Мектеп музейінің өлкетану бағытындағы жұмыстары



бет1/4
Дата13.03.2022
өлшемі27,14 Kb.
#27813
  1   2   3   4

Мектеп музейінің өлкетану бағытындағы жұмыстары(Бектауата тауы материалдары негізінде)

Кіріспе


Оқушылардың үлкен Отан тарихының алғашқы баспалдағы – өлке тарихын игеру арқылы «Қазақтан тарихы», «География» пәндері бойынша мемлекеттік стандарттар бойынша берілген материалдарды толықтыра отырып өздерінің білім қорларын толықтырудағы мектептің қоғамдық музейлерінің атқаратын ролі зор. Мектеп музейінің жұмыс шаралары аясында әсіресе, оқушыларды өлкетанушылық мақсаттағы жұмыстарға тартудың маңызы басқа шараларадан анағұрлым пайдалы болып саналады. Өлкетану бағытындағы ғылыми-ізденіс жұмыстарды іске асыру барысында оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының әліппесімен танысып, жинақталған өлке тарихы материалдарымен Отан тарихының тақырыптық беттерін толықтыра игеруді үйренеді.

Ұсынылып отырған «Мектеп музейінің өлкетану бағытындағы жұмыстары(Бектауата тауы материалдары негізінде)» тақырыбындағы зерттеу жұмысының басты мақсаты мен міндеті Солтүстік Балқаш өңірінің табиғи – тарихи феномені, «Қазақстанның киелі жерлерінің картасы» жобасы бойынша республикалық маңызы бар 100 обьектінің тізіміне енген – Бектауата тауының флора-фауналық дүниесі мен оның шатқалдарына орналасқан қола заманынан бастап ХХ ғасырдың басына дейінгі этнографиялық кезең арасындағы аса кең хронологиялық тарихи уақыт аралығын қамтитын археологиялық ескерткіштерді оқушылардың үлкен Отан тарихына қосымша ретінде игеруі арқылы тарихи-мәдени білім қорларын толықтыруына қол жеткізу.

Жұмыс Кіріспе, екі тараудан тұратын негізгі бөлім, қорытынды және падаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет