Международная Академия Бизнеса материалы VI международной студенческой научно-практической конференции «Молодые акулы бизнеса»



жүктеу 4.22 Mb.
Pdf просмотр
бет31/41
Дата25.12.2016
өлшемі4.22 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
часть  опрошенных  студентов  считают,  что  ис-
пользование  учебной  литературы  на  англий-
ском  и  казахском  языках  поможет  больше  уз-
нать и получить нужную информацию. 
На  вопрос  анкеты  «Посещаете  ли  вы  до-
полнительные языковые курсы (вне академии)» 
студенты  ответили  следующим  образом:  22%  
студентов  дополнительно  занимаются  на  кур-
сах английского языка, 1,0% - посещают курсы 
казахского языка,  2,0% студентов дополнитель-
но изучают английский и казахский язык и 75% 
студентов не посещают языковые курсы (рису-
нок 6).
Вывод: На наш взгляд, это хорошо, что сту-
денты  МАБа  находят  время  и  дополнительно 
изучают  языки.  Видимо,  остальная  часть  сту-
дентов хорошо готовятся к занятиям и у них нет 
необходимости посещать языковые курсы.
На последний вопрос анкеты «Поможет ли 
вам  знание  казахского,  английского,  русского 
языков  в  будущем»  студенты  ответили  следу-
ющим  образом:    95%  студентов  ответили,  что 
владение  тремя  языками  им  поможет  в  буду-
щем, 4,0% студента затруднились ответить и 1% 
студентов  ответили,  что  в  будущем  это  им  не 
поможет (рисунок 7). 
Вывод:    Нас  очень  обрадовало,  что    такой 
большой процент студентов считают необходи-
мым знать три языка. Мы надеемся, что осталь-
ные 5% после первого курса пересмотрят свои 
утверждения.  
Таким образом,  знать три языка: свободно 
говорить,  грамотно  писать,  доступно  излагать 
свои  мысли  -    это  обязательное  условие  соб-
ственного благополучия в будущем и  необхо-
димое условие для развития и процветания на-
шего государства.
 
Желание студентов МАБа владеть 
тремя языками
97%
1,0% 2,0%
да, конечно
нет
не знаю
 
9,0%
17%
да, это не обходимо, так как я больше узнаю
нет, в этом нет необходимости
хотел бы, но я не знаю языка
Использование дополнительной учебной 
литературы на казахском, английском языках
74%
Рисунок 4
Рисунок 6
Рисунок 7
Рисунок 5
 
Посещение студентами МАБа 
дополнительных языковых курсов
(вне академии)
22%
75%
1,0%
2,0%
английский
казахский
английский и казахский
нет, не посещаю
 
О перспективах трехъязычия 
95%
1,0%
4,0%
да
нет
не знаю

243
Қазіргі ағылшын тіліндегі англицизмдердің  
зерттелу мәселелері
Кез  келген  халықтың  тілі  жеке  -  дара  өмір 
сүрмейді. Қандай да бір тілге басқа тілден кір-
ме  сөздердің  енуі  сол  тілдің  дамуына  қажетті 
табиғи  үдеріс  болып  табылады.  Өзге  тілдердің 
ықпалына ұшырамаған ешқандай тіл жоқ деуге 
болады.
Соңғы  20-30  жыл  бедерінде  англицизмдер 
қазақ тіліне қарқынды әрі үлкен көлемде енгені 
соншалық,  лингвистер  оларды  ағылшын-орыс 
билингвизм құбылысы деп атап жүр. Бұл мәсе-
лені біріншіден, қоғамдағы ашық халықаралық 
қарым-қатынас пен ағылшын тілінің халықара-
лық  тіл  ретіндегі  мәртебесінің  өсуімен  байла-
ныстыра қараған жөн. (әсіресе, ағылшын тілінің 
американ нұсқасына қатысты). 
Тіл  өзі  қызмет  атқаратын  қоғаммен  бірге 
өмір сүріп, сол қоғаммен бірге өзгеріп отырады, 
әрі оның ішкі заңдылықтарына сәйкес дамиды.
Тілімізге енген ағылшын сөздерінің мынадай 
мағыналық топтарға бөліп қарастыруға болады: 
ғылым мен техника, саясат, мемлекеттік басқа-
ру,  тарих,  әдебиет,  өнер,  дін,  спорт.  Одан  әрі 
тұрмыстық  лексика,  әскери-теңіз  ісі,  лауазым 
атаулары, мекемелер, қаржы, өлшем бірліктері, 
сауда номенклатурасы. Төмендегі кестеде соңғы 
кездері  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жиі 
қолданылып жүрген англицизмдер келтірілген.
Ағылшын сөздерінің тілімізге ену себептерін 
қарастырайық [1].
1)  Негізгі себеп тілімізде сол ұғымды алмас-
тыратын  нұсқаның  (эквиваленттің)  бол-
мауы:  компьютер,  плеер,  тостер,  импич-
мент,  ваучер,  чартер,  баррель,  серфинг, 
т.б.
2)  Матаса байланысқан анықтауыштық мән-
дегі  сөз  тіркестерін  алмастыратын  кірме 
сөздер: автотуристерге арналған қонақүй 
–  мотель;  журналистерге  арналған  қыс-
қаша пресс-конференция – брифинг; жо-
ғары  деңгейдегі  кездесу  –  саммит;  шаң-
ғымен  мәнерлеп  сырғанау  –  фристайл; 
жалдамалы  жаналғыш  –  киллер;  қысқа 
қашықтықта жүгіру – спринт, автомобиль 
Туребаева А.Е.
Қорқыт ата университеті,  
«Филология», 2 курс, Қызылорда қ.
Ғылыми жетекші:
Оспанова.Ф.А., ф. ғ.к,д., 
Саясат / экономика / лауазым 
атаулары
саммит, брифинг, спикер, рейтинг, холдинг, электорат, ваучер, импичмент, 
имиджмейкер, спичрайтер, инвестиция, спонсор, баррель, медийный, рецессия, 
маркетинг, лизинг, секвестирование, тендер, ретейл, оффшоры, прайс-лист, (топ) 
менеджер, промоутер, дистрибьютер, диллер, бизнесвумен, менталитет
Азық-түлік өнімдері / киім / 
сауда-саттық
хот-дог, чизбургер, гамбургер, фишбургер, барбекю,  поп-корн, (апельсиновый) 
фреш, йогурт, пудинг, фаст фуд, ланч, шорты, бутсы, бандана, топ, некролловая 
(подушка), мультибрендовый, юнисекс, кэжуэл, кэтеринг, шоппинг, шоппоголик, 
sа1е, Коdак Ехргеss, гель. SРА - салон, супермаркет, VIP - зал, сэконд хэнд, 
дисконт
Спорт
шейпинг, фитнес, дайвинг, серфинг, бодибилдинг, сноуборд, фитбол, пейнтбол, 
фрисби, фристайл, рестлинг, пауэр лифтинг, боулинг, тренинг, скейтинг-ринк, 
форвард, голкипер, байкер, снайпер, турбослим, оувертайм, степ-класс, контест, 
скутер
Өнер / радио / теледидар
триллер, вестерн, видео клип, клипмейкер, ньюсмейкер, мюзикл, блокбастер, 
бестселлер, андеграунд, рор - Аrt, (хад) рок, рок-н- рол(л), кастинг, шейк, 
брейкданс, Брейн ринг, (ток) шоу, хит - парад, метеотайм, суперста, супермен, 
скинхэд
Тұрмыс / үй шаруашылығы / 
іс-қағаздары
кондиционер, кулер, миксер, тостер, блэндер, сайдинг, ролл - шторы, 
рольставни, антифриз, булет мэджик, Head & Shoulders, Dove, Tide, Safeguard, 
файл, парфюм, клининговая компания, скраб, спрей, колор, памперс, степлер, 
скотч
Бұқаралық ақпарат құралдары компьютер, монитор, дисплей, презентация, калькулятор, ноутбук, принтер, 
сканер, CD, DVD, процессор, девайс, хакер, обгрейд, кликать, Интернет, сайт, 
блог, смайлик, SМS, т.б

244
тұрақтарына арналған орын – парковка/
паркинг;  өндірістің  құлдырауы  –  рецес-
сия; бөлшек сауда – ретейл және т.б.
3)  Заттар мен құбылыстарды арнайы кітаби 
лексикаға  қатысты  өзге  тілдерден  енген 
сөздердің  тілімізде  қалыптасқан  сино-
нимдік  қатары  баршылық.  Атап  айтсақ: 
акцент  беру  –  басып  айту,  ерекшелеп 
айту;  аналогиялық  –  ұқсас;  дезинформа-
циялау  –  жалған  мәлімет  тарату,  шатас-
тыру; декорациялау – безендіру; идеалды 
–  үлгілі,  жетілген;  инфекциялық  –  жұқ-
палы;  мемуар  –  естеліктер;  перманентті 
– үздіксіз, тұрақты; реконструкция – қал-
пына келтіру т.б [2].
4)  Қазақ тіліндегі экспрессивтік мәнді сөздік 
қорын толықтыру мақсатында енген өзге 
тілді стилистикалық синонимдер қатары: 
қызмет көрсету – сервис; күзет – секью-
рити;  сауда  жасау,  сатып  алу  –  шоппинг; 
мотоциклист – байкер; түнгі ойын-сауық 
– пати; би – дансинг; жолы болмаған адам 
–  лузер;  дос  (қыз  бала)  –  гёлфренд;  дос 
(ер бала) – бойфренд; спектакль – перфо-
манс;  қонақтарды  қабылдау  –  ресепшин 
т.б.
5)  Семантикалық және морфологиялық жа-
ғынан өзара ұқсас сөздердің қатар түзуі. 
Айталық,  ΧІΧ ғасырда орыс тіліне ағыл-
шын тілінен джентльмен, полисмен сөз-
дері енсе, орыс тілі арқылы ΧІΧ ғасырдың 
аяғы мен ΧΧ ғасырдың басында тілімізге 
спортсмен,  рекордсмен,  яхтсмен  кірме 
сөздері енген. Адамға қатысты ұғым атау-
лары  мамандық  атауларына  «мен»  жұр-
нағы бар сөздер қатары да қалыптасқан. 
Оған  қоса  зат  есімнен  жасалған  туынды 
түбір сөздер қатарын айтуға болады: биз-
несмен,  конгрессмен,  шоумен,  супермен. 
Сондай-ақ,  футбол,  гандбол,  бейсбол, 
мотобол.
Өзге тілдің лексикасын игеру және оны қа-
былдау үдерісі сол тілдердің фонетикалық жү-
йелерінің  өзара  күрделі  байланысы  болып 
табылады.
Кірме  сөздер  тіліміздің  ішкі  заңдылықтары 
мен нормаларына бейімделе отырып сан алуан 
өзгеріске  ұшырайды.  Кірме  сөз  құрамындағы 
қазақ тіліне жат дыбыстар онымен ұқсас дыбыс-
тармен алмастырылады. Мысалы, қазақ тілінде 
ағылшын  тіліндегі  [h],  [w]  дыбыстары  жоқ.  [h] 
дыбысы бар ағылшын сөздері бірде [х], бірде [г] 
дыбыстарымен алмастырылып беріледі:
[hockey  -  хоккей,  hall  -  холл,  hooligan  - 
хулиган,  дегенмен  Hamlet  -  Гамлет,  handball 
–гандбол). [w] дыбысы бірде [у], бірде [в] ды-
быстарымен  берілген:  [weekend  –  уикэнд, 
Wales  –  Уэльс,  дегенмен  woman  –  бизнесву-
мэн, western – вестерн). Сөз ішіндегі тіл алды 
дыбыстары (альвеоляр дыбыстар) тіс дыбыста-
рымен,  ал дифтонгтер  [ай],  [ой],  [ей]  дыбыста-
рының тіркесімен алмасып келіп отырады: дай-
винг, бойфренд, тинэйжер және т.б. Сондай-
ақ ағылшын сөздеріне сөз сонындағы мысалы: 
тч,  дж  тіркестері,  матч,  скетч,  менеджер, 
имидж, джем; сөз соңындағы –инг, -мен, -ер, 
тіркестері тән: митинг, рейтинг, шоппиг, биз-
несмен,  супермен,  таймер.  Айта  кетер  жайт, 
кейбір кірме сөздер өздеріне тән фонетикалық 
ерекшеліктерін ұзақ уақыт бойы сақтап қалады. 
Мысалы,  бірнеше  сөздерде  е  дыбысының  ал-
дынан келетін дауыссыздар жуан болып айты-
лады: коктейль, майонез, термос, бизнесмен, 
вестерн, компьютер,теннис.
Кірме  сөздерді  графикалық  жағынан  игеру 
дегеніміз  оларды  қазақ  әріптері  арқылы  жазу 
болып табылады. Басқа тілден орыс тілі арқылы 
енген  сөздердің  біразы  тіліміздің  графикалық 
нормасына сәйкес жазылып, сөздік құрамынан 
өзіндік орнын алады. Дегенмен, «бөтен» сөздер 
тіліміздің  жазу  жүйесіне  бірден  кіріге  алмай, 
біршама уақыт өз қалпын сақтап қалады. Мы-
салы,  А.С.Пушкин  Евгений  Онегинді  былайша 
сипаттайды:  «Как  dandy  лондонский  одет  –  И 
наконец увидел свет».Ақын өз жарына жазған 
хатында:  «Обедаю  сегодня  дома.  Заказав  Сте-
пану ботвинью и beаfsteaks». [4]  Сол кезеңде 
бифштекс сөзі әлі графикалық тұрғыдан кірік-
пегендіктен,  әрі  орысша,  әрі  ағылшынша  қа-
тар  жазылып  келді.  Орыс  энциклопедиялық 
сөздігіне  бифштекс  сөзі  алғаш  рет  1834  жылы 
енгізілген.
Шетел  тілі  сөздерін  транслитерациялаудың 
нақты ережелері жоқ. «Офис» сөзі ΧΧ ғасырдың 
басында «оффис» болып жазылса, кейінірек бір 
ф  әрпі  жазылмайтын  болды,  сондай-ақ  «фут-
бол» сөзіндегі қатар тұрған екі л әрпі түсіріліп 
жазылып келеді. Жаңа мыңжылдық қарсаңында 
орыс  тілінде  пайда  болған  «миллениум»  сөзі 
белгісіз  себептермен  бір  л-сыз  жазылып  жүр 
(салыстырыңыз: ағылшын және латын тілдерін-
де: millennium). «о’кей» тіркесі түпнұсқада жоқ 
апострофпен  жазылып  жүр:  OK/Okay.  Кей-
де  кірме  сөздердің  екі  вариантта  қолданылып 
жүргенін  аңғаруға  болады:  риэлтор/риэлтер; 
ролл-шторы  /роль-ставни.  Сонымен  қатар 
екітілді қос сөздердің қолданысы да кездеседі: 
Fun-парк, drees-код, SPA-процедура, IQ бал.
Ал  кірме  сөздерде  морфологиялық  тұрғы-
дан игеру дегеніміз өзге тілдің ішкі құрылымдық 
элементтерінің  тіліміздің  морфологиялық  жү-
йесіне  кірігуі  болып  табылады.  Мысал  ретінде 
«интернет» сөзінің тілімізге енуін алып көрейік. 
Бұл сөз ағылшын тілінің американ нұсқасынан 
20  жыл  бұрын  орыс  тіліне  компьютерлік  тех-
нологияны  білдіретін  жаңа  ұғым  ретінде  ен-

245
ген.  Кейбіреулер  бұл  сөзді  орыс  тілінде  септік 
жалғауынсыз  Internet,  без  Internet,  с  Internet 
деп қолданса, қайсы біреулері септік жалғаула-
рымен жаза бастады: в Internet’е, без Internet’а, 
с  Internet’ом.  Ал  басқалары  бұл  сөзді  орысша 
графикамен  жазғанымен,  оған  қандай  да  бір 
жалғау түрін жалғауға түбегейлі қарсы болды: с 
Internet, без Internet, тіпті интернет (бәлкім, бұл 
сөздіңғаламдық мәніне құрметтен болса керек). 
Ал төртіншілері бұл сөз орысша жазылса, онда 
бұл сөз де басқалар сияқты септелуі қажет деп 
есептейді: в Интернете, без Интернета, с Интер-
нетом («net» сөзі орыс тіліндегі женский родта-
ғы «сеть» зат есімі бола тұра). Мұндай ала-құ-
лалық ұзақ уақыт бойы сақталып келеді. Қазіргі 
кезде  бұл  сөздің  орыс  тіліндегі  жаңа  сөздер 
сөздігіне  енгені  мәлім.  Бұл  сөз  сөздікте  орыс 
тіліндегі  мужкой  родтағы  зат  есім  және  басқа 
сөздер секілді айтылады әрі түрленеді деп көр-
сетілген:  Интернет,  Интернета,  Интернету,  т.б. 
Сондай-ақ бұл сөзден екі сын есім сөз жасал-
ған: интернетный және интернетовский, бұл 
өз  кезегінде  бұл  сөздің  негізгі  сөздік  құрамға  
енгенін байқатады.
Лексикалық тұрғыдан кірме сөздердің игері-
луі  деп  олардың  лексикалық  бірліктер  ретінде 
кірігуін айтамыз. Лексикалық жағынан игерілген 
кірме сөзден обьективті шындық өмірге қатыс-
ты заттар мен құбылыстардың атын атап, түсін 
түстеп берумен қатар, өзінің шығу тегі білінбей, 
сіңісіп кеткен сөздерді танимыз. Мысалы, спорт 
сөзі  ағылшын  тілінен  енген.  Бірақ  бұл  өмірлік 
құбылыс ретінде тілімізге сіңісіп кеткені сонша-
лық, бұл сөзді айтқанда ол сөздің шығу төркінін 
аңғармаймыз. Демек бұл сол сөздің лексикалық 
тұрғыдан  сіңісіп  кеткенін  көрсетеді.  Сондай-ақ  
пиджак, жакет, свитер, пуловер, аврал, ком-
байн,  ринг,  теннис,  футбол,  волейбол,  тре-
нер,  рельс  сөздерінің  де  бөтендігі  сезілмейді. 
Англицизмдердің  біраз  бөлігі  өздерінің  өзге 
тілдік белгілерін сақтай отырып, тілімізде актив 
қолданылады: джем, джаз, джинсы, смокинг, 
мюзикл, импорт, бизнес және т.б.
Кірме  сөздер  арасында  әр  түрлі  этникалық 
топтардың  спецификалық  ерекшеліктерін  та-
нытатын  және  тілімізге  жай  құбылыстарды 
бейнелитін    экзотизм  (гректің  exotikos-бөтен, 
өзгеше)  сөздердің  алар  орны  айрықша,  экзо-
тивтердің орыс және қазақ тілінде синонимдік 
қатарлары болмайды, сондықтан оларға қатыс-
ты қаратпа сөздер арнайы атаулармен беріледі: 
мисс, миссис, мистер, сэр, джентльмен, фунт 
стерлинг, лорд, скаут, сквайтр, скваттер ква-
кер, пэр, паб, Скотланд, ярд және т.б
Сонымен  қатар  өзінің  өзге  тілді  фонетика-
лық және графикалық шығу тегін сақтап қалған 
орыс тілі арқылы тілімізге енген варваризмдер 
(гректің barbarısmos сөзінен шыққан) де өз ал-
дына топ құрайды. Олар орыс тілі лексикасында 
бірден  ерекшеленетін,  шетел  тілі  сөздіктеріне 
енбеген бөтен сөздер қатарына құрайды. Олар-
дың актив қолданысы бүгінгі өміріміздің негізгі 
белгілерінің бірі болып табылады : фейс-конт-
роль, дресс-код, ноу-хау, ху из ху, мессидж, 
респект, батл, хэппи энд, уикэнд, тинэйджер, 
ресепшин,  мэйкап,  слэм,  релакс,  юзер,  он-
лайн, пэронттер, бэйби, бакстар, гамблер т.б
Англицизмдер  әсіресе  теледидар  бағдарла-
малары, дүкен мен клуб аттарына қатысты жиі 
қолданылады: ток-шоу,  дог-шоу, стрип-шоу, 
Брейк-ринг, Банк Хоум кредит, Реал-кофорт, 
Свит    Мама.  Варваризмдерге  орыс  тілі  арқы-
лы  тілімізге  кірген  ағылшын  тілді  де  жатқыза-
ды: Окей, гудбай, хэллоу, хай, вау, упс. Вар-
варизмдердің  кері  ықпалының  әсерін    анық-
тау  мақсатында  колледж  студенттері  арасында 
зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмысы-
ның мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарында 
жиі  қолданылатын  англицизмдерді  түсіну  дең-
гейін  анықтау  болды.  Студенттерге  мына  сөз-
дердің аудармасын беру міндеті жүктеледі: 

246
Зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей барлық 
бөлімдегі  студенттердің  басым  көпшілігі  ау-
дарманы  түсінуді  басты  мәселесі  деп  табады. 
Ағылшын тілі бөлімінің студенттері басқаларға 
қарағанда 20%-ға жақсы нәтижеге байқатқан. 
БАҚ-та  жиі  қолданылатын  екі  сөзді  (ретинг, 
рецессия)  ешкім  білмейді.  Бұл  экономикалық 
терминдер әлемдік дағдарыс кезінде жиі қол-
данылды, сол кәсіби сала қалуы мүмкін.
Ағылшын  тілін  оқымаған  және  сол  тілді 
түсінбейтін  көптеген  адамдар  тілдің  әде-
би  нормасын  бұзып,  өз    зиянын  тигізеді  деп 
есептейді. Ал кейбір тіл мамандары ағылшын 
тілінің  экспансиясына  қарсы  дабыл  қағуда. 
Шынында  да,  өзге  тілдегі  баламасынан  аме-
рикалық  мағынасы  ешбір  кем  түспейтін  қа-
зақ  сөзінің  біртіндеп  жойылуы  бізді  бей-жай 
қалдырмайды.
Алайда  соңғы  уақыттағы  кірме  сөздердің 
тілімізге  жаппай  енуі  бірыңғай  кереғар    құ-
былыс ретінде қарамаған жөн. Уақыт өте келе 
кірме сөздер тілдік қолданыста шығып қалып, 
біртіндеп ұмытылады немесе өзінің бөтен қал-
пын жоғалтып, тіліміздің негізгі сөздік қорына 
еніп,  тілімізді  байытады.  Шын  мәнінде  қоғам 
мүшелерінің сөз мәдениетінің төменделуі мен 
тіл шұбарлығынын болдырмау өзекті мәселе-
лердің қатарына жатады.

Мысалдар
Түсіну %-ы. 
И\ш \Мо
Ао
1
Тоналған ... және басқа гаджиттерді қоқыс алаңына қарай жіберіп жатты.
12
47
2
Ол оны сиқырлы батлға шақырды.
33
18
3
Кастинг жариялады.
93
88
4
Мұнда бір драйв бар.
59
76
5
кештiң хедлайны болады...
10
65
6
Студенттік IQ бал.
59
76
7
Неміс винилді сайдингі.
6
23
8
Прайс парақты өзі жасайды.
23
53
9
Промоутерлерге арналған супер ұсыныс.
35
53
10
Кроу хантинг-бұл аңғал ермек пе?
1
35
11
Біз кейбір ноу-хауларды импорттаймыз.
62
24
12
Ол керемет лузер
62
76
13
Апельсин фрешіне қалайсың?
9
53
14
Қыздарға арналған сондай девайстар бар.
1
12
15
Ресейлік ретейлдің болашағы
-
-
16
Кэтеринг танымал қызмет түріне айналып келуі
-
6
17
Саммит туралы репортаж көрдік .
1
12
18
Рецессия кезіңінде 
-
-
19
Контесте қатысушы
4
29
20
Роман хэппи-эндпен аяқталды.
88
100
Орташа түсіну%
27,9
44,3
Түйіндеме
Мақалада заманауи ғылым мен техника тех-
налогиялық  үдерістердің  ықпалымен  тілімізге 
жаппай  еніп  жатқан  кірме  сөздердің  тілімізге 
ену  факторлары  және  олардың  фонетикалық, 
графикалық  және  морфологиялық  тұрғыдан 
игерілу жолдары көрсетілген.
Резюме
В  данной  статье  рассматривается  процесс 
проникновения  заимствованных  слов  в  сов-
ременном казахском языке. Особое внимание 
уделяется  фонетической,  графической  и  мор-
фологической адаптации заимствований.

247
Деректер: 
1.  Боженко  Л.Н.  Заимстванная  лексика  в  современном  русском  языке    http:  //  filologdirect.
narod.ru/sra/sra_2006_19.html
2.  Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского языка. Лексика. 
http: // www.reader.boom.ru/gvozdev/stil411.htm
3.  Пушкин А.С. Избранныеcочинения (т.2) – М.: « Художественная литература», 1978.
4.  Груницкая Т.В. Англицизмы в современном русском языке // Русский язык и литература. – 
1998. –№4,5.
5.  Сологуб О.П. Усвоение иноязычных структурных элементов в русском языке. (Наука. Уни-
верситет. 2002. Материалы Третьей научной конференции. – Новосибирск, 2002. –Б.130-134).  
http: // www.stilistika.by.ru/24.shtm
6. Словарь иностранных слов. – М.: «Руский язык» / Под ред. Пчелкина В.В.,1988.
7.  Толковый  словарь  русского  языка  конца  ХХ  века.  Языковые  изменения  /  Под  ред.  Г.Н. 
Скляревской  Российская  академия  наук,  Институт  лингвистических  исследований.  –  СПб.: 
«Фолио-Пресс», 1998.
6.  Advanced Learner’s Encyclopedic Dictionary – Oxford University press, 19927

АДАМИ КАПИТАЛ, ЭКОЛОГИЯ 
ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
ЧЕЛОВЕЧЕСКИЙ КАПИТАЛ, 
ЭКОЛОГИЯ И УСТОЙЧИВОЕ 
РАЗВИТИЕ
HUMAN CAPITAL, ENVIRONMENT 
AND SUSTAINABLE 
DEVELOPMENT
7

250

251
Қызылорда облысындағы Майкөл көлінің 
географиялық орыны және суының құрамы
Майкөл көлінің Қызылорда қаласына дейінгі 
ара қашықтығы– 145 км. Майкөл көлі Қараөзек 
су  тармағының  оң  жақ  жағалауында  орналас-
қан.  Ұзындығы  солтүстік  –  шығыстан  батысқа 
қарай 1200 м, ені - 850 м, максималды тереңдігі 
3,5 м, көп жерлерде – 2,5 м, ауданы 100 га құ-
райды. Саяз жердің барлығында қалың қатты су 
өсімдіктер қаулап өсіп тұрады. Ашықсу астында 
өсетін жұмсақ егеушөп, мүйізжапырақ, балдыр-
лар  мен  хара  өсімдіктері  өсіп  кеткен,  жиі  ку-
бышка  және  құмыра  кездесіп  тұрады.  Майкөл 
көлінің  аймағындағы  климат  қатты  континен-
талды  және  құрғақ.  Мұндағы  орташа  жылдық 
температура 10-12˚С. Ең қатты ыстық кезең шіл-
де – тамыз айлары. Қараша айының ортасында 
төмен  температуралар  кезеңі  келеді.  Қараша 
айының аяғына қарай көлге мұз қатады. Жыл-
дық  түсім  мөлшері  115-120  мм  құрайды.  Бұл 
аудандағы желдер негізінен солтүстік және сол-
түстік – шығыста болады, ондағы желдің орташа 
жылдық жылдамдығы 3,5-4,2 м/сек құрайды. 
Ауа  температурасының  жылдық  амплиту-
дасы  -34  -  ден  +41ºС  дейінгі  аралықта  бола-
ды.  Ол  облыс  аймағындағы  жазы  ыстық  әрі 
ұзақ.  Кейбір  жылдары  ауа  температурасы  + 
42 - + 46ºС дейін көтеріледі. Қысы суық, бірақ 
ұзақ  емес.  Көлдің  су  тәртібі  Сырдария  өзеніне 
Шардара  су  қоймасынан  келіп  түсетін  сумен, 
аздап  мұз  ерігеннен  кейінгі  және  жер  асты  су 
деңгейімен анықталады. Көлдің пішіні сопақша 
дөңгелекті. Көлдің солтүстік-шығыс және шығыс 
жағалаулары ашық, батыстан соғатын желдер-
ге  ыңғайлы,  жағалау  аздап  кесіліп,  шайылған. 
Көлдің  батыс  бөліктерінде  қоға  өсіп  кеткен. 
Жалпы бүкіл өзенде су астында өсетін өсімдік-
тер аз өседі, негізінен балдыр мен мүйізжапы-
рақ  өседі.  Су  жағалауында  жыңғыл  мен  түйе 
жантағы  кездеседі.  Көл  суы  таза,  жағалауын-
да түссіз, ал терең су түбінде түс қанық қоңыр 
жасыл мен ақшыл жасыл түске дейін өзгереді, 
кейде сарғыш немесе көгілдір түсті болады. Су 
түбіндегі  батпақ  көбіне  қоңыр  немесе  қанық 
қоңыр түсті кездеседі.
Бұрын  соңды  Майкөл  көлінде  гидрохимия-
лық  зерттеулер  жүргізілмеген,  сол  себепті  ал-
ғаш рет судың химиялық құрамы туралы мәлі-
мет  2006  жылы  алынған.  Зерттеу  мәліметтері 
бойынша Майкөл көлі терең көлдер қатарына 
жатады,  су  сынамалары  алынған  аймақтарда 
көлдің тереңдігі 4,7 - 6,0 м-ге дейін барған. Бұл 
көлден қолайлы газдық тәртіпті күтуге болады. 
Судың мөлдірлігі 3,0 м-ге дейін жетеді. Сонымен 
қатар  су  сынамалары  алынған  жекелеген  көл 
аудандарында да мөлдірілік біркелкі сақталған. 
Су  массаларының  мөлдірлігі  мен  тереңдігіне 
қарап, ол көлде кәсіби мақсатта ауланатын ба-
лық  түрлерінің  көбеюіне  қолайлы  жағдай  бар 
деп  болжам  жасауымызға  болады.  1-кестеде 
2006 жылдағы Майкөл көліндегі судың химия-
лық құрамы жайлы мәлімет көрсетілген. 
Алынған мәліметтерге сәйкес, судағы су фло-
расын дамытуға қажетті биогендік қоспалардың 
саны жеткілікті екені анықталды. Майкөл көлін-
дегі  судың  құрамындағы  аммоний  азотының 
мөлшері  аздап  жоғары,  аммоний  тұздарының 
концентрациясы да артық. Бұл сірә көлдің жо-
ғары өнімді екенін сипаттайтын көрсеткіші бо-
луы керек. Майкөл көлі суында минералды фос-
фордың  концентрациясы  0,010  –  0,020  мг/дм3 
шамасында кездесті. Бұл суаттарда су флорасы 
мен онда болатын биоөнімділік процесстеріне 
жалпы қолайлы болып есептеледі. Жалпы Май-
көл көлі минерализациясы жоғары көлдер қа-
тарына жатады (8816 мг/дм3), ол әдетте далалы 
жерлердегі кіші- гірім көлдерге және жартылай 
шөлейтті  аймақтардағы  көлдерге  сай  құбылыс 
болып  табылады.  Алынған  материалдан  көл 
акваториясының су минерализациясының бір-
келкі емес екенін де байқауға болады, ол көлдің 
жекелеген аймақтарының тұщы сулығымен жә-
не оның күрделі морфометриялық конфигура-
циясымен  ерекшеленеді.  Көлдің  су  тәртібі  де, 
минерализациясы да жекелеген жылдарда қыс 
мезгілінде  түсетін  атмосфералық  түсімдерге 
Каталог: download -> 3627
download -> ӘБ жұмысының 2015-2016 оқу жылының талдау нәтижелері
download -> Вестник пгу №1, 2010 106 Түйіндеме
download -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
download -> А. Әшімбаев Әбілхан қастеев шығармашылығы арқылы білімгерлердің
download -> Семинар-тренинг 3-4 октября 2014 года в Таразском государствен ном педагогическом институте был проведен семи
download -> Вестник пгу №4, 2010 134 Түйіндеме Доцент Нұрманова Ж. К. мақаласы «Компаративистиканың ғылыми өрісінде қазақ әдебиеті мен кинематографының шектесуі»
download -> Көгінен нұрын шашып, гүлдері бүршік ж ары п, ба ғы нд а бұлбұлы сайр а ға н
download -> Сабақтар "Қазақ хандығының құрылуы" "Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды "
download -> М. тынышбаев және 1916 жылғЫ Ұлт-азаттық КӨтеріліс с. К. Тулбасиева


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет