Мектебінде



жүктеу 0.85 Mb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата27.03.2017
өлшемі0.85 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.
                                   
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.
   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 
       МЕКТЕБІНДЕ 
  Казахский язык и литература 
              в русской школе
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
БАСЫЛЫМ
   2001 жылдың
  қаңтар айынан        
3/2013    
НАУРЫЗ
 
бастап шығады
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   
ИЗДАНИЕ
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 
ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза                 
БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 
Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга                     
МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш                                     
САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 
 
 
«Білім және 
Ғылым» 
жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестігінің 
ай сайын 
шығатын 
республикалық 
ғылыми - 
педагогикалық 
жұрналы 
 

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Ғылыми ойлар отауы
Лаура МЕКЕБАЕВА.                      Мемлекеттік тілді үйретуде мәтіндермен 
                                                             жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері.......................3
Мұғалімдерге  көмек
Баян ҒҰБАЙДУЛЛИНА.                Қазақ тілі сабағында мектеп оқушыларының
                                                             функционалды сауаттылығын
                                                             қалыптастыру........................................................12
Тиімді әдіс  баршаға ортақ
Бақытгүл ЖҰМАБАЕВА.              Кешенді түрде оқытудың
                                                             түрлері...................................................................20
Жас ғалым дүниесі
Динара НҮСІПҚЫЗЫ.                   «Атау кередегі» бейвербалды амалдар мен
                                                              фразеологизмдер..................................................47
Тіл дамыту табиғатында
Рымкеш ШҮЛЕНБАЕВА.               Арнаулы түзеу мектебінің қазақ тілі
                                                              сабағындағы ойындар.........................................54
Ұлыстың ұлы күні
Жанар ЖИЕНБАЕВА.                     Наурыз – көктем!.................................................64
Жәмила АМАНЖОЛОВА.              Наурызда – етістіктің райлары...........................72
Зәуреш ӘБЕНҚЫЗЫ.                      Күлімде, Наурыз, күлімде!..................................76
Айгүл ҚҰМАРОВА.                         «Ең ақылды» зияткерлік ойыны.........................81
 
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Сәния ӘУБӘКІРОВА.                     Өткенді қайталаған ұтады...................................87
Гүлгина ЖҮНІСОВА.                      Есімдіктердің жасалу жолдары..........................91
Назым ҚАНТАЕВА.                         Кезектес салалас құрмалас сөйлемді 
                                                              пысықтау мәселелері...........................................94
Өрік АСРЕПОВА.                             Жай септеу мен тәуелді септеуді 
                                                              қайталау жайы......................................................97
Динара ӨМІРБАЕВА.                      Сөйлем құрауды білгізген – 
                                                              менің қалам........................................................103
Гүлжарқын МЫРЗАҒАЛИЕВА.   Тәуелдік жалғауының пысықталуы.................108
Қадиша САДЫҚОВА.                     Сөйлем талдауда – ұлттық киімдер..................110
Күлпан ТРАНОВА.                           Сан есімнің жалғаулары....................................116
Шолпан СЕЙСЕНБАЕВА.              Сөйлеу мәдениеті мен қонақ күту рәсімі........120
Рита АМАНЖОЛҚЫЗЫ.               Жамбылдың айтыскерлігі мен 
                                                              ойлау шеберлігі..................................................124
Кіріктірілген сабақ
Ақбаян КӨПТІЛЕУҚЫЗЫ.            Білім, білік дағдылары және 
                                                               анализ бен синтез.............................................127
Тәрбие сағаты
Дария ДӘУІТҚАНҚЫЗЫ.              Тіл мәртебесі – ел мерейі.................................130
Алма АБЗАЛБЕКҚЫЗЫ.                Бөбектеріміз бүгінгі – 
                                                              шешендеріміз ертеңгі........................................134
Нағима ӘЛЖАНОВА.                      Туған тілім – тірлігімнің айғағы......................139
Бір өлең – бір әлем
Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА.                  Ана тілі...............................................................143

3
Ғылыми ойлар отауы
Лаура МЕКЕБАЕВА,
Алматы технологиялық 
университетінің 
аға оқытушысы.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҮЙРЕТУДЕ 
МӘТІНДЕРМЕН ЖҰМЫС 
ЖҮРГІЗУДІң ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ
Қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебе  алуы  барлық  қазақ  
тілін    үйретуші  ұстаздар  мен  оқытушылардың  алдына 
сабақты  терең  де  мазмұнды  және  сапалы  өткізу  талабын 
қойып отыр. 
Жоғары  оқу  орындарындағы  практикалық  қазақ  тілі 
пәнінің  басты  мақсаты  –  қазақ  тіліне  тән  дыбыстардың 
емлесін,  жалпы  қазақ  тілінің  грамматикасы  арқылы  орыс 
аудиториясындағы  студенттердің  қазақша  ауызекі  сөйлеуі, 
олардың  оқып,    жазуды  білуі  ғана  мақсат  емес,  сөздердің 
мағыналарын  түсініп,  орынымен  қолдануы,  түсінікті  де 
әдемі етіп жазуы әрі мәдениетті сөйлеуі, сөздерді үндестіріп 
дұрыс айтуы, қатесіз, сауатты жазуы болып табылады. Кәсіби 
дағдылардың  негізінде    өмірдің  өзгермелі  жағдайларында 
еркін  бағдарлай  алатын,  алған  білімдерін  толықтырып, 
дамытуға  мүмкіндіктерін  іске  асыруға  және  адамгершілік 
тұрғыда  өз  бетінше  дұрыс,  жауапты  шешім  қабылдауға 
қабілетті  тұлға  қалыптастыру  бүгінгі  таңда  өзекті  мәселе 
болып табылады.[1]
Тіл  үйренушінің  сөз  байлығын  молайту  үшін  оқу 
үрдісінде  тіл  дамытуды    жүзеге  асыру  негізгі  жұмыс  түрі 
болып табылады. Ол үшін тілдік қатынас алдыңғы кезекте 
тұруы тиіс.
Бұл туралы белгілі әдіскер-ғалым Ф.Ш.Оразбаева өзінің 

4
«Тілдік  қатынас»  атты  еңбегінде:  «Тілдік  қатынас  сөйлеу 
тілі арқылы үғынысу, түсінісу, қарым-қатынас жасау дегенді 
білдіре  келіп,  адамның  екінші      біреуге  жеткізейін  деген 
ойын жарыққа шығаруды көздейтін, қоғамның дамуы үшін 
ең қажетті қоғамдық - әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы 
арқылы  адамдардың  бір-бірімен  пікір  алмасуы,  адамдар 
қатынасының  түп  қазығы  ...      Тілдік  тұлғалар  –  адамзат 
тілінің  сақталуы  мен  өмір  сүруіне  қызмет  ететін,  сөйлеу 
мүшелері  арқылы  жасалатын,  фонетикалық,  лексикалық 
және  грамматикалық  қасиеттерге  ие  болатын,  таңбалық 
сипаты бар тілдің құрылымдық бірліктері», ал «қатысымдық 
тұлғалар – тіл арқылы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, 
белгілі  бір  ортамен    араласу  жағдайында  жүзеге  асатын, 
тиянақты ойды хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше 
деңгейге  көтерілген  тұлғалардың  қатысынан  тұратын, 
қарым-қатынастық  мәні  бар  бірліктер»  деген  анықтама 
береді. [2] 
Өзге  ұлт  өкілдерінің  қазақ  тіліне  деген  игі  көзқарасын 
қалыптастыру үшін қазақ елінің сан ғасырлық мәдениетінен, 
салт-дәстүрінен,  ұлттық  құндылықтарынан  танымдық 
ақпараттар  беретін  қарапайым  әрі  ұғынуға  жеңіл  тілмен 
жазылған  шағын  мәтіндер  және  түрлі  дидактикалық 
материалдарды жаттықтыру жұмыстары кезінде  пайдалана 
білу тіл үйренушіден үлкен шеберлікті талап етеді.
Сабақ  үстіндегі  күнделікті  қарым-қатынаста  қазақ 
тілінің  грамматикалық  және  лексикалық  материалдарын 
мәтіндер  мен  өлеңдер  арқылы  игертіп,  олардың  тілге 
деген  қызығушылығын  арттыра  отырып,  қатысымдық 
құзыреттіліктерін қалыптастыруға арналған жұмыс түрлерін 
орындатуға үлкен мән береміз.
Өзге  тіл  өкілдеріне  қазақ  тілін  оқып-үйретуде  көрнекті 
зерттеуші-ғалым  Қошке  Кемеңгерұлының  мына  төмендегі 
түйінді  ойларын  қаперде  ұстау  –  сапалы  да  терең  білім 

5
берудің кепілі.
1. Өзге тілді оқытқанда, аса қиын жерлерді ғана ана тілін-
де түсіндіру керек.
2. Өзге тілді оқытқанда ана тіліндегідей болмау керек.
3. Сыртқы тұлғасы қиын орындарда ғана өзге тілден ана 
тілге ауысу керек.
4. Сыныпта оқыту сабақтың негізі болу керек.
5. Тіл құралының ерекшеліктерін түсіндіріп отыру керек.
6. Өзге тілде өлең-тақпақ үйрету керек.
7. Үйден дайындап келуге тапсырма беру керек.
8. Жазуға жаттықтыру керек.
9.  Өзге  тілдің  әдебиет  тарихын  толық  оқыту,  үйрету               
керек емес.
Тіл  үйретуші  әрбір  адамның  жоғарыдағы  құнды  пікірді 
өз сабақтарында орынымен пайдалана білуі тіл үйренушінің 
сабаққа  қызығушылығын  арттырып,  оның  тілді  үйренуіне 
игі әсерін тигізеді. 
Көп жылғы тәжірибеде анықталғандай, қазақ тілін орыс 
бөлімдерінде  мәтін  арқылы  үйрету  –  оқытудың  ең  тиімді 
жолдарының  бірі.  Мәтіннің  лингвистикалық  негізін  жан-
жақты меңгерген оқытушы оны игерту кезінде жүйелі жұмыс 
жасап,  үлкен  нәтижеге  жете  алады.  Бұл  жұмыс  түрінің 
ерекшелігі  сол,  мысалы,  «Биотехнология»  мамандығы 
бойынша  оқитын  студенттерге  «Дәрумендер»,  «Өсімдік 
майлары»,  «Қазақстанда  шай  өндіру»,  т.б.,  «Экономика» 
факультетінің  экономика және менеджмент, есеп, маркетинг 
мамандықтары  бойынша  оқитын  студенттерге  «Қаржы», 
«Несие»,  «Салықтың  түрлері»,  т.б.  тақырыптар  бойынша 
мәтіндермен  жұмыс  жүргізсе,  олардың  бұл  мәтіндермен 
жұмыс жүргізуге қызығушылығы артар еді. Себебі мұндай 
мәтіндер  олардың  болашақ  кәсібімен  байланысты  болады 
да, олар өз кәсіптерімен байланысты жаңа сөздер үйреніп, 
мәліметтер алады. [3]

6
Тіл үйренушілерге мәтінмен жұмыс жүргізу барысында 
мәтін  туралы,  оның  негізгі  ерекшеліктері,  құрылымы 
мен  байланысу  тәсілдері  туралы  түсіндірген  жөн.  Бұл 
олардың  кез  келген  мәтінді  түсініп,  қабылдауында  үлкен 
рөл  атқарады.  Мысалы,  мәтін  құрылымы  жағынан  кіріспе, 
негізгі,  қорытынды  бөлімдер  болып  бөлінетінін  білу  тіл 
үйренушіге кіріспеде тақырыпқа байланысты жалпы баяндау 
болатынын, негізгі бөлімде тақырыптағы негізгі ой ашылып, 
жан-жақты түсіндірілетінін, қорытындыда айтылған ойдың 
қорытындысы  жасалып,  тұжырымдалатынын  алдын  ала 
біліп отыруына көмектеседі. Сонымен қатар, мәтіндегі таныс 
емес сөздер мен сөз тіркестерін түсіндірудің де маңызы зор. 
Мұндай жұмыс түрі сөздік қорын молайтып, сөздердің бір-
бірімен байланысын меңгеруіне септігін тигізеді. 
Кәсіби  мәтін  арқылы  тіл  үйренушінің  дүниетанымы 
кеңейеді,  түрлі  ақпараттармен  танысады,  ойын  жүйелеп 
айтуға  дағдыланады,  түптеп  келгенде,  сөйлеу  тілі  дамиды. 
Мәтін  бойынша  сұрақ-жауап  әдісімен  сұхбат  құруға  да 
болады. Мамандығына байланысты алынған мәтін арқылы 
кәсіби терминдермен танысып, сөздік қоры артады, сондай-
ақ  адамгершілік  тәрбие  берудің  негізгі  құралы  ретінде  де 
мәтінді пайдалануға толық мүмкіндік бар.
Мәтін  арқылы  жаңа  білім  беріліп,  олардың  дүние- 
танымы  қалыптасады.  Үйренуші  мен  оқытушы  арасында 
немесе үйренушілердің өзара қарым-қатынасында сұхбаттар 
ұйымдастырып,  олардың  тілдік  құзыретінің,  қатысымдық 
құзыретінің  жоғары  дәрежеде  қалыптасуын  қамтамасыз 
ету  сабақ  үдерісінің  негізгі  тірегіне  айналуы  керек.  Ал 
қатысымдық  құзыреттіліктің  жоғары  дәрежеде  болуы  – 
оқыту үдерісінің үлкен нәтижеге жетуінің негізгі кепілі.
Орыс  аудиториясындағы  тіл  үйретудің  үш  деңгейде 
жүретіндігін  ескере  отырып,  қажетті  мәтінді  таңдап 
алуымыз  керек.  Ол  мына  төмендегі  үш  кезең  бойынша 

7
ұйымдастырылады:
1)  мәтінге барар жол немесе мәтіннің тұсаукесері (пре-
зентациясы);
2)  мәтінмен негізгі жұмыс істеу кезеңі;
3)  нәтиже кезеңі.
Мәтінмен  жұмыс  істеудің  бірінші  кезеңінде  оқытушы 
оның  тақырыбын  айтып,  оларға  бағыт-бағдар  береді, 
ой  саларлық  сауалдар  қоюға  да  болады,  сөйтіп  берілген 
тақырып  төңірегінде  өз  бетімен  дайындалып,  материалдар 
жинастырулары  керек екенін хабарлайды.
Мәтін  –  тіл  дамытудың  негізгі  лингвистикалық  ұғымы 
болғандықтан, ол сөйлесім әрекетінің барлық түрін үйрететін 
негізгі  құрал  ретінде  қолданылады.    Мәтін  бойынша 
жүргізілген жұмысқа қысқаша тоқталып өтейік.
Уақыт алтыннан қымбат. Уақытты бағалай біл.
Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің 
нақтылы өмірлік капиталы.  Адамның босқа кеткен әрбір 
сәті отқа жаққан теңгемен тең.    
Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. 
Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі – 
бір тиын.
Уақыт  ақсүйектікті  мойындамайды.  Ханға  да,  қараға 
да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат.
Дүниеде  уақыт  белгілегеннен  артық  демократия  жоқ. 
Мұндағы  ақсүйектік  уақытты  пайдалануға  байланысты, 
кім  уақытын  бағалай  білсе,  сол  ғана  тектілердің 
қатарына қосылмақ.
Бүгінде іскерлер әлемін ұлы мәртебелі уақыт басқарады. 
Уақыттың  көп  шашылуы  –  шығын.  Мұны  дәлелдеп 
жатудың  қажеті  жоқ.  Мысалы,  бір  нәрсені  жасау  үшін 
уақыт  неғұрлым  көп  кетсе,  соғұрлым  оның  құны  да 
қымбатқа түспек.

8
Үнемі  кешігіп  жүретін  адамға  бизнес  әлемінде  орын 
жоқ. 
Экономика  –  бұл  да  уақыт.  Өйткені  әр  өнімге  уақыт 
керек.  Әр  өнімді  басқа  өніммен  салыстырғанда,  кеткен 
уақытпен  салыстырады.  Ол  қасиет  –  жұмыс,  еңбек. 
Еңбекті  қалай  салыстырады  –  еңбекпен  салыстырады. 
Сондықтан бұл экономика – уақыт. [4]
Мәтін бойынша  төмендегідей тапсырмалар орындалып, 
сұрақтарға жауап беру көзделеді: 
1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
2. Мәтінді аударыңыз.
3. Мәтін неге бұлай аталған?
4. Мәтін неше бөлімнен тұрады?
5. Мәтінді толықтырыңыз.
6. Қарамен жазылған сөйлемдер қандай ұғым береді? 
7. Мәтіндегі пікірмен келісесіз бе?
8. Батыстың «уақыт – ақша» деген мәтелі біздің елге де 
келіп жеткен сияқты. Сіз қалай ойлайсыз, бұл мәтел дұрыс 
па?
9. Уақытты үнемдеу деген не?
10. Сіз уақытыңызды қалай өткізесіз?
11.  «Уақыт  алтыннан  да  қымбат»деген  шағын  шығарма 
жазыңыз.
Мұндай ойлануға жетелейтін сауалдар қою қатысымдық 
сөйлеу  жағдаятын  тудырады,  яғни,  тіл  үйренушінің  еркін 
пікірталасқа  шығуына,  өзгенің  пікіріне  сыни  көзбен  қарай 
білуге, ізденуге жетелейді. 
Тіл үйрету кезінде мәтін атауын дұрыс қоя білу – мәтін 
мазмұнын дұрыс ашудың кепілі. Мұндай жағдайда студент 
өз ойын дәл әрі жүйелі түрде жеткізе алатын болады.
Көрсетілген мәтінді түсіндірмес бұрын уақыт туралы өз 
пікірлерін білу керек, уақыт туралы мақал-мәтелдерді еске 
түсірген  дұрыс  және  оның  мағынасын  ашу  қажет,  сөйтіп  
оларды  ойландырып,  уақыт  жайлы  не  білетінін  анықтап 

9
алу  керек.  Оқушылардан  алынған  жауаптың  негізінде 
оқытушының  берген  қосымша  түсінігі  өтілуге  тиісті 
материалды толықтыра түседі және бұл үрдіс оқытушы мен 
оқушылар арасында қатысымдық әрекетті жүзеге асырады. 
Мәтінді оқыту кезінде жеке бір ғана әдіс қолданылмайды, 
әдістер  кешенді  түрде  жүргізіледі.  Бүгінгі  таңда  оқу 
үдерісінде  оқытудың  жаңа  әдістері,  яғни,  инновациялық 
әдістер, пікірсайыс (дебат), іскерлік ойын және қатысымдық 
(коммуникативтік) әдістер қолданылып жүр. Бұл әдістердің 
ішіндегі  тіл  үйренуші  мен  оқытушы  арасындағы  қарым-
қатынасты  қалыптастыруды  тікелей  іске  асыратын  әдіс 
–  коммуникативтік  (қатысымдық)  әдіс.  Бұл  әдістің  басты 
мақсаты – студенттердің практикалық сөйлеу тілін дамыту.
Мәтінді  меңгерту  кезінде  сөйлеу  жағдаятын  тудырудың 
маңыздылығы  зор.  Мысалы:  «Сіз  уақыт  туралы  ойланып 
көрдіңіз бе?  Уақытты үнемдеу туралы сіздің пікіріңіз».  [5]
Мұндай  жағдаяттық  тапсырмалар  тіл  үйренушінің 
қазақша  сөйлеу  дағдысын  қалыптастырып,  ой-өрісін 
дамытады.  Тапсырмаларға  лайық  өз  бетімен  сөйлемдер 
құрастырып, ізденуіне мүмкіндік тудырады.
Тапсырманы  орындау  кезінде  тілге  ғана  тән  ерекшелік 
көрініп қоймайды, сол тілде сөйлеушінің тілдік мәдениеті де 
байқалады. Сонымен, оқытушы өзге ұлт өкілдеріне мәтінді 
меңгерту  барысында  тілді  мәдени  ақпарат  беруші  құрал 
ретінде де пайдалана алады.
Лингвомәдениет 
туралы 
ғалым 
В.Н.Телияның: 
«Лингвокультурология – новая филологическая дисциплина, 
которая  изучает  определенным  образом  отобранную  и 
организованную  совокупность  духовных  ценностей  и 
опыта языковой личности данной национально-культурной 
общности, исследует, прежде всего, живые коммуникативные 
процессы и связь используемых в них языковых выражений 
с  синхронно  действующим  менталитетом  народа»,  –  деген 
пікіріне сүйенсек, кейбір лексикалық бірліктердің тілдік те, 

10
мәдениеттік те маңыздылығы барын байқаймыз.
Оқыту  үдерісінде  тіл  үйренушінің  ауызша  сөйлеу 
(монолог,  сұхбат),  тыңдап-түсіну,  оқу,  жазудағы  іскерлік, 
дағдыларын  қалыптастырып,  ауызекі  сөйлеуде  және  жазу 
кезінде  ойын  дәл  жеткізе  біліп  немесе  мәтінді  сөздікпен, 
сөздіксіз де оқып-түсіну арқылы қатысымдық құзыреттілігін 
дамытамыз.
Қазақ тілі сабағында берілетін мәтін сөйлеу мәдениетін 
қалыптастыруға,  сөздік  қорын  байытуға,  адамгершілікке, 
туған жерін сүйе білуге мейлінше әсер ететіндей деңгейде 
болу  керек.  Мәтінге  байланысты  қойылатын  сұрақтар  мен 
тапсырмалар  да  осы  мақсатқа  жету  жолына  ыңғайланып 
қойылғаны  дұрыс.  Сабақ  үстінде  неғұрлым  оқытушы 
азырақ  сөйлеп,  тіл  үйренушінің  сөзін  көбірек  тыңдаса, 
олар  өз  бетімен  сөйлеуге  әрекеттенеді  де,  сөйлеу  дәрежесі 
жоғарылайды.  Осындай  сөйлесім  әрекетінен  кейін  сұрақ 
бойынша алынған жауаптар дәптерге жазылады. 
Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді оқушыларға түсіндірмес 
бұрын: «Мәтіннің ішінде сендерге түсініксіз сөздер бар ма? 
Болса, оқыңыз», – деген  сұрақ қойып, жауаптарын тыңдаған 
соң,  қосымша  түсінік  беру  әдісі  сабақтың  тиімділігін 
арттырады. Жаңа сөздерді есте сақтаудың бірден-бір жолы – 
сөзді бірнеше рет дауыстап оқу, аударылымын анықтау, оны 
сөздік    дәптерге  жазу,  сөздің  жазылуы  мен  айтылуындағы 
айырмашылықты  ажырата  түсіндіру,  сол  сөздер  мен  сөз 
тіркестерін  және  сөйлемдер  құрату,  сөйлемдердің  ішінен 
жаңа сөздерді айыра білу.
Мәтін  немесе  басқа  да  жұмыс  түрлерін  жүргізгенде 
қолданылатын әдістердің ең тиімдісі – қатысымдық әдіс екені 
күнделікті оқыту үдерісінде дәлелденіп те жүр, өйткені тілді 
үйреткенде сөйлесім әрекеті оқушы мен оқытушы арасында 
өзара  ауызба-ауыз  сөйлесіп,  тікелей  қарым-қатынас  жасау 
арқылы  жүзеге  асырылып,  қатысымдық  құзыреттіліктің 
дамуына  мүмкіндік  туады.  Мәтін  мазмұнына  сәйкес  өзара 

11
сұхбаттасу  әдісі  өзге  тілді  аудиторияның  белсенді  түрде 
білім алу әрекетін жетілдіре түседі. Мәтін арқылы бір-біріне 
сұрақтар қойып, жауап беру кезінде оқылым мен сөйлесім 
қатысымдылығы қатар орындалады.
Қазіргі заман талабына сай оқытушының сабақ мазмұнын 
саралай  отырып,  сабақта  сөз  болатын  тақырыпты  дұрыс 
таңдап,  оның  мазмұнын  аша  білуі,  жаттығудың  ең  тиімді 
дегендерін іріктеп алуы қазақ тілін тез әрі сауатты меңгертуге 
бастайтын ұтымды жолдардың бірі болып табылады. Таңдап 
алған  мәтіннің танымдық және тәрбиелік мәніне де ерекше 
көңіл бөлу сабақ үрдісінде үнемі естен шықпауы керек. 
Мәтін – тіл үйретудің негізгі құралы. Мәтін арқылы қазақ 
тілінің  фонетикасы,  лексикасы,  морфологиясы,  синтаксисі 
меңгертіледі. Мәтін бойынша жай және күрделі жоспарлар 
жасап,  тіл  үйренушінің  тілді  білудегі  жеке  мүмкіндігін 
де  ескеріп,  қажетті  әдістемелік  тәсілдерді  таңдай  білу    тіл 
үйренушінің  оқуға  қызығушылығын  арттырып,  сабақ 
үстіндегі қатысымдық құзыреттілігін дамытады. Сондықтан 
қазіргі  өркениетке  бет  бұрған  заманның  талғамы  жоғары 
әрбір азаматы өзге тілді үйретушінің де сол заманға лайық 
терең  білім  бере  алатын  деңгейден  көрінуін  талап  етері 
даусыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  ҚР  20052010  жылдарға  арналған  білім  беруді 
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
2. Ф.Ш.Оразбаева.Тілдік қатынас. А., 2005, 270-б.
3.  ІV  Рысқұлов  оқулары.  «Ғаламдық  экономикалық 
дағдарыс:  себептері,  мәні  және  еңсеру  жолдары» 
Халықаралық 
ғылыми-тәжірибелік 
конференция 
материалдары. А., 2009. 637-б.
4. «Қаржы-қаражат» жұрналы. №6, 1995, 78-б.
5. З.Күзекова. «Қазақ тілі». А., «Раритет», 1999, 18-19-б.

12
Мұғалімдерге көмек
Баян ҒҰБАЙДУЛЛИНА,
Шығыс Қазақстан облысының
Өскемен қаласындағы
№26 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі. 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫң 
фУНКцИОНАЛДЫ 
САУАТТЫЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Функционалды сауаттылық – сыртқы ортамен қарым-
қатынасқа  түсу,  бейімделу  және  жылдам  қалыптасу 
қабілеті  екендігі  белгілі.  Адамның  жалпы  оқу,  түсіну, 
қарапайым қысқа мәтін құрастыру сияқты сауаттылығынан 
функционалды  сауаттылықтың  айырмашылығы  келесіде: 
білім деңгейі, іскерлігі мен біліктілігі, нақты мәдени ортада 
және  әлеуметтік  қарым-қатынас  жүйесінде  тұлғаның 
өмірлік  әрекетін  жүзеге  асыру  қажеттіліктерін,  қалыпты 
жағдайда қалыптастыруын қамтамасыз ету.
Функционалды  сауаттылық  келесі  түрлерге  бөлінеді: 
тілдік  сауаттылық,  ақпараттық  және  компьютерлік 
сауаттылық, құқықтық сауаттылық, азаматтық сауаттылық, 
қаржылық  сауаттылық,  экологиялық  сауаттылық,  кәсіби 
және  арнайы  функционалды  сауаттылық  аспектілері 
(менеджмент,  PR-менеджмент,  іскерлік  жоспарлау,  жаңа 

13
технологиялар және т.б.).
«Функционалды 
сауаттылық» 
түсінігі 
алғаш 
өткен  ғасырдың  60-жылдарының  соңында  ЮНЕСКО 
құжаттарында  және  кейінірек  зерттеулерде  қолданыла 
бастады.  Функционалды  сауаттылық  тұжырымдамасына 
негізделген,  әйгілі,  халықаралық  бағалау  зерттеулерінің 
бірі,  экономикалық  серіктестік  және  дамыту  ұжымының 
жетекшілігімен  (ЭСДҰ)  15  жастағы  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық  бағдарламасы              
(ProgramforlnternationalStudentAssessment  -  PISA)  болып 
саналады.
PISA  15  жастағы  жеткіншектердің  мектепте  меңгерген 
білім, білік және іскерліктерін, өмірдің әр түрлі салаларында, 
сонымен  қатар,  әлеуметтік  және  өзара  қарым-қатынас 
кезінде  мәселелерді  кең  көлемде  шеше  алу  қабілетін 
бағалайды.
PISA  деңгейінде  жүргізілген  тестілеуде  функционалды 
сауаттылықтың  3  аймағы  бағаланады:  оқу  сауаттылығы, 
математикалық  және  жаратылыстық  ғылыми  сауаттылық. 
Зерттеу кезеңмен жүргізіледі, 3 жылда бір рет. Әр кезеңде 
функционалды сауаттылықтың нақты бір түріне аса назар 
аударылады.  PISA  бағдарламасында  2009  жылы  оқу 
сауаттылығы болды.
PISA  зерттеулеріне  Қазақстан  алғаш  рет  2009  жылы 
қатысты.  Қазақстандық  оқушылардың  дайындық  деңгейі 
нәтижеге сәйкестеледі:
1) орташа ауырлықтағы және ауыр оқу мәтінін қолдану 
және олардың көмегімен күнделікті жағдаяттарға бейімделу 
бойынша  оқу  сауаттылығын  зерттеуде  қатысушылар  5% 
көрсетті (ЭСДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш - 28,6%);

14
2) нақты жағдаят үшін нақты үлгілермен тиімді жұмыс 
істеу,  әр  түрлі  тапсырмаларды  дамыту  және  түрлендіру, 
математикалық  сауаттылықты  зерттеуде  қатысушылар  
4,2% көрсетті (ЭСДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш - 
16%);
3) жаратылыстану ғылымының рөлі жайлы тұжырымды 
талап  ететін  жағдаятпен  тиімді  жұмыс  істеу,  әр  түрлі 
жаратылыстық ғылыми тәртіп туралы түсініктерді біріктіру 
және таңдау, сол түсініктерді өмірлік әр түрлі жағдаяттарда 
міндетті  түрде  қолдану,  жаратылыстық  ғылыми 
сауаттылықты  зерттеуде  қатысушылар  3,6%  көрсетті 
(ЭСДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5%).
Осыған орай, PISA және TIMSS зерттеулеріне қатысудағы 
қазақстандық  қатысушылардың  көрсеткіші  жалпы  білім 
беретін  мектеп  ұстаздарын  мықты  пәндік  біліммен  ғана 
қамтамасыздандырып,  бірақ  оларды  шынайы,  өмірлік 
жағдаяттарда қолдана білуге үйретпейтіндігін көрсетеді.
Осы 
жерден, 
қазақстандық 
оқушылар 
үшін 
функционалды  сауаттылықты  қалыптастыру  мәселесінің 
өзектілігі  байқалады.  ҚР  үкіметтік  қаулысымен  2012 
жылдың 25 маусымынан бастап №832, оқушылардың 2012-
2016  жылдарға  функционалды  сауаттылығын  дамытудың 
Ұлттық жоспары негізінде байланыс бекітілді.
Ұлттық  жоспарға  келесідей  мазмұндық,  оқу-
әдістемелік, оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
дамыту үдерісін материалдық-техникамен қамсыздандыру 
шаралары  кіреді.  Ұлттық  жоспар  ҚР  білім  сапасын 
жаңғыртуда  мақсатқа  бағыттылықты,  толыққанды  және 
оқушылардың  функционалды  сауаттылығын  дамыту 
әрекетінің жүйелілігін қалыптастыруға негізделген.

15



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет