«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Астана  

2006


«Мәдени Мұра» 

МеМлекеттік бағдарлаМасының  

кітап сериялары

ҚазаҚстан республикасының тұңғыш президенті  

нұрсұлтан назарбаевтың  

бастаМасы бойынша шығарылды



тасмағамбетов и.н., бас редактор

тәжин М.М., бас редактордың орынбасары

тәуекел с.т., жауапты хатшы

әбділдин Ж.М.

әуезов М.М.

байпақов к.М.

зиманов с.з.

кәлетаев д.а.

кекілбаев ә.

кенжеғозин М.б.

Қасқабасов с.а.

Қойгелдиев М.Қ.

Қосыбаев е.М.

Құл-Мұхаммед М.а.

Мағауин М.М.

Мәмбеев с.а.

нұрпейісов ә.к.

нысанбаев ә.н.

рахмадиев е.р.

сұлтанов Қ.с.

сүлейменов о.о.

Хұсайынов к.ш. 

«Мәдени Мұра» 

МеМлекеттік бағдарлаМасының 

кітап сериялары

бас редакциясының алҚасы



БАБАЛАР  

СӨЗІ

жүз томдық

Батырлар жыры

36 том


ББК 82.3 (5 Каз)

Б12


«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының 

Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:

Қасқабасов с. (төраға), Қорабай с. (төрағаның орынбасары),

Жұмасейiтова Г. (жауапты хатшы), әзiбаева б., күзембаева с., Қирабаев с., 

Мамыраев б., Қосан с.

томды басуға М.о.әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының 

ғылыми кеңесі ұсынған

томның редакция алқасы:

Қосан с. (жауапты редактор), Қасқабасов с., елеукенов ш., 

ақыш н. 


томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындағандар:

Қосан с. филология ғылымдарының кандидаты, 

салтақова Ж. (жауапты шығарушы), әкімова т.

б12 


бабалар сөзі: Жүз томдық.—астана: «Фолиант», 2006.

т. 36: батырлар жыры.—2006.—480 бет.

 

ISBN 9965-35-287-9



«бабалар  сөзі»  сериясының  36-томына  «Қобыланды  батыр»  эпосының 

халық  ақындары  б.толымбаев,  н.байғанин,  е.ешімов  жырлаған  көлемді  әрі 

көркем нұсқалары еніп отыр.

б

4702250205



00(05)—07

  

 



ббк 82.3 (5 Қаз)

ISBN 9965-35-287-9  (т. 36)  

©  әдебиет  және  өнер  институты,  2006

ISBN 9965-619-60-3 

  © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2006


Құрастырушылардан

М.о.әуезов  атындағы  әдебиет  және  өнер  институты  Мемлекеттік 

«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  жарық  көретін  «бабалар 

сөзі»  сериясының  жүз  томдық  ғылыми  басылымын  әзірлеуді  одан  әрі 

жалғастырады.

серияның  бұған  дейін  жарияланған  отыз  бес  томы  ұлттық 

фольклорымыздың  аса  бір  көркем  де  көлемді  саласы  болып  санала-

тын эпостық шығармаларға арналды. дәлірек айтқанда, бүгінге дейін 

хикаялық  дастандардың  он  үш  томы,  діни  дастандардың  жеті  томы, 

ғашықтық  дастандардың  сегіз  томы,  тарихи  жырлардың  үш  томы, 

батырлар  жырының  үш  томы,  сондай-ақ  шежірелік  дастандардың 

бір  томы  әзірленіп,  баспа  бетін  көрді.  бұл  басылымдардың  он  томы 

Қытайдағы  қазақ  фольклорына  арналғаны  мәлім.  Қазақ  халқының 

қымбат  қазынасы—фольклор  жинақтарының  жоғары  деңгейде 

безендірілген  жаңа  басылымын  оқырман  қауым  үлкен  қуанышпен 

қарсы алды. алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау 

осымен шектелмейді.

оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 36-томы 

батырлар жырына арналды. бұл томға «Қобыланды батыр» эпосының 

үш нұсқасы енді. 

«Қобыланды батыр» жырының ел арасында кең тараған отызға жуық 

нұсқасы  бар.  бұл  жыр  үлгілерін,  негізінен,  қазақтың  батыс  өңірінен 

шыққан  көптеген  ақын-жыраулар  айтқан.  солардың  ең  атақтысы—

Марабай ақын. Эпостық нұсқаларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, төрт 

томға  жинақтау  жоспарланды.  алғашқы  томға  көшелек  еламанұлы, 

Құлзақ  амангелдіұлы,  сүйіншәлі  Жаңбыршыұлы  жырлаған  нұсқалар 

енсе, кезекті екінші томға біржан толымбаев, нұрпейіс байғанин және 

ержан  ешімұлы  сынды  ақындардың  репертуарында  орындалған  жыр 

нұсқалары ұсынылды. 


6

батырлар жыры

сондай-ақ  «Қобыланды  батыр»  жырының  кеңес  кезеңінде  жарық 

көрген  бірқатар  варианттарына  сол  кездің  саяси-қоғамдық  талаптары-

на  орай  мәтіндік  өңдеу,  редакция  жүргізілгені  жасырын  емес.  бұған 

қоса ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр 

жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер 

бастапқы қалыпқа келтірілді.

«бабалар  сөзі»  сериясының  негізгі  ұстанымдарына  сәйкес,  отыз 

алтыншы  том  ғылыми  қосымшалармен  толықтырылды.  ғылыми 

қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, 

жер-су  атаулары,  мәтіндерде  кездесетін  тарихи  тұлғалар  мен  діни 

есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырла-

ушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және 

ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

томның көлемі—30 б.т.



6

М Ә Т I Н Д Е Р

Қарақыпшақ Қобыланды 

батыр  


(Б. Толымбаев нұсқасы, Қазан, 1914)

бұрынғы  өткен  заманда  тоқтар  деген  бай  өткен.  әр  түлікке  сай 

өткен. тоқсан тоғай толы малы бар еді. ол малды бағатын тоқсан  құлы 

бар еді. тоқсан құлдың бастығы естемше деген еді. бұл тоқтарбайдың 

еш перзенті жоқ еді. Мал иесіз болған соң, тоқтарбай тұрып жылайды, 

жад  айтып  енді  Құдайды.  Құдайдан  бала  сұрайды,  әулиеге  ат  айтып, 

Қорасанға қой айтып, шыбын жанын және айтып, етегін шеңгел сыды-

рып, әулие қоймай қыдырып, шаршап келіп жығылды. пірлеріне сый-

ынды. тоқтарбайға пірлері түсінде аян берді:—орныңнан шапшаң тұр. 

Құдай саған перзент берді,—дейді.

бір ұл, бір қыз береді,

анық түсті көреді,

кемпірге сөйлей береді:

—Құдай берді тілекті, 

Қуантқан алла жүректі.

кемпір менен шал байғұс

бір-біріне жолықты,

ешнәрсе болмай торықты.

Өлдім, талдым дегенде

Жаппар ие жар болып,

бір нәрсе енді болыпты.

тоқсанға келген тоқтарбай 

әулиеге ат айтты,

Қорасанға қой айтты.

шыбын жанын және айтты,

тамам малын әм айтты.

сөйтіп, үйіне келіп, бірнеше күн өткенде, тоғыз ай, он күн жеткенде, 

алпыстағы аналық толғатты, толғағы  болды тым қатты. бір қыз менен 

ұл тапты, ұлы болды сымбатты. тоқтарбай сынды байыңыз ел шақырып, 

10


10

батырлар жыры

той  қылып,  ғаріп-қасерге  сый  қылып,  ұлына  ат  қойдырды.  Жарлы-

жақыбайды тойдырды. ұлдың аты—Қобыланды, қыздың аты—Қарлыға 

болды. Халық тойын жеп тарқасты.

тоқтарбайдай байыңа,

кеңіген енді секілді,

дүниенің тарлығы,

көңілдің кетіп зарлығы.

бала  алты  жасқа  жетті.  Мал  бағуға  ойланып,  тобылғы  меңді  торы 

атқа мініп, жылқыға барып естемшеге қосылып, ит жүгіртіп, құс салып, 

мал бағып жүре берді. 

бір күні у-шу дауыс шықты. Қобыланды:—әй, естемше, бұл дауыс 

не?—дейді. 

естемше  айтты:—Қызылбас  жұртында  көклен  деген  кемпір  бар,  өзі 

патша еді. сол кемпір: «кімнің діні қуатты болса, соның оғы тиер» деп елдің 

ортасына биік баған қағып, басына алтын теңге тағып: «Мұны кім қағып 

түсірсе, қызым сұлу Құртқаны соған беремін» деп жатыр дейді. әр жер-

лерден келген батырлар биіктігі жүз сарзиндай жердегі теңгені атып түсіре 

алмай жатыр,—дейді. 

онда Қобыланды:—Мен барып атып түсірсем, кемпір маған қызын 

берер ме?—дейді. 

естемше:—саған  атып  түсірсең  де  бермейді,—дейді,—неге  десең 

Құдайдың  зор  дұшпаны  бойы  қырық  аршын  Қызыл  ер  деген  ер  бар. 

ол бұл қызға ғашық еді. «Мен оғым тисе де алармын, тимесе де алар-

мын» деп жатыр. ол сенің оғың тигенменен де бермейді. сенің бұғанаң 

өспеген, қабырғаң қатпаған, оған әлің келмейді,—дейді. 

соныменен  бірнеше  күн  өтті.  бірнеше  күн  жетті.  күні-түн  дыбыс 

басылмаған  соң,  Қобылекең  қисайып  соған  барды.  көз  салып  тұрды. 

әркімдер атып тигізе алмады.

бір кезде кезек Қобыландыға келді. саржаны тартып қалғанда теңге 

қақ  бөлініп  жерге  түсті.  көклен  кемпір  мұны  көрген  соң  келіп:—әй, 

шырағым,  мұсылман  заттың  баласы  екенсің.  күштілігіңнен  түсірген 

жоқсың, дініңнің асылдығы нан түсірдің. Мен де сенің дініңе кірдім, қыз 

Құртқаны саған бердім,—дейді.

тоқсан нарға жасауды артып, қыз Құртқаны ұзатып жатқанда кемпір 

айтты:—әйелдің  бір  тегі  ерге  дұшпан  болатұғын,  шырағым.  беліңді 

шешіп, сырыңды айтпағайсың,—дейді,—Қызымның тілі жоқ сақау, құрт 

жеген ағаштай ақау. «Қылайын енді саған» деп ашуланып қарай көрме 

20


10

11

қарақыпшақ қобыланды батыр



бетіне, таяқ соға көрме етіне,—дейді де кемпір қала береді. 

бұлар жөнеле бергенде баяғы қырық кез Қызыл ер келіп килікті.—

Мен  қарындасыма  қырық  күн  ойын,  қырық  күн  тойын  қылмай 

жөнелтпеймін,—дейді.

Қобыланды:—не ойнайсың, батыр?—дейді. 

Қызыл ер:—Жерден теңге алмақ ойналық,—дейді. 

Қобыланды  «жарар»  деп  тобылғы  меңді  аттың  үстінен  жердегі 

теңгені алып шауып кетті. Қызыл ер аламын деп ала алмады, аты асау 

екен. 

онда  Қобыланды:—әй,  батыр,  сіздің  атыңыз  асау  екен.  Мен  жас 



күнімде, мынау аттың арқасына байлап шауып үйретіп едім. сонан соң 

атым жуас болып кетті,—деп батырды алдап нандырды. «батыр аңғырт, 

бай салғырт» деген сонан қалыпты. 

сонда Қызыл ер айтты дейді:—ендеше, менің де екі қолым, екі аяғым 

сондай қылып байла,—деп, әм байлауға өзінің қанжығасын беріпті.

Қобыланды:—сіздің  қол-аяғыңызды  бұл  қанжыға  ұстап  тұра  ала 

ма?—дейді. 

Қызыл  ер:—Мен  ол  қанжығаменен  талай  дұшпанды  байлап 

қарағанмын. шаншар ханның заманындағы мыстан кемпірдің терісі. ол 

үзілмейді,—дейді. 

Қобыланды Қызыл ерді қанжығасыменен алып байлап, бұ зау терісі 

кертартарменен  тартып  қалғанда,  белшұбар  ат  ышқы нып  тулап  ала 

жөнеліп, батырды тау менен тасқа соғып өлтірді. 

сол  уақытта  қыз  Құртқа:—Қызыл  ердің  ағанас,  тоғанас  деген  екі 

кішкене  баласы  бар.  соларды  өлтіріп  кет.  олар  тірі  қалып  ер  жетсе, 

әкесінің кегін алмай қоймас,—дейді. 

Қобыланды:—олар өскенше кім бар, кім жоқ,—дейді де жүре берді. 

бұлар көшіп келіп бір жерге қонды. Қонған жерлері көп жыл қының іші 

еді. сол жылқының ішінен қыз Құртқаның көзі бір бие ге түсіп:—әй, батыр, 

мына биені мені берсеңіз де алыңыз,—дейді. 

Қобыланды:—сені  берсем  бір  рулы  елдің  малын  алмаймын  ба?—

дейді.  Құртқа:—Мұның  ішінде  тұлпардан  пайда  болған  бурыл  құлын 

бар,—дейді,—аман-есен  құлындаса,  сол  құлынды  ат  қылып  саған 

берермін,—дейді,—астыңыздағы торы ат жауға, дауға мінуге жарамай-

ды, жабының баласы,—дейді. 

сонан  соң  бұл  батыр:—Жылқының  иесі  кім  екенін  білейін,—деп 

бір  таудың  етегінде  ұйықтап  жатқан  жылқышылары на  келіп:—бұл 

кімнің  жылқысы?—дейді.  тоқсан  құлдың  бастығы  Қаракөшек  де-

ген:—сәлімбай байдың жылқысы,—дейді. Жөн-жосығын сұрап келсе, 


12

батырлар жыры

әкесі тоқтарбайдың інісі болып шықты. Қобыланды батыр көшекке:—

сәлімбайға барып ініңіз үй ұзатып келе жатыр екен. тоқсан нарды ар-

туыменен алсын да, кәрі көк бурылды берсін деп айтты деңіз,—дейді. 

Қаракөшек байға барып, Қобыландының айтқан сөздерінің бәрін айтты. 

сәлімбай сонда сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—айналайын, ініміз,

туған екен күніміз,

болмасын біздің мініміз.

Жасаған ие жар болып,

Қолтығыңнан демесін

Қырық шілтен ғайып піріміз.

айтқаның, көшек, әй, рас па,

Жағып кетті құлаққа?!

биенің несін аяйын,

шырағым жетсін мұратқа!

Өтірік айтып, көшегім,

Қалып жүрме ұятқа.

Жүк саламын шанаға,

Үш әйелім бар еді,

ортаншысы жүкті еді,

арнап едім мен оны

ішіндегі соның балаға.

тайдың несін сұрайды,

әкете бермей далаға.

«Қалауымды алдым» деп,

Мақтанып барсын алдында

тоқтар сынды ағаға.

сәлімбай сөйдеп айтқан соң,

көшек шауып жөнелді,

Жауабына кенелді,

бұ да айтулы ер еді.

сәлімбайдың сөздерін

бұлжытпай айтып береді.

Қобылан сынды еріңіз

биені алып жөнейді.

30

40


12

13

қарақыпшақ қобыланды батыр



тілекті Құдай береді,

Қыз Құртқаға келеді.

айналдырып биені

көзін салып көреді.

Желіні жеткен биенің,

Жақсылығы болсын иенің,

биесі құлын табады.

табанын жерге тигізбей,

Маңдайын күнге күйгізбей,

киімге орап алады,

Жақсылап Құртқа бағады.

аяқтанып алған соң,

көк ала бие қасында

айнала құлын шабады.

 бірнеше күн өткенше құлын менен биені сонда бағып жата береді. 

Құлын енесіне тоймайды. Қырық қысырақтың үйірін айдап әкеліп сау-

ып ішкізді. армасын, талмасын деп жеміне қызыл дәрі қосып жегізеді. 

Құлын әбден аяқтанып болған соң, бұлар көшіп елге келіп, отауын әкесі 

тоқтардың ордасының жанына әкеліп тікті. 

Қобыланды:—әй,  әке,  мен  кеткелі  малдың  аман,  жаманын  білесіз 

бе?—дейді. онда тоқтар айтты:—әй, шырағым, мен сені малда жүрген 

шығар  деп  едім,  қайдан  білейін,—деді.  Мұны  естіп  Қобыланды  үйіне 

түспей, ашытқан балын ішпей, Қараспан таудың етегінде жатқан естем-

шеге  қосылып  ит  жүгіртіп,  құс  салып,  мал  қызығыменен  жүре  берді. 

сол уақытта қырық мың үйлі қият деген елдің ішінде сайым деген бай 

болып,  оның  Қараман  деген  баласы  бар  еді.  Қобыланды  туған  жылы 

туған,  жылы  жылдас,  жасы  құрдас  еді.  сол  Қараман  қырық  мың  кісі 

алып, ақ-қара бас ту алып, Қарақозы, аққозы, Қосдәулет, Қарабұқан жа-

уырыншы—соларды алып, қалмақтан Қазан деген ер шығып, қазақтың 

жерінен Қарақала, сырлықала деген екі қала салып, мұсылманның жерін 

алды дегенменен аттанып келе жатыр еді. «Қарақыпшақ Қобыланды ба-

тыр Қараспан тауда естемше құлменен ит жүгіртіп, құс салып жатыр» 

дегенді  естіп  Қараман:—Жылы  жылдас,  жасы  құрдас  еді.  соған  бара 

кетелік,  жүрсе  ала  кетелік,—деп  жолдастарыменен  Қобыланды  батыр 

жатқан жерге келіп қонды. Қобыланды оларға қос басына бір-бір ту бие 

сойып берді. ертеңіне жүрейін деп жатқанда Қараман сөйлейді: 

Қараман сонда сөйлейді,

50

60



14

батырлар жыры

сөйлегенде не дейді:

—сайым ұғлы Қараман,

Мен Қазанға барамын.

Жүрмеймісің, құрдасжан,

Қол ағалық қыламын.

замандасым, мұңдасым,

Жасың бірге құрдасым,

Жылың бірге жылдасым,

сен шыққан соң, құрдасым,

білемін дұшпан оңбасын.

Қазан салған шаһарға

сапарланып жол шектім,

Жүрмейсің бе, жолбарысым?

сонда Қобылан сөйлейді,

ителгі құстай іледі,

сүйкімді назбен күледі:

—барар-бармас жолымды

Үйдегі Құртқа біледі.

сұрағалы Құртқадан

естемше құл жөнелді.

базарда бар ақ мата

ойнақтайды жас бота,

бұл сөзімде жоқ қата.

Қобыландының қасынан

естемше шықты ел жата.

тоқтарбайдың жанында

Құртқа тіккен отауға

естемше тыстан сөз қатты,

күн шыққан жоқ таң атты. 

—Үйдемісің, қыз Құртқа,

түздемісің, қыз Құртқа,

әйелде болдың айла жоқ

әгар еркек болғанда,

болмас па ең тұлға бір жұртқа.

іс тағдырға сызылды,

Мінгенде аты қызыл-ды.

Жарлының аты кез келсе,

70

80



90

14

15

қарақыпшақ қобыланды батыр



ұрының құрығы ұзын-ды.

Жол қылмаққа дұшманға

арыслан көңілі бұзылды.

Мінуге керек қазанат,

белге керек шар болат,

денеге керек жалаңғат,

Жаппарға жаны аманат.

Жалғыз емес Қобылекең,

Қияттан шықты қолғанат.

батыр мініп шығуға

Жарады ма, Құртқа, бурыл ат?

естемшеден бұл сөзді

естіген соң қыз Құртқа,

Қылаң етіп, қылт етіп,

сылаң етіп, сылт етіп,

алтын шашбау қылт етіп,

шекеде шоғы жылт етіп,

саулы інгендей ыңқылдап,

күшігендей сыңқылдап,

сүмбіледей жылтылдап,

алтын қалпақ, жез телпек,

көтеріп Құртқа сөйледі,

естемше  құлға былқылдап:

—дүние деген адам ит

пенде тоймас іңкәрға.

екі тоқты, бір саулық

Жарамай ма қырқарға.

Жұмсады ма сіздерді

Үйдегі нашар тұлпарға.

тұлпарына жұмсаған

көп құлдық бас сәлем айт,

Халық иесі сұңқарға.

Құрбы менен құрдасқа,

заманы бірге мұңдасқа.

Мінемін көшке көк қасқа,

саламын қамшы жамбасқа,

бөрі де қастық қылмайды,

соңынан ерген жолдасқа.

бәдік пенен той басқа,

100


110

120


130

16

батырлар жыры

ешкі менен қой басқа.

шайтан менен жын басқа,

туған ұл мен құл басқа.

Жұмсады ма сіздерді

біздей нашар жолдасқа?

Жолдасына жұмсаған

көп құлдық бас сәлем айт,

Халық иесі жолбарысқа.

Құлын алла алмасын,

алды-артымды шалмасын.

тілімді алса сұлтаным,

бұл сапарға бармасын,

бұл олжадан алмасын.

көп жылады дегейсің

Үйдегі нашар жолдасың. 

асқар тауда белдік бар,

Құдірет сізде кеңдік бар,

Құрдаста қанша елдік бар.

тілімді алса, бармасын,

сұлтаныма сәлем де,

біздің баққан бурылда

Қырық үш күндік кемдік бар.

ақылды туған қыз Құртқа 

бұл жауаппен жіберді.

асаулар үзер шідерді,

аттан бір үзді күдерді.

аттан күдер үзген соң,

Қараман сынды құрдасы

Қайрап-қайрап батырды

Қатынға қайта жіберді.

Қараман сонда сөйлейді:

—бұл барғаннан барсақ біз,

сол Қазанды өлтіріп,

шаһарын бұзып алсақ біз.

сұлуынан қызылбас

Қойынға бір салсақ біз.

есіктің алды ебене,

140


150

160


16

17

қарақыпшақ қобыланды батыр



ерлер киер кебене.

Өлген кісі келе ме,

алғанын тәңірім бере ме?!

әр талапқа шығарда,

Қатынға ақыл салсақ біз,

айналайын, құрдасжан,

Қатын да емей немене?

сонда тұрып Қобылекең

терлер тамып иектен,

түгі бір шығып білектен.

Жаны бір тулап жүректен,

ордалы құлан ұйлықса,

Малақай болар үйектен.

Қараманның бұл сөзі

Өтті бір келіп сүйектен.

сөз сүйектен өткен соң,

топшақ атқа ер салып,

ақ алмасқа қол салып,

шапты батыр ауылға.

найзасын ұстап бармаққа,

аттанбаққа қалмаққа.

әгар келсе үйіне,

еш жазығы жоқ еді,

келе жатыр бұл батыр

Үйде отырған Құртқаның

басын кесіп алмаққа.

дарбазалы есікті,

пайғамбардай несіпті,

Үйде отырған қыз Құртқа

аттың дүбірін есітті.

«атта шапқан кім болсын,

сұлтаным шығар» десіпті.

ашыпты Құртқа жабықты,

Жабықтан көзін салыпты,

салса ерін таныпты.

еріне болған қыз Құртқа

ат үшін енді жазықты.

170


180

190


200

18

батырлар жыры

батырдан Құртқа қорыққан соң,

төмен қарап жер шұқып,

Өксіп жылап қамықты.

енді Құртқа сасады,

бетінен қаны қашады,

оң етегін басады.

сасып жүріп жөн тауып,

түтікпенен су берген,

түндікпенен күн көрген,

төрде тұрған бурылдың

басын шешіп алады.

алып атты жетелеп,

алдынан қарсы барады.

бурыл емес көк дөнен,

туғалы түзді көрмеген,

түнектен шыққан тайбурыл,

айдалаға шыққан соң

түлкідей көзі жайнайды,

Қаруы сыймай қайнайды.

он екі құлаш кезеңнен

бурыл атып ойнайды.

алдында жатқан көк тасты 

сулығым деп шайнайды.

бурыл көкке екі ұшты,

салмағымен қыз Құртқа

алып жерге бұл түсті.

Жазығы әйел демесең,

Құртқа дағы тым күшті.



Отырып Құртқа жылайды:

—асқар таудың белдігі,

алланың көп-ті кеңдігі,

аздың жоқ-ты теңдігі,

Құрдастың жоқ-ты елдігі.

шығар едің аспанға

Мен қайтейін, бурыл ат

Қырық үш күннің кемдігі.

кентті жердің жиылса,

Үзілмейді базары.

210

220


230

240


18

19

қарақыпшақ қобыланды батыр



Қайда қалмас жігіттің

Өлгеннен соң мазары.

бурылды көзі көрген соң

Құртқадан қайтты азары,

бурылға түсті назары. 

Сонда Қобылан сөйлейді:

—Қыс қыстауым қыстаппын,

Жаз жайлауым жайлаппын.

бүйтіп жүрген Құртқамды,

ақылым жоқ, мен ақымақ,

шауып тастай жаздаппын.

Құс төсекті мамықты,

арпа, бидай қабықты,

батыр жақын келген соң,

наз айтса да, қорықса да

төмен қарап жер шұқып,

Өксіп жылап қамықты. 



Сонда Қобылан сөйлейді:

—Құс төсекті мамықты,

арпа, бидай қабықты.

наз айтса да қыз Құртқа

Мені көріп қамықты.

Қараңғы түн ішінде

шығар едің жарыққа,

осы кеткен сапардан

есен барып, сау келсем,

әйел де болсаң басыңды

Хан қылармын халыққа. 

Қобыланды және сөйлейді:

—Қызыл тілім шешен-ді,

Қатарда басым көсем-ді.

артық туған, Құртқажан,

атың әйел десем де,

250


260

270


20

батырлар жыры

Халықтан кетер жауапсыз.

Менің көзім тіріде

ердің құнын жесең де,

Құртқажан, неге қамықтың,

Жолбарысың  мен есенде. 

Сонда Құртқа сөйлейді:

—айдын көлден қу аттым,

керектер болып өтіне.

ойынға балық шығады,

Жазғы судың шетіне.

сіздер—сұңқар, мен—шәулен,

сіз алыстан келгенде

ажырайып қарарға

Жарармын ба бетіңе? 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет