«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет4/24
Дата21.02.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

тиген жері алмастай,

ойып кетіп барады.

артында жоқ көмегі

«аллалап» батыр шабады.

Жалғыз өзі Қобылекең

Жарып кетіп барады.

Үш жүз атты бір сайға,

төрт жүз атты бір сайға,

аламын деп қайтарда

[Қойып кетіп барады].

Жүрген жері шаң болып,

ақ білегі қан болып,

Жау үстіне жол салып,

Үкімін жауға мол салып,

Жез телпегі басында,

көмегі жоқ соңында

тұлпар мініп, ту алды,

туын қанға суарды.

Қаладан қашқан қырық мың қол

әрмен-бермен ырғалды,

Қашайын деп қозғалды.

артуымен оқ қалды,

тартуымен топ қалды.

Қобыландының ақ сүңгі

Қызыл қанға боялды.

соншама адам әйелі

шаһарда жылап тұл қалды.

Жетінші күні бесінде

Мұншама қолды сап қылды.

бурыл атпен бұлғақтап,

Қобылекең жалғыз қалыпты,

шаһарды жалғыз алыпты.

бұл қырғынмен қоймады,

1580


1590

1600


1610

56

57

қарақыпшақ қобыланды батыр



Құмары бұған тоймады,

Жан қалдырмай қырсам деп,

ат қоймаққа ойланды.

ел шығармай далаға,

нақ бесінде сыйынды

Жеті кәміл бабаға.

ақсұңқар құстай шүйіліп,

лашын құстай түйіліп,

Жеңсіз берен киініп,

тағы да шықты қалаға.

Қаланың аузын қан қылды,

көшенің аузын шаң қылды.

айдарлысын азғырып,

тұлымдысын жазғырып,

алтынын артып шанаға,

баспақты сиыр, танаға,

Қарамай қатын-балаға,

Өтірік емес, жан аға,

Қырық қақпалы шаһардан

Жалғыз адам құтқармай

айдап шықты далаға.

есіктің алды мойыл-ды,

ашыққан қият тойынды.

алды үш қыз алады,

арты екі қыз алады.

онан соңғы байғұстар

таңдағанын алады.

бізге ұқсаған бейшара

айтса тілін алмады,

Қыз да оған бармады.

Қорасан шыққан құжыр бет

Құдайға сүйтіп зарлады.

Малды алып болған соң,

көңілдері толған соң,

толып жатқан көп қият

Жиылып бәрі кеңесті,

кеңескенде не дейді:

—атадан алтау туғандай,

асылмен белін буғандай,

1620


1630

1640


58

батырлар жыры

бұрын барып бұлардан

Қаланы өзім алдым дер,

Жаманға олжа салдым дер.

Жалғыз атты қыпшақты

Өлтіріп кетсек не етер деп,

олжаны бермей кетер,—деп,

Қоста отырған көп жаман

көтеріліп сөйлейді.

сөйлегенмен не қылсын,

бәрінікі құр былшыл.

бірнеше күн болған соң,

көпке олжа толған соң,

елдегі сөзі Құртқаның

тұп-тура анық болған соң,

Қобыландыдай батырдың

Қайтуға көңлі бұзылды.

Мінгенде аты қызыл-ды,

іс тағдырға сызылды.

Жарлының жалғыз атына

ұрының құрығы ұзын-ды.

Қобыланды сынды еріңіз

Қайтайын деп тұрғанда

Қараман сонда сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—әй, құрдасжан, қайтпаңыз,

Қайтамын деп айтпаңыз,

алдыңыз—құз, артыңыз—жар,

Құдай берген ер едіңіз. 

Мына жақта көбікті бар есітемін,

соған бара кетелік,

ойранды сала кетелік,—дейді.

берік туған, құрдасжан,

Құлағың сал сөзіме,

Мен айтайын өзіңе,

көбікті деген қалмақ бар,

көрсетейін көзіңе.

соған енді баралық,

Жылқысын қуып алалық.

керегесін отын қып,

1650


1660

1670


1680

58

59

қарақыпшақ қобыланды батыр



ойранды соған салалық.

сөзіне құлақ салады,

әйтсе тілін алады.

көбіктіні шаппаққа

іздеп енді барады.

Мінгенде аты дөнен-ді,

көкке тойған көбең-ді.

байдың қызы жамылар

Масатыдан беренді.

көп қосынға тапсырды

Қазаннан алған көп елді.

Қараман, Қобылан қосылып

кешкі уақыт болғанда,

көбіктінің шаһарына

сапарланып жөнелді.

базарда бар ақ мата,

ойнақтайды жас бота,

бұл сөзімде жоқ қата.

көп қосынның қасынан

сапар қылды ел жата.

көбіктінің шаһарына

келді бұлар таң ата.

көбікті кеткен ұйқыға,

Жыртылмаған құлпыға.

екі қабан кез келді

Қоба көлдің үстінде,

отарда жатқан жылқыға.

көк алалы көп жылқы,

бөрі алалы ен жылқы,

алдарына алады,

айдап жөнге салады.

тізе қосып екеуі

Жылқыны айдап барады.

көрінім жер келгенде

биік-биік қыр екен,

оқпанды сай жер екен.

көбікті мінген тарлан ат,

Жамандатқыр сол көк ат

Құйрығын құстай тарады.

1690


1700

1710


1720

60

батырлар жыры

шекесінен қарады,

бауырынан жарады.

аспанға қарап есінеп,

«ием бе?» деп кісінеп,

Жау екенін білген соң,

сыртына құйрық салады,

көк ат қашып барады.

артынан қуған екеуі

Қарасын көрмей қалады.

Қалаға көк ат еніпті,

есітті дүбір көбікті,

ат барған соң желікті.

басы—күміс, сабы—алтын,

базардан келген қасықты

Жалаңған болат жасықты.

ақмоншақ атқа көбікті

ер салғанша асықты.

еріндіктеп алады,

астына терлік салады.

ат басындай тас шоқпар

тақымына қыстырып,

Мал соңынан салады.

алтындай найза қолынан,

Жұлдызы туып оңынан.

таң сарғайып атқанда,

көбікті жетті соңынан.

тау суындай сарқырап,

«таста,—деп,—малды» барқырап,

көбікті сөйлеп кетеді:

—Мал иесіз дедің бе,

Жан иесіз дедің бе?

байлаулы жатқан жылқыны

байлаудан шешкен кім еді?

батыр жігіт қайдасың,

батыр табар хайласын. 

Жақсы кісі жаманға

көп тигізер пайдасын.

Қобыланнан бұрын Қараман

көбіктінің жүрекке

1730


1740

1750


1760

60

61

қарақыпшақ қобыланды батыр



келе салды найзасын.

Қараман ерлік бастады,

ерлігін Қобылан қостады.

Қараманның найзасын

денесіне тигізбей,

Міне, келген көбікті

Қолындағы шоқпармен

допша қағып тастады.

бұлғары садақ, бұқар жай

Қиядан тартты Қобылекең.

Қобылекеңнің оғын да

денесіне тигізбей,

Қолындағы шоқпармен

Мұны да қағып тастады, 

Жаңадан қайрат бастады.

аттан түсе алысты,

бермейміз деп намысты,

саз балшықтай жабысты.

Қобыландыдай еріңіз

бақалшығы қайысты,

Қабырғасы майысты.

итерісіп тұрысты,

ат тізесін бүгісті,

бүгісе, бүгісе тұрысты.

тебіндіге тер қатты,

Қақырғанда қан татты.

Қанжар қалды қайысып,

семсер қалды майысып.

Қобылан сынды еріңіз

бара жатыр бұл жерде

бақалшығы майысып.

сол уақытта бабасы:

—Жоқ, балам, жоқ,— деп,

болмас, балам, болмас,—деп,

көк есегі астында,

шар кітабы қойнында,

Өзі хақтың жолында,

есектен түсе қалады,

Қасына жақын барады.

1770


1780

1790


1800

62

батырлар жыры

сол уақытта Қобылекең

танымады бабасын.

Қан толды екі көзіне,

—Құлағың сал сөзіме,

есіге бойлы қара сауыт,

етегіңіз сіздердің

орым-орым көрінген.

арт жағынан бұлтиып,

Жаман нәрсең көрінген.

көрінбе көзіме, жоғал,—деп,

иінге түртіп қалады.

сол уақытта бабасы

Өкпелеп кейін қалады.

бұлар кейін қалған соң,

Құдай басқа салған соң,

көбіктідей батырдың

әруағы асады,

ағыны судай тасады.

көбіктідей батырың

Қобыландыдай батырды

тақымына басады.

Қос батырдың қос тұлпар

Жылқыға айдап қосады.

ел қаптайды салаға,

Өтірік емес, жан аға,

Қалыңнан соққан қарсақтай,

салақтатып екеуін

көбікті кірді қалаға.



Көбіктінің бойжеткен қызы Қарлығаға келіп айтқаны.

көбікті келіп сөйледі,

сөйлегенде не дейді:

—алтын камзол жеңдіше,

бидай өңлі құбаша,

орта бойлы дембілше,

айналайын Қарлыға,

Жер астына бір түсер

бұл пенденің барлығы.

1810


1820

1830


1840

62

63

қарақыпшақ қобыланды батыр



Қайысқан болат сынғандай,

асыққан көңіл тынғандай.

екі пенде әкелдім—

берсем сені күйеуге,

бас жетімің қылғандай.

көк шыбын қонсын қабаққа,

сухарды берді тамаққа.

Қарлыға мінген кер еді,

аяңдап басып желеді.

Жазығы әйел демесең,

Қарлыға да ер еді.

Жерде жатқан екеуін

боқжамаша қолтықтап,

Қарлыға алып жөнелді.

көк шыбын қонды қабаққа,

сухар берді тамаққа.

тастады жауып Қарлыға

кілті мықты лабаққа.

лабақта  бұлар  жатты.  бұйырған  дәмін  татты.  бірнеше  күн  өтті. 

әлденеше күн жетті. екі батыр солай жата тұрсын, азырақ Қарлығадан 

сөз сөйлейін. көбіктінің баласы быршымбай деген бар еді. Қарлыға сол 

быршымға айтты:—сен алшағырға бар, менім әкем көбікті Қараман, 

Қобыландыны қараңғы үйге салып тастады деп хабар сал. сонда саған 

Қанікей,  тінікей  деген  екі  қарындасын  сүйіншіге  берер,—дейді,—

өйткені ол алшағыр қыз Құртқаға ғашық еді,—дейді.

Мұны  есіткен  соң  быршымбай  көк  ала  атқа  мініп,  күн-түн  қатып 

жүріп, алшағырдың еліне барып, Қобыланды менен Қараманды осылай 

еткенді құлағына салып, екі қызды сүйіншіге алып, быршымбай сонда 

қалыңдық  ойнап  жата  берді.  бір  күндері  болғанда  Қарлыға  ойлайды: 

«әкем  екі  мүсәпірді  алып  келіп,  абақтыға  салып  қойып  еді,  соған 

барайыншы,»—деп келіп абақтының есігін ашып қалғанда қараңғы үй 

жарқ етіп қалды. екі батыр шошып кетіп, бұл немене деп қараса, қыз 

Қарлығаның сәулесі екен. сонда Қарлыға сөйлейді.

Қарлыға келіп сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—әй, қос батыр, қос батыр,

сенің өзің ермісің,

1850


1860

1870


64

батырлар жыры

бекер жатар сермісің.

Қолың шешіп қашырсам,

еліңе барып мақтанып,

Қарлыға қыз қашырмай,

Өзім бір кеттім дермісің.

Қараман сонда сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—Менің өзім нашармын,

кілттің аузын ашармын.

шеш қолымды, Қарлыға,

рұқсат берсең қашармын.

сонда Қобылекең сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—әй, қаш залым қасымнан,

бір сағат болмай ұшты деп,

дәулет құсы басымнан.

тіліне дұшпан көнбедім,

әуелден-ақ жасымнан.

азар берме бұл шақта,

көбікті қызы Қарлыға,

Өшті болған әкеңнен,

Өшімді алмай кетпеймін.

кекті болған әкеңнен,

кегімді алмай кетпеймін.

Қыс қыстауым—көзгелі,

Жаз жайлауым—Қараспан,

бұрынғы жолдан адаспан.

алты жаста ат мініп,

он үш жасқа келгенде

аман қалған жоқ еді

Қызылбас тиіп жанасқан.

таңбам—әліп, қыпшақпын,

Мұсылманға дін ашқан.

ел аралап жүргенде

таулар күйіп, тас жанды,

алты жаста зарпыма.

асықпасаң, Қарлыға,

бір мінерсің бурылдың

Жайдақ сауыр артына.

1880


1890

1900


64

65

қарақыпшақ қобыланды батыр



әуелі алла ағындым,

ата-анамды сағындым.

Жауға менім түскенім,

Жағаласып жатқанда

кәміл пірім жаңылдым,

омар менен османға,

ішім толды пұшманға.

ықылас атты шашты әзиз,

танымай сізді жаңылып,

Жазым боп түстім дұшпанға.

әгар пірім жад етсем,

біздей асыл қошқарлар

болар ма пенде дұшпанға.

сонда Қобылан сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—Қараман, кетсең, аман бол,

Қайтасың ба елдерге?

елге барсаң, сәлем де

азулы деген көлдерге.

көп-көп сәлем дегейсің

ел ішінде серлерге,

замандас, құрбы, теңдерге.

бізді дұшпан алды деп,

аяққа кісен салды деп,

Үлкен аға, кіші іні,

көз салмасын біздерге.

Қараспан деген белдерім,

азулы деген көлдерім,

ел ішінде бар еді

замандас, құрбы, теңдерім.

атадан тақ мен байғұс

Жазым болып көз жұмсам,

кім сұрайды кемдерін.

алты жаста аттанып,

Қызылбастың жұртынан.

бұлаңдаған Құртқаны 

ғибратпен сүйген күндерім.

інім жауда қалды деп,

не қылайын жанды деп,

1910


1920

1930


66

батырлар жыры

алдымнан шығар ағам жоқ,

алладан басқа панам жоқ,

тәңірі қылды шарам жоқ.

ағам жауда қалды деп,

артымнан жоқтар інім жоқ.

амалым жоқ құдірет

Жалғыздықтан мінім жоқ.

Қазақ көппін дегенде,

Мен де көппін дейтұғын

тартынбай айтар тілім жоқ.

Қарағай садақ, қырық кез оқ,

балдағы алтын белге тоқ,

басымнан өтер дүние боқ,

табаныма тиді шоқ.

Жау қолында жатырмын,

Жазым болып көз жұмсам,

сүйегім ұстар теңім жоқ.

Қайратыммен халық болған,

Қыпшақ елім жоқ.

арқанменен арыған,

ауыздығыменен тараған,

Жаныма серік бурыл ат.

Қай қызылбас от берсін,

Қай қызылбас су берсін.

тоқсанға келген тоқтарбай,

Үзілген шығар қияғы.

алпысқа келген аналық

тасқа тиіп кетіліп,

сынған шығар тұяғы.

Қарындасым Қарлыға,

алған жарым қыз Құртқа,

арыстаны мен едім,

сөнген шығар шырағы.

Қобыланды  батыр  абақтыдан  шықпаған  соң,  Қарлыға  менен 

Қараман ақыл тауып, жылқыдағы тайбурыл атты алып келіп, тақымына 

қылшылбыр салып бұрады. сонда бурыл шыдамай шыңғырып жіберді. 

Құлағына тайбурылдың даусы келген соң Қобыланды төзе алмай жүгіріп 

шықты. бұлардың алдап шығарғанын білмеді.

1940

1950


1960

1970


66

67

қарақыпшақ қобыланды батыр



сол уақытта Қобылекең

тайбурыл атқа мінеді,

Үстіне сауыт киеді,

беліне семсер іледі.

ат мінген соң тұрмады,

көбіктінің жылқысын

Және айдап жөнеді.

Қаладан қиғаш өткенде,

Қоба көлге жеткенде,

Жамандатқыр сол көк ат

Құйрығын шаштай тарады,

шекесінен қарады,

бауырынан жарады.

аспанға қарап есінеп,

«ием бе?» деп кісінеп,

Жау екенін білген соң

сыртына құйрық салады,

көк ат қашып барады.

Жалғаса қуған екеуі

Қарасын көрмей қалады.

көк ат енді қалаға,

Жәрдем берсін Құдайым

Қобыланды сынды балаға.

Қалаға көк ат еніпті,

естіді дүбір көбікті.

—ояумысың, Қарлыға,

ат ертте,—деп желікті.

Қарлыға сонда сөйлейді:

—ұйқыңды бұзба, көбікті,

Жамандатқыр ақмоншақ

Жем жейін деп келіпті.

көбіктіні жатқызды,

әбілетке батқызды.

ақмоншақ атқа ер салып,

аз ғана азық жем салып,

артында байтақ ел қалып,

Қобылекең еске түскенде

Қарлыға шері қозғалып,

1980

1990


2000

68

батырлар жыры

ақмоншақ атқа мінеді,

беліне семсер іледі,

денеге сауыт киеді.

Қарлыға қыз, мінеки,

Қобыландыға қосылып,

әкесінің жылқысын

Және айдап жөнеді.

Қаладан қиғаш өткенде,

сарыөзенге жеткенде,

пайғамбар Құдай пендесі,

төменде аттың денесі

сілтесе, тастан өтеді

ғалидің шапқан қылышы.

оттамай да, жусамай

Жамандатқыр көк бесті—

Қашаған көктің інісі

көрінем жерге келгенде,

Құйрығын құстай тарады,

шекесінен қарады.

аспанға қарап есінеп,

«ием бе?» деп кісінеп,

Жау екенін білген соң,

сыртына құйрық салады,

көк бесті қашып барады.

Жалғаса қуған үшеуі

Қарасын көрмей қалады.

көк бесті енді қалаға,

естіді дүбір көбікті

көбікті батыр желікті.

көк бестіні көрген соң,

кеткенін қыздың білген соң

көк бестіге мінеді,

шоқпарды қолға іледі,

Мал соңынан шабады.

көбікті мұнда келгенше

Қарлыға ақыл табады.

2010

2020


2030

2040


68

69

қарақыпшақ қобыланды батыр



сонда Қарлыға айтты:—әй, Қобыланды менен Қараман, енді ол көк 

бесті әкеме барады. әкеме барған соң атқа мініп бізді қуар, тез жетіп 

келсе керек. әкем көбіктіге атсаң мылтық батпайды. шаншысаң найза, 

шапсаң қылыш өтпейді. Өйткені үстіндегі ақ сауытын өзім қолдан жа-

сап едім. көзін тар қылып едім. бірақ кіндігінің тұсындағы төрт көзін 

кем соғып шығарып едім. Өзім бір жақсы адамды сүйіп барам десем, 

әкем бермесе, сол жерден байлап аттырармын деген жерім еді. «балам, 

мына  жердің  шығыршығы  қайда?»  дегенде  «жетпей  қалды»  деп  едім. 

сол жерінен кіндігі бұлтыйып шығып тұратын еді. сонан байлап атсаң 

қаза бар, болмаса бөтен жерден қаза жоқ,—дейді.

Қараманға:—ақырын  жылқыңды  айдай  бер.  биең  құлын  салма-

сын, тайың жолда қалмасын. артыңа көзіңді салып жүргейсің. екі қара 

көрінсе, Қобыланды менен Қарлыға екен дерсің. Жалғыз қара көрінсе, 

көбікті  болар.  онда  өзіңіз  қамыңызды  қыларсыз,—дейді.  Қараман 

жылқыны айдап жүре берді. Мұнда Қобылекең қисайған оғын түзетіп, 

тоғайда жол тосып жата берді.

бір уақыттар болғанда,

көбікті сынды еріңіз

таң сарғайып атқанда,

шолпан жұлдыз батқанда,

төбеден жұлдыз аққанда,

көк бесті атқа ер салып,

тас шоқпарды қолға алып,

теңселе басып ырғалып,

енді атына мінеді.

Қобыландының соңынан

көбікті қуып келеді,

батыр мұны көреді.

көтерілді Қобылекең,

Қорамсаққа қол салды,

бір салғанда мол салды.

Қалмақы ердің басы деп,

Қақ жүректің тұсы деп,

Өлер жерің осы деп,

салдыр-гүлдір өткізіп,

оқ масаққа жеткізіп,

сонда Қобылан сөйлейді:

—сынғыр қолым сындың ба,

2050

2060


70

батырлар жыры

шыққыр көзім шықтың ба,

шын бір қазам жеттің бе,

шын бұйрығым біттің бе?

ықылас атты шашты әзіз

Қысылған жерде дем бермей,

сарт болып-ақ кеттің бе?

Қобыланды тартты бір кезде,

тартқан кезде Қобыланды

Жанына азап көрінді.

азап емей немене,

көк бесті аттың үстінде

бөксесі жатып қалады.

кеудесі оқпен бөлініп,

шоқпар қолда қалады.

шоқпарды қолға алмаққа,

Қобыландымен қарсы тұрмаққа,

екі қолмен тырбаңдап,

кеудесі кетіп барады.

базардың бар мақпалы,

ұстайды құндыз қақпалы,

Жетіп келді Қобылекең

алтынды семсер қолға алып,

көбіктіні шапқалы.

заманақыр тақалды,

саудагер сатар бақалды.

Қыздан келген хайланы

біліп енді көбікті:

—Қыз он беске жеткенде,

Өспесін,—деп,—өркені,

Жұлып та жатыр сақалды.

діні  кәпір, зат басқа,

аяп болмас атпасқа,

Хайласы қанша қыз жасқа

екінші сөзді сөйлетпей,

суырып алып қылышын

Қобылекең салды қақ басқа.

шалқасынан сылқ етіп,

Жаны шығып бұрқ етіп,

Өліп қалды сорқасқа.

2070


2080

2090


2100

70

71

қарақыпшақ қобыланды батыр



бөксесі атпен барады,

Қараманның жылқыда

Құлағын дүбір шалады.

арт жағына қарады,

көреді жалғыз қараны.

«Қобыландыны өлтіріп,

сағатына келтіріп,

көбікті мұнда келеді деп,

сазамды менің береді» деп,

Жылқыдан қаша жөнелді.

Үшінші күдер асқанда,

Қараман жаман сасқанда,

шығып кетіп оңаша

артына және қараса,

Жылқы ішінде жүр екен,

бөксе екенін біледі,

Өз-өзінен күледі,

Жылқыға шауып келеді.

ат үстінен бөксені

тартып енді қарады.

бөксе бұған болмады,

Қараман сөйтіп сорлады.

аттан түсе қалады,

аяғынан алады.

Өлдім-талдым дегенде,

әрең деп жерге салады.

Өтірік емес оңайдан,

тілейді әркім Құдайдан.

Қос аты бар қолында,

Қуғыншы жоқ соңында,

Қобыланды мен Қарлыға

көбіктіні өлтіріп,

сәтіне оны келтіріп,

аударыспақ ойнасып,

Гулетіп шықты тоғайдан.

биік-биік қыр екен,

оқпандай сай, жыра екен.

көбікті батыр өлген соң,

Қобыландының алдында 

2110


2120

2130


2140

72

батырлар жыры

сайымұғлы Қараман

Қарсы түсіп тұр екен.

бұлар енді келген соң,

Қараман сонда сөйлейді:

—шешен сөйлер дауға деп,

Қайрат қылдың жауға деп.

олжа қылған, құрдасжан,

беріңіз маған сауға деп.

—Жая менен жал құрдас,

шекер менен бал құрдас.

көбіктінің жылқысын

олжаға қоспай ал, құрдас.

—келіп ем, құрдас, кезіңе,

Мұндай жылқы өзіңе.

ішіңіз қиып берсеңіз,

Қарлыға сауға өзіме.

—көбіктінің көрдің өлгенін

Қыздың көрдің келгенін.

Өзі келді ерлікпен

көңілі сүйсе бергенім.

есендік пенен саулық деп,

тірілік пенен барлық деп,

«түйенің көркі—нарлық» деп,

Жарасар нарға сандық деп,

Қарлығаны алып жөнелді,

Құрдасжан берсе алдық деп.

ел жайлаған есілді,

Қарлыға қолға тиген соң,

Қараман батыр шешінді,

осы жерде қылды кесірді.

Қарлыға қызды ұстады,

бола ғой деп қыстады.

Қараманның сөзіне

Қарлығадай сұлудың

ашуы келген сықылды—

Қараманға қылды өкімді.

Жағасынан алады,

шалқасынан салады.

2150

2160


2170

2180


72

73

қарақыпшақ қобыланды батыр



Қарамандай батырың

Масқара болып қалады.

Жаңылтпа, Құдай, есімді,

аузыма келген жел сөзді

аяйын енді несіне.

Қараман, Қобылан екеуі

Қазанда жатқан қосынға

көбіктінің жылқысын

айдап келді бесінде.

Қобыланды батыр келген соң,

иесін көзі көрген соң.

байлар мінер дөненді,

Жарлы мінер көбенді.

байдың қызы жамылар

Масатыдан беренді.

әкеліп қосты жылқыға

Қазаннан алған көп елді.

Қияттан шыққан көп жаман

көтеріліп шулайды,

Жатып малға кенелді.

екі арыстан келген соң,


Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет