«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет3/24
Дата21.02.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

860


870

880


890

38

батырлар жыры

[Құрдасың Қараманның қарасын],

көппен бірге шапқалы,

Өзіңнен шығып кеткелі

сонан бері көрмедік,

не болғанын білмедік.

көктен жауған тамшыдай,

шебер қыздың қолында

балдағы алтын қайшыдай.

бұлаңдаған бурылға

Мына тұрған Қобылекең

баса соқты қамшыны-ай.

алтынды найза қолынан,

Желі тұрды оңынан.

бақанға жеткен бесінде,

Қараманның шу салып

Қобылекең жетті соңынан.

артынан келіп сөйлейді:

—болғаның ба, досым-ай,

Мақтаған атың осы ма-ай.

он екі күнде жетерсің

Менің тіккен қосыма-ай.

Жүресің бе, Қараман,

сен кеткелі он бес күн

түсте шауып соңыңнан,

бесінде өтіп барамын.

Жағалай тауда татыр-ай,

Жарасар тіксе шатыр-ай.

он бес күн бізге қарамай,

бұрын кеткен батыр-ай.

бүгін түсте шауып ем,

бесінде жетті қатын-ай.

Қатын да болса білдің бе

Құртқаның асыл затын-ай.

Жүрмейсің бе, Қараман,

Қатынның баққан аты озды,

Қапыда қалма, батыр-ай.

900

910


920

930


38

39

қарақыпшақ қобыланды батыр



Қобылекең гулеп жөнелді,

көп қиятқа қарамай.

Қалың қият—көп қосын,

бәрі қалды артында,

бірі еруге жарамай.

електен өтсең, есенбай,

Қыс қыстауға—борсық жай,

бәрінен озды бурыл тай.

Қобыланды сынды еріңіз:

—айт, жануар, шу,—дейді,

«шу» дегенде гулейді,

табаны жерге тимеді.

тау мен тасты өрледі,

Құлақтың түбі терледі.

тер шыққан соң өрледі,

адырды көзі көрмеді.

көлденең жатқан көк тасты

тіктеп тиген тұяғы

саз балшықтай иледі.

аманбайдың ақ тікен

аса қарғып жөнелді.

заңғар-заңғар таулардан

секіріп асып жөнелді.

ол төбе мен бұл төбе,

бауыры шұбар күл төбе,

онан да өтіп жөнелді.

бөктергінің бүкіл сай,

су түспеген терең сай,

сыпсың біткен қарағай

онан да өтіп жөнелді.

Қамыстының қазды көл,

Қоғалының қулы көл,

Жекендінің жалын көл,

шағалалы шалқар көл,

Қызғыштының қызыл көл,

бәрінен өтіп жөнелді.

айшылықтың көлінен,

940


950

960


970

40

батырлар жыры

күдерінің қара дөңінен

бесінде өтті деңінен.

барлы, барлы, барлы тау,

басы биік қарлы тау,

Хан жайлаған қара тау,

би жайлаған ала тау,

Қыз емшекті сүйір тау,

түйемойнақ иір тау.

атасу мен Манашы,

ішейін десе су ащы,

Мал оттауға оты ащы,

Мұнан дағы жол шекті.

емпей-күмпей қасынан,

Жем, темірдің басынан,

Қалбағайлы бұлдидан,

Қас-қабақты ылдидан,

тобылғылы нұрадан,

су түспеген жырадан,

баялышты құмайттан,

бүлдіргенді шыңайттан

Жалғыз шауып келеді.

астында мінген бурылдың,

омырауы есіктей,

ойынды еті бесіктей,

сырты сұлу бурылдың

Құмдаудан қазған көсіктей.

Қос құлағын қайшылап,

тобықтан тері тамшылап,

ақ сауыты жылтылдап,

тобық еті бұлтылдап,

алдыңғыдан артқысын

сынық сүйем кем басты.

Жалғасып ұшқан қоңыр қаз

тозаңынан адасты.

асқар төбе бел еді,

бұ да шауып келеді.

көлденең жатқан көк тасты

аяғы барып тигенде

саз балшықтай иледі.

980


990

1000


40

41

қарақыпшақ қобыланды батыр



Жанында қылыш жалтылдап,

береннен қылған шалбары

Жел соққанда жалпылдап,

тозаңы шықты бұрқылдап.

табанына тас тисе,

түнде шаққан шақпақтай,

от шығады жылтылдап.

аттың жолы қазылды,

Қысқан жерде ұмтылып,

бес жүз құлаш жазылды.

омырау тері көпірді,

бурыл көкке секірді.

шаба-шаба шатылды,

тақиядай көрмеді

Үстіне мінген батырды.

тұяғына тиген тас

Қызылбас атқан оғындай

аспан көкке атылды.

тұяғымен тоздырды

Құла дүз майдан тақырды.

бұлаңдап шапқан бурылдың

Маңдайында месі бар,

Марал ішсе, таусылмас.

арындап аузын ашады,

аяғын топтап басады.

бір төбенің тозаңын

бір төбеге қосады.

кешке таман тайбурыл

Жын қаққанға ұқсады.

Құлан менен бұланды,

киік пенен қоянды

ұзатпай алдан тосады.

көл жағалап отырған

көкқұтан мен қарабай

көтеріліп ұшқанша

белінен кесе басады.

дуадақ пен жек қалды,

бірқазан құс көп қалды.

1010

1020


1030

1040


42

батырлар жыры

ақсұңқар мен лашын,

әлде өтірік, әлде шын

Өлген құсты жем қылды.

көбелек ұшпас көлсізден,

ебелек ұшпас елсізден,

Құла мидай шөлдерден,

батпақты талай көлдерден,

Жалғыз шауып келеді.

Үмітін үзіп батырың

Қараспанды жайлаған

Қалың қыпшақ елдерден,

намаздігер өткенде,

намазшамға жеткенде,

белес, белес бел көрді,

бел астында ел көрді.

байтақ жерде ай татыр,

ақты, бозды қой жатыр.

төтелеп шауып қалаға

Қобылекең келе бұл жатыр.

Құланнан аттым қодықты,

Өксігін басып солықты.

намаздігер өткенде,

намазшамға жеткенде,

бес ағаштың түбінде,

Қазан салған қалаға

келіп батыр жолықты.

көк алалы көп жылқы,

бөрі құлақ ен жылқы

Гулетіп жылқыны алады,

айдап жолға салады.

Жылқыны жолға шығарып,

Қайтадан келіп ат қойды.

Қазанның сырлықалаға

Қалаға кірді аллалап,

«иә, Құдай» деп ат қойды.

ай бетінен кіреді,

айқай-сүрен салады.

күн бетінен кіреді,

күн бойы сүрен салады.

1050


1060

1070


1080

42

43

қарақыпшақ қобыланды батыр



Қойға кірді бір бөрі

бөріктіре қырады.

талай қалмақ сорлады,

ер қайратын сынады.

атысқан жауы артық көп,

Қай уақытта тынады?

бір уақытта бурылға

бастан келіп дүбірі,

тайбурыл салды мойынды.

толып жатқан қалмаққа

Қобылекең салды ойынды.

талай қалмақ жойылды,

Қалмақтың көбі шалбарлы

шарбарлыны сермеді.

алқындырды сағақтан,

бауыздады тамақтан.

адам шыдар ер емес,

Қар жаудырды қабақтан.

бір уақтар болғанда,

Жалғыз жаумен ойнады,

Жауды ерікке қоймады.

көтеріп салған көк сүңгі

тіріде қанға тоймады.

бір уақыттар болғанда

Жалғыз жаумен ұрысты,

ит арқасы құрысты.

ердің жаудан қашуы

шірітті де, борсытты.

Мың жылқының дүбірін,

тайбурыл жалғыз салады.

Мың кісінің дауысын

Қобылекең жалғыз салады.

аллалаған дауысқа

тау да аллалап барады,

тас та аллалап барады.

екі шеке солқылдап,

бас домалап барады.

Қаланың аузын қан қылды,

көшенің аузын шаң қылды.

1090


1100

1110


1120

44

батырлар жыры

солдатын жаяу айдатып,

туырлығын тоқым қып,

алтынын артып шанаға

Қарамай сиыр, танаға,

Өтірік емес, жан аға,

сырлықала пендесін,

Жалғыз адам құтқармай

айдап шықты далаға.

Қаланы шауып алады,

айдап жөнге салады.

батырдың көзі көреді:

будақ-будақ шаң шықты.

шаң алдынан қараса

көп қиятқа бас болып,

Қалмақ десе қас болып,

Қазанның сырлықалаға

Қараман келіп қалады.

Қараманның артынан

шабылғанын қаланың

бұлар да енді көреді.

ор түбінде жиылып,

бәрі бірдей қамалды.

«Өткіздік бастан заманды»

деп қияттар сандалды.

сол  уақытта    Қобыланды  Қараманға  келіп:—Қалмақтың 

сырлықаласын  мен  алдым.  Қарақаласын  сендерге  қойдым,—дейді,—

барар  жері  тар  екен.  еңбек  қылған  ерлерге  олжа  болғандай  бар  екен. 

алты қабат қала екен, жеті қабат ор екен, алсақ олжа мол екен,—дейді. 

сонда  бұлар  жиылып,  сөйлесіп  Қараман  батыр  ат  қойды.  Мойны 

алыстан созылып келген ат қарғып кіре алмады. сонда Қараман қайта 

шауып Қобыландыға келіп сөйлейді:

Қараман сонда сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—айбалтам тастан өтпейді,

Жамандар сөзді кектейді.

Жүрмейсің бе, құрдасжан,

1130

1140


1150

1160


44

45

қарақыпшақ қобыланды батыр



Қазанның Қарақалаға

сенсіз күшім жетпейді,

Өтірік сөзім жоқ,—дейді.

сонда Қобылан сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—арғымақ па екен, ат па екен,

атан ба екен, нар ма екен.

Жая ма екен, жал ма екен,

шекер ме екен, бал ма екен.

ер бұзбаған шаһарды

Қатын бұзған бар ма екен?

не деп айттың өзіме,

Өлейін деп кетіп ем

Қатын деп айтқан сөзіңе.

ол кезде сен бір айтсаң

Мінеки, мен үш айттым.

келмеді ме кезіңе,

көрінбе менім көзіме!

Үйдегі қалған Құртқамның

сатса алмаймын өзіне.

Өзі түгіл алмаймын

сағынғанда бәз күні

«Қалқамжан» деген сөзіне.

Қараман құрдас өкпелеп,

көрмеймін [деп] жер тепкілеп,

наза боп қайтып жөнелді.

—Жая да емес жал-ды,—деп,

шекер де емес бал-ды,—деп,

Қатынымның тілі үшін,

Құрдасым көңілі қалды,—деп.

Гулетіп Қобылан соңынан

іс келеді қолынан.

былқылдап Қобылан желеді,

артынан қуып келеді.

найза бойы жар екен

Жардың келіп басына,

Қаланың келіп қасына,

тайбурыл атқа сөйлейді,

1170

1180


1190

46

батырлар жыры

сөйлегенде не дейді:

—Жолдасым едің жасыңнан,

садақа саған қылып ем,

көп малдарды басыңнан.

алты қабат қала екен,

Жеті қабат ор екен.

Жайың қалай, тайбурыл,

секіртейін басынан,

Жараймысың, хал қандай?!

сонда бурыл сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—артта қалды еліңіз,

болды ма мұнда кегіңіз?

«шешем—Құртқа» деген соң,

сатылмайтын теріміз.

Қысылғанда дем берсін,

Жылқышы Қамбар піріміз.

ойға алғаның қоймайсың,

Қайсар Қобылан серіміз.

Қарғысам, қарғып қарайын,

Қарғи алмасам, қалайын.

тәңірі ісіне амал жоқ—

тәуекел етіп көріңіз!

бурылға Қобылан «шу» дейді,

шу дегенде гулейді,

табаны жерге тимейді,

тау мен тасты өрледі.

әбден қызып алған соң,

Қамшыны баса салған соң,

алғы аяғын бүгеді,

артқы аяғын тігеді.

Құлағын істей қадады,

Құйрығын шаштай тарады.

шекесінен қарады,

бауырынан жарады.

Қояндай ағып жөнелді,

ортасына шаһардың

бурыл барып топ етті.

1200

1210


1220

46

47

қарақыпшақ қобыланды батыр



төрт аяғы тиген жер

тесіле жаздап солқ етті.

әлде өтірік, әлде рас,

айтып өттім—бәрі шын,

ебіне келді нем кетті.

Қалаға Қобылан енген соң,

еркімен барып кірген соң,

не қылса да батырдың

тайсалмасын білген соң,

Қара қасқа ат мінген,

ат құйрығын шарт түйген,

алдына дабыл төңкерген,

артына сауыт бөктерген,

аламын деп дем берген,

азды көпке теңгерген,

Қара бөркі қалпиған,

Мен сондай деп дандиған,

Қайратымен мал жиған.

Қысқа күнде  қырық шапқан,

тері тонды теріс атқан.

Мұсылманға оқ атқан,

Қызылбасқа жан тартқан,

Құдайдан дұшпан сұраған,

найзаның ұстар жеріне

Қолыма жұмсақ болсын деп,

топтанып барқыт ораған.

шын қаһары келгенде,

Жауған қардай бораған.

суда болар ақ сазан,

Моллалар айтар бес азан.

бұрынғы ердің бірімен

алдынан шықты ер Қазан.

бұ да айтулы ер еді,

бірін-бірі көреді.

келіп те сөйлей береді,

сөйлегенде не дейді:

—Қашпа, балам, қашпа!—деп,

саспа, балам, саспа!—деп,

1230

1240


1250

1260


48

батырлар жыры

алдынан шапты ер Қазан

Хан шапқан соң кім қалсын:

Ханның ұлы қарауыл,

Хан шектісі жасауыл,

бидің ұлы бекауыл,

Хан қасында қайдақтар,

Қатыны жоқ бойдақтар.

ай басына мың сомнан

Жатып жеген бейбақтар.

Жаудан қашқан кей жаман

ұстап атын жайдақтар.

Жауға шабар ер жігіт,

Өткір қылыш мойнақтар.

Хандар мінген қанды атты,

батыр мінген жалды атты,

Қырық мың әскер салт атты—

түймелетіп кигендер,

түрегеліп сигендер,

Масақ құлақ мылтық қолында,

Қара сухар қойнында,

алтыатары қолында.

бәйгіден келген дөнені,

сол шаһардың гөзелі,

иесіз қалды көп әйелі

талай төре келеді,

төсінде алтын мыйлады,

Қаланың аузын қандатып,

солдатын жаяу айдатып,

шаһардың аузын шаңдатып,

ішеміз деп бал алып,

шайнаймыз деп нан алып.

Қырық мың кісі бұл шықты:

он кісіден қос болып,

Қобыландыға қас болып,

Қазан ері бас болып.

базарда болар ақша бөз,

арқада болар сары көз.

әлім менен шөменге,

1270

1280


1290

1300


48

49

қарақыпшақ қобыланды батыр



Жоғары менен төменге,

төменгі жатқан көп елге,

«Мен—мұсылман» дегенге

Мағлұм болды біздің сөз,

Жекпе-жек деп келді  кез.

Өзі жеке келген соң,

Қобыландыны көрген соң,

не қылса да батырдың

тайсалмасын білген соң,

басын тартып қара аттың,

Қобыландыға ер Қазан

екі-үш ауыз айтты сөз.

—Қазақтың ұлы, залым-ай,

кигенің ала қырмызы-ай.

ат саурысы тасыпты,

көп шабуыл көргендей.

атыңның жалы жатыңқы,

алыс жолдан келгендей.

Қабағыңыз қатыңқы,

түн ұйқыңды бөлгендей.

Қай шаһарға барасың,

Қай орынға қонасың?

бурыл атты жас бала,

кімнің ұлы боласың?

атаң сенің кім деймін,

анаң сенің кім деймін?

батыр Қазан—мен деймін,

шын сөзіңмен кел деймін,

Қалжың сөзге көнбеймін.

ашуыма жолықпай,

бурыл ат пен ақ сауыт

Қол тигізбей бер деймін.



Қобыланды сонда сөйлейді:

—пұл жіберіп шығып ем,

базарда алтын қасыққа.

арланам атты беруге

сендей дінсіз жасыққа.

1310


1320

1330


1340

50

батырлар жыры

ат алуың қаша ма,

дем алғанша асықпа.

Қызылбас, неден есірдің,

Жолықпай жатып ат бер деп?

Қызылбас қызы сұлу деп,

дем алмай жүріп келіп ем.

бұл сапарда бұл жақтан

сұраймыз деп жесірді.

олай болсаң, қызылбас,

шыдамасаң бері кел,

көрсетейін кесірді.

арқа деген жайларда,

атан шығар жыл болса,

ауада сұңқар түйілсе,

Жүніне қара жоламас.

Жауға шабар ер жігіт

ешкімнен ақыл сұрамас.

Мұсылманның баласы

Өзім өлмей жыламас.

аты-тонын әр жерде

беруші еді сендей нас.

атасы жаман атасыз,

атамды сұрап нетесіз?

анасы жаман некесіз, 

неке сіз сұрап нетесіз?

атаң бар-ды үлгісіз,

алланың күні белгісіз.

зар боларсың, бәлем-ай,

еріксіз жарық көргісіз.

Өзіңнің салған қалаңнан

зар қылармын жүргісіз.

ер емессің тасырсың,

бас білмеген есерсің,

патшадан келген қаттауың

Қағылмай-ақ шешерсің.

Қара қасқа тұлпардың

сауырынан түсерсің.

Мойныңнан аққан қара қан

шамаң келсе ішерсің.

1350


1360

1370


1380

50

51

қарақыпшақ қобыланды батыр



асқар төбе белсің сен,

Қызылбас деген елсің сен.

арақ ішіп, нан жесең

Қала ішінде ерсің сен,

Мұсылманнан кемсің сен!

көкірегіңнің басынан

Қылышпенен өлтірсем,

Қапыда қалдым дерсің сен.

садақпенен өлтірсем,

Жазым қылды дерсің сен.

сен аға да, мен іні,

сендер көп те, мен жалғыз,

білгеніңді қыла ғой!

Жайықтың бойы қамыс-ты,

бір қызылбас, бір қазақ,

бермейміз деп намысты

басында тәуір сөйлесіп,

артынан шайтан жабысты.

шайтан емей немене

ырғай сапты сүңгімен

ырғай, ырғай салысты.

найза қанға майысты,

Қармақ болып қайысты.

итерісіп тұрысты,

ат тізесін бүгісті,

бүгісе-бүгісе тұрысты.

тебінгіден тер қатты,

Қақырғанда қан татты,

түкіргенде жын татты.

Қанжар қалды қайысып,

семсер қалды майысып.

Жеткен екен ажалы

Қан қаттаудан төгілді,

ерлер жаннан түңілді,

аш күзендей бүгілді.

екеуінің ақ сауыт

шығыршықтан сөгілді.

Хал-дәрмені құртылды,

1390

1400


1410

52

батырлар жыры

түсермін деп ұмтылды.

екеуінің ақ сауыт

ескі бөздей жыртылды.

сол уақытта Қобылекең,

найзаны ырғап ендірді,

Қазанды жерге төндірді,

ат көтіне міндірді.

туралықтан ай шықты,

тартып еді жан шықты.

Үлкен сәске болғанда,

ішкі қамал тысында,

сыртқы қамал ішінде,

ер Қазанның аузына

Қобылекең тықты балшықты.

шалқасынан шалады,

басын кесіп алады.

басын кесіп алған соң,

Қанжығаға салады.

салмағымен қубасы

аударып кетіп барады.

сасқанынан Қобылекең

Қолындағы қанжармен

басты қиып тастады.

бас барып жерге топ етті,

Қара жер сонда солқ етті.

дір-дір етіп қорғанның

бәрі бірдей құлады,

ордың іші толады.

Қобыландыдай батырды

Қырық мың әскер қамады.

шілде уақты болғанда,

көктен түскен самал-ды.

тура келген өлімге

кім табады амалды?

Өлген құлдың басынан

Гулеп өткен заман-ды.

Қырық мың атты қызылбас

алдында көрді қабанды,

Қабанның ісі жаман-ды.

1420


1430

1440


1450

52

53

қарақыпшақ қобыланды батыр



сонша қосын көп әскер,

таба алмады амалды.

Қырық мың атты қызылбас,

Қаладан қашып кете алмай,

дарбазадан өте алмай,

Қобыландыға жете алмай,

ор түбінде қамалып,

Мынау тұрған Қобылекең

бір Құдайды еске алып,

Жан-жағына көз салып,

Жалғыздықтан жабығып,

Жауды көріп қамығып,

алдында көп қызылбас,

артында жоқ жалғасып,

көмек берер қарындас.

Жалғыздық түсіп есіне:

«Қараман көмек бермеді,

келген екен несіне?»

Құдайды айтып жағалап,

пайғамбарды айтып паналап,

Қобыланды батыр сөйлейді:

—Өзі болат, өзі өткір

бұрынғының найзасы.

бақ қараған пенденің

басында болар хайласы.

алдында жау көрінді

Қараспан толған халқымның,

кәнеки, тиген пайдасы?

Мініп шықтым үмітпен

шырағым бурыл дөненді,

көкке тойған көбеңді.

ерлігімді кім айтар,

Қараспан тауды жайлаған

Қалың қыпшақ көп елге.

Жар болды Құдай өзіме,

шыбын жаным көрінді

бүгін менім көзіме.

бір жан үшін сыйындым,

Жасаған, сенің өзіңе.

1460


1470

1480


1490

54

батырлар жыры

Жазым болып көз жұмсам,

Жалғызыңның аты деп

кім апарып көрсетер

кемпір мен шалдың көзіне.

...........................................

*

бурылыма жаптым сауыт,



сыйынамын Қамбар, дәуіт,

ат қоямын ауыт-ауыт.

дұшпаннан қорқып тұрмаймын,

аттың басын бұрмаймын.

бүгін қанға боялсын,

балқынға тіккен ақ сауыт.

Мұсылман ұғлы дарқан,

Жауды көрсем қызды арқам.

бүгінгі күн бөктерсем

Жеті қабат діллә қалған,

еменнің кестелі талынан,

кем көрмеймін жанымнан.

толғамалы ақ сүңгі

шаншылар майдан күн бүгін.

бұлғары садақ, бұқар жай

тартылатұғын күн бүгін.

Жаға басы қақпалы

бадана көзді ақ сауыт,

сөгілер майдан күн бүгін.

суарып шапқан шар болат

Өтелер майдан күн бүгін.

толғамалы ақ сүңгі,

Жау ішінде жалтаңдап,

толғамасам, маған серт!

толғауыма шыдамай,

толықсып сынсаң, саған серт!

алтынды құндақ ақ берен,

Қысылған жерде от беріп,

ата алмасам, маған серт!

Мен атқанда ұсынып,

от алмасаң, саған серт!

*

 Түпнүсүада осылай күп нүкте үойылүан.



1500

1510


1520

1530


54

55

қарақыпшақ қобыланды батыр



Қарсы атса, оқ атпас,

Жауын жауса, су өтпес,

ыстық болса, күн өтпес,

бадана көзді ақ сауыт,

шындап соққан ер дәуіт.

Қалмақтың қалың қолына,

шашақты найза туына.

Қазан салған қалаға,

Жаяу салған балаға,

бұл әскердің өзіне

тая шапсам, маған серт!

ата-ана сүйген ақ денем

оқ дарытсаң, саған серт!

Қобылекең айтып болған соң,

белі жазық бурыл ат

Қиналарын білген соң,

шиыршық атып ойнады.

тіктеп тиген тұяғы

Қар кешкендей қаршылдап,

ауыздан аққан ақ көбік

түсін жуды шалпылдап.

шабайын деп Қобыланды

бойын алды аршындап.

алтын қалпақ, жез телпек,

баса киді көзіне.

Қырық мың атты қызылбас

Қырық кісідей Қобылекең

көрінбеді көзіне.

бурыл атты қамшылап,

әскердің кірді өзіне.

«иә, Құдай!» деп ат қойды,

«Мұхаммед!» деп лап қойды.

Қаланың аузын қан қылды,

көшенің аузын шаң қылды.

Қызылбас қашып жосылды,

ақбөкен аңдай босылды,

Қобылекең келіп қосылды.

бөлек-бөлек қылады—

1540

1550


1560

1570

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет