Мейоз Дененің пішіні ұлғаяды, сонымен бірге зақымдалған жасушалардың қалпына келуі – регенерация құбылысы жүреді: митоз нәтижесінде



Дата24.01.2023
өлшемі14,91 Kb.
#62708

1. Аналық жасушадан 4 жас жасушаның түзілу үдерісі: мейоз
2. Дененің пішіні ұлғаяды, сонымен бірге зақымдалған жасушалардың қалпына келуі – регенерация құбылысы жүреді: митоз нәтижесінде
3. Стробиляция(бөлшектену) жолымен көбейетін ағзалар: ішекқуыстылардан полиптер, кейбір жалпақ құрттар, теңіз жұлдыздары және кейбір буылтық құрттар
4. Сперматозоид пен жұмыртқа жасушаларының қосылуы: ұрықтану
5. Өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жынысты ұрпақ: гаметофит
6. Өткізгіш ұлпалары жақсы жетілген жоғары сатыдағы өсімдіктер: қырықжапырақтәрізділер
7. Жабықтұқымды өсімдіктерде мегаспорогенез және мегагаметогенез үдерістері жүреді: аналық түйіннің ішінде
8. Митоз бірінен соң бірі жылдам жүреді. Бұл құбылыстың нәтижесінде пайда болған жасушалар өсіп үлгермейді. Жасушалардың саны артқанымен де олардың жалпы салмағы зиготаның салмағынан айырмашылығы болмайды, бұл қандай саты: бөлшектену
9. Зиготаның бөлшектенуі нәтижесінде пайда болған, жасушаларының мөлшері бірдей көпжасушалы ұрық: бластула
10. Ұрық жасушасында түрлі қабықшалардың пайда болу сатысы: гаструла
11. Энтодерма қабатынан түзіледі: асқорыту жүйесі, тер бездерінен басқа бездердің барлығы. өкпе және басқа да тыныс алу мүшелері түзіледі
12. Ішкі және аралас секреция бездері: - 1-гипофиз, эпифиз - - 2-қалқанша без, қалқанша маңы бездері - 3-айырша без - 4-бүйрекүсті бездері - 5-ұйқыбез - 6,7-жыныс бездері
13. Ұйқыбез сөлі өзекшелері арқылы құйылады: ұлтабарға
14. Ағзаның ішкі ортасы (қан, лимфа, жасушааралық сұйықтық) арқылы реттелуі: гуморальды
15. Табан күмбезінің тегіс болуы: жалпақтабандылық
16. Жиырылған кезде қол шынтақтан жазылатын бұлшық ет: үш басты (трицепс)
17. Үш осьті буындар: жамбас-сан, иық буындары
18. Ағзаның өздігінен улану үдерісі: жасушада, ұлпада, мүшеде шлактардың жиналуы
19. Сутек атмосферадағы көмірқышқыл газымен қосылып түзетін соңғы өнім: глюкоза
20. Бөліп шығару ұлпасы безді түкшелерінде жинақталатын күйдіргіш сұйықтық бөлетін өсімдік: қалақай

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет