Медицина medicine



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата28.11.2022
өлшемі498,96 Kb.
#53118
  1   2   3   4   5   6   7


Серия «Биология». № 3(103)/2021 
157 
МЕДИЦИНА
MEDICINE 
DOI 10.31489/2021BMG3/157-162 
ƏОЖ 612.6 
Ж.Т. Суюндикова
1
*, Д.Т. Конысбаева
2
, Г.К. Баубекова

1
Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақстан 
2
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан 
*Хат-хабарларға арналған автор: forwork.zhanar@mail.ru 
Студенттердің физикалық дамуының индекстік бағасы 
Мақалада екі этностық топ, яғни студент қыздардың физикалық дамуын индекстер арқылы 
бағалаудың салыстырмалы зерттеу материалдары берілген. Физикалық даму тек жас ұрпақтың ғана 
емес, сонымен қатар жалпы халықтың денсаулығының маңызды индикаторларының бірі болып 
табылады. Физикалық даму индекстері — жеке антропометриялық белгілердің арақатынасын 
көрсетеді, бұл оларды халықты жаппай зерттеу кезінде физикалық дамуды шамамен бағалау үшін, 
сондай-ақ əртүрлі қоршаған орта факторларының ағзаға əсерін талдау үшін пайдалануға мүмкіндік 
береді. Зерттеуге Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде оқитын 17–20 жас 
аралығындағы 336 студент-қыздар қатысты. Зерттеулер негізгі биоэтикалық ережелерге сəйкес 
жүргізілді. Барлық зерттеулер сессия аралық кезеңде өткізілді. Күннің бірінші жартысында 
орындалды. Зерттелушілер ұлтына байланысты екі топқа бөлінді: бірінші топта қазақ ұлтының, екінші 
топта — славян ұлтының студент қыздары. Зерттелген топтарда негізгі антропометриялық (дене 
ұзындығы, салмағы, кеуде қуысының шеңбері), физиометриялық параметрлер (өкпенің тіршілік 
сыйымдылығы, қолдың күші, қан қысымы), антропометрлік (Кетле, Пинье, Мануврие) жəне 
функционалдық индекстері (Робинсон, Скибинский, өмірлік жəне динамометриялық индекстер) 
анықталды. Зерттелген екі топтың арасында негізгі антропометриялық көрсеткіштерде, Мануврие 
индексі мен өмірлік индексі бойынша айқын айырмашылықтар байқалды. Анықталған екінші топтағы 
студент қыздардың орташа топтық көрсеткіштерінің жоғары болуы — ағзаның морфофункционалды 
ерекшеліктерінің генетикалық бейімділігіне байланысты болды. 
Кілт сөздер: студент-қыздар, физикалық даму, этностық топ, антропометрлік көрсеткіштер
функционалдық параметрлер, денсаулық индикаторы, Мануврие индексі, өмірлік индекс. 
Кіріспе 
Адам денсаулығының маңызды көрсеткіштерінің бірі физикалық даму болып табылады. 
Физикалық денсаулық — студенттердің үйлесімді дамуын анықтайтын жетекші фактор. Ол өмір 
сүру ортасының түрлі факторларына бейімделу мүмкіндіктерімен ғана емес, сонымен қатар 
физикалық даму деңгейімен де сипатталады. Сондықтан денсаулық — олардың мамандық игеруіне, 
болашақ кəсіби қызметінің жемісті болуына жəне студенттердің жалпы өмір сүру əл-ауқатына 
əсерін тигізеді. 
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, физикалық дамудың индекстік бағасын анықтау 
неғұрлым өзекті болып табылады. Ал бір экологиялық аймақта тұратын адамдар тобының 
морфофункционалды параметрлерінің этносаралық айырмашылықтары генотиптік белгілердің бар 
екені туралы айтуға мүмкіндік береді. 
Зерттеудің мақсаты: студенттердің физикалық дамуының индекстік бағасының топаралық 
айырмашылықтарын анықтау. 


Ж.Т. Суюндикова, Д.Т. Конысбаева, Г.К. Баубекова 
158 
Вестник Карагандинского университета 
Материалдар мен əдістер 
Зерттеу Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде жүргізілді. Зерттеуге 17–20 жас 
аралығындағы əртүрлі мамандықтардың 1–3 курстың студенттер-қыздары қатысты. Зерттелгендердің 
жалпы саны 336 адам. 
Зерттелушілер ұлтына байланысты екі топқа бөлінді: бірінші топта (I топ) қазақ ұлтының 
студенттері, екінші топта (II топ) — славян ұлтының студенттері. Зерттеулер негізгі биоэтикалық 
ережелерге сəйкес, күннің бірінші жартысында жүргізілді. Барлық зерттеулер сессияаралық 
кезеңде өткізілді. Қойылған мақсатқа жету үшін мына зерттеу əдістері қолданылды: 
антропометриялық көрсеткіштер (дене ұзындығы, дене салмағы, кеуде қуысының шеңбері), 
физиометриялық параметрлер (өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС), динамометрия, жүрек 
соғысының жиілігі (ЖСЖ), артериалдық қысым (АҚ) жəне индекстер əдісі арқылы 
анықталды [1]. Зерттеу нəтижелері Microsoft Excel 7.0 жəне Statisticav. 6.0. статистикалық 
бағдарламасы арқылы өңдеуден өтті. Алынған мəліметтерге сипаттау статистикасының əдістерін 
пайдалана отырып, талдау жүргізілді. Əрбір зерттелген белгі үшін: орташа арифметикалық (М), 
орташа арифметикалық қате (m) есептелінді. p≤ 0,05 кезінде зерттелген мəндердің 
айырмашылықтарының дұрыстығы анықталады. 
Нəтижелер мен талқылаулар 
Зерттелген студенттер контингентінің физикалық даму ерекшеліктерін зерттеу мақсатында, екі 
зерттелген топқа антропометриялық зерттеу жүргізілді, оның нəтижесі 1-ші кестеде көрсетілген. 
1 к е с т е


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет