Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата01.05.2022
өлшемі1,66 Mb.
#33014
түріБағдарламасы
  1   2


Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің

біліктілігін арттыру курсының білім беру 

бағдарламасы


Бағдарламаның мақсаты

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту



мазмұнын

жаңарту


шеңберінде

мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің

кәсіби шеберлігін жетілдіру.



Бағдарламаның міндеттері

1) мектеп жасына дейінгі балаларды зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамытуда инновациялық



технологиялар мен әдістерді қолданып, үлгілік оқу бағдарламасының білім беру салаларын кіріктіру бойынша

білімдерін кеңейту;

2) мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу қызметінің білімдік, тәрбиелік және дамытушылық



мақсаттарының бірлігін қамтамасыз ету және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бойынша білімдерін

жетілдіру;

3) балалардың танымдық, әлеуметтік мотивтерін жүзеге асыру және оқу-ойын қызметіне қызығушылықтарын,



ынтасын дамытуда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығын қамтамасыз

ету бойынша білімін жетілдіру;

4) мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі балалардың әрекет нәтижелерін бақылаудың негізгі әдіс-



тәсілдері мен тәрбие мен оқыту үдерісіне рефлексия жүргізуді түсіну және қолдану білігін қалыптастыру;

5) балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын нығайту мен



сақтауды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдай жасау жөніндегі білімін жетілдіру.


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының

білім беру бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде педагогтер

- мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыру және өзінің педагогикалық

қызметін жаңа талаптарға сәйкес іске асыру саласындағы құзыреттілігін

қалыптастырады;

- мектепке дейінгі білім беру ұйымы жағдайында балалардың сапалы мектепалды

даярлығын қамтамасыз ете алады;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбие үдерісін

педагогикалық-психологиялық қолдаудағы педагогтің рөлі туралы түсінігін, оқыту мен

тәрбиелеу әдістері туралы білімін жетілдіреді;

- қазіргі заманғы білім беру үдерісінде 4К моделін: креативтілікті, сын тұрғысынан

ойлауды, коммуникативтілікті дамыту және командада жұмыс істей білуді дамытудың

теориялық аспектілері туралы түсінік қалыптастырады;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнына қойылатын талаптардың біртұтастығын,

мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің жүйелілігі, біртұтастығы,

сабақтастығы мен үздіксіздігі қағидаттарын қамтамасыз ету туралы білімін жетілдіреді;

- білім беру қызметінің нәтижелеріне, оның ішінде баланың жеке дамуына мониторинг

жүргізу әдістері мен тәсілдерін біледі;

- балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың денсаулығын

нығайту мен сақтауды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайларды

жасау жөніндегі білімін жетілдіреді;

- балаларға арналған заттық-дамытушы ортаны, ойындар мен нәтижелі қызмет түрлерін,

балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас және өзара әрекеттестікті ұйымдастыру

әдіс-тәсілдерін меңгереді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет