«Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру теориясы мен әдістемесі»



бет14/32
Дата16.01.2023
өлшемі0,73 Mb.
#61457
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Дайындағандар:
Аға оқытушы Каримова Р.Е.
Каф.меңгерушісі Бекмаганбетова Р.Е.


4. ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ



Апта №

Дәріс атауы және тезистері

Сағат көлемі

1

Жер-күн жүйесінің планетасы.Фонология және фенологиялық бақылау. Жер қабаттары: жер қабығы, мантия, ядро. Жердің қатты қабаты - литосфера
Күн жүйесінің орталық денесі- күн. Онда жүйенің массасының 99,86 шоғырланған. Күн жүйесі 9 ірі планета (грекше-кезбе), мыңдаған кіші планеталар (астериодтер- грекше жұлдыз тәріздестер), миллиондаған құйрықты жұлдыздар (кометалар күнді сопақ орбитаның бойымен айналады), метеорлар (латынша-ауада қалықтаған деген мағына) және планета аралық газдардан тұрады. Күн жүйесінің барлық планеталары күнді элипстік орбитамен (латынша-із, жол) айналады. Планеталардың орбиталары шамамен бірдей жазықтықта орналасқан және орбиталар шеңберден онша үлкен айырма жасамайды. Сондықтан олар бір-біріне жақындап келмейді. Көпшілік планеталардың серіктері бар. Жердің серігі-Ай.
Күн жүйесінің барлық планеталары 2 үлкен топқа бөлінеді. 1-топқа Меркурий (кіші Шолпан), Шолпан, жер және Марс (қызыл жұлдыз) жатады. Жерге ұқсас болғандықтан, оларды жер сипатындағы планеталар деп атайды.
2-топқа алып планеталар Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун кіреді. Күннен ең алыс планета Плутон бұл екі топтың ешқайсысына да енбейді. Жер сипатындағы планеталар шағын, бірақ оның есесіне тығыз болып және күнді тез айналады. Себебі орбитасы шағын. Күнге ең жақын планета Меркурий. Ол планеталардың арасындағы ең кішісі.

1

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет