Мәдениет анатомиясы Лектор: Ы. Ж. Анламасова аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі



бет1/6
Дата27.10.2022
өлшемі24,79 Kb.
#45757
  1   2   3   4   5   6

Мәдениет анатомиясы

Мәдениет анатомиясы

Лектор: Ы.Ж.Анламасова аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Мәдениет кеңістігі


  • Мәдениеттің элементтері- қарапайым ұяшықтарымен анықталады (мінез-құлық, дәстүр, киім үлгісі т.б)

  • Мәдениеттің жыйынтығы- парадигмалар, мәдениеттің бет-бейнесі, мәдени қойылымдар кіреді.

  • Субмәдениет-мәдениеттің ішкі заңдылығына бағынатын норма, ереже, тәртіп(қоғамдағы әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты пайда болған мәдениет) Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Жастар мәдениетіндегі оқшауланған түрін айта аламыз.

  • Контрмәдениет-мәдениеттегі құдіреттілікке қарсы тұратын ұғым. 60-70жылдары батыс елдерінің арасында таралған қазіргі буржуазиялық мәдениетке рухани қарсылықты көрсету формасы.

Белдеулік мәдени формалар


  • когнитивті парадигмалар

  • құндылықтық парадигмалар

  • реттеуші парадигмалар

Мәдениет анатомиясы ішкі құрылымға кеңістігін түбірінен талдауды қажет етеді. Бұл мына мәдениет формаларын қарастырады.


  • Миф

  • Өнер

  • Дін

  • Мораль

  • Философия

  • Құқық

  • Саясат

  • Ғылым

  • Техника

Миф

Миф сөз этимологиясында жақсы дамыған көне көзқарастың алғашқы типі. Аңыз әңгімелерден, қиял ғажайып ертегілерден қалыптасқан нақты шындыққа жанаспайтын ақпарат. Адамның ақыл есі, ой санасы, өзін өзге дүние әрекетімен байланыстыра отырып, қиял жетегіндегі құбылыстарды баяндайтын көзқарас типі. Миф көне дүние еншісінде ғана емес бүгінгі күнде де өз белсенділігін еркін қарастыра алады. Қазақ мифологы С.Қондыбай өз зерттеулерінде дәлелдеп берген. Мифология ғылымында адам өз әлемін табиғат ортасымен байланыстырып қана қоймай сол әлемнің билеушісіне айналады. Мифтік таным адам жаратылысын табиғат пен хайуандар әлемінен де тыс қалдырмайды. Мифтік әрекеттерде мәдениет өз құндылығын жоғары деңгейде түсіндіре алады. Бұл алғашқы кездегі адамдардың тәртіп, ереже, қағидасының бұзылмағандығының дәлелі болса керек. Мифтердің мәні мен типтері мифтердің сипатты белгілері, мифологиялық ойлау логикасы, мифтің қызметтері, заманауи мифология т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет