Медеуова Айдана Бауыржановна «Қарасай батыр атындағы орта мектеп»



бет1/2
Дата08.12.2022
өлшемі65,5 Kb.
#55916
  1   2

Медеуова Айдана Бауыржановна
«Қарасай батыр атындағы орта мектеп» КММ
п.ғ.магистрі,
педагог-модератор, тарих пәні мұғалімі
ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНДЕ ЕСІМІН ЕЛ ҚҰРМЕТТЕГЕН КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 220 ЖЫЛ
Түйіндеме. Ұлы дала елінде есімін ел құрметтеген Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл. Кенесары көтерілісі жеңіліс тапты. Сөйтіп, Ұлы Далада 600-жылдай қалыптасып қалған Шыңғысханның тәртібі күйреді.
Кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Тұлғалардың өмірі мен қызметін зерделеу ұлы тұлғаларға деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.


Аннотация. Исполняется 220 лет со дня рождения Кенесары Касымулы, чьё имя прославила народ Великой степи. Восстание Кенесары было подавлено. Таким образом, правление Чингисхана, формировавшееся около 600 лет на Великой равнине, рухнуло.
Недаром история любого государства видится ярче и впечатляюще через призму великих личностей.


Abstract. It is 220 years since the birth of Kenesary Kasymuly, whose name was glorified by the people of the Great Steppe. The uprising of Kenesary was suppressed. Thus, the reign of Genghis Khan, which had been formed for about 600 years on the Great Plain, collapsed.
No wonder the history of any state is seen brighter and more impressive through the prism of great personalities.


«Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалуға бағытталған ұлт-азаттық қозғалысы, оның кемеңгер қолбасшысы, халқымыздың соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы»


Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз [1].
Көп жылдар бойы ұлтымыздың тамыры тереңге кеткен тарихын зерттеуге және елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен аяулы тұлғалардың есімін атауға тыйым салынып, коммунистік идеологияның үстемдік етуімен суреттелген. Тек тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен соң тарихымызға көзқарасымыз түзеліп, еліміздің өткенін тану, өшіп қалған есімдерді қайтадан тірілтіп жатырмыз.
Көпшілікке белгілі, коммунистік идеологияның күшейіп тұрған кезде тарихты таптық көзқарас негізінде зерттеп, компартия тарихының зерттеушісі болған кейбір тарихшылар қазақ халқының өткен тарихына, әсіресе ел тәуелсіздігі үшін күрескен батырлар мен билер, халық қамын ойлаған хандар туралы жаза алмады. Әрине, заман солай болды. Алайда, тарихшы деген қасиетті кәсібіне адалдығын сақтай білген, майталмандар да болды. Бұған тарлан тарихшы, ғалым Е. Бекмаханов, Б. Сүлейменов сынды үлкен буының басынан кешкен қиын тағдыры куә. Еліміздің ҰҒА Р.Б. Сүлейменов, М.Қ. Қозыбаев, К.Н. Нұрпейіс сияқты бір топ ғалымдар тұлғатану ісіне өз үлестерін қосып, елге еңбегі сіңген көрнекті қоғам қайраткерлері туралы көлемді еңбектер жазған еді [2] .
Кенесары туралы бұрын жазылған І. Есенберлиннің, М. Әуезовтың туындылары қазақ қауымының санасын бір сілкіндіріп тастаған кез болған еді. Енді, тәуелсіздік таңы жарқырай атып, жалынды тарихшы Е. Бекмахановтың еңбектері қайтадан жарық көріп, қазақ халқының зиялы оқырманымен қайта қауышты [3] .
Тарих ғылымының тұлғатану саласына Ж.Қ. Қасымбаевтың да қаламынан тамған Әбірқайыр, Абылай, Нұралы, Ералы, Есім, Кенесары, Жантөре, Барақ, Айшуақ сұлтандар сияқты ірі-ірі қоғам қайраткерлері туралы құнды еңбектер туды [2].
Кенесары ханның саясатшылдығы, дипломатиялық өнерін, әскери қолбасшылық таланты турасында мақалада сөз өрбімек.
Кенесары хан мен Ресей әкімшілігі арасындағы димломатиялық қарым қатынастар, Кенесары хан мен Орта Азия хандықтарының байланысы, қырғыздармен болған шайқаста Кенесары мен Наурызбайға қосы 19 сұлтанның қаза болуы халықтың азаттығы үшін болған соғыстағы тағдырлары кейінгі ұрпаққа сабақ, ерліктері үлгі болып қалары сөзсіз.
Еуразияшыл орыс ғалымы, орыс ғалымы, этногенез теориясының авторы Л.Н. Гумилевтің айтуынша, қарсыластарын қаймықтырған, үзеңгілестерінің құрметіне ие болып, қол астындағылары төбесіне көтерген Хан Кене – Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең көрнекті пассионарлық тұлға. Батырмен бетпе-бет келген патша әскербасылары «Көзсіз батыр», «Қазақ даласының Митридаты», «Қырғыздың (қазақтың) ұлттық батыры», «Сойқан», «Ержүрек билеуші», «Қиратушы дауылпаз», «Қырғыздың Шамилі», «Ұлық батыр», «Дала рыцары» деп таңдай қағып, еріксіз мойындаған еді [4].
Ақылды саясатшы Кенесары сұлтан Ресейге қарсы ұзаққа созылып, титықтататын қарулы күрестің бүкіл қиындығын ұғынып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізу арқылы үздік дипломатиялық қасиеттерін көрсетті.
Орынбор генерал губернаторы В.А. Перовскийдің атына жазған алғашқы хатында – ақ ол Қазақстан аумағында бекіністер салуды, қазақ жерлерін басып алуды 35 жылға тоқтата тұруды ұсынған.
Қазақтар көтерілісі әуел бастан – ақ бұқаралық сипат алды. Тегінде XVIII ғасырдың аяғы және XIX ғасырдағы азаттық қозғалыстары тарихында бұл – қазақ рулары қоныстанған негізгі аудандарды қамтыған бірден – бір көтеріліс: оған Орта жүздің ру бірлестіктеріне қоса, Кіші жүздің шекті, жағалбайлы, табын, алшын, шөмекей, жаппас және басқа рулары, Ұлы жүздің үйсін, дулат және де басқа рулары қатысты. Кенесарыны үш жүздің ханы деп танудың мұрағат деректері арқылы расталатын фактісі оның ұлт мүдделерін бірден – бір, жоғары дәрежеде білдіретін, бүкіл халық сайлаған билеуші ретіндегі өкілеттігінің заңдылығын дәлелдейді.
Топ жетекшілерінің арасында атақты халық батырлары: Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жәуке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай және де басқалары болған.
Қатысушылар құрамы түрлі ұлт өкілдерінен қазақтар, орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктар.
1841 жылы қыркүйегінде қазақтың үш жүзінің ықпалды билері, сұлтандары Кенесары Қасымовты қазақ жерлерінің ханы етіп сайлады. Қазақ мемлекеттілігі қалпына келтірілді. Империяның отаршылдық билігі едәуір берік орныққан Ертіс, Есіл, Жайық шептері бойындағы аудандарды қоспағанда, Кенесары құрған мемлекет өз билігін бүкіл Қазақстан аумағына таратқан дәстүрлі мемлекет болды.
«Бір мемлекетте екінші мемлекет болмауы керек» деген қарарға қол қоя отырып, І Николай 1843 жылы 27 маусымда Кенесарыға қарсы кең көлемде соғыс жорығына рұқсат етті [5].
Хандық басына келгеннен соң Кенесары қазақ жерлерін азат ету жолындағы күресті бұрынғысына қарағанда неғұрлым батыл жалғастырды.
ХІХ ғасырдың ортасында белгілі Қазақстан тарихын зерттеуші М.Красовский Кенесарының қазақ тарихындағы орны мен рөлі туралы былай деп жазды: «Егер Кенесары Қасымұлы тірі қалса, бізге қазақ даланың бағынышты болуының тағдыры белгісіз еді».
Ресей әскери тарихының ірі маманы А.И. Иванин қазақ басшысының атына мынадай мақтау білдіреді: «Әділдіктің орнауын талап еткен, Кенесары өлгенше Ресейдің жауы болды, сондықтан да оны «даланың соңғы батыры» деп атасам өз отанымның алдында күнәлі емеспін».
Генштаб офицерінің бірі В. Потто Кенесарыны тау қозғалысының имамы Шәмілмен салыстырып, «Ресей билігін қатты теңселткен» тұлға ретінде сипаттайды. Көптеген зерттеушілер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасаған әрекеттерін жоғары бағалады [6].
Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Ол әскері арғы алыс атасы Шыңғыс хандай жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбазына «жүзбасы» мен «мыңбасы» қылып тағайындады. Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден іріктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды. Орыс армиясының үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін енгізді. Дала өлкесінің білгірі ХІХ ғасыр ортасындағы ағылшын зертттеушісі Т.В. Аткинсон: «Кенесары қазақтардан тамаша жауынгерлер дайындай алды. Көпшілігі маған Кенесары жігіттерінің қылышпен, айбалтамен өте жеңіл қимылдауы қарсыластың күшімен соғысуда асқан жетістікке әкелді. Тамаша офицерлері бар қазақтар әлемдегі ең күшті атты әскерді құра алар еді» – деп жазады.
Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердің амал-тәсілдерін меңгеруді талап етті. Көтерілісшілерді әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжірибелі солдаттары айналысты. Хан жасағында қатаң тәртіп орната білді. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзетте ұйықтап қалған сарбаздар өлім жазасына кесілді. Кенесары әскерінде қару-жарақ сатылып алынды. Қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды. Алғаш рет шағын зеңбірек жасау ісі жолға қойылды. Кенесары қолы жауға «Абылайлап» ұран салып, атойлап шабатын [7].
Қазақтардың кезекті көтерілісі жеңіліс тапты. Әлсіз қаруланған хан жасағы мықты дайындалған тұрақты орыс әскеріне қарсы тұра алмады. Сөйтіп Ұлы Далада 600-жылдай қалыптасып қалған Шыңғысханның тәртібі күйреді. Сол жылы Ертістің оң жағалауында Семейдің ішкі округі құрылды. Негізгі халқы жергілікті қазақтардан тұратын бұл округті басқару орыс офицеріне жүктелсе, ал оның орынбасарлығын «қара сүйектен» шыққан аға сұлтан атқарды [4].
Кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Тұлғалардың өмірі мен қызметін зерделеу ұлы тұлғаларға деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.
Сөз жоқ, хан Кенесары Қасымұлы өмірі мен қызметі мысалында қазақ батырлары, ұлт-азаттық қозғалыстың бірнеше ұрпақтары тәрбиеленіп шықты. Ұлы тұлғалар ғана ұлы қадамдарға барады. Тарихты халық қана емес, ұлы адамдар да жасай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет