Механиканың физикалық негіздері



бет1/49
Дата21.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51510
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

28.01.2021
13:29:05
Механиканың физикалық негіздері
1. Механика
Механика – денелердiң механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуiн зерттейтiн физиканың бөлiмi. Механика екi бөлiмнен тұрады: кинематика және динамика.
Зерттелетiн денелердiң сипатына қарай механика үшке бөлiнедi:
Материялық нүктенiң механикасы. Берiлген жағдайда көлемiн, пiшiнiн ескермеуге болатын дененi - материялық нүкте деп атайды. Егер дененiң өлшемдерiне қарағанда оның жүрiп өткен ара қашықтығы көп есе үлкен болса, бұл дененi материялық нүкте деп қарастыруға болады.
Қатты дене механикасы. Кез-келген екi нүктесiнiң ара қашықтығы өзгермейтiн дененi абсолют қатты дене деп атайды.
Тұтас орта механикасы.  Газдардың, сұйықтардың тепе-теңдiгiн және қозғалысын зерттегенде оларды үздiксiз тұтас орта түрiнде қарастырады.
2. Механикалық қозғалыс
Механикалық қозғалыс деп санақ жүйесі ретінде алынған денемен салыстырғанда басқа бір дененің орын ауыстыруын айтады.


3. Кинематика
Кинематика (гр. kіnma, kіnmatos – қозғалыс)– механиканың, дене қозғалысының геометриялық қасиеттерін, олардың массасы мен әсер етуші күштерді ескермей зерттейтін бөлімі. Классикалық механиканың бөлімі.
Ол дененің неліктен осылай қозғалатынын түсіндірмейді, бірақ "Дене қалай қозғалады?" деген сұраққа жауап береді. Қозғалыс Кинематикасындағы әдістер мен тәуелділіктер әр түрлі механизмдердегі, машиналардағы, т.б. қозғалыстарды есептеуде, сондай-ақ динамика есептерін шешуде пайдаланылады. 
4. Динамика
Динамика (гр. dуnamіs – күш) – механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдарыКлассикалық механиканың бөлімі.
5. Абстрактылы шамалар
Абстрактылы шамалар – табиғатта кездеспейтін шамалар. Физика есептерін шығарғанда, есептердің шартына қарай абстрактылы шамалар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет