«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының


ҚараҚыпшаҚ Қобыланды батыр



Pdf көрінісі
бет24/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
ҚараҚыпшаҚ Қобыланды батыр 

(Қазан нұсқасы, 1914)

Бұл  нұсқаның  жырлаушысы  бұрынғы  Қостанай  болысы, 

Қарабалық  уездінің  тұрғыны—Біржан  Толымбаев.  Шамамен  ХіХ 

ғасырдың 90-жылдары жыршыдан Махмұтсұлтан Тұяқбаев жазып 

алып, «Қарақыпшақ Қобыланды батыр» деген атпен 1914 жылы 

Қазан қаласындағы «үміт» баспасынан жарыққа шығарған. 

кітаптың  алғашқы  бетінде  «Бастырушыға»  деген  атпен 

жинаушының атынан өлең шумағы берілген:

көп сәлем Файзылрахман Шеркасовқа,

Сіздерге жіберілді мынау нұсқа.

Жайылса бастырылып жарар еді,

еңбегі біз пақырдың кетпей босқа.

Атына ер Қобыланды қазақ қанық,

Бірінен бірі оқыған, жазып алып.

Қор болып, азып-тозып жүруші еді,

көрсін деп талап етем бұ да жарық.

Білмеймін неге көптен басылмаған,

Тоттары, кіршіктері ашылмаған.

Жіберем жазып сізге есіткенді,

емеспін өзім жүйрік аршындаған.

Жыр  мазмұны  Мергенбай  нұсқасымен  үндес  әрі  толық 

нұсқалардың  бірі.  әйтсе  де  жыр  стилі,  сюжет  құру,  көркемдігі 

жағынан айырмашылықтар кездеседі.   

Б.Толымбаев діни сауатты адам болса керек. Басқа нұсқа ларға 


456

батырлар жыры

қарағанда  діни  сарынға  көп  көңіл  бөлген.  кеңес  кезінде  жари-

яланбауы  да  осы  себептен  болуы  мүмкін.  Мысалы,  Қобыланды 

батыр  Құртқаны  айттыруға  барғанда  көклен  кемпірдің  шартын 

орындайды.  Сонда  көклен  кемпір:  «Мұсылман  екенсің,  дініңнің 

күштілігінен алтын жамбыны атып түсірдің, енді мен сенің дініңе 

кірдім.  Қызымды  саған  бердім»  дейді.  Және  батыр  жаулары-

мен  айқасқанда  көбіне  пірлері  көмекке  келеді.  көбікті  батыр-

мен шайқасқанда пірлерін танымай, қуып жібергені үшін жеңіліп 

қалады.

Мәтін ОҒк-ның Қолжазба қорында сақтау түпнұсқадан (Ш.2330) 



еш өзгертусіз дайындалды. 

Ж. Салтақова



Қобыланды батыр

(н.Байғанин нұсқасы)

Жыр  мәтінін  1940  жылы  Ақтөбе  қаласында  оқытушы  Ахмет 

ескендіров ақынның өз айтуынан жазып алған. Ұлы Отан соғысында 

қаза болғандықтан, жинаушының өз қолымен жазған түпнұсқасы 

сақталмаған. Жырдың латын әрпінде мәшинкеге басылған нұсқасы 

Орталық Ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы тұр

1



Қолжазбаның кіріспесінде ақынның «Қобыланды» эпосы туралы, 

оны жырлаған ақындар жайындағы мәліметі берілген: 

«Мен он жеті жасымнан жырладым. Сол кезде тұқымды жырау 

Махует  деген  жыраудан  осы  Қобыландыны  үйрендім.  Махуеттің 

әкесі  ділмағамбет,  ділмағамбеттің  әкесі  Бітеген,  Бітегеннің  әкесі 

Терлікбай,  Терлікбайдың  әкесі  Бақы,  Бақының  әкесі  Жаскелең, 

Жаскелеңнің  әкесі  Бекберген  деген  атақты  жыршылар  өтіпті. 

Атадан  балаға  Қобыландының  осы  мен  айтатын  желісі  қалған 

екен. Мен мазмұнын бұзбай, ертегісін сол күйінде беріп отырмын. 

Ожырай  деген  елден  ақсақ  Қонақберген  деген  айтқыш  ақын  да 

Қобыландыны осылай жырлады. Осы ожырай руынан кенжеқара 

жыршы  да  Қобыландыны  осылай  жырлады.  Қобыландының  осы 

желісі  бұрынғы  басылып  жүрген  вариантынан  көп  өзгешелігі 

болғандықтан және шындыққа жанасымды болғандықтан, бағалы 

1

 Н.Байүанин. үобыланды батыр. ОүК, үү:Ш.62 Д.



456

457


ғылыми ғосымшалар

болар деп ойлаймын»

2

.

нұрпейіс ақынның творчествосы жан-жақты. Оның басқа ақын, 



жыршылардан айрықша көзге түсетін бір ерекшелігі—ол әрі асқан 

жырау, әрі шебер орындаушы, сонымен бірге эпикалық қуаты мол 

ақын. Ақынның жырлаған «Қобыланды батыр» эпосының көлемді 

де көркем нұсқасы болып саналады. 

Жыр  көптеген  батырлық  эпостарға  тән  «ұлсыздарға  орын 

жоқ,  қызсыздарға  қызық  жоқ»  мотивінен  басталады.  Жырдың 

экспозициялық  бөлімі  басқа  нұсқалардағыдан  (Б.Толымбаев, 

Марабай)  гөрі  кеңірек  жырланған.  Қобыландының  бір  жастан 

он  екі  жасқа  дейінгі  өмірі  санамалап  айтылған  эпизод  Байғанин 

нұсқасының өзіндік ерекшелігін аңғартады.  Жырдың одан кейінгі 

сюжеттік желісін Қобыландының Құртқаны алуы, Алшағыр ханның 

өтірік дос болуы, Қобыландының Барса хан мен басқа қалмақ ба-

тырларына қарсы күресін баяндайтын эпизодтар құрайды. 

нұрпейіс  ақынның  репертуарындағы  «Қобыланды  батыр» 

жырының сюжетінде өзге нұсқалардан біршама айырмашылықтары 

бар:  бұл  нұсқада  Қобыландының  Қазан  хан  мен  көбіктіге  қарсы 

аттануы, Шошай ханмен соғысы жайлы эпизодтар, Қараман мен 

Қарлыға  образдары  жоқ.  Қобыландының  Қырымның  қырық  ба-

тырымен  бірге  қалмақтың  Тәуке  ханға  қарсы  күресі,  Барса  кел-

мес  хан  мен  оның  қол  астындағы  Қаршыға,  Шоңғара  батырла-

рымен  соғысы  баяндалған.  Жырда  әсерлі  сипаттамалар,  эпитет, 

теңеулер, поэтикалық монологтар мол қолданылған. Мәселен, қос 

тұлпардың шабысын суреттейтін:

Шапқан сайын желігіп,

Ат шабысы қозады.

Ауыздығын басады,

Ақ көбігін шашады.

Биік-биік тауларды

Алты-ақ аттап асады,

Тозаңын көкке шашады.

Құйысқаны сартылдап,

үзеңгісі жарқылдап,

Өмілдірігі алқылдап,

Шаңды шаңға қосады,—

  

2

 Сонда, 3-бет.



458

батырлар жыры

деген  жолдардан  ақынның  шеберлігі  мен  жыршылық 

қолтаңбасы айқын танылады.

Жырдың соңында Қобыланды өзі қалмақтармен шайқас өткізген 

елді-мекен,  тау,  өзен,  көлдерге  ат  қояды.  Бұл  жер-су  атаулары, 

негізінен, Батыс Қазақстан облысының аумағында кездеседі.

Мәтінде  Ақтөбе  облысының  жергілікті  тілдік  ерекшеліктері, 

диалект  сөздер  ұшырасады:  бүлгін,  даң,  бейпіл  т.б.  Біраз  орыс 

сөздері кездеседі: срок, барабан, штраф, машина. 

Томға  енген    нұрпейіс  ақынның  «Қобыланды  батыр»  жыры 

Орталық Ғылыми кітапханада сақтаулы қолжазбадан (ОҒк, Ш. 62 

д. ) еш өзгеріссіз әзірленіп ұсынылды.

Т. әкімова



Қобыланды

(е.ешімов нұсқасы)

Эпос мәтінін қызылордалық жыршы ешімов ержанның айтуы-

нан жазып алған Боранбаев Қожабай мен Тойбазаров Жұмамұрат 

туралы еш мәлімет жоқ. Жырдың қолжазбасын қорға 1954 жылы 

Қызылорда 

фольклорлық-этнографиялық 

экспедициясының 

мүшесі,  сол  кездегі  Тіл  және  әдебиет  институтының  қызметкері 

Т.есенгелдин тапсырған.

Бұл нұсқаның негізі Марабай жырының үлгісіне жақын. Жыр-

да  Қобыландының  дүниеге  келуі,  Құртқаны  алуы,  Қараманмен 

Қазан ханға қарсы аттануы, көбіктінің тұзағына түсуі, Қарлығаның 

көмегімен  көбіктіні  өлтіруі  сияқты  «Қобыланды  батырдың» 

көптеген нұсқаларына ортақ сюжеттер қамтылған. Алайда жырдың 

экспозициясы  эпостың  өзге  нұсқаларында  кездеспейтін  тың  сю-

жет, мотивтермен толықтырылған. Мысалы, Қобыландының әкесі 

Тоқтарбай балаға зар болып жүргенде бәйбішесі Қаламқас өліп, 

тағы да екі әйел алады. Перзент сүйе алмай жүрген Тоқтарбай бір 

күні түс көреді. Түсінде бір қария: «Алыс елдегі түрікмен ханының 

қызын  алсаң  бір  ұл,  бір  қыз  көресің»,—деп  аян  береді.  Қуанған 

Тоқтарбай  ұзақ  жол  жүріп  бір  теңізге  келеді.  Сонда  астындағы 

тұлпары адамша тіл қатып:


458

459


ғылыми ғосымшалар

—Мынау жатқан алдыңда,

Бинаиз теңіз кең,—дейді.

Сол теңізге барғасын,

Айрыласың сен,—дейді.

Жарамаймын серікке,

Су ішінде мен,—дейді.

  Теңізге  түскен  Тоқтарбай  енді  баттым  ғой  дегенде  қолына 

үлкен  бір  нәрсе  ілігіп,  сонымен  үш  күн,  үш  түн  жүреді.  Сөйтсе, 

қолына  ілінген  киттің  құйрығы  болып  шығады.  Теңіздің  арғы 

бетіндегі түркіменнің елінен қыз алып қайтқан Тоқтарбай бір ұл, 

бір қыз сүйеді. 

е.ешімов нұсқасында Құртқа—Тоқтарбайдың кезекті бір соғыста 

қияттан алып келген қол астындағы аспазы еңсеп пен көкләннің 

қызы.  Балалар  дүниеге  келген  соң  Қобыланды  мен  Құртқаның 

шешелері құдаласып қояды. Бірақ қияттар адамымызды қайтарып 

бер деп, еңсепті қайтып алады. ержеткен Қобыланды «жесіріңді 

іздемейсің  бе?»  деген  күңкіл  әңгімені  естіп,  Құртқаның  соңынан 

аттанады.  Бұл—фольклорлық  шығармаларда  жиі  кездесетін 

батырдың қалыңдығын іздеу мотиві. Жырдың одан кейінгі сюжет 

желісі Марабай, Мергембай т.б. нұсқаларына ұқсас. 

Жыршының эпосты орындау мәнері өзгеше, стилі бөлек екендігі 

бірден байқалады. Жыр бірде 7-8 буын, бірде 10-12 буынды өлең 

шумағымен өрілген. Эпостық шығарманың тілі қарапайым, сюжеті 

қызықты оқылады.

е.ешімов  жырлаған  «Қобыланды»  жырының  нұсқасы  бұрын-

соңды жарияланбаған және зерттелмеген. Томға ұсынылған жыр 

мәтіні түпнұсқадан (әӨИ, Ш.7.) ешбір өзгеріссіз дайындалды.

Т. әкімова


460

МәТіндеРде кездеСеТін ТАРИХИ Және      дінИ 

еСіМдеР

Алла (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін 



және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жалғыз және 

құдіреті күшті Құдай есімі. 

Құран кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла  мұңсыз 

(әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. әрі Оған ешкім 

тең емес»

*

.



Исламдық  сенім  бойынша,  Алла  Тағала  әлемді,  жерді, 

өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың 

тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді 

тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап, біреулерін—жұмаққа, енді 

біреулерін—тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін 

Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған.  

Мұхаммед  (с.а.с.)—Алланың  адамдарға  жіберген  соңғы  елшісі; 

оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиыр-

ма үш жылда толық  түсті. 

Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. 

намаз  оқып,  сәждеге  бас  қою  арқылы  ғана  оған  берілгендікті 

білдіруге болады. Ал құлшылықтың басты орны—Меккедегі Қағба, 

онда аспаннан құдіретті Алла түсірген қасиетті қара тас бар.

Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым дылығын 

т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. 

Мысалы:  Акбар  (ең  ұлық),  Тағала  (ең  жоғары),  кәрім  (жомарт), 

Рахман  (мейірімді),  Рахым  (рақымды),  Халық  (жаратушы),  Ша-

риф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), 

Ғафұр (кешірімді)  т.б.

Алланың  атын  зікір  ету  рәсімі  «Аллаһу  акбар»  деген  мадақ 

сөзді отыз төрт рет, «әлхамдулиллаһи», «Сұбхан Алла» сөздерін 

*

 үүран Кәрiм. 112-«Ихлас» сүресi. 



460

461


ғылыми ғосымшалар

отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге 

асады. 

әли—Оспаннан  кейін  билік  басына  келген  төртінші  әділет ті 



халифа.  Хазірет әли—Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, әрі 

оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсыл ман елдерінің 

ауыз  әдебиетінде  әли—орасан,  алып  күш  иесі.  Жаулары  әлидің 

айғайынан-ақ  өліп,  талып  қалатын  болыпты-мыс.  Фольклорлық 

туындыларда оның зұлпықар, қамқам, самсам деген үш қылышы 

болғаны айтылады. әлидің есімі көптеген шығыс шығармаларында, 

оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. әдетте, хазірет әли 

сол дастандардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың 

қамқоршысы,  мұсылмандардың  қорғаны,  бетке  ұстар  қаһарманы 

ретінде  көрінеді.  дастандарда  әли  өткен  замандарда  атақты 

Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.

Хазірет  әлидің  атына  «Шаһимардан»,  «Қайдар»,  «Арыслан», 

«Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тіркесіп оты-

рады. әлидің астындағы аты дүлдүл де ауыз әдебиеті үлгілерінде 

кең  тараған  ұшқыр,  жүйрік,  ақылды  тұлпардың  нышанына 

айналған.

әли  ұрпақтары  мен  оның  жақтаушылары  кейін  шииттік 

ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі Иран, 

Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір сүреді.

Баба  түкті  Шашты  әзіз—қазақ  эпостары  мен  ертегілерінде 

кездесетін  киелі  кейіпкер.  Бұл  кісінің  батасын  алған  перзентсіз 

жандар  Алланың  құдіретімен  ұлды,  қызды  болып  жатады. 

Аңыздардың бірінде оның есімі Баба Туклас деп көрсетіледі. әкесі—

керемет  әзіз.  Мұсылмандар  арасында  әулие  саналған.  Меккеге 

қажылық  сапармен  барушылар  ең  алдымен  Мұхаммедтің,  онан 

кейін  әли  Мұртаза  Сейіттің,  содан  соң  Баба  Тукластың  қабіріне 

барып тәу еткен. Баба түкті Шашты әзіз—Қожа Ахмет Иасауидің 

арғы бабалары, ислам діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде 

өмір сүрген кісі деген болжамдар бар. 

дәуіт—Қасиетті Құранда есімі аталатын пайғамбар, Сүлеймен 

пайғамбардың  әкесі.  көне  жөйіт  тілінде  давид.  дәуіттің  отыз 

баласы болған. Жаратқан Иеміз құдіретімен отыз баланың жанын 

бір  мезетте  алады.  Мұны  көрген  дәуіт  Алла  Тағалаға  зар  илеп 

жылайды.  Сонда  Алла:  дәуіт,  саған  отыз  ұлыңның  орнына  отыз 

ұл берейін бе, әлде отыз ұлға татитын бір бала берейін бе?—деп 

сұрағанда дәуіт «отыз балама татитын бір ұл беріңіз» деген екен. 



462

батырлар жыры

Құдай тағаланың берген ұлы осы Сүлеймен пайғамбар болыпты. 

Сүлеймен аң-құстың тілін түсініп, тілдесе алған дейтін аңыз бар.

Қазан хан— ХіV ғасырдың бас кезіндегі қызылбас елінің ханы 

Ғазан  ханның  прототипі  болуы  мүмкін.  Ғазан  ханның  әскерлері 

каспий теңізінің батысына, дербент, Баку, Астрахан қалаларына, 

Арал маңына шейін жорық жасап келген. Осындай шабуыл кезін-

де ол өз әскерлерін басқадан айыру үшін бастарына қызыл бөрік 

кигізген.  Осыдан  барып  жергілікті  халық  оларды  «қызылбас» 

деп  атаған.  Бұлардың  шабуылдарына  қарсы  күресіп,  зор  ерлік 

көрсеткен қыпшақтар болған.

Қамбар ата—қазақтың сенім-нанымында жылқы малы ның пірі, 

иесі. Қамбар ата образы түркі халықтарының ежелгі фольклорында 

көп  кездеседі.  Қазақ  фольклорында  Қамбар  ата ның  мифтік 

болмысы су стихиясымен, музыкамен, музыкалық аспапты ойлап 

табумен, жылқы малымен байланысты. 

Қырымның қырық батыры— қазақтың белгілі «Қырым ның қырық 

батыры»  эпостық  жырының  кейіпкерлері.  Жыр да  қырыққа  жуық 

батырдың  ерлігі  тізбектеле  тұтас  алынып  жырланады.  Олардың 

ішінде: Орақ—Мамай, Қарасай-Қази, едіге, Қосай, Тарғын, Шора, 

Ағыс, көгіс, Қазтуған т.б. батырлардың жорық шежіресі бар.

Мұхаммед [Мұхаммед ибн Абдулла әбул Қасым]—ислам дінінің 

және  болашақ  араб  халифатының  негізін  салушы,  тарихи  тұлға. 

Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла Тағаланың адамдар-

ды тура жолға салу үшін жіберген елшісі, ең соңғы пайғамбар. 

570

*

  жылы  Мекке  қаласында  дүниеге  келген.  Пайғамбар-



дың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын қай-

тыс  болған.  Ал  анасы  әмина  Расул  Алла  алты  жасқа  толған  да 

дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) алғашында сүт анасы 

Халиманың,  онан  соң  атасы  Ғабдулмүтәліптің,  ол  қайтыс  болған 

соң ағасы әбутәліптің тәрбиесінде болған. 

Алла  Тағаланың  алғашқы  рамазан  айында  хазірет  Мұхам-

мед Меккеден үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп 

отырған түні таң алдында түскен. Мұхаммед (с.а.с) Алланы, яғни 

бір  Құдайға  табынатын  дін—исламды  610  жылы  40  жасында 

уағыздай бастайды.

*

 Еейбір деректерде Мүхаммед пайүамбардыүтуүан жылы 571 жыл деп 



күрсетіліп жүр. Зерттеушілер әлі бір пікірге келмегендіктен, біз үалыптасүан 

пікірді үстандыү.



462

463


ғылыми ғосымшалар

Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың ба-

сым  көпшілігі  пұтқа  табынатын.  Олар    ислам  дініне  қарсылық 

білдіріп,  түрлі  қастандық  жасады.  Сондықтан  б.д.  622  жылы 

Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине 

қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы 

деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс ау-

дару» деген сөз. 

Мұхаммед  Мұстафа  (с.а.с.)  бин  Абдулла  633  жылы  Мәдине 

қаласында қайтыс болды. 

Мұхаммед  пайғамбардың  «Мұстафа»  (таза,  нұрлы,  сипатты), 

«Расул»  (елші),  «Хабибулла»  (Алланың  сүйіктісі),  «Сағидулла» 

(Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар. 

Омар—әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман қауы мына 

басшылық  жасаған  екінші  әділетті  халифа,  исламның  алғашқы 

кезеңіндегі  ірі  дін  қайраткерлерінің  бірі. Хазірет Омар Мұхаммед 

пайғамбар  (с.а.с.)  мен  әбубәкір  Сыдықтан  соң  мұсылмандықты 

одан  әрі  насихаттап,  оны  араб    елдерінен  тысқары  өлкелерде 

таратуға  көп  күш  жұмсады.  Хазірет  Омар  басшы  болған  он  жыл 

ішінде  ислам  діні  Ирак,  Сирия,  египет  және  Ливия  жерлеріне 

орнықты.

Омар  халифа  тұсында  араб-мұсылман  иеліктерінде  дінге 

негізделген  әкімшілік  хұқықтың  тәртіптері  және  алым-салық 

жүйесі құрылды.

Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының үлесін күшейту 

мақсатында  өзінің  халифа  лауазымына  «әмір  әл-муминин»  

дәрежесін қосты. 638 жылы хазірет Омардың сахабалары Иеруса-

лимді тізе бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен храмының орнына 

намаз оқыды. Vіі ғасырдың аяқ шенінде үмийа халифасы әбд әл-

Мәлік хазірет Омар намаз оқыған жерге «куббат ас-сахара» деп 

аталатын күмбез тұрғызды.

Орақ—Мамай—ноғайлы  батырлары.  Ақ  Орданың  әмірі  едіге-

ден (1352-1419) тарайтын тұлғалар. Халық аузындағы шежірелік 

мәліметтер  бойынша  Мұсадан—Алшағыр,  одан  Орақ  пен  Мамай 

туған  делінеді.  екеуі  де  көшпелі  ноғай-қазақ  ұлыстарының  туын 

көтеріп,  ел  намысын  жыртқан,  ер  жүрек  батырлар  кейпінде  ел 

есінде қалған.

Оспан  (Осман)—араб-мұсылман  тарихындағы  үшінші  әділетті 

халифа.  Ол—Мұхаммед  пайғамбардың  жолын  ұстаған  алғашқы 


464

батырлар жыры

сахаба-серіктерінің  бірі,  Расул  Аллаға  шын  берілген,  үмийа 

әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі Пайғамбардың 

қызы Ұрқияға, ол қайтыс болған соң Хазірет Расулдың екінші қызы 

үммігүлсімге  үйленді.  Сол  себепті  мұсылмандар  Оспанға  зун-

нурайн (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті атақ берген.

Шопан  ата—әйгілі  Қожа  Ахмет  Йасауидің  шәкірті.  Ол  Хіі 

ғасырдың  II  жартысында  өмір  сүріп,  ел  ішінде  мұсылман  дінін 

уағыздаған  әулие  адам.  ел  ұғымында  Шопан  ата  тұрғызған  жер 

асты мешіт пен қорым киелі, қасиетті орын. Маңғыстау, Оңтүстік 

Қазақстан облыстарының Шопан ата есімін иеленген кесене, ма-

зарлар  ұшырасады.  Сондай-ақ  Шопан  ата—қазақ  халқының  пірі 

болып саналады.

Ысрапыл—қиямет  күнін  хабарлаушы  періште.  Ол  Иерусалим 

тауында тұрып, қиямет күнінің келгені туралы дабыл қағады. Ыс-

рапыл Алланың талаптарын, әмірлерін басқа періштелерге хабар-

лайды. Қазақ тіліндегі сұрапыл боран, дауыл, соғыс т.б. ұғымдар 

осы сөзден туындаған.


464

Ағла /а/— ең жоғары, ең биік; аса ұлы, ең зор

Алла акбар—Алла ұлы

Алхамдуллаһи /а/—Аллаға шүкір

Асық—ғашық

Баялыш—шөлді,  құмды  жерде  тырбиып  өсетін  бозғыл  түсті 

тікенді өсімдік, бұта

Бейпіл /ж/— бейбіт, тыныш

Берен /ж/—мықты, қайратты 

Берен, беренгі—болаттан жасалған батырлар киетін сауыт

Беркін—берік

Боқжама /к.с./— қолдан тігілген боқша, дорба

Бүйім /ж/—бұйымтай

Бүлгін /ж/—бүлік

Былағай /ж/—шым-шытырық

гөзел—әдемі, сұлу

Ғазиз /а/—ардақты, әзиз

Ғаріп /а/—мүсәпір, бейшара

Ғасы /а/—күнәһар

дағдыр /ж/ - тағдыр

даң /ж/—даңқ, атақ

дырау—даңқты, атақты

ебене—өсімдік, шөп

Жад—ес 


Жақ—садақ

Жана /ж/—және 

СүЗДіК

*

*



 Басүа тiлдерден енген сүздердiү бiрнеше маүынасы болуы мүмкiн, сондыү-

тан мәтiн мазмүнына байланысты берiп түрүан маүынасын үана сүз етемiз.



466

батырлар жыры

Жаппар /а/—құдіретті, алып; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі.

Жаһаннам—тозақ оты

Жұмыла /а/—барлық, бүкіл

Жұфұт /п/—жұбай, жар

зарпы /п/—қайғы, дерт

заһар—у, улы зат

Ибадат /а/—табыну

Илаллаһа /а/—Алладан басқа

Иншалла /а/—Құдай қаласа

кебене—киізден жасалған киім.

кемал /а/—кемел, толық

кент—қала

көдек /п/—бала

көпшік—ішіне  жүн,  мамық  салып  тігілген,  өрнектелген 

жастықша.

күрзі  /к/—салмақты  болу  үшін  бір  басына  қорғасын  құйып 

жасалған сабы қысқа шоқпар.

күшала—ыстық  жақта  өсетін  улы  дәнді,  емдік  қасиеті  бар 

өсімдік.

Қажар  /к.с./—күш-қуат, қайрат-жігер; қажыр

Қазанат—ұзақ жолға шыдамды, мықты ат, қазақ жылқысының 

байырғы бір тұқымы.

Қауыс—ноябрь, қараша

Қорамсақ—жебе салып жүруге арналған қалта

Қосын—әскер, жауынгерлер тобы тұратын жер

Қулық—бірінші рет құлындаған жас бие

Құбыла  /а/—мұсылмандардың  намаз  оқығанда  бет  бұратын 

жағы. Алғашында Мұхаммед пен оның серіктері беттерін шығысқа, 

Иерусалимге  қарай  бұратын;  кейіннен  хижраның  екінші  жылы 

қасиетті қағбаны белгілейді.

Құрым—күн қақтап, шаң қонып әбден ескірген, тозығы жеткен 

киіз.


Лабақ  /к/—абақты, түрме

Мат болу—ұятқа қалу

Махшар— қиямет күнінде Алла Тағаланың өлген кісіден жауап 

алатын күні.

Мәулет—уақыт, мерзім

Медет /а/—демеу, сүйеніш

Миясар—лайықты, жарасымды


466

467


ғылыми ғосымшалар

Міскін /а/—бейшара, мүсәпір

науша—ұзын бойлы, ашаң

нән—үлкен

нәһан—үлкен, денелі

Панар—шам

Пешат /о/—мөр

Пұрсат /а/—мұрсат

Пышман—қайғы, қасірет, сандалған ой.

Сағи—сау


Саржа—сүйекпен әшекейленген әдемі садақ, садақтың оғы

Сарзин—саржан (ұзындық өлшемі)

Сарық—ұзын құйрықты мәліш қой

Срок /о/—уақыт, мерзім

Сухар /о/— кептірілген нан

Сүдін /ж/—сыртқы бейне, кескін, ұсқын

Сүрен—бүлік, айғай, сойқан 

Тамам /а/—толық 

Тұлым—жас  баланың  шекесінен,  шүйдесінен  ырым  үшін 

қалдырып қойған тұлымшақ шаш

Тіллә /п/—ақша, алтын

Шабдар—жал-құйрығы сарғыш келген құла жирен жылқы

Шарайна /к/—сауыт, латы

Шәр—қала 

Шұрқылтай—бұғананың үстіңгі жағындағы жұмсақ ойық жер

Халас /а/—құтылу, арылу, азат болу



468

ЖЕр-Су АТАулАры

Бөкей—Батыс  Қазақстан  облысының  оңтүстік-батысында 

орналасқан аудан. Осы арада бұрын (XIXғ.) Бөкей хандығының ор-

дасы болған. Оны әбілхайыр хан ұрпақтары: Орда, Бөкей, Жәңгір 

хандар билеген.

Бөрлі—Бөкей ордасы ауданындағы өзен.

Бұқар—Өзбекстандағы  көне  қалалардың  бірі.  Қызылқұм 

шөлінің оңтүстігінде орналасқан.

Бұлдырты—Жайық  алабындағы  өзен.  Батыс  Қазақстан 

облысының  Сырым  ауданындағы  Ақсуат  ауылынан  солтүстік-

батысқа  қарай  бір  шақырым  жерде.  Былқылдаған  және  Жосалы 

бұлақтарының қосылған жерінен Бұлдырты аталады, оңтүстігінде 

Жалтыркөл көліне құяды.

ебейті—Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы ауыл.

ешкіқырған 

(Итқырған)—Ақтөбе 

облысының 

Қобда 

ауданындағы өзен. Жайық алабындағы салалардың бірі.



Жақсыбай—Жайық  алабындағы  өзен.  Батыс  Қазақстан 

облысының Қаратөбе ауданының жерімен ағып өтеді. Ақтөбе об-

лысы  жеріндегі  Теректітөбе  тауынан  басталады  да,  Қарағанды 

құмын  жағалап  Сулыкөлге  құяды.  Батыс  Қазақстан  облысының 

Жәнібек ауданында Жақсыбай ауылы бар.

Жем  (ембі)  —каспий  алабындағы  өзен.  Ақтөбе  және  Атырау 

облыстарымен ағып өтеді. 

Жирен  қопа—қазіргі  Ақтөбе  облысының  Қобда  ауданында 

орналасқан ауыл. Аудан орталығы—Қобда. 

Қап тауыҚұран аңыздары бойынша, жер жүзін қоршап тұрған 

тау тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан құралған, ал ең 

биік  шыңында  вулкан  орналасқан.  Жер  бетіндегі  барлық  таулар 

Қап  тауымен  байланысты,  Алла  Тағала  осы  таулар  тізбегіндегі 

шыңдардың  біріне  қолын  тигізсе,  жер  сілкінісі  болады.  Қап 



468

469


ғылыми ғосымшалар

тауының  арғы  жағын  йәжуж  бен  мәжүж  деген  қорқынышты 

халықтар  мекендейді,  олар  әр  түн  сайын  тауды  егеу  сияқты 

тістерімен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы қалпына қайта келеді, 

сөйтіп,  бұл  халықтар  жер  бетіне  шыға  алмайды.  Қап  тауымен 

байланысты  көптеген  аңыздар  бар.  Солардың  бірсыпырасында 

Қап  тауының  арғы  жағында  керемет  мақұлықтар,  дәулер  мен 

перілер мекендейтін ғажайып елдер бар деп айтылады.

Қарабау—Атырау  облысының  Қызылқоға  ауданындағы  ауыл. 

Қарабау өзенінің сол жағасындағы шөлейт белдемде орналасқан.

Қаракөл—Атырау  облысының  Қызылқоға  ауданындағы  ауыл. 

Ойыл өзенінің оң жағасында орналасқан.

Қараспан—орта  ғасырлардағы  қоныс  орны.  Бүгінгі  орны 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Обручевка ауылы-

нан 2 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. Қараспан аймағын 

1898  жылы  н.П.Остроумов,  1948  жылы  Оңтүстік  Қазақстан 

археологиялық  экспедициясы  арнайы  зерттеген.  1980  жылы 

бұрынғы Шымкент пединституты археологиялық экспедиция тобы 

ашқан. 

Қараоба—ежелгі қорым. Батыс Қазақстан облысындағы Жасау-



ыл деген жерде орналасқан.

Қаратау—еуразияның  түркі  тілдес  халықтар  қоныс танған 

аймақтарындағы  биіктігі  орташа  және  аласа  тау  жоталары. 

Қаратауда жаз айларында қар жамылғысы болмағандықтан осы-

лай аталады. Қаратау атауы Орталық Азияда, Оңтүстік Оралда 

т.б. түркі тілдес елдер аумағында (Түркия, Иран, кавказ, Қырым 

т.б.)  жиі  кездеседі.  Қазақстанда  Қаратау  жотасы  (Оңтүстік 

Қазақстан,  Жамбыл  және  Қызылорда  облыстары  аумағында), 

Қаратау таулары (Маңғыстауда), кетпен (Ұзынқора) жотасында 

бар. 


Қаратөбе—ауыл. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының 

орталығы.

Қулы  көл—Солтүстік  Қазақстан  Ақжар  ауданындағы  ауыл, 

Талшық ауылдық округінің орталығы. Ащысу өзенінің оң жағасында.

Қобда—елек алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Алға, Қобда 

ауданы жерлерімен ағады. Орынбор облысының Покровка (Ресей) 

ауданының тұсында Жайықтың саласы елек өзеніне құяды. Қобда 

атында аудан бар.

  Қырым  хандығы—Алтын  орда  ыдырағаннан  кейін  Қырым 


470

батырлар жыры

түбегінде орналасқан мемлекет. 

Маңғыстау—Қазақстанның оңтүстік-батысында орна лас қан. ел 

аузында Маңғыстаудың ойында 360 әулие барлығы айтылады. 

Мұзбел—Сарыарқаның орта тұсында, Қарағанды облысындағы 

нұра  ауданының  солтүстік-шығысындағы  аласа  бел.  Батысында 

Құланөтпес өзенінің аңғарына, шығысында нұра өзенінің аңғарына 

ұласады.

ноғайты—Сағыз  алабындағы  өзен.  Атырау  обысының 

Қызылқоға  ауданы  жерімен  ағып  өтеді.  Ақтөбе  облысының 

Байғанин ауданындағы ауыл.

Ойыл—Жайық  алабындағы  өзен.  Ақтөбе,  Атырау,  Батыс 

Қазақстан облыстары жерімен ағады. Өзен бойына Миялы, Ойыл 

т.б. елді мекендер орналасқан.

Өлеңті—Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақстан облысының 

Сырым және Ақжайық жерлерімен ағады.

Самарқан—Өзбекстанның  Самарқанд  облысының  орталығы, 

қала. іV ғасырда Марақанда деген атпен белгілі болған, заравшан 

өзенінің аңғарында орналасқан. 1924-1930 жылдары Өзбек ССР-

ның астанасы, 1938 жылдан облыс орталығы. Самарқанда тарихи 

ескерткіштер  өте  көп:    Шаһизинда,  Бибі  ханым  мешіті,  Регистан 

т.б.

Сарықобда—Ақтөбе  облысының  Алға  ауданындағы  өзен. 



Жайық алабында.

Тайсойған—Атырау  облысының  Қызылқоға  ауданындағы  құм. 

Ойыл өзенінің төменгі бөлігінің сол жағалауымен жарып шыққан 

өзенді бойлай созылып жатыр.

Шыңғырлау—Жайық өзенінің сол саласы.

Шідерті—Батыс  Қазақстанның  Сырым  ауданындағы  өзен, 

Өлеңті алабында.


470

ТОМүА ЕНгЕН ДАСТАНДАрДы ЖырлАуШы, 

АйТуШы үүМ ЖИНАуШылАр ТурАлы 

МүліМЕТ


Байғанин нұрпейіс  (1861-1945)—белгілі қазақ ақыны, жыршы-

сы,  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген  өнер  қайраткері. 

Ақтөбе  облысы,  Байғанин  ауданында  туып-өскен.  көптеген 

эпостық  жырларды  жаттап  айтып,  кейбіреуін  өзінше  жырлаған 

(«Қобыланды»,  «Құбығұл»,  «Төрехан»,  т.б.).  нұрпейіс  Байғанин 

желілі  батырлар  жырын,  эпостық  жырларды  дамытып  жырлау-

мен өзінің ерекшелігін танытқан ақын. Ақын халықтың мызғымас 

достығы,  еңбек  ерлері  жайында  көптеген  жырлар  шығарды. 

н.Байғаниннің жырларына майдандағы жауынгер, тылдағы еңбек 

адамдарының асқан ерлігі, халықтар достығы көп арқау болған.

Қазақ  әйелдерінің  ауыр  тағдырын  суреттейтін  «Ақкенже», 

«нарғыз»  дастандарын  шығарған.  Ақынның  Қазан  төңкерісінен 

бұрынғы  сатиралық,  арнау  өлеңдері,  Қазақбай  ақынмен  айтысы 

т.б. ел аузында сақталғанмен, кезінде жазылып алынбаған.

ешімов  ержанСыр  елінің  белгілі  жыршысы.  Ақынның 

репертуарындағы  «Қобыланды»  жырын  1954  жылы  Қызылорда 

экспедициясының мүшесі Т.есенгелдин жазып алған. Жыршының 

өмірі жайлы басқа деректер табылмады.

Толымбаев  Біржан—халық  жыршысы.  Бұрынғы  Қостанай  бо-

лысы, Қарабалық уезінде туып-өскен. Туған жылы, өскен ортасы 

туралы ешқандай мәліметтер кездеспеді.

Тұяқбаев  Махмұтсұлтан—  ХіХ  ғасырдың  90-жылдары  Біржан 

Толымбаевтан  «Қарақыпшақ  Қобыланды  батыр»  жырын  жазып 

алып, 1914 жылы Қазан қаласында жариялаушы. Қазан төңкерісіне 

дейін мұғалім болып қызмет істеген.


ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТуЛАР

әӨИ—М.О.әуезов атындағы әдебиет және өнер институты

ОҒк—Орталық Ғылыми кітапхана

ҚҚ—Қолжазба қоры

Ш—шифр

дәп.—дәптер



/а/—араб

/о/—орыс


/п/—парсы

/тат/—татар

/т/—түркі

/ж/—жергілікті

моңғ.—моңғол

/қ/—қытай

/к.с./—көнерген сөз


ПАйДАлАНылүАН үДЕБИЕТТЕр

Қолжазбалар мен 1917 жылға дейін араб әрпінде жарық 

көрген кітаптар

1. Қарақыпшақ Қобыланды батыр. Қазан, 1914.

2. Қобыланды. ОҒк, Ш.62 д.

3. Қобыланды туралы. әӨИ, Ш.9.

зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық жинақтар, 

сөздіктер

1. әуезов  М.  Шығармаларының  толық  елу  томдық  жинағы. 

2-том.—Алматы: Ғылым, 1998.

2. Бердібаев Р. Қазақ эпосы.—Алматы, 1982.

3. Бердібаев Р. Эпос—ел қазынасы.—Алматы: Рауан, 1995.

4. Ғабдуллин  М.,  Сыдықов  Т.  Қазақ  халқының  батырлық 

жыры.—Алматы, 1972.

5. Жирмунский В. М., зарифов Х. Т. узбекский народный ге-

роический эпос.—М., 1947.

6. Жұмалиев  Қ.  Қазақ  эпосы  мен  әдебиет  тарихының 

мәселелері. 1-кітап.—Алматы, 1958.

7. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-ші кітап.—Алматы, 1960.

8. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 1-том.—Ал-

маты, 1975.

9. Қазақ  кітаптары.  Құрастырғандар:  е.  есова.,  ү.  Сұб хан-

бердина,  д. Сейфуллина.—Алматы, 1986

10. Қоңыратбаев  ә.  Эпос  және  оның  айтушылары.—Алматы, 

1975


474

батырлар жыры

11. Қоңыратбаев ә. Қазақ фольклорының тарихы.—Алматы:Ана 

тілі, 1991.

12. Қоңыратбаев Т. Эпос және этнос: Қазақ эпосы және оның 

этникалық сипаты.—Алматы: Ғылым, 2000

13. Орлов А.С. казахский героический эпос.—М., 1945

14. нұрмағанбетова  О.  Қазақтың  қаһармандық  эпосы—

«Қобыланды батыр».—Алматы, 2003.

15. Фольклор  шындығы:  Ғылыми  жинақ  /  Бас  ред.  Р. 

Бердібаев.—Алматы: Ғылым, 1990.

16. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Қазақтың батырлық жыр ла рының 

поэтикасы.—Алматы: Ғылым, 1993.

17. Арабша-қазақша 

түсіндірме 

сөздік. 


Құрастырған: 

н.Оңдасынов. 1-2 том.—Алматы: Мектеп, 1984.

18. Арабша-қазақша сөздік. Құрастырушылар: А. дәдебаев, Ж. 

Қайранбаев.—Алматы: Рауан, 1990.

19. Арабско-русский словарь. Составитель Х. к. Баранов.—М., 

1968. 

20. древнетюркский словарь.—Л., наука, 1969.

21. Қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігі.  Құрастыру шы лар: 

Р. Сыздық, н. уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. күдеринова.—Алматы: 

дайк-Пресс, 2001.

22. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999.

23. Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігі.  Құрастырған: 

і.к.кеңесбаев.—Алматы, 1977.

24. Персидско-русский словарь. Под ред. Ю. А. Рубинчика. і-іі 

т.—М., 1970.  

25. Татарско-русский  словарь.—М.,  Советская  энциклопедия, 

1966. 

26. Турецко-русский словарь.—М., Русский язык медиа, 2005.



474

рЕЗЮМЕ


Институт  литературы  и  искусства  им.  М.О.Ауэзова Министер-

ства  образования  и  науки  Рк  продолжает  работу  по  подготовке 

и изданию очередных томов Свода казахского фольклора «Баба-

лар  сөзі»,  выполняемого  в  рамках  государственной  программы 

«Мәдени мұра» («культурное наследие»).

По состоянию на сегодняшний день Институтом подготовлено 

и издано 35 томов фольклорных текстов.

36  том  включает  в  себя  три  варианта  героического  эпоса 

«Қобыланды  батыр»,  являющегося  выдающимся  образцом  эпи-

ческой  поэзии  казахского  народа.  Издревле  создателями  и  ис-

полнителями казахских эпических песен («жыр») были жырау и 

акыны—певцы-импровизаторы. Жырау и акыны соединили в себе 

певца, поэта, сказителя-импровизатора. Один из вариантов эпоса 

«Қарақыпшақ  Қобыланды  батыр»,  записанный  от  акына  Биржа-

на Толымбаева в начале 90-х годов ХіХ в. в волости карабалык 

кустанайской  области,  был  издан  на  арабской  графике  учите-

лем Махмутсултаном Туякбаевым в казани в 1914г. Второй текст 

«Қобыланды»  записан  от  известного  народного  певца  нурпеиса 

Байганина учителем Ахметом Искендеровым  в апреле 1940 года 

в  Актюбинске.  Третий  вариант,  озаглавленный  «Қобыланды  ту-

ралы» был записан в 1954 году членом фольклорной экспедиции 

Т.есенгельдиным в изложении жыршы е.ешимова, жителя кызы-

лординской области. 

Составителями  планируется  подготовка  и  издание  четырех 

томов,  в  том  числе  всех  двадцати  вариантов  настоящего  эпоса. 

Среди  героических  эпосов  «Қобыланды  батыр»  один  из  самых 

крупных и достигает в некоторых вариантах шести-девяти тысяч 

строк.


476

батырлар жыры

Сюжетную  основу  «Қобыланды  батыра»  составляют  древние 

легенды и героические мотивы, связанные с прошлой жизнью ка-

захского народа и его историей.  

В  соответствии  с  принципами  издания  «Бабалар  сөзі»,  том 

снабжен научными приложениями, которые включают в себя све-

дения о публикуемых текстах: краткий историко-фольклористиче-

ский и текстологический анализ; данные об исторических и рели-

гиозных деятелях, имена которых встречаются в текстах; словарь 

древнетюркских, арабских и персидских слов, терминов и понятий 

религиозного характера, а также географических названий; све-

дения о сказителях, собирателях и публикаторах; список исполь-

зованной литературы; резюме на русском и английском языках.

Все тексты данного тома публикуются впервые.

Объем тома—30 п.л.



476

Summary


M.O. Auezov Institute of Literature and Arts,  Ministry of Education,  

Republic  of  Kazakhstan  is  continuing  activities  on  preparation  and 

publishing of the volumes of hundred volume series «Babalar sozy» in 

the frame of the State program «Medeni Mura» («Cultural heritage»). 

At present period the Institute staff has prepared and published 

35  volumes  of  folklore  texts  including  twelve  volumes  of  novelistic 

dastans,  seven  volumes  of  religious-moral  content,  five  volumes  of 

historical poems, eight volumes of romantic (love) dastans and one 

volume of genealogical dastans and one volume of Kazakh heroic epos 

«Alpamis batyr». 

36

th

  volume includes eight versions of heroic epos «Alpamis batyr» 



most  of  which  haven’t  been  published  earlier,  such  as  versions  of 

folk  akyns  Nisanov  Ainabek,  Rakhat,  Baiganin  Nurpeis,  Zhanbirshin 

Sujunali. They have performed them in accompaniment of folk music 

instrument dombra. In 1956 the member of folklore expedition from 

the  Department  of  folklore,  Institute  of  linguistics  and  literature 

T.Sidikov  have  recorded  the  zhyr  performed  by  Ainabek  Nisanov 

who was a student of the well known akyn Nurali Naisanbaev. One 

of  the  versions  of  «Alpamis  batyr»  was  recorded  by  the  student  of 

Abay ASPU K. Nurgaliev in 1954 from the resident of Bulaev district 

of North Kazakhstan region I.Zhusupov who has heard the text of the 

mentioned epos from akyn Rakhat in 1934. In 1946 senior lecturer of 

Kysylorda Pedagogy Institute Shamshatova Ainash has recorded the 

version of the well known akyn Nurpeis Baiganin that  was considered 

unrecorded.  All  above  mentioned  versions  haven’t  been  published 

earlier. 

This volume includes also two prosaic eposes. One of them «Alty 

zhasar Alpamis» was published in Russian in «Turkestan news» (1916, 

#217-218) under edition of A.Divaev. Another  prosaic text was recorded 

by T. Sidikov in 1957 from A.Ospanov resident of South Kazakhstan 


478

батырлар жыры

region. Also the volume includes the text «Alpamis batyrdin khikayasi» 

published  in  1922  in  Tashkent  and  one  of  its  versions  recorded  by 

folklorist Auelbek Konyratov.

The plot of «Alpamis batyr» is based on ancient legends and heroic 

motives  related  to  the  past  life  of  Kazakh  people  and  their  history. 

From well known epic motives we observe the following: motives of 

childlessness, miraculous birth of the hero, many years existence of  

the hero in prison  etc.

According  to  the  principles  of  the  edition  «Babalar  sozi»    the 

volume  has scientific supplements which include the following: data 

on  published  texts  and  their  versions;  brief  historic-  folklore  and 

textologic analysis of the texts; data on historical and religious figures 

whose names are mentioned  in the texts; vocabulary of the old Turkic 

, Arabic and Persian words, terms,  notions and geographic names; 

data on narrators of folk tales, collectors and  publishers; list of used 

literature; summary in Russian and English.

36

th

 volume includes eight texts of Kazakh heroic epos «Alpamis 



batyr». Seven of them have been taken from manuscripts and only one 

was prepared from publishing house of the beginning of XX century.

Most texts of this volume are published for the first time.

Volume includes 30 p.p.

 


478

МАзМҰнЫ


Құрастырушылардан  ...................................................................... 5

Мәтiндер

Қарақыпшақ Қобыланды батыр (Қазан нұсқасы) ............................. 9

Қобыланды батыр (н.Байғанин нұсқасы)  ....................................111

Қобыланды батыр туралы (е.ешімов нұсқасы)  ............................355



Ғылыми қосымшалар 

Томға енген мәтiндерге түсiнiктеме .............................................455

Мәтiндерде кездесетiн тарихи және дiни есiмдер  ........................460

Сөздiк  .........................................................................................465

Жер-су атаулары  ........................................................................468

Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы

һәм жинаушылар туралы мәлiмет  ...............................................471

Шартты қысқартулар  ..................................................................472

Пайдаланылған әдебиеттер  ........................................................473

Резюме  .......................................................................................475

Summary  .....................................................................................477


научное издание

БАБАЛАР СӨзI

36 том

геРОИЧеСкИе ЭПОСЫ



(на казахском языке)

утверждено к печати ученым советом Института литературы и искусства 

им. М. О. Ауэзова

Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова

Редакторы Ұ. С. Тілегенова

Техникалық редакторы г. Бектібаева

компьютерде терген ва

компьютерде беттеген М. О. ноғайбаева

дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы

ИБ № 2186

Теруге 26.07.06 жіберілді. Басуға 15.08.06 қол қойылды. Пішіні 60х90

1

/



16 

Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. 



Шартты баспа табағы 30. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № . 

«Фолиант» баспасы

473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 

«Фолиант» баспаханасында басылды



473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет