Мектепалды даярлық сыныбы Аяз ата, Ақшақар! – 3 рет шақыру Аяз ата



Дата26.03.2022
өлшемі16,52 Kb.
#28894

Мектепалды даярлық сыныбы

Аяз ата, Ақшақар! – 3 рет шақыру



Аяз ата: (орындыққа отырып):

Ой, шаршадым мен, шаршадым Ақшақар! Қайда ғана болған жоқпын .(қағазға қарап) Бірінші сыныпта да болдым, екінші сыныпта да болдым! Барлығымен ойнап, барлығымен ән айттым. Енді демалсам да болады.



Ақшақар: Ата! Осында тағы балалар бар ғой ....

Аяз ата: (шошынып): Қайда?

Ақшақар: Қара ата, қара, мында да балалар бар!

Аяз ата: (балаларға қарап)

Шынымен, бұл жерде неше түрлі әдемі балалар бар екен ғой Здравствуйте, мои дорогие!



Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Келді тағы жаңа жыл

Қуантуға біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

Аяз ата: Балалар білесіндер ме, Ақшақар сендерді құттықтап жатқан кезде, мен сендердің бөлмелеріңде өте әдемі жануарды көрдім. Мен оны басқа жерлерде көрген жоқпын.

Ақшақар: Ата, соншама нені көрдің сен?

Аяз ата: Бұл жерде өте әдемі, өте күшті, мықты болып тұрған кім? Әрине, ол деген – барыс қой.

Ақшақар: ой, ата,рас,сондай үлкен және әдемі екен.

Аяз ата: иә, Ақшақар ол 2022 жылдың символы ғой.

Ақшақар: Ал, енді балалар біз сендермен бірге ойын ойнағымыз келіп тұр. Бұл ойын «Робин гуд» деп аталады. Шарты мынадай: заттарды аудитория ішінен тауып алу керек. Бірақ бұл ойынды жылдам жасап өту керек.Егер де сендер барлық заттарды тап алсаңыз,2022 жылдың символы ретінде болып саналасындар. Ал ойынды жеңіп алған балаларға сыйлық береміз. Ойынның шартын түсіндіңіздер ме? Аяз атаға мынадай зат керек:

1. доп


2. скакалка

3. ту


4. мешура

5. Маска


Ақшақар: Дайынсындар ма? Ендеше, кеттік!

Аяз ата: Мен бұл жерде сендерге қарай беріп, осында тұрған шырша туралы мүлдем ұмытып кетіппін. Ол өзі жалғыз тұр ғой. Бір, екі, үш шырша шамы жан! Ақшақар: :Бәрекелді балалар ал енді шыршаны айналып жүріп «Шырша жырын» барлығымыз бірге айтайықшы

Ақшақар: Бәрекелді балалар, жақсы өлең айтасыңдар! ата, саған ұнады ма?

Аяз ата: Балалар кім Аяз атаға тақпақ немесе өлең дайындап келді? СЫЙЛЫҚТАР БЕРІЛЕДІ

Ақшақар: Қоштасуға уақыт келді. Аяз атамен қайту керек! Сіздердің кешіңіз қеремет те тамаша болды. Келесі жылда кездесерміз!Қош сауболыныздар!

Аяз ата: Балалар бүгінгі керемет күн үшін сендерге рақмет! Бізді басқа балалар да күтіп тұр, сол үшін біз сендермен қоштасамыз. Келесі кездескенше балалар!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет