Международная Академия Бизнеса материалы VI международной студенческой научно-практической конференции «Молодые акулы бизнеса»



Pdf көрінісі
бет10/41
Дата25.12.2016
өлшемі4,22 Mb.
#401
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41

Деректер:
1.  Мельников В., Ильясов Қ.Қ. Қаржы. Оқулық. Алматы, 2003ж.
2.  Абуов Ж.О. Роль финансов в условиях рыночной экономики  (экономика ғылымарының кан-
дидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация авторефераты),2011ж.
3.  Макарова Н. Бюджет и бюджетная система, Астана 2008г.

65
Экономиканың  нарыққа  өтуі  қоғамдағы 
барлық  өндірістік  қатынастар  жүйесіне  әсерін 
тигізді,  ұлттық  экономиканың  барлық  салала-
рында ғылыми-техникалық прогресті ынталан-
дыру және еңбекті ынталандыру және еңбекті 
үйлестіру  үшін  жағдайлар  жасайтын  қатынас-
тар жүйесінің қалыптасуын және эволюциялық 
қайта  құрылуын  талап  етті.  Бұл  стратегиялық 
міндет  жаңа  типтегі  шаруашылық  жүргізудің 
экономикалық механизмінің қалыптасуы арқа-
сында  шешімін  табады,  біз  бұл  міндетті  елдегі 
экономикалық  реформалардың  дұрыс  жүргізі-
луінің негізгі шарты ретінде қарастырамыз.
Қазіргі  кезде  қаржы  қатынастарын  жетілді-
рудің  мәселесі  аграрлық  сектордағы  ең  өзекті 
мәселелердің бірі, себебі, бұл жерде реформа-
лар әлдеқайда қиын және үлкен шығындармен 
жүргізіледі.  Қаржы  қатынастарының  жағдайын 
зерттеу  объектісі  ретінде  ауыл  шаруашылығы 
саласын  таңдау  -  өзінің  ерекшеліктеріне,  ма-
териалдық  өндіріс  сферасына  байланысты  аса 
күрделі болып табылады. Ауылшаруашылығын-
да қуатты ресурстық потенциал бар және  оның 
жақын  болашақта  қаншалықты  тиімді  қолда-
нылатындығына қоғамның экономкалық, саяси 
және  әлеуметтік  тұрақтылығы,  халықтың  өмір 
сүру деңгейі тәуелді.
Барлық  экономикалық  реформалардың 
нәтижелері  соңғы  есепте  ауылдағы  реформа-
лардың  сәттілігімен  анықталады.  Тарихи  тәжі-
рибе  аграрлық  қатынастардың  барлық  терең 
және түбірлі қайта құруларының барлығы жер 
реформасының  негізінде  және  нәтижесінде 
жүргізілді.Ауыл  шаруашылығының  және  оның 
қызмет  көрсету  сферасының  дамуы  мәселе-
лерін  шешу  үшін  мемлекеттік  реттеу  мен  на-
рықтық  өзін-өзі  реттеудің  үйлесіміне,  тауар 
өндірушілерді ынталандыруға  негізделген қыз-
мет  етуші  қаржы  механизмі  қажет.  Жаңа  эко-
номикалық қатынастарға өтуімізге байланысты 
ауылдық  жердегі  жүргізіліп  жатқан  қаржы-не-
сиелік саясат  бірінші кезекте келесі міндеттерді 
шешуге бағытталуы тиіс:
 ▪ елдің  азық-түлік  өнімдерімен  өзін-өзі 
қамтамасыз  етуін  ынталандыру  және 
мемлекеттің  азық-түлік  қауіпсіздігін  қа-
лыптастыру;
 ▪ ауылшаруашылығы  мен  өнеркәсіп  ара-
сындағы баламалы қатынастарға  шығу;
 ▪ ауылшаруашылық  тауар  өндірушілерінің 
табыстарын  ұлғаймалы  ұдайы  өндірісті 
қамтамасыз ететін деңгейде қолдау көр-
сету;
 ▪ ғылыми-техникалық  прогресс  жетістік-
терін  қолдануға,  өндірістің  тиім ділігін 
өсіруге, еңбек өнімділігін көтеруге ықпал 
ету;
 ▪ мемлекет ішінде бірыңғай экономикалық 
кеңістікті  қалыптастыру,  алыс  және  жа-
қын шетел нарықтарына шығу.
Тәжірибе жүзінде бұл міндеттерді шешу қар-
жы қатынастарының сәйкес механизмін өңдеуді 
талап  етеді.  Оның  элементтерін  қолдану  әдіс-
теріне  байланысты келесі блоктарға біріктіру-
ге  болады:  қаржыландыру,  салық  салу,  несие-
лендіру және сақтандыру. 
Аталған блоктарды жеке қарастырайық, өйт-
кені  олар  қазіргі  кездегі  қаржы-несиелік  ме-
ханизмді  жетілдіру  бағыттарын  негіздеу  үшін 
объективті  шарт  болып  табылады.  Нарықтық 
экономикаға  өтуге  байланысты  ауылшаруа-
шылық  кәсіпорындарына  ықпал  етудің  негізгі 
әдісі ретіндегі қаржыландырудың ролі әлсіздеу 
болып  есептелінеді.  Басымдылық  несиленді-
ру және салық салу сияқты элементтердің ролі 
күшейеді.  Сонымен  қатар  тауар  ауылшаруа-
шылық  өндірушілеріне  ықпал  ету  әдістерінің 
ішінен  оны  алып  тастау  да  дұрыс  емес  болар 
еді.  Сондықтан  бірінші  кезекте  қаржыландыру 
мәселесіне көзқарасымызды өзгерту қажет. Бұл 
кезде  мемлекет  пен  ауылшаруашылық  кәсіпо-
рындарының  арасындағы  өзара  қатынастар 
жүйесін  құрудың  негізгі  принциптері  ретінде 
келесілерді есептеліну қажет:
 ▪  мемлекеттік  қолдаудың  бағдарламалық 
принципі (ғылыми-техникалық  прогресті 
қаржыландыру кезінде біздегі соңғы кез-
дерге дейін кеңінен қолданылатын), яғни 
ресурстар Үкімет бекіткен бағдарламалар 
шегінде ғана берілуі қажет;
 ▪  компенсациялық-үлестік  принцип,  бір 
жағынан  осы  не  басқа  бағдарламамен 
қарастырылған  бюджеттен  берілетін 
аванстық  төлемдер  немесе  барлық  шы-
ғындардың  толық  өтелінуі,  екінші  жағы-
нан,  шаруашылыққа  нақты  жүргізілген 
шығындарын өтеу және алдын-ала белгі-
ленген үлестің орнын толтыру;
Ауылшаруашылығындағы қаржылық
қатынастар механизмінің даму ерекшеліктері
Сарбасова Р.С.
М.Х.Дулати атындағы ТМУ,  
Магистратура «Қаржы», Тараз қ.
Ғылыми жетекшісі:
Ауелбаев С.Ш., э.ғ.д., профессор

66
 ▪  талаптардың  міндеттілік  принципі,  яғни 
қабылданған  бағдарламалар  шегінде 
жүргізілген  нақты  шығындар  олардың 
жеке  талаптарын  орындаған  жағдайда 
ғана өтелінеді.
 ▪ Жоғарыда  аталған  принциптерді  жүзеге 
асыру мемлекеттік  қаржылық  қолдаусыз 
мүмкін  емес,  ол  келесі  формаларда  жү-
зеге асырылады:
 ▪  несиелік,  шетелдік  тәжірибеде  кеңінен 
таралған  және    проценттерді  арзандату 
мен  негізгі  қарыз  есебінен  төлемдердің 
орнын  толтыру  түрінде  жүзеге  асыры-
лады;
 ▪  -салықтық –шетелдік тәжірибеде кеңінен 
қолданылатын  бағдарламамен  қарасты-
рылған  міндетті  шарттарды  орындаумен 
анықталынатын    қаржылық  дотациялар 
формасындағы  субвенциялар  түрінде 
қолданылады;
 ▪  өтемдік (компенсация) форма жолымен – 
реинвестиция кезінде. Егер шаруа немесе 
басқа  кәсіпкер  банктік  несиеге  жүгінбей 
бағдарламаны  жүзеге  асыруға  өзінің 
меншікті ақша қаражатын салу мүмкіндігі 
болса,  онда  ол  салық  жеңілдіктері    не-
месе кәсіпкерге тікелей өтем формасын-
дағы  реинвестицияның  қаржылық  қол-
дау құқығына ие болады.
Жүргізілген  зерттеулер  қазіргі  кезде  ауыл-
шаруашылық  кәсіпорындарының  мемлекеттік 
бюджетпен  өзара  қатынастары  бір  жағынан 
олардың  бюджетке  салықтарды  төлеуі  арқы-
лы, екінші жағынан тікелей  өндірістің дамуына 
бюджеттен  қаржы  бөлу  арқылы  тікелей  неме-
се жанама түрде қалыптасады.  Мұндай жағдай 
мемлекеттің  ауылшаруашылық  кәсіпорында-
рымен  қаржылық  қатынастары  екі  формада  – 
тікелей  және  жанама  түрде  қалыптасатынды-
ғын көрсетеді.
Бірінші  формада  кәсіпорындар  мен  ұйым-
дардың  бюджетке  салық  төлеуі  және  кәсіпо-
рындардың шығыстарын бюджет қаражаттары 
есебінен  қаржыландыру  кезінде  көрініс  тапса, 
екіншісі ауылшаруашылығын дамытуды қаржы-
ландыру кезінде көрініс табады. Мемлекет және 
тауар өндірушілер арасындағы мұндай қарым-
қатынас механизмнің келесі блогын қарастыру-
ды талап етеді. Ол буын – салық салу жүйесі.
Рационалды  ұйымдастырылған  салық  салу 
жүйесі  ауылшаруашылығының  тұрақты  және 
тиімді дамуына септігін тигізеді.
Ауылшаруашылығына  салық  салу  бірқатар 
элементтер мен механизмдерді қамтиды. Олар-
ға жататындар:
 ▪ салық салу субъектілері;
 ▪ салық салу объектілері;
 ▪ салық салу базасы;
 ▪ салық ставкалары;
 ▪ салық жеңілдіктері;
 ▪ салық  салу  тәртібі  мен  мерзімдері  және 
т.с.с.
Ауылшаруашылығы  өзінің  қызмет  етуінің 
мерзімділік  сипатымен  ерекшеленеді.  Мәсе-
лен егін шаруашылығын алатын болсақ, егін егу 
және  егінді  жинау  мезгілдерінде  ауылшаруа-
шылығы  субъектілеріне  негізгі  және  айналым 
қорларын  пайдалану  үшін  ақша  қаражаттары 
қажет,  сол  өз  қолындағы  ақша  қаражаттары 
жетіспеген  жағдайда  қарыздық  қаражаттарды 
пайдалануға  тура  келеді.Осыған    байланысты 
ауыл шаруашылығының қызмет етуіне қаржы-
лық механизмдерінің бірі –несиелендіру болып 
табылады.Несиенің негізінен екі формасы қол-
данылады: коммерциялық және банктік несие. 
Коммерциялық  несие  дегеніміз  тауарды  сату-
шы  мен  тауарды  алушы  арасындағы,  тауарды 
қарызға  алу,  немесе  уақытша  ақша  қарызға 
алу,  вексель  айналымы  түрінде  көрініс  тапса; 
банктік несие банктер мен басқа да қаржы-не-
сиелік институттармен берілетін несие форма-
сы болып табылады, және де соңғысы көбірек 
қолданысқа ие болып отыр.
Нарықтық  қатынастарға  көшкеннен  кейін 
қаржы-несиелік  механизмнің  маңызды  буын-
дарының бірі болып –сақтандыру шықты. Эко-
номикалық  категория  ретінде  ол  қаржының 
құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Бірақ  ол  тек 
қайта бөлістіру қатынастарын сипаттайды. Сақ-
тандыруды  дамыту  ауылшаруашылығы  үшін 
маңызды  шаралардың  бірі  болып  табылады. 
Себебі  сақтандыру  олардың  шығындарының 
бір  бөлігінің  болса  да  орнын  толтыру,  өзін-өзі 
қаржыландыру және өзін-өзі қорғау жүйесі бо-
лып табылады. Сақтандыру ерікті және міндетті 
нысанда  жүргізіледі.  Ауылшаруашылығынақа-
тысты өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру 
ғана міндетті формаға енгізілген.
Жалпы қорыта келе, осы жоғарыда аталған 
буындардың  өзара  тығыз  байланыста  жұмыс 
істеуі  ауылшаруашылығының  қаржы-несиелік 
механизмінің  тиімді  қызмет  етуін  қамтамасыз 
етеді.
Деректер:
1.  Алимкулова Э.С. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу тетіктері // Халықаралық ғылыми-
практикалық конференциясының материалдары. - Көкшетау, 2008. Б.111-114.
2.  Құлпыбаев  С.,  Ынтыкбаева  С.Ж.,  Мельников  В.Д.  Қаржы:  Оқулық  /  -  Алматы.  Экономика, 
2010- 522 бет.

67
Елiмiздiң  өз  егемендiгiн  алғаннан  берi  на-
рықтық  қатынастар  күннен-күнге  дамып  ке-
ледi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қаты-
настар  орнағанымен,  оның  өзiн-өзi  басқаруы 
мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемле-
кет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы 
керек.  Мұндай  саясаттарға  мемлекеттiң  ақша 
– несие саясаты және бюджет саясаты жатады.
Экономиканы    ақша-несиелік  реттеудi  қар-
жы саласының басты секторы- банк жүйесi iске 
асырады.  Банк  жүйесi  қазiргi  заманғы  эконо-
микада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемле-
кеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық 
банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi дең-
гейдегi банктер.
Орталық  банк  ұлттық  валютаны  айналым-
ға  шығарады,  мемлекеттiң  алтын  резервтерiн 
сақтайды,  коммерциялық  банктердiң  мiндеттi 
резервтерi  банктер  арасындағы  есеп  айыры-
су  шоты  ретiнде  пайдаланылады.    Орталық 
банк  ақша-несие  саясаты  құралдары  арқылы 
ақша-несие  саясатының  мақсаттарын  жүзеге 
асырады.
Қазақстан  Ұлттық  банкi  мемлекеттiк  ақша-
несие  саясатын  анықтайтын  және  жүзеге  асы-
ратын  орган болып  табылады.   Қазақстан Ұлт-
тық  банкi  ақша-несие  саясатының  басты  мақ-
саты:  ұлттық  валютаның  тұрақтылығын,  яғни 
оның  төлем  қабiлеттiлiгi  мен  басқа  шетел  ва-
люталарына қатысты тұрақтылығын, бiр сөзбен 
айтқанда  экономикалық  жағымсыз  құбылыс 
болып  табылатын  инфляцияға  қарсы  саясатты 
қамтамасыз етудi көздейдi.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк 
жүйенiң  ролi  ерекше.  Банктiк  жүйе,  нарықтық 
экономиканың  ең  маңызды  және  бiртұтас  құ-
рылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашы-
лығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқару-
мен тiкелей байланысты болады.
Осылайша  банктiк  жүйе  елiмiзде  қалыпта-
сып,  экономиканың  тиiмдi  қызмет  етуiне  ат-
салысатын  басты  секторға  айналды.  Оның  әр 
түрлi  саясаттары  арқылы  экономиканы  өтпелi 
кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет 
алдық.
Мiне, сондықтан мен өз жұмысымның тақы-
рыбын “ Қазақстанның несие жүйесі.”
деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі - әлемдiк тәжiри-
бе  көрсеткенiндей  экономикада  нарықтық  қа-
тынастар өзін-өзi реттей алмайды. Оған белгiлi 
бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргi-
зу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай 
экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие 
және  бюджет-салық  саясаты,  валюталық  сая-
саттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясатта-
рын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып 
отырады.  Банктiк  жүйе  –  нарықтық  экономи-
каның  ең  маңызды  және  бiртұтас  құрылым-
дарының  бiрi.  Банктер  халық  шаруашылығы 
қызметiнiң  барлық  деңгейiндегi  басқарумен 
тiкелей байланысты болады. Бұл жұмыста банк-
тердің  экономикадағы  атқарытын  қызметтері 
мен ролі, еліміздегі банк жүйесінің бүгінгі таң-
дағы мәселелері және Қазақстандағы банк жү-
йесі мен банк секторын жетілдіру ұсыныстары 
келтіріледі.  Бүгінгі  күнде  бұл  өзекті  проблема-
лардың  бірі,  себебі  дамыған  нарықтық  эконо-
микада банктер жүйесі мен банк секторы еркін 
мобилизацияланған  ақша  айналымында,  жеке 
меншікте және мемлекетте үлкен роль атқара-
ды.    Қазiр  Қазақстанда  банк  жүйесi  егемендiк 
алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық 
инфрақұрылым  iшiнде  ең  тиiмдi  қалыптасқан 
жүйе  болып  отырғаны  белгiлi.  Ал  бiз  осымен 
тоқтамай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз 
керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы 
білім деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Несие  -  нарықтық  экономиканың  тірегі 
ретінде,  экономикалық  дамудың  ажырамас 
элементін  білдіреді.  Оны  барлық  шарушылық 
субъектілерімен  қатар,  мемлекет  те,  үкімет  те, 
сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. 
Несиенің  пайда  болуын  өнімдерді  өндіру 
сферасынан  емес  олардың  айырбас  сферасы-
нан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауар-
дың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді де-
се, шынымен де, осындай айырбас кезінде не-
сиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалы-
сының  кіндігін  сипаттайды.  Несиелік  қатынас-
тардың  пайда  болатын  экономикалық  негізіне 
капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жа-
ғынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқ-
ты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне 
ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша 
мен  несиенің  әртүрлі  ұғымды  білдіріп,  әртүрлі 
қатынастарды  түсіндіретінін  естен  шығаруға 
болмайды. 
Сонымен қатар, несие мен қаржы категория-
ларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл 
ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын, яғни 
қаражаттың  уақытша  берілуін  және  уақыт  өт-
Кредитная система Казахстана
Темирхан А.
МАБ, «Финансы», 1 курс, г. Алматы
Ғылыми жетекшісі:
Оспанбекова Р.А.

68
кен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол 
қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, 
яғни  қаржы:  дотация,  субвенция,  субсидия 
түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.
Несие  –  бұл    пайыз    төлеу  және  қайтару 
шартында  уақытша  пайдалануға  (қарызға) 
берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие  ақшалай  капиталдың  ссудалық  ка-
питалға  өтуін  қамтамасыз  ете  отырып,  несие 
берушілер  мен  қарыз  алушылар  арасындағы 
несиелік  қатынасты  бейнелейді.  Несиенің  кө-
мегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша 
бос қаражаттары мен табыстары экономикалық 
жүйе  төңірегінде  жинақтала  отырып,  уақытша 
және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссу-
далық капиталға айналады.
Несие  мен  ссуданың  арасында    да  өзара 
айырмашылық  бар.  Несие  –  бұл  банктің  қара-
жатын  құрайтын  көзі  ретінде  барлық  несиелік 
қатынастарды  ұйымдастырудың  әр  түрлі  фор-
маларының  болуын  және  сондай-ақ  олардың 
жұмсалымдарының  бір  формасын  білдіретін 
кең  ұғымды  сипатайды.  Ссуда  –  бұл  ссудалық 
шот  ашумен  байланысты  қалыптасатын  не-
сиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана 
формасын білдіреді. 
Экономикалық  категория  ретінде,  несие 
—  кәсіпорындар,  ұйымдар  және  бірлестіктер, 
сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру 
және оларды қайтарылу,  пайыз төлеу шартын-
да  белгілі  бір  мерзімге  уақытша  пайдалануға 
беру  негізінде  қалыптасатын  өндірістік  қаты-
настар жиынтығы.
Зерттеу  заты  сияқты,  несие  құрылымы  бір 
бірімен өзара байланысты элементтерден тұра-
ды. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік 
қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәмі-
ле  бойынша  несиелік  қатынастар  субъектісіне 
қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз  беруші  -  қарызды  беретін  несиелік 
қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уа-
қытша  пайдалануға  қарыз  беруші  субъектілер 
болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, 
банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық 
субъектілері және халық жатады. 
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны 
қайтаруға  міндетті,  несиелік  қатынастың 
екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір 
бірімен  жақын  сөздер  болғанымен  де,  олар-
дың  түсініктері  әртүрлі.  Мысалға,  кәсіпорын 
немесе жеке азаматтардың коммуналдық қыз-
метке,  салықтарға  т.б.  байланысты  төлемдері 
кешігуі  мүмкін,  бірақ,  бұл  жерде  ешқандай  да 
несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек 
қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ 
адамзаттық  қатынастар  жағдайын  сипаттайды. 
Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алу-
шы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы 
бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар 
несиенің  құрылымының  элементіне  берілетін 
объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның 
ерекше  бөлігі,  яғни  қарызға  берілген  құнды 
білдіреді. 
Несиенің  экономикадағы  орны  мен  рөлі, 
оның  атқаратын  қызметтерімен  сипатталады. 
Жалпы несие экономикалық категория ретінде 
төмендегідей қызметтерді атқарады:
 ▪  қайта бөлу;
 ▪  айналыс шығындарын үнемдеу;
 ▪  айналыстағы нақты ақшалардың орнын 
уақытша алмастыру;
 ▪  капиталдың шоғырлануын жеделдету
 ▪  ғылыми-техникалық  прогрессті  жедел-
дету.
Несиенің  қайта  бөлу  қызметі,  кез  келген 
елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұ-
мыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл 
қызметінің  көмегімен  экономикалық  жүйенің 
бір  саласынан  екінші  бір  саласына  капитал 
ағымы  болады.  Несиенің  бұл  қызметінің,  қар-
жының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы 
қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, 
ал  салалар  мен  аймақтар  арасындағы  капитал 
ағымы несие арқылы, яғни  ол нарықтық меха-
низм негізінде жүзеге асырылады. 
Несиенің  айналыс  шығындарын  үнемдеу 
қызметінің  іс  жүзіне  асуы  несиенің  экономи-
ка лық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъ-
ектілеріндегі  ақшалай  қаражаттардың  түсуі 
мен  жұмсалуы  арасындағы  уақытша  болатын 
алшақтық  кей  жағдайларда  қаржылай    ре-
сурстарға  деген  қажеттілікті  туындатады.  Мі-
не,  сондықтан  да  мұндай  жағдайларда  қарыз 
алушылардың  барлық  категориялары  өздері-
нің  меншікті  қаражатқа  деген  жетіспеушіліктің 
орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл 
дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп 
қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге 
де мүмкіндік жасайды.
Ал,  келесі  қызметі,  яғни  несиенің  айналыс-
тағы  нақты  ақшалардың  орнын  уақытша 
алмастыруы.  Қазіргі  несиелік  шаруашылықта 
мұндай  орнын  алмастыруға  толық  мүмкіндік 
бар.  Бұл қызметті іске асыру процесінде тек қа-
на тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақ-
шалардың    уақытша  орнын  ауыстыра  отырып, 
ақша айналысын да  жылдамдатады. Несиенің 
бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексель-
дер,  несиелік  карточкалар  көмегімен  жүзеге 
асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша 
айналысының  жылдамдығы  мен  қатар,  айна-
лыстағы  ақша  массасына  және  төлем  айналы-
мына да ықпал етеді.

69
Капиталдың  шоғырлану  процессі  қызметі 
экономиканың  тұрақты  дамуына  жағдай  жа-
сау  үшін  маңызды    болып  табылады.  Мұн-
дай  міндеттерді  шешуде  несиенің  бұл  қызметі 
өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алу-
ға мүмкіндік береді. 
Несиенің  ғылыми-техникалық  прогрессті 
жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйым-
дардың қызметін қаржыландырумен сипаттала-
ды. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген 
ғылыми-зерттеу  орталықтарының  (бюджеттік 
қаржыландыруда  отырғандардан  басқалары) 
жұмыс  жасауы  қиынға  түседі.  Сондай-ақ  не-
сие  өндіріске  ғылыми  технологияларды  жа-
ңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып 
табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда 
кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта 
және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен 
қаржыландырылады.
Несиенің  формалары,  оның  құрылымымен 
және  белгілі  бір  дәрежеде  несиелік  қатынас-
тар дың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынас-
тар  құрылымының,  олардың  негізгі  қызмет-
терінің  яғни,  әр  алуан  сыртқы  және  ішкі  өз-
герістер барысында толық сақталатын көрінісін 
білдіреді.  
Несие берушілер мен қарыз алушылар ара-
сындағы  байланыстар  қалай  өзгергенімен  де, 
несиенің формасы сол күйінде сақталады. 
Несиенің  екі  формасы  бар:  тауарлы  және 
ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін не-
сиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені 
– банктік деп атайды.
Қалған  несиенің  түрлері  осы  екі  формасы-
ның тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің 
қарыз  алушыға  қарызға  берген  тауарын 
білдіреді.
Коммерциялық несие - бұл вексель айналы-
сының пайда болуына себеп болған, экономи-
кадағы несиелік қатынастардың алғашқы фор-
масы.  Несиенің  бұл  формасының  басты  мақ-
саты  –    тауарлардың  өту  процесін  жеделдету, 
сондай-ақ одан пайда табу. 
Мұнда  қарыз  алушы  да  және  оны  беруші-
лер  ретінде  кәсіпкерлер  мен  бизнеспен  айна-
лысатындар бола алады. Коммерциялық несие 
көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның 
болмай  қалуы  барысында  туындайды.  Мұн-
дай  жағдайда,  айналыс  құралы  ретінде,  қарыз 
алушының  көрсетілген  соманы  уақытында  тө-
лейтіндігін  куәландыратын  арнайы  қарыздық 
міндеттеме - вексель қолданылады. 
Коммерциялық  несиенің  банктік  несиеден 
айырмашылғы төмендегідей:
 ▪  қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер 
емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен 
айналысатын кез келген заңды тұлға бола 
алады;
 ▪  коммерциялық несие тек қана тауар фор-
масында беріледі;
 ▪  қарыз  капиталы  өнеркәсіптік  немесе 
сауда капиталымен байланысты;
 ▪  коммерциялық  несиенің  орташа  құны 
сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен 
салыстырғанда төмен болады;
 ▪  қарыз беруші мен қарыз алушы арасын-
дағы  несиелік  мәміленің  заңды  түрде 
рәсімделуі  барысында,  бұл  несие  үшін 
төленетін  ақы  тауар  бағасының  құнына 
қосылады.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден 
қарыз  алушыларға  ақшалай  түрде  берілетін 
несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен 
тараған  несиелік  қатынастардың  формасы  бо-
лып табылады. Банктік несие бойынша несиелік 
қатынастың  құралына  несиелік  шарт  немесе 
несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие 
беруші:  банк  және  арнайы  қаржы  мекемелері 
болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлік-
пен  немесе  бизнеспен  шұғылданатын  қаржы 
ресурстарына  деген  сұранысы  бар  кез  келген 
заңды  ұйым  болып  табылады.  Мұндағы  қарыз 
берушінің  басты  мақсаты  -  бұл  пайыз  түрінде 
табыс алу. 

70
На сегодняшний день казахстанская пенси-
онная  система  нуждается  в  значительном  ре-
формировании, так как не справляется с изна-
чально возложенными на нее функциями. На-
копительная пенсионная система не оправды-
вает ожиданий населения и экономики страны 
в целом. В связи с этим  население обеспоко-
енно неэффективностью своих вложений. 
Вопросы  пенсионного  обеспечения  зани-
мают важное место в экономической и соци-
альной политике любого государства. Уровень 
жизни пенсионеров является важной характе-
ристикой благополучия граждан в обществе и 
экономического роста страны. 
Активы  пенсионных  фондов  обладают 
огромным  потенциалом,  который  является 
стратегически важным как для государства, так 
и  для  отдельных  отечественных  предприятий. 
Финансовые  ресурсы  пенсионных  фондов  яв-
ляются  долгосрочными  и  недорогими  источ-
никами финансирования, главным назначени-
ем, которых является обеспечение достойного 
уровня  жизни  людей,  достигших  пенсионного 
возраста.
Актуальность  исследования  пенсионной 
системы определяется существующей необхо-
димостью  совершенствования  данного  секто-
ра  экономики,  а  именно  поиска  эффективных 
объектов вложения активов пенсионных фон-
дов, определение оптимальной структуры пен-
сионных взносов и внесения необходимых из-
менений в законодательные акты по вопросам 
управления пенсионными активами.
Основными задачами системы пенсионного 
обеспечения является не только сбор и аккуму-
лирование накоплений вкладчиков, но и разра-
ботка и осуществление стратегии по их приум-
ножению  и  инвестированию  в  национальную 
экономику. В связи с этим одним из основных 
критериев  работы  пенсионных  фондов  явля-
ется  эффективное  использование  пенсионных 
активов,  которое  включает  в  себя  качествен-
ное управление пенсионными активами и ква-
лифицированную  инвестиционную  стратегию, 
основанную на создании наиболее оптималь-
ной структуры портфеля обеспечивающей по-
лучение стабильного дохода. Достижение дан-
ных  целей  невозможно  без  государственного 
контроля  и  надзора  за  функционированием 
накопительной пенсионной системы.
При внедрении пенсионной системы РК за 
основу была взята Чилийская модель, которая 
в середине 90-х годов 20 века показывала вы-
сокую  эффективность.  Однако  за  последние 
десятилетия  стало  понятно,  что  эта  модель 
оказалась несовершенной, как в Чили, так и в 
Казахстане.
При  сопоставлении  показателя  накоплен-
ного уровня инфляции и  коэффициента номи-
нального дохода по пенсионным активам НПФ 
за последние 5 лет – можно сделать вывод, что 
произошло уменьшение стоимости направлен-
ных в НПФ денег более чем на 25% [1].
Основной причиной низкой доходности яв-
ляется  структура  вложений  средств  пенсион-
ных фондов.  На сегодняшний день основным 
объектом инвестиций пенсионных фондов яв-
ляются  государственные  ценные  бумаги.  Это 
связанно в первую очередь с отсутствием на-
дежных эмитентов и неразвитость  рынка цен-
ных бумаг  страны.
Структура инвестиционного портфеля нако-
пительных  пенсионных  фондов  по  состоянию 
на 1.01.2012 представлена на рисунке 1.
Как видно из рисунка 1 значительная часть 
вложений  пенсионных  фондов  приходится  на 
государственные низкодоходные ценные бума-
ги  (45%).  Доля  негосударственных  ценных  бу-
маг эмитентов РК составляет 28%. При этом до-
ля более доходных ценных бумаг иностранных 
эмитентов составляет всего 11% [1].
С  1  января  2012  года  в  Республике  Казах-
стан была введена мультипортфельная система 
управления  пенсионными  активами.  Данная 
система предусматривает участие вкладчика в 
управлении своим пенсионными накопления-
ми и включает три разные стратегии управле-
ния  пенсионными  активами  (инвестиционные 
портфели): 
1.  консервативная; 
2.  умеренная; 
3.  агрессивная. 
На  сегодняшний  день  вкладчикам  предло-
жены две стратегии управления пенсионными 
активами: умеренная и консервативная. С 2015 
года планируется введение агрессивного инве-
стиционного портфеля. 
Таким образом, каждый вкладчик получает 
право самостоятельно определять свою инве-
стиционную стратегию, в зависимости от набо-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет