Медицина философиясы. Деонтология Медицина философиясы



Дата21.04.2023
өлшемі14,05 Kb.
#84966

Медицина философиясы. Деонтология
Медицина философиясы ғылыми білімнің ерекше саласы ретінде ХХ ғасырда кеңінен тарады, себебі философия мен медицинаның қосылу шекарасында болған зерттеу бағдарламаларының көптеп таралуына байланысты: емдеудің тәжірибелері мен техникасы қалыптаса бастады, өзіндік сауығу, ағзаның ішкі мүмкіндіктерін, адамзат рухының резервтерін, с.қ. психиканың ұрпақтан ұрпаққа берілетін құрылымын есепке ала отырып өзіндік жетілу (мысалы К.Юнгтың коллективтік бейсаналық архетиптері). 
Қазіргі медицина философиясы әртүрлі принциптерге, әдістемелік негіздер мен философиялық амалдарды басшылыққа ала отырып бірнеше бағытта дамиды. Қазіргі таңда философия мен медицинаның қырында тұрған негізгі мәселелер – тұлғаның және ұлттың денсаулығы, салауатты өмір салты, қоғам мен табиғи ортаның адамзат ағзасына тигізетін патологиялық өзгерістері, адамзат руханилығының адам денсаулығының психикалық және физикалық негізі ретінде, «ғасыр індеттерінің» әлеуметтік себептері, дәрігер мен науқастың қарым –қатынас этикасы, қазіргі медицианың эстетикалық негіздері. (өнер емдеу әдісі ретінде, түс және дыбыс терапиясы, сұлулық пен үйлесімділік ағза тепе – теңдігін қалпына келтіруші тәсіл ретінде және т.б.) 
Медициналық деонтология Медициналық деонтология /гректің деон-борыш, міндет, логос-ілім/ медицина қызметкерлерінің борышы, парызы, міндеті. Этика мен деонтология ілімдерін зерттеп, егжей-тегжейіне дейін оқымайынша мейірбике, аяжан мамандарын дайындау мүмкін емес. Этика-мінез-құлық ережесінің жиынтығы. Ол дәрігер мен ауру, аурудың туған-туыстарымен медицина қызметкерлерінің арасындағы қарым-қатынасты, тұрмыстағы мінез-құлық ережесін қамтитын ең жоғарғы адамгершілік қасиет. Дәрігерлік деонтология-медицина қызметкерлерінің міндеті, борышы, мінез-құлық ережесінің тәртібі, ол емнің ауру адамға көп көмек келтіруіне бағытталған ілім, сондықтан да ол этиканың бір бөлігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет