Мектеп: ЖББ КММ №3
Тақырып: «Сенімділік күш береді»
Сынып: 4
Психолог: Акишева З.К. Талғат Г.Т
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, тілегін білдіру, жаттығулар т.б.
Құралдар: Суреттер, слайд, әңгіме т.б.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ойын-жаттығулар арқылы 5-сыныпқа даярлау, оқушы көзқарасын қалыптастыру, қабілетін тануға көмектесу,мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.
Ереже
Белсенді қатысу
Тыныштық сақтау
Бірін-бірі тыңдау
Ойын ашық айту
Бір-бірін сынамау
Ынтымақтылық
Өтілу барысы:
Тренинг: Амандасу!
Жаттығу «Сыныптастарым, мен сендерге сенемін»
«Джунглиядағы жаңбыр» жаттығуы
«Көңіл-күй» жаттығуы
Жаттығу Қоштасу рәсімі «Шүйде жіп»
Тренинг: «Амандасу»
Шеңберге тұрып, Оң жақтағы көршімен йықпен, Сол жақтаңы көршімен тіземен
амандасамыз.
Жаттығу «Сыныптастарым, мен сендерге сенемін»
Мақсаты: сынып ішінде бір-біріне деген сенімділікті арттыру.
Нұсқау: Барлық оқушы ортаға шығады. Арасынан 1еуі шығып «Сыныптастарым, мен сендерге сенемін»- деп артқа қарап шалқадан құлау керек, және сыныптастары оны жерге құлатпай артынан демеп ұстап алулары керек. Барлық оқушы құлап шыққанша қайталанады.
Талдау: 1. Жаттығуды орындау қиын болды ма, әлде жеңіл ме?
2. Сыныптастарыңа сенім арта алдың ба?
«Джунглиядағы жаңбыр» жаттығуы
Мақсаты: иық, мойын, омыртқалардағы, бұлшық ет қатаюынан арылту, босаңсыту.
Нұсқау: Қанекей, бір-бірініңбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылдар да жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып күшейді. Сосын ақ жауын жауды,саусақтармен жеңіл түрде қағасыз. Міне, нөсер басталды., саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз. Нөсер үдей түсті, барлық саусақтармен қатты қағасыз. Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Ал енді 180градусқа айналып ойынды жалғастырыңыздар.
Талдау: Осы массаждан кейін өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?
Жағымды болды ма?
Өз сезім күйлеріңізбен бөлісіңіздер.
«Көңіл-күй» жаттығуы
Менің алдымда билеттер жатыр, топқа билет беріледі. Билеттің ішіндегі сөзді оқып, сол кейіпке еніп көрсетесіздер, қарсы топ тауып айту.
– Сабақта ұялып тұрған бала, екі алып жылап тұрған бала, мұғалімге ренжіп тұрған бала, «5» алып қуанып тұрған бала, мақтанып тұрған бала.
-Әр түрлі жануарлардың бейнесін салу.
-Үнемі сабаққа кешігіп келесін (матеметика,қазақ тілі,ағылшын,тарих)
Жаттығу Қоштасу рәсімі «Шүйде жіп»
Нұсқау: Құрметті оқушылар! Қазір сіздер менің қолымда тұрған шүйде жіпті көріп тұрсыздар. Қазір осы жіпті біз бір – бірімізге жылы сөзбен, тілекпен береміз. Жіп барлық қатысушыларды айналып шыққаннан кейін мынадай сұрақ қойылады.
Мына жіпті немен салыстыруға болады. (өмір)
Ал қазір егер осы жіптің басы мен аяғын туаып көрсек ші, ол не деп ойлайсыңдар? (өтіп жатқан өмір)
Ал егер де осы жіпті бір – біріне шатастырып жіберсе не болады? Сол үшін естең шығармайық өз өміріміз өз қолымызда. Жақсы жолды да, жаман жолды да біз өзіміз таңдаймыз
Рефлексия
Сұрақтар:
1.Бүгінгі кездесу сізге не берді?
2.Несімен ұнаған жоқ?
3.Тілегіңіз?