«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет7/24
Дата21.02.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

етбетінен бір салдым,

Қазір өлтір, міне, бас,

көзімнен аққан, міне, жас,—дейді.

анда Қобыланды сөйлейді,

сөйлегенде не дейді:

—Өлгенше ғұмырың тілеген,

ақ торғынға бөлеген

Өзің әкең көбіктіні өлтірдің,

әкеңнен жақын кім еді?

Қарақыпшақ Қобыланды

танымайсың, нең еді?

осы отырған Қобыланды

не қылғанда саған сенеді?

Жалғыз інің біршымбай

«Жан апа» деп жылаттың,

біршымбайды аттан құлаттың,

ініңнен жақын кім еді?

осы отырған Қобыланды

не қылғанда саған сенеді?

сонда кінә Қарлығаның мойнына ауып, өкіріп жылап қоя берді. сол 

уақытта  жұрт  бәрі  Құдайдың  бұйрығы  деп  Қарлы ға ны  Қобыландыға 

неках  оқып  қосты.  сонан  соң  Қарлығадан  бір  ұл  туды.  ұлдың  атын 

3480

3490


3500

3510


110

батырлар жыры

киікбай қойды. киікбай әм мықты болды. Мықтылығы бөкенбайдан он 

есе артық болды. киікбай дың жағын бөкенбай алып келуге жарамады.

сөйтіп, бұрынғы қазақтың батырлары мұратына жетіпті.

3520


3530

3542


110

Қарақыпшақ деген елде тоқтарбай деген бай болған, оның аналық 

деген  бәйбішесі  болған.  аналық  49  жасқа  келгенше  бала  таппаған. 

содан  кейін  тоқтарбай:  «Жасым  болса  жетіп  келеді,  жас  әйел  алып 

көрейін, бала таппас па екен,»—деп жас әйел алады. одан да бала бол-

майды.  содан  кейін  тағы  екі  әйел  алады,  олардан  да  бала  болмайды. 

перзенттерінің  жоқтығынан  тоқтарбай  талай  жиында  ханнан,  ханның 

уәзірлерінен «қубас» деген сөздерді естиді. оған ол мықтап налиды.

күндердің бір күнінде дәулетіне мас болған бір бай он екі ханның 

қол астына асқа сауын айтады. тоқтарбай өзі бай болғанмен кішіпейілді, 

жарлыларға  етер  жақсылығы  көп,  ізгі  адам  болған.  Өзін  ханнан  кем 

санамаған,  ханға  қарсы  болған.  сондықтан  хан  тоқтарбаймен  өш 

болған.  сөйткен  тоқтарбай  осы  асқа  барайын,  салтанатымды  өзім 

қатарлылардан арттырайын деп сексен нарға саба артады, сексен нарға 

алтын  мен  күміспен  аптап  тігілген  асыл  киімдер,  жиһаздар  артады. 

тоқтарбайдың осындай сән-салтанатпен келе жатқанын хан естіп, өзінің 

бір уәзірін тоқтарбайдың алдынан шығарады, уәзіріне айтқан сөзі мы-

нау болады:—сен тоқтарбайды өткір сөздермен, өлеңмен келемеж қыл, 

баласының жоқтығын айтып бетіне соқ,—дейді,—сонда тоқтарбай осы 

асқа келмей кейін қайтар.

тоқтарбайдың алдынан шыққан уәзірдің айтқан сөздері мынау екен:

—бұл жиынға хан келді,

бай мен бектер паң келді.

кілең байлар саба артып,

бәйбішеменен сән келді.

байтақ ұлан ел келді,

бай сабасы келді енді.

салтанатты байларым,

киім киіп сәнденіп,

үобыланды батыр

(Н. Байүанин нүсүасы)


112

батырлар жыры

ажары топтың өңделді.

байларға мақтау жарасар,

байдың сәнін көргенде

Жоқ, жұқа естен адасар.

байға паңдық миясар,

байым сәнді, сайманды,

асым асқа ұласар.

патшаның нағыз ұлындай,

Өсірген сипап тұлымдай.

бай баласы мырзалар,

бәрі сәнді, білімді-ай,

тәрбие, сәні сайма-сай.

ағып жатқан аппақ май,

Хан мен билер қонақжай.

бай ішінде байлар бар,

ақылға кем, санасыз,

сүйеуі жоқ панасыз.

көп дәулетке мас болып,

Хандарменен қас болып,

тоқтарбай, қайда барасың?

ақылың жоқ, миың жоқ,

көңіліңде білім жоқ.

көтересің кеудеңді,

тоқтарбай, саған сыйлық жоқ.

ұлсыздарға орын жоқ,

Қызсыздарға қызық жоқ.

сен кірмейсің, тоқтарбай,

бай есепке санауға.

сексен нарға саба артып,

тоқтарбай байсың қарауға.

бір күні көзің жұмылса,

Мал мен дүниең кімдікі,

бір күні кетеді талауға.

осыны естіп тоқтарбай

іші оттай күйеді,

күйеді де жанады.

сексен нардың сабасын

Қанжарменен жарады.

10

20

30



40

112

113


қобыланды батыр

төгілген қымыз сабадан

көл суындай ағады.

тоқтарбай қылық бастады,

әсем киім, әсем ат,

түсе қалып тастады,

ашу ерді қаптады.

неге де болса батырды

бір қылыққа бастады.

тоқтарбай сонда сөйледі,

сөйлегенде бүй деді:

—уа, аналық, аналық,

көп мал менен дүниені

енді талақ салалық.

сәуе болса пірлерден,

Жоқты іздеп қаралық.

енді еліме бармаймын,

айтқан серттен танбаймын,

сапарымнан қалмаймын.

Жердің жүзін қыдырып,

көзімнің жасы шұбырып,

Жоғымды іздеп зарлаймын.

басыма жауды қара түн,

Қараңғылық басып мұң,

аналық, айтқан мұңым шын.

Малым бар деп нетемін,

Мүлік, дәулет, көп малды

бүгін талақ етемін.

бір перзенттің зарпынан

Қаңғырумен өтемін.

ей, аналық, аналық,

Қу таяқ қолға алалық.

иесіз малдан пайда жоқ,

иесін іздеп қаралық.

Жәрдем болса алладан,

бір перзентті табалық.

аналық сонда сөйледі:

—уа, тоқтарбай, алғаным,

бір баланың зарпынан

50

60



70

80


114

батырлар жыры

Қайғы отына жанғаның.

төрт қатын еді алғаның, 

одан перзент болмады,

білмеймісің, бейшара,

Жасыңның жетіп қалғанын.

алпыстан асып мінекей,

Жетпіске келдің таянып.

Мен қырық тоғыз жасымда,

Қалай бала табамын?

Үлкейе келді аналық,

сабырлық ет, уа, қартым,

Қайтып елге баралық!

—аналық, тіліңді алмаймын,

ант еткен менің сертім бар,

сол сертімнен танбаймын.

талақ еттім мал-мүлкім,

Қанша айтсаң да бармаймын.

аналық сонда сөйледі:

—олай болса, батырым,

Мақсатың болсын іздеген,

оңға пірлер бастасын.

елуге келді жақындап,

батыр, менің қарт жасым.

Жәрдем болса пірлерден,

табар перзент жас қатын.

батыр, менің тілімді ал,

осы сапар үйге бар.

ақзарбапты қасыңа ал,

Қаразымның шәрінде

әулие, пірлер көп дейді,

ақзарбаппен бірге бар,

пірлерге бар да, тілек сал.

тоқтарбай сонда сөйледі:

—уа, аналық, аналық,

әуелі ант еткен соң,

120 


Қайтып елге бара алман,

ақзарбапты қасыма

Жолдас етіп ала алман.

90

100



110

114

115


қобыланды батыр

осы жолы жолымнан

Қанша айтсаң да қала алман.

Жолдас бол да өзің жүр,

Жақсылық пен жамандық

Жаратқан Жаппар панамнан.

—уа, алғаным, алғаным,

тіліңді айтқан алмасам,

Қиындық екен маған да,

ақыр түбі аңдасам.

амалым бар ма ерейін,

Мұңыңды айтып зарласаң.

Мүсәпір болған тоқтарбай,

кедейге көңілі кеңейді.

әуелден ақ қалыбы

Жарлыны жарлы демейді.

Қайырымды қарт еді,

Жарлыға да мерейлі.

кедейді жиып алады,

Үстінде асыл киімді,

шын кедейге жабады.

асыл киімдерді де,

Қақпа шекпен, жаман тон,

тоқтарбай содан алады.

тимеген кіршік бетіне,

Жібектен бөтен кимеген

аппақ қардай етіне.

аналық беріп киімді,

күң үстіне жабады.

шекпен киген күң байғұс,

Жібекті киді етіне.

еңіреп, жылап, езіле,

Қақпа шекпен жамылып,

аналық жылап, тарығып,

тоқтарбай мен екеуі

еңіреп, өксіп, зарығып,

екеуі де қамығып.

енді тұрсын неғылып,

көзінің жасы төгіліп.

120


130

140


150

116

батырлар жыры

Қатты қайғы зарпынан,

көйлектің бауы сөгіліп.

көп қайғыға шаталып,

Қасіретке маталып.

елуге келген аналық

ықылас күңнен бата алып,

кетуге шықты сыбанып.

бел байлады жүруге

Жылағаннан жұбанып.

—Мүсәпір, пақыр, нашар,—деп,

тоқтарбай айқай салады.

айқайлаған дауыспен

алба-жұлба киімді

кілең сорлы барады.

Үстінде қымбат көп киім,

ортасына жаяды.

киімге жарлы таласып,

төбелесіп жөніне

пақырлар кетіп барады.

—ей, кедейлер, болсын мерейің,

бәріңді бірдей көрейін.

Үстімде асыл киімді

ең сорлы пақыр, жарлыңа

Қолымнан бөліп берейін.

Жалаң аяқ, жалаңаш,

бас киімсіз жалаң бас,

Үстіне киген құрымды,

көрген күні байғұстың

әуелден-ақ бұрынғы

Жасқаншақ болған бейшара

алыста тұрып жылайды.

тоқтарбайдан пақырлар

көйлек, ыстан сұрайды.

әуелден де мейірімді, 

кісі екен, сірә, райлы.

киімі жоқ жалаңаш,

Жарымаған алаң, аш.

тоқтарбай өз көзімен қарады,

160

170


180

190


116

117


қобыланды батыр

пақырларын табады.

Жалаңаштың үстіне

асыл киім жабады.

талайлары кедейдің

киімденіп қалады.

батасын беріп шуласып,

бәрі қолын жаяды,

ақ батасын қағады.

әлқисса, пақырлардан бата алып, тоқтарбай мен аналық жаяулап, 

жалпылап перзент іздеуге сапар шегіп жүріп кетеді. кедейлер мейірімді 

қарттың балалы болуын тілеп қала береді.

Қу таяғы қолында,

көп дәулеттен не көрді.

бір баланың зарпынан

көкірек қайғы, шеменді.

тоқтарбайдың бай басы

аналық пен екеуі

Құл мен күңге теңелді.

ел, мүліктен безеді,

дүние жүзін кезеді.

көзінен аққан қара жас

омырауына төгеді.

күннің ыстық күнінде

талай-талай шөл көрді.

шөлдеуменен меңдеді,

екеуі жылап еңіреді.

Маңғыстаудың бойында

әулиелер көп екен,

пірлерге пақыр келеді.

шетінен түнеп пірлерді,

Қалта толы сары алтын

шырақшыға береді.

Қанша пірге түнеді, 

еш болмады себебі.

Қолындағы таяқтың 

Үш тұтамы қалады.

аяққа киген етіктің

200

210


220

118

батырлар жыры

тек тақасы қалады.

тоқтарбай мен аналық

екі нашар, қос ғаріп,

екеуі де арыпты,

арып, жүдеп талыпты.

тоғыз жүз тоқсан әулие,

баршасына барыпты.

бәрінен себеп болмады,

Қайғы отына жаныпты.

Жылауменен байғұстың

көзінің нұры жойылды.

етігінде ұлтан жоқ,

табандары ойылды.

Маңғыстауда шаһарға,

көрінуге де қорынды.

Қандай болған кісі еді,

осындай халге түседі.

табандары ойылып,

аяқтары іседі.

көрген жолы қиын-ды,

көзден аққан қара жас

Қойынына құйылды,

сонда да пірге сиынды.

тоғыз ай күні өтеді,

Жылаумен өмір өшеді.

Қаразымнан кетеді, 

еш ишарат көрмеді,

түсінде себеп бермеді.

екі пақыр зарығып,

арықтап әбден меңдеді.

күн он бір ай болады,

алба-жұлба болады,

Қайғы ішіне толады.

Қаран күні қараңғы,

Қызыл гүлдей ажары,

Қу томардай солады.

он екі айдың жүзінде

тап сол жылғы күзінде,

бір жер мола кездесіп,

230


240

250


260

118

119


қобыланды батыр

Жер молаға келіпті,

келе сөйлей беріпті.

сол молаға келгеннен

шаршаған көңлі сергіпті.

—ей, жер мола, жер мола,

Мен де сенімен тең мола.

Мені өзіңдей көр, мола,

ықыласым құлады,

Мен де пақыр, сен пақыр,

бір перзентті бер, мола.

басына шырақ жағады,

Қос пақыр түней қалады.

Қатып келген қабағы—

көз ұйқыға барады.

Қатты ұйықтап қалады,

төбеден жұлдыз ағады,

таң сімері жауады.

таң мезгілі болғанда,

таң шабыты толғанда,

тоқтарбай байғұс арманда, 

арманда болған жазғанда,

түсінде аян болады.

көк есегі астында,

ақ шалмасы басында,

бір адам келіп сөйлейді:

—уа, тоқтарбай, тоқтарбай,

басыңды көтер сен,—дейді.

келген пақыр сен бе едің,

Қайғылы болған шерлі едің.

осы жасқа келгенше,

бір перзентті көрмедің.

бір баланың зарпынан

Жердің жүзін кезгенің.

дүние мал, еліңнен,

Қоныс еткен жеріңнен,

талақ етіп безгенің.

Қайырымсыз хандардан,

тоқтарбай, тарлық көргенің.

Қаразымда әулие

270

280


290

300


120

батырлар жыры

саған себеп бермеді.

ықыласпенен түнедің,

ықыласты пірің—мен,—деді.

ей, мүсәпір, болсын мерейің,

Қолтығыңнан демейін.

зарығып келген тоқтарбай,

екі бала берейін.

енді еліңе барыңыз,

зарығып келген тоқтарбай,

Қонды қайта басыңа

бақтан артық бағыңыз.

сүйдеп қолын жаяды,

бір батасын қағады.

ұйқысынан оянып,

бала іздеген тоқтарбай

төңірекке қарады.

ешнәрсе жоқ қараса,

аналықты тұр-тұрлап,

оятып жылдам алады:

—ей, аналық, аналық,

ишарат түс мен көрдім,

бақ-дәулетті кен көрдім.

таң алдында түсімде

екі перзент мен көрдім.

осы көрген түсімде

баланың бірін ер көрдім.

ай менен күннен нұр көрдім,

ер қолында ту көрдім.

ақ бидайдың дәніндей

алтын айдар тұлымды,

нашар да болса білімді,

Қуаныш көрген күнімді,

абырой, әжет, шын көрдім.

тілектесі, сүйеуі—

артынан науша қыз көрдім.

аналық сонда сөйлейді:

—Мен де айтайын түсімді,

түсімде көрген ісімді.

310

320


330

340


120

121


қобыланды батыр

ақбоз орда ішінде

келбеті келген пішінді,

Жауырыны қақпақтай,

Қос шекесі тоқпақтай,

алғыр бүркіт қабақты,

арыстандай айбатты,

Қуанып көңлім жаратты—

ұл перзентті мен көрдім.

тар құрсағым кеңіпті,

тас емшегім жібіпті.

сәулетті, кеңдік заманды

бұл бәйбішең көріп жүр.

бір арыстан, ай нарша

емшегімді еміп жүр.

Қуанышпен шаттанып,

арықтаған екеуі

елге қайтып жөнелді.

ісігі қайтып аяқтың,

көңілі өсіп шат болып,

Жас күніне теңелді.

Жасармай бұлар неғылсын,

шын ишарат көріпті.

көрген түске сеніпті,

көңілі өсіп желікті.

он екі айдың жүзінде

Қайтып елге келіпті.

Малын сойып, ел жиып,

садақасын беріпті.

Қуаныш ойға толады,

елуге келген жасында

аналық жерік болады.

енді бала көтеріп,

баладан кеткен түңіліп,

омыртқасы үзіліп,

бес айдың жүзі болғанда,

іші қалды білініп.

Жеті ай күні толғанда, 

салмағына шыдамай,

350


360

370


380

122

батырлар жыры

еңкейіп жүрді бүгіліп.

тоғыз ай, он күн толады,

туар мезгіл болады.

он алты күн толғатып,

ұл перзентті табады.

аңсап жүрген қос қарттың

Мерейін пірлер қандырды,

Қуаныш көңлін жандырды.

кіндік кескен әйелдің 

осы туған жас бала 

ұйытып қолын талдырды.

ат шаптырып, той етіп,

Халқына хабар салыпты.

ретті тойы парықты,

той қылғаны анық-ты.

алтын қабақ аттырып,

ат бәйгесін шаптырып,

Қуаныш көңілін шат қылып.

сапырулы сары қымыз,

келген жанды мас қылып.

кілтін ақша ашады,

алтын менен күмісті

пақыр, міскін алсын деп,

Қуанышқа шашады.

осындай жиын той қылды,

келген халық баршасын

аппақ майға тойдырды.

алтыннан бесік соқтырып,

күмістен шүмек құйдырды.

Мүсәпір, жарлы адамды,

тоқтарбай жиып алыпты,

есебі жоқ дәулетті

тойға келген елдердің

ортасына салыпты.

аш, жалаңаш адамдар

олжаға байып қалыпты.

ат қоюға тағы арнап,

ту бие мен қомды нар

390

400


410

420


122

123


қобыланды батыр

атаққа арнап сояды.

Құрметі үшін баланың

көп дәулетті жояды.

сағынып көрген баланың

Қобыланды атын қояды.

бірге жасы жетеді,

екіге жасы келеді,

ата менен ананың

сүйеніш бала тірегі.

тағы буаз әйелі, 

пірлерден болған себебі,

Жаз ортасы болғанда,

тамыздың күні толғанда,

бір қыз бала тауыпты.

тоқтарбай қарт жақсы адам,

сабыры көп, білікті.

ер тілегі қабылы—

аналық пен тоқтарбай

Жана бір қыз сүйіпті.

ер мақсаты болған жер,

Мереке тағы той етіп,

шашуына көп ақша,

перзент үшін жойған жер.

осы туған баланың

Хансұлу атын қойған жер.

бірге жасы жетеді,

ата менен ананың

Қуаныш көңлі өседі.

екіге жасы келеді,

сағынып көрген баласын

ардақтап баға береді.

Үшке жасы келгенде,

тілі шығып сайрады.

Қуаныш көңлі жайланып,

төртке жасы келгенде,

балалармен ойнады,

ойынға Қобылан тоймады.

430

440


450

124

батырлар жыры

беске жасы келгенде,

парасат ақыл ойлады.

алтыға жасы барады,

ақыл, сана табады.

Жеті-сегіз жасында

ата менен ананы

Құрмет етіп бағады.

тоғыз бенен он жаста

көп қыпшаққа жағады.

Құрметті Қобылан балаға

Халық ақыл салады.

Қобыланды бала сөз айтса,

Халық қабыл алады.

он бір жастан өтеді,

келбеті келген сияқты

Жас теректей өседі.

он екіге келгенде,

ала тұлпар мінеді,

Үстіне сауыт киеді.

алмас пенен садақты

беліне орай іледі.

арыстандай айбатты

алып-ұшып жүреді.

Үш қырлы жебе көк найза

ордасына сүйеді.

Қобылан атты батырдың

ел тілегін тіледі.

Жаугершілік заман деп,

елді қорғап, бағам деп,

он екіге жас толды.

сүйенді халқым маған деп,

Өзіне қатар баллардан

Қасына жолдас алады,

Қарауыл Қобылан қарады.

Қарауыл қарап жүргенде,

шаң-шұң еткен көп дауыс

Құлағын келіп жарады.

460


470

480


490

124

125


қобыланды батыр

дауысты естіп қызады,

астындағы ала аттың

санына қамшы ұрады.

сол дауысқа барам деп,

ана тауға шығады,

Мына тауға шығады.

сол дауысқа жете алмай,

аң-таң болып тұрады,

Қайтып үйге барады.

—тоқтарбай әкем сен едің,

Жалғыз балаң мен едім.

алыстан естіп көп дауыс,

сол дауысқа жете алмай,

арманда болып келгенім.

осы дауыс не дауыс,

айтып бер, әке, себебін.

—Жақсы айтасың, шырағым,

дауысты байқап сынадың.

сені көрмей тұрғанда

еңіреп, өксіп жыладым.

сені көзім көрген соң,

болып еді мұрадым.

айтпасыма амал жоқ,

Қиылып, ұлым, сұрадың.

осы дауыс себебі:

руы қалмақ ел еді,

есепсіз, сансыз көп еді.

Хабары талып келеді,

дәумаманың аққұртқа

айдан сұлу деп еді.

кемелге келіп сол Құртқа 

теңін тауып халықтан,

сынап береді деп еді.

теңін тауып берем деп,

күйеуін сынап көрем деп,

бек сауытын белсенген.

батыр болса берем деп,

лайығын табам деп.

ардақтаған аққұртқа

500

510


520

530


126

батырлар жыры

кәдірлі жалғыз балам деп.

уәзірлерін жиып ап,

неше күн кеңес қылдырған.

баршасының ақылы

ер қайратын сынауға,

шойыннан терек құйдырған.

ару, сұлу аққұртқа

Майысып тұрған балдырған,

көздің жауын алдырған.

көрген жанның көрікпен

көргенде есін тандырған.

шойыннан құйған терекке

күмістен бұтақ салдырған.

Хабар салған дәумама

он екі ханның еліне,

еліндегі еріне.

беремін деп Құртқаны

Құйған шойын құлатқан

Қайраты асқан еріне.

Қобыланды сонда сөйлейді:

—батаңды бер, ал, ата,

Мен сол дәумаманың шәріне

тәуекел етіп барайын.

бұйыра қойса тұз, нәсіп,

теңімді іздеп табайын.

тегіннен тегін мал бермей,

Қыз Құртқаны алайын.

Құлаққа хабар тиген соң

бармай неғып қалайын.

ердің аты шыға ма,

таңдап тұлпар ат мінбей,

ат құйрығын шарт түймей.

Қолымдағы көк найза

Қара тастан өткізбей.

Өзінің тайпа халығын

тереңдеп тегін қайратпен

ару таңдап қыз сүймей.

несі батыр батырдың—

540

550


560

570


126

127


қобыланды батыр

таңдап жүйрік мінбесе.

шығыршықты көк сауыт

берік сақтап кимесе,

орай садақ, қырық кез оқ

орай белге ілмесе.

Жасанып тұрған сансыз қол,

Жападан жалғыз тимесе.

күні де бір, түн де бір,

Жау ішіне кірмесе.

Қыпша белді, ақ қылаң

тартып алып қайратпен

теңін тауып сүймесе.

ер мақсаты бола ма,

Қайтпай жауға кірмесе?!

Жылқыдан тұлпар мінейін,

шығыршықты көк сауыт

кебінім деп киейін.

тауға салса, тас кескен,

айбаттанса, бас кескен.

Ханнан қайтпас ақ алмас

орай белге ілейін.

батаңды бер, ата-анам,

тәуекел етіп жүрейін.

Мың болмастан сан болсын,

сан жетпейтін қол болсын,

барып жауға тиейін.

Қарт анам мен қарт атам,

сізге тілек саламын.

Мақұл көрсең екі қарт,

осы жауға барамын.

алға басқан жас жанмын,

Қайтармаңыз талабым.

айдан ару Құртқаны

Қалмақтан тартып аламын.

Құртқадан хабар келген соң

бармай неғып қаламын?

талапты туған жас ұлмын,

Қайырмаңыз талабым.

580


590

600


610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет