Международный гуманитарный технический



Pdf көрінісі
бет13/43
Дата19.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#69228
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
 
Бақылау сұрақтары: 
1.Таным философиялық мәселе ретінде.
2.Таным объектісі мен субъектісі 
3. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. 
4. Білім және таным. Білім мен сенім. 
5. Білім құрылымы. 
6. Шебер және ұтымды білім. 
7. Білім философиясында ақиқат түсінігі. 
8. Абсолютті және салыстырмалы шындық. 
№ 6 тақырып 
Білім, ғылым, техника және технологиялар 
Жоспары: 
1. Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері. 
2.Әдіс мәселесі 
3.Ғылыми таным әдістері және ғылыми ақиқат ерекшелігі 
4. Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі. 
Мазмұны
Білім деген не? 
Білім - адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды 
байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды дүниені 
бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып 
табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі - таным білім алу үдерісі 
болып табылады және ол тәжірибемен жанасады. Таным - адамның санасындағы 
ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты 
бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары 
ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні 
ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі - адам адамды, демек, өзін-өзі 
зерттейді. Таным - адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға 


бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге 
асырады: - қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы 
таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық 
түрлерімен қауышады); - қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір 
жаңалық ашады). Таным - білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және 
кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен 
субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта болады. Егер 
белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар университет зертханалары 
мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады. "Білім" 
терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек: - бірдеңені істеу, жүзеге 
асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері; - кез келген 
танымдық мән бар ақпарат; - практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық 
бірлік. Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән - таным теориясының 
(гносеологияның) зерттеу объектісін құрайды. Таным теориясының философиялық пән 
ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен 
шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен 
объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен 
деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі 
формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі 
болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет