Мектеп: Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей кмм мұғалімнің аты-жөні



Дата06.01.2022
өлшемі185,17 Kb.
#12592
түріСабақ

Мектеп: Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Куанышбекова Ж.Қ

Әдіскер: Битанова Д.Ш

Машықкер: Төкішева А.Т

Пәні: математика

Күні: 30.11.2017

СЫНЫП: 1«В»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

20-ға дейінгі сандарды қосу

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

1.1.2.5 20 көлеміндегі сандарды ондықты аттамай ауызша қосу жіне азайту/ондықтарды ауызша қосу және азайту амалдарын орындау

Сабақ нәтижесі:

Барлық оқушылар білуге тиісті: Жаңа білімді меңгереді.




Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. ондықтан аттамай, 20 көлеміндегі сандарды (ондықтарды) ауызша қосу және азайтуды орындайды




Кейбір оқушылар білуге тиіс: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийі

Жеке,жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Екі таңбалы сандар

Ресурстар

Оқулық,жапсырма қағаздар,таратпа қағаздар және керек заттар

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,ойын,демонстрация

Пәнаралық

байланыс

Қазақ тілі

Алдыңғы оқу

Сандық сәуленің көмегімен қосу және азайту

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы:

Ресурстар

Басталуы:

10минут

Ұйымдастыру кезеңі:2 мин

  • Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі дүниетану сабағынан сіздерге мен Айзат Талғатқызы беремін.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:3мин

(күлегештерді қайталау)



Өткенді қайталау

«Көңілді бақалар»

М: Тоған жағасында 17 бақа отыр.Олардың екеуі тоғанға секіріп кетті.Неше бақа қалды?


  • Балалар біз бүгін сіздермен «Жаңа жыл» кешіне барамыз.

  • Бұл кеште кімдер бар, қарап көрейікші?!

  • Кештен қандай өзгеріс байқадыңдар?

  • Дұрыс айтасыңдар, атамыздың дорбасы және шыршамыздың ойыншықтары жоқ екен. Оны Мыстан кемпір алып кетіпті.

  • Балалар, дорба мен ойыншықтарды қайтаруға көмектесеміз бе?

  • Онда ойыншықтарда жасылған есептерді шығарайық. Сол кезде мыстан кемпір дорба мен ойыншықтарды қайтаратын болады.

  • Келістік пе?














Ортасы

20 минут



1-ші ойыншық: Ауызша санау(қосу кестесін пайдалану)

Шығару жолын түсіндіру.

14+3 түріндегі мысалдарды шығарып үйренеді

(қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)

Ережемен таныстыру

Қосымша:«Кім жылдам» ойыны

Зеренің отбасының театрдағы орындары

(оқушылар топта сандарды тауып, орындықты тақтадағы кестеге жапсырады. Қалғандары басбармақпен бағалайды)

Әкесінің орны 1 онд, 2 бірл

Анасының орны 1 онд, 3 бірл

Ағасының орны 1 онд, 6 бірл

Інісінің орны 1 онд, 4 бірл

Айзеренің орны? ?онд, ? бірл



2-ші ойыншық: Сурет бойынша қосу амалына мысал құрастырып шығару

Мыс: Кірпінің жолы; кірпінің жемі т.б

Берілген тапсырма екінші ондық бойынша сандық сәулені қолданып, сандарды қосу дағдысын бекітуге арналған тапсырмалар орындату.


3-ші ойыншық: Қосу амалын орында.

Шығару жолын түсіндіру. Қосу амалының компонентерін атауын айтуды, жауабын табуды үйрету. (Оқушылар есептеулер жүргізгенде шығару жолын мүмкіндігінше оқушылармен бірге талдай отырып шығару)

13+4=3+4+10=7+10=17

11+3=1+3+10=4+10=14

11+7=1+710=8+10=18

14+5=4+5+10=9+101=19
4-ші ойыншық: Жұмыс дәптерімен жұмыс

  • Мысалдарды шығар және оларды сурет арқылы көрсет

Оқулық,98 бет.




Сергіту сәті

5 минут


«Қыдырып қайтайық»

бейнеролик




5-ші ойыншық: Үй құстары

Күрке маңында 11 тауық жүр. Оларға тағы 2 қораз қосылды. Барлығы қанша құс болды?

11+2=1+2+10=3+10=14

6-шы ойыншық: Жұмыс дәптерімен жұмыс


  • Пазлды құрастыр

  • Сандық сәулені пайдаланып, мысалдарды шығар.

7-ші ойыншық:Шығарып көр (ауызша)

Оқушылар әр ыдыстағы дәрумендер анын анықтау.

15+3=5+3+10=8+10=18

18+2=8+2+10=10+10=20

13+2=3+2=10=5+10=15

11+8=1+8+10=9+10=19

Орындап көр (ауызша)

10,11,12,13,14,15,16,17,18,19 сандарының әрқайсысын бір бірлікке арттыр.



Ереже: Кез-келген санға бірді қосқанда , әрқашанда келесі сан шығады.

Оқулық, 99 бет.


97-98-жұмыс парағы



Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут


«Пантомима» әдісі

Қолдарын жоғары көтерсе –сабақ жақсы өтті, басы төмен-қанағаттанған жоқ, беттерін қолымен жауып алса –ұнамады.






Қосымша ақпарат

Саралау

Сіз қосымша

Көмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Әдіскер:____ Мұғалім:______ Баға:_____

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет