«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет5/24
Дата21.02.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Қожа бесін болған соң,

ақсайға барып қонған соң,

көп қосын көшіп жөнелді.

Жалғызға Қобылан ұқсайды,

Мезгілсіз жылап қақсайды.

Жыламай Қобылан не қылсын,

Жанына серік бурыл ат

томар қағып жүре алмай

аяғынан ақсайды.

келіп қонды ақсайға

ақсайға келіп қонған соң,

Қарлығаны алып келген соң,

Қараман барып алғандай

ақымақ қият бірталай

Қараман атты батырды

көтеріп аттан алады,

ақ киізге салады.

шаһарды бұзып алды деп,

2190


2200

2210


2220

74

батырлар жыры

Хан көтеріп барады.

арыстан туған Қобылекең

атын ұстап тұратын,

ас пісіріп беретін,

толып жатқан қияттан

шай қайнатар кісі жоқ,

бұл қосынның ісі жоқ,

Қобылекең жалғыз қалады.

Жамандар қорлық еткен соң,

Қараман қият кеткен соң,

Жалғыздықтан жабығып,

Қорлық көріп қамығып,

Өксіп жылап қайғырып,

Қайғы тартып қан жұтып,

запыран ішіп, май жұтып,

осынша көптің ішінде

Жалғыз жылап қалады.

—көптің ісі бітеді,

Жалғыздың ісі кетеді.

шауып алған олжамды

Қият алып кетеді.

шамырқанып шамдансам,

буырқанып бұрсансам,

Мұздай темір құрсансам,

Қосыны түгіл, қияттың

еліне әлім жетеді.

ақылсыз туған мен ақымақ,

елден жалғыз шыққанша,

онды, бесті жаныма

кісі ертсем нетеді?

Құдіретті күшті, Құдайым,

Жаратқанша жалғыз қып,

Жаратпасаң нетеді?

туғызғанша жалғыз қып,

туғызбасаң нетеді?

көп болған соң жалғызға

Жаманның әлі жетеді.

2230


2240

2250


74

75

қарақыпшақ қобыланды батыр



Үйге барсам түзім жоқ,

түзге барсам үйім жоқ.

осындай жалғыз жүргенде,

Өтесің бе дүние боқ?

Қарағай кестім талымды,

Қайнаттым шекер-балымды.

әттең, шіркін, жалғыздық,

бетімнен төктің арымды. 

кетірдің мұнша сәнімді,

көп қинадың жанымды.

атадан алтау туса да,

шірік туған жаманға

болайын нағып жалынды.

Қазам жетіп мен өлсем,

Жұрт талайды малымды.

Қай мезгілде көремін

Үйдегі кемпір-шалымды.

Құлым десең, Құдай-ай,

бүгін маған көрсетші

ататұғын таңыңды.

көрсін десең таңыңды,

ойла менің қамымды.

бүгін таңға жеткізбей

тауыс менім нанымды.

Қият қылды мастықты,

Жылап жүріп Қобылекең

ерін қылды жастықты.

Жамандар қылды өсекті,

наза болып Қобылекең,

тоқымын қылды төсекті.

тоқымын төсеп, ер жастап,

етбетінен Қобыланды

ұзынынан сұлады.

алтынды ерге сүйеніп,

артық туған Қобыланды

Өксіп сонда жылады.

Жылап жатып Қобылекең

бөлінбеген ұйқыға,

Жыртылмаған құлпыға,

2260


2270

2280


2290

76

батырлар жыры

таң мезгілі болғанда,

көк есегі астында,

алтын дәстар басында,

сырлы асасы қолында,

Өзі Хақтың жолында,

Жетіп келіп қасына,

отыра қалып басына,

тізесін бүгіп сөйлейді,

сөйлегенде не дейді: 

— ұйқыдамысың, Қобыланды,

Мінгенде атым боз-ды ғой,

арқам желге қозды ғой.

саған келген пәлені

Қорғаймын деп мен сорлы

етегім әбден тозды ғой.

Құланнан аттым қодықты,

көлден тарттым борықты.

сенің әкең тоқтарбай—

Қартайған шалға жолықтым.

биік-биік қыр екен,

оқпанды сай жер екен.

сенің әкең тоқтарбай,

бұтында жоқ ыстаны.

Қойшы болып кәпірде

ақтабан боп жүр екен.

алпыс жаста аналық

арқан есіп, жүн түтіп,

алшағырдың елінде

Құрт қайнатып жүр екен.

Қарындасың Қарлыға

пиаласы қолында,

дастарханы қарында,

белдемшесі белінде,

бөтен жаудың елінде,

шай қайнатып жүр екен.

Өзіңнен қалған Құртқаны

Қалмақтың ханы алшағыр

аламын деп жүр екен.

шауып кетті еліңді,

2300


2310

2320


2330

76

77

қарақыпшақ қобыланды батыр



кесіп кетті желіңді,

Өзің тірі тұрғанда

Қыпшақты жаудың алғаны

о да саған өлім-ді!

еліңді алған дұшпанға

көрсеткейсің көрімді.

Жалған айтар демеңіз

Жеті кәміл піріңді.

Қалмақтың ханы алшағыр

бүгін үш күн болады.

шауып кетті еліңді,

кесіп кетті желіңді.

Хандар мінген қара ала ат

Жалтарып шабар қояндай.

татулықтың белгісі

Қозы көрпеш—баяндай.

Жас күніңде ойнап қал

бозбалалар аянбай.

бабасының сөзімен

Қобыланды шошып оянды-ай.

Қылған ісі пенденің

Жаппар Хаққа аянды-ай.

көзін ашып жіберсе,

таң шымырлап атыпты,

Моллалар азан айтыпты,

шолпан жұлдыз батыпты.

көзін ашып қараса,

Мақталы жастық мамық-ты

оянып түске қамықты.

талауға жұрты түскен соң,

байлауға малы кеткен соң,

осыны біліп бурыл ат,

Қапаланып ақсап жүр екен.

пірден хабар тиген соң,

ақсап жүрген бурыл ат

Құлындай ойнап қалыпты.

белгілі төбе бел еді,

әйел де болса ер еді.

Қараман алған Қарлыға

2340


2350

2360


2370

78

батырлар жыры

батыр жалғыз қалған соң,

Майқара мен көдеге,

Жусан менен бетеге,

шұңқыр менен өзенге,

түніменен ұйықтамай,

бурыл атты жетелеп,

Қарлыға бағып жүр екен.

көзінің жасы мөлтілдеп,

Қос бүйрегі бүлкілдеп,

елін дұшпан алған соң,

аяғын басып жүре алмай,

Қарлығаның қасына

азар келді былқылдап. 

Қобыланды келіп сөйлейді:

—Жолдас болдың, Қарлыға,

алланың қатты жарлығы. 

Жер астына бір түсер

бұл пенденің барлығы.

Жалғыз маған түсіпті

алланың қысым, тарлығы.

Жау шауыпты елімді,

дұшпан басып белімді,

кесіп кетті желімді.

Жалған айтар демеймін

Жеті кәміл пірімді.

Қалмақтың ханы алшағыр

бүгін үш күн болады

бабам айтты өзіме.

Жылқыда құмай аламын,

атадан жалғыз баламын.

көмек берер демеймін

сайымұғлы Қараман.

әйел де болсаң қатар ең,

Мұңымды саған саламын.

рұқсат берсең, Қарлыға,

көмегім жоқ соңымда

Жалғыз да болсам барамын.

2380

2390


2400

2410


78

79

қарақыпшақ қобыланды батыр



Қарлыға сонда сөйлейді:

—ерлер сасар болар ма,

етегін басар болар ма?

Үмбетінен пайғамбар

дінсіздер асар болар ма?

әуелі Құдай анайым,

Хақ жаратқан Құдайым.

бөлініп елден шыққан соң,

сіз болар ма деп едім,

тәңірі қосқан жұбайым.

Өзім сізден қалған соң,

Мұныма жеймін уайым.

сіздіңменен дос болып,

Өз еліммен қас болып,

сөйтіп шыққан сорлы едім.

артық туған сұлтаным,

бір шыбындай жанымды

сенен бір несін аяйын.

Қайғы ішіп, қан құспай,

запыран ішіп, май жұтпай,

бүлінген елге кете көр,

шабылған елге жете көр.

асқар-асқар бел болса,

Қараман сынды құрдасың

Жаны ашыған ер болса,

Жинап алып артыңнан

тап үш күнде барайын.

Жанына байлап болатты,

басына асыл жалатты.

сүйіп мінген бурылдың

Жел тимеген саурысын,

күн тимеген баурысын

Қамшымен ұрып қанатты.

тайбурыл аттың маңдайын

Қараспан тауға қаратты.

Қаратып тауға шу дейді,

2420

2430


2440

80

батырлар жыры

атылып бурыл гуледі.

тау мен тасты көрмеді,

Құлақтың түбі терледі,

тер шыққан соң өрледі.

көлденең жатқан көк тасты

тіктеп тиген тұяғы

саз балшықтай иледі.

ерте шапқан Қобыланды

кешке шейін шабады.

бара алмады еліне,

Жете алмады жеріне.

таң мезгілі жеткенде,

шолпан жұлдыз батқанда,

есіктің алды ағынды,

бола жазды шығынды.

шығынды емей немене,

екпіндеп шапқан тайбурыл

етбетінен жығылды.

Жылап жүріп Қобыланды

Жерге қолын салады,

Жерді сипап қарады.

ертеңгі таң атыпты,

бұйырған дәмін татыпты.

Жазығы мал демесең,

адамнан ақылы артық-ты.

ел барында Құртқаның

екі мезгіл жем берген,

Жаныменен тең көрген,

алтыннан соққан албарға

бурыл құлап жатыпты.

таң ата Қобылан қараса,

Жұрты жатыр, елі жоқ,

батпағы жатыр, көлі жоқ,

сандалып жүрген бала жоқ.

табанына тиді шоқ,

Жанды қара бірде жоқ.

балта кеспес мұртына

сүйексіз тілім бел қылды.

2450

2460


2470

2480


80

81

қарақыпшақ қобыланды батыр



сәске мезгіл болғанда,

шауып келді Қобыланды

бұлаңдаған Құртқаның

отауын тіккен жұртына.

Қылыш сала байланып,

Жұртын жүрді айналып,

есіктің алды ойыңқы,

от ортасы көбіңкі,

«томпайған мынау күл ме?» деп,

найзаны күлге салады,

аударып күлді қарады.

Жая менен жал екен,

шекер менен бал екен.

Өзін қалмақ алғанда

босанып қолдан қалғанда,

батыр бұған кез келсе,

Қарны ашып келер деп,

Қаны қашып жүрер деп,

көмген екен жұртына

бір табадай нан екен.

бұйырғаны осы ғой,

азды-көпті жиған деп,

нанның түбі—иман деп,

шетінен тістеп алады,

Қоржынға батыр салады.

бурыл атқа шу десе,

етбетінен құлады.

сонда тұрып Қобыланды

алтын ерге сүйеніп,

Өксіп-өксіп жылады.

—тұлпардан туған бурылым,

сен де айрылдың анаңнан,

Мен де айрылдым анамнан.

Және айрылдым Қарлыға,

бірге туған бауырдан.

Қарағым, бурыл, әлменен,

адаспай шауып жолменен.

Өкпе-бауыр жалменен,

2490

2500


2510

2520


82

батырлар жыры

тұман болды шаңменен.

ауылға барған кезімде

Құртқа түссе қолыма,

суартамын балменен.

сипатармын, шырағым,

ақ сүңгідей қолменен.

Қобылекең сонда шу дейді,

шу дегенде гуледі.

ерте шапқан Қобыланды

кешке шейін шабады.

шапса да елге жете алмай,

іңір болып барады.

есіктің алды ағын-ды,

бола жазды шығын-ды.

шығынды болмай немене

екпіндеп шапқан тайбурыл

етбетінен жығылды.

Жерге қолын салады,

Жерді сипап қарады.

аллаға қанша жазықты,

батыр бұған кез болса,

аты арыса, қарны ашса,

болсын депті атқа жем,

Өзіне қылсын азықты.

тұлпардан туған бурылдың

астынан тауып алыпты.

алтын қазық бес бүктеп

ат қоржынға салыпты.

таң мезгілі болғанда,

алшағырдай қалаға

Қобылекең жетіп келеді.

«Қолыма алдым найза деп,

шерменде болған халқыма

тигізейін пайда» деп.

таң атқанда Қобыланды

шаһарды үш айналды,

«енуге есік қайда?!» деп.

бір шетінен өткенде,

2530

2540


2550

2560


82

83

қарақыпшақ қобыланды батыр



Мүсідеу жерге жеткенде,

Жылқыда құмай аланы,

атадан тақ баланы.

күнде қойға барғанда,

Жалғызым деп тоқтар шал

Жоқтаушы еді баланы.

бүгін тағы зарлаған,

Жас қозыдай маңыраған,

саулы інгендей аңыраған,

«уай, балам» деп сарнаған

тоқтар шалдың дауысы

сыртта жүрген Қобыланның

Құлағын жарып барады.

сонда  Қобыланды  тыңдап  тұра  қалса,  тоқсандағы  атасының 

Қобыландыны жоқтап зарлағаны екен.

тоқтар шал сонда сөйлейді,

Жадына алып Құдайды.

—келелі түйем ішінде

бурадайын айдынды,

Жалғызым, сенен айрылдым.

омар менен османға, 

ішім толды пұшманға,

ай мүйізді қошқардай

Қозым, сенен айрылдым.

Қолымнан құт кетті енді,

Құтым Қобылан айрылдым.

Қайыңға біткен жапырақ,

Құлан шабар шоқырақ.

бұл бейнетті көргенше

неге өлмедім мен шұнақ?!

Өлгенде мені кім көмсін,

тілеп алған қозым жоқ,

кім салар маған топырақ?!

балтам тасқа өтпейді,

ауырған жерім бітпейді.

күнде «ал» деймін Құдайға,

Мезгілсіз ажал жетпейді.

2570


2580

2590


84

батырлар жыры

күн ыстықта қой бағып,

Маңдайымнан тер ағып,

бұтымда жоқ ыстаным,

кендірден киген кебене

бұтыма тартсам жетпейді.

бүгін айдың нешесі,

ай қараңғы кешесі.

алпысқа келген аналық

енді оянып жылайды,

Қобыландының шешесі.

—Өріп едім жібекті,

Құлан тастар тезекті.

шырағымды жоқтайын,

шаршаған жерде тоқтайын,

Жан қосағым, тоқтар шал,

беріңіз маған кезекті.

алтын бесік иісім,

күміс еді киісім.

ереуі жоқ күмісім,

Жастан қосқан білісім,

ойнау менен күлісім.

Жалғызымның барында

кеңейіп еді өрісім.

Қондырып еді өзіме

бұл дүниенің бейішін.

түн ортасы болғанда

шырағым жақтан жел соқты

Жаңылмасам деп едім,

шырағым мінген астына

тайбурыл аттың желісін.

омар менен османға

ішім толды пұшманға.

шырағымның жоғында

пенде болдым дұшпанға.

Жан қосағым, тоқтар шал,

разымын тәңірге

сені маған қосқанға,

көзіңді сал аспанға.

төрткілдеп соққан төбемнен,

2600


2610

2620


2630

84

85

қарақыпшақ қобыланды батыр



шырағым шыққан денемнен.

Жаз болса шығар күн жаққа,

Қыс болса шығар жел жаққа,

бабасы берген шырақтың

бұлты келді төбемнен.

Қарағай садақ, қырық кез оқ,

балдағы алтын белге тоқ.

бұлты келді, өзі жоқ,

бұлтын көріп кеулім тоқ.

Қобыланды үйде барында

Мақпалдан тонды киіп ем.

айналайын, Жасаған,

көзімнің жасын иіп ең.

тілегімді берсейші,

Қозы бағып жүргенде,

шырағым  менің келсейші.

оң қабағым тартады,

шырағым менің келгендей.

иінім менің тартады,

Қамқаны таңдап кигендей.

тақымым менің тартады,

Қараспанға ел көшіп,

парымен жорға мінгендей.

Жан қосағым, тоқтар шал,

етіме қатқан қос тері

бұлақ болып есілді,

Жалғызым келіп емгендей,

бір нышанын көргендей.

Қуанамын мен ғаріп,

кеткен қозым келгендей.

алпыста шешең аналық 

арқан ескен не қорлық?!

Өзге қорлық, қорлық па,

Өзің алған Құртқаны 

Қалмақтың ханы алшағыр

аламын деген не қорлық?!

Мен бір пақыр анаңды

дұшпаннан халас қыла көр.

ықылас атты шашты әзиз

2640


2650

2660


2670

86

батырлар жыры

біздерге жәрдем қыла көр. 

Қарлыға сонда сөйлейді:

—Қасіретті, жан шеше,

көкеме бүгін түс көрдім.

бүгін емес мен кеше

адыра қалған ай балта

тасқа тиіп кетілді,

Қайрасақ тағы жетілді.

тәңірі аямас болар ма

біздей сорлы жетімді.

Мойнымда көк моншақ

бармақ басым жауһардан.

Жете алмады тайбурыл

ақ сауыттың ауырдан.

Қалмақтың ханы алшағыр

Мал алмас еді ауылдан.

бүгінгі күн түсімде,

Өзімнің бабам ішінде,

бұ заманда жан бар ма

Қобылекеңдей пішінде.

Қазанның сырлы қаласын

Жалғыз алып жүр еді.

сарт болмаса пірлерім,

ықылас атты шашты әзиз

аян беріп жүреді.

аюдайын ақырып,

Қараманды шақырып,

Қасына енді келген соң,

Қатын деген бір сөзді

бетіне соғып жүр еді.

Қысқаға ұзын жалғатып,

тайбурыл атты ойнатып,

Қазанды шауып жоқ етіп,

көп қосынға Қобылекем

олжа салып жүр еді.

бүлінбеген ұйқыға,

Жыртылмаған құлпыға,

2680

2690


2700

86

87

қарақыпшақ қобыланды батыр



Жалғыз ағам, жан көкем,

таң ата алып жүр еді

көбіктінің жылқысын.

Жамандатқыр ақмоншақ

Қашып барып еліне,

терлік салып беліне,

көбікті мініп атына,

бұрынғы тартып салтына

көбіктіні өлтіріп,

кемеліне келтіріп,

ағамның құрып айласы,

Өз аттасым Қарлыға

көкеме тиіп пайдасы.

сөйтіп жүрген жан көкем

Қарамандай батырға

көбіктінің қызы Қарлыға

сауғаға беріп жүр еді.

бурыл ақсап қалғанда,

көкем қақсап қалғанда,

Қалың қосын көше алмай

ақсайға қонып жүр еді.

ақырында көп қосын

Жан көкеме қарамай

Жұртына тастап жүр еді.

Жеңешем көмген сары нан

шетінен тістеп жүр еді.

Қоржынға салып жан көкем

аллаға қанша жазықты.

аты арыса, қарны ашса,

керек болса атқа жем

Өзіне қылсын азықты.

Жеңешем көмген қазықты

бурыл ат тауып жүр еді. 

Енді Құртқа сөйлейді:

—аспаннан ай түсірдім,

Хордың қызын құшырдым.

ойпаң жерге ор қаздым,

2710

2720


2730

2740


88

батырлар жыры

ақсұңқар құсқа тор жаздым.

шырағым түзде, мен үйде,

Жарғабында қылғандай,

бибі Фатима, не жаздым?!

биік таудың жылғасы,

бауырында ойнар құлжасы.

әр пендеге бітер ме,

сұлтанымның тұлғасы.

тәңірі неден жаратты

төмен етек ұрғашы.

аламын деп қинайды

діні жаман болмашы.

шырағым сүйген ару денем

бола ма жаудың олжасы?!

Құлыны өлген қулыққа

тай теліген бар ма екен?!

ботасы өлген түйеге

нар теліген бар ма екен?!

сұлтаным түзде, мен үйде,

ақсұңқар құстың орнына

Қарға қонған бар ма екен?!

сары бал қойдым аяққа,

бұғалық салдым саяққа.

Өзім баққан тайбурыл

Менен кеттің қай жаққа?

Мінген атым шалқасқа,

алтыннан таға салдырдым

таймасын деп тау-тасқа,

Қызмет еттім мен жаста.

Қулықтың сүтін еміздім,

бәрекелді дегіздім.

сексен күні біткен соң,

тоқсан күні жеткен соң,

Құнанда емдің, тайда емдің.

бес жасыңа келгенде

бел қызығын көрсін деп,

бес бедеуге салдырдым.

алты жаста ақтаттым,

ат болар деп батырға

2750


2760

2770


2780

88

89

қарақыпшақ қобыланды батыр



сені сонша мақтаттым.

таралып мойны өссін деп,

алты қабат ала арқан

Жібектен есіп сүйреттім.

белде белден өткізді,

бурыл аттың дауысын

Қыз Құртқаға жеткізді,

періштелер жалғасып.

танығансын дауысын

Жалтыр да көлдің қатысын,

тілеп ала барады

алшағыр ханның сатысын.

сатыны тілеп алады,

сатыны тамға салады.

сатыға шығып өрмелеп,

Жан-жағына қарады.

Қобыланды менен бурылды

Құртқаның көзі шалады. 



Сонда Құртқа сөйлейді:

—әуелі алла әл-хамым,

атса мылтық өткізбес,

Үстіңде далда қалқаның.

күнім туды, Құдай-ай,

дұшпан іздеп, жол кешкен

келген екен сұлтаным.

Қайтып келіп қонар ма

ұшып кеткен сұңқарым?!

енді Қобыландыны көрген соң, Құртқаның балқымаған жері қалмай, 

аққан  судай  көңілі  тасып,  аяғын  жылдамырақ  басып,  алшағыр  ханға 

айтқаны.


Құртқа сондай сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—елімді шапқан, алшағыр,

сөзіме құлақ сал, шағыр.

сақтағаны сен итке

2790


2800

2810


2820

90

батырлар жыры

бір тәңірдің бар шығар.

Мінгенде атым кер ме еді,

кекілден аққан тер ме еді.

әкелдің де қамадың,

Жарық сәуле көрмедім.

Құртқа шығып, бой жазып,

далаға шықсын демедің.

рұқсат берсең, алшағыр,

ала қапты алайын,

беліме арқан шалайын.

тезек теріп, бой жазып,

далаға таман барайын.

аянбасаң, алшағыр,

екі құл мен екі күң

бақташыңды сал, шағыр.

теремін деп тезекті

сәске мезгіл болғанда,

шаһардан шығып барады.

бақташысы қасында,

екі құл мен екі күң—

Құртқаменен бесеуі

ақылдаса қалады,

сөзіне құлақ салады.

көрінім жер барғанда,

келді бір сай басына,

отырды Құртқа қасына.

отырып бір сөз бастады,

күң менен құлдар қостады.

бір күң менен бір құлды

осы сайдың басында 

ойнай бер деп тастады.

күңді құлдар ұстады,

бола ғой деп қыстады.

күң менен құл қалған соң,

бойын жазып алған соң,

тақырға тұрған құла қақ,

сөйлеген ғазиз тіл мен жақ,

патшалар мінген алтын тақ.

ала қапты төрт бүктеп,

2830


2840

2850


90

91

қарақыпшақ қобыланды батыр



Жүкті қатын секілді,

ішіне тықты Құртқажан—

Қобыландыны сынамақ.

Қыл қобызға жаққаным

Қарағайдан шайырды.

Үлкен-кіші жамағат

тіріде қайыр бермеген,

ғибадат жүзін көрмеген.

бұл дүниеден өткенде,

ақыретке жеткенде,

білесіз бе байырды?

Мынау шарбақ осы деп,

иә болмаса тұсы деп,

бұл шарбаққа байлаған,

терек басын шайнаған,

шығыршық атып ойнаған,

бурылды Құртқа көріпті.

Құртқажанды көрген соң,

тұлпардан туған тайбурыл

теректегі шылбырды

Жұлып ала жөнелді.

бурылды Құртқа көрген соң,

омырауда он түйме

Құртқа ағытып жіберді.

есіктің алды ағынды,

бола жазды шығынды.

шығынды болмай не қылсын,

сағынып келген бурыл ат

Қолтығына Құртқаның

тұмсығын тығып жығылды.

ат қашқан соң «тәк-тәк» деп,

артынан Қобылан жүгірді.

ат тоқтаған мезгілде

Құртқажанды көреді.

ғашық жарын көрген соң,

артық туған Қобыланды

Құртқаны көріп күледі.

Қобыландыны көрген соң,

бұлаңдаған Құртқажан

2860


2870

2880


2890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет