Мейрамхана бизнесінің маркетингі ермекқызы Дидар «МІжМБ» мамандығының 3 курс студенті Ғылыми жетекші: Сарсебаева А. М. «ТжәнеСҚК»



Дата06.01.2022
өлшемі47,5 Kb.
#14723

ӘОЖ 334

МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ МАРКЕТИНГІ
Ермекқызы Дидар «МІжМБ» мамандығының 3 курс студенті

Ғылыми жетекші: Сарсебаева А.М. «ТжәнеСҚК» кафедрасының аға оқытушысы

Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: ajgulya.81@mail.ru didokai@mail.ru
Қоғамдық тамақтандыру - халық шаруашылығы экономикасының өте айрықша кіші саласы. Кез келген ел үшін қоғамдық тамақтандыру зор экономикалық рөл атқарады, өйткені ол халықты тамақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, көп жұмыс орнын құрып, халықты жұмыспен қамтиды, көп адамдардың санын олар демалуға, балаларымен, достарымен және т.б. демалуға жұмсай алатын уақытты тамақ әзірлеуге жұмсаудан босатып, халықтың өмір сүру сапасын да арттырады.

Мейрамхана бизнесіндегі маркетинг - бұл клиенттердің ерекше қажеттілігін анықтауға бағдарланған мейрамхана қызметтерін әзірлеу, жылжыту мен іске асыру процесі. Маркетинг құралдарының көмегімен тамақтандыру кәсіпорындарының қызметін бағалау, дұрыс таңдау жасау үшін көмек көрсетілед. Тамақтандыру кәсіпорындары маркетингінің негізгі мақсаты тұтынушылардың нақты сегментінің сұранысын қанағаттандыруға барынша бағдарланған қызмет көрсетуді ұйымдастыру және бәсекелестерге қарағанда қызмет көрсетудің неғұрлым тиімді нысандары мен әдістерін қамтамасыз ету болып табылады. Мейрамхана бизнесінде маркетингпен барлық кәсіпорындар сол немесе басқа дәрежеде айналысады, алайда осы салада маркетингтің концепцияларын іске асыратын негізгі буын ретінде туристерге халықаралық және ішкі тасымалды, қажетті қызметтердің топтамасын қамтамасыз ететін,сондай-ақ басқада делдалдық қызметтерді орындайтын туристік фирмалар қарастырылады. Туризм маркетингінің негізгі міндеті тұтынушы үшін қолайлы жер мен уақытта қызмет көрсету болып табылады. Қызмет көрсету қосымша қызмет көрсету, сервисті, қызмет көрсетудің жағдайы мен жылдамдығын жақсарту арқылы түпкілікті тұтынушының сұранысына қызметтерді барынша жақындатуға тиіс.

Қоғамдық тамақтануда, әсіресе, ақша қаражаты жетіспеген жағдайда маркетингтік қызметті жүзеге асыруды білу ерекше рөл атқарады. Қоғамдық тамақтандыру жүйесінде маркетингті ұйымдастырудың ерекшелігі қызмет көрсету саласынан гөрі өнеркәсіптік өндіріске көп бағдарланған дәстүрлі маркетинг теориясында бар механизмге қарағанда «маркетинг-микс» механизмін қалыптастыру қағидаларының біршама өзге жүйесін қажет етеді. Қоғамдық тамақтандырудың өндіріс, сату мен тұтынуды ұйымдастыру сияқты функцияларын бірітіру үшін оның ұсыныстың сұраныс пен тұтынушы сезінетін сапаға сәйкестігі, бағалардың халықтың сатып алу қабілегімен параметрлік байланысып белгілеу, тауарды жарнаманың көмегімен ғана мейрамхана бизнесінің маркетингі емес, сонымен бірге белгілі бір орналасатын жерді таңдаудың, үй-жайдың ішкі дизайны мен өзара қарым-қатынастар маркетингін қалыптастырудың, нарықтың таңдалған сегменті мен кәсіпорынның тәулік ішінде жұмыс істеу режимін ескере отырып, жабдықтарды белгілеп орналастыру мен қызмет көрсетілу тәсілдерінің көмегімен жылжыту сияқты қасиеттері біріктіруі тиіс айрықша маркетинг кешен құру керек.

Осындай кешен құрудың қажеттілікті қоғамдық тамақтандыруға қойылатын талаптарды күшейтеді және тұтынушыларға оның нәтижелерін өнеркәсіп шығаратын тауарды сатып алған кездегіден үлкен жылдамдықпен бағалауға мүмкіндік бере отырып, оның іс-қимылын бір жерде шоғырландырады, сонымен бірге ол тек қоғамдық тамақтандыруға ғана тән ерекше маркетингтік іс-қимылдардың көмегімен сұранысты қалыптастырып, ынталандыру жүйесіндегі талаптарды көтереді. Қоғамдықтамақтандыруда кәсіпорындардың маркетингінің тікелей бөлігі болып табылатын тұтынушыларға қызмет көрсету саласы емес сұранысты қалыптастырудың айрықша нысаны болып табылатын музыкалық сүйемелдеу, концерттік және көңіл көтеру қызметін ұйымдастыру сервиске айналуда. Мұның өзінде қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының нысандары мен тұрпатының сан алуан түрлерінің болуы да оның «4-орын» (тауар, баға, жарнама, өткізу) құрайтын маркетингтің барлық элементтері бойынша өзіне таңдайтын маркетингтік іс-қимылдарға да «маркетинг-микс» жүейсі элементтерінің жиынтығы ретінде әсер етеді.

Тамақтандыру көсіпорны маркетингі тұрғысынан алып қарағанда оның орналасатын жерін таңдаудан кейін тамақтандыру кәсіпорнының залы мен оның ішіндегі ахуал маңызды фактор болып табылады. Бұрын айтылып кеткендей, тамақтандыру кәсіпорнына келушілер интерьердің дизайнына ерекше назар аударады, ал олардың айналысындағы ахуал тұтынушының сана-сезімі мен түйсік деңгейінде әсер етеді. Егер залдағы үстелдер бір-біріне жақын тұрса немесе мұнда шу көп және орын тығыз болса, онда тұтынушы екінші рет мұндай келмеуі де мүмкін. Ал сана-сезімге жарық, жиһаз, қабырғалар мен үстелдегі дастархан түстерінің үйлесуі, музыка, ресімдеудің таңдалған тақырыбы әсер етеді. Осының барлығы бірге тұтынушылардың талғамын жаулап алатын әрі сана-сезімге әсер ететін маркетингтік құрал больт табылады. Осы орай- да еуропалық тамақтандыру кәсіпорындары XX ғасырдың 70-жылдарында өте қарапайым ресімделген болатын. Алай- да қоғамдық тамақтандыру нарығындағы шарықтап кеткен бәсекелестік XX ғасырдың соңында осы тәсілдемеден бас тартуға мәжбүр етті. Ал қазір олар осы бағытта бәсекелестер алдында өздерін көрсетудің тәсілі ретінде ішкі залды ресімдеудің бірегейлігін қалыптастыратын концепция әзірлейтін болды.

Тамақтандыру кәсіпорындарының маркетингтік қызметінде тауарлық, баға, өткізу мен коммуникациялық саясат, сондай-ақ қызмет көрсету процесінің өзінен құралатын өзгермелі маркетинг-миксті басқару маңызды рөл атқарады.

Қазақстанның тамақтандандыру кәсіпорындары маркетингінің өнім өткізу саясатын жетілдіру мемлекетте оған аударылатын назарды деңгейіне еліміздің имиджі мен оның халқының өмір сүру сапасы көп байланысты салааралық және жүйелі процесс ретінде қарастырылуға тиіс.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




  1. Есімжанова С.Р. Қазақстандағы маркетинг теория, әдіснама, практика. - Алматы: Аян-Әдет, 2008. -19-6.

  2. Тулембаева А.Н. Банковский маркетинг: завоевание рынка. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - С.23.

  3. ФатхуТдинов Р.А. Стратегический маркетинг: учебник. - М.: ЗАО «Бизнес- школа «Интел-Синтез», 2012. — 637 с.

  4. Алшанов Р.А. Казахстан на мировом аграрном рынке: потенциал, проблемы и их решение. - Алматы, 2013. - С.142.

  5. Маркетинг: оқу құралы / Н.К. Мамыровтың редакциялауымен. - Алматы: Экономика, 2009. - 301-6.

  6. Кабушкин Н.И., Бондаренко Ж.А. Менеджмент гостиниц и ресторанов: учебное пособие. - Минск: ООО «Новое знание», 2009. - С.63.

  7. Томас Кристофер Эгертон. Ресторанный бизнес. Как открыть и успешно управлять рестораном / пер. с англ. - М.: РосКонсульт, 2011. - 272 с.

  8. Салагаев В.Ж. Культура делового общения: учебно- методический комплекс. - Алматы: Университет «Туран», 2012. -13 с



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет