«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет2/24
Дата21.02.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Сонда Қобылан сөйлейді:

—Жылқы ішінде аламын,

Қылшаң жүнді қарамын.

аға менен інім жоқ,

Мен байғұсқа тыным жоқ,

Жеке туған дарамын.

тоқтарбай мен аналық

әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып,

шыбын жанын және айтып,

тілеп алған баламын.

Өкпелеме, қарағым,

шал-кемпірдің қойнына

Жатайын деп барамын.

Қамшы басты Қобылекең

тобылғы сынды жорғаға.

дөңгелеп келіседі

тоқтар тіккен ордаға.

көлге біткен жекен деп,

бүршігі жоқ тікен деп,

280

290


300

20

21

қарақыпшақ қобыланды батыр



Үйде отырған кемпір-шал,

келеді қозым екен деп,

Жүгіріп шықты далаға,

көзі түсті балаға.

бірден келіп екеуі

шылбырына шырмалды,

шылауына оралды,

оң тізгінін қолға алды.

Өлгенде көрген жалғызға

шәрбеттің суын ішірді.

Және айналып толғанып,

кезек-кезек қолға алып,

Қобыландыны кемпір-шал

күн батпай-ақ жатқызды.

Жатқызды көрпе төсекке,

онда Қобылан тек жатты.

тілеп алған Қобылекең

кемпір-шалдан дәм татты.

ол уақытта пенде жоқ

Қобыландыдай сымбатты.

—Өзіме қара, қалқам,—деп,

ірге жақта шал тартты.

—Өзіме қара, қозым,—деп,

оң жақта кемпір бұл тартты.

ортасында Қобыланды 

алма-кезек жұмарлап,

Жиырма төрт келген сағатта

кірпігін қақпай таң атты.

таң сарғайып атқанда,

таң шолпаны батқанда,

шал-кемпірдің қойнында,

Қобылекең ұйықтап жатқанда,

тайбурыл атқа ер салып,

аз ғана азық жем салып,

бәйгеден келген көк дөнен

түк ұйқыны көрмеген,

ақ орданың алдынан

бурыл атты жетелеп,

310

320


330

340


22

батырлар жыры

Өткізді Құртқа көлденең.

.  .  .    .  .  .    .  .  .

*

тайбурыл атқа мінеді,



Үстіне сауыт киеді.

беліне семсер іледі,

алладан медет тіледі.

көп қосыннан соң қалып,

Қобыланды гулеп жөнелді.

тоқсанға келген тоқтарбай,

алпыстағы аналық,

Қарындасы Қарлыға,

алған жары қыз Құртқа

төртеуі қалмай соңынан,

кескілеп кет деп қолыңнан,

Қобыландының артынан

төртеуі жылап келеді.

түстік жерге келгенде

Қарлыға сонда сөйлейді:

—Халық ұйғарса, қалмайсың,

көңілің сүймесе, бармайсың.

Құдай мінеп жаратты

балдағы алтын болатқа.

ақсұңқар құс ұшады

Құйрығы мен қанатқа.

Жалғыз ағам, жан көкем,

сапарландың талапқа.

саздыққа біткен қоқтымын,

бөрік үстінде шоқтымын.

осы кеткен сапардан

көкем елге келгенше,

ел-жұртын аман көргенше,

артыңда қалған мен сорлы

айтыңыз, көке, ниязға.

көзге, көке, жас алдық,

тағдырға ұсынып бас алдық.

* Түпнүсүада осылай берілген.

350


360

370


22

23

қарақыпшақ қобыланды батыр



көкем елге келгенше,

ел-жұртын аман көргенше,

артыңда қалған мен сорлы,

болайық сенен тасаттық.

басымда бар алтын шоқ,

көкем барда көңілім тоқ.

көкем елде болмаса,

табаныма тиер шоқ.

Қарғаның жүні қаттасым,

Үйректің жүні оттасым,

бірге туған сүттесім,

Қысылған жерде топ басым.

таласып емшек еміскен,

тай-құлындай тебіскен,

бірге жатып, бірге өскен,

кіндігімді бір кескен.

тоғай толған түйеңді,

Жан көке, кімге тапсырдың?

Желі толған жылқыңды

тағы кімге тапсырдың?

Қора толған қойыңды

Және кімге тапсырдың?

бәрін айт та, бірін айт—

тоқсандағы әкең тоқтарбай,

оны кімге тапсырдың?

алпыстағы аналық—

әжеңді кімге тапсырдың?

Қарындасың Қарлыға—

Мен сорды кімге тапсырдың?

Қасыңдағы мұңдасың,

төсекте жатсаң сырласың,

Қияметтік жолдасың,

көклен қызы Құртқаны,

ағеке, кімге тапсырдың?

Қобылекең сонда тарықты,

көп ескерді халықты.

Қарлыға даусы шыққан соң,

380


390

400


410

24

батырлар жыры

шыдай алмай Қобыланды

ақ найзаға сүйеніп,

Өксіп жылап қамықты.

Қайта айналып қаз қонар

ұя салған жеріне.

әркім де ойнап-күледі

Өзі қатар теңімен.

көзден аққан қара жас

Қаныменен аралас,

төмен қарап жер шұқып,

Қарындасына көрсетпей,

көзін сүртті жеңімен. 



Және Қобылан сөйлейді:

—тауда болар тарғыл тас,

тарықса, шығар көзден жас.

арқаңды жапқан қолаң шаш,

шырағым, сөзге құлақ ас.

Мен кешігіп келмесем,

сендерді мұнда тастамас

Қараспан тауды жайлаған

Қалың қыпшақ, қарындас.

Қарлыға, мен айналсам,

ағызба жасты көзіңнен,

сай-сүйегім босайды

көке деген сөзіңнен.

атадан тақ баламын,

Жауға кетіп барамын,

әлдеқандай боламын.

армансыз боп өтейін,

Қыз да болсаң бір тудың,

нашарсынып нетейін.

Қарлыға, бұршы мойныңды,

көкең сүйсін бетіңнен.

айдын көлден қу аттым,

керектер болып өтінен.

ойынға балық шығады,

Жазғы судың бетінен.

420


430

440


450

24

25

қарақыпшақ қобыланды батыр



еркек болсаң, қарағым,

Қалмас ең менің соңымнан.

Қыз да болсаң бір тудың,

нашарсынып нетейін.

Мал сатамын базардың

бояғы мен бөзіне.

салған жылқым тоқтайды

арқаның сары көзіне.

Құлағың сал сөзіме,

Жаратқан алла бір Құдай,

Жамандық берме өзіме.

айналайын, Қарлыжан,

тоғай толы түйемді

сарысуға тапсырдым.

Желі толған жылқымды

Жасанған жауға тапсырдым.

Қора толған қойымды

аш бөріге тапсырдым.

азу тісі балғадай

Жас бөріге тапсырдым.

тоқсандағы әкем тоқтарбай

Құдіретіме тапсырдым.

алпыстағы шешем аналық

Фатимаға тапсырдым.

Қарындасым Қарлыға

Қарашашқа тапсырдым.

Қосақ жарым қыз Құртқа

палуан қызға

*

 тапсырдым.



сендер төртеу, мен жалғыз,

бір аллаға тапсырдым.

кетерін әбден білген соң,

бет қойып батыр жүрген соң,

енді батыр Қобыланға

сұлу Құртқа сөйлейді:

—Жылқы ішінде аласың,

Қылшаң жүнді қарасың.

алды-артыңды жоқ қылып,

460


470

480


26

батырлар жыры

Жеке туған дарасың.

ата менен анаңның

әулиеге ат айтып,

Жылап көрген баласың.

сөйткен бала тастар ма

атасы мен анасын.

тоқтамай кетіп барасың,

Жалғызымның шамасын.

кетер болсаң, сұлтаным,

енекемнің еміп кет

төсінде екі мамасын.

Құдай қисық жаратты,

кімнің тілін аласың!

сабындаса ағармас,

іштен туған қарасың.

Өз айтқаның болмаса,

сөзге түспес баласың.

дін білмеген дұшпанға,

сұлтаным, жалғыз барасың.

Қош, сұлтаным, аман бол,

әлдеқандай боласың?!

асқар төбе бел дерсің,

тайбурыл атпен желерсің.

Жақсы-жаман қадірін

Құртқаның сонда білерсің.

тоқсандағы тоқтарбай

бұтында жоқ ыштаны,

тізесіне тон жетпей,

ақтабан боп кәпірге

Қой баққанда келерсің.

алпыстағы аналық

арқан есіп, жүн түтіп,

Құрт қайнатып жүргенде,

сұлтаным, сонда келерсің.

Қарындасың Қарлыға

абадасы қолында,

*

 Палуан үыз деп отырүаны  Дариүа үыз.



490

500


510

520


26

27

қарақыпшақ қобыланды батыр



дастарханы белінде,

бөтен бір жаудың елінде,

шай қайнатып жүргенде,

бауырыңды сонда көрерсің.

көк етіктің мықтысы,

күзгі жердің шықтысы,

сенен қалған мен сорлы

бір дұшпанның мықтысы,

аламын деп жүргенде,

сұлтаным, сонда келерсің.

Мінуші едім ақтабан

айтулы ер мақтаған.

Құданың ісі көп шығар

Өлмеген құлға сақтаған.

Қош, сұлтаным, аман бол,

Қайда жүрсең аман жүр.

Мерген байлап оқ атар

ұшқан құстың қойнына.

иманды құл тос болар

Хауыз, кәусәр суына.

бұ дүниеге іңкәрсің,

Құртқамбысың демейсің.

аққа қарап жөнелсең,

ысрапыл көпір аузында.

пайғамбардың тойында,

айналайын, сұлтаным,

сорлы болған Құртқаңды

еске бір сонда алғайсың.

бұл сөзді айтып қыз Құртқа қала берді. Қобыланды сол кеткеннен 

кете берді. сонда Құртқа:—әй, енеке! сізге мен ақыл айтамын: сіз со-

нау шоқ терекке барып, екі аяғыңызды көсіліп, екі емшегіңізді шығарып, 

балаңызды шақырып «шырағым, мамаңды еміп кет» десеңіз, сізге келер. 

келген  соң  әкесі,  сіз,  әм  біз  төртеуіміз  етегінен  ұстап  «бізді  кімге  та-

стап барасың, тоқта, болмаса қолыңнан бізді өлтіріп кет» деп жыласақ, 

әуелі Құдайдан, екінші сізден, үшінші бізден ұялып, қиып тастап кете 

алмас,—дейді. 

Мұны  естіп  кемпір  бейшара  елпең-елпең  жүгіріп,  алпысқа  кел-

ген  бейшара  етпетінен  жығылып,  ау  деп  демін  алып,  екі  емшегін 

шығарып:—шырағым  Қобыланды,  мұнда  келіп  мамаңды  еміп  кет,—

дейді. Қобыланды мұның ұстап жібермесін біліп келмеді. Құдай тілекті 

бермеді. сол уақытта аналық әуелі Хаққа, екінші пірлерге тапсырып, 

530


540

550


560

28

батырлар жыры

осылайша, баласына оң батасын берді. 

—әуелі алла хақ Жаппар,

естідің бе сөзімді,

Жылатпа менім өзімді.

он үш жасар Қобыланды

ерінбей сүйген кезімді.

Мұхаммед атты бір жалғыз

Үмбетім деп еске алғын,

Жалғызымның артынан

тар жерде еске ал өлімді.

ғаус, ғияс екі жар,

омар, осман шаһариар,

Жиырма сегіз пайғамбар,

Қырда Қызыр пайғамбар,

суда илияс пайғамбар,

бас-басыңа бір жандық,

Қолдамасаң біз қалдық.

асқар төбе бел кеттік,

ата-жөнін тербеттік.

ықылас атты шашты әзиз

дем бермесең біз кеттік.

арғымақ ат мақтанса,

о да бір күн кез келер

Қаланың қазған орына.

ақсұңқар құс мақтанса,

о да бір күн кез келер

Құсбегінің торына.

осы кеткен Қобыланды

есен барып, сау келсе,

егіз туған көк айғыр,

Жасаған, сенің жолыңа.

егіз туған көк бұқа,

пайғамбар, сенің жолыңа.

егіз туған көк қошқар,

Қазірет, сенің жолыңа.

бұл алпысқа келгенде,

Қобыландыдай ұл тапқан

570


580

28

29

қарақыпшақ қобыланды батыр



Мен бейбақтың сорыма.

Жалғыз қызым орыңа,

Жолықтырма зорыңа.

Үмбетім деп еске алсаң,

Мұхаммед атты бір жалғыз,

осы кеткен қозымды

тек тапсырдым қолыңа.

адасып кетсе соғып тұр,

сыртынан қойдай бағып тұр.

Қозыма келген бәлені

ықылас атты шашты әзиз

етегің жайып қағып тұр.

көл иесі Қамбар-ай,

Жол иесі Қамбар-ай,

Қазанға қайдан жол қылды

Қараман деген заңғар-ай.

Қамбар, өзің қолдасаң,

атадан тақ шырақты

Қорғайтұғын кім бар-ай?!

ағын судың сағасы,

оқа ердің жағасы,

әулиелер ағасы.

бұхар емес жоғары

Құмкент деген шаһары.

тауықтары бақырған,

есектері ақырған.

Молда, имам қасында,

абадасы басында,

Қойны толған қырандай,

сұбхан алла ұрандай.

етік киген шоңқайлы,

Жүйрік мінген оңтайлы,

Қара мылтық құндақты,

түзу берен сандықты,

Өз қолыңа тапсырдым,

атадан тақ шырақты.

он ай жүріп көтерген,

омыртқамды бүгілткен,

590

600


610

620


30

батырлар жыры

аязды күні айналған,

айқара есік таянған.

бұлтты күні бұралған,

Мұздай бесік таянған,

даусы шықса оянған,

Халық тілегін тілеген,

Өлгенде көрген көбеген.

Қабырғам жаздай қайысқан,

Қолым жездей майысқан,

алса қолым талдырған,

сүйсе мейірім қандырған,

денемнен шыққан балдырған.

Қысқа мықты жылқы өлмес

ойға біткен қамыстан.

Қалушы емес тайбурыл

Қатар шапқан жарыстан.

Жақын емес жалғызым,

Жау іздеді алыстан.

осы кеткен қозымды

тек қолыңа тапсырдым,

ғали атты арыстан.

астында бар тайбурыл,

алдында бар саясы.

Қозымды сізге тапсырдым,

Қызыр илияс бабасы.

алла деген Хаққа пәнда,

күнәһарлар күйер жанда.

Құла түзге жөнелген

самарқанда шаһизинда,

Қозымды сізге тапсырдым.

сыйынбасам маған серт,

Қолдамасаң саған серт.

шаһизадам, қыдыр ед,

Жарылқаушы, жәрдем ет,

аз-кем жанға сабыр ет.

сіз сүйесең қозымды,

Жұмсаған құдірет қос жендет,

Және сізге бұл—міндет.

Қызылбас—бөтен, бұл—үмбет,

630


640

650


660

30

31

қарақыпшақ қобыланды батыр



«Үмбетім» деп еске алған

Қозымды сізге тапсырдым,

алланың досты Мұхаммед!

астында мінген тайбурыл

елпең-елпең жортады.

Қобыландыны көрген жан,

Жерге енгендей қорқады.

ерні төмен салынып,

Қара терге малынып,

Қала берді кемпір-шал,

бір аллаға жалынып.

сонда бурыл гуледі,

не болғанын білмеді.

артық туған Құртқаны

батыр Қобылан біледі.

артынан Құртқа келеді,

келіп те сөйлеп береді:

—сіз бұл барғаннан барарсыз. алалайдың  аузында, сыңсыламаның 

көпірінде Қараман көп қоспен барып жатып, ар жағына он жеті кісі бар-

ша салар. ол барша ар жағында бір індүлі деген тау бар, соның басына 

шығып болжал-болжал көрінген сырлықала, Қарақала деген Қазанның 

қалаларын көріп: «мына жағы бір күндік жол екен» деп қайтып келер. 

бірақ олар жақын десе де қырық күншілік жол болса керек,—дейді,—

соған  Қараман  иланып  бас-аяғы  сегіз  күндік  жер  деген  соң  «кімде-

кімнің аты озса, осы қолға аға болсын» деп шауып кетер,—дейді,—бірақ 

сіз  оныменен  бірге  шаппаңыз.  не  үшін  десеңіз,  мен  көп  қосынның 

астындағы  аттарына  көзімді  салып  едім.  Қараманның  астында  қара 

құла  жалсыз  деген  ат  бар  екен.  табаны  жерге  тиіп,  маңдайы  күнге 

күйіп, арқасын ер тесіп, бауырын айыл кесіп, көзіне күн қақты болып, 

тер құйылып шаба алмай қалар. елінде ат бағатұғын адам жоқ-ақ екен. 

әгарда ат баға білетін адам болғанда ол қосында онан озатын ат болмас 

еді. сіз оныменен бірге шаппаңыз. бірнеше күн кейін қалсаңыз да, ин-

шалла, озарсыз,—дейді.

бурылға батыр шу дейді,

шу дегенде гулейді,

табаны жерге тимейді.

670

680


690

32

батырлар жыры

Қасиетін Құртқаның

батыр Қобылан біліседі.

бұрынғы кеткен көп қосын,

алалай деген өзенде

Жатыр екен иіріліп,

соңынан жетіп келіседі.

Қонып жатқан ерлерге

Қобыланды батыр келіпті.

Құртқаның айтқан жерінде,

Жатыр екен көп қосын

сыңсылама деген өзенде.

он жетісі сайланып,

баршаға барып келіпті,

Мұны Қобылан көріпті.

сонда Қобыланды ойлайды: «Құртқаның айтқаны келді. енді елімді 

жау  алады  деген  сөзі  расқа  келер,—деп  уайым  қылып,—не  болса  да 

Құданың жазуыменен болар»,—деп жата берді. 

сонда  Қараман  көп  қосынды  жинап:—кімде-кімнің  аты  озса,  осы 

қолға  аға  болсын,—деп  жар  салды.  Қобыланды  оған  бармады.  сөзіне 

құлақ салмады. Құрдасының тілін алмады. Қараман көп қосынмен шау-

ып кетті. Қобыланды бір Жөнтөбе деген төбенің басына шығып жатып 

қалды. бір ұйықтаса қырық күн ұйықтайтын еді. бірнеше күн өткен соң:

байлауда тұрған тайбурыл

шығыршық атып ойнады,

ойынға енді тоймады.

ұйықтап жатқан батырға

барайын деп ойлады.

Қасына жақын барады,

ұйықтап жатқан батырды

Маңдайға келіп салады.

тұяғының даусымен

тау жаңғырып қалады.

сонда батыр оянып,

Жан-жаққа көзін салады.

көрмеді ешбір қараны,

Өзінен басқа адам жоқ,

700

710


32

33

қарақыпшақ қобыланды батыр



Жататұғын заман жоқ.

теңдесе басып ырғалып,

көп қосыннан соң қалып,

бурылға Қобылан сөйлейді.

—төрткілдеп соққан түп еді,

шынжыр найза жіп еді.

ескіден қалған күн еді,

тайтермелі шеге еді.

Жаңылдың ба, тайбурыл,

Мінейін деп жатқанда,

шешең Құртқа не деді?

Қара жалды жылқыдан

бурылым қалмас деп еді.

әуелі алла—анайым,

Хақ Жаратқан Құдайым.

ұжмақта хордан сымбатты

Үйдегі Құртқа жұбайым. 

Жарым жаман болды деп,

Жемеймін, бурыл, уайым.

шешең тұлпар деп еді,

шешеңнің сөзін сынайын.

Жан серігім—жалғыз ат,

Жайың қалай, бурыл ат?

шырағым, бүгін шабайын,

төрт аяғың сом болат,

Қолтығыңда қос қанат

Мен үстіңде аманат.

Үкілі құйрық, майда жал,

сөзіме менің құлақ сал.

кешегі кеткен көп қолға

тұлпар болсаң жетіп қал.

Құртқам баққан тайбурыл,

ырғала басып жүр жарқын,

терлемессің күн салқын.

Жылқыда тұлпар сен едің,

Жігітте сұңқар мен едім.

сен астымда сау тұрсаң,

Қара жалды қыл құйрық

720

730


740

34

батырлар жыры

сенен озбас деп едім.

Мал сатамын базардың

бояғы мен бөзіне.

салған жылқым тоқтайды

арқаның сары көзіне.

Құлақ сал, бурыл, сөзіме,

Қырық күншілік шаһарды

көрсет бүгін көзіме.

көрсетпесең көзіме,

онда шешең, мен мұнда,

Қалар бір көңілім өзіңе.

біздің ауыл арыста,

есебі жоқ алыста.

азулының бойында

Жылқылары қамыста.

кешегі кеткен көп құлға

Қоясың ба намысқа.

Қырық күншілік Қазанға

бір мезгілде жетуге

сіздей малға алыс па?!

озушы едің қыпшақта

той бәйгіде, жарыста.

Жаным, тәнім, тайбурыл,

ұшқан құстан қалыспа!

Қаса тұлпар болсаң сен,

Қалқам, бүгін қарышта!

Құралайдың  малына,

алуаның шекер, балына,

тобылғы сапты қамшымен

толғап ұрды санына.

Жанға серік бурылдың

Жаман батты жанына.

сауысқан, қарға тойынды

санынан аққан қанына.

санына қамшы басқан соң,

Қаны бір судай аққан соң,

күндіз батпай түн батты.

төменгі ерні қыбырлап,

750

760


770

780


34

35

қарақыпшақ қобыланды батыр



Жоғарғы ерні жыбырлап,

екпінімен сыбырлап,

тайбурыл атқа тіл бітті.

тіл біткен соң сөйлейді:

—Қарағай мен бітер тал,

алуа менен шекер, бал.

кімге келмес керім сал,

назбедеуге бітер жал.

аямай тарттың қамшыны,

артық туған Қобылан нар.

Өлмесек те кеудеде

шыға жазды шыбын жан.

Қызылбастың шаһарына

Мұнша болдың ынтызар.

ойға алғаның қоймайсың,

батыр туған Қобылан нар!

ата-анадан жалғыз тақ

Жалғыздың кегін менен ал,

Жамбасыма қамшы сал.

Қалалы жерде қарғырмын,

Қазып салған кең орға.

ақсұңқар құс түседі,

тамақ үшін ақ торға.

төрт аяғым тең жорға,

тізгінім тартпай сал жолға.

сен үстімде есенде,

астыңда өзім есенде,

Қажу бар ма мен сорға.

ат қылып тәңірім жаратты

сен сықылды лайыққа.

екі жақсы қосылса,

бір тәңірге жылайды.

Қырық күншілік Қазанға

бір мезгілде жет дейсің,

Қырық үш күнім кем еді,

Жетуге маған оңай ма?!

Қиын да болса, Қобыланды,

Қиналамын, қайтейін,

790

800


810

820


36

батырлар жыры

Хаққа уағдаң солай ма?

намаздігер өткенше,

намазшамға жеткенше,

Құптан уақты біткенше,

Қазан ағаш бақшасын

түсірмесем өзіңе,

көрсетпесем көзіңе,

Жан серігің бурылды

сол жерде шал Құдайға.

сонан соң атқа бел шешіп,

—шырағым, бурыл, шу,—деді,

шу дегенде гулейді.

табаны жерге тиместен,

тау мен тасты өрледі.

төрт аяқты сермеді,

Құлақтың түбі терледі.

тер шыққан соң өрледі,

адырды көзі көрмеді.

көлденең жатқан көк тасты

тіктеп тиген тұяғы

саз балшықтай иледі.

Қараша емес қауыс-ты,

Қоңыраулатып дауысты,

күн төбеден аумай-ақ,

түзеді  бурыл шабысты,

Жақын қылды алысты.

Қос құлағы тігілді

Қырға біткен қамыстай.

түс ауған соң бүктелді

илеуі жеткен қайыстай.

байлаулы малдай шешілді,

төрт аяғы көсілді,

әбіре сымдай есілді.

кешегі кеткен көп қолға

Жетем деген Қобыланның

Жоқ еді тіпті есінде.

Қол соңынан барады—

830


840

850


36

37

қарақыпшақ қобыланды батыр



Қарабұқан жаурыншы.

ағыны қатты бурылмен

салып келді бесінде.

бұқанға келді:—ар ма,—деп,

алдыңда кісі бар ма?!—деп.

сонда бұқан сөйлейді:

—Жылқы ішінде аланы,

Қылшаң жүнді қараны.

аты қалар деп пе едің

Өзіңнен үлкен ағаны.

осынау қырдың астында

Қосдәулет кетіп барады.

тайбурыл атты құтыртып,

оған да келді сыпыртып.

—Үлкен едің, ар ма,—деп,

алдыңда кісі бар ма?!—деп.

о да айтты: «аланы,

Жоқтап ек Қобылан баланы».

осынау белдің астында

аққозы кетіп барады.

тайбурыл атты құтыртып,

оған да келді сыпыртып.

—Үлкен едің, ар ма,—деп,

алдыңда кісі бар ма?!—деп.

о да айтты: «аланы»

—Жоқтап ек Қобылан баланы.

Мына белдің астында 

Қарақозы кетіп барады.

тайбурыл атты құтыртып,

оған да келді сыпыртып.

—Үлкен едің, ар ма,—деп,

алдыңда кісі бар ма?!—деп.

Қарақозы сөйлейді:

—алыстан айқын көрінген,

Жылқыда малдың аласы,

ағынан көп-ті қарасы.

Жеткен-ді деп ойлаймын,

шапқалы көзім көрген жоқ 

Өз көңіліммен шамасы.


Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет