Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы «Білім туралы»


Швед қабырғасына арналған ойлы-қырлы тақта



Pdf просмотр
бет4/4
Дата30.12.2016
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4

 

Швед қабырғасына арналған ойлы-қырлы тақта 

Жалпақ  табанның  алдын  алу  үшін  жаттығуларды  өткізу  кезінде 

қолданылады.  Тақтаға  енсіз  жұқа  тақтайшалар  бекітілген.  Гимнастикалық 

қабырғаға  ілгектермен  және  еденге  бекіту  үшін  көлденең  ағашпен  

жабдықталған. Табиғи ағаштан жасалған, сыртына су негіздегі лак жағылған.  

 

Еденүсті гимнастикалық бөренесі 

Түрлі  гимнастикалық  жаттығуларды  орындауға,  тепе-теңдікті  сақтау 

дағдыларын  және  вестибулярлық  аппаратты  дамытуда  қолданылады.  Бөрене 

дөңгелек пішінді екі тұғырға орнатылған. Бөрененің диаметрі 20-25 см жоғары 

беті  сүргіленген,  ені  10-15  см.  Табиғи  ағаштан  жасалған,  сыртына  су  негіздегі 

лак жағылған.  

 

Гимнастикалық орындықтар 

Түрлі  гимнастикалық  жаттығуларды  орындауға,  тепе-теңдікті  сақтауға, 

ептілікті,  үйлесімділікті  дамытуға  арналған  әмбебап  жаттықтырушы.  Табиғи 

ағаштан жасалған, сыртына су негіздегі лак жағылған. Орындықтың ұзындығы 

1500-3500 мм, ені 230, биіктігі 300 мм. 

 

Тартуға (жүруге) арналған арқан 

Табиғи мақта-мата талшықтарынан бірқалыпты өру арқылы дайындалған. 

Арқанның  ұштары  ашық  түсті  қолдарды  тайдырмайтын  қабыршақпен 

өңделген. Арқанның ортасында белгісі бар.  

   


Өрмелеуге арналған арқан 

Табиғи мақта-мата талшықтарынан бірқалыпты өру арқылы дайындалған. 

Арқанның  бір  ұшында  бекітетін  тетігі  бар,  ал  екінші  ұшы  ашық  түсті 

қолдарды  тайдырмайтын  қабыршақпен  өңделген.  Арқанның  мөлшері  3-10 

метр. 

 

Жіп саты 

Сатының  аралықтары  диаметрі  3  см  ағаштан  тұрады,  20-22  см 

арақашықтықта  орналастырылады.  Арқанның  ұзындығы  2,5  м  және  диаметрі 

3,5 см. 


 

Теңдестіру жол 

Жол  үйлесімділік  пен  ептілікті  дамыту  үшін  қолданылады.  Түрлі  пішінді 

және иірімдері болады. Бес бөліктен тұрады. Ағаштың бағалы түрінен сыртына 

лак жағып жасалады. 



29 

 

 



Балаларға арналған гантельдер 

Жоғары  сапалы  пластиктен  жасалған,  ішіне  құм  толтырылады,  жұп 

гантельдер. 

 

Диаметрі 15-17 см массаж сақинасы 

Массаж  жасайтын  сақина  –  ұсақ  маторика  мен  қимылдардың 

үйлесімділігін  дамытуға  арналған  әмбебап  жаттықтырушы.  Жалпақ  табанның 

алдын алу және түзетуге бағытталған жаттығуларда таптырмас құрал. Ойындар 

мен эстафеталарды өткізу үшін қолдануға болады. Иілгіш пластиктен жасалған.  



 

Массаж жолы 

Спорттық  шараларға,  сауықтыру  жаттығулары  мен  қызықты  ойындарға 

арналған.  Жолдың  іші  қуыс  пластикалық  құбырлардан,  сырты  тығыз 

синтетикалық  матамен  қапталып  жасалған.  Әрбір  құбырда  ара  қашықтық 

сақталып,  жеке-жеке  қалтаға  бекітілген.  Тегіс  мата,  оңай  тазартылады, 

сондықтан бала жалаңаяқ жолмен жүре алады. Жол бауы бар сөмкеге салынған.   



 

Массаж төмпешігі 

Массаж жасайтын төмпешіктер балалармен дамытушы сабақтарды өткізу, 

жалпақ  табанның  алдын  алу  үшін,  кедергілермен  өту  үшін  кедір-бұдырлардан 

жасалған 

жолақ. 

Кедір-бұдырлардан 



жасалған 

жолақ 


қимылдардың 

үйлесімділігін дамытуға мүмкіндік береді. Табан мен алақанның рефлекторлық 

аймақтарына  жасалған  массаж  қан  айналымын  жақсартады,  сезімділікті 

жоғарылатады, бойын еркін ұстатады. Жоғары сапалы резеңкеден жасалған.   



 

Балаларға арналған кедергілі жолақша 

Кедергілерден  түрлі  күрделі  жолақтарды  жасауға  мүмкіндік  беретін 

элементтер  жиынтығы.  Тұтынушының  қол  жетімді  кеңістігі  мен  қиялдауынан 

шығатын шегі жоқ тәсілдерді жасауға мүмкіндік беретін әмбебап элементтердің 

кең  ауқымынан  тұрады:  жылтыр  жарты  шар  –  6  дана,  110  см    -  9  дана  таяқ, 

«таяқ-таяқ» клипстер – 6 дана, «таяқ-сақина» клипстер – 6 дана, жайпақ құрсау 

диаметрі 40 см – 1 дана, жайпақ құрсау  диаметрі 50 см – 1 дана, жайпақ құрсау 

диаметрі 60 см – 1 дана, жайпақ құрсау диаметрі 70 см – 1 дана.  



 

Биіктігі әртүрлі еңбектеуге арналған доғалар 

Еңбектеуге  арналған  доғалар  әртүрлі,  бір-бірінен  белгілі  арақашықтықта 

орналасқан, П-тәрізді қақпа сияқты болады, 4 дана.   

Бұл спорттық снаряд мектепке дейінгі дене тәрбиесінің бағдарламасы және 

әдістемесінде  белгіленген  қимыл  дағдыларын  дамыту  бойынша  жаттығулар 

жасауға арналған. Жиынтықта еңбектеуге арналған үлкен доғалар – 2 дана, кіші 

доғалар – 2 дана болады. 

 


30 

 

Биіктігі бірдей еңбектеуге арналған доғалар (туннель) 

Еңбектеуге  арналған  доғалардың  биіктігі  бірдей,  бір-бірінен  белгілі 

арақашықтықта  орналасқан,  П-тәрізді  қақпа  сияқты  болады,  4  дана.  Бұл 

спорттық  снаряд  мектепке  дейінгі  дене  тәрбиесінің  бағдарламасы  және 

әдістемесінде  белгіленген  қимыл  дағдыларын  дамыту  бойынша  жаттығулар 

жасауға арналған.  

 

Қаңқалы (каркасты) туннель  

Қаңқасы  иілгіш  шиыршықтан,  сырты  тығыз  полиэстермен  қапталған 

құбыр  тәрізді  болады.  Материалы  тығыз,  жуылады.  Қаңқа  жұмсақ  қабықпен 

қапталып,  негізгі  материалдан  тігілген.  Құбырды  күрделі  жағдайда  ұстап  тұру 

үшін шиыршықты екі жағынан жапсыру қарастырылған. 



 

Балаларға арналған жаттықтырушы 

Арқаның,  иықтың,  аяқтың,  іштің  бұлшық  еттерін,  тепе-теңдікті,  қимыл 

үйлесімділігін 

дамытуға 

бағытталған 

балаларға 

арналған 

жаттықтырушылардың жинағы. 



 

Спорт алаңындағы ойындарға арналған құрал-жабдықтар 

 

Балалар футболына арналған торқақпа 

Қақпа  спорт  шараларына,  сауықтыру  жаттығулары  мен  ермек    ойындарға 

арналған.  Беріктігі  жоғары  пластиктен  немесе  темірден,  ұнтақ  бояумен  және 

полиамид тормен қапталып жасалған. 

 

Балаларға арналған биіктігі өзгертілетін баскетбол бағанасы   

Баскетбол бағанасы спорт шараларына, сауықтыру жаттығулары мен ермек 

ойындарға  арналған.  Баскетбол  бағанасы    биіктігі  113-тен  236  см  дейін  

өзгертілетін    тағаннан  және  мықты  негізден  тұрады.  Беріктігі  жоғары 

пластиктен немесе темірден жасалған. Жинақта тор бар.    

 

Бадминтонға/волейболға арналған тіреуіштер (2 дана) торқақпа/баған 



жиынтығымен 

Жабық залдарда  бадминтонға/волейболға  арналған  торларды  орнату  және 

керу  үшін  арналған.  Стақандарға  бекітілген  металл  бағаналардан  тұрады. 

Бағаналардың  биіктігі  стақандардың  түбінде  орналасқан  тұғырлардың 

көмегімен  еденнің  деңгейінде  реттеледі.  Бағаналарда  торды  бекітуге  арналған 

арнайы құлақтар бар. Тор бағаналардың жиынтығына кіреді.     



 

Сақина лақтыру (жиынтық) 

Жиынтықта  үш  сақина  және  білік  бар.  Ойын  білікке  сақиналарды 

лақтырудан  тұрады.  Ойын  қимылдық  әрекетті  дамытады,  белсенділікті 

ынталандырады. Жоғары сапалы пластиктен жасалған.  



31 

 

 



Аспалы нысан 

Бір  нәрсені  көздеп  лақтыру  мақсатына  арналған  аспалы  нысан.  Аспалы 

ілгектер  арқылы  нысанды  есікке  немесе  гимнастикалық  қабырғаға  іліп  қоюға 

болады. Нысан бірнеше қабатты жұқа тақтайдан жасалған.    



 

Бадминтонға арналған жиынтық (2 ракетка, волан) 

Жиынтық 2 ракеткадан және воланнан тұрады. Жоғары сапалы пластиктен 

жасалған.   

 

Үстел үсті теннисіне арналған жиынтық (2 ракетка, шар) 

Жиынтық 2 ракеткадан және шариктен тұрады. Жоғары сапалы пластиктен 

жасалған.   

 

Үстел үсті теннисіне арналған торы бар шағын-үстел 

Жиналатын  жеңілдетілген  құрылым.  Аяқтары  реттеледі.  Биіктік  деңгейі 

әртүрлі.  Жоғарғы  ойнайтын  беті  ДВП,  жуандығы  16  мм.  Жиектері  лакталған 

ДСП. Бағаналары темір 25 мм. Үстелді  сақтау кеңістігін барынша азайту үшін 

үстел екіге бүктеліп жиналады. Тор жиынтыққа кіреді.    

 

Кегельдер (жиынтық) 

Балаларға  арналған  кегельдер.  Пластмассадан  жасалған.  Жиынтыққа  6 

кегель, 2 шар кіреді.  

 

Доптар 

 

Аяқпен басып үрлейтін доп үрлегіш 

Ауаны үрлеуге және шығаруға арналған, иілгіш шлангтан және кез-келген 

тетікке сәйкес келетін жалғастырғыштардан тұрады, ауаны жеңіл үрлеуге және 

шығаруға болады. Құрылым толымды ауа ағысын қамтамасыз етеді. Доптарды, 

үрленетін ойыншықтарды, матрастарды және қайықтарды үрлеуге арналған.  

 

Қолмен үрлейтін үрлегіш 

Волейбол, баскетбол, футбол және басқа да доптарды үрлеуге арналған қол 

үрлегіші. Қатты пластиктен жасалған. Жиынтықта шланг және ине бар.   

 

Доп қоюға арналған түпқойма 

Түпқойма  доптардың  домалап  кетуіне  жол  бермейді.  Диаметрі  кез  келген 

допқа сәйкес келеді. Пластиктен жасалған.  

 

Доптарға арналған себет 

Үй-жайда доптарды сақтауға арналған көлемді себеттер.   

 


32 

 

Баскетбол, волейбол, футбол доптары  

12  жасқа  дейінгі  балаларға  диаметрі  –  190  мм,  салмағы  300-330  г  3  түрлі 

көлемдегі баскетбол доптары қоладанылады.  

12  жасқа  дейінгі  балаларға  жеңіл  төзімді  және  сырты  қатты  материалмен 

қапталған волейбол добы қолданылады. Шеңбері: 645-665 мм, салмағы 160-180 

г.  3  жасқа  дейінгі  балаларға  4  түрлі  көлемдегі  футбол  добы  қолданылады. 

Шеңбері: 620-660 мм, салмағы 305-440 г.    



Түрлі диаметрлі резеңке доптар 

Мектепке дейінгі ұйымдардағ дамыту сабақтары мен ойындар өткізу үшін 

қолданылады.  Доптардың  диаметрі  75-200  мм,  салмағы  500-1000  г.  Жоғары 

сапалы резеңкеден жасалған.  

 

Түрлі диаметрлі лақтыруға арналған резеңке доптар  

Доптардың диаметрі 60-70 мм, салмағы 100 г. Жоғары сапалы резеңкеден 

жасалған.  

 

Лақтыруға арналған дорбалар жиынтығы  

Лақтыруға  арналған  дорбалар  түйіршіктермен  толтырылған.  Жинақта 

тікбұрышты пішіндегі 4 түсті дорба бар. Салмағы 100 г.  

Теңдестіру  және тепе-теңдік жаттығуларын орындауға, дәлдікті, ептілікті, 

көзбен шамалауды дамытуға арналған.  

 

Түрлі диаметрлі секіргіш доптар  

Доптың  сыртқы  қабаты  жылтыр,  массажды,  айқын  томпақ-бөртпелермен 

өрнектелген.  Доптың  диаметрі  400-900  мм.  Жоғары  сапалы  резеңкеден 

жасалған.   

 

Түрлі салмақтағы ауыр доптар 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  дамыту  сабақтары  мен  ойындар  өткізуге 

арналған. Салмағы 500-5000 г. Жоғары сапалы резеңкеден жасалған.   

 

Диаметрі 10-12 см массаж доптар  

10-12  см  массаж  доптар  қол  саусақтарына,  табан  мен  мойынға  массаж 

жасауға  арналған.  Әдетте  доптың  серпінділігін  реттеуге  (үрлеп  немесе  желін 

шығарып) болады. Гимнастиканың тиімділігіне байланысты бұдырлары әртүрлі 

ұзындықта  және  жиілікте  болуы  мүмкін.  Жинақта  6  дана  болады.  Жоғары 

сапалы резеңкеден жасалған.     



 

Қысқы құрал-жабдықтар  

 

Хоккейдің доп таяқтары (ауа-райы лайықты өңірлерде)  

Таяқтардың жиегі шыны талшықтардан, графит, кевлардан, сондай-ақ осы 

материалдардың  жиынтығынан  жасалған.  Композиттік  имек  таяқтар  жеңіл 


33 

 

және төзімді болып келеді. 7 жасқа дейінгі балаларға арналған имек таяқтардың 



ұзындығы 106-114 см.  

 

Балаларға  арналған  коньки  (ауа-райы  лайықты  өңірлерде)  Балаларға 

мұзда сырғанап үйренуге арналған заманауи сырғымалы конькилер.  

Бәтеңкелер:  нейлон/жасанды  былғары.  Тілі:  нейлон/поролон.  Астары: 

капровелюр.  Табаны:  біріктірілген.  Рамасы:  жеңілдетілген.  Жүзі:  әмбебап, 

никельмен қапталған. Өлшемі: 28-31, 32-35. 

 

Балаларға  арналған  шаңғы  (ауа-райы  лайықты  өңірлерде)  Балаларға 

сырғанап  үйренуге  арналған  заманауи  балалар  шаңғысы.  Жоғары  сапалы 

пластиктен  жасалған.  Жинақ  шаңғы  таяқтарымен  қамтамасыз  етілген. 

Шаңғының ұзындығы: 65 см. Ені: 5 см. Таяқшалардың биіктігі: 75 см. 



 

Гимнастикаға арналған құрал-жабдықтар 

 

Түрлі-түсті ұзын таспалар 110-115 см  

Көркем  гимнастика  немесе  би  сабақтарына  арналған  ашық  түсті 

гимнастика таспалары. Жақсы өңделген сәтеннен жасалған таспа. Таяқшаларға 

бекіту үшін аздаған карабин қосылған. Таспалардың ұзындығы 110-115 см. 



 

Түрлі-түсті қысқа таспалар 50-60 см  

Көркем  гимнастика  немесе  би  сабақтарына  арналған  ашық  түсті 

гимнастика таспалары. Жақсы өңделген сәтеннен жасалған таспа. Таяқшаларға 

бекіту үшін аздаған карабин қосылған. Таспалардың ұзындығы 50-60 см. 



 

Балаларға арналған түрлі диаметрлі құрсаулар  

Гимнастикалық құрсаулар. Жоғары сапалы полиэтиленді түтіктермен және 

арнайы  тығындармен  біріктіріліп  жасалған.  Соққыға  жоғары  төзімділік    пен 

деформацияға  қарсылығы  бар.  Диаметрі  30,  40,  50,  60,  65,  70,  80  см.   Жалпақ 

немесе дөңгелек кесік құрсаулар.  

 

Гимнастикалық қысқа таяқ (50-75 см) 

Көркем  гимнастика  немесе  би  сабақтарына  арналған  гимнастикалық 

таяқтар. Жоғары сапалы пластиктен жасалған. Ұзындығы 50-75 см.  

 

Секіргіш жіптер 

Дене  шынықтыру,  көркем  гимнастика,  би  сабақтарына  арналған 

секіргіштер.  Нейлон  жіптен  және  сабы  жылтыр  ағаштан  жасалған.  Ұзындығы 

180 см-ге дейін, диаметрі 4 мм.  

 

Түрлі-түсті жалаушалар 


34 

 

20х10см  қалың  төзімді  матадан  жасалған  жалаушалар.  Ұстайтын 



таяқшалары ағаштан жасалған, диаметрі 1см, биіктігі 25 см. Қылаудан арнайы 

өңделген.  

 

Ұзын баулар 75-80 см  

Диаметрі  12  мм,  сабы  жоқ  полипропиленді  баулар.  Баулардың  ұзындығы 

75-80 см.  

 

Қысқа баулар 15-20 см 

Диаметрі 12 мм, сабы жоқ,  полипропиленді баулар.  Баулардың ұзындығы 

15-20 см.   

 

Төсеніштер, жұмсақ толтырмалы элементтер 

 

Гигиеналық жапқышы бар спорттық төсеніш 

Экологиялық таза материалдан жасалған спорттық төсеніштер.  Бактерияға 

қарсы  және  гипоаллергиялық  әсері  бар,  бөгде  иістері  жоқ.  Винилисбылғары 

поролонды толтырғыштан жасалған.   

Габаритті төсеніш: ұзындығы - 1м, ені – 50 см, биіктігі – 10 см. 

 

Түрлі пішінді және көлемді жұмсақ толтырмалы жиынтықтар 

Икемді  пенополиуретаннан  және  ылғалға  төзімді  жиһазға  арналған 

винилисбылғарыдан  жасалған.  Қаптаманың сыдырма  ілгегі  бар,  жүгіртпе  тігін 

клапанына өткізілген. Әртүрлі мөлшерде және пішінде дайындалған. 

 

 



 

 

Каталог: sites -> default -> files
files -> Мұратбеков Сайын
files -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
files -> А. Т. Селкебаева
files -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет