МӘдениеттер сұхбаты – Ұлтаралық Қатынастар мәдениетінің басты негізі



Pdf көрінісі
Дата12.01.2017
өлшемі127,58 Kb.
#1723

У.У. АЙЫМБЕТОВА

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Магистратура және 

PhD докторантура институты, 6D010200 – философия мамандығының докторанты

МӘДЕНИЕТТЕР СҰХБАТЫ – ҰЛТАРАЛЫҚ 

ҚАТЫНАСТАР МӘДЕНИЕТІНІҢ БАСТЫ НЕГІЗІ

Аннотация

Қазақстандағы   өзекті   тақырыптардың   бірі   –   ұлтаралық   қатынастар   мәдениетін

дамытуда ұлттар арасында мәдени диалогтың орнығуының маңызын зерделеуге арналған.

Сонымен қатар, мақалада автор мәдени сұхбат мәселесін ашып көрсетуде отандық және

шетелдік зерттеушілердің көзқарастарына талдау жасаған. 

Қоғамдағы   ұлтаралық   қатынастар   мәдениетін   дамытуда   ұлттар   арасында   мәдени

диалогтың  орнығуының   маңызы   зор.  Осы   орайда  мәдени   сұхбат   мәселесіне   келетін

болсақ, қазақстандық мәдени-философиялық әдебиетте бұл мәселеге айрықша мән беріп,

жан-жақты   зерделеп,   Шығыс   пен   Батыс   мәдениеттері   арасындағы   қарым-қатынасты

мәдени сұхбат тұрғысынан өзінше талдап, қазақ мәдениетінің сұхбаттастық аймағына зер

салып,   оның   әлемдік   мәдениеттегі   орнын   анықтауға   ұмтылған   Ж.Мұтәліповтың

еңбектерін,   соның   ішінде   ең   соңғы   (өзі   қайтыс   болғаннан   кейін   басылып   шыққан)

«Мәдени  диалог және өркениеттер  тоғысы» деген монографиясын  атаған  жөн [1]. Бұл

еңбегінде   автор   Шығыс   пен   Батыс   өркениеттері   арасындағы   қайшылықтардан   гөрі,

жарасымдық,   гармониялық   қарым-қатынасқа   деген   үрдістерді   іздестіріп,   адамзат

мәдениетінің тұтастығын, бірлігін, «үйлесімділік табуын» алға тартып, мәдени сұхбатты

осы асқаралы мақсатқа қызмет ететін бірден-бір құрал, өмірзаңдылығы, «құдыретті күш»,

философиялық-мәдениеттанулық парадигма деп қарастырады.

Міне, осы мәдени диалог өресіндегі қазақ халқы мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы,

оның тарихи-мәдени қайнар көздері, әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, Шығыс пен Батыс

мәдениеттері   арасындағы   дәнекерлік   қызметі,   түркі   халықтарының   мәдени-өркениеттік

болмысының көркейіп қанат жаюына тигізген әсері, қазіргі хал-ахуалы мен шешуі кезек

күттірмес мәселелері көтерілген бұл кітапта. Осындай зерттеулерді оның философиялық-

әдіснамалық негіздерін тереңдете ары қарай жалғастыру қажет екені күмән туғызбайды.

Ал бұл арада «мәдени сұхбат (диалог)» ұғымының өзектіленуі орын алатыны заңды.

Мәдени   сұхбат   ұғымын   талдауда   Ресей   философтарының   ізденістері   қызығушылық

тудырады.   Мұнда   ең   алдымен   М.М.Бахтиннің   мәдениеттер   арасындағы   диалог   туралы

айтқанын еске салып кеткен орынды, өйткені осы мәселені көтеріп жүрген басқа Ресей

зерттеушілері   бұл   ғалымның   идеяларына   сүйенетіні   байқалады.   Расында,   М.М.Бахтин

әдебиеттану, мәдениеттану, мәдениет философиясы салаларында терең із қалдырған озық

ойлы философ-ғалым. Оның зерттеулерінде мәдениет дамуы уақыт тұтқынынан босаған

ашық үдеріс суреттеліп, О.Шпенглердің мәдени әлемдерді тұйықталған шеңбер ретінде

қарастырылып сынға алынады. Белгілі бір мәдениет, дейді ол, - «бұл ашық бірлік» [2],

сондай   бірліктер   тізбегі   адамзат   мәдениетінің   бірегей   үдерісіне   енеді,   соны   құрайды.

Біреудің  мәдениетін  түсіну үшін, оның ішіне  бас сұғып, соның көзімен  дүниеге қарау

керек-ақ,   алайда,   дейді   ол,   бұл   жеткіліксіз.   Оны   шығармашылықпен   танып-білу   үшін,

түсіну   үшін     адам   «сырт   тұрудың»   («вненаходимость»)   маңызы   зор,   яғни   белгілі   бір

мәдениетті   түсіну   үшін   басқа   мәдениеттер   тұрғысынан   қарап   талдау,   оның   мәндік-

мағыналық тереңдігіне үңілу қажет екен. Осыдан барып ғалым мәдениеттер сұхбатының

(диалогының) қажеттілігін негіздейтін тұжырымға қол жеткізеді: «олардың арасында бұл

мән-мағыналардың, бұл мәдениеттердің тұйықтылығын және сыңаржақтылығын жеңетін

диалог  басталғандай   болады»,-деп   жазады     [2,   354   б.].   «Екі   мәдениеттің   осындай

сұхбаттық   кездесуінде,   -деп   жалғастырады   ол,   -олар   бір-бірімен   қабысып   та,



сапырылысып та кетпейді, әрқайсысы өз бірлігі мен  ашық  тұтастығын сақтайды, бірақ

олар өзара байи түседі» [2, 354 б.].

Белгілі   кеңес   заманының   философы   В.С.Библер   диалогика   ұғымын   енгізіп,

мәдениеттер   сұхбатын   талдауда   диалектика   заңдарын   шығармашылықпен   қолдануға

ұмтылған   еді.   Диалогиканы   ол   «екі   және   одан   да   көбірек   логикалардың   сұхбатының

логикасы»   деп   анықтайды   да,   ХХ   ғ.   мәдениетіне   тән   қасиет   ретінде   әртүрлі

мәдениеттердің өзара түсінісуі мәселесін қояды, сөйтіп диалогтың герменевтикалық мәнін

ашады [3]. Мәдени сұхбаттың мән-маңызын зерделеуде басқа да Ресей философтарының

(В.С.Степиннің,   В.Г.Федорованың,   В.М.Межуевтің   және   т.б.)   зерттеулерін   атап   өтуге

болады. Олар мәдени  сұхбаттың  табиғатына  зер салып,  оның  тек  дүниені  рационалды

түсінуге   ұмтылатын   әртүрлі   мәдениеттер   өкілдерінің   арасында   ғана   мүмкін   екендігін

көрсетеді. В.М.Межуев диалогқа, диалогиялық қатынасқа қойылатын негізгі талаптарды

(ақиқатты  алдын ала білуден  бас тарту,  пікір  және пайымдау еркіндігі,  пайымдау мен

сөйлеудің   логикалық   дәлелді  типінің  болуы)  айта  келіп,  ол  тек  еркін  дербестікке  жол

беретін өркениетте ғана мүмкін деп дәлелдейді [4]. Бұл идея мәдени демократия деген

атаумен белгіленіп, әр халықтың ғана емес, тіпті әрбір адамның өз мәдени талғамын өзі

еркін анықтауға құқығы бар екенін мойындауға саяды, сөйтіп мәдениет дамуында ұлттық

ерекшеліктерден   гөрі   жекелеген   адамдардың   әлемнің   барлық   халықтары   мәдениетінің

жетістіктерімен еркін қоректенуі басымдық танытатын болады деп болжайды [4, 73 б.]. 

Кез келген халыққа басқаларға деген құрметпен қараушылық оның рухани дәстүрлерін

зерделеуден   басталады.   Бейбіт   өмір   сүру   тәжірибесін   насихаттаған,   этникалық

мәдениеттер арасындағы жасампаз сұхбаттың, түсіністің жалпы кез келген халық үшін

этноэволюциялық дамуда, қоғамдағы ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруда

маңызды екендігін Қазақстандағы ұлт мәселесін зерттеуші ғалым Р.Б.Әбсаттаров өзінің

еңбектерінде орынды айтып жүр [5]. Әрине әртүрлі этномәдени кеңістікте әрқилы өмір

тәжірибесі,   қатынастар   дәстүрі   жинақталуы,   қордалануы   мүмкін.   Солардың   ішінде

әлеуметтік прогреске қызмет ететін жүйелі үлгілерді айыра білу, оларға шынайы ғылыми

сараптама   жасай   білу,   құндылықтық   басымдылықтарды   таңдауда   ауытқушылықтарға,

жаңылысуларға   жол   бермеу   үлкен   жауапкершілігі   мол   іс   екені   анық.   Кез   келген

қайшылықтың себебі болады және әлеуметтегі қақтығыстың алдын алу этносаясаттағы

даналықты білдіреді.

Жоғарыда айтылған тұжырымдарға қатысты өткен жылдарда Қырғызстанда орын алған

ұлтаралық   қақтығыстар   жөнінде   жинақталған   мәліметтерді   келтіруге   болады.   Қырғыз

жеріндегі Ош оқиғасы (1990 жылы) қырғыз және өзбек ұлттары өкілдерінің арасында жер

мәселесіне,  оның саяси  мәртебесіне  байланысты  өрбіді.  Өкінішке  орай үкімет  өкілдері

аймақта болып жатқан күрделі этносаралық қатынастарға үстірт қараушылық білдіреді.

Олар   өздерінің   бюрократиялық   салқынқандылығымен   жағдайды   барынша   ушықтырып

алғаны   анықталды.   Орталық   Азия   елдері   үшін   құнарлы   жерлер,   әсіресе,   суарылмалы

аймақтардың   әрбір   квадрат   метрі   өмір   үшін   күрестің   алаңы   екені   айқын   [5,   74   б.].

Сондықтан адамдар арасындағы табиғи тіршілік үшін өзара бәсекелесудің аяғы әлеуметтік

қашықтықты ұлғайтатын ұлтаралық қақтығысқа дейін жеткізді және оның салқыны екі

Орталық Азия елінің арасына жасырын сипаттағы қырғиқабақ қатынастардың орнығуына

алып келді, көрші жатқан түркітілдес елдің арасына жік түсті.

Сараптау   барысында   анықталғандай,   «Ош   аймағы»   және   «Адолат»   деп   аталатын

формалды   емес   ұйымдардың     саяси   тәжірибесінің   таяздығы   және   орашолақтығы

ұлтаралық   қатынастардың   шиеленесуіне   себепкер   болды   деген   қорытынды   жасайды

қырғыз мамандары [6]. Осы оқиғаларды әрі қарай өршітпеудің  орнына Жалалабадтағы

өзбек   ағайындардың   ақсақалдары   Қырғызстан   аумағында   өзбектерге   қатысты

автономиялық облысты қалыптастыруға ұсыныс жасайды. Бұл қадам ұлтаралық жіктелуді

ұлғайтып, қайшылықты одан сайын күшейтті. Міне, сөйтіп, әкімдік деңгейде әкімшілік

тәсілдермен шешілуге  тиісті мәселе халықтарды бір-біріне қарсы қоюына дейін әкелді,

көптеген   адамның   құрбан   болуына   да   дейін   жетті.     Көрші   жатқан   туысқан   елдердегі



жағдайлардың   әртүрлі   қырларын,   әсіресе,   ұлтаралық   қатынастар   мәселесіне   қатысты

зерттеулерді   жүргізген   қазақстандық   мамандар   да   кездеседі   [7].   Олардың   зерттеулері

еліміздегі   ұлтаралық   қатынастардың   даму   үрдісін   зерттеу   үшін,   салыстырмалы

пайымдаулар   жасау   үшін,   көптеген   қайшылықтардың   салдарының   алдын   алу   үшін

маңызды  деуге  болады. Сондай  өзекті  және өткір проблемалардың қатарына көпұлтты

кеңістіктердегі тіл мәселесі жатады.

Қазақстанда өмір сүріп отырып, оның ішінде болып жатқан әртүрлі үрдістерден тыс

қалуға  болмайды, қалайда  жалпы  этноәлеуметтік  кеңістікте  болып жатқан  құбылыстар

мен   оқиғалар   өз   әсерін   этникалық   топтардың   өміріне   тигізбей   қоймайды.   Сондықтан

мәдени   ықпалдасу   үрдістері   барынша   күшейген   сайын   қоғамдағы   тұлғалық   саяси

әлеуметтену  мәселесінің  маңыздылығы   арта  түседі.   Бірақ  айта   кететін   мәселе  мынада:

қоғамдық   үрдістердің   күрделілігіне   қарамастан   жекелеген   индивидтер   деңгейінде

осындай   құбылыстарды   мойындамауға,   тіптен   оған   ашық   немесе   жасырын   (патентті

түрде) қарсы болуға тырысатын азаматтардың кездесуі де мүмкін. 

Қоғамдағы  ұлтаралық   қатынастардың  үйлесімді  өрбуі  үшін   мәдени  және  әлеуметтік

негіздерді тек қана экономикалық қатынастардан іздемей, халықтың рухани әлеміне де

көңіл   бөлінуі   тиіс.   Өткен   социализм   дәуірінің   өзінде   саяси   қыспақтың   қаталдығына

қарамай,   нағыз   мәдени   құндылықтардың   үлгісі   болатын   дарынды   туындылар   дүниеге

келіп жатты. Мәселен, М.Әуезовтың «Абай жолы» романы соның дәлелі. Қазақстандық

маман Р.Б.Әбсаттаров өзінің «Ұлттық қатынастардың дамуы» атты еңбегінде социализм

дәуіріндегі   ұлттар   арасындағы   қатынастардарда   мәдени   сұхбаттың   маңызы   жоғары

болғанын атап өтеді. Ол ақын-жазушылардың үздік шығармаларының бір тілден екінші

тілге аударылуы, олардың насихатталуы сол тарихи кезеңдегі халықтар ынтымақтастығын

нығайтқан маңызды рухани үрдіс болғандығын және соның арқасында қоғамда ұлыстар

арасында, қарапайым ұлт өкілдері арасында мәдени сұхбат орныққанын пайымдайды [8].

Жалпы, еліміздегі әртүрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдері арасындағы ынтымақтастық пен

өзара түсіністік терең тарихи негіздерге сүйенетінін бағамдауға болады. Сонымен қатар,

барлығымыз бағалап жүрген ұлтаралық өзара келісім біздің елімізде кенеттен, кездейсоқ

орнықпағанын атап өтуге болады және ол әлеуметтік ортамызға келген бір жақтан келген

көшірме құбылыс емес, ол ерекше этноәлеуметтік феномен ретінде өзінің тарихи, мәдени

және рухани қайнар бастауларына тәуелді нәрсе.

Жалпы   қоғамдағы   ұлтаралық   қатынастар   мәдениетін   дамытуда   толеранттылықты

жүзеге асырудың мәні айрықша. Осы орайда толеранттылықты қазақ тіліне «төзімділік»

деп аудару, біздіңше, жеткіліксіз. Дұрысы сол «толеранттылық» терминін сол қалпында

сақтау керек, өйткені төзімділік толеранттылықтың маңызды болса да бір сәті ғана болып

табылады. Қазіргі философиялық әдебиетте бұлар бір-біріне байланысты екі бөлек ұғым

деп қарастырылуда. Батыс елдеріндегі «мультикультурализмнің» дағдарысы төзімділіктің

де шегі бар екенін, мәдени толеранттылық не болса соған, қалай болса солай төзе беруге

келіп саймайтынын көрсетуде. Мысалы, Ресейлік философ О.Хома өзінің «философиялық

мәдениеттер: төзімділік, толеранттылық және мойындау» атты мақаласында осы жайтты

айта келіп: «‘‘мығым,, толеранттылық қарапайым ‘‘төзімге,, емес, алайда тек жан-жақты

мойындауға ғана негіздеме алады», - деп жазады [9]. Осындай ойды украин философы

Е.К.Быстрицкий де білдіреді. Ол толеранттылық дискурсының маңыздылығын айта келіп,

оны тым қарапайымдыландыра түсінудің дұрыс еместігін, оның ар жағында күш қолдану

қаупінің жасырынын жатуы мүмкін екенін көрсетеді [10, 75 б.]. Толеранттылық қандай да

болса әлденеге (көзқарасқа, наным сенімге) субъективтік төзімділік емес, мұнда белгілі

бір   өлшем   (мера)   болуы   тиіс   [10,   76   б.].   Толеранттылық   кез   келген   нәрсеге,   мысалы

мәдени құбылыстарға, сыртқы ықпалдарға шексіз төзе беру дегенді білдірмейді. Өлшеусіз

төзімділік шексіз  шетсіз төзімділік өзіңдік бірегейлікті  жоғалту мен барабар. Егер бұл


түсінікті Қазақстан жағдайына орай бұратын болсақ, ондай мәдени толеранттылық, соның

ішінде діни толеранттылықты, біздің еліміздің қалыптасқан өз мәдени (діни) жүйесі бар

екенін ескеру керек дегенге бастайды осы өзіндік жүйені өзіңдік мәдени болмысты бұзбау

қайта оны қолдау, заманауи қажеттерге сай дамыту, гармониялық тұрғыда байыту міне

толеранттылықтың көкжиегі осымен анықталуы тиіс.

Негізінен   «төзімділік»   деген   ұғымды   барлық   жағдайларға   жай   ғана,   қарапайым

конформистік мағынада бірыңғай не болса, соған көне беру деп түсінуге  болмайды, оны

басқаға, оның мүддесіне деген құрметтің, сыйластықтың көрінісі деуге болады және оны

адамның әлемге қатынасындағы ерекше рухани деңгей деп танып, ұсақтықтан, пенделіктен

жоғары   болушылықпен   астастырған   жөн.   Ал,   іштегі   теріс   психологиялық   қысымның

негізіндегі, сенімсіздік құрсауындағы жалған және екіжүзді төзімділік құбылысы әлеуметтегі

мәселенің орнықты шешімін табуға жетелемейді, ол тек уақытша ғана қиындықтарға үстірт

шыдауларды   қалыптастырады.   Бірақ   ондай   «төзімділік»   өзінің   кемеліне   жетіп,   уақыты

келгенде жаңа қайшылықтарды туындатады, жасанды рухани дүние түрінде көрініс береді.

Осыған   орай,   демократияға   бет   бұрған   қоғамда   адамаралық   және   ұлтаралық   қатынастар

жүйесінде   түбегейлі   іргетас   болатындай,   алға   дамуға   негіз   болатындай   мағыналар   мен

құндылықтарды   іздеуге   ұмтылуымыз   керек.   Олардың   барлығы   негізінен   өмірдің   қай

саласында болмасын адамдардың руханилығынан, шығармашылық шабытынан туындайтын

мәдени және тарихи жәдігерлер болып табылады.

Әрине,   қазіргі   заман   өркениеті   құндылықтарын   жоққа   шығара   алмаймыз   және

Еуропаның   (кең   мағынада   жалпы   технологиялық   дамудың)   өркениеттік   жетістіктерін

пайдаланудан   қашқақтауға   да   болмайды,   тек   солардың   тұтынушы   сипатындағы

көшірмесіне айналмауымыз керек. Дегенмен, жаңашылдық ешқашан этникалық, немесе

мемлекеттік шекаралардың ауқымында қалып қоймайды, бұл жерде жекелеген діндердің

ішкі  мәселелерін айтып шектелуге  болмайды. Осыған орай, түркі әлемінің  ішкі бірлігі

туралы пікіріміз төмендегідей: бұл бірлік өзінше бір топтасудың өзіндік нұсқасы болып

қалады. Жалпы Жер бетіндегі бүкіл адамзаттың бірлігі және өзара түсіністігі жөніндегі

қадамдарды өрбітудің болашағы кеңірек. Бұл жаҺандық мәселе екені анық, ол барлығына

ортақ планеталық этиканың, экологиялық мәдениеттің басымдық етуін талап етеді. 

Полиэтникалық  қоғамда мәдениеттер  сұхбатын қалыптастыру мен дамыту кезеңінде

жалпы халықтық мәмілеге келтіруге ықпал ететін әрбір құбылысты оңды бағалаған тиімді.

Солардың   ішінде   материалдық   емес   мәдени   құндылықтарды   жинақтау,   сақтау   және

әртүрлі   деңгейлерде   насихатттау   маңызды   рөл   атқарады.   Міне,   осы   тұрғыдан   алғанда

тәуелсіз   еліміздің   саяси,   мәдени,   рухани   біртұтастығына,   тұрақтылығына   нұқсан

келтірмейтін   жолды   әрдайым   іздеуге   тырысу   қажет.   Қазақстан   территориясындағы

барлық мәдениет жәдігерлерін қадірлей білуге жас ұрпақты тәрбиелеу шын мәнінде елдің

ішкі   тұтастығын   қамтамасыз   етудің   өзіндік   тетігі   болып   табылады.   Этникалық

мәдениеттерді   тұтастандырушы   рөлді   атқаратын   нәрселер   тарихта   маңызды.   Іштей

ыдырауға,   маргиналдануға   ұшыраған   этникалық   қауымдастық   мемлекеттегі   ұлттық

қауіпсіздікке   қауіпті.   Мәселен,   «араб   көктемі»   деп   аталатын   құбылыстың   Африка   мен

Таяу   Шығыста   көрініс   беруі   де   осындай   үрдістермен   астасып   жатады.   Жалпы

мемлекеттілікті әлеуметтік-мәдени тұтастықтың факторы ретінде қарастыру орынды. Осы

мағынадағы түсініктер ұлттық сананың, мәдениеттің, құндылықтардың негізі болады және

әрбір этнос өкілдерінің тарихи тұлғалық дамуында іргетасқа айналары сөзсіз. 

ӘДЕБИЕТ


1 Мүтәліпов Ж. Мәдени диалог және өркениеттер тоғысы. – Алматы: Абай атындағы

ҚазҰПУ, Ұлағат баспасы, 2012. – 240 б.

2 Бахтин М. Эстетика словесного творчества. – М.: Мысль, 1980. – С.352.

3   Библер   В.С.   От   наукоучения   к   логике   культуры.   Два   философских   введения   в

двадцать первый век. – М., 1991.- С.323.

4 Межуев В.М. Диалог как способ межкультурного общения в современном мире //

Вопросы философии. –№9.2011.– С.72. 

5   Сарыков   Т.К.,   Сарыков   А.Т.   Ошский   межнациональный   конфликт:   причины,

последствия, поиски путей решения (историко-социологический очерк). – М., 1993. – 93 с.

6 Сааданбеков Ж. Авторитаризм и демократия на Востоке. Общественно-политическое

издание. – Астана, 2003. –  С.417. 

7 Галиев А.Г. Қырғызстанның оңтүстігіндегі қырғыз және өзбек этностары дамуының

заманауи   әлеуметтік-мәдени   ерекшеліктері   //  Қайнар   университетінің   Хабаршысы.   –

Алматы, 2011. – Б. 5-10.

8 Әбсаттаров Р.Б. Ұлттық қатынастардың дамуы. – Алматы: Қазақстан, 1982. – 238 б.

9 Хома О. Философские культуры: терпимость, толерантность и признание // Вопросы

философии. - №9. 2011. – С. 57.

10   Быстрицкий   Е.К.   Конфликт   культур   и   методология   толерантности   //   Вопросы

философии. - №9. 2011.- С. 74-86.

Резюме

У.У.Аймбетова

Диалог культур  – как основа культуры межнациональных отношений

Одним   из   основных   вопросов   в Казахстане является   развитие   культуры

межнациональных   отношений.   В   работе   изучаются   вопросы   культурного   диалога,

сопоставлены   взгляды   и   проведена   параллель   между   исследованиями   иностранных   и

отечественных ученых в этом вопросе.

Summary

U.U.Aimbetova

The dialogue of cultures is as the basis of international relations

One of basic questions in Kazakhstan is development ofculture of international relations. The 

questions of culturaldialogue are also studied, the looks of foreign and homeresearchers are confr

onted in this question.



Поступила 17.03.2013 г.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет