«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



жүктеу 1.15 Mb.
Pdf просмотр
бет8/24
Дата21.02.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

ұлан байтақ елімде,

болмады менің тұрағым.

Жетпіске жасым жақындап,

болмаған соң мұрадым,

Қу таяғым қолға алып,

пірлерден бала сұрадым.

Жалғызым, тыңда мұңымды,

сені көрмей тұрғанда,

білмеді халық бұлымды.

Жер жүзін кезіп, қыдырып,

Қарт әкең мен қарт шешең,

баладан кеткен түңіліп.

сен туған соң жалғызым,

Қызық көрген күнімді,

Хансұлу мен Қобыланжан,

Өсірдік сипап тұлымды.

дәумаманың  аққұртқа

кемелге жасы толған соң,

анасы оның дәумама

беретін күні болған соң,

он екі ханның еліне

патша хабар салыпты.

көзімен сынап көруге,

лайықты батырдан

теңін тауып беруге.

не келер де, не кетпес,

басы жұмыр пендеге.

620

630


640

128

129


қобыланды батыр

шойыннан терек құйдырған,

Қайраты асқан ерлердің

күшін сынап көрмеге.

Құртқаны берем деген соң

Жиылмасын ел неге!

Құртқаға ғашық сыртынан

келмесін тойға ер неге!

дәумама үкім етті байтақ елге,

дәмелі аққұртқадан талапты ерге.

Мақсаты өзімсініп баршасы да,

айдынды айдан сұлу Құртқа серге.

талабы батырлардың Құртқаны алып,

Мақсаты, бар мұраты шықпақ төрге.

батырлар кезек-кезек теректі атты,

сақ етіп атқан оғы кейін қайтты.

Үсті-үстіне желігіп алмас шапты,

шапқан қылыш өтпеді сол шойынға,

ерлердің мықтымсынған беті қайтты.

көрген жан қызығына батып жатыр,

батырлар кезек-кезек атып жатыр.

оқ тимей бірқатары асып жатыр,

аңсызда бірқатарлар кетті қапыл,

айқайласып қалмақтар шулап жатыр.

Қалыңда, қапылыста кейбір оқтан

бірқатар жан оқ тиіп құлап жатыр.

бір қыз үшін шулаған көп қалмақтың,

талайы аңсыз өліп қирап жатыр.

таланды туған ер Қобылан,

Қарауыл тағы қарады.

ақсұр аты астында,

тау басына барады.

ер қаруы—бес қару,

айқара бойға асынып,

Қарауыл тағы қарады.

Қарауыл қарап тұрғанда

Үш жолаушы тап болды.

650


660

670


680

130

батырлар жыры

аққұртқаның тойының

Хабарына Қобылан қанады.

Қобыланды батыр желігіп,

тоқтарбай мен аналық

екеуіне барады.

—әкем, шешем сен едің,

Жалғыз балаң мен едім.

аққұртқадай арудың

Хабарын естіп қуанып,

шын желігіп келемін.

Жақсылық пен жамандық

Маңдайымнан көремін.

анам менен қарт атам,

батаңды берсең деп едім.

ықыласпен бата бер,

батаңды берсең барамын.

егер бата бермесең

Қайырдың ердің талабын.

ықыласпен қол жайсаң,

Мен Құртқаны аламын.

ілгері басқан перзенттің

Қайырма, ата, талабын.

Хабарына ғашықпын,

бармай неғып қаламын.

сонда атасы сөйлейді:

—балалықпен, балам, айтасың,

айтып тұрған ол жерің

адам барар жер емес,

барам деуің жөн емес.

сан жетпейтін халықтың

ерлері сенен кем емес.

балам, бекер бармаңыз,

бармаған болар пайдаңыз.

әкең менен шешеңнің

сөзін тыңдап, аңдаңыз.

беркіндегі қалың ел, 

есебі жоқ сансыз жау, 

оған болмас айлаңыз.

сонда Қобылан сөйлейді:

690


700

710


720

130

131


қобыланды батыр

—Жеделденген балаңмын,

бармағаным мін болар,

батырлыққа кір болар,

Менен артық кім алар.

бармай қалсам егер де,

ерлігіме сын болар.

сонда анасы сөйлейді,

сөйлейді де толғайды:

—Қайырылмайсың, шырағым,

Жасы жеткен бабаңа.

бермеймісің шын тілек

тоғыз ай, он күн көтерген

тілеп алған анаңа.

бөтен жерден теңің тап,

байтақ елден қара да.

—көңілім, анам, желікті,

Қанша айтсаң да тұра алман,

Өтінгенмен тіл алман.

беренгі сауыт белсеніп,

Қайратыма сия алман.

Жақсылық пен жамандық—

Жазған шығар бір аллам.

айдан сұлу Құртқаны

терімді төгіп алармын

он екі ханның ерлері—

берік тұрған құралдан.

—әкеңнің тілін алмадың,

анаңның айтқан сөзіне

Құлағыңды салмадың.

Қайсар туған ер Қобылан

Жеделіңнен танбадың.

оңай болмас, шырағым,

он екі ханның қол асты

елін жеңіп түп-түгел,

Құртқаны тартып алмағың.

сонда Қобылан сөйлейді:

—ажалым жетсе өлгеймін,

Қабыл болса сапарым,

Құртқаны алып келгеймін.

730

740


750

760


132

батырлар жыры

Қолда тізгін барында,

ерліктің қонған бағында,

Қолымдағы көк қылыш

Қалмаққа қарсы сермермін.

Өтінбе, әкем, қарт шешем,

Өтінгенмен көнбеймін.

берік асындым бес қару

Өзіме өзім сенгенмін!

әкесі мен шешесі

шарасыз қолын жаяды,

екеуі бата қағады.

ата менен анадан

батыр туған ер Қобылан

ықыласпен бата алады.

ақ боз атпен жарқылдап,

белінде қылыш сартылдап,

Қобыланды кетіп барады.

күні бес күн болады,

алтыншы күнге толады.

Қарашоқы басынан

Қарауыл Қобыланды қарады.

шулаған халық дауысы,

Құлағын ердің жарады.

тағы бір күн жорытты,

астындағы ақ боз ат

ор қояндай орытты.

Қобыланды мықты шонықты,

алдынан тура батырдың

бір қара оба жолықты.

Қара обаға барады,

Қарауыл Қобылан қарады.

есебі жоқ әскерді,

Жиылған сансыз халықты

ердің көзі шалады.

күш қайратым көрсін деп,

батырлыққа сенсін деп,

айбатыма шыдамай,

күннен сұлу Құртқаны

еркімен жаулар берсін деп.

770


780

790


800

132

133


қобыланды батыр

екпінінен садақтың

Жолдағысы өлсін деп.

садақты толғап алады,

алыстан көрген қалмаққа

Қобыланды тартып қарады.

тоқтайтұғын оқ емес,

зулап кетіп барады.

Жолындағы жаулардың

Қабатынан келгенді

Қабаттап өтіп барады.

Қыл жалаулы жаулардың

талайларын қағады.

оқ өткенде тулады,

ағып қаны зулады.

оқ екпінін көрген соң,

он екі ханның қол асты

Қойдай маңырап шулады.

Қырық қызы бар қасында,

алтын телпек басында.

кемалға келген жасында,

Гауһар моншақ шашында,

Қиялға келді аққұртқа

ақылға асқан асылға.

Мамекелеп дәумаманың

осындай тұрды қасында.

—көңілімді айтайын,

ал тыңдашы, мамам-ай.

білгенің болса тура айт,

ал, мамеке, маған-ай,

Өтінем, анам, саған-ай.

Қайдан шыққан бұл садақ,

Қабат келген ерлерден,

Қабаттап өтіп барады-ай.

кейбір шеттеп кеткен оқ,

шойын терек бұтағын

Қу ағаштай қағады-ай.

Мынау кімнің ұлы екен,

батырлығы шын екен,

810


820

830


134

батырлар жыры

көңіліме жағады-ай.

тұрған жерден жақындап,

Қобыланды бермен келіпті.

шойыннан құйған теректі

көзбен байқап көріпті.

садақ толы жебені

сарыжаға керіпті.

ырғап келіп алыпты,

тартып келіп қалыпты.

шойыннан құйған теректі

ортасынан жарыпты.

соны көріп сасады,

он екі ханның қол асты:

—екі атқаны мынадай,

Үшінші атса қырады-ай.

екпінін көріп шыдамай,

самсап тұрған көп қалмақ

Қашуға бет бұрады-ай,

атына қамшы ұрады-ай.

енді қалмақ қашады,

атқа қамшы басады.

ерсініп тұрған қалмақтар

Мұзбел деген таулардың

ар жағына асады.

Қорқып қалмақ сығынды,

сығынбай қалмақ неғылсын,

көк сауытты Қобыланның

Мықтылығы білінді,

дұшпандар жаннан түңілді.

Қалмақтар қашып тарады,

ару, сұлу, ақ Құртқа—

дәумаманың қарағы.

не қылса да бұл Қобылан

Қыз Құртқадай арудың 

сынағына жарады.

Қашып қорлық көргенше,

Қасына жақын келгенше,

оттай іші жанады.

840

850


860

870


134

135


қобыланды батыр

—ал, мама, ақыл салайын,

ақылдасып қарайын.

Мамеке, тіліңді алайын,

сынадың ердің талайын.

кімдер мықты, кім осал,

Қайсысына енді барайын?

—Жақсы айтасың, шырағым,

Мақсатпен болды мұрадың,

ерлерді байқап сынадым.

Өмірі ұзақ, ұзын жас,

Жолдаспен болар тұрағың.

дәумама анаң сынады-ай,

көңілім тоқтап тынады-ай.

алыстан тартқан садақ оқ

ғайыптан зулап шығады-ай.

Құйған шойын бұтағы,

тұс-тұсына құлады-ай.

он екі ханның ерлері

Мықтылығын көрген соң,

бәрі қашты шыдамай.

сынауым шайтан болмаса,

таланды туған жас,—дейді.

Қобыландыдай жас бала,

Хабарыңды естіп, Құртқажан,

келген шығар шыдамай.

әруақты ердің данасы—

тоқтарбайдың баласы.

ақылды ата-анасы,

ғайыптан келген осы ер

Қобыланды шығар шамасы.

Қызым Құртқа, бағың бар,

Жолына кілем салыңдар.

Қырық қыз жолдас қасыңда,

салтанат, сәнмен барыңдар.

дидар жүзін көріңдер,

табанын жерге тигізбей

көтеріп алып келіңдер.

айбатты туған Қобыланның

880


890

900


910

136

батырлар жыры

дидарын, қыздар, көріңдер.

сөзіне кемпір қандырды,

Қызметкері, қырық құлға,

Қобыланның жүрер жолына

төсетіп кілем салдырды.

кілең жібек кигені,

салтанат сәнмен жүргені.

табылды деп Құртқаның

Халықтан таңдап сүйгені.

айдан сұлу Құртқаның

Халықтан іздеп жүргені.

Қырық қыз бар қасында,

алтыннан тон жамылып,

оттай беті қабынып,

ғашық болып Қобыланға

көргенінше сағынып.

асық болған сұлу жар

шыдап тұрсын неғылып.

Қырық қызбенен қылаңдап,

аққайраңдай сылаңдап,

нәзік белі бұраңдап.

кербездікпен керіліп,

басуға аяқ ерініп,

ер Қобыланды көргенше,

Қуанып Құртқа желігіп,

Қос шашбауын тебініп,

алдынан шығып барыпты,

көрісіп қолын алыпты.

Қуанышты көңілі

Қобылан менен Құртқаның

Қосылған күні анық-ты.

Қырық қыз жолдас қасында,

Құшақтасып баршасы,

Құртқаның мекен-жайына

Қызықпенен барыпты.

батыр Қобылан келген соң,

дәумама ерді көреді.

Қуаныш етіп көңілі,

920

930


940

950


136

137


қобыланды батыр

ерлігін сынап сенеді.

Қуанышты қызық той

Мереке еткен жері еді.

елі-жұртын дәумама

басын құрап жияды,

Халықтың басын құрады.

отыз күн ойын, қырық күн той

осындай қызық қылады.

Қобыландыны жақсы қарады,

Қару-жарақ асынып,

Қобыланның жатқан алтын үй,

Қырық жігіт беркін бағады.

—ей, Қобыланды ер, Қобыланды ер,

көңілімде айтарлық,

батыр, сізге сөзім бар.

Қарақыпшақ елің бар,

Жетпіс күн болды келгелі,

Қайтатын елге жөнің бар.

Жан жолдасым сен едің,

сұлу Құртқа мен едім.

ғашық болып қосылған

сүйіскен жолдас тең едің.

көңілімдегі сөзімді,

айтатын, батыр, жөнім бар.

келгеніңе көп болды,

Қарақыпшақ елің бар,

еліңде құрбы, теңің бар.

біраз болды жатқалы,

Қайтатын елге жөнің бар.

келгеніңе көп болды,

Қарақыпшақ елің бар,

кеткеніңе көп болды,

ағайыннан араңыз,

ақылға салып қараңыз.

Жалғыз ұлын сағынып,

тарыққан ата-анаңыз.

ерде болады даналық,

Өзіңе ақыл салалық.

960


970

980


990

138

батырлар жыры

Мақұл көрсең ер Қобылан,

енді еліңе баралық.

сонда Қобылан сөйлейді:

—алған жарым сен едің

байтақ жұрттан қалаған.

Жан жолдасың мен едім

Өзіңмен қатар балаған.

ұлықсат болса, кетелік

дәумамадай анадан.

дәумамадай анаға 

Хат жазамын мен,—деді.

Жан жолдасы аққұртқа:

—айтқаның тура жөн,—деді.

ер игісі доста бар,

әуелден нақыл сөз еді.

дәумамадай анадан

ұлықсат сұрап қарайын.

ұлықсат болса анадан,

Қайтуға пұрсат алайын.

Қарақыпшақ халқымда

білікті талай данам бар,

сағынған ата-анам бар.

асыл ердің белгісі,

Үлкеннің қақын тамамдар.

«дәумама атты анайым,

ұлықсат берсең қайтуға,

енді еліме барайын.

Жасы жеткен екі қарт

сағынған ата, анайым.

Қобылан қашан келер деп,

көзі талып телміріп,

тұрған қыпшақ ағайын»—

осылайша хат жазып,

дәумамаға беріпті,

Хатын оқып көріпті.

Қобыландының сөзіне

шешесі әбден сеніпті.

ақылдасып ойласқа

1000

1010


1020

138

139


қобыланды батыр

Өзі менен жолдасқа

келің деп хабар беріпті.

білімді би мен ер келді,

азамат ерлер тең келді.

келген сонша халыққа

дәумамадай дана адам

тура сөз айтып сөйледі:

—Мақұл көрсең, елдерім,

ел ішінде ерлерім,

білікті би мен беглерім,

аққұртқам менің ардақты,

Қобыланды батыр—бергенім.

келгеніне көп болды,

Қайтамын деп ер Қобылан,

сағынған Қыпшақ елдерін.

Мереке тойын қылалық,

астана елді жиялық,

Халықтың басын құралық.

аққұртқаның қызығы—

тойға малды қыралық.

Мерекеге ел жиылып,

есепсіз жылқы, қой қырды.

келген халық баршасы 

арақ пенен шарапқа,

келген жанды тойдырды.

алтын қабақ аттырып,

ат бәйгесін шаптырып,

сапырулы сар қымыз,

келген халықты мас қылып.

ортасына ту тігіп,

Қуантып елді шат қылып.

сексен нардың үстіне

есепсіз жасау арттырып,

Жібектен арқан тақтырып.

тәрбиесін өзгеден 

анағұрым арттырып.

Өзге той мұндай болған жоқ,

талай патша қыз берген,

Мұндай дәулет жойған жоқ.

1030

1040


1050

1060


140

батырлар жыры

Қызмет қылды дәумама,

Жалғыз қызға қорған боп.

күміспенен күптеген,

алтынменен аптаған.

Мереке талай той болды,

Мұнан еш той аспаған.

Қызға берер жүктерін

кіл жібектен қаптаған.

Қазына сансыз пұл берді,

Мерекелі бұл тойды

дәумама дана үлгерді.

Қобыланға қызмет етуге

Жалшы берді, құл берді.

Құртқаға қызмет етуге

салтанатқа күң берді.

бір-біріне жарастық

алтын шашақ ту берді.

тәрбие мен қонағын

патша әйел үлгерді.

сексен нарды арттырып,

Қобыланның еліне

көш тарттырып жүрді енді.

әлқисса, Қобыланды батыр көшпен біраз жол жүріп келгеннен кейін, 

көшті өз елінің жолына салып: «енді ел жақын, біздің елдің жайлауына 

келдік. енді көштен озып елге хабар берейін, қалған жерге өздерің көшіп 

келерсіңдер, мен озып елге хабар айтайын»,—деп жүріп кетеді. Құртқа 

көшке  басшы  болып  қалады.  Қобыландының,  яғни  тоқтарбайдың  көп 

жылқысы мекен етіп жайылып жатқан бетегелі, шалғынды жердің ор-

тасыменен жүріп, ортасы шұқырайып жайылып жатқан көп жылқыны 

қақ бөліп ортасынан жүреді. Жылқы жайылып жатқан жердің бір жағы 

жазық, бір жағы көл еді, бір жағы дөң еді. тоқтарбайдың бас жылқышысы 

Өтеміс деген ер еді. бұл көштің алдынан шығып, ол Қобыландының тап-

сыруы бойынша, көшті тосып алады. Қобыландының тапсырып кеткен 

сөзі бар еді: «ендігі қалған жерге көшті бастап елге алып барасың» деп 

еді. Өтеміс көшке келіп ару Құртқаны көреді, дидарласып сәлемдеседі. 

көш  үстінде келе  жатқан  сұлу  Құртқа  көп  жылқыға  көзін  салып  келе 

жатып,  қысырақтың  үйірінде  желіні  дертіп,  қарыны  жер  сызып,  туар 

мезгілі таянған кер қулықты көреді. көштен түсіп, жаяулап барып кер 

1070

1080


1090

140

141


қобыланды батыр

қулықтың алды, артына шығып сынап қарайды. кер қулық тұлпар таба-

тын жануар екен, ішіндегі құлыны тұлпар екен деп сынайды.

Қулықты Құртқа сынады,

әрбір мүше, тәндері

аққұртқаға ұнады,

көрген соң көңлі тынады.

бір ауыз сөз сол жерде

Өтемістен сұрады:

—биесі болса атамның

Өтінем сізге мен,—деді.

Жасы жеткен атамның

сенімді ері—сен,—деді.

кер қулықты атамнан

көрімдікке сұраймын,

атайға хабар бер,—деді.

Өтінемін атамнан

баласындай көрер деп,

атекем маған сенер деп,

дәме етемін атайдан

Қысырақта кер қулық

көрімдікке берер деп.

көрімдікке бермесе,

беруді мақұл көрмесе,

келініне сенбесе,

бермегенім жөн десе,

Қоңсы болып қонбаймын.

көрімдікке алмасам,

Қайғылымын, оңбаймын.

осы жерге қонамын,

кер қулықты алғанша,

Мен Қыпшаққа бармаймын,

айтқанымнан танбаймын.

атам берсе қулықты,

еншіме соны арнаймын.

еншіме оны бермесе,

Қайғылы, мұңды келінмін,

Жылаймын да, зарлаймын.

сүйдеді де аққұртқа,

1100


1110

1120


142

батырлар жыры

Қонып қалды көліне.

Жылқышының қос тіккен

Мекендеген жеріне.

Өтеміс кетті хабарға

тоқтарбай қарттың еліне.

ертең тал түс болғанда,

аттан түсіп Өтеміс

сәлем берді иіліп,

сексенге келген тоқтарбай

даңқы күшті еріне.

азаматтар жиылып,

кеңес еткен күн еді,

тоқтарбай қарттың төріне.

әлқисса,  Өтеміс  тоқтарбайдың  үйіне  кіріп,  төрде  отырғандардың 

барлығына сәлем береді. амандасып болғаннан кейін отырған жұрт:—

алдынан қыз, келіншек кетіп еді, келіннің көші жақындады ма, неғып 

кешігіп  жатыр?—деп  сұрады.  сонда  Өтеміс  тұрып:—аққұртқа  көп 

жылқының ішінен қысырақтың үйірін көрді, оның ішінен кер қулықты 

көрді.  алды,  артына  шығып  сынап,  «осы  кер  қулықты  атам  маған 

көрімдікке  берсін,  енші  етемін,  осы  хабарды  атамның  құлағына  сал, 

не дер екен, айтқан сөзін алып кел» деді. соған мені жіберіп еді, кәзір 

келіп  отырған  жұмысым  осы,—деді.  егер  кер  қулықты  бермесе,  онда 

атамның мені қайғыландырғаны деді. сонда отырған халық ду ете қалды, 

келіннің сұраған кер қулығын беру керек, өз балаңнан аяйтын нең бар 

деді. сонда тоқтарбай қарт:—ердің жеті дұшпанының бірі әйелі деп еді, 

кер қулықтың ішінде тұлпар бар, мен оны көрімдікке бере алмаймын. 

Қобылан мен Құртқадан бөлек жинайтын малым да жоқ, бірақ сонда да 

кер қулықты беруге сене алмаймын. Мал-мүлкім екеуінікі, қанша сұраса 

да,  не  сұраса  да  басқасын  сұрай  берсін,  тек  кер  қулықты  сұрамасын. 

Мал-мүлкімнің  қожасы—Қобылан  мен  Құртқа.  Өлерімнің  шағында, 

сақалымның ағында керқулықты өзімнің еншіме алып қаламын. сонда 

Өтеміс былай дейді:—отырған халық тыңдаңыз, Құртқаға кер қулықты 

бермесеңіз,  көп  қайғы-қасірет  түсетін  секілді.  о,  халық,  кер  қулықты 

берген  мақұл  ма,  бермеген  мақұл  ма,  өздерің  ақылдасыңыз.  сонда 

аналық:—ей, тоқтарбай, Қобыландыны көрмей тұрғанда қандай едік. 

тілегеніміз болған соң Қобыланды кемелге келіп, он екі жасқа толған соң 

жат жұртқа барып өзінің теңін тауып алды. Қобыландының жан жолдасы 

1130


1140

142

143


қобыланды батыр

Құртқаның тілегін бермей, тауын қайырғаның қалай, кер қулықты сен 

бермесең де, мен беремін, алсын,—дейді. отырған халық осы сөзге ырза 

болып, тоқтарбайдың билігін алып, кер қулықты көрімдікке бермек бол-

ды. көп жолдаспен қыз Құртқаны көшіріп, отауды тоқтарбайдың қасына 

әкеліп қондыруға Өтеміс жүріп кетеді. Құртқаның алдынан шыққан қыз-

келіншек, бозбала жарастықты сауыт-сайманымен Құртқаның қостанып 

жатқан жеріне барып, көлден көшіріп елге жүре бастайды. Құртқа кер 

қулықты өзінің еншісіне берілгендігін естігеннен кейін жылқыдан кер 

қулықты ұстап, көшпен бірге алып жүреді. «осы қулықты бөлек бағайын 

деп едім» деп, көшіп келгеннен кейін өзіне арнап отауын тіккізеді, са-

рай  салғызады,  сарайдың  ішін  терең  етіп  қаздырады.  аяғына  қатты 

жер тимесін деп астына кілем жайдырады, салқын тимесін деп жарға 

кілем  ұстайды.  сөйтіп,  кер  қулықты  осылай  бағады.  тоқтарбай  қарт 

баласының жат елге барып, аман-сау келгеніне жана сұлу Құртқа секілді 

келіннің құрметіне астана жұртын жинап, үлкен той етеді.

Жер астында ардақтап,

кер қулықты бағады.

асты, үстін құрғатып,

Жеті жігіт жақсы қарады.

Жібектей жал мен құйрығын

Жез тарақпен тарады.

туар күні таяды,

Жұмсаққа құлын түссін деп,

астына кілем жаяды.

Қалың кілем үстіне

Мақпалдан төсек салады.

тоғыз ай күні толыпты,

туатын күні болыпты.

Маңынан бие кетпе деп,

Қыдырмаңыз шетке деп,

Мақпал төсек үстіне

аяғын жерге тигізбей,

көтеріп қолмен тудырың.

егер сендер үйтпесең,

Мойныңда болар өкпе деп.

Құлынның қалай туғанын

білдірмеңіз шетке деп,

болмасын дабыл көпке деп,

1150


144

батырлар жыры

Жетеуі жақсы қарады.

бие қашан туад деп,

ұйықтамастан бағады.

төбеден жұлдыз ауғанда,

түрегеліп кер қулық

торы құлын табады.

Қалғып кетіп бір жігіт,

Жаңа туған құлынның

Жерге тиді аяғы.

ілініп кеткен жігіттің

Қалғыған ғана кезі еді.

тәрбиемен тусын деп,

Жігіттерге Құртқаның

осылай айтқан өзі еді.

аяғы жерге тигеннен

тобығы меңді болғаны—

Жерге тиген себебі.

Жаюлы тұрған жібекке

туған шақта жас құлын,

тіке түссін деп еді.

кемелге құлын келген соң,

Үстіне қатты тигізбей,

Мақпалдан жабу жаптырды.

Мойнына қатты тигізбей,

Жібектен арқан тақтырды.

тәрбиемен өссін деп,

сары балға тамдырып,

торышаның көңілін

шын өсіріп шат қылып,

Жетеуіне қаратты, 

шыны бағып қарапты.

күн-түн сайын торының

тарақпен түгін таратты.

әлқисса, ендігі сөзді Қырымның қырық батырынан естіңіз.


Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет