Мектеп: №37 гимназия



Дата06.01.2022
өлшемі76 Kb.
#12312
түріСабақ

Күні: 12.12.2018

Мектеп: №37 гимназия

Мұғалімнің аты-жөні: Тулақбай Айпара



Тақырыбы:

Әртүрлі есептер шығару

Сабақ мақсаты:

Қозғалысқа және өнімділікке берілген есептерді қайталау, өткен есеп түрлерін шешу қабілеттерін бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; оқушылардың топпен жұмыс атқару дағдыларын жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім:

Есептерді теңдеу құру арқылы шығару

Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған уақыты

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Амандасу


Түгендеу

Психологиялық ахуал

Топқа бөлу

Сандар арқылы топқа бөлу

1-топ.

2-топ.


3-топ.

Топтың атын өздері ойлап табады.



Сандар жазылған карточкалар

Сабақтың ортасы

Оқушыларды жарыс кезеңдерімен таныстыру.

1-кезең. «Есепке кім жүйрік?» №1 есеп

2-кезең. «Бәйге» №2,3 есептер

3-кезең. «Кім жылдам» №4 есеп

4-кезең. «Логикалық сұрақтар»

5-кезең. «Жорға» №5 есеп

6-кезең. «Көшбасшылар сайысы» №7 есеп

Сайыс ережелері

1кезең.

Есеп беріледі.

Есеп дәптерге орындалады.

Бірінші болған оқушылар өз тобының оқушыларын күтеді.

Барлығы болған соң, бірге белгі береді.

Белгі шапалақ түрінде беріледі(бір шапалақ).

Бірінші болған топқа 3 ұпай, екінші топқа 2 ұпай, үшінші аяқтаған топқа 1 ұпай беріледі.

Есепке 4 минут беріледі, уақыт біткен соң аяқтаған топқа ұпай берілмейді.

«Есепке кім жүйрік?» кезеңі

1есеп.


550+49=599

670+99=769

5500+499=5999

5700+999=6699

700+599=1299

730+399=1129

760+500=1260

1005+999=2004

458-59=399

4680-599=4081

46800-5999=40801

468000-59999=408001

«Бәйге»

Ережесі


Есеп беріледі.

Есепті топта талқылап, шығарады.

Талқылап болған соң, белгі береді.

Есепті тақтаға шығарады.

Есеп дұрыс болса 3 ұпай беріледі.

Қателіктер болса, басқа топтар түзетеді және ұпай кемітіледі.

2а есеп бірінші топқа беріледі.

2ә есеп екінші топқа беріледі.

3ә есеп үшінші топқа беріледі.

3а есепті барлығы орындайды.

Бір топ тақтаға шыққанда, басқа топтар есепті қарап, жазып отырады. Қателіктері болса түзетіп отырады. 3а есепті барлық оқушылар шығарады. Қай оқушы тез әрі қатесіз орындаса және өз тобы мен басқа топтардың есептері дәптерінде болса, сол оқушының тобына ұпай беріледі.

2есеп. Есептерді шығар.

А) Екі оператор бірдей уақыт жұмыс істеді. Біріншісі осы уақыт ішінде сағатына 16 қоңыраудан барлығы 80 қоңырау қабылдады. Егер екінші оператор сағатына 15 қоңыраудан қабылдаған болса, онда осы уақыт аралығында ол қанша қоңырау қабылдайды?

Кестедегі есептің шартының жазылуын қарастыр.



Жұмыс өнімділігі

Жұмыс уақыты

Қоңыраулар саны

16 қоңырау/сағ

? сағ
бірдей

80 қоңырау

15 қоңырау/сағ

? қоңырау

Есеп не туралы айтылған?

Есептің сұрағы қандай?

Есепте не берілген?

16 ненің санын білдіріп тұр?

Ал 80 ше?

Екінші оператор сағатына неше қоңырау қабылдады?

Бұл есептің жауабын бірдей табуға болады ма?

Онда оны қалай шығарамыз?

Бірінші нені тауып аламыз

Жауабы:


Бірінші, бірінші оператордың 80 қоңырауды неше сағатта қабылдағанын табамыз.

80(қ) : 16(қ/сағ) = 5(сағ)

Екі оператор бірдей жұмыс істеді. Яғни, екінші оператор 5 сағат жұмыс істеді.

15(қ/сағ) * 5(сағ) = 75(қ)

Екінші оператор 5 сағатта 75 қоңырау қабылдады.

Ә) Екі оқушы мысалдарды бірдей уақытта шығарып болды. Бірінші оқушы минутына 2 мысалдан шығара отырып, барлығы 12 мысал шығарды. Егер минутына 3 мысалдан шығаратын болса, онда екінші оқушы барлығы қанша мысал шығарды?

Кестеге қандай мәліметтерді толтыру керек?


Жұмыс өнімділігі

Жұмыс уақыты

Шығарылатын мысалдар саны

мысал/ мин

?мин


Бірдей

мысал

мысал/ мин

? мысал

Есеп не туралы?

Есептің сұрағы қандай?

Есепте не берілген?

Бірінші оқушы минутына неше мысалдан шығарды?

Ал екінші оқушы ше?

Бірінші оқушы неше мысал шығарды?

Есептің жауабын бірден шығаруға болады?

Оны қалай табамыз?

Жауабы:

Алдымен, бірінші оқушының мысалды неше минутта шығарғанын тауып аламыз.

12(м) : 2(м/мин) = 6(мин)

Екі оқушы мысалдарды бірдей уақытта шығарып болады. Яғни, екінші оқушы да мысалдарды 6 минутта шығарып болды.

3(м/мин) * 6(мин) = 18(м)

Екінші оқушы 6 минутта 18 мысал шығарды.

3есеп.

А) Нан зауытында батондарды сөрелерге қойды. Бір сөреге 25 батон сыяды. Егер сөреге барлығы 125 батон қойылған болса, онда барлығы неше сөре пайдаланылды?

Есеп не туралы?

Есептің сұрағы қындай?

Есепте не берілген?

Бір сөреге неше батон сияды?

Есептің жауабын бірден табуға болады ма?

Оны қалай табамыз?

Жауабы:

Неше сөре бар екенін табу үшін, батон санын сөре санына бөлеміз.

125(б) : 25(б/с) = 5(с)

Барлығы 5 сөре пайдаланылды.

Ә) Ауданы 800 м2 жерді әрқайсысының ауданы 90 м2 болатын ойын алаңдарына бөліп, шетінен ауданы 80 м2 жол қалдырды. Неше ойын алаңы шықты?

Есепте не туралы айтылған?

Есептің сұрағы қандай?

Ауданы неше м2 жер берілген?

90 саны нені білдіріп тұр?

Шетінен неше м2 жер қалды?

Есептің жауабын бірден таба аламыз ба?

Оны қалай шығарамыз?

Жауабы:

Біз ойын алаңына берілген жерден жол болып бөлінген жерді алып тастаймыз.

800 – 80 = 720 м2

720 м2 жерден 90 м2 болатын бірнеше ойын алаңдары жасалынды.

Неше ойын алаңы бар екенін табу үшін, 720 м2-ты 90 м2-қа бөлеміз.

720 : 90 = 8 ойын алаңы

800 м2 жерден 8 ойын алаңы шықты.

«Кім жылдам» кезеңі

Ережесі

Есеп беріледі.

Есепті топпен шығарады.

Бірінші болған әрі қатесіз орындаған топқа 3 ұпай беріледі. Есеп барлық топ мүшелерінде болуы шарт. Егер бір оқушының дәптерінде есеп жазылмаған болса, онда ұпай басқа топқа беріледі.

4 есеп.

Радиустары 2 см, 1 см, 3 см болатын шеңберлер сыз. Әр шеңберге диаметр жүргіз. Диаметр шеңберді неше бөлікке бөлді? Әр шеңбердің диаметрін өлше.



Есеп не туралы?

Радиус дегеніміз не?

Диаметрді қалай табамыз?

Жауабы:

1 см * 2 = 2 см

Бірінші шеңбердің радиусы 1 см, ал диаметрі 2 см-ге тең.

2 см * 2 = 4 см

Екінші шеңбердің радиусы 2 см, диаметрі 4 см.

3 см * 2 = 6 см

Үшінші шеңбердің радиусы 3 см, диаметрі 6 см.

«Логикалық ойындар» кезеңі

Ережесі

Сұрақтар қойылады. Оқушылар жауап береді. Қай оқушы бірінші қолын көтеріп, дұрыс жауап берсе, сол оқушының тобына 1 ұпайдан беріледі. Қолын көтеріп жауап берген оқушының жауабы ғана қабылданады.

1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белгілі. Жолаушы не істейді.

Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.

2. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 

Жауабы: Медет

3. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш

4. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Жауабы: үш стакан

5. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

Жауабы: 4 мысық

6. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

Жауабы: үшеу

7. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары

8. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 

Жауабы: шырпы

9. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

Жауабы: Бір ғана мотоцикл

10. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкееді?

Жауабы: 9 есе

«Жорға» кезеңі

Ережесі


Есеп беріледі.

Есепті топта талқылап, шығарады.

Талқылап болған соң, белгі береді.

Есепті тақтаға шығарады.

Есеп дұрыс болса 3 ұпай беріледі.

Қателіктер болса, басқа топтар түзетеді және ұпай кемітіледі.

5а есеп бірінші топқа беріледі.

5ә есеп екінші топқа беріледі.

5б есеп үшінші топқа беріледі.

5в есепті барлығы орындайды.

Бір топ тақтаға шыққанда, басқа топтар есепті қарап, жазып отырады. Қателіктері болса түзетіп отырады. 5в есепті барлық оқушылар шығарады. Қай оқушы тез әрі қатесіз орындаса және өз тобы мен басқа топтардың есептері дәптерінде болса, сол оқушының тобына ұпай беріледі.

5 есеп.


А) Бірінші шеңбердің радиусы 10 дм, бұл екінші шеңбердің радиусына қарағанда 4 дм артық. Екінші шеңбердің диаметрін тап.

Есеп не туралы?

Есептің сұрағы қандай?

Бірінші шеңбердің радиусы неше дм?

Біріншісі екіншісінен неше дм-ге артық?

Диаметрді қалай табамыз?

Есептің жауабын бірден табуға болады ма?

Оны қалай табамыз?

Жауабы:

Екінші шеңбердің радиусын табу үшін, бірінші шеңбердің радиусынан 4дм-ді азайтамыз.

10 – 4 = 6 дм

Екінші шеңбердің радиусы 6 дм. Оның диаметрін табу үшін, оны 2-ге көбейтеміз.

6 * 2 = 12 дм

Ә) Шебер сағатына 9 бөлшек жасайды, бұл оның шәкіртіне қарағанда 3 есе артық. 6 сағатта шәкірт неше бөлшек жасайды?

Есеп не туралы?

Есептің сұрағы қандай?

9 саны нені білдіреді?

Шебер шәкіртіне қарағанда неше есе бөлшек жасады?

6 саны нені білдіреді?

Жауабы:


Алдымен, шәкірттің сағатына неше бөлшек жасайтынын тауып аламыз. 3 есе аз болғандықтан, бөлеміз.

9 : 3 = 3 бөлшек сағатына

Шәкірті сағатына 3 бөлшектен жасайды. Енді 6 сағатта шәкіттің неше бөлшек жасағанын табамыз.

3 * 6 = 18 бөлшек

Шәкірт 6 сағатта 18 бөлшек жасады.

Б) Компьютер 80 000 теңге тұрады, ал жеңілдікпен сату кезінде оның бағасын 20 000 теңгеге арзандатты. Компьютердің арзандатылған бағасы неше теңге болды? Егер мектеп осындай арзандатылған 10 компьютер сатып алатын болса, онда неше теңге пайда көреді?

Есеп не туралы?

Есептің сұрағы қандай?

Компьютер неше теңге тұрады?

Мектеп неше компьютер сатып алады?

Жеңілдік кезінде неше теңгеге арзандайды?

Есептің жауабын бірден табуға болады ма?

Оны қалай табамыз?

Жауабы:


Алдымен компьютердің арзандатылған бағасын тауып аламыз.

80 000 – 20 000 = 60 000 теңге

20 000 * 10 = 200 000

Мектеп 10 компьтерден 200 000 теңге пайда көреді.

В) Теледидардың бір маркасы 124 000 теңге тұрады, бұл басқа маркалы теледидарға қарағанда 40 000 теңгеге кем. Осы екі теледидар бірге неше теңге тұрады?

Есеп не туралы?

Есептің сұрағы қандай?

Теледидар неше теңге тұрады?

40 000 саны нені білдіреді?

Жауабы:


124 000 + 40 000 = 164 000 теңге

124 000 + 164 000 = 288 000 теңге

Екі теледидардың бағасы 288 000 теңге тұрады.

«Көшбасшылар сайысы»

Ережесі

Есеп беріледі. Есепті топта шығарады. Шығарып болған соң, белгі береді. Әр топтан топтың топ басшылары шығады. Әр мысалға 2 ұпайдан беріледі.

7есеп.

72 : 9 – 3 * 2 өрнегіне жақша қоятын болсақ, онда мәні әртүрлі неше өрнек алуға болады?



Ережелер, есептер, таратпа материал

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы

Үйге № 6 есепті шығару

Рефлексия

Күн мен бұлт әдісі

Тақтаға күн мен бұлттың суреттері ілінеді. Оқушыларға А8 форматындағы парақтар таратылады. Оқушылар қағазға сабақ ұнаса күннің суретін, ұнамаса бұлттың суреті салынады.

Мадақтау


Топтарға орын беру.

Таратпа материал, күн мен бұлт


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет