Мәдениет теориясы: мәдениет типологиясы, мәдени процестер Мәдениет анатомиясы



бет1/5
Дата09.11.2022
өлшемі64,2 Kb.
#48787
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5

Мәдениет теориясы: мәдениет типологиясы, мәдени процестер
Мәдениет анатомиясы
Мәдениет құбылысының толық және табысты зерттеу үшін жеткізу немесе типология әдістері қолданылады. Мәдениет типологиясы – ғылыми таным әдісі, оның негізінде әлеуметтік мәдени жүйешелер мен объектілерді және олардың топталуын қорытындылаған, идеяланған үлгінің немесе тектің көмегімен бөлшектеу жатыр.
Типологияға қажеттілік құрамы, көптігі бойынша әр түрлі объектілерге ғылым ұшырасқан жағдайда пайда болады және олардың реттеу жазбасы мен түсіндірме мәселелерін шешеді. Мәдениетті зерттеу барысында типологиялық құрылым ғалымдар бірыңғай «құрылым жоспарын» іздеумен әуестене бастаған XVIII-XIX ғасырларда кең қолдана бастады. Н.Я. Данилевскийдің, О.Шпенглердің, А. Тойынбидің мәдени- тарихи мектептері зерттеуді осы бағытта жүргізді. Марксизм өз жүйесін қоғамның экономикалық үлгілерінеқұрып, оның негізгі өндіріс қабілетінің өлшемін алды. Неміс әлеуметтанушысы М. Вебер идеялық үлгілерді құрудың әдісін әзірледі. Нақты өмір сүрмейтін, атап айтқанда, абстрактылы, «таза түріндегі» мәдениетің типологиялық моделі ретінде мәдениет типологиясының мәнін, тетіктерінің құрылымын М.Вебер толық қарастырды.
Мәдениеттерді типологияландыру немесе типтердің әлдебір жүйесін құрастыру, яғни мәдениеттер типологиясы екі маңызды, бастапқы логикалық- танымдық амалдардың көмегімен жүзеге асады.
Мәдениеттер типтерін көрсету үшін бөлінген жалпы маңызды сипаттамалар ретіндегі негізлердің өздері әр түрлі бола алады. Олар мыналар:

  • этнографиялық критарийлер (олардың сапасында тұрмыс, шаруашылық уклады, тіл және т.б. көрініс таба алады);

  • мәдениеттердің аймақтық типологиясының негізінде жататын, кеңістік- географиялық критерийлер: батысеуропалық, латынамерикандық, қиыршығыстық, африкалық, сібірлік т.б.;

  • төмендегідей мәдениет типтерін көрсетуге негіз болатын, хронологиялық- уақыттық: алғашқы адамдар мәдениеті, мәдениеттің антикалық типі, орта ғасырлық мәдениет, қайта өрлеу мәдениеті, ағартушылық мәдениеті, жаңа заман мәдениеті, модернистік мәдениет, постмодерн т.б.

Мәдениет типологиясын анықтайтын басқа маңызды логикалық-танымдық тәсілге осындай жіктемелік құрастырудың танымдық мақсаттарын, міндеттерін анықтау жатады. Зерттеулік танымдық міндеттер оларды мәдениеттің осы жіктемесінің негіздерісапасында таңдап алынатын сипаттамалардың жиынтығын анықтайды. Сондықтан, міндетті орындардың бірнеше негіздері бола алады, ол осыдан мәдениеттерді типологияладырудың критерийлері де бірнешеу болады.
Белгілі отандық мәдениеттанушы Э.А. Орлова мәдениеттерді ойлаудың негізгі формалардың функционалдық рөлі және жүзеге асыру тентіктері критерийлері бойынша топтастырды. А.Е. Глебов осы негізде мәдениеттің екі типін атап өтеді: олардың бірі – абстрактылық басымдылығы, басқасы — ассоциативтік ойлау формаларының басымдылығы. Осыған сәйкес, бірінші типте әмбебаптықтың, концептуализацияның, жалпылаудың, генерализацияның үстемдік етуіне иеміз, ал екіншісінде – партикумеризмнің, яғни қайталанбайтын жеке-дара, ерекше мәдени сипаттамалардың басымдық танытатынын көреміз. Әмбебаптың мәдениетті анықтамағандық төмен деңгейімен сипаттайды, еуропалық абстрактылы бейнелеу өнерін қытайлық немесе жапондықпен салыстырыңыз. Ол сол немесе басқа мәдениетке мәселенің шешімін таңдау қалай жүзеге асатынын, ненің негізінде және қандай сапада ақпарат іріктеліп алынатынын, жағдайдың қалай анықталатынын көрсетеді.
Типтері бойынша тарихи бірінші қалыптасқан мәдениеттер жіктемесіне тарихи-этнографиялық типология жатады. Ол типографияның – этнографиялық пайда болуы және этникалық тарихы туралы ғылымның шектерінде қалыптасты және бұл кездейсоқ емес, өйткені мәдениеттанудың өзі білімнің дербес саласы ретінде бастапқыда этнография шеңберінде дамығанын еске алсақ, жеткілікті. Қазіргі этнос ұғымы өзіне, бір жағынан, ерекшелігі табиғи факторлардың ықпалымен анықталатын адамның табиғи жаны ретінде өмір сүру формаларының сипаттамасын, ал басқа жағынан нақтылы тарихи әлеуметтік жүйе ретіндегі адам сипаттамасын енгізетіндіктен, этнография мәдениеттер типтерінің сипаттамасы үшін негіздер сапасына адам өмірінің, оның мәдени ортасының көптеген көрініс формаларын: нәсілге жатуын, табиғи факторлар, шаруашылық-тұрмыстық бітімдерін, тілді және т.б. қамтуға ұмтылады. Осыған байланысты мәдениеттің этнографиялық типология жүргізу тәжірибесінде түпкілікті критерийлердің үш маңызды тобын және соған сай үшін түрлі этнографиялық типологиялық құрылымды бөліп көрсетуіне болады. Оның басты критерийлері түрлі нәсілдерге жатуы ( шығуы бойынша, туысқандық), тәндік (табиғи) белгілері және территориялық ортақтық болып табылады.
Мәдениеттану - жалпыадамзаттық және ұлттық мәдени үрдістердің объективтік заңдылықтары, тарихи ескерткіштер, құбылыстар, сондай-ақ адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен әрекеттерін зерттеп, зерделеуге негізделген мәдениет туралы ғылым және оның пәні.

  • Мәдениеттану - жалпыадамзаттық және ұлттық мәдени үрдістердің объективтік заңдылықтары, тарихи ескерткіштер, құбылыстар, сондай-ақ адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен әрекеттерін зерттеп, зерделеуге негізделген мәдениет туралы ғылым және оның пәні.

  • Мәдениеттану ғылымы зерттейтін ең негізгі мәселелердің біріне дүниежүзілік мәдениеттің теория мен тарихы жатады.

  • Мәдениет дегеніміз (латын тілінде Civilic - өңдеу, тәрбиелеу, білім беру, даму, сыйлау) - адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.

  • Мәдениет үғымын ежелгі заман оқымыстыларының шығармаларынан кездестіруге болады. Ежелгі қала Полисте мәдениет үғымы - есі кірмеген баланы естияр азамат, мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін тәрбиелеудің құралы тұрғысынан қарастырылса орта ғасырларда мәдениет ұғымы бірте-бірте философиялық мағынаға ие бола бастады.

  • Мәдениет көп түрлі, оның салалары сан алуан: адамзат мәдениеті, әр түрлі дәуірлер мәдениеті (ежелгі заман, орта ғасырлар, қайта өрлеу, т.с.с.) әр түрлі елдер мен ұлттардың мәдениеті, діни мәдениет, әр түрлі әлеуметтік және кәсіби топтардың мәдениеті (шаруалар, қалалық, ауылдық). Мәдениет адамнан тыс өмір сүрмейді. Ерте замандарда-ақ мәдениетті адам қызметінің нәтижесі деп санаған. Грек ойшылы Демокриттің пікірінше, мәдениетті жасаушы - адам. Ол табиғатқа еліктеп, өз қажеттілігін қанағаттандыра отырып мәдениетті жасайды.

  • Ортағасырлық дәуір мәдениетінің негізгі құндылығы құдай еді. Орта ғасырлардың сәулет өнері мен мүсін өнерін "Тастағы інжіл" десе де болады. Қайта өрлеу дәуірінде мүлде жаңа таным қалыптасты. Адамға, адам жанына терең үңіліп, адамды дүниені, сұлулықты, өзін-өзі құрушы деп есептей бастады. Мәдениет - тек адам қолымен түлеген табиғат қана емес, ол адамның өзін қайта жасаушы да.
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет