Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері


Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшелігі



бет17/55
Дата19.02.2023
өлшемі209 Kb.
#69273
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды арапайым математикалы ымдар
10 недопустимых оши бок в переговорах
Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшелігі.
Уақыт объективті түрде, біздің санамыздан тыс және әрі одан тәуелсіз түрде болады. Оны қабылдау әрі танып білу нақты уақыттың біздің санамызда бейнелеуі ғана.
Уақыттың сипатты ерекшеліктері болып табылатындар оның озып өтуі, уақыт қозғалыспен байланысты, оның қайтымсыздығы, көрнекі формалардың болмауы, ол көрінбейді де, естілмейді де. Орыс тіліндегі «время» деген сөзінен шыққан, ол айналу деген мағынаны береді. өткен, келер және осы шақтар, олар алмаса алмайтындай болып, өзара байланысқан. Уақыттың қайтымсыз болу қасиеті, уақыттың бір бағытпен өтуі табиғат пен қоғамның жоғары өрлеу сызығы бойымен мәңгі даму, ескіден жанаға өту белгісі.
Түйсіктік қабылдау деген уақытты қабылдаудың негізі болмақ. Алуан түрлі анализаторлар комплексі уақыттың баяу өтетіндігін түйсікпен қабылдауға септігін тигізеді, алайда Сеченов есту және бұлшық еттер түйсіктеріне ерекше мән берген. Адам уақытты қабылдаудан бұрын жануарлар дүниесінің бүкіл даму жолын өтіп отыр. Алайда психологиялық жоғары сатыдағы жануарлардың уақытты қабылдауы уақытты адамның қабылдауынан сана жағынан өзгеше таза биологиялық құбылыс. Уақыт өлшеудіңалуан түрлі құрал жабдықтары, эмоция, уақыт ұғымдары, қондырғылар мұның бәрі жануарларда атымен болмайды.
Уақытты сезу әр түрлі даму басқышында болуы мүмкін. Ерте кезде уақыт эталондарын білмей тұрып та бай сезім тәжірибесіне сүйеніп қалыптасады. Нәресте дыбыс береді, өйткені тамақтанатын мезгілі жетті. Нәресте тойынды ол тыныш жымиып жата береді, ұйықтайды. Зеріттеушілердің айтуынша, уақыт аралығын сөзбен бағалау ең аз дәлдікпен сипатталады. Мұның себебі сол, егер қабылданатын уақыт аралығын қабылдағанда және өлшегенде есте сақталған белгілі эталонмен іштей салыстыру қажет болса,ал демонстрациялап көрсетілген уақыт аралығын қайыра бейнелегенде оны эталонмен іштей салыстырумен қатар,ол аралықты іс жүзінде әлгінде демонстрацияланған эталонмен салыстыру керек болады. Физиологиялық зеріттеулердің көрсетуінше, ерте жастағы балаларда уақытқа деген шартты рефлекстерді тәрбиелеу жылдамдығы әр түрлі, ал мектеп жасына дейінгі балаларда үлкен қиындықпен келеді және аса тұрақсызда. Балалар үшін уақыт қатынастарын белгілейтін сөздің мәнісін түсіну де күрделі, өйткені ол салыстырмалы сипатты. Кіші топтың балалары сапалық белгілері бар оқиғаларды уақыт жағынан шектей біледі. Олар тәулік бөліктерін, тұсында атқарылатын әдепкі әрекеттермен байланыстырып, айыра біледі, өздеріне жақсы таныс және де өздерін эмоция жағына қызықтыратындай кейбір уақиғаларды белгілі бір уақыт мерзімімен байланыстырады. Елка қыс түскенде болады. Балалар бақшасында тәрбиелеу программасы ересек топтағы балаларды кейбір тарихи оқиғалармен таныстырады, осы жастан бастап ақ балаларда уақыт жөнінен бағдарлай білуді қалыптастыру қажет С.Л. Рубинштейін былай жазды уақыт жөніндегі түсінік балаларда әдетте кеш дамитын болғанмен, оған баланың ой жотасы жете бермейді деп қорқуға болмайды.
Уақыт жөніндегі түсінік қалыптастыруда сөздің атқарар ролі үлкен, ұзақтығы әр түрлі уақыт аралықтары сөз арқылы абстракцияланады және қорытындалады секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл т.б. осы арнаулы атаулармен балалардың пайдалану дәлдігі уақыт эталондарының әрқайсысының нақты мазмұны қандай, ол қандай негізгі белгілермен сипатталады соған байланысты. Алайда қандай уақыт аралықтарын болса да сипаттайтын нақтылы белгілер аса шектеулі келеді, өйткені олар адам өмірінің тұрмыстық, экономикалық және географиялық шарттарымен айқындалады. Күн дегенде ол әр уақытта да, қай жердеде жарық және халықтың еңбек етуі деп, ал түн болса қараңғы және халық ұйықтайды деп сипаттала бермейді. Қайсібір тәрбиешілер балалар сағат, минут дегеннің ұзақтығы не екенін тіпті білмейді, не артық сағат па не минутпа, күн бе не апта ма дегенге жауап та қайыра алмайды, тіпті ересек балалардың өздері де сағат пен календарьдың т.б. мәнісін түсіндіре алмайды деп ренжиді. Балалардың басым бөлігі сағат тілдерінің қозғалысын түсіне бермейді, ал қол сағатынын ересек адамдар сәндікке тағады деп ойлайды. Алты жеті жасар балалардың көпшілігі апта күндерін, ай атауларын ретімен атай білмейді, өздеріне таныс мейрам даталарын олармен байланыстыра алмайды, сондай ақ олар жыл мезгілдері мен айларды да байланыстыра алмайды, жыл мезгілдерінің себептік байланыстарын да білмейді. Мұның себебі ауық ауық өткізілетін сабақтар, онда балаларды тәулік маусым бөліктерінің белгілерімен таныстырады, апта күндерін, ай аттарын ретімен жаттайды таза формалды сипатты олар балаларда уақыт жөніндегі негізгі ұғымдар қалыптастырмайды оның өтіп жататыны,қайтымсыздығы, ритмі мен темпі жайында, уақыттың периодтылығы мен алмасатыны жайында. Балалардың кейбір уақыт белгілері жөнінде алған мағлұматтары бала сапасынан тыс қала береді, уақыт қатынастарының байыбына бармайды.
Психология мен физиологйя балаларда уақыт сезімін дамыту қажеттігін атап айтады. Уақыт ұзақтығын бағалауға үш фактор ықпал етеді деп көрсетілген әрекет мазмұны, оған қызығушылық және баланың жасы. Көптеген қызғылықты уақиғаларға толы уақыт мазмұны жағынан бай да, әдетте білінбей өте береді және оның ұзақтығына берілетін баға ақиқаттан кемдеу келеді. Және керісінше, уақыт бір қалыпта өтетін болса, оның мазмұны да жадау болады, созылынқы болып көрінеді және оған берілетін баға да ақиқаттан артықтау келеді. Бұдан шығатыны сол, екінші фактор әрекеттің осы аталған түріне қызығушылық дәрежесі, уақытқа берілетін бағаға, сөз жоқ, әсер етеді. Балаға қызықты көрінетін әрекет, тезірек өтеді, оның ұзақтығы байқалмайтын сияқты, нақты ұзақтығына берілетін баға кемиді. Және керісінше, жағымды әсерлер қоздырмайтын әрекет, ақиқатпен салыстырғанда, ұзақтау болып қабылданады, бала одан құтылғанша асығады. Бір минуттың ұзақтығы туралы баланың түсінігін зерттей келе, ылғи да қайталанатын ескертулерді олар түсінбейтінін көреміз. Ең болмаса бір минут тыныш отыршы т.б. балалар осыншама аз уақыт аралығында не тындыра қойылатынын білмейді, бір минут деген сөзден сенсорлық тәжірибесі жоқ. Солай бола тұра, өз жұмысының ұзақтығын бағалау қажет және оның қажеттігі айқын. Балалар, жабыстырып аяқтаңдар, небары бір минут қалды, деген тәрбиешінің ескертуі сабақ үстінде аз естілмейді. Алайда бір, екі минут деген сөздерінің мағынасын олар сезбейді, сондықтан түсінілмей қала береді. Кейбір алты жеті жасар балалар өз әрекеттерін өздері бағаламақ болады, алайда, жоғарыда көрсетілгендей, олардың берер бағасы субъективті, баланың жұмысқа қызығушылығына, оның мазмұнының байлығына және әр түрлігіне байланысты. Қызығы сол, әр жастағы балаларда минут ұзақтығын бағалауда білінерліктей айырмашылық болмайды. Бұдан шығатын қорытынды сол, бұл сияқты тоқырау педагогикалық жұмыстың жетіспеушілік салдарынан болады.
Есте болары сол, мектепке дейінгі тәрбие системаларының кейбіреулерінде, оның ішінде И.У.Фаусек те, уақыт сезімін дамыту ісіне тыныштық сабақтарына арнайы көңіл бөлініп келді. Педагогикалық эксперимент пен балалар бақшашының көптеген тәрбиешілерінің айтуына қарағанда, балалар сенсорлық тәжірибемен қатар уақыт ұзақтығын құм сағаты арқылы анықтау тәсілдерімен танысқанда оларда бір, бес, он, он бес минуттық уақытаралықтарының ұзақтығын ақиқат бағалау қалыптасады екен. Уақытты осындай бағалауды балалар өз әрекеттерінде және қылықтарында бірдей пайдалана бастайды. Балаларда уақыт сезімі дами бастайды, біртіндеп уақытқа деген нұсқау қалыптасады. Уақытқа деген нұсқау баланың көңілін жұмылдырады,тапсырманы ритммен орындауды қамтамасыз етеді, балалар қажетті материалды шапшаң сұрыптап алып, әдеттегіше теңселіп жүре бермей, бірден жұмысқа кірісіп кетеді.
Сонымен, ересек балалар тобында өз әрекетін уақыт жөнінен реттей білуді қалыптастыру әбден мүмкін болатындықтан, оларда уақыт сезімін тәрбиелеу қажет, ол үшін кейбір уақыт аралықтарына делінген сенсорлық тәжірибені уақыт есебімен байланыстыру керек, сонда сөз, арнаулы приборлар қолданылады құм сағат, жарға ілетін сағат, қол сағаты. Уақыт сезімін дамытумен қатар балаларда уақыттың өтетіндігі, қайтымсыздығы және периодтығы жайында түсінік қалыптастыру қажет, сонда тәулік бөліктері жайлы ертеңгілік, күн, кешкілік, түн, тәуліктердің алмасуы ретінде апта күндері жайлы,жыл мезгілдері жайлы, олардың реті, алмасуы т.б. жайлы түсінік беріп отыру керек.Бірқатар авторлардың аяқтаған зерттеулеріне қарағанда, балалар әр түрлі уақыт түсініктерін және ұғымдарын, олардың қалыптасу жолдарын игере алады екен, бұл методикада ескеріліп отыр және мұның өзі педагогикалық жұмысты жаңа, биіктеу дәрежеге көтеруге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет