Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері



бет1/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55


Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері.
Жоспар

  1. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі пәні.

  2. Мектеп жасына дейінгі балаларға математика элементтерін оқыту ерекшеліктері.

  3. Кішкене балаларға математика ілімінің элементтерін оқыту ерекшелігі.

Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі пәні педагогикалық ғылым жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды математиканы қабылдауға және меңгеруге дайындауға, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға көмектеседі.


Мектепке дейінгі педагогикадан шықан соң қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі жеке ғылыми және оқу саласы болып келеді. Оның зерттейтін пәні қоғамдық тәрбие жағдайында м.ж.д.б қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жүйесінің негізгі заңдылықтарын оқыту.
Әдістеменің шешетін міндеттері өте кең:
әртүрлі жастағы балаларда сан туралы білім, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету, т.б түсініктерін қалыптастыру деңгейінін дамуына ғылыми негізделген бағдарламалық талаптар қояды;
-Баланы балабақшада дайындауда мектепте математиканы меңгеруге негізгі материалдың мазмұнын анықтау;
-практикаға тиімді дидактикалық құралдарды, әдістер мен математика түсініктерін қалыптастыруда түрлі формаларды жобалау және еңгізу;
-Балабақшада берілетін негізгі математикалық түсініктерді мектепе берілетін түсініктермен сабақтастығын орындау;
-Мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесінде құзыретті маман даярлау мазмұның жобалау;
-Ата-аналарға жанұяда қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда ғылыми негізделген әдістемелік нұсқаулар жобалау.
Әдістеменің жалпы міндеті - жүйесінің дидактикалық негізін зерттеу және жобалау.
Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің теориялық базасы тек ғана жалпы, нақты, бастапқы философияның, педагогиканың, психологияның, математиканың және басқа да ғылымдардың бастапқы жағдайын құрады.
Педагогикалық білім жүйесі ретінде өзінің теориясы мен бастапқылары бар.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінің элементтері-өзара байланысты, бір-бірін толтыратын жұмысты ұйымдастырудың мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары және формалары. Негізгісі мақсат болып келеді. Балабақша балаларды мектепте ғылымның негізін оқуға дайындауда қоғамның элеуметтік сұранысын орындайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық дамуы деп оның қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру нәтижесінде таңымдық әрекетіндегі өзгерістерді және онымен байланысты логикалық операциялар жасай білуін санауға болады.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру - бұл бағдарламалық талаптармен қарастырылған білім беру, ақыл-ой әрекетінің әдіс-тәсілдері және меңгеруге бағытталған, ұйымдастырылған үрдіс. Негізгі оның мақсаты-мектепте математиканы жақсы меңгеру дайындау болып ғана келмейді, сонымен қатар балаларды жан-жақты дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет