Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс



Дата24.02.2022
өлшемі29,88 Kb.
#26359

оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті


Эссе

Тақырыбы: Мәдениет рәміздері және оның мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы

Дайындаған: Асилхан .Н

Тексерген:Сенгирбаева З.

Тобы 1301-31

Мәдениет рәміздері және оның мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы



Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев.

Сократ, Спенсер, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы «технологиялық мәдениет», «еңбек мәдениеті» ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт болып табылады. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан құдайлар берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле жаладан қорғады. Сондықтан эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді.Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі».Бүгінгі таңда жаппай жаһандану жүріп жатқан уақытта, қазіргі жер шарындағы халықтардың айтарлықтай бөлігі өзінің тілінен, ұлттық ерекшеліктерінен айырылуда. Демек, қазақ этносының тілі мен ділі, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде өнерінің қазіргі кезеңде сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін міндеті болып отыр. Қазақтың дәстүрлі коммуникациясының семиотикалық үрдістері әлі күнге дейін көбіне классикалық талдаудың талдаудың үлгісінде зерттеліп келеді. Семиотикалық тәсіл дәстүрі мәдениеттің бірыңғай мәтінін біртұтас коммуникациялық жүйе ретінде, әрбір рәміз- таңбаның басқа таңбалармен ара қатынасы түрінде қарастыруға мүмкіндік береді.Қазіргі коммуникациялық суреттемелерде ұлтсыздандырылған тұоғасыздандырылған рәміздерден гөрі этномәдениеттердің төлтума белгілерін сақтайтын рәміз- үлгілер жоғары бағаланады. Зерттеудің көкейкестілігін " Басқаны түсіну алдымен өзіңде таны!" деген ұстаным арқылы жеткізуге мүмкіндік бар. Әрбір адамның құнды екендігін мойындау сол адамдарды тұтастандырып тұрған этномәдениеттің де құндылығын мойындамау болып табылады.Ұлттық рәміздер Елтаңба мемлекеттік Байрақ, Әнұранымызда айшықты көрініс тапқаны белгілі. Оларда ұлттық болмыс пен мәденидаму бағдарлары стратегиялық тұрғыдан түйінделген. Шексіз көкте самғаған қыран, кедергіге тоқтамайтын пырақ, мәңгілікке меңзейтін ою- өрнек және т.т.с. бұл кімді болса да толғандырмай қоймайды.Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген. Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз үғым. Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр. Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар.Ал, енді саяси тұрғыдан келсек рәміздер – мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазіргі Қазақстан аумағында ерте дәуірден бері талай мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген.Діни рәміздер киелі идеалдармен қабаттасып, діннің тілін құрайды. Теология мен философиядағы рәміздер –ең жоғарғы шектер, олардың шыңдарынан универсум әр кезде жаңаша байқалып, олардың санадағы теориялық білімдердің басқа қырынан қаралуына жағдай жасайды. Рәмізде ол туралы жалпы түсініктер мен когнитивті білімдер синкреттеліп біріктірілген. Рәміз – бүркеулі мағынаны ашатын бейне, ал діни рәміз – бұл абсолютті құпияларды көрсету формасы. Рәміздің мағынасыоны құраушы бейнелімдермен біртұтастықтаболып,шексізкөпмағыналықпен ерекшеленді. Діни рәміз ерекше көрініске ие және онда абсолютті шындық жасырылған, яғни рационалды иррационалдылықпен бірге бітіскен.Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Кез келген өркениетті елге тән ортақ ұқсастықтар мен рухани құндылықтар болады. Ту, Елтаңба және Әнұран – солардың бірегей нышандары. Өйткені, бұл рәміздер әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдірумен қатар, елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, жүректегі патриоттық сезімді оятатын, Отанды, жерді сүюге жетелейтін, ерлік дәстүрлер мен сабақтастық рухында тәрбиелеуге жұмылдыратын айшықты белгілер саналады. Еркіндігіміздің Көк байрағы көкте желбіреп, Елтаңба төрде орнығып, Әнұран шырқала орындалғанда, ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған елдік қалпымыз бен сүттей ұйыған тірлігімізге, дербес саяси және экономикалық даму жолына түскенімізге шүкіршілік айтып, толқымайтын жан, селт етпейтін көңіл болмас, сірә!  Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолында өзінің мемлекетіне деген терең патриоттық сезім де, жалпылық сананы жетіктірудегі қазақ тілінің тірек боларлық рөлі де бас көтерер азаматтардың айқын мақсатты әркеттері де, тарихи сананы қалпына келтіру де, бәрі-бәрі барша қазақ ұлтының басын біріктірер бастаулар болып табылады .Қазақ хандығы ХҮ ғасырда, яғни 1465 жылы тұңғыш құрылса, арада 535 жыл өткеннен кейін Қазақстан нағыз тәуелсіз мемлекет екенін жариялады.Қазақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал 1992 жылы 4 маусымда ұлттық болмысымызды айқындайтын рәміздеріміз дүниеге келді. Рәміздер – отан тарихының әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негзгі фактор Мемлекетіміз саяси салмағы жағынан ілгерірек тұратын басқа елдермен иық теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды. Тәуелсіздік талай игі істерге қол жеткізді.Еліміздің тым ерте заманда-ақ отбасылық, тайпалық, кейінірек ұлттық рәміздері болған. Таңба, ту, белгі, ұран адамдарға рух береді, сондықтан рәміздерді рухани байлығымызға теңестіруіміз керек. Негізінде ең көне рәміздерге тотемдік белгілер жатады. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады. Қазақ халқы мен мемлекеттігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Өзіндік қызықты тарихы бар. Бұл – халқымыздың, Республикамыздың тарихы. Оның тарихын, мән-мағынасын түсіну, құрметтеу адамгершілігіміз бен мәдениетіміздің айғағы болмақ .Әрбір мемлекет үшін Отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранынқастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн»-дейді .Жаңа негізі қаланған жас мемлекеттердің қай-қайсысының да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі – елдің туын, елтаңбасын, әнұранын сайлап алу. Өйткен, бұл рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады.Мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілінде де сөйлейді.Мектептегі оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білім деңгейінің өлшемі:

- Қазақстан Республикасы рәміздерінің авторларын білу;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің түсінің, пішінінің, элементтерінің мәнін білу;

- Қазақстан Республикасының Әнұранын мемлекеттік тілде орындай білу;



- Кез келген жағдайда Қазақстан Республикасының рәміздері жөніндегі білімдерін іс – жүзінде қолдана білу.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Тудың жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ал Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Республикамыздың Әнұранын ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, ал әнін Шәмші Қалдаяқов жазған. Бүгінгі таңда елімізде 130 – ға жуық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату – тәтті бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақ жеріне әр түрлі себептермен қоныс аударған көптеген ұлт пен ұлыстардың бірлігін қазақ халқы үлкен парасаттылықпен бірлікке үндей отырып сақтап келеді. Соның арқасында қазақ және басқа этностарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ісі әрі қарай өз жалғасын табуда. Адамдар арасындағы достық қарым – қатынас, әлеуметтік топтар мен халықтардың жалпыұлттық келісімде өмір сүруі дамудың маңызды факторы болып табылады.Мемлекеттік рәміздер – жас, тәуелсіз мемлекетті және тарихи дәстүрлердің сабақтастығын куәландырады. Сондықтан әр адам үшін қасиетті отанының мемлекеттік нышандарына деген құрмет пен сүйіспеншілік өскелең ұрпаққа беріліп отыруы қажет. Мемлекеттіліктің нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бақтардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің рөлі мен мәнін түсініп еліміздің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республикаының мемлекеттік рәміздерін құрметтемеген үшін жауапкершілікке тартылатынын сезіну кереу. Қазақстан Республикасының мемлекеттің рәміздерінде Республикамыздың атына тән жоғары адамгершілік құндылықтар, таңдаулы дәстүрлер мен әдет – ғұрыптары туралы көзқарас үйлесімді ұласқан. Зеңгір көк түс – біздің ғаламды, аспанды, ауаны және құрлықты бейнелейді. Зеңгір көк түс бірлесу идеясына берілгендігін бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар барлық қалықтарда бейбітшіліктің, тыныштық пен тоқшылықтың бейнесі болған бұлтсыз аспанды еске салады. Мемлекеттік Тудың бір түсті болуы мемлекеттің тұтастығын білдіреді. Сәулесін шашқан алтын күн мен дала қыраны бүркіт бейнесі және ұлттық ою - өрнек Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының негізгі элементтері болып табылады. Қазақстан Туындағы күн республикасының жалпы адамзаттық құндылық пен әлемді қоғамдастыққа әуестігін көрсетеді, әлемдегі барлық елдер мен қарым – қатынасты нығайту үшін ашықтығын білдіреді. Өз сәулесіне шомылған алтын күн – тыныштық пен байлықты бейнелейді. Қазақтың дүниетанымындағы бүркіт бейнесі өте маңызды орын алады, өйткені онымен бостандық, өзін - өзі қастерлеу сезімі, батырлық жоғары идеал, көкіректің кеңдігі және ой - өрістің тазалығын көрсетеді. Бүркіттің қанатын жайып шарықтап ұшқаны рухани күшті, шабытты, қиыншылықтардың алдында тапқырлық пен ержүректілікті білдіреді. Бүркіттің күн астында бейнеленуі біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа, адамзат өркениетінің биіктеріне ұмтылуы. Мемлекеттік тудың элементін құрайтын ұлттық ою - өрнек халқымыздың ішкі дүниесін ашу құралы, өйткені қазақ халқының ою - өрнегінің түп тамыры заттар мен оларда қоршайтын дүниенің құбылыстары болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабына сай Қазақстан Республикасының Туы еліміздің ұлттық мерекесі мен салтанатты күндері мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарында орнатылып, көтеріледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы арнайы белгіленген және безендірілген жерде бекітіледі. Әнұранның сөзі бөлме қабырғасына ілінеді. Сол жерде Елтаңба мен Ту да орналастырылады. Мемлекеттік Туды көтеру құқына оқуда, еңбек пен қоғамдық жұмыста үздік табыстарға жеткен оқушылар ие болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба – көгілдір түс негізінде шаңырақ бейнесі шеңбер ішіндегі негізгі нышан – белгі. Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған әрине, шаңырақ. Шынайы шеберлікпен шендестірілген түндігі аспан күнбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Қисынын тауып кергелердің көрінісінде бере салған. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдерінің барлығы бірлесіп, кереге – уықтай кірігіп, күш - жігер жұмсап, аяғына тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отаумыз – тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей.Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Ол әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты, ол Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтқан халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсің» деген асыл арманын арқалап тұрғандай. Өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық, әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта бағдарға алып, әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек. Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зеңгір көк нұрдың қосылуы. Мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп, бедерлендіріп тұр. Жалпы, қай жағынан алғанда да кемел келісім тапқан Елтаңба елімізді таңытар белгі екені анық.Қазақстан Республикасы Әнұранының салтанатты да сабырлы әуені халық жанының кеңдігін, оның көкейкесті ойы мен арманын бейнелейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраның оркестірдің сүйемелдеуімен хормен орындауға немесе вокалды топтың орындауына рұқсат етіледі. Мемлекеттік Әнұран мемлекеттік Туды көтерген кезде орындалады. Жиналысқа немесе жиынға қатысып тұрған барлық оқушылар, студенттер, педагогтар, қызметкерлер тік тұрып оң қолын сол кеудесіне қойып орындайды. Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қорлаған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Оқушылардың бойында терең елжандылық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, жоғары адамгершілікті, мәдениеттілікті, өз мемлекетінің тарихына зор ілтипат пен қызығушылықты қалыптастыру мақсатында сұхбаттар, кездесулер, сынып сағаттарын өткізу кезінде атақты азаматтардың, спорт жеңімпаздарымен, белгілі тұлғалар мен әскери адамдардың өмірінен түрлі көріністер мен эпизодтар келтіріп, олардың Республикамыздың Туына, Елтаңбаға, Әнұранға деген көзқарастарын сөзге тиек еткен жөн.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сабақ үстінде, факультативтік сабақтарда, сабақтан тыс жұмыстарды өткізу кезінде, салтанатты іс- шараларда, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді өткізу барысында қалыптастыру қажет. Еліміздің нышандарымен жұмыс істеу кезінде Мемлекеттік рәміздердің барлық элементтерін түсіндіру барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру керек.    Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Қазақ елінің даму  жолында патриотизмді қалыптастырып, ұлттың бойына сіңіртіп, түсіндіру ол ең маңызды дүние. Себебі, рәміздер сенің қазақ ұлты екеніңнің бірден-бір дәлелі. Елтаңбамызды немесе туымызды алып қарасаң да, еркіндік сүйгіш, өзінің салт-дәстүрі, тіршілігі, тарихы қалыптасқан елді көре аламыз. Жаңа негізі қаланған жас мемлекеттердің қай-қайсысының да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі – елдің туын, елтаңбасын, әнұранын қабылдау болып табылады. Өйткені, бұл рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады. Қазақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал 1992 жылы 4 маусымда ұлттық болмысымыз бен қазақ елінің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы, әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгінгі және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісін айқындайтын рәміздеріміз дүниеге келді. Рәміздер – отан тарихының әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негізгі фактор. Мемлекетіміз саяси салмағы жағынан ілгерірек тұратын басқа елдермен иық теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды. Тәуелсіздік талай игі істерге қол жеткізуімізге себеп болды. Әрбір мемлекет үшін Отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: «Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн» – дейді.Ақын болсын, жас болсын, кәрі болсын барлығының міндеті де сол – егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді. 2006 жылы қаңтарда Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған, Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны болып бекітілді. Мемлекеттік Әнұран – ол салтанатты ән. Оның сөздері өткен тарихымызды, бүгінгі өмірімізді, келешек арманымызды сипаттайды.   Күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары – барлығы елтаңбаны бейнелейтін нақыштар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелесе, қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі. Елтаңбадағы бес жұлдыз, жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді. Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

   Қорытындылай келе, мемлекеттік рәміздердің қадір қасиетін әрбір жас ұрпақ бойына сіңіру өте маңызды. Себебі, жастарымыз біздің тәуелсіздік төсбелгісіне айналған рәміздеріміздің қадірін білсе, оны ешкімнің таптауына жол бермес еді. Қыран бүркіт образы қазақ елінің әлемнің әрбір халықтарына ортақ азаттық, еркін самғау, кеңістік сүйгіштік, айбындылық секілді қасиеттерді мұрат тұтатындығын нақтылады. Яғни, осындай ортақ қасиеттерге құрметпен, әділдікпен қарайтынын күннен күнге дәлелдеп келеді. «Менің Қазақстаным» әні қайта қайраттанып көкке шарықтады. Ол ең алдымен мызғымас елдігіміздің ұранына, тәуелсіздігіміздің баяндылығына қызмет жасар әнұранға айналды. Солайша, бір кездері желтоқсанның ызғарында жастарды жылытқан, жігер берген «Менің Қазақстаным» барлық қазақстан­дықтардың басты ұранына айналды.



       

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет