінен сөз болған. Адамзат тари­хында қаншама алапат оқиғалар өтпеді де­сеңізші! Бұл фәниден азуын айға білеген талай батырлар мен әлемнің жартысын билеген патшалар да өткен. Бірақ өлмейтін, өшпейтін бір-ақ нәрсе бар, ол өнер екені осы Қайрақбай күйші тағдыры арқылы дәлелденеді.
Зейнолла Сәнік бүкіл ғұмырын қазақтың барын бағалап, жоғын жоқтауға арнады. Ба­сына түскен қиындықтарға төтеп беріп, ұлты­мыз­дың қыруар құндылықтарын түгендеді. Соның нәтижесінде соңында 15 том рухани мұра қалдырды. Бұл айтуға ғана оңай, ал оның ар жағында төгілген тер мен ұйқысыз түндер, азабы мол еңбек пен ізденіс көрініп жатқаны хақ.
Зекеңнің бір жазбасында мынадай жолдар бар: «Ұлы тұлғалар туралы толғағанымызда біз мынадай түйінге келдік. Ең әуелі сіз жаз­бақшы немесе айтпақшы болған ұлы тұлға атына заты сай болуы, екіншіден артында ұшан-теңіз мол мұрағаты қалуы, үшіншіден сол тұлғаның үлгі-өнегесін болашақ ұрпаққа жалғастыратын ұлы немесе қызы болуы шарт. Осы үш шарт орындалғанда ғана ұлы тұлғалар қазіргі ұрпақпен қайта қауышып, олардың асыл мұралары өз мұратына жететін болады» деп жазған екен. Соңында еліне қажет мол мұра қалдырған қаламгердің әр туындысы – бүгінгі және келешек ұрпақтың қажетіне жарайтын сом алтындай құндылық. Зейнолла Сәнік – саналы ғұмырын баспа са­ласына арнап, қазақтың келешегі үшін күрескен тұлғалы азамат, көнені танып, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарабоз қаламгер. Оның қаламынан туған «Қаракерей Қабанбай», «Хан батыр Қабанбай», «Демежан батыр», «Тұғырыл хан», «Қайрақбай», «Баспай», «Сергелдең» атты романдары мен тари­хи эсселері, этнографиялық жазбалары бүгінде қалың оқырман мен ғалымдар тарапынан тиісті бағасын алып жатыр.
Ақиқатты айтуды мұрат қылған Зейнолла Сә­ніктің қай еңбегін алсаңыз да, шешендігіне шын­дықтың тұздық болғанын аңғарасыз. Жазушының өз сөзімен айтсақ: «Өткеннің табы қайтқан таптаурындарды күліне емес, үрлеп қалсаң-ақ, жанғалы тұрған шоғына мұра­герлік етуіміз керек». Зейнолла Сәніктің өзі де үнемі «жанғалы тұрған» шоқты үрле­ге­нін, оның алауға айналуын мұрат тұтқан жан екенін аңғарасыз.
Заманның көнесі мен жаңасын, зар заман, тар заман, нар заманның бәрін бастан кешіп, солардың азабы мен рахатын, ащысы мен тұщы­сының дәмін татып, ұрпағына өшпес із қалдырған Зейнолла Сәніктің шығармаларын бүгінгі ұрпақ білуі міндетті екені анық. Ата жұртын аңсап, әр шығармасында туған жерге деген махаббатын бедерлеп, қазақ өнеріне ерекше құрметін білдірген жазушының әр еңбегі қазіргі уақытта зерттелуге әбден лайық.
Ойшыл зияткер Зейнолла Сәнік ұлт болып сақталып тұрудың төрт тағаны бар деген: «әуелгісі – сол халықтың үні, ән-күйі; екінші – тілі; үшінші – тарихы, салт-дәстүрі және соңғысы – атамекені мен тарихи қонысы. Осы төртеуінен айырылған ұлт ел болудан қалады. Осы төрт тағанның бір де бірі кем болса, яки кінәратқа ұшыраса, ол кемтар жанның күйін кешеді…» деп жазған еді.
Байқап отырсақ, жазушының әр шы­ғар­масы осы төрт тағанға негізделіп жазылғанын байқауға болады. Қазақ әдебиетінің толымды мұрасына баланған жазушының «Қабанбай батыр» тарихи-эссесін алайық. Жеті жасында нар бала атанып, 16 жасында жауға аттанып, 79 жасына дейін жекпе-жекке түсіп, көз жұм­ғанша ерлік жалыны, қолының қарымы қайт­па­ған жойқын батырдың ерлік өмірі, ол тура­лы айтылған жыр-дастан, аңыз-әңгімелер, оның соғыс өнері, шеберлігі, шешендік дана­лы­ғы әлі де жиналып реттелуге, зерттелуге тиіс соқталы тақырып, ұрпақ алдында тұрған аса зор, абыройлы тарихи міндет! Аталған эс­се­сінде қаламгер қазақтың хан батыры атан­ған хас сардар туралы тебірене жазған.
Зейнолла Сәніктің әкесі Мүбәрак көнеше сауа­ты толық, аңыз-әңгімеге, ата жөніне жүй­рік адам болыпты. Домбырада күй тартуды да білген, күйлердің хикаясын айтып отырған. Әсіресе «Қара жорға», «Жорға аю» сияқты күйлерді күмбірлете тартқан. Сол себепті арғы ата­лары Мәмбет, Қожақұл, Қабанбайға қа­тыс­ты жыр-аңыздар жазушының құлағына бала кез­ден құйылған. Кейінгі Қабанбай бабасы жө­ніндегі зерттеулері терең жазылған туын­ды­ға айналған.
Қабанбай батыр туралы еңбекті жазу үшін Зей­нолла Сәнік батырдың ұрпақтары көп қо­ныстанған Аягөз, Үржар, Мақаншы, Жарбұлақ, Үшарал, Талдықорғанның Қабанбай ауылы атанған елді мекені мен сонау Тарбағатай, Ақсуат өңірлерін талай рет аралапты. Батыр баба­ның ізі қалған тарихи өңірлерге барып, ше­жіреші-қариялармен, тарихшы-ғалым­дармен, ақын-жыршылармен талай рет сұх­бат­тасқан. Солардың небір ағынан ақтарылған ақ тілектерін естіп қуанып, солардан шабыт алып жүрген.
Дегенмен бәрінен бір адамның әңгімесі жазу­шыға қатты әсер еткен тәрізді. Қабанбай батырдың жетінші ұрпағы Дыңғазы батырдың Фарида деген қызы Алматыда жоғары оқу орнын бітіріп, заңгерлік жұмыспен ай­на­лысады. Сұрастыра жүріп, 2000 жылы қара­шада Алматы қаласында жүрген Зейнолла Сәнікті іздеп тауып, танысады. Ол өзінің Қабанбай батыр туралы кітаптарға айрықша қызығып, ерекше құштарлықпен оқып жүргенін айтады. Әкесінің ұлы атасы Қанағат болыстың сонау Үрімжі түрмесінде қалып, сонан «он мың адамдық» орға тірідей тастал­ған аянышты тағдырын да үлкендерден естіп, сол туралы бірнеше өлең шумағын жазып кел­генін айтып, сол өлеңдерін қолына ұстат­қан.
Тебіреніп тұрып былай депті: «Аға, мен білгенде, біздің әулеттен қазақтан шыққан ұлы тұлғалар туралы, сол қатарда Қабанбай әулет­тері туралы қалам тербеп, көлемді еңбек­тер жариялап жүрген сіз ғана. Анау Алакөл өңірінде жатқан қалың еліңіз де солай деп қарайды. Мен ақын емеспін, бірақ қазақ біт­кеннің бәрі өз арман-тілегін бірнеше шумақ өлеңмен бейнелеуге құмар ғой. Қанағат атамыз, оның әкелері Сүлеймен би, Әділбек батыр, Жақас бай, тіпті Қабанбай атамызға дейін білетін адамдар көп еді, енді барған сайын сиреп, санаулы ғана қариялар қалды. Әйтеуір Сіз шығарған «Қаракерей Қабанбай» атты кітапты ғана медеу тұтып, жүректеріне басқаннан басқа қолдан келері жоқ екенін айтады. Менің тілегім – сол еліңіздің тілегі, ұрпақ тілегі, бойыңызда қайратыңыз барда, сол бір асылдар тобы туралы ұрпаққа үлгі бо­ларлық мұра қалдыруға күш салсаңыз.
«…Зұлмат күндер сырылды,
Өлгені елдің тірілді.
Күн туды ата, күн туды,
Жырлайтығұн жырыңды.
Қабанбай атам көңілде,
Әр қаланың төрінде.
Қаламымен ағаның,
Қайта келді өмірге…» –деп жазушы Зейнолла Сәнікке жыр арнап, шабыт сыйлаған екен.
Зейнолла Сәніктің Қабанбай батыр туралы зерттеулерінің басты бір ерекшелігі – ол тек Қабанбай батыр турасында ғана емес, оның ұрпағы жайлы да ой тербегендігінде. Мәселен, «Сү­леймен би» тарихи эссесін алайық. Сүлей­мен би Әлібекұлы – Қаракерей Қабанбайдың төр­тінші ұрпағы. Ол өз уақытында әділ ше­шімдер шығарып, шешендігімен тек қазақ же­ріне ғана емес, көрші елдерге де даңқы шық­қан әйгілі тұлғалардың бірі әрі бірегейі. Сүлеймен бидің әкесі Әділбек батыр Отыншы бидің бас қолбасшысы, бас әскері болған. Ал Отыншы би мен Арғынның Алшынбай биі бөле болып келеді екен.
«Кім жетер Қабанбайға дуа қонған, Батырлық тұқымына қуа қонған, Қодақұл, Әлі, Жақас, ер Әділбек, Сүлеймен оның ұлы шықты соңынан» – деп ақын Сараның жырлағаны да бар. Қара қылды қақ жаратын әділ билігімен, сөз бастаған шешендігімен, көпті бастаған көсемдігімен көзі тірісінде-ақ аңызға айналған Сүлеймен би Әлібекұлының өмір жолы жазушы Зейнолла Сәніктің шығармасында анық көрініс тапқан.
«Сергелдең» романында қазақ халқының сергелдеңге түсіп күй кешкені жайлы қиын тағдыры сипатталады. Мың өліп, мың тірілген өмірі баяндалады. Романда жазушының ең көп зерттеген батыр бабасы, қолбасшы Қабанбай батырдың інісі Тұматай ұрпақтарының ата жұртына қандай қиындықпен қайтқаны жайлы әңгімеленеді. Арқадан Тарбағатайға, одан соң Алтайға, өр Алтайдан Гималай таула­рын асып, Үнді мұхиты арқылы Қара теңізге дейін көшіп, еліміз егемендік алған тұста ғана Қазақстанға оралғаны жөнінде айтылады.
Зейнолла Сәніктің қаламынан туған тағы бір тарихи роман – Баспай. Романның өзекті кейіпкері – Бәсекең, халық қиялы бойынша суреттелген Атымтай Жомарттың нақ өзіндей. Жоқ-жітікке береген қолы ашық. Ұлт-азаттық қозғалысына да, Үш аймақ төңкерісіне шаш­қан қазынасы да қисапсыз. Бір жолдың өзінде 300 ер тоқымды ат сыйлаған. Мұндай мәрттік бұрын-соңды қазақтың жомарттық жо­сығында сирек кездескен. «Америка Корей» соғысы кезінде корейліктерге төрт тұр­маны сай аэроплан тарту етті. Бұл аэроп­ланның бауырына Бәсекеңнің аты жазылып, ол ұшақ соғыс аяқталғанша аман-cау ұшты да, со­ғыс­тан соң музейге қойылды. Бәсекең сондай-ақ Еміл өзенінің үстіне үлкен көпір салдырған. Бұл жер Баспай көпірі аталып келеді.
Бейбіт заманның ерлігі – жомарттық. Ол туған Отанының амандығы, халқының қамы үшін еш нәрсесін аямаған. Сол кездегі жұрттың айтуынша, Бәсекең бір соғыс аэропланын сатып алу үшін 12 мың қойының 8 мыңын үкіметке өткізген екен. Романның негізгі кейіпкері Баспай Шолақұлының бейнесі бүгінгі өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы шық бермес Шығайбайларға ой салары анық.
Ел ішінен тірнектеп жиналған материал­дары негізінде жазған «Халық күйшісі Қайрақбай» атты кітабында ХІХ ғасырда өмір сүрген әйгілі күйшінің өнер жолы, Алтай, Тарбағатай, Баян–өлгей аймақтарындағы күйшілік мектептің орнығып, қалыптасуына ықпал еткен біртуар дарын иесінің дәулескер күйші, даңғыл сыбызғышы ретіндегі талант қырлары кеңінен сөз болған. Адамзат тари­хында қаншама алапат оқиғалар өтпеді де­сеңізші! Бұл фәниден азуын айға білеген талай батырлар мен әлемнің жартысын билеген патшалар да өткен. Бірақ өлмейтін, өшпейтін бір-ақ нәрсе бар, ол өнер екені осы Қайрақбай күйші тағдыры арқылы дәлелденеді.
Зейнолла Сәнік бүкіл ғұмырын қазақтың барын бағалап, жоғын жоқтауға арнады. Ба­сына түскен қиындықтарға төтеп беріп, ұлты­мыз­дың қыруар құндылықтарын түгендеді. Соның нәтижесінде соңында 15 том рухани мұра қалдырды. Бұл айтуға ғана оңай, ал оның ар жағында төгілген тер мен ұйқысыз түндер, азабы мол еңбек пен ізденіс көрініп жатқаны хақ.
Зекеңнің бір жазбасында мынадай жолдар бар: «Ұлы тұлғалар туралы толғағанымызда біз мынадай түйінге келдік. Ең әуелі сіз жаз­бақшы немесе айтпақшы болған ұлы тұлға атына заты сай болуы, екіншіден артында ұшан-теңіз мол мұрағаты қалуы, үшіншіден сол тұлғаның үлгі-өнегесін болашақ ұрпаққа жалғастыратын ұлы немесе қызы болуы шарт. Осы үш шарт орындалғанда ғана ұлы тұлғалар қазіргі ұрпақпен қайта қауышып, олардың асыл мұралары өз мұратына жететін болады» деп жазған екен. Соңында еліне қажет мол мұра қалдырған қаламгердің әр туындысы – бүгінгі және келешек ұрпақтың қажетіне жарайтын сом алтындай құндылық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет