«Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру»



бет1/13
Дата22.10.2022
өлшемі182,95 Kb.
#44889
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

«Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру»



КІРІСПЕ


Зерттеудің көкейтестілігі. Заманауи қазақстандық қоғамды және онымен бірге нарықтық экономиканы дамыту процесінде әр бір адамның жетістігі бәсекелестік жағдайында жұмыс істей білуге байланысты: белгіленген мақсатқа табандылықпен ұмтылуға, өзіне деген сенімдік және батылдық көрсету, өз жұмысынның болашағын көру, стандартты емес мәселелерді шешу кезінде өзіне толық жауапкершілік алу.
Бүгінгі таңда қоғам күрделі сынақтарға ұшыраған кезде болашақты болжайтын, өз идеяларымен жобаларына қызығушылықты оята алатын, жаңа әлеуметтік қатынастарға дайын дана адамдар елді дағдарыстан шығара алады. Осыған байланысты Қазақстан мемлекетінің одан әрі дамуы ерекше ойлау қабілеті, шығармашылық қиялы, көшбасшылық қаситеттері, демократиялық мәдениеті бар, экономикалық, саясаттану және мәдениеттану тәртібінің міндеттерін шешуде өзіне жауапкершілік алуға қабілетті адамдарға байланысты - бұл біріншіден.
Екіншіден, елдегі инновациялар процесін мақсатты басқаруды тек көшбасшылар ғана қабылдай алады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы біздің мемлекетіміздің одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қоғамдағы заманауи қарым-қатынас процестерін басқаруға дайын, казіргі жастар арасында көшбасшылықты тәрбиелеуді көздейді. Осыған байланысты бүгін де өсіп келе жатқан бүлдіршіннің белсенді тұлғасын дамыту, оның көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру мәселесі өзекті болды.
Мемлекеттік деңгейде қабылданған бір қатар құжаттар жас ұрпақтың көшбасшылық қасиеттерінің маңыздылығын мойындау туралы куәландырады. Қазақстан Республикасында білім беру және ғылымді дамытудың 2020-2025жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ұйымдастырушылық қабілеті мен көшбасшылық қасиеттері бар белсенді жастарды даярлау қажеттілігі туралы айтылған [1].
Осы және т.б. ұстанымдардан казіргі білім беру жүйесіндегі тәрбиенің негізгі мақсаты белсенді тұлғаның үйлесімді және тұтас дамуы, оның өзін-өзі тануы үшін оңтайлы жағдай жасау ретінде қарастырылады.
Мектепке дейінгі жас – бұл тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін дамытудың синзетивтік кезені. Дәл осы кезеңде болашақ тұлғаның негізі қаланып әр-түрлі іс-шараларға қызығушылық қалыптасады, айналасындағы адамдарға және өзіне деген әр түрлі қатынастар дамиды. Тәрбиешілер мен ата-аналар балаға өз-өзін көрсетуді, әлеуметтік құндылықтарға сәйкес өзін-өзі танудың жеке тәжірибесін алуға көмектеседі.
Көшбасшылық феномені казіргі қоғам үшінерекше маңыздылығымен әлеуметтанушылардың, психологтардың, саясаттанушылардың назарын аударады.
Мектеп жасына дейінгі көшбасшы – бұл, ең алдымен, сыртқы жағдайды өзгерте алатын және басқалардың қызметін үйлестіре алатын, оларды ұйымдастырып, басқара алатын белсенді тұлға.
Баланың дамуы мен тәрбиесінде үлкен рөл атқаратын, олардың іс-әрекетінің маңызды түрі – ойын.
Бұл мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын,оның моральдық-еріктік қаситетерін қалыптастырудың тиімді құралы, ойын әлемге әсер ету қажеттілігін жүзеге асырады. Көшбасшы балалар ойындарындағы ең белсенді рөлдерді орындауға, құрдастарының қызметін басқаруға және нұсқаулар беуге деген ұмтылысты дамытады.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті бола тұрып, ойын үнемі тартымды және балаға өз ұмтылыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұнда бала өзіне де, басқаларға да бұрын байқалмаған қасиеттері мен жаңа мүмкіндіктерін ашады. Ойын – белгілі бір дағдыларды қалыптастырудың ең жас тәсілі.
«Көшбасшы», «көшбасшылық» құбылыстарының мәні философтар Х.А.Бердяевтің [2], И.Т.Фроловтың [3], Н.А.Нысанбаевтың [4], Ж.Ж.Молдабековтың [5] т.б. енбектерінде қарастырылған.
Көшбасшылықтың әртүрлі аспектілеріне арналған жұмыстар біздің зерттеуімізге үлкен қызығушылық тұрады: кіші топ психологиясынның теориялық және қолданбалы аспектілері (А.В.Петровский [6]), басқару және көшбасшылық (Б.Д.Парыгин [7]), көшбасшылықтың әлеуметтік-психологиялық теориялары (И.П.Волкова [8], және т.б.), көшбасшылықтың типологиялық ерекшеліктері (С.А.Багрецов [9]), көшбасшылық стилдері, болашақ мұғалімдердің көшбасшылық рөлі (Ұ.М.Әбдіғаппарова [10]) және т.б.
Выготский JI.C. [11], Запорожец A. B [12], Эльконин Б. [13] және т. б. ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей мектеп жасына дейінгі баланың сюжеттік-рөлдік ойыны, осы жастағы негізі қасиеттердің қалыптасуы мен бірге іс-әрекетке итермелейтін жеке мағыналарды анықтайды.
Выготский Л.С. атап өткендей, ойында барлық ішкі процестер сыртқы әрекетте көрінеді. Баланың мотивациясы мен еркіндігін қалыптастыру үшін ойын ерекше маңызды. Рольдік ойында бала өзін ересектермен сәйкестендіріп олардың функциялары мен арасындағы қарым-қатынастарды өзі жасаған арнайы жағдайларды жанғыртады.
Белгілі ғалымдардың пікірлерінше (Жуковская Р.И. [14], Люблинская А.А. [15], Менгерицкая Д.В. [16], Усова А.П. [17], Эльконин Д.Б. [13] т.б.) рөлдік ойын барысында бала өзін ересектермен сәйкестіреді және олардың функциялары мен арасындағы қатынастарды өзі жасаған арнайы жағдайларда жанғыртады.
Еркті мінез-құлық қасиеттерін тәрбиелеу үшін ойын мазмұнының мүмкіндіктеріне назар аудару қажет, бала қабылдаған рөлді орындаубарысында жауапкершілікті оятатын жағдайларды пайдалану керек.
Біздің зерттеуімізге байланысты отандықғалымдардың енбектері де қызығушылық тудырады, олардың енбектерінде ойын іс-әрекетінің әр түрлі аспектілері қамтылған Арзанбаева Б.О. [18], Елькеева А.Б. [19], Баримбеков Н.Ж. [20], Иманбеков Т. [21], Касымова Г.М. [22], Толенова У.Т. [23].
Философиялық, әлеуметтанулықжәне психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында ғалымдар үшін ғылыми және қолданбалы қызығушылық құрдастар тобында көшбасшылық мәртебеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін мектеп жасына дейінгі бала мінезінің тұлғалық ерекшеліктері екенін көрсетеді. Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі көшбасшылықтың бұл аспектісі бүгінгі күні аз зерттелген. Мектеп жасына дейінгі балалардың рөлдік ойындардағы құрдастары мен ойын кезінде өзара әрекеттесуін қалыптастыру жеткіліксіз дамыған, ойын серіктестерінің адамгершілік қатынастарына және оның ойын дағдыларына, жеке қасиеттері мен эмоционалды жағдайына жағымды бағдарлауға әкеледі.

Сонымен, баланың жеке басының көшбасшылық қасиеттерін дамыту қажеттілігі оның сыртқы әлемдегі әлеуметтік белсенділігінің одан әрі өсуінің шарты ретінде және психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде бұл мәселенің теориялық және практикалық тұрғыдан жеткіліксіз дамудың арасында қарама-қайшылық туындайды.


Осы қарама-қайшылықты ескере отырып біз ғылыми жобаның тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру» деп таңдадық .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет